АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Эритроцитоз

Прочитайте:
  1. Виды эритроцитозов
  2. Вторичные относительные эритроцитозы
  3. Первичные эритроцитозы
  4. Проявления вторичных абсолютных эритроцитозов

Эритроцитоз дегеніміз қан көлемінің бірлігіндегі эритроциттер санының артуы мен гемоглобин деңгейінің жоғарылауы.

Эритроцитоз түрлері:

абсолюттік, айналымдағы эритроциттер санының эритропоэздің белсенуінен артуынан болады;

салыстырмалы, плазма көлемінің азаюынан қаннын қоюлануынан дамиды.

Абсолюттік эритроцитоз түрлері:

біріншілік, шынайы полицитемия кезінде дамиды (синонимдері: эритремия, Вакез-Ослер ауруы), эритроциттік өсіндінің басым зақымдануымен ерекшеленетін сүйек кемігінің гиперплазиясы. Бұл аурулар қатерсіз ағымдағы миелопролиферациялық аурулар тобына жатады;

екіншілік:

- гипоксия кезінде (биік тау халықтарындағы гипоксиялық эритроцитоз; өкпе мен жүректің ауыр ауруларындағы гипоксиялық эритроцитоз);

- өсінділік эритроцитоздар (бүйректің, тамырлардың, ішкі эндокриндік бездердің онкоөсінділері).

- эритропоэтин түзілісінің артуынан дамитын екіншілік эритроцитоздар бауыр немесе бүйрек паренхималарының рактарында, гидронефрозда, бүйректің поликистозында дамиды, сол сияқты отбасылық (туа бітетін) қатерсіз ағымды отбасылық эритроцитоз да кездеседі.

- организмде андрогендердің шамадан тыс жиналуынан болатын екіншілік эритроцитоздар феохромоцитомада, гиперальдостеронизмде, Кушинг синдромында дамиды.

Салыстырмалы эритроцитоз дамуына организмде сұйықтық азаюы, алкоголизм, эмоциялық стресстер себепкер болады.

Эритроциттер көлемінің өзгерулері

Анизоцитоз эритроциттер көлемінің әртүрлі болуы.

Нормоцит - диаметрі 7,2µм тең қалыпты эритроцит.

Макроцит – көлемі қалыпты нормоцит өлшемінен артық болатын эритроцит. Макроциттің диаметрі 8,5-9 µм өлшемнен артық болады. Макроцитоз B]2-витаминіне жэне/немесе фоли қышқылына мұқтажды анемияларда дамиды.

Микроцит - көлемі қалыпты нормоцит өлшемінен кіші болатын эритроцит. Микроциттің диаметрі 6 µм кіші болады. Микроцитоз темірге мұқтажды анемияға тән.

Эритроциттер пішінінің өзгерістері

Пойкилоцитоз дегеніміз эритроциттердің қалыпты дөңгелек пішінінің жоғалтып, оның орнына сопақша, алмұрт тәрізді немесе басқа да пішінді эритроциттердің пайда болуы.

Эритроциттердің боялу қарқындылығы құрамындағы гемоглобиннің деңгейіне сәйкес болады. Гемоглобин құрамы күрделі молекулалы глобин белогының гем аталатын қызыл түсті пигменттен тұрады. Мұндай гемоглобин молекуласы оттегінің төрт молекуласын тасымалдауға шамасы келеді. Әйел адамдарда Нв қалыпты деңгейі 120-140 г/л, ерлерде — 130-160 г/л.

Нормохромды эритроциттер қан жағындысында біркелкі қызғылт түстес болады.

Эритроциттердің гиперхромиясы B12–дефицитті анемияға тән болады.

Эритроциттердің гипохромиясы темірге мұқтажды анемияға тән.

Анизохромия дегеніміз қан жағындысындағы кейбір эритроциттердің әртүрлі түске боялуы. Анизохромия постгеморрагиялық анемияда, темірге мұқтажды анемияда кездесуі мүмкін.

Эритроциттер цитоплазмасында Жолли денешіктері немесе Кебот сақиналары секілді түйіршіктер болуы мүмкін және олар B12–дефицитті анемияда эритроциттердің жетілуі кезінде сақталып қалған ядролар қалдықтары.

Эритроциттердің базофильді түйіршіктенуі қорғасынмен уланы және B12–дефицитті анемияда эритроциттердің толық жетілмеуі салдарынан дамиды.

Түсті көрсеткіш (ТК) эритроциттердің гемоглобинге қанығу дәрежесін сипаттайды. Бұл эритроциттер санының мен гемоглобин деңгейіне қатынасын білдіретін шартты көрсеткіш: гемоглобин деңгейінің үш еселену көрсеткішін эритроциттер санының алғашқы үш санына бөлу арқылы шығарады. Сау адамда ол көрсеткіш 0,8- 1,05 тең.

