АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Ші сурет. Рекомбинантты вакцинаны дайындау принципі

Прочитайте:
  1. Зміни в організмі людини при порушенні принципів раціонального харчування. Захворювання аліментарного походження.
  2. Иммедиат протезді дайындау алдында не істелінеді?
  3. Сурет. Септик 1 страница
  4. Сурет. Септик 10 страница
  5. Сурет. Септик 2 страница
  6. Сурет. Септик 3 страница
  7. Сурет. Септик 4 страница
  8. Сурет. Септик 5 страница
  9. Сурет. Септик 6 страница
  10. Сурет. Септик 7 страница

 

Осындай технология көмегімен 1990 жылдардың басында В гепатитiнiң вирусына қарсы рекомбинантты вакцина дайындалды, ол жануарларға қойылған эксперименттерде жоғары тиімділікті көрсеттi. Осповакцинасының рекомбинантты вирусымен зақымдалған жасушалар сыртқы ортаға жаңа вирустарды түзеді және бөледі. Олардың құрамында В гепатитi вирусының беткей антигенi бар және олар вакцина ретінде қолданады.

Мұндай түрдегi рекомбинантты вакциналарды қолдану сирек жағдайларда күрделі асқынуды шақыру мүмкін және асқыну шешек вакцинациясына тән екендігін атап өткен жөн. Соңғы кезде рекомбинантты вакциналарды қолданғанда рекомбинантты вирустардан тимидинкиназа генiн алып астау жолы арқылы асқыну қауіпін төмендетуге болатыны көрсетiлдi.

Бүгінгі күнде рекомбинантты ашытқы жасушаларында енгізілген гендер бар вакциналар кеңінен қолдануда. Енгізілген гендер қоздырғыштың антигенді пептидін қадағалайды.

Вакцинация мақсатында В гепатитiне қарсы рекомбинантты вакцинасы кеңінен қолданылып жүр. Бұл вакцинаның түрiн ашытқы жасушаға В гепатитi вирусының беткей антигендерiнiң генiн енгiзу жолы арқылы алады. Тез көбейетiн ашытқы жасушаларында осы геннің экспрессиясы кезінде in vitro В гепатитi вирусының қабығының иммуногендi нәруызы өндіріледі, оны микробиологиялық реактордың дақылдық ортасынан бөлiп алады, арнайы әдiстердiң көмегiмен тазалайды, сәйкес адъюванттармен конъюгациялайды, сосын вакцинация үшiн қолданады.

Гендердi клондау әдiсi өте тиiмдi, әрi оның потенциалы да өте үлкен. Осы аймақта жұмыс атқарып жатқан көптеген мамандар, - болашақта бiрiншi орынды рекомбинантты вакциналар алады, - деп санайды.

 

Генетикалық вакциналар (ДНҚ-вакциналар)

Генетикалық вакциналар (немесе ДНҚ-вакциналар) – бактериалды плазмидтер (кішкентай сақина тәріздес екі жіпті ДНҚ, олар өз бетінше жұқпаны шақыра алмайды), оларға белгілі бір патогеннің бір немесе бірнеше антигенді нәруыздарына арнайылығы бар гендер енгізілген.

Бұл плазмидтердi инъекция арқылы бұлшық ет жасушаларына немесе гендi қару көмегiмен терi арқылы енгiзедi.

Вакциналық плазмидтер жасуша ядросына енедi және оның ДНҚ орналасады. Сосын патогендердің нәруыздарын қадағалайтын гендердiң көшiрмесi жүредi. Нәтижесiнде м-РНҚ түзiледi, ол цитоплазмаға қарай жылжиды, ол аймақта олардың матрицасында антигендi нәруыздардың синтезi жүредi. Бұл антигендi нәруыздар жасушадан шығуы мүмкін немесе өңделу үрдісіне ұшырау салдарынан жасуша бетiне I класс МНС нәруыздарымен иммуногендiк кешен түрiнде шығыуы мүмкін.

Плазмидалардың бiр бөлiгi кәсiби антигентаныстырушы жасушаларға (мысалы, макрофагтар мен дендриттi жасушалар) түседi, мұнда процессинг нәтижесiнде II немесе I класс гистосәйкестiк антигендерiмен иммуногендi комплекс түзедi.

Презентацияланған антигендi хелпер-индукторлар анықтайды, нәтижесiнде олар Тх1 және Тх2 жасушаларына дифференцияланады. Ал олар өз кезегінде адаптивті иммунды жауаптың екi негiзгi түрiн, яғни жасушалық және гуморалдық иммунды жауапты қалыптастырады.

ХХ ғасырдың 90-шы жылдарында жасушаға енгiзiлетiн генетикалық вакциналар антидененiң синтезiн, сондай-ақ цитотоксикалық және хелперлiк Т-лимфоциттердiң, зерде жасушаларының өндiрiлуiн ынталандыратыны эксперименталды түрде дәлелденген. Осындай типтес бiрқатар қоздырғыштарға қарсы және тiптi кейбiр қатерлi iсiктерге қарсы вакциналар дайындалды.

