АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

СОЦИАЛЬНАЯ ГЕРОНТОЛОГИЯ 2 страница

Прочитайте:
  1. A. дисфагия 1 страница
  2. A. дисфагия 1 страница
  3. A. дисфагия 2 страница
  4. A. дисфагия 2 страница
  5. A. дисфагия 3 страница
  6. A. дисфагия 3 страница
  7. A. дисфагия 4 страница
  8. A. дисфагия 4 страница
  9. A. дисфагия 5 страница
  10. A. дисфагия 5 страница

Жоғары айтылғандарды қорыта келе, келесі тұжырымдар жасауға болады:

1. Барлық иммунологиялық зерттеулер жалпы принципке – «антиген-антидене» реакциясына негізделеді.

2. «Антиген-антидене» реакциясы басқа әдістерге қарағанда аса сезімтал және спецификалы.

3. Иммунологиялық әдістердің әралуандығы реакция жүргізу жағдайларының (гомогендік, гетерогендік), белгілердің (иммунофлюоресцен-ция, иммундық ферментті талдау), реакцияларды есептеудің әртүрлілігіне (фотометрия, нефелометрия және т.б.) негізделеді.

4. Зертханалық иммунологияда қолданылатын ерекше зерттеу әдістеріне ДНҚ-диагностика әдісі жатады.

5. Зертханалық әдістің клиникалық құндылығы бірнеше көрсеткіштермен сипатталады, олардың негізгілері «Диагностикалық сезімталдық» және «Диагностикалық спецификалық».

 

Иммундық жүйенің гуморалдық тізбегін

зертханалық бағалау әдістері

 

Агглютинациялау реакциясы (АР) (лат. agglutinatio - жабысу). Реакция сары суда, плазмада және басқа биологиялық сұйықтықтарда антигендер мен антиденелерді жарты сандық анықтау үшін қолданылады.

Реакция екі кезеңнен тұрады: біріншісі спецификалық – антигеннің антиденемен байланысуы; екіншісі бейспецификалық - «Аг+Ад» комплекстерінің агрегациялануы – агглютинаттың пайда болуы және тұнба түсуі, көзге көріну кезеңі. Антигенді тасымалдаушы-бөлшектерге тән табиғи жасушалар: қан жасушалары – эритроциттер, лейкоциттер, кейде тромбоциттер, бактериялық жасушалар жатады. Субстрат ретінде эритроциттер қолданылатын агглютинациялау реакциясы гемагглютинация деп аталды. АР екі түрі бар: тікелей және тікелей емес. Тікелей агглютинациялау реакциясы ретінде қан тобын анықтау мысал бола алады. Бұл сапалы реакцияға жатады, себебі эритроциттердің антигендерінің болуы не болмауы анықталады. Реакция көбінесе процедуралық бөлмелерде немесе арнайы иммунологиялық зертханаларда жасалады.

Қан тобы I(0) адамдардың қанында антиденелер (α, β агглютининдері) болады және эритроциттің бетінде антигендер (агглютиногендер) болмайды, II қан тобында – агглютиноген А және агглютинин β және с.с. болады. Егер эритоциттерде беткей А антигені болса, оның А қарсы сару сумен реакциясынің нәтижесінде агглютинацияланған жасушалар торы түзіледі. Эритроциттің бетінде А антигені болмаса агглютинация болмайды. Сонымен қатар АР эритроциттерге қарсы антиденелерді анықтау үшін де қолданылады (глобулинге қарсы Кумбс сынамасы). Антиденелердің немесе антигендердің жүйедегі басымдылығы агглютинациялық тордың түзілуін, яғни АР тежейді.

Қазіргі кезде иммуногематологияның зертханалық тәжірибесінде Сефадекс гелінде реакцияны жүргізуге негізделетін диагностикалық жүйелер пайдаланылады, бұл зерттеу уақытын, реакцияны есептеу техникасын қысқартуға, эритроциттерді бөліп алу кезеңдерін жоюға, реакцияның сезімталдығын жоғарылатуға, процесті стандарттауға және автоматтауға мүмкіндік береді.

