АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Пикфлоуметрия

 

Тыныс алу қызметінің бұзылуында бронх жолдарының өткізгіш қасиетін анықтайды. Негізінде бронх тармақтарының обструкциясында бронхылардың өткізгіш қасиетін жақсартатын бронхолитик дәрі-дәрмектердің керекті мөлшерін дәлелдеуге көмектеседі. Ауа жұту және шығару дәрісінің жылдамдылығын пикфлоуметр аппараты арқылы тексереді.

 

Зертханалық тексеру әдістері

Қан тексерісі

 

Қанды жалпы тексеру екі түрге бөлінеді: жалпы клиникалық және биохимиялық тексеру. Жалпы клиникалық тексеруде қан құрамындағы қан торшаларының санын және сапасын (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер), гемоглобин санын, эритроциттердің тұну жылдамдығын (ЭТЖ) анықтайды.

Дені сау адамның қанының құрамы тұрақты, ал өзгерсе ағзада патологиялық дәріс бар деген мағынаны білдіреді. Кейбір дені сау адамда қанының құрамы өзгеруі байқалады. Ол тамақ ішкеннен, физикалық күш түскеннен, пайдаланған сұйықтардың мөлшеріне байланысты. Клиникалық анализге қанды зерттеудегі негізгі тәсілі саусақтан қанды алумен өткізіледі.

Қалыпты жағдайда эритроциттердің саны 3,7х1012 - 5,1х 1012 әйелдерде, ал ерлерде 4,0 - 5,5 х1012 л. Осы көрсеткіштердің азаюы қан аздықта байқалады. Эритроциттердің санының 1,0х1012 төмендеуі өмірге қауіпті. Қалыпты жағдайда гемоглобиннің саны ерлерде 130-160 г/л, ал әйелдерде 120-140 г/л. Қан аздықта гемоглобиннің мөлшері азаяды. Эритремия кезінде гемоглобиннің саны көбейеді. Түсті көрсеткіш гемоглобин мен эритроциттердің бір-біріне қатынасын көрсетеді. Дені сау адамда түсті көрсеткіш бірлік бойынша (0,97-0,98).

Эритроцит құрамындағы гемоглобин көбейгенде түсті көрсеткіш көтеріледі, эритроцит құрамындағы гемоглобин азайса, түсті көрсеткіш төмендейді. Дені сау адамдарда лейкоциттердің саны 4-9 х 109 дейін, лейкоциттердің көбеюі - лейкоцитоз, ал азаюы - лейкопения деп аталады. Лейкоцитоз әр түрлі қабыну ауруларында байқалады. Лейкопения қан аздықта, уланғанда, кейбір жұқпалы ауруларда байқалады. Лейкоциттердің түйіршікті және түйіршіксіз түрлері болады. Түйіршікті түрі гранулоцит деп, ал түйіршіксіз түрі агранулоцит деп аталады. Гранулоциттерге нейтрофилдер, эозинофилдер, базофилдер жатады. Нейтрофилдер қорғаныш қызметін атқарады. Эозинофилдер, базофилдер аллергиялық дәрістерге қатысады.

Агранулоциттерге моноцит пен лимфоцит жатады. Қалыпты жағдайда моноциттің саны 4-8%. Олар қорғаныш қызметін атқарады, фагоцитоз түзеді. Кейбір жұқпа ауруларында моноцитоз байқалады.

Дені сау адамдарда лимфоциттердің саны 25-35%. Қан құрамында ядросыз торшалар болады- оны тромбоциттер дейміз. Дені сау адамда тромбоциттің саны 180 – 320 мың. Олардың құрамы қан жасау жүйесінің ауруларында көбейеді. Қансырау жағдайларда тромбоциттердің мөлшері төмендейді.

Басты көрсеткіш болып эритроциттердің тұну жылдамдығы (ЭТЖ) табылады. Қалыпты жағдайда ЭТЖ көрсеткіші 1-20 мм/ сағ.

Қанды биохимиялық тексерудегі мәні қан құрамындағы заттарды (қант, холестерин, ақуыз, креатинин, мочевина, билирубин т.б.) анықтауға арналған. Олардың құрамы кейбір ауруларда ауысып тұрады, диагноз қоюға көмектеседі.

