АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Эксудативті-катаралды диатез

Ерекшеліктері

1. Жаңа туған нәрестенің ауыз қуысының анатомды-физиологиялық ерекшеліктері жатады, тек біреуінен басқалары:

а) шырышты қабықтары қан тамырларына бай

б) шырышты қабықтары құрғақ

в) ұртында (Биша) май бездері бар

г) шайнау бұлшық еттері нашар дамыған

2. Қай жастан бастап нәрестенің сілекей шығаруы күшейеді?

а) 4-6 аптадан

б) туған күннен

в) 2-3 айдан

г) 4-6 айдан

3. Жаңа туған нәрестенің асқазанының сыйымдылығы:

а) 100 мл

б) 30-35 мл

в) 50 мл

г) 200 мл

4. Бір жастағы баланың асқазанының сыйымдылығы:

а) 100 мл

б) 50 мл

в) 100-150 мл

г) 200-300 мл

5. Жаңа туған нәрестенің асқазаны қалай орналасады?

а) горизонтальді (көлденең)

б) перпендикулярлы

в) вертикальді

г) қиғаш

6. Ана сүті баланың асқазанында қанша уақытқа қорытылады?

а) 1-2 сағ

б) 3-4 сағ

в) 5-6 сағ

г) 2-3 сағ

7. Сиыр сүті баланың асқазанында қанша уақытқа қорытылады?

а) 1-2 сағ

б) 3-5 сағ

в) 5-6 сағ

г) 2-3 сағ

8. Нәрестелердің құсуына бейім болатын себебі:

а) асқазанның кардиалдық сфинктері (асқазанның кең ауызы) толық жабылмайды

б) асқазанның пилорикалық (қалытқы) бөлімі толық жетілмеген

в) асқазанның түбі толық жетілмеген

г) асқазанның секреторлық қызметі толық жетілмеген

9. Ана сүтімен тамақтандырғанда ішекте қандай микрофлора басым болады?

а) ішек таяқшалар

б) микобактериялар

в) бифидобактериялар

г) коринобактериялар

10. Баланы қолдан тамақтандырғанда ішекте қандай микрофлора мекендейді?

а) ішек таяқшалар және энтерококктар

б) стафилококктар және стрептококктар

в) бифидобактериялар және лактобактериялар

г) коринобактериялар және алтын түсті стафилококктар

11. Емшек еметін баланың нәжісі қандай?

а) ашық түсті, суы аз, тығыз, шірік иісті

б) гомогенді, сары түсті, қоспасыз, сәл қышқылтым иісті

в) қоңыр түсті, суы аз, тығыз

г) сұйық, сары түсті, жалғақпен

12. Жасанды тамақтандырған баланың нәжісі қандай?

а) сұйық, сары түсті, жалғақпен

б) сарғыш түсті, ботқа тәріздес, сәл қышқыл иісті

в) ашық түсті, суы аз, тығыз, шірік иісті

г) қоңыр түсті, суы аз, тығыз

Несеп шығару мүшелердің анатомды-физиологиялық

Ерекшеліктері

1. Жаңа туған нәрестенің бүйрегі:

а) ересек адамдармен бірдей

б) ересек адамдармен салыстырғанда біршама кіші, төмен орналасқан

в) ересек адамдармен салыстырғанда біршама үлкен, жоғары орналасқан

г) ересек адамдармен салыстырғанда біршама үлкен, төмен орналасқан

2. Жаңа туған нәресте қуығының сыйымдылығы:

а) 30-35 мл

б) 400-600 мл

в) 200 мл

г) 50100 мл

3. 12-15 жастағы баланың қуығының сыйымдылығы:

а) 400-600 мл

б) 200 мл

в) 50-100 мл

г) 30-35 мл

4. 1 жасқа дейін бала қанша рет несеп шығарады?

а) 8-10 рет

б) 5-7 рет

в) 20-25 рет

г) 10-20 рет

5. 7 жастағы баланың тәуліктік несеп мөлшері (формула бойынша есептеу):

а) 1100 мл

б) 1200 мл

в) 1300 мл

г) 1500 мл

6. 3 жастағы баланың тәуліктік несеп мөлшері (формула бойынша есептеу):

а) 800 мл

б) 600 мл

в) 900 мл

г) 1000 мл

7. Қалыпты жағдайда тәуліктік диурез ішілген сұйықтықтың мөлшері қанша құрайды?

а) 50-55%

б) 70-75%

в) 80-85%

г) 60-65%

Қан және қан түзу мүшелердің анатомия-физиологиялық ерекшеліктері.

1. Құрсақішінде ұрықта қан түзу қашан басталады?

а) 4-5 аптасында

б) 2-3 аптасында

в) 10-12 аптасында

г) 6-7 аптасында

2. Эмбрионалдық кезеніңде қан қандай мүшелерде түзіледі, тек біреуінен басқалары:

а) бауыр, көкбауыр

б) лимфоидтық ұлпа

в) сүйек майы

г) айырша және қалқанша безі

3. Жыныстық жетілуі кезеніңде қан қандай мүшелерде түзіледі?