Иммунологияда АР трансплантациялық асқынуларда, сүйек кемігін трансплантациялауда және эритроциттің антигендерін сәйкестендірудегі басқа да күрделі мәселелеріне орай қолданылады. IgM молекулаларының агглютинациялану қабілеті IgG-ге қарағанда 60-180 есе жоғары.

АР сезімталдығын жоғарылату үшін антигендерді инертті бөлшектермен (латекс, эритроциттер, бентонит, парамагнитті бөлшектер) байланыстырылады. Реакция «Енжар гемагглютинация реакциясы, немесе Тікелей емес гемагглютинация реакциясы» (ЕГАР, ТГАР) деп аталады. ЕГАР жүргізу тәсілі АР-ға ұқсас. Эритроциттермен бейспецификалық агглютианцияланатын антиденелерді жою үшін зерттелетін сары суды стандартты эритроциттермен өңдеу қосымша кезең болып табылады.

Сезімталдық. АР және ЕГАР сезімталдығы эритроциттер әлі агглютинацияланатын сары судың жоғары аралспасымен анықталады.

АР және ЕГАР спецификалығы антигеннің (немесе антидененің) тазалығымен анықталады.

Әдістің сапасын қадағалау үшін оң және теріс бақылауды қою керек. Оң бақылу ретінде құрамында спецификалық антиденелер және олардың белсенділігі (титрі) бар стандартты сары сулар қолданылады. Теріс бақылау ретінде (бейспецификалық агглютинацияны айырып алу) келесілер қолданылады:

1. сенсибилизацияланбаған эритроциттері бар сары су.

2. буферленген физиологиялық сұйықтықтағы сенсибилизацияланған эритроциттер.

3. сенсибилизацияланған эритроциттері бар теріс сары су.

Реакция дайын коммерциялық жиынтықтарды және «Аг+Ад» комплексінің түзілуін есептеуге арналған аспапты (спектрофотометр сияқты) қолданып, стандартталуы мүмкін. Бірақ қазіргі заманғы технологияда қолданылатын аса сезімтал, жоғары спецификалы әдістерді және қондырғыларды енгізудің одан да болашағы зор.

Преципитациялау реакциясы (ПР) (лат. praecipitatio - тұндыру). Реакция ерігіш антигендерді анықтау үшін қолданылады. АР сияқты электролиттердің болуын талап етеді. Ерітінділерде жүретін преципитациялау реакциясы нефелометрия көмегімен есептеледі.

Иммунологиялық зертханада гельде (радиалды иммунодиффузия, иммуноэлектрофрез және т.б.) жасалатын преципитациялау әдісі кең тараған.

Спецификалы антидене бар агарлы қабаттың ойығына енгізілген антиген агарда диффузияланып, преципитация сақиналарын пайда етеді. Сақиналардың диаметрі антиген барлық антиденелермен байланысып болғанға дейін кеңейе береді. Преципитаттың көлемі гелдегі антиденелердің санын білдіреді.

Преципитаттың ауданы мен антигеннің концентрациясы арасындағы тура пропорционалдық сақиналардың өсуі тоқтағаннан кейін анықталады. Бұл уақыт әртүрлі және антигеннің қасиетіне байланысты болады. IgA және IgG үшін бұл уақыт 24 сағатты, IgM – 48 сағатты құрайды.

Әдістің сезімталдығы 5 мкг/мл дейін.

Спецификалығы агарда пайдаланылатын антиденелердің тазалығына байланысты болады.

Әдістің сапасын қадағалау оң және теріс бақылау қоюды талап етеді. Оң бақылау ретінде құрамында спецификалық антиденелер және олардың белсенділігі (титрі) бар стандартты сары сулар қолданылады.

Реакцияның стандартты сары су жиынтығы бар коммерциялық иммунодиффуздық планшеттер қолдану арқылы стандарттауға болады.

