АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Алюминий туындылары негізіндегі адъюванттар

Прочитайте:
  1. Адъюванттар ретіндегі цитокиндер

Бұл көптеген профилактикалық классикалық вакциналарда қолданатын адъюванттар. Олар антигенннің баяу босауын қамтамасыз етеді және антигеннің АТЖ және лимфоциттермен әрекеттесу уақытын ұзартады. Бүгінде алюминий гидроксиді негізіндегі арнайы препарат – Alhydrogel қолданады, ол қауіпсіз, әрі жақсы стандартталған.

Алюминий туындылары негізіндегі препарттар бірқатар антигендерге қарсы антидене түзілуін жеткілікті түрде ынталандырады, бірақ, цитотоксикалық лимфоциттердің түзілуін ынталандыра алмайды. Бұл типтегі адъюванттарды бұлшық етке енгізу жанама әсерлерді шақырмайды, тек енгізген жерде әлсіз ауру сезімі дамиды, сирек жағдайда гранулемелар түзілуі мүмкін. Теріастына немесе теріішілік енгізу кезінде гранулемалардың түзілу қауіпі күрт жоғарылайды.

 

Алюминий туындылары негізіндегі адъюванттар кейбір адамдарда эозинофилия және IgE синтезін жоғарлатуы мүмкін, оның салдарынан вакцинды аллергия мен анафилаксиялар даму қауіпі жоғарлайды. Мұндай ынталандыру механизмі толық әлі белгілі емес. Осы топтағы адъюванттар созылмалы қабыну синдромын шақыруы мүмкін, оны макрофагалды миофасцит деп атайды. Симптомдарына миалгия, арталгия, астения, бұлшық еттердің әлсізденуі және қызба кіреді. Қабыну ошақтарында макрофагалды инфильтрация және алюминий гидроксидінің жинақталуы анықталған. Бұл синдром алғаш рет 1993 жылы белгілі болған, одан бері көптеген елдерде 200 артық асқынулар тіркелді. Кейбір науқастарда, тіпті неврологиялық бұзылыстар дамыған. Тышқандардағы тәжірибелер кезінде, алюминий гидроксиді немесе фосфаты бар вакцинаны итраперитонеалды енгізгенде, бір тәулік ішінде ми тіндерінде алюминий мөлшерінің жоғарлағаны анықталды. Бұл алюминийдің трансферритинмен байлынысып, арнайы трансферритин рецепторлары көмегімен миға тасымалдану арқылы жүзеге асады. Тәжірибеде, тіпті құрамында алюминий бар вакциналарды енгізген жерлерде ісіктердің дамитыны көрсетілген. Кейде бұл ісіктер алюминимен қосылған лимфоциттер және макрофагтармен қоршалады, сондықтан макрофагалды миофасцит көріністеріне ұқсайды. Мұндай персистенцияланған қабыну үрдісі мен иммунологиялық серпілістер дәнекер тінінің реапрация үрдістерінің бұзылыстарына әкеледі, нәтижесінде неоплазиялар дамуы мүмкін.

Май-сулы және су-майлы эмульсиялар

Бұл топтағы адъюванттарға Монтанид, Адъювант 65 (Ad 65), Липовит, MF59, Drаcеol (ISA-51), ISA-720, SBAS-2, CFA35, ASO3 және басқалары жатады.

Май бөлшектерімен суда түзілген эмульсиялар инъекйия енгізген жерде антиген депосын түзеді. Одан вакцинді антиген баяу, үнемі және ұзақ уақыт бөлініп тұрады. Судағы май бөлшектері күшті қабыну алды агенттері (ирританттар), сондықтан жергілікті қабынуды шақырады. Ол қабыну ошағына макрофагтарды шақыратын хемотаксис белгілерінің белсенуімен жүреді. Антигенмен біріккен май тамшылары макрофагтармен жұтылады, лимфа түйініне тасымалданады. Мұнда вакцинды антигенге қарсы антидене синтезін ынталандырады және Т-жасушалық адаптивті иммунды жауаптың дамуына ықпал етеді. Регинарлы лимфа түйіндерінде басталған бұл үрдіс алыс орналасқан лимфа түйіндері мен көк бауырға таралады, оларда антидене түзілетін жаңа ошақтар түзіледі.

