АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

АУРУ ТАРИХЫ

Прочитайте:
  1. Ауру тарихы

Университеті

Медицина факультеті

 

 

АУРУ ТАРИХЫ

 

Науқас: Әбділ Саттар Фатима Қалбай қызы

Клиникалық диагноз:

а)Негізгі ауру:Біріншілік жедел екі жақты пиелонефрит.

ә)Негізгі аурудың асқынуы:жоқ

б)Ілеспелі ауру:: ренит

Студент: Дүйсебеков Еркін

 

Тобы: Емдеу ісі 602 топ

Қабылдаған:Рахымбердиев.Д.С

 

 

РЕСМИ МӘЛІМЕТ

(паспорттық бөлім)

 

1. Фамилиясы, аты: Әбділсаттар Фатима Қалбай қызы

2. Жасы: 15 03 1984 ж

3. Жынысы: Әйел

 

4. Білімі: жогары

 

5. Жұмыс орыны: Мұғалім

 

6. Аурудың мекен-жайы: ОҚО Түркістан қ, Құрманғазы № 32

 

7. Ауруханаға түскен күні, сағаты: 27.05.2011.

 

8. Ауруханадан шыққан күні: 06.06.2011.

9. Клиникалық диагноз:

 

а) Негізгі ауру: Біріншілік жедел екі жақты пиелонефрит.

 

б) Негізгі аурудың асқынуы: жоқ

 

в) Қосымша (ілеспелі) ауру: Алергиялық ренит

 

НАУҚАСТЫҢ ТҮСКЕН КЕЗДЕГІ НЕГІЗГІ ШАҒЫМДАРЫ

 

 

Екі жақты бел тұсының тұрақты түрде, суыққа күшейетін, іштің төменгі жағына берілетін,спазмолитиктерге берілмейтін, үнемі сыздап ауырсынуына,температурасы 39-градусқа көтерілгеніне жалпы әлсіздікке шағымданады.

 

 

АУРУДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ

Бұрын соңды ешқандай аурумен ауырмаған.Бұл сырқатпен бірінші рет ауырып отырғанын айтады.Үйде бір апта бойы тұмаумен ауырған,температурасы 39-градусқа көтерілгеніне,денесі қалтырап, бас ауру,жалпы әлсіздік, Екі жақты бел тұсының тұрақты түрде,суыққа күшейетін, іштің төменгі жағына берілетін,спазмолитиктерге берілмейтін, үнемі сыздап ауырсынуы мазалаған.Үйде бисептол,антигриппин,панадол препараттарын 1 таб 2 рет 6 күн қабылдаған.емнен нәтиже болмаған соң жолдамамен ХҚТУ клиникасына жатқызылды.

 

АУРУДЫҢ ӨМІР ТАРИХЫ.

Науқас- Әбділсаттар Фатима 15.03.1984 Түркістан қаласында, жанұяда (4 бала 1қыз) 1-шісі болып дүниеге келген. Тұрмыстық жағдайы, тамақтануы қанағаттанарлық. Балалық шағында өсіп-жетілуі жасына сай, қалыпты дамыған. 7 жасында мектепке барған, дене шынықтыру сабағына қатысқан. Балалық шағында жұқпалы аурулармен қызылша, гепатит т. б аурулармен ауырмаған. Шанға аллергиясы бар-аллергиялық ринит.(түшкіреді,мұрынан су ағады)Туберкулез, мерез, жұқпалы аурулармен ауырмаған. Тұқым қуалаушылық ауруы жоқ. Соңғы 6 айда шетелге бармаған, қан құймаған.

 

ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖАҒДАЙЫ

Жалпы қарау.

Санасы: Айқын.

Қалпы: орташа

Жалпы жағдайы: орташа ауырлықта

Дене бітімі: нормостеникалық

Бойы 160см, дене массасы 55.

Тері жамылғысы: көзге көрінетін кілегей қабаттары, тері бозғылт, ылғалдылығы орташа,тургоры сақталған, патологиялық пигментациялар:бөртпелер, олардың түрлері: эритема, теңбіл, розеола, папула, пустула, күлдірек, есекжем, жара, ұшық. Қанталау, қасынған іздер, “тыртықтар, жұлдызшалары” жоқ.

