АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

A. дисфагия 7 страница. A. диетотерапия, өмір сүру салтын өзгерту, шылым шегуден бас тарту

Прочитайте:
  1. A. дисфагия 1 страница
  2. A. дисфагия 1 страница
  3. A. дисфагия 2 страница
  4. A. дисфагия 2 страница
  5. A. дисфагия 3 страница
  6. A. дисфагия 3 страница
  7. A. дисфагия 4 страница
  8. A. дисфагия 4 страница
  9. A. дисфагия 5 страница
  10. A. дисфагия 5 страница

A. диетотерапия, өмір сүру салтын өзгерту, шылым шегуден бас тарту

B. гиполипидемиялық препараттарды тағайындау

C. антиангинальдық препараттарды тағайындау

D. артериялық гипертензияны түзету

+ аталғандардың барлығы

122. 55 жастағы науқас, терапия бөлімшесіне ревматизм салдарынан пайда болған жетіспеушілігі басым аорта қақпақтарының ақауымен жатқызылды. Ақау науқастың 30 жасында анықталған, бірақ ол науқасқа шектеу болмаған. 50 жасынан бастап, жиі емес стенокардия, 52 жасынан бастап қалыпты жүктемеде ентікпе (гликозидтер, зәр айдайтын дәрілер). Соңғы жарты жылда ентікпе азайған, бірақ оң жақ қабырға астындағы ауырғандық, аяқтарында ісік пайда болған. Статус: мойын веналары аздап ісінген, тыныш күйде ентікпе жоқ, алдыңғы қолт ықасты сызығы бойынша VII қабырғааралықта жүрек ұшы соққысы күшейген. Пульс шамамен 90 рет минутына, ырғақты, АҚҚ – 130/90 мм с.б.б. Бауыры 6см. шығынқы. Қан анализі қалыпты. Науқасты кардиохирургке жолдау сұрағы талқылануда, қандай тұжырым негізді?

1) консервативті емдеу

2) оперативті емдеу

3) миокардтың ауыр зақымдануына байланысты операцияға қарсы көрсеткіш

4) жүрек шамасыздығын түзеткеннен кейін операция жүргізуге болады

Дұрыс жауабын таңдаңыз:

A. 1, 2

B. 2, 4

C. 3

D. 1, 2, 3

E. 1, 2, 3, 4

123. 50 жастағы ер адам интенсивті терапия палатасына, сол жақ қарыншаның артқы қабырғасының жедел миокард инфарктісі клиникалық көрінісімен және ЭКГ белгілерімен келіп түсті. Ауру толық атриовентрикулярлық блокадамен асқынған, қарыншалардың жиырылу жиілігі 40 рет минутына. Бұл жағдайда ең тиімді болып табылады

A. атропин қолдану

+ электродты эндокардиальды орналастыру және уақытша кардиостимуляция жүргізу

C. коринфор қолдану

D. тұрақты ИКС орналастыру

E. атропин және коринфар қолдану

124. 54 жастағы науқас клиникаға қайталамалы пердеаралық миокард инфарктісінің сол қарыншаның ұшына және бүйір қабырғаларына таралуы диагнозымен жатқызылды. Объективті қарағанда: жағдайы ауыр, бозғылт, салқын жабысқақ тер, акроцианоз. Өкпесінде төменгі артқы бөліктерде бірең-сараң үнсіз ылғалды сырылдар. ТАЖ – 24 рет минутына, АҚҚ – 80/60 мм с.б.б. ЖЖЖ – 110 рет минутына. Пульс толықтығы әлсіз, олигоурия, науқас қозған, адекватты емес. Диагноз:

+ өкпе шеменінің басталуы

B. Дресслер синдромы

C. миокардтың жарылуы

D. қарыншалардың фибрилляциясы

E. өкпе артериясының тромбоэмболиясы

125. 55 жастағы науқас ауруханаға кеуде артындағы нитроглицеринге басылмайтын ауырғандыққа шағымданып, жедел жәрдеммен жеткізілді. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, тері жамылғысы бозғылт, жүрек тондары тұнықталған, ырғақсыз. Пульс 96 рет минутына, АҚҚ – 110/70 мм с.б.б. Қараған кезде: науқас кенеттен есінен танып, қырылдау, тоникалық құрысу, тынысы жоғалып, пулсі анықталмайды. ЭКГ-де толқын тәрізді қисық. Ұсынылатын ем.