1995-96 жылдары ЖИТС, тұмау, герпес, В гепатитi, сондай-ақ безгек плазмодиiне қарсы вакциналарға алғаш рет клиникалық сынаулар жүргізілдi. Қазiргi кезде кейбiр қатерлi iсiктерді емдеу мақсатында ДНҚ-вакциналары жасалынды және олар сынақтан өтуде. Оларға лимфома, простата мен тоқ iшектiң iсiктерiне қарсы ДНҚ-вакциналар жатады.

Патогендердің нәруыздарын қадағалайтын гендермен бiрге, құрамында кейбiр цитокиндердi қадағалайтын гендер бар ДНҚ-вакциналарын дайындау жоспарлануда. Осындай негiзде, құрамында ИЛ-12 цитокинiн қадағалайтын геннен және ЖИТС вирусының беткей нәруызы gp120 қадағалайтын ген бар плазмида құрастырылуда. Егер вакцина енгiзген жасуша gp120-мен бiрге ИЛ-12 өндiретiн болса, онда Т-хелперлердiң дифференцировкасын Тх1 бағытына қарай ығыстуруға мүмкiн болар едi деп үмiттенеді. Ал бұл жағдай өз кезегiнде ЖИТС вирусымен зақымданған жасушаларға қарсы адаптивті жасушалық иммунды жауапты күшейтедi.

Сондай-ақ ДНҚ-вакцинаға хемокиндер синтезін қадағалайтын гендердi енгiзудің де болашағы зор. Нәтижесінде серпіліс ошағында фагоциттер мен Т-лимфоциттер жинақталуы нәтижесінде тиімді иммундық жауап қалыптасады. Ал плазмидаларға костимулдаушы молекулаларды қадағалайтын гендердi енгiзу арқылы иммундық жауапты кәсiби антигентаныстырушы жасушалардың қатысуынсыз қалыптастыруға болады деп үмiттенеді.

 

Тағамдық вакциналар

Генетикалық модификацияға ұшыраған өсiмдiктерді тағамдық вакциналар деп атайды және олардың құрамына патогендердiң антигендi пептидтерiн қадағалайтын гендер енгiзiледі. Осындай өсiмдiктердi тағаммен қолданғанда патогендерге қарсы вакцинация болады.

XX ғасырдың 90-шы жылдарының аяғында БДҰ күшiмен жер шарының 80% балалары өте маңызды алты қоздырғышқа қарсы вакцинамен (күл, қызылша, көк жөтел, полиомиелит, сiреспе және туберкулез) қамтамасыз етiлдi (ол көрсеткiш 70-шi жылдары 5% болған). Егілмеген 20% балалар (ол шамамен екi миллион) осы жұқпалардан өлген, негiзiнен ол аз дамыған елдерде кездеседі.

Трансгендi картоп, томат, жүгері, банан негiзiнде дайындалған тағамдық вакциналар арқасында вакцинаның бағасы төмендейді, сонымен қатар олардың ұзақ мерзiмге дейiн сақталуына ықпал етедi, вакцинация үрдісін жеңiлдетедi және осы вакциналарды кез-келген уақытта, керектi мөлшерде дайындауға мүмкiншiлiк бередi.

Тағамдық вакциналарды дайындау жолдарының бiрi – бактериалды плазмидаға жұқпалы қоздырғышының антигенді пептидiн қадағалайтын гендi енгiзу. Сосын өсiмдiк жасушасына аталған плазмиданы енгiзедi. Нәтижесiнде антигендi пептидтi қадағалайтын ген өсiмдiк жасушасының ДНҚ орналасады. Осындай жолмен алынған жасушадан өсiмдiк өсiредi, ал оның барлық жасушалары берiлген антигендi пептидтi өндіреді және жинақтайды. Осы өсiмдiктен алынған тұқымдар да генетикалық модификацияға ұшыраған, сондықтан осы тұқымдардан алынған өсiмдiктер де жоғарыда аталғандай антигендi пептидтердi өндіреді.

Қазiргi кезде тырысқақ вибриондарына және диареяны шақыратын E. coli мен ротавирусқа қарсы тағамдық вакциналар сынақтан өтуде. Оларды банан, картоп және томат негiзiнде дайындайды.

Сондай-ақ темекiнiң трансгендi өсiмдiгi алынған, оның құрамында В гепатитi вирусының антигендi пептидтерiн қадағалайтын гендер енгiзiлген. Осы пептидтер трансгендi өсiмдiктерден алынады және В гепатитiне қарсы вакцина түрiнде қолдануда. 1997 жылдан бастап аталған вакциналар клиникалық сынақтан өтуде.

Қазiргi кезде күрiш, бидай, сәбiз, бұршақ, салат және соя негiздерiнде тағамдық вакциналар дайындалуда. Мұндай вакциналарды, яғни бананды немесе жемiс-жидектерден тұратын салатты қабылдаған ана ағзасы бiрқатар қоздырғыштарға қарсы антиденелердi өндіре бастайды және ол антиденелер ана ағзасын жұқпадан қорғайды, сондай-ақ плацента арқылы өтiп осы жұқпалардан нәрестенi де қорғайды деп ғалымдар үмiттенеді.

 


Дата добавления: 2015-02-05 | Просмотры: 2067 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.004 сек.)