 

Зәр тексерісі

 

Зәрді тексеру дерт анықтамасындағы үлкен мағыналы дәріс. Ол тек бүйрек пен зәр шығару жолдары емес, басқа да мүшелердің ауруларын білуге болады. Зәрдің физикалық және химиялық құрамын анықтайды. Зерттеу жасау үшін тәулік бойы шыққан зәрді жинап, соның ішінен керекті ғана мөлшерін алады. Көбінесе азандағы бірінші зәрді қолданады. Әйелдерде етеккірі келген уақытында зәрге зерттеу жасалмайды, өйткені зәрге етеккірдің қаны араласуы мүмкін.

Зәрдің физикалық құрамы. Зәрдің түсі оның концентрациясына байланысты және оның түсі сарғыш болады. Зәрдің түсінің өзгеруі оның құрамындағы бояутекке, кейбір дәрі-дәрмектерді қолданғанда (анальгин) және тамақтың құрамындағы қызылшаның көп болғандығына байланысты. Қалыпты жағдайда зәр мөлдір болады. Дені сау адамның зәрінің иісі болмайды. Егер зәр жылы бөлмеде көп тұрса, аммиактың иісі шығады.

Зәрдің тығыздығы 1005-1025 дейін тербеледі. Неғұрлым оның құрамындағы заттардың тығыздығы жоғары болса, соғұрлым зәрдің тығыздығы да жоғары болады. Мысалы, қант сусамырында зәрдің тығыздығы 1030-1050 дейін көтеріледі. Бүйрек сүзбе жұмысының бұзылуында зәрдің тығыздығы азаяды. Бүйректің сүзбе жұмысын анықтау үшін Зимницкий сынамасын жүргізеді. Неғұрлым зәрдің салмағының тербелуі жоғары, соғұрлым бүйректің сүзбе жұмысы жақсы болып табылады. Тәулігіне бөлінген зәрдің мөлшері қолданылған сұйықтықтың көлеміне байланысты. Қалыпты жағдайда зәр көбінесе күндіз бөлінеді.

Зәрді химиялық зерттеу. Зәрдің құрамынан ақуыз, қант, ацетон, уробилин, гормондар, тұз, ферменттерді анықтайды. Қалыпты жағдайда зәрдің құрамында ақуыз болмайды. Ақуыздың зәрмен бірге бөлінуі протеинурия деп аталады. Ол бүйрек ұлпасының зақымданып, сүзбе жұмысының бұзылуында байқалады. Қалыпты жағдайда адам зәрінің құрамында қант болмайды. Ол адамның көміртегін көп қолданғанда білінеді. Қанттың зәрдегі мөлшері қант сусамырында көбейеді. Қалыпты жағдайларда адам зәрінің құрамында билирубин, кетондық денелер де болмайды.

Зәр қалдығын микроскопиялық зерттеу. Бұл зерттеуде пробирка түбінен зәр қалдығын алады. Оның ішінен эпителий торшаларын, лейкоцит, эритроцит мөлшерлерін анықтайды. Егер эритроцит мөлшері көп болса, зәрдің түсі қызғылт болады. Бұны макрогематурия деп айтады. Қалыпты түрде зәрде (әйелдерде) лейкоциттер аз мөлшерде кездеседі (2-5 көз алаңында). Егер лейкоциттер микроскопта көз алаңын толық жапса, оны пиурия (бактериурия) дейді. Бұл қуықтың зәр шығыру жолдарының қабынуында кездеседі. Микроскопиялық зерттеу кезінде зәр қалдығынан цилиндрлерді көруге болады. Цилиндрлердің екі түрі болады: гиалиндік және эпителиалдық, гиалиндік цилиндрлер ақуыздан, ал эпителиалдық түрі - бүйрек арналарының торшаларынан тұрады. Олар түйіршікті және сопақша болады. Цилиндрлердің зәрде пайда болуы бүйректің зақымданғанын білдіреді.