A. аурығандық синдромын басу

+ дефибрилляция

C. тромболизис

D. антикоагулянттар

E. антиагреганттар

(пулмонология бойынша)

1. Ауруханадан тыс пневмонияның патогенін анықтағанға дейін барынша тиімді антибактериальды терапияны тағайындаңыз:

A. гентамицин

B. тетрациклин

+. ровамицин

D. бисептол

E. кефзол

2.Созылмалы алкоголизммен және ӨСОА-мен ауыратын егде жастағы ер адам қарақат желесі тәрізді, күйген ет иісті, тұтқыр қиын бөлінетін қақырық пен жөтелге шағымданады. Объективті: айқын интоксикация, ентігу, өкпеде аздаған сырылдар. Рентгенде «бал арасының ұясы тәрізді таралаған өкпе» феномені, көптеген бронхоэктаздар, қалдықты қуыстар, пневмосклероз анықталды. Қандай қоздырғыш анықталуы мүмкін:

A. хламидия

+. клебсиелла

C. микоплазма

D. вирус гриппы

E. ішек таяқшалары

3. Т. атты 38 жастағы науқасты 5 күн бойы аздаған мөлшердегі қақырықты жөтел, дене қызуының 38оС көтерілуі, әлсіздік мазалайды. Рентгенде: оң өкпенің төменгі бөлігінде біртекті емес ошақты көлеңке. Келтірілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін:

A. өкпе рагі

B. жедел бронхит

+. ошақты пневмония

D. крупозды пневмония

E. өкпенің ошақты туберкулезі

4. Анамнезінде пансионатта, қонақ үйлерде кондиционер мен душ қолданған; айқын уланумен фебрильді қызба, жөтел, диарея; лимфоцитопениямен лейкоцитоз, пневмонияның қай түріне тән:

A. хламидиилық

+. легионеллалық

C. микоплазмалық

D. пневмококктық

E. стафилококктық

5. Өкпе тінінде іріңді-деструктивті ыдырау, жалқықсыз, жұқа қабырғалы қуыс түзумен байқалды. Бұл пневмонияның қоздырғышы не болуы мүмкін:

A. микоплазма

B. клебсиелла

C. аденовирус

D. пневмококк

+. стафилококк

6. 42 жастағы бөліктік пневмониямен ауыратын науқаста, ауруының 7-ші күні оң жақ жауырын астынан тыныс естілмейді. Науқаста қандай асқыну дамуы мүмкін:

A. құрғақ плеврит

B. плевра эмпиемасы

C. бауырасты абсцессі

D. спонтанды пневмоторакс

+. парапневмониялық экссудативтік плеврит

 

7. М. атты 28 жастағы науқаста плевраның үйкеліс шуы естіледі. Рентгенде өзгерістер жоқ. Берілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін:

+. құрғақ плеврит

B. плевра эмпиемасы

C. жедел пневмония

D. экссудативті плеврит

E. бронхоэктаз ауруы

8. М. атты 48 жасар науқасты кілегейлі-іріңді 50мл-ге дейінгі көлеміндегі қақырықты жөтел, дене қызуының 38оС дейін көтерілуі, ентігу мазалайды. Алғаш рет 6-7 жыл бұрын ауырған, соңғы 2 жылда аурудың өршуі жиілей түсті. Өкпеде тынысы әлсіз, барлық өкпе бетінен әртүрлі калибрлі құрғақ және ылғалды сырылдар естіледі. Берілген диагноздардың қайсысының болуы мүмкін:

A. пневмония

B. өкпе туберкулезі

C. бронхоэктазды ауру

+. созылмалы іріңді бронхит

E. созылмалы катаральды бронхит

9. Аталған белгілердің біреуінен басқасы, созылмалы обструктивті емес бронхиттің өршуіне тән:

A. субфебрильді қызба

B. айқын емес интоксикация

C. кілегейлі-іріңді қақырықты жөтел

D. қатқыл тыныс фонында құрғақ шашыранды төмен үнді сырылдар

+. дем шығарғанда айқын естілетін ұзақ әртүрлі үнді құрғақ сырылдар

10. Кларитрамицин антибиотиктердің қай тобына жатады:

A. синтетикалық пенициллин

B. қорғалған пенициллин

+. макролид

D. аминогликозид

E. цефалоспорин

11. Науқас 48 жаста, тәулігіне 5-6 рет қайталанатын ұстамаға, көпіршікті қақырықты жөтелге шағымданады. Түн сайын тұншығу ұстамасынан оянады. Қарап тексергенде ТАЖ-26 рет мин. Тыныс шығарудың жылдамдық шыңы 55%. Сіздің болжам диагнозыңыз?

A. тыныс тұншықпасы, орташа дәрежесі, өршуі ТЖ ІІ

+. тыныс тұншықпасы, ауыр ағымы, өршуі, ТЖ ІІ

C. созылмалы обструктивті бронхит, өршуі, ТЖ ІІ

D. созылмалы обструктивті бронхит, өршуі, ТЖ ІІІ

E. тыныс тұншықпасы, ауыр ағымы, өршуі, ТЖ ІІІ

12. Тыныс тұншықпасы ұстамасы мен астматикалық статусытың бастапқы сатысын екшегенде ең сенімді белгі болып табылады:

A. айқын цианоз

B. экспираторлық тұншығудың ауырлығы

C. науқастың мәжбүр қалпі

+. бета 2 агонисттерге рефрактерлік

E. эуфиллинді көк тамырға енгізудің тиімсіздігі

13. ӨСОА-ның маңызды екшеу диагностикалық белгісі болып табылады:

A. экспираторлық диспноэ

B. қақырықты жөтел

C. қорап реңді өкпелік дыбыс

+. жартылай қайтымсыз бронхиальды обструкция

E. құрғақ сырылды тыныс шығарудың ұзаруы мен әлсіз везикулярлық тыныс

14. Тыныс жетіспеушілігінің айқындылығын анықтау үшін ең ақпаратты әдіс:

A. науқастың шағымдары мен анамнезі

+. спирографиялық зерттеу

C. рентгенологиялық зерттеу

D. науқасты физикалық тексеру

E. артериалық қанның газдық құрамын зерттеу

 

15. Кенеттен пайда болған кеуде клеткасындағы ауырғандық, үдемелі ентігу, цианоз, қорап тәрізді перкуторлық дыбыс, кенет тыныстың әлсіреуі қандай ауруға тән:

+. плевритке

B. пневмонияға

C. пневмотораксқа

D. миокард инфарктісіне

E. қабырғааралық невралгияға

16. ӨСОА (ХОБЛ) және өкпе текті жүрекпен ауыратын, жағдайы тұрақты науқастың өмірлік болжамының жақсаруы келесі шараға байланысты болуы мүмкін:

+. тұрақты оттегілік терапия

B. бета-блокаторларды ұзақ қолдану

C. варфарин курсын жылына 2-3 рет тағайындау

D. кезеңдік трахеобронхиальды санация

E. ұзақ әсерлі нитраттарды қолдану

17. Созылмалы өкпе текті жүректің негізгі морфологиялық субстраты болуы мүмкін:

A. сол қарыншаның дилятациясы

B. оң қарыншаның дилятациясы

C. сол қарыншаның гипертрофиясы

D. оң қарыншаның гипертрофиясы

+. оң қарыншаның гипертрофиясы мен дилятациясы

18. ӨСОА-мен ауыратын науқаста өкпелік жүрек дамуының негізгі себебі:

A. тыныс жолдарының обструкциясы

B. бронх бұтағының деформациясы

C. жүректің минуттық көлемінің азаюы

+. өкпе артериясының гипоксиясы мен ұзақ спазмы

E. бронхиолалар мен альвеолаларда қысымның төмендеуі

19. 60 жастағы ӨСОА-мен ауыратын науқаста аздаған физикалық жүктемеден кейінгі ентігу, аз мөлшерде қақырықты жөтел, оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезімі, бөлінетін зәр көлемінің азаюы байқалады. Объективті: акроцианоз, мойын веналарының ісінуі, эпигастрий аймағындағы пульсация, өкпе артериясында ІІ тонның акценті, тахикардия, бауырдың ұлғаюы, ісінулер. Науқастың ЭКГ-да анықталуы мүмкін белгі:

A. қарыншаішілік блокадалар

B. сол жақ қарынша гипертрофиясы

C. сол жақ жүрекше гипертрофиясы

+. оң жақ қарынша гипертрофиясы

E. Гис шоғырының сол жақ аяқшасының блокадасы

20. Аталған дәрілік заттардың біреуінен басқасы, созылмалы өкпе текті жүрек емінің жоспарына кіреді:

A. оттегімен емдеу

B. диуретикалық ем

C. антикоагулянттық ем

+. спазмолитикалық ем

E. негізгі ауруды емдеу

21. Пневмонияда патологиялық процесс қай жерде орналасады?

А. сегментарлық бронхта

В. субсегментарлық бронхта

С. дистальдық бронхиолаларда

D. проксимальдық бронхтарда

+. альвеолада

22. Атиптік пневмонияның ең жиі қоздырғышы болуы мүмкін?

А. Staphylococcus aureus

В. Hemophilus influenzae

С. Klebsiella pneumonia

D. Streptococcus pneumonia

+. Legionella pneumophila

 

23. Ауруханадан тыс пневмонияның қоздырғышы:

А. алтын түсті стафилококк

+. пневмококк

С. стрептококк

D. микоплазма

Е. вирустар

24. Бөліктік пневмококты пневмонияда бастапқыда қақырықта пайда болатын белгі:

+. қақырықсыз жөтел

В. кілегейлі қақырықты жөтел

С. «тотық түсті» қақырықты жөтел

D. іріңді қақырықты жөтел

Е. қан аралас қақырықты жөтел

25. Біріншілік пневмонияда өкпе тканіне қоздырғыштың ену жолдары:

+. ингаляциялық

В. аспирациялық

С. гематогенді

D. жанасу жолымен

Е. лимфогенді

26. Тыныс алу жолдарын инфекциядан қорғау түркілеріне жатады:

1) бронхтың мукоцилиарлы аппараты

2) альвеоланың макрофагі

3) секреторлы иммуноглобулин А

4) иммуноглбулин Е

5) иммуноллобулин G

Дұрыс жауабын таңдаңыз:

+. 1, 2, 5

В. 1, 2, 3

С. 2, 3, 4

D. 3, 4, 5

Е. 1, 2

27. Пневмококтық пневмонияны емдеу үшін қолданылады:

+. пенициллин

В. гентамицин

С. тетрациклин

D. ципрофлоксацин

Е. вибромицин

28. Себебі белгісіз крупоздық пневмонияны емдеу қай дәріден басталады?

+пеницилиннен

В. гентамициннен

С. оксацилиннен

D. клофараннан

Е. бисептолдан

29. Созылмалы бронхит диагнозы ДДҰ (Бүкілдүниежүзілік Денсаулық Сақтау) анықтамасы бойынша қойылады:

А. 2 жыл қатарынан әр жылда 6 ай бойына қақырықты жөтел

+. 2 жыл қатарынан жылына 3 ай бойына қақырықты жөтел

С. симпотолитиктер енгізгенге тұрақты бронх обструкциясы

D. жөтелмен бірге кездесетін экспираторлы ентікпе, қақырық тастау және өкпе эмфиземасының көріністері

Е. жөтелмен бірге кездесетін инспираторлы ентікпе, қақырық тастау

30. Мукоцилярлы транспорттық жүйе сапатталады:

А. өкпе лимфа ағысының жағдайымен

+. трахеобронхиальдық бұтақ арқылы кілегейдің қозғалысы

С. секреторлық А иммуноглобулинді өндіру мүмкіндігі

D. өкпе қанайналу жағдайымен

Е. макрофагтардың белсенділігі

 

31. Аталған аурулардың қайсысында пневмококк анықталады?