Тері өсінділерінің даму барысы: шашы, тырнақтарының пішіні дабыл таяқшаларына ұқсас, беті тегіс жылтыр.

Тері асты шел қабаты: орташа, Ісінулер жоқ

Көздері: склерасы қалыпты, жарыққа реакциясы бар.

Дене қызуы: 36,7 С

 

 

ТЫНЫС ЖҮЙЕСІН ТЕКСЕРУ

 

Мұрын: Мұрнымен тыныс алуы еркін.

Дауысы: қалыпты

Кеуде сарайын қарау: сыртқы пішіні қалыпты. Екі өкпесі де симметриялы тыныс алу актісіне қатысады.

ТАЖ мин 24рет.

 

ПЕРКУССИЯ

Топографиялық перкуссия: өкпе ұшының биіктігін алдыңғы 3см және артқы беті VII омырқада, Кренинг кеңістігінің ені 6см

Танымал сызықтар Оң жақ өкпе сол жақ өкпе
1. Төс қасы сызығы 2. Бұғана ортасы сызығы 3. Алдыңғы қолтық асты сызығы 4. Ортаңғы қолтық асты сызығы 5. Артқы қолтық асты сызығы 6. Жауырын сызығы 7. Омыртқа асты сызығы V VI VII VIII IX X XІ кеуде омыртқа тұсы     VII VIII IX X XI кеуде омыртқа тұсы

Кеуде сарайының тыныстық экскурсиясын өлшеу: қолтық алдыңғы сызықта 5см, жауырын асты сызығы бойынша дем алғанда 3см, дем шығарғанда 3см жалпы 6

 

Тексеру қорытындыларын кесте ретінде келтіру

 

 

Өкпенің салыстырмалы аускультациясы:

Өкпесінде везикулалық тыныс. Сырылдар жоқ. Перкуссияда: Анық өкпе дыбысы.

ЖҮРЕК ТАМЫР ЖҮЙЕСІН ТЕКСЕРУ

Жүрек тұсын қарау: Жүрек тұсында томпаюлар, пульсацилар жоқ. Жүрек аймағының пальпациясы: Жүрек ұшы түрткісінің басты қасиеттері бұғана орта сызығынан 1,5см ішке орналасқан. Систолалық немесе диастолалық дірілдің, “мысық пырылы” белгісі жоқ. Мойын артериялары ісінбеген, коротид биі жоқ.

Перкуссия:

 

Жүректің шала тұйықтығының шектері

Шектер шала Нағыз
оң жақ   сол жақ     жоғарғы IV қаб аралығы оң жағында 1см сыртқа V қаб аралық бұғана орта сызығынан 1см ішке   сол жақ төс маңы сызығы ІІІ қаб аралық Жоғарғы сол жақ төс маңы сызығы IV қаб V қаб аралық бұғана орта сызығынан 1см ішке сол жақ V қабырға сол бұғана сызығы

 

Артериялық қан қысымы 110/70мм.сын.бағ пульс жиілігі 75 рет минутына,ырғақтылығы ырғақты,толымдылығы толымды,кернеулігі орташа.

Жүрек аускультациясы:жүрек тондары анық ырғақты.

 

АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІН ТЕКСЕРУ.

Ауыз кілегей қабаты ақ жабындымен жабылған. Тәбеті жақсы, тамақ емес заттарға (кесекке) зауықтануы жоқ. Дәм сезімталдылығы қалыпты. Жұтыну қалыпты.

Ішті қарау: Сопақша пішінді, тыныс алу актісіне қатысады. Веналардың білеуленуі жоқ. Ішті сипалау, ауырсыну жоқ, іші жұмсақ Ішті беткей пальпациялағанда ауырсыну, кебу, құрылдау жоқ. Іштің терең пальпациясы:

Соқырішек пальпациясы: алмұрт пішінді, диаметрі 3.5 см, қозғалмалы 4 см, тығыздығы – тығыздау, беті тегіс, ауырсынусыз, құрыл-шұрыл жоқ.