Асқазан сөлін тексеру

 

Асқазан сөлін асқазанның сөлденіс қызметін анықтау үшін зерттейді. Асқазан сөлін жіңішке сүңгі арқылы алады. Алдымен ашқарынға асқазандағы сөлді сорып алады, сосын 15 минут сайын 4 порцияны жинайды. Бұны негіздік сөлденіс деп атайды. Асқазан сөлденісін күшейту үшін тері астына 0,1% гистамин ерітіндісін немесе 0,025% пентагастрин ерітіндісін жібереді. 15-20 минуттан кейін 15 минут сайын 1 сағаттың ішінде тағы 4 порцияны жинап алады. Алынған сөлдің мөлшерін өлшейді, әр порциядағы тұз қышқылын анықтайды. Қалыпты жағдайда асқазан сөлі 50мл, тұз қышқылы 20 – 40 бірлік болады. Негіздік сөлденіс 50-150мл, соңғы 1 сағаттың ішіндегі 4 порцияның мөлшері қалыпты жағдайда 120 мл – ден көп болмайды. Асқазанның сөлі түссіз, ал 12 елі ішекке түскенде сөл сары түске боялады. Асқазанның сөліне сілекей үстіңгі тыныс алу жолы арқылы түседі. Кейде асқазан сөлінде таяу арада желінген тағам қалдықтары байқалады. Бұл асқазанның қозғалу жұмысының бұзылғанын дәлелдейді.

Қалыпты жағдайда асқазан сөліндегі тұз қышқылын қалыптылық деп атайды, көбеюін - гиперацидті, төмендеуін - гипоацидті, ал болмауын - анацидті деп атайды. Тұз қышқылының төмендеуі, болмауы асқынған гастритінде, асқазан қатерлі ісігінде, бауыр ауруларында білінеді. Барлық науқастардың сүңгі жұтуға мүмкіндіктері болмайды. Ондай жағдайда асқазан сөлін тексеру үшін сүңгісіз әдісті қолданады ("Ацидотест"). Бұл әдісте науқасқа екі арнайы түйір береді. Содан кейін арнайы кесте бойынша зәрді жинайды. Асқазанда бос тұз қышқылы болса, зәр боялып шығады (тұз қышқылының санына байланысты, ақшыл қызғылттан, ашық қызыл түске дейін). Бояуды стандартты шкаламен салыстырады да, қышқылдық көрсеткішін анықтайды. Бірақ бұл әдіс тұз қышқылдығын анықтауға беретін нақты көрсеткіш емес.

 

Нәжіс тексерісі

 

Бұл анализ науқастың асқазан-ішек жолдарының ауруларын анықтауға көмектеседі. Нәжісті жасырынды қанға тексергенде бензидин сынамасын жүргізуге болады (Грегерсен сынамасы). Бензидин сынамасы көптеген тағамдарға және дәрі-дәрмектерге сезімтал, сол себептен үш күн бойы науқасқа дайындық жүргізу керек. Егер нәжісте қан білінсе, Грегерсен сынамасы жағымды деп, ал білінбесе - жағымсыз деп белгілейді. Нәжістің қалыпты түрде тәулігіндегі мөлшері 100-200 гр құрайды. Оның мөлшері тамақ ішуге байланысты. Нәжістің түрі шұжық тәрізді, жұмсақ, түсі - қоңырқай. Егер тағам сүтті болса, нәжіс ашық сары түсті. Егер асқазаннан қан кетсе, нәжіс қара түсті болады. Кейбір ауруларда нәжістің бетінде май, сілекей, ірің болуы мүмкін. Нәжісті микроскопиялық зерттеу көптеген керекті ақпараттарды береді. Қалыпты түрде нәжістен крахмал түйіршіктері, сабын, май табылады. Асқазан жұмысы бұзылғанда нәжістің құрамы өзгереді. Микроскопиялық зерттеу нәжістен лейкоцит және эритроцитті анықтауға көмектеседі. Олардың саны ішек жарасында, ісігінде және асқыну жағдайларында көбейеді. Нәжісті құрт-гельминтке тексергенде оны үш күн қатар, жылы түрде, үш жерінен шұқып алады.