А. созылмалы бронхитте

В. бронхоэктаз ауруында

С. өкпе туберкулезінде

+. пневмонияда

Е. өкпе абсцесінде

32. Созылмалы обструктивті бронхиттің эмфизематоздық түріне қандай белгі тән:

А. өкпедегі сырылдар

В. көп мөлшердегі қақырық

+. физикалық күш түскенде ентікпенің болуы

D. тыныс алғанда кедергінің жоғарлауы

Е. альвеолаішілік қысымның жоғарлауы

33. Созылмалы бронхиттің асқынуына не жатады?

+. өкпе эмфиземасы

В. плевриттер

С. өкпе гипертензиясы

D. оң жақ қарынша инфарктісі

Е. өкпе инфарктісі

34. Созылмалы бронхиттің негізгі клиникалық белгілерін атаңыз:

+. қақырықтың бөлінуімен болатын жөтел

В. өкпенің «жоғарғы бөлігінің» синдромы (синдром верхней доли)

С. өкпенің «ортаңғы бөлігінің» синдромы (синдром средней доли)

D. дене қызуының көтерілуі

Е. қан қақыру

35. Науқаста ұстамадан кейін мардымсыз кілегейлі қақырық бөлінді. Қақырықты зерттегенде Куршман спиралы мен эозинофилдер анықталды. Көрсетілген көрініс қандай ауруға тән?

А. жедел бронхитке

+. тыныс тұншықпасына

С. өкпе шеменіне

D. созылмалы бронхитке

Е. өкпе туберкулезіне

36. Бронх түйілуін тудыратын қабыну медиаторына жатады:

1) гистамин

2) брадикинин

3) лейкотреины

4) тромбоциттерді белсендіретін фактор (ФАТ)

5) саматостатин

Дұрыс жауабын таңдаңыз:

А. 1, 2

+. 1, 2, 3, 4

С 1, 3

D. 5, 2

Е. 4, 5

37. Тыныс тұншықпасының диагностикалық белгісіне жатады:

1) әр түрлі сипаттағы тұрақты жөтел

2) аз өнімді жөтел

3) қандағы эозинофилия

4) қақырықтағы эозинофилия

5) бронхообструктивті синдром

Дұрыс жауабын таңдаңыз:

А. 2, 3

В. 3, 4

С. 1, 2

D. 1, 2, 3

+. 2, 3, 4, 5

38. Тыныс тұншықпасын реттейтін дәріні атаңыз?

А. эуфиллин, теофиллин

В. адреналин, эфедрин

С. жүйелі кортикостероидтар

+. ингаляцилық кортикостероидтар, бета - 2 - стимуляторлар

Е. бета - адреноблокаторлар

39. Тыныс тұншықпасының бірінші қатарын емдеуде қолданылатын дәріні атаңыз:

+. ингаляциялық бета - 2 - адреномиметиктер

В. ингаляциялық кортикостероидтар

С. теофиллиннің ұзартылған түрдегі дәрілері

D. жүйелі кортикостероидтарды пайдалану

Е. комплекстік ем

40. Тыныс тұншықпасының үшінші қатарын емдеуде қолданылатын дәрілерді атаңыз:

А. ингаляциялық бета - 2 - адреномиметиктер

В. ингаляциялық кортикостероидтар

С. теофиллиннің ұзартылған түрдегі дәрілері

D. жүйелі кортикостероидтарды пайдалану

+. комплекстік ем

41. Созылмалы бронхитті емдегенде қай жағдайда антибиотиктер қолданылады?