ТК қалыпты көрсеткіштен төмен болуы эритроциттердің гемоглобинге толық қанықпағанын білдіреді және темірге мұқтажды анемияда, жіті постгеморрагиялық анемияда (аса көп қан кетулерде) кездеседі.

Қалыпты ТК жіті постгеморрагиялық анемияда (аз қан кетулерде) кездеседі.

ТК қалыпты деңгейден жоғары болуы эритроциттердің гиперхромиясын білдіреді және В 12 мен фолиге-дефицитті анемияларда кездеседі.

Эритроциттердің тұну жылдамдығы (ЭТЖ)

ЭТЖ артуы бактериялық инфекцияларда, қатерлі ағымдағы өсінділерде, сүлелі қабыну ауруларында, жіті қабыну аурулары кезінде альфа-глобулин фракциясынын гликопротеидтерінің артуы кезінде қан сарысуындағы фибриногеннің артуынан және анемияларда эритроциттердің жалпы санының төмендеуінен дамиды. Яғни, іріңді немесе сепсистік жағдайларда, инфекцияларда, туберкулезде, дәнекер тінінің жүйелі ауруларында (ревматизм, ЖҚЖ, ТП, ДМ), ішкі ағзалардың инфаркттері кездерінде (миокардтың, өкпенің, бүйректің), өсінділік аурулар мен лейкоздарда кездеседі.

Сонымен қатар, ЭТЖ артуы мына жағдайларда болуы мүмкін:

- менструацияның алды немесе менструация кезінде, жүктілік кезінде (3 айынан бастап босанғаннан соң 1 айға дейін);

- қандағы липидтер деңгейінің артуы кездерінде (ас ішкеннен соң).

ЭТЖ төмендеуі эритроциттер санының артуында (полицитемия), қанның қоюлануында, сусыздану кездерінде, гиперальбуминемияда, гипофибриногенемияда (бауыр тінінің зақымдануларында), сары ауруында (Боткин ауруы), салицил қышқылы немесе кальций хлориді құрамында бар дәрілер қабылдағанда кездеседі.

Эритроциттердің осмостық төзімділігі (резистенттігі)

Бұл көрсеткішті әртүрлі концентрациялық натрий хлоридінің гипотониялық ерітіндісіне эритроциттерді батыру арқылы анықталады. Гемолиз 0,46% ерітіндіде басталады да (эритроциттер төзімділігінің төменгі не минималды шегі) және 0,30% ерітіндіде (толық гемолиз) тоқтайды (эритроциттер төзімділігінің максималды шегі). Осмостық төзімділіктің төмендеуі гемолиздік, токсикалық, В12-дефицитті анемияларда және миелолейкозда кездеседі. Осмостық төзімділіктің артуы гипохромиялы темірге мұқтажды анемияларда кездеседі.

Ретикулоциттер – сүйек кемігінен шыққан әлі жас (жетілу үстіндегі) эритроциттер, яғни цитоплазмасында тор тәріздес түйіршікті-торлы құрылымдары (ретикулум) бар болуы тиіс. Сау адамда ретикулоциттер саны 10-нан 100x109/л дейінгі мөлшерді құрайды немесе 1000 эритроцитке шаққанда 10 клеткадан (10%0) аспауы тиіс. Көлемі жағынан ретикулоцит эритроциттен үлкендеу болады да, сүйек кемігінен шыққаннан соң 3 күннен кейін жетілген эритроцитке айналады.

Шеткілік ретикулоцитоз сүйек кемігінен жас эритроциттердің көптеп шығымен түсіндіріледі және сүйек кемігі функциясының артуын (физиологиялық регенерациясының күшейгенін) білдіреді.

Ретикулоцитоз сүйек кемігінің тітіркенгенін білдіретін диагностикалық маңызды өзгеріс, мәселен:

- сары ауру кезіндегі ретикулоциттік реакция сарғаюдың себебі гемолиз екенін білдіреді;

- іш сүзегі, ойық жара ауруы кездерінде жасырын қан кету бар екенін білдіреді;

- ретикулоциттік реакция аздаған көлемдегі жіті қан кетулерде байқалады;

- ретикулоциттік реакция анемияларды емдеу кездерінде болса, ол гемопоэздік дәрілермен (темір дәрілері, В12-витамин не фоли қышқылы) емдеудің тиімділігін білдіреді. В12, фоли қышқылымен емдеу кезінде ретикулоциттер санының артуы ретикулоциттік криз деп аталады;

- сүйек кемігінің кейбір жерлерінің рак метастаздарымен тітіркенулерінде де байқалады.


Дата добавления: 2015-09-27 | Просмотры: 4393 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.005 сек.)