АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Салыстырмалы диагностикасы. Аменореяға әкелетін көптеген сырқаттармен салыстырмалы диагностика жүргізіледі.

Аменореяға әкелетін көптеген сырқаттармен салыстырмалы диагностика жүргізіледі.

 

Емі

· Эстрогендермен орынбасушы терапия (жатыр болмаған жағдайда ғана —гестагендермен бірге) біріншілік және екіншілік гипогонадизм кезінде тағайындалады. Бұл терапия табиғи жағдайда менопауза дамитын жасқа дейін жүргізіледі (шамамен 50 жас).

· Аменореяның дамуына әкелетін сырқаттардың спецификалық терапиясы (гиперпролактинемия кезінде дофаминмиметиктер, гормональды белсенді емес гипофиз аденомалары кезінде хирургиялық ем, антиандрогенді терапия және т.б).

· Y-хромосомасы анықталғанда (тестикулярлы феминизация синдромы) гонадобластоманың алдын алу мақсатында екі жақты гонадэктомия жасалынады.

· Гипогонадизм асқынуларын емдеу (остеопороз, урогенитальді бұзылыстар).

· Көмекші репродуктивті технологиялық (экстракорпоральды ұрықтандыру) біріншілік және екіншілік аменореямен сипатталатын көптеген сырқаттарда жүктілікті жоспарлауға мүмкіндік береді.

 

Болжамы

Аменореяның дамуына әкелген сырқатқа тәуелді. Түрлі генезді гипогонадизммен сырқаттанған әйелдер арасында өлім көрсеткіші жалпы популяциямен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. Эстрогендер тапшылығы жүрек-қантамырлар жүйесі аурулары мен остеопороздың дамуы қаупін жоғарылатады.

 

5.4. КЛИМАКТЕРИЯЛЫҚ СИНДРОМ

Климактериялық кезең — жастық ерекшеліктерге байланысты репродуктивті жүйенің инволютивті өзгерістерімен сипатталатын физиологиялық өмір кезеңі. Климактериялық кезеңнің үш сатысын ажыратады: пременопауза — менопауза алдындағы кезең (шамамен 2–5 жыл), менопауза— соңғы менструальды қан кету, менопаузадан кейінгі кезең — менопаузадан бір жылдан кейін дамитын өмір кезеңі.

Этиологиясы мен патогенезі

Пременопауза кезінде аналық без қызметінің төмендеу себебіне ондағы гонадотропиндерге сезімтал рецепторлар санының азаюы жатады, нәтижесінде эстрадиол, прогестерон, андростендион және тестостерон өндірілуі төмендеп, аналық без көлемі 2–3 есе кішірейеді. Несеп-жыныс жүйесіне және сүйектерге эстрадиолдың трофикалық қызметінің жоғалуы атрофиялық вагинит, дизуриялық бұзылыстар мен остеопороз секілді асқынулардың дамуына әкеледі. Менопауза басталғаннан атеросклероздың дамуына әкелетін липидті спекторда атерогенді өзгерістер дами бастайды.

 

Эпидемиология

Қалыпты жағдайда менопауза 45 және 55 жас арасында көрініс береді (жиі 50–51 жаста). Темекі тартатын әйелдерде менопауза шамамен екі жыл ерте дамиды.

 

5.4 кесте.Климактериялық синдром

 

Этиологиясы мен патогенезі Аналық бездерден эстрадиол, прогестерон және андроген өндірілуінің төмендеуі
Эпидемиологиясы Менопауза шамамен 45–55 жас аралығында дамиды
Басты клиникалық көріністері 1. Менструальды циклдің бұзылыстары 2. Қызба толқындары (әйелдердің 40% -да) 3. Несеп шығару бұзылыстары (50 %) 4. Сексуальды бұзылыстар 5. Көңіл-күй бұзылыстары 6. Остеопороз 7.Атеросклероздың үдемелі дамуымен дислипидемия 8. Деменция
Диагностикасы Етеккірдің шамамен 50 жаста тоқтауы; ФСГ↑.Эстрогенмен терапияны болжалдау кезінде: маммография, кіші жамбас астауының УДЗ-сі, атияға жатыр мойнынан жағынды, жүрек-қантамырлар аурулары мен тромбоэмболиялық асқынулардың даму қаупін бағалау
Салыстырмалы диагностикасы Урогенитальды бұзылыстар, остеопороз, қызба толқындары, эмоционалды бұзылыстардың басқа да себептері
Емі Эстроген дәрілерімен орынбасушы терапия тағайындауға болады
Болжамы Эстрогендермен орынбасушы терапия сүйектің сыну, Альцгеймер ауруы, тоқ және тік ішектің қатерлі ісігі ауруларының даму жиілігін төмендетеді. Дегенмен, сүт безінің қатерлі ісігі мен тромбоэмболияның даму қаупін жоғарылатады

 



Клиникалық көріністері

1. Әйелдердің 90 %-да етеккір бұзылыстары менопауза басталғанға шамамен 4 жыл бұрын көрініс береді.

2. Қызба толқындары (әйелдердің 40%-да) жиі тершеңдікпен, терінің қызаруымен ұштасып, жиі менопаузадан 5 жылдан кейін жоғалады.

3. Несеп шығару бұзылыстары (50 %) уретра мен қуық мойнының атрофиясы нәтижесінде дамып, зәрді ұстай алмаумен (жөтелгенде, күлгенде, тез жүргенде), жиі цистит және пиелонефритпен көрінеді.

4. Сексуальды бұзылыстар: либидонің төмендеуі, қынаптың құрғақтануы, диспареуния.

5. Эмоциональды бұзылыстар: тітіркенгіштік, көңіл-күйдің өзгеруі, депрессия, фобия.

6. Сүйек сынуының жоғарғы қаупімен сипатталатын остеопороз.

7. Атеросклероз асқынулары, ең алдымен-ЖИА.

8. Деменция; әйелдерде Альцгеймер ауруы ер адамдармен салыстырғанда 2–3 есе жиі дамиды және оның патогенезінің негізінде эстрогендер тапшылығы жатыр.

 

Диагностикасы

50 жас шамасындағы әйелдерде етеккірдің тоқтауы постменопаузаның дамуын көрсетеді. Бірқатар жағдайларда оның дамығанын гормональды зерттеулер арқылы дәлелдеуге тура келеді. Зерттеу нәтижелері ФСГ деңгейінің жоғарылап, эстрадиол деңгейінің төмендегенін көрсетеді. ФСГ деңгейінің жоғарылау дәрежесі постменопаузальды симптомдар мен асқынулардың айқындылығымен корреляцияланбайды. Егер әйелге эстрогендермен орынбасушы терапия тағайындалатын болса, келесі зерттеу шараларын жүргізген орынды: маммография, жамбас астауының УДЗ-сі, атпияға жатыр мойнынан жағынды, жүрек-қантамырлар аурулары мен тромбоэмболиялық асқынулардың даму қаупін бағалау.

 


Дата добавления: 2016-06-06 | Просмотры: 448 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.004 сек.)