 

Қақырық тексерісі

 

Бактериологиялық және микроскопиялық зерттеуге ауыз қуысына санация жүргізген соң қақырықты алады. Бактериологиялық және антибиотикалық сезімталдығын анықтау үшін қақырықты арнайы залалсызданған ыдысқа жинайды. Қақырықта туберкулез қоздырғышын анықтау үшін (Кох таяқшасын) қақырықты үш күн қайтара тексереді. Микроскопиялық зерттеуде қақырықтың түсін, құрамын, мөлшерін, иісін анықтап сипаттама береді.

Қақырық сілекейлі, іріңді, қан аралас болуы мүмкін. Қақырықтың құрамы бронхтағы және өкпедегі патологиялық дәрістерді көрсетеді. Өкпе қабыну ауруларында қақырық сілекейлі, иіссіз болады. Бронхоэктаздық ауруда, өкпе абцесінде қақырық іріңді, жиіркенішті иісті болып келеді. Бронх демікпесінде қақырық шыны тәрізді, жабысқақ, аз мөлшерде қиын түседі. Құрамында Шарко-Лейден кристалы, Куршман шиыршықтары анықталады. Өкпе іріңді ауруларында, туберкулезде, өкпе қатерлі ісігінде қақырықта қан кездеседі.

Өкпе қатерлі ісігінде қақырықта қалыптан тыс (атипичтік) торшалар білінеді. Сонымен қатар бактериологиялық зерттеу микробтар мен қатар патогендік саңырауқұлақтарды табады.

Бақылау сұрақтары

1.Жалпы тексеру әдістерінің түрлерін атап шығыңыз.

2. Субъективті әдістің мағыналық маңыздылығын түсіндіріңіз.

3. Объективтік әдіс қандай бөлімдерден тұрады?

4. Жалпы зертханалық тексеріс түрлерін атап шығыңыз.

5. Қанның құрамына кіретін қанның түйіршіктерін атаңыз.

6. Зәрді қандай тексерістерге жинайды?

7.Сізге таныс аспаптық тексеру әдістерін атап шығыңыз.

ІІІ – Тарау

Тыныс алу мүшелерінің аурулары

Тыныс алу мүшелерінің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері

Тыныс алу мүшелеріне жатады: мұрын, жұтқыншақ, кеңірдек, кеңірдекше тарамдары, өкпе. Өкпе өз алдына екіге бөлінеді: оң және сол жақ өкпе. Оң жақ өкпе 3 бөліктен тұрады: жоғарғы, ортаңғы, төменгі. Сол жақ өкпе 2 бөліктен тұрады: жоғарғы, төменгі. Өкпе кеуде қуысында орналасқан. Өкпенің төменгі бөліктері диафрагмамен тиіседі, ол кеудемен іш қуыстарын бөліп тұрады. Ауа мұрын жолдары арқылы кеңірдекке, одан оң жақ, сол жақ кеңірдекше тарамдарына (бронхыларға), одан әрі өкпе бөліктеріне кіреді. Кеңірдек тарамдары кішкентай бұтақтардан тұрады, оны “бронхиол” дейді, олар ары қарай өкпеге өткенде өкпе көпіршігіне (альвеоларға) айналады. Альвеоларға кірген ауа өкпені желдендіріп созады, онда газ алмасуы пайда болады. Ауамен кірген оттегі капилярға өтіп, эритроцидпен қосылып, ұлпаларды қамтиды. Кеудеге ауа кіргенде кеуде бұлшық еттері созылып, диафрагма жиырылып, кеуде қуысы кеңейеді. Адам бір дем алғанда 700 мл 3 ауа жұтады. Ал ауа шыққанда кеуде қуысы тарылады. Қалыпты түрде адам минутына 16 – 20 рет дем алады. Ал жүгіргенде, қатты қимылда дем алуы жиіленеді. Тыныс жолдарының дем алуын реттейтін сопақша ми. Ауаны өткізетін тыныс жолдары ауаны жылытып, шаңнан тазартып, дымқылдатады.