Өрлемелі ішек: цилиндр пішінді, диаметрі 3 см, орта тығыздықта қозғалмалы 4 см, беті тегіс, ауырсынусыз, құрыл-шұрыл жоқ.

Көлденең ішек: цилиндр пішінді, 3.5 см,, орта тығыздықта қозғалмалы 4 см, беті тегіс, ауырсынусыз, құрыл-шұрыл жоқ.

Төмендеген ішек: цилиндр пішінді, диаметрі 3 см, орта тығыздықта қозғалмалы 4 см, беті тегіс, ауырсынусыз, құрыл-шұрыл жоқ.

Сигма тәрізді ішек: цилиндр пішінді, диаметрі 3 см, тығыздығы – тығыздау, қозғалмалы 4 см, беті тегіс, ауырсынусыз, құрыл-шұрыл жоқ.

Ұйқы безі пальпациясы цилиндр пішінді, диаметрі 3 см, жұмсақ ауырсынусыз.

Бауырды зерттегенде оның қолға сүйірленуіне анықталмайды, жұмсақ, тегіс, ауырсынусыз.

Өт қабын пальпациясы кезінде Ортнер, Кэр симптомдары оң мәнді.

Бауырдың көлемін анықтаған кезде негізінен М.Г.Курловтың қағу әдісі бойынша қалыпты жағдайдағы өлшемдерді есепке алынады. Олар:

1. Оң жақ бұғана орталық сызық бойымен бауырдың жоғары шеті мен төменгі шетінің арасы 10 см (қалыпты жағдайда 9-10 см);

2. Алдыңғы орталық сызық бойымен төстің семсер тәріздес өсіндінің табаны мен бауырдың төменгі шетінің арасы 8.5 см (қалыпты жағдайда 8-9 см);

3. Төстің семсер тәріздес өсіндінің табанынан сол қабырға доғасы бойымен бауыр шетінің түйіскен жер аралығы 7 см (қалыпты жағдайда 7-8см).

Көкбауыр пальпацияланбайды, ауырсынуы жоқ.

Көкбауыр мөлшерін анықтаған кезде оның шекарасының ұзындығы 13 см(қалыпты жағдайда 12-25 см) мен енін 6 см (қалыпты жағдайда 5-8см).

 

НЕСЕП БӨЛУ ЖҮЙЕСІН ТЕКСЕРУ.

Қарау: Несеп бөлу мүшелері бойынша қарау кезінде бел аймағының терісінің қызаруы, ісінуі жоқ.

Бүйректі сипалау: (Образцов тәсілі бойынша бимануальді-тербеп) пальпацияда екі жақты ауырсыну.

Қағу: Бел тұсын қолдың қырымен соғып тексергенде оң жақта ауырсынуы басымырақ оң мәнді.

Қуықты тексеру: несеп жолы жоғарғы нүктесі – кіндік сызығымен құрсақ тік бұлшық етінің сыртқы шетінің қиылысатын нүктесінде -ауырсыну байқалмайды. несеп жолы төменгі нүктесі- қос қыр сызығымен қасаға бұдыры арқылы жүргізілген тік сызығымен қиылған нүктесі- ауырсыну байқалады.

омыртқа мен белдеме аралық нүкте-омыртқамен бел бұлшық еттері арасындағы бұрыш- ауырсыну байқалмайды.

 

НЕРВ ЖҮЙЕСІН ТЕКСЕРУ.

Ақыл – есі дурыс, сөзі анық, ұйқысы тыныш, иіс сезу, дәм сезу, көзінің көру сезімдері жақсы.

Көз қарашықтарының белгілері: қарашық біркелкі жарыққа сезімтал.

 

ІШКІ СЕКРЕЦИЯЛЫҚ БЕЗДЕРДІҢ ЖҮЙЕСІ.

 

1. Аурудың жалпы бейнесі жасына сәйкес.

2. Бірінші ретті және екінші ретті жыныс белгілері дамыған.

3. Дененің өсуінің бұзылуы: дене бөліктерінің пропорциялық ара қатынасының бұзылулары жоқ.