Манчини бойынша гелде жасалатын радиалды иммунодиффузия әдісі зертханалық иммунологияда айналымдағы иммундық комплекстерді тестілеу үшін, Ig, IgG және IgA субтоптарын, иммуноглобулинопатиялардың түрлерін (парапротеиндерді типтеу), комплементтің С3-, С4-компоненттерін, секреттік IgA анықтау үшін қолданылады.

Иммуноэлектрофорез. Әдіс агарда жасалатын иммунодиффузия реакциясын электрофорез техникасымен біріктіруге негізделеді. Бұл әдіс көп компонентті антигендерді және антиденелерді анықтауда маңызды. Әдіс сапалы, автоматтанғанда – жарты сандық болып табылады.

Реакция екі кезеңді қамтиды: алдымен ақуызды қоспалар электрофорез көмегімен ажыратылады. Электрофорез аяқталғаннан кейін қарсы сары су енгізіледі. Антиген мен қарсы сары су бір-біріне қарама-қарсы диффузияланып, доға тәрізді сызық пайда етіп преципитацияланады, әрбір компонентте еркін доға болады. Бұл сызықтардың саны, пішіні, орналасуы алғашқы материалдың (бұл жағдайда сары су) антигендік құрамын сипаттайды. Бұған қарама-қарсы электрофорездік әрекеті бар бақылау сары суы немесе антиген қойылады.

Иммундық тапшылық жағдайлардың сипаты несептің және сары судың фореграммаларын салыстырмалы зерттегенде анықталады. Гипоглобулинемия-ның екіншілік сипаты несептің фореграммаларында спецификалы ақуыздардың болуымен және олардың сары су фореграммаларында болмауымен (ауыр протеинурия және гипоглоублинемия) дәлелденеді. Диагностикалау мақсатына қарай (қиылыспалы, «ракеталы», радиоиммундық және т.б.) иммуноэлектрофорездің көптеген жаңа түрлері бар.

Иммунодиффузияның ұзақтығы 24 сағаттан кем емес. Иммунодиффузиядан кейін пластиналар кептіріліп, боялады және нәтижелер талданады.

Әдістің сезімталдығы – 100 мкг/мл –дан жоғары.

Әдістің спецификалығы қарсы сары судың тазалығына (поликлондық, моноклондық) байланысты болады.

Зерттеу сапасы толық автоматталған жүйелерді қолданғанда жоғарылайды.

Иммуноэлектрофорез зертханалық тәжірибеде сары су ақуыздарын, жұлын сұйықтығын, несепті, мүшелерден алынған экстракттарды зерттеу үшін кең қолданылады. Әсіресе парапротеинемияны және иммундық тапшылық жағдайларды диагностикалаудағы маңызы өте жоғары. Әдіс фармацевтикалық өндірістерде препараттардың тазалығын сипаттау үшін, вакциналарды өндіру үшін және т.б. көп қолданылады.

Комплементті байланыстыру реакциясы (КБР). Антигендерді немесе антиденелерді анықтауға арналған тікелей емес, жарты сандық әдіс. Спецификалы «Аг+Ат» реакциясы болған жағдайда комплемент байланысады, бірақ бұл процесс көрінбейді. Оны көрсету үшін жүйеге индикарлорлық (гемолиздік) қоспа – эритоциттер мен оларға қарсы сары сулар енгізіледі. Жүйеде ізделіп отырған антиденелер («Аг+Ат» комплексі комплементті байланыстырады) болса, гемолиз реакциясы болмайды (оң нәтижелі реакция); ізделіп отырған компонент болмаған жағдайда еркін комплемент жүйеге енгізілген «эритроцит-антиэритроциттік сары су» комплексімен байланысып, эритроциттердің лизистенуіне алып келеді (теріс нәтижелі реакция). Реакция жоғары сезімталдығымен ерекшеленеді. Комплемент белсенділігінің жойылу дәрежесі (лизистің төмендау дәрежесі) «Аг+Ат» комплекстерінің түзілу санына пропорциональды.