Тыныс алу мүшелерінің қорғаныш қызыметіне жатады: жұтқыншақтың жабылып тұруы, жөтел рефлексі, бронхтың ішкі сілекейлі қабатында секреторлы иммуноглабулиннің білінуі, альвеолардық макрофагтардың фагоцитарлы белсенділігі. Олардың қызметі жүйкелермен, бронхиол артерияларымен қамтамасыз етіледі.

Өкпе – ағзаның негізгі мүшесі. Ол ағзадағы қан айналыс жолдарымен тығыз байланысты болып келеді. Оны қамтамасыз етіп отыратын өкпе артериясы. Сол себептен өкпе сырқатында тек ұлпа ғана зақымданбайды, оның қан тамырларындағы қанның алмасуы да бұзылуы мүмкін. Сондықтан мұндай өзгерістерді өкпе – жүрек жеткіліксіздігі деп атайды.

 

 

Негізгі белгілері

 

Тыныс алу мүшелерінің ауруларының көптігіне қарамай, олардың белгілері бір – біріне ұқсас болып келеді. Бұл белгілерге жөтел, қақырықтың бөлінуі, қақырықты тастауы, қан түкіру, демікпе, кеуде қуысының ауырсынуы жатады. Дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, бастың ауруы аурудың жалпы белгілеріне жатады.

Жөтел. Тыныс алу мүшелерінің ең негізгі белгілерінің бірі, бірақ дені сау адамдарда да кездесуі мүмкін. Бұл рефлекторлық қорғаныш актісі. Тыныс жолдарына бөгде зат түскенде ағза рефлекторлық түрде оны жөтелі арқылы сыртқа шығаруға тырысады. Кеңірдек, кеңірдекшелердің (бронхтардың) сілекей қабаттары қабынғанда импульстер сопақша мидың дем алудағы орталығына келіп түседі де оны қимыл жүйкесіне жібереді. Жөтелде өкпедегі бөгде заттар ауамен бірге ауыз арқылы күшпен сыртқа шығарылады. Жағымсыз мәнбірлердің әсерінен тыныс алу жолдарына сілекей жиналып, жөтел туғызады. Егер сілекей аз бөлінсе, онда құрғақ жөтел пайда болады. Жөтелдің сипаталуы сырқатқа байланысты әртүрлі болады. Сирек, күшті, жиі, ұстамалы және т.б. түрлері болады. Бір науқаста жөтел өзгеріп отыруы мүмкін. Туберкулездің бастапқы кезеңінде жөтел сирек және науқасқа білінбейді. Бара – бара жөтел күшейіп, науқасты мазалайды. Жоғарғы тыныс жолдарының ауруларында жөтел дөрекі шығады.

Қақырық. Тыныс жолдарының сілекей қабығының жемісі. Қақырықтың мінездемесіне қарап қабыну дәрісінің тереңдігін анықтауға мүмкіншілік туғызады. Қақырық сілекейлі, сілекейлі - іріңді, іріңді болады. Сілекейлі қақырық жылтыр, кейде ақ түсті болады. Шаң тозаңнан қақырық қара түсті болуы мүмкін. Ондай қақырық темекі шеккеннен немесе ұзақ уақыт шаң тозаңда жұмыс істеген адамдарда кездеседі. Сілекейлі - іріңді қақырық өкпе ауруларының асқынуларында білінеді. Крупты өкпе қабынуының бастапқы кезеңінде қақырық тоттанған болып білінеді. Көбінесе қақырықтың иісі әлсіз және ара қашықтықта сезілмейді. Егер қақырықтың иісі жағымсыз болса, онда өкпенің іріңді ауруы деп ойлауға болады.

Қан түкіру. Өкпе ауруларының маңызды белгісі болып табылады. Қанды түкіру өкпе туберкулезінде, өкпе қатерлі ісігінде және өкпе іріңді ауруларында байқалады. Қақырықпен түскен қанның түсі ашық – қызыл, көпіршікті, иіссіз және жөтел мен шығып отырады.