А. күз-қыс айларында

В. ұзақ уақыт бойы

С. қолдануға болмайды

+. іріңді қақырық бөлінгенде

Е. қан кету болғанда

42. Крупозды пневмонияның тасу сатысына қандай аускультациялық белгі тән?

А. бронхиалды тыныс

+. әлсіреген везикулярлы тыныс

С. күшейген везикулярлы тыныс

D. ысқырықты құрғақ сырылдар

Е. плевраның үйкеліс шуы

43. Крупозды пневмонияның негізгі рентгендік белгісін көрсетіңіз:

+. өкпе бөлігінің гомогенді (біртекті) қараюы

В. өкпе суретінің айқындала түсуі

С. өкпе ателектазы

D. ошақты көлеңке болуы

Е. өкпе мөлдірлігінің жайылмалы төмендеуі

44. Созылмалы обструктивті бронхитке тән емес белгіні көрсетіңіз:

А. қорапты перкуторлы дыбыс

В. тыныс шығарудың ұзаруы

С. тыныс шығарған кезде құрғақ шашыранды сырылдыр

+. бронхиальды тыныс

Е. экспираторлы ентігу

45. Созылмалы обструктивті өкпе ауруларының асқынуларына жатады:

1) оң қарыншалық жетіспеушілік

2) эритроцитоз

3) тыныс жетіспеушілігі

4) сол қарыншалық жетіспеушілік

5) бронхогенді рак

Дұрыс жауабын таңдаңыз:

А. 1, 2

В. 2, 3

С. 1, 3

D. 1, 4
+. 1, 2, 3, 5

46. Тыныс демікпесіндегі тұншығу механизміне қатыспайтын әсерді көрсетіңіз:

+. альвеолардың ісінуі

В. бронх кілегейінің ісінуі

С. бронхтардың түйілуі

D. кілегей гиперсекрециясы

Е. қақырық бөлінудің бұзылуы

47. Тыныс тұншықпасының ұстамасына қай клиникалық белгі тән емес:

1) экспираторлық ентігу

2) қашықтан естілетін құрғақ сырылдар

3) ылғалды сырылдар

4) қиын бөлінетін қақырықты жөтел

5) төсекте қолын керуетке тіреп мәжбүрлі қалыпта отыру

Дұрыс жауабын таңдаңыз:

А. 1, 2

В. 2, 3

С. 3, 4

D. 4, 5
+. 3

48. Астматикалық статусты емдеуге қажетті дәріні көрсетіңіз:

А. атропин

В. сальбутамол

С. интал

+. преднизолон

Е. мукалтин

49. Ұсақ (дистальды) бронхтардың басым зақымдауымен өтетін созылмалы бронхиттердің басты клиникалық белгісін көрсетіңіз:

А. қақырықты жөтел

+. ентігу

С. дауыстың қарлығуы

D. қан қақыру

Е. кеуденің ауруы

50. Науқас кеуде клеткасының қимылы симметриялы, перкуторлы қорап дыбыс, везикулярлы тынысы әлсіреген, дем шығару ұзарған, бауыр тұнығы төмен ығысқан. Сіздің диагнозыңыз?

А. гидропневмоторакс

В. өкпе фиброзы

+. жайылмалы өкпе эмфиземасы

D. тыныс тұншықпасы

Е. бөлікті пневмония

51. Науқасты тексергенде тыныс алғанда кеуденің оң бөлігінің қалыңқылығы, үшінші оң қабырғадан төмен перкуторлы дыбыстың тынықталғаны анықталды, бронхофония және тыныс әлсіреген. Рентгенде: жүрек солға ығысқан. Сіздің диагнозыңыз қандай?

+. экссудативті плеврит

В. крупоздық пневмония

С. өкпе ателектазы

D. пневмоцирроз

Е. пневмоторакс

52. Крупоздық пневмония асқынуына жатпайды?