Реакция индикаторлық қоспалары бар пробиркалардағы келесі бақылау-лармен стандартталады:

· антиденелерді бақылау (антигенсіз) – толық гемолиз;

· антигенді бақылау (спецификалы антиденелерсіз) – толық гемолиз;

· комплементті бақылау (антигенсіз және спецификалы антиденелерсіз) – толық гемолиз;

· индикаторлық қоспаны бақылау (комплементсіз) – гемолиз жоқ.

Реакцияның нәтижелері тек қана сары су және антиген бақылаулары бар пробиркаларда гемолиз болған жағдайда есептеледі. Комплементтің жұмыс титрі – оның толық гемолиз түзетін ең жоғары араласпасы. Зерттелетін сары судың титрі ретінде эритроциттер тұнбасының азаюына алып келетін (алдыңғы пробиркалармен салыстырғанда), ал тұнба үстіндегі сұйықтықтың түсін ашық бояйтын (гемолиз бар) ең жоғарғы араласпа алынады. Бұл бейне 50%-ды гемолизге сәйкес келеді. Реакция көп компонентті, көп кезеңді, сондықтан өте қиын. КБР жүргізу үшін реакция компоненттерінің қатынастары анық болу керек: алдын ала комплементтің жұмыс дозасы, гемолиздік сары судың жұмыс араласпасы анықталады. Реакцияның аса жауапты кезеңі комплементті титрлеу (комплемент компоненттері термо тұрақсыз болуына байланысты реакция суық жерде жасалады). Әдіс антигеннің дозасын анықтау үшін, индикаторлық қоспаны дайындау үшін фотометрияны қолданып стандартталуы мүмкін. Комплементтің антигендер болған жағдайда антиденелердің бетінде орналасқан жасушаларды лизистеу қабілеті антиденелерді, спецификалы антиденелерді өндіретін жасушаларды, комплемент деңгейін анықтауға арналған әртүрлі реакцияларда қолданылуы мүмкін.

Сезімталдығы бойынша КБР ЕГАР-ға ұқсас болады. КБР антигендік қоспаның көп компонентті болған кезінде немесе антигендердің эритроциттер бетіне бекітіле алмаған жағдайында қолданылады.

КБР HLА-антигендерін типтеу үшін, вирустық және бактериялық жұқпалы ауруларды, актиномикозды, риккетсиозды, көкжөтелді және т.б. диагностикалауда қолданылады. Мерезді диагностикалауда КБР жаңа түрлері пайдаланылады: Вассерман реакциясы, трепонемаларды иммобилизациялау реакциясы және трепонемалардың иммундық жабыусы.

Вассерман реакциясы (ВР). Спецификалық антиген ретінде инфекция жұқтырылған ұрықтың экстракттары, ұлпалық трепонемалар (қоянның сифилистік орхиті) пайдаланылады. Комплементтің байланысуы классикалық КБР-ғы сияқты индикаторлық жүйемен анықталады. Спецификалық антиденелердің болуы (сифилис) гемолиз реакциясын тежейді. Бақылау ретінде оң және теріс сары сулар қолданылады.

Бозарған трепонемаларды иммобилизациялау реакциясы (БТИР) (лат. immobilis – қозғалыссыз). Реакция зерттелетін сары суы бар пробиркаларда (тәжірибе және бақылау) қойылады; тәжірибе пробиркасына комплемент, ал бақылау пробиркасына белсенсіздірілген комплемент (қыздыру) қосылады; екі пробиркаға да белгілі дозада қозғалысы жақсы трепонемалар салынады. 18-20 сағат бойы t=35°C инкубирленеді. Содан кейін тәжірибе және бақылау пробиркаларындағы үлгілердің езілген тамшылары микроскоппен (қараңғы алаң) зерттеледі. Науқастың сары суында спецификалы антиденелер болған жағдайда трепонемалар қозғалмайды, ал бақылау сұйықтығында керісінше олардың қоғалысы сақталады. Иммобилизациялану пайызы (А-В)/А х 100=% формуласымен есептеледі, бұл жерде А – бақылау пробиркасындағы қозғалыстағы трепонемалардың саны, В – тәжірибе пробиркасындағы қозғалыстағы трепонемалардың саны.