Демікпе. Демікпе дегеніміз – демнің тереңдігінің, жиілігінің және ырғақтылығының бұзылуы. Тыныс алу жолдарының ауруларында ентігу экспираторлық (ауаның сырқа шығуының қиындауы) түрде білінеді. Сырқатқа байланысты кеңірдекше тарамдары тарылған жағдайда ауаның ішке кіруі қиындап, демі шулы, ысқырықты болып келеді. Науқастарда жиі аралас түрлердегі ентігу кездеседі.

Кеуде қуысының ауырсынуы. Бронхыларда және өкпе тінінде сезу рецепторлары болмайды, сол себептен кеуде қуысының ауырсынуы басқа мәмбірлердің әсерінен туады. Негізінде ауырсыну дем алғанда, жөтелгенде білінеді. Кеуде қуысының ауырсынуы қабырға аралық бұлшық еттер және қабырға аралық жүйкелер қабынғанда сезіледі.

Уыттану белгілері. Тыныс алу мүшелерінің ауруларында осылармен бірге жиі дене қызуының көтерілуі, түнгі кездегі терлегіштік, әлсіздік, жұмысқа деген қабілетінің төмендеуі кездеседі. Бұл шағымдар ағзаның уыттанудың себебіне болғандықтан.

 

Субъективтік тексеріс әдісі

 

Науқастың шағымдарын сұрау арқылы өткізіледі: кеуденің шаншуы, ентігуі, тынысының тарылуы, жөтел пайда болуы, қақырық тастау, әлсізденуі, дененің тітіркенуі, басының ауыратындығы және ұйқысының бұзылуы.

Сыртартқы жинағанда келесі сұрақтарды анықтау керек: ауру қалай (жедел, біртіндеп) және қандай жағдайда басталды. Аурудың себебін және мінездемесін білу үшін эпидемия жағдайына көңіл бөлу керек. Жұқпалы аурумен ауырған науқастармен қатынаста болды ма? Мысалы: туберкулез, сары ауру, тұмау т.б. Ауру өту ағысын және жүргізілген емін, оның нәтижесін, тұрмыс жағдайын, ағзаға зиян әкелетін қылықтарын, яғни шылым шегу, ішімдік ішуін анықтау.

Объективтік тексеріс әдісі

 

Объективтік тексеру әдісі қараудан басталады. Қарағанда науқастың жалпы жағдайын, төсек тәртібін, көңіл күйін, дене пішінінің өзгерістерін және т.б. байқайды.

Кеудені қарау. Кеуденің сыртқы бейнесіне қарап қалыпты немесе патололгиялық түрін анықтайды. Кеуде қуысы өзгерістерінің үш түрі болады:

- бөшке тәрізді кеуде (эмфизематозды) – кеуде торшасының ұзындығы қысқалау, көлденең кеуде бөшке сияқты дөңгелектеу келген пішінде болып келеді. Қабырға арасы сиректелген, дем алғанда бұлшық еттерінің қабысуының сирегені байқалады.

- сал көкірек қуысы (паралитикті) – бөшке тәрізді кеудеге қарама – қарсы келген өзгерістер байқалады: кеуде торшасы тар және ұзын. Бұл өкпенің туберкулез ауруында жиі кездеседі, дем алу қимылы бәсеңдейді.

- мешелді кеуде (“тауық” кеудесі) – бұнда кеуде қуысының алды артына қарай ұзарғаны байқалады, қабырға шеміршектері жуандайды, кішкентай балалардың мешел мен ауырған кезінде пайда болады.

Кеуде құрылысының ауытқуы (деформациясы) омыртқаның өзгергендігіне байланысты болады: омыртқаның алға қарай қисаюы - лордоз, артқа қарай – кифоз, бір жақ қырына – сколиоз, ал артқа және бір жақ жамбасына қарай қисаюы – кифосколиоз деп аталады.

Дене терісінің өзгеруі. Терінің кілегей қабыршақтарының көкшілдігі байқалады, оны цианоз деп атайды. Цианоз екі түрде байқалуы мүмкін: жергілікті және диффузды (барлық денеде). Бұндай өзгеріс тыныстың бұзылғандығынан, өкпеде оттегінің жеткіліксіздігінен байқалады. Бетінің қызаруы өкпенің крупты қабынуында, дене қызуы көтерілгенде, ал бозаруы өкпенің іріңді ауруларында және т.б жағдайларда кездеседі.