А. сепсис

В. плевра эмпиемасы

С. пневмоторакс

D. коллапс

+. инфильтрат сіңірілуінің ұзаруы

53. Тұншықпа ұстамасының клиникалық белгісін көрсетіңіз:

+. тұтқыр қиын бөлінетін қақырықты ұстамалы жөтел, тыныс шығарудың қиындауы, ысқырықты сырылдардың естілуі

В. көп мөлшерде бөлінетін іріңді қақырық

С. инспираторлық ентікпе

D. өкпеде массивті ылғалды сырылдар

Е. қан қақыру

54. Тыныс тұншықпасымен науқастарға қандай қақырық бөлу тән емес?

А. консистенциясы әйнек тәрізді, тұтқыр клегейлі аз мөлшерде бөлінетін қақырық

+. көп мөлшерде бөлінетін іріңді қақырық

С. қақырықта эозинофилдердің көп анықталуы

D. қақырықта Куршман спиралдарының анықталуы

Е. қақырықта Шарко-Лейден кристалдарының анықталуы

55. Крупозды пневмонияның шешілу сатысына қандай аускультативтік белгі тән емес?

А. әлсіз бронхтық тыныс

В. ылғалды сырылдар

С. дауыс дірілінің жойылуы

D. редукс крепитация

+. индукс крепитация

56. Аталғандардың біреуінен басқасы, өкпе тінінің тығыздалу синдромына жатады?

1) дауыс дірілінің күшеюі

2) перкуторлық дыбыстың тұнықталуы

3) патологиялық бронхтық тыныс

4) әлсіз везикулярлық тыныс

5) бронхофонияның күшеюі

Дұрыс жауабын таңдаңыз:

A. 1, 2

B. 2, 3

C. 3, 4

D. 4, 5

+. 1, 2, 3, 5

57. Созылмалы бронхиттің пайда болуында қандай түрткі тән емес:

А. шылым шегу, өндірістік поллютанттардың әсері, қолайсыз ауа райы

В. тірек-қимыл аппаратының патологиясы (сколиоз, Бехтерев ауруы)

С. жоғары тыныс жолдарының созылмалы аурулары

D. өкпе ауруларына тұқымқуалаушылық бейімділік

+. аз қимылдау

58. Аталғандардың біреуінен басқасы, созылмалы бронхиттің асқынуы болып табылады:

1) қан қақыру

2) созылмалы өкпелік жүрек

3) бронхопневмония

4) тыныс жетіспеушілігі

5) өкпе артерияларының тромбоэмболиясы

Дұрыс жауабын таңдаңыз:

A. 1, 2

B. 2, 3

C. 3, 4

D. 4, 5

+. 1, 2, 4, 5

59. «Өкпе текті жүрек» пайда болуы мүмкін:

А. гипертония ауруында

В. гипертирозде

С. миокардитте

D. қарынша аралық перденің кемістігінде

+. созылмалы обструктивті бронхитте

60. Тыныс жетіспеушілігін ненің негізде анықтаған дұрыс:

А. анамнез

В. науқасты физикалық тексеру

С. кеуде сарайын рентгенологиялық тексеру

D. артериальдық қанның газдың құрамын тексеру

+. спирографиялық тексеру

61. Жалпы емдеу мекемелеріндегі науқастарда жедел бронхиттің негізгі пайда болу себебі болып табылады:

А. аэрозол және газдармен дем алу

В. салқын тию

+. вирустық бактериальдық инфекция

D. шылым шегу

Е. туберкулез

62. Аталған түрткілердің біреуінен басқасы жедел пневмонияның созылыңқы пневмонияға ауысуына мүмкіндік береді:

А. егде жас

В. пневмонияның ізашары болатын бронхтардағы патологиялық процесстер

+. бүйрек үсті безі қыртысты қабатының гипофункциясы

D. өкпе тінінің екі жақты зақымдануы


Дата добавления: 2014-12-12 | Просмотры: 1450 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.055 сек.)