Иммундық жабысу реакция көбінесе қайталама сүзекті диагностикалауда қолданылады. Әдістің принципі – КБР модификациялау, бұл жерде спецификалық антиденелер болған жағдайда бактериялардың тромбоциттермен «жүктелуі» (тромбоциттердің жабысуы) индикатор қызметін атқарады.

Цитотоксикалық сынама, немесе иммундық гемолиз реакциясы. Антигенге қарсы спецификалық антиденелер мен комплемент болған жағдайда антигені бар эритроциттердің басымы лизистенеді. Реакция лимфоциттермен өндірілетін спецификалық антиденелерді анықтауда қолданылады және агарда жасалады. Жүйеге комплемент қосу керек (комплементке тәуелді реакция). Нәтижесінде лимфоциттері бар ойықты айналдыра гемолиз аймағы (Ерне табақшалары) түзіледі. Реакция қиын (лимфоциттердің культурасы, әдістің кезеңділігі және т.б.), сондықтан зертханадағы қолданылуы шектелген.

Цитотоксикалық реакциялар антиденелерге, комплементке, киллер-жасушаларға (ТК), цитотоксикалық Т-жасушаларға (ЦТЛ) тәуелді болуы мүмкін.

Сынама көбінесе микробиологиялық, ғылыми зертханаларда қолданылады. Зертханалық иммунологияда моноклондық антиденелермен лимфоциттердің популяцияларын және субпопуляцияларын анықтау мақсатында цитотоксикалық сынаманың модификациясы қолданылады.

Белгі қолдану арқылы жасалатын иммунологиялық әдістер. Бұл әдістер гетерогенді болып табылады, тікелей және тікелей емес түрде болуы мүмкін. Әдістер иммунологиялық лигандтық әдістердің тобына жатады. Реакция үш компоненттен тұрады: ізделіп отырған зат, іздделіп отырған затпен спецификалық байланысқан лиганд (лат. ligament - байлам) және белгі. Лиганд қызметін антиденелер, рецепторлар және басқа иммунологиялық белсенді молекулалар атқарады. Иммунофлюоресцентті (ИФӘ) және иммуноферментті талдау (ИФТ) әдістері кеңінен жайылды. ИФӘ бөлек жасушаларда, ұлпа кесінділерінде жүретін иммунологиялық реакцияларды бағалау үшін кең қолданылады.

Иммунофлюоресцентті әдіс биоматериалдың сапасын сипаттау (белгілі микроорганизмді, белгілі жасушаны анықтау) үшін жасалады. Ізделіп отырған затты анықтау үшін микросокоп қолданылады. Флюоресцентті белгі ретінде изотиоцианит (көк-жасыл), родаминсульфохлорид (қызғыш-сары) сияқты және басқа бояулар пайдалынылады.

Реакцияның қосымша кезеңдерінен қарамастан, тікелей емес әдістің артықшылығы тек оның жоғары сезімталдығында ғана емес, сонымен бірге әртүрлі спецификалы таңбаланған қарсы сары суларды дайындау қажет емес. Микроскопияның қажеттілігі әдістердің өткізгіштік қабілетін төмендетеді. ИФӘ-ті қолданғанда таңбаланған қарсы сары сулармен спецификалы емес байланысқан ұлпалардың кейбір элементтерінің негізінде спецификалық емес сәулелену пайда болуы мүмкін. Жеткіліксіз жуудың нәтижесінде де жалған оң нәтижелер болуы мүмкін. Нәтижелерді дұрыс талдау үшін бақылау қою қажет: оң – алдын ала белгілі антигенмен реакция қою; теріс – антиген болмаған жағдайда АтI + АтII (спецификалық емес сәулелену).