4. Семірулер жоқ.

5. Тері жамылғысының жағдайы: гиперпигментация, жұқаруы, стриялар жоқ.

6. Қалқанша без: көлемі ұлғаймаған, пішіні, консистенциясы біркелкі, ауырсынбайды.

 

ҚАН ТҮЗУ ЖҮЙЕСІ

 

Қарау: тері, кілегей жамылғыларының түсі бозғылт, денесінде, бетінде, гемморагиялық бөрітпелер, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, іштің жоғарғы аймағының томпаюы, немесе ассиметрияялық өзгеруі жоқ.

Сипау: лимфа түйіндері ұлғаймаған, ауырсынбайды.

 

АЛҒАШҚЫ (БОЛЖАМДЫ) ДИАГНОЗ ЖӘНЕ ОНЫ ДӘЛЕЛДЕУ

Шағымдарының негізіне:

Екі жақты бел тұсының тұрақты түрде,суыққа күшейетін, іштің төменгі жағына берілетін,спазмолитиктерге берілмейтін, үнемі сыздап ауырсынуына,температурасы 39-градусқа көтерілгеніне жалпы әлсіздікке

Аурудың даму тарихы негізінде: Бұрын соңды ешқандай аурумен ауырмаған.Бұл сырқатпен бірінші рет ауырып отырғанын айтады.Үйде бір апта бойы тұмаумен ауырған,температурасы 39-градусқа көтерілгеніне,денесі қалтырап, бас ауру,жалпы әлсіздік, Екі жақты бел тұсының тұрақты түрде,суыққа күшейетін, іштің төменгі жағына берілетін,спазмолитиктерге берілмейтін, үнемі сыздап ауырсынуы мазалаған.Үйде бисептол,антигриппин,панадол препараттарын 1 таб 2 рет 6 күн қабылдаған.емнен нәтиже болмаған соң жолдамамен ХҚТУ клиникасына жатқызылды.

Өмір тарихының негізінде: Науқас- Әбділсаттар Фатима 15.03.1984ж Түркістан қаласында, жанұяда (4 бала 1қыз) 1-шісі болып дүниеге келген. Тұрмыстық жағдайы, тамақтануы қанағаттанарлық. Балалық жағында өсіп-жетілуі жасына сай, қалыпты дамыған. 7 жасында мектепке барған, дене шынықтыру сабағына қатысқан. Балалық шағында жұқпалы аурулармен қызылша, гепатит т. б аурулармен ауырмаған. Шанға аллергиясы бар-аллергиялық ринит.(түшкіреді,мұрынан су ағады)Туберкулез, мерез, жұқпалы аурулармен ауырмаған. Тұқым қуалаушылық ауруы жоқ. Соңғы 6 айда шетелге бармаған, қан құймаған.

 

Жалпы қарағанда: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта.Санасы анық.Тері, кілегей қабаттары бозғылт, таза. АҚҚ- 110/70,пульс 75 рет. Бүйректі сипалау: (Образцов тәсілі бойынша бимануальді-тербеп) пальпацияда екі жақты ауырсыну.

Қағу: Бел тұсын қолдың қырымен соғып тексергенде оң жақта ауырсынуы басымырақ оң мәнді.

Қуықты тексеру: несеп жолы төменгі нүктесі- қос қыр сызығымен қасаға бұдыры арқылы жүргізілген тік сызығымен қиылған нүктесі- ауырсыну байқалады.

Жоғарыда аталған шағымдар,өмір тарихы,ауру тарихы,жалпы қарау мәліметтер негізіне сүйене отырып науқасқа болжам диагноз қойылды:

 

Болжам диагноз:

 

а) Негізгі ауру: Біріншілік жедел екі жақты пиелонефрит.

б) Негізгі аурудың асқынуы: жоқ

 

в) Қосымша (ілеспелі) ауру: Аллергиялық ринит.

IV НАУҚАСТЫ ТЕКСЕРУ ЖОСПАРЫ

 

1.Жалпы қан анализі

2.Несептің жалпы анализі


Дата добавления: 2015-08-26 | Просмотры: 11861 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.011 сек.)