Қолмен басып қарау (сипалау, пальпация). Кеудені, арқаны оның ауыратын жерін, серпімділігін, дыбысты өткізуін анықтау үшін жүргізіледі. Екі қолды науқастың кеудесіне қойып сан мен сөздерді айтқызып, ауаның тербеу дыбысының әр ауруға байланысты жоғарлауын немесе төмендеуін анықтайды. Бұл сипалаудың түрін бронхофония әдісі деп атайды.

Саусақпен соққандағы өкпеден шығатын дыбыстардың өзгерістерін анықтау (тықылдату, перкуссия). Өкпенің таза дыбысы өкпеде таза ауаның барында, өкпенің ауруы жоқ кезіңде естіледі. Перкуторлық дыбыстың өзгергендегі түрлері мыналар:

· тұйық дыбыс өкпе ұлпасында ауа жоқтығын білдіреді;

· қорап тәрізді дыбыс өкпе ұлпасының созылғандығын және өкпеде ауа көптігін білдіреді;

· тимпаникалық перкуторлы дыбыс – тегіс қабырғаға ұрғандай дыбыс.

Дыбыстардың өзгеруіне байланысты перкуссия әдісімен өкпенің шекарасын анықтауға болады (топографиялық перкуссия).

Өкпені тыңдау (аускультация). Құлақты кеудеге қою арқылы немесе стетоскоппен, фонендоскоппен тыңдайды. Өкпеге ауа кіріп шыққанда демалыс дыбыстары естіледі. Қалыпты түрде везикулды дем естіледі (ауаны жұтқаны белсенді, ал шығарғаны белсенсіз). Патологиялық өзгерістерде өкпеде бронхиалды дем естіледі (ауаны жұтқаны да шығарғаны да белсенді). Ал өкпеде қақырық, кілегейлер пайда болғанда тыныс жолдарында сырылдар естіледі. Өкпеде суды үрлегендегі пайда болатын көпіршік дыбыстарды дымқыл сырылдар дейді. Ал құрғақ сырылдар ысқырық дыбыс сияқты бронхылардың, кеңсіріктің ішкі қабыршықтарының ісінуіне байланысты болады. Өкпеқаптың қабынуында өкпеде үйкелу шуы естіледі.

 

Зертханалық зерттеулер

 

Өкпе ауруларының көпшілігі қабыну дәрісімен сипатталады. Сол себептен қанда жиі лейкоцитоз және ЭТЖ артуы байқалып тұрады. Сонымен қатар өкпе ауруларында қақырықты тексерген маңызды роль атқарады. Мейірбике педагогикалық аспектісінде жұмыс істеп, пациенттен жүргізілетін манипуляцияларға лұқсат алу тиіс. Қақырықты әр түрлі анализдерге жинап, дерт анықтамасын жүргізеді: жалпы қақырық анализі, қақырықты бактериологиялық тексеруі, антибиотик сезімталдығына анықтауы, туберкулез таяқшасына тексеруі. Қақырық жинау ережелері: науқастың ауыз қуысын тазалап, терең дем алдырып немесе жөтелтіріп, өңделген ыдысқа қақырықты түсіру.

 

Құрал - жабдық аппараттар арқылы зерттеу

Өкпедегі ауа көлемін тексеру үшін, яғни қанша ауа кіріп, шыққанын байқау үшін спирограф аппаратын қолдана отырып спирометрияны жүргізеді (дем алу қызметін, өкпе сиымдылығын анықтау). Өкпеге кіріп шығатын ауаның көлемі қалыпты түрде 500 – 800 мл, ал өкпеде шығарылмай қалып қойған ауаның көлемі 1500 – 2000 мл. Бронхоскопия - бронхоскоп арқылы бронхылармен кеңсіріктің кілегей қабаттарын көзбен қарап тексеру әдісі. Бронхографияда бронхтардың ішіне бояу затты енгізіп, рентген суреті арқылы бронхылардың пішінін, орналасуын, патологиялық өзгерісін анықтайды. Дер анықтамасында өкпе ауруларында ең маңызды тексеріс - рентген сәулесі (рентгеоскопия, рентгенография, флюрография, томография). Радиоизотопты әдісімен өкпедегі ауа алмасуын, қан айналысын тексереді. Бұл сканерлау әдісіне жатады. Өкпеқапты инемен тесу дерт анықтамасын жүргізуге және ем шаралары ретінде