Иммунофлюоресценция әдісі зертханалық диагностикада спецификалық антинуклеарлық антиденелерді анықтау, олардың орналасуын сипаттау үшін; иммундық қабілетті жасушалардың популяциялары мен субпопуляцияларын анықтау үшін қолданылады.

Дельфия әдісі (Delfia) – жоғары сезімтал және спецификалы әдіс болып табылады, иммунофлюоресценттік сараптаудың бір түрі. Таңба ретінде байланысқан түрдегі (хелат) жерде сирек кездесетін металдар (лантонидтер: европий, тербий және т.б.) қолданылады. Әдістің принципі: арнайы күшейтілген сұйықтықта спецификалы реакция болған жағдайда хелат ыдырап, флюореценцияны ынталандыратын лантонидтің катионы бөлінеді. Әдістің сезімталдығы жарық қозуының басталу және свечениенің ең жоғарғы деңгейі толқынының әртүрлі ұзындығына байланысты жоғарылайды.

Delfia эндокринологияда, аллергологияда (IgЕ анықтау), онкологияда, жұқпалы иммунологияда, иммунопатологияда кең қолданылады.

Delfia-ның автоматтандырылған жүйелері шетелдік фирмалармен шығарылады.

Иммундық ферментті әдіс (ИФТ). Иммунологиялық лигандтық әдістің екі түрі қолданылады: конкуренттік, конкуренттік емес.

Әдістің принципі ИФӘ-ке ұқсас. Қатты фазалы түрі аса кең тараған, себебі реакцияның еркін және байланысқан компоненттерінің ажырауын жеңілдетеді. Иммундық ферментті әдіс иммунорадиометриялық әдістің орнын басқан және бірқатар артықшылықтарға ие:

1. Радиобелсенді заттармен жанаспау.

2. Жабдықталуы арзан.

3. Таңбаланған қоспалардың сақтағанда тұрақтылығы (6 айдан кем емес).

4. Процесті автоматтандыру мүмкіндігі.

 

Келесі кемшіліктері бар:

1. Канцерогенді және кейбір ферменттік субстраттардың (индикаторлық қоспалардың) тұрақсыздығы.

2. Биоматериалда немесе қоршаған ортада болатын бірқатар эндогенді ферментердің әсерінен спецификалы емес кедергілердің болуы.

 

Күшті катализдік белдсенділігінің арқасында ферменттер аса сезімтал және таңба ретінде амбебап болып табылады. Фермент-маркерлер ретінде сілтілі фосфатаза, ацетилхолинэстераза, бетта-галактозидаза, желкек (хрен) пероксидазасы және т.б. пайдаланылады. Ферменттердің катализдік белсенділігі әртүрлі және оның конформациялық қасиеттеріне байланысты болады. Қолданылатын ферменттердің басымы 1 минут ішінде әдеттегі температурада ферменттің бір молекуласы есебімен субстраттың 106 молекуласын компоненттерге айналдыра алады. Айтылғандарға сүйенсек, реакцияның сезімталдығы фермент-маркерлердің катализдік әсеріне байланысты болады.

Иммунопероксидазалық әдістер қарапайым және ұлпалардың кесінділерін сараптауда, антигендерді электрофорездік ажыратудан кейін анықтауда аса нәтижелі.

ИФӘ сияқты мұнда да байланыспаған реагенттерді жуу кезеңі өте маңызды. Жүйеге моноклондық антиденелерді енгізу ИФТ спецификалығын жоғарылатады.

ИФТ әдісінің көптеген жаңа түрлері бар, бірақ ең белгілісі және тәжірибеде қолданылатыны гетерогенді ИФТ. «Қатты фаза» ретінде полистирол, полиэтилен, сефадекс, акриламид, целлюлоза, қағаз диск және т.б. қолданылады.

Гетерогенді әдістердің ішінде конкурентті, конкурентті емес, «сэндвич» (ағыл. sandwich - бутерброд), ингибиторлы тікелей және тікелей емес әдістері бар. Зертханалық иммунологияда қолмен жасалатын конкурентті емес сандвич әдісі көп қолданылады.