Май-сулы эмульсиялардың адъюванттық әсері күшті, бірақ, реактогендігі жоғары. Олар жергілікті қабыну мен күшті ауру сезім шақырады. Инъекция енгізген жерде жоғары сезімталдықтың баяу түрі бойынша серпіліс дамиды, атап айтсақ нодулдар, цисталар және стерилді абсцесстер түзіледі, оларды хирургиялық жолмен алып тастау керек. Осы себептен бұл типтегі вакциналарды қолдану шектелген, сондықтан көбіне ветеринарияда қолданады, ал адамдар үшін ісікке қарсы вакцина мен АИВ-ға қарсы терапиялық вакциналарды құрастырғанда қолданады.

Фрейнд адъюванты май-сулы эмульсияның классикалық мысалы болады. Оның құрамына минералды майлар (Фрейндтің толық емес адъюванты) және туберкулез микобактериясы (Фрейндтің толық адъюванты) кіреді. Фрейндтің толық адъюванты комплемент-белсендіруші антиденелер қарқынды түзілуін және жасушалық типтегі адаптивті иммунды жауапты ынталандырады. Бірақ, реактогендігі жоғары болғандықтан тек қана жануарларға арналған вакциналарда қолданады.

 

Бактериалды табиғаттағы адъюванттар

Бұл топтағы адъюванттардың болашағы зор, себебі адъюванттарды зерттеулерде ірі жаңалықтар ашылды. Соның бірі – 1997 жылы патоген-ассоцацияланған молекулалық құрылымдарды танитын арнайы рецепторлар (TLR) ашылды. Олар ДЖ мен МФ ішінде және бетінде орналасады. TLR көмегімен микроорганизмге тән құрылымдар анықталады. TLR кейде патоген-анықтайтын деп те атайды, себебі ДЖ мен МФ белсендіретін қауіптілік белгісімен қамтамасыз етеді. Нәтижесінде әртүрлі түрдегі серпілістер дамиды, ол ПАМҚ анықтаған TLR түріне байланысты. Мысалы, TLR-4 липополисахаридтерді, TLR-7 кейбір вирустарға тән біржіпті РНҚ анықтайды. Мұндай жаңалықтардан кейін микроб туындылары мен экстракттар антигентаныстырушы жасушалардың сәйкес Толл-тәріздес рецепторларын ынталандыру арқылы иммунды ынталандырушы адъювант ретінде әсер ететіні түсінікті болды. Осы механизмдердің ашылуы бактериалды адъюванттар мен олардың комбинациясын, Толл-тәріздес рецепторлардың белгілі бір түрін белсендіру арқылы бізге қажетті түрдегі иммунды жауапты алуға мүмкін екендігі түсінікті болды.

Осы саладағы зерттеулер табиғи адъюванттарды дәлірек анықтауға және бағалауға, сонымен қатар белгілі бір патогендерге қарсы немесе адамдардың белгілі бір популяциясы үшін жаңа синтетикалық немесе модификацияланған адъюванттарды құрастыруға мүмкіндік берді. Иммунологиядағы тәжірибелік жетістіктер жанама әсерлерді шаұыратын химиялық топтарды алып тастауға немесе оларды модификациялауға, сондай-ақ керекті қасиеттер жинағы бар қоспаларды дайындауға мүмкіндік береді.

 

Жаңа ұрпақтағы адъюванттар

Көптеген замануи адъюванттар бұрынғы классикалық адъюванттарды жетілдіру негізінде дайындалған. Бірақ, соңғы кезде иммунологияның қарқынды дамуына байланысты принципиалды жаңа вакциналар құрастырылуда, сондықтан мүлдем басқа механизмдегі жаңа адъюванттар мен адъювантты кешендер құрастырылды. Солардың бірнешесіне тоқталсақ.

 


Дата добавления: 2015-02-05 | Просмотры: 801 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.003 сек.)