 

Бейнелеме

Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы тексеру әдістері

Пациенттің шағымдары
1. Жөтел 4.Ентігу, түншығу 2. Қақырық тастау 5.Кеуде қуысының ауруы 3. Қан түкіру 6.Дене қызуының көтерілуі

 

Науқастану сыртартқысы
Себептері. Басталуы, дамуы Ұзақтығы Жүргізілген тексерістердің нәтижелері Қолданылған ем
  Өмір - баян сыртартқысы  
  Әсер ететін мәнбірлер, суық тию Мамандығы, еңбек жағдайы Жағымсыз қылықтары Аллергологиялық сыртартқысы Тұқым қуалаушылығы  
Пациентті тікелей тексеру
     

Қарау Сипалау Тықылдату Тыңдау
1.Төсек жағдайы 2. Ентігу,тұншығу 3.Саусақтарының, тырнақтарының пішіні 4.Кеуде қуысының пішіні 1.Дыбыс дірілі 2. Ауырсыну 1.Өкпе шекарасы 2. Өкпенің төменгі бөлігінің қимылы 3. Перкуторлық дыбыстың өзгерісі 1.Демнің мінездемесі 2.Бронхо-фония 3.Сырылдар 4.Сықылдау 5.Өкпе қаптың үйкелу дыбысы
  Қосымша тексеру әдістері  
           

Зертханалық тексеру әдістері Құрал – жабдық аппараты арқылы тексеру әдістері
1.Жалпы қан анализі 2.Биохимия қан анализі 3.Жалпы қақырық анализі 4.Бактериялогиялық қақырық анализі 5.Жұқпаның антибиотиктерге сезімталдығын анықтау 6.Қақырықты Кох таяқшасына зерттеу 7.Қақырықты цитологиялық зерттеу 1.Спирометрия -графия 2.Сканерлеу 3.Пневмотахометрия 4.Рентгеноскопия 5.Рентгенография 6.Флюрография 7.Томография 8.Бронхоскопия - графия  

қолданылады. Өкпеқаптың ішіндегі сұйықтықты тексеру оның құрамын анықтау үшін өткізіледі. Ем ретінде өкпеқаптың қуысына дәрі – дәрмек жіберіледі. Диагнозды анықтау үшін 50 – 100мл, ал ем үшін 1 – 1,5 л өкпеқаптық сұйықтық мөлшерін сорып алады. Қәзіргі уақытта демнің бронх тарамдарының өткізгіш көлемінің жылдамдық ағысын анықтау үшін пикфлоуметрия әдісін кенінен қолданылады.

 

Бақылау сұрақтары

1. Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы негізгі белгілерді атаңыз.

2. Жөтелге сипаттама беріңіз.

3. Ентігудің қандай түрлері болады?

4. Экспираторлық ентігуді қалай түсінесіз?

5. Экспираторлық ентігудегі көмекті айтып беріңіз.

6. Кеуде қуысының ауруының себебін қандай жағдайлар ықпал етеді?

7. Тыныс алу мүшелерінің ауруларында зертханалық және құрал – жабдық аппарат арқылы қолданатын тексерістер түрлерін атаңыз.

Бронхиттер

Бронхит дегеніміз – бронхылардың ішкі кілегей қабатының қабынуынан болатын кесел. Бұл жиі кездесетін сырқат. Көбнесе бронхитпен балалар және қарт адамдар жиі ауырады. Әйел адамдарға қарағанда ер адамдарда жиі кездеседі. Ағымына байланысты бронхит жедел және созылмалы болып бөлінеді.


Дата добавления: 2015-11-25 | Просмотры: 3882 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.017 сек.)