Конкурентті емес әдісте IgЕ концентрациясы боялу қарқынына және фотометрде өлшенген оптикалық тығыздыққа (ОТ) тура пропорционалды. Конкурентті түрде IgЕ концентрациясы ОТ кері пропорционалды (моноклонды антиденелермен байланысу орындары қоспадағы таңбаланған IgЕ-мен толтырылады).

Соңғы кездері қатты фаза ретінде әртүрлі материалдар (қағаз дискілер, моншақтар, парамагнитті бөлшектер және т.б.) қолданылатын тест-жүйелер шығарылуда.

Бақылау материалдары мен калибраторларды дайындау ИФТ жасаудың міндетті шарты болып табылады. Құрамында IgЕ бар калибраторлардың ОТ науқастың зерттелетін сынамаларында IgЕ анықтау үшін қолданылатын калибрлік қисықты құрастыруға мүмкіндік туғызады.

Бақылау материалдары тәжірибелердің әрбір серияларында қойылады.

Бақылау материалдары:

1) спецификалы IgЕ концентрациясының белгілі диапазондағы тербілісіне ие болатын оң мәнді бақылау-сары суы;

2) теріс мәнді бақылау – субстратты қоспа бақылауы (реакцияның басқа компоненттерісіз, яғни бланк деп аталады).

ИФТ сезімталдығы жоғары.

Спецификалығы жүйеде қолданылатын антиденелердің тазалығымен анықталады.

Әдістерді автоматтандыру оларды стандарттауға және зерттеу көлемін үлкейтуге мүмкіндік береді.

Әдістер зертханалық иммунологияда жұқпалы ауруларды, оның ішінде АИВ-инфекциясын, иммундық жүйенің гуморалдық және жасушалық тізбектерінің ақауларын, аутоиммундық ауруларды диагностикалау үшін және топтық эпидемиологиялық зерттеулерде кең қолданылады.

Радиоиммундық сараптау (РИС) қалқанша бездің антигендеріне қарсы антиденелерді анықтау мақсатында пайдаланылады. Сезімталдығы мен спецификалығы ИФТ, ИФӘ ұқсас. Радиоиммундық сараптау кезінде изотоптармен жұмыс істеу ережелерін (қорғау, еңбек жағдайлары, қалдықтарды пайдалану) қатаң сақтау қажет.

Сонымен, баяндалған материалдар негізінде иммундық жүйенің гуморалдық тізбегінің (сары су, плазма, секреттер және т.б.) қабілетін сипаттау үшін қолданылатын иммунологиялық әдістерді төменде көрсетілгендей жіктеуге болады (1 схема).

 

1 схема

Иммунологиялық әдістер

 
 

 


1) АР 2) ПР 3) КБР 4) ЦТС 5) ИФӘ 6) РИА 7) ИФТ
тікелей, тікелей емес (ЕГАР, ТГАР) РИД иммуно- электрофорез   Вассерман реакциясы, м/о иммобилизациялау Иммундық гемолиздену тікелей, тікелей емес, Delfia Гомогенді, гетерогенді тікелей, тікелей емес, гомогенді, гетерогенді, бәсекелесті, бәсекелесті емес «сэндвич»  

 

 

Иммундық жүйенің жасушалық тізбегін зертханалық бағалау әдістері

 

Иммундық жүйенің жасушалық тізбегінің қабілетін бағалауда осы тізбектің негізігі сипаттамаларын анықтау үшін әдістер пайдаланылады:

· Т-лимфоциттердің иммундық реттеушілік жүйесінің күйі.

· Сенсибилизацияланған лимфоциттерді анықтау.

· Цитокиндік жүйенің күйі.

· Фагоциттік тізбектің күйі.


Дата добавления: 2014-12-12 | Просмотры: 1403 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 | 74 | 75 | 76 | 77 | 78 | 79 | 80 | 81 | 82 | 83 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.015 сек.)