а) жалпақ сүйектер, түтікше сүйектерінің эпифизі

б) лимфа түйіндері

в) көкбауыр

г) барлық жауаптар дұрыс

4. Сәбилерде неге инфекция қанға түсіп тез таралады?

а) айырша безінің қызметі толық жетілмеген

б) көкбауырдың қызметі толық жетілмеген

в) бауырдың қызметі толық жетілмеген

г) лимфа түйіндерінің қызметі толық жетілмеген

5. Айырша безі қай кезде жақсы дамыған?

а) туған кезде

б) жыныстық жетілу кезінде

в) ересек адамдарда

г) барлық жастарда

6. Баланың жыныстық жетілген болған соң айырша бездің кері дамуы қалай аталады?

а) инверсия

б) эволюция

в) инволюция

г) индурация

7. Қан түзу реттеуіне қандай витаминдер қатысады, тек біреуінен басқалары?

а) цианокобаламин

б) никотин қышқылы

в) аскорбин қышқылы

г) фолий қышқылы

8. Жаңа туған нәрестенің қан талдауындағы эритроциттердің саны:

а) 3,5-4,0∙1012

б) 4,0-5,0∙1012

в) 4,5-7,5∙1012

г) 4,0-4,3∙1012

9. Жаңа туған нәрестенің қан талдауындағы гемоглобин деңгейі:

а) 110-120 г/л

б) 130-160 г/л

в) 170-240 г/л

г) 120-140 г/л

10. Жаңа туған нәрестенің қан талдауындағы лейкоциттер саны:

а) 9-11∙109

б) 4,5-9,0∙109

в) 10-30∙109

г) 6-8∙109

11. Бір жастан асқан баланың қан талдауындағы гемоглобин деңгейі:

а) 125-155 г/л

б) 110-120 г/л

в) 100-110 г/л

г) 170-240 г/л

Табиғи тамақтандыру

1. Перзентханада нәрестені алғашқы рет емізеді?

а) алғашқы 1 күнде

б) алғашқы 12 сағатта

в) алғашқы 6 сағат ішінде

г) алғашқы жарты сағатта

2. Нәрестені емізеді:

а) кесте бойынша

б) бала талап еткен кезде

в) күндіз емізеді, түнде үзіліс

г) барлық жауаптар дұрыс

3. Баланы емшекпен емізгенде қандай гормон бөлінеді?

а) пролактин

б) адреналин

в) тироксин

г) инсулин

4. Пролактиннің қызметтеріне жатады, тек біреуінен басқалары:

а) овуляцияны бәсеңдетеді

б) емшек сүттінің бөлуінуін күшейтеді

в) жатырдың жиырыулына әсер етеді

г) барлық жауаптар дұрыс

5. Тек емшекпен емізу -

а) нәресте емшек сүтіне қосымша су немесе басқа сұйықтық беріледі

б) нәресте сүт қоспасымен тамақтандырады

в) алғашқы 6 айда емшек сүтімен бірге сүт қоспалары беріледі

г) емшек сүтінен басқа сұйықтықпен тамақ берілмейді

6. Емшек сүтінде құрамында бар, тек біреуінен басқалары:

а) витаминдер: А, В, С, D, В1, В2, В12.

б) микроэлементтер: темір, медь, цинк

в) гормондар: адреналин, норадреналин

г) инфекцияға қарсы иммуноглобулиндер А, М, G

7. Емшек сүтінің артықшылығына жатады, тек біреуінен басқалары:

а) сәбиді инфекциялардан қорғайды

б) балаға қажетті тағамдар заттардың бәрі бар, оңай сіңіріледі

в) анасының аналық және сүт бездерінің қатерлі ісігінің даму қауіпін азайтады

г) анасының ұйқы және қалқанша бездерінің қатерлі ісігінің даму қауіпін азайтады

8. Гипогалактияның емдеуінде қолданатын дәрі-дәрмектер:

а) апилак, никотин қышқылы

б) аскорбин қышқылы, фолий қышқылы

в) налидикс қышқылы, тиамин

г) фестал, панзинорм

9. Қосымша тамақты қай жастан береді?

а) 4 айдан

б) 6 айдан

в) 5 айдан

г) 3 айдан

Қолдан тамақтандыру

1. Қолдан тамақтандырылған деп есептеледі, егер баланы:

а) тек емшекпен емізсе

б) емшек сүті мен сүт қоспаларымен тамақтандырса

в) тек сүт қоспаларымен тамақтандырса

г) емшек сүтпен және қосымша тамақпен тамақтандырса

2. Үстеме тамақ деп саналады:

а) шырын

б) сүт қоспа

в) сорпа

г) сүт ботқа

3. Қандай сүт қоспаның құрамы ана сүтіне жақын?

а) «Малыш»

б) «Биолакт»

в) сиыр сүті

г) айран

4. Бейімделген сүт қоспасына жатады:

а) «Биолакт»

б) сиыр сүті

в) «Малютка»

г) айран

5. Қышқыл сүт қоспасына жатады:

а) «Малютка»

б) «Детолакт»

в) «Биолакт»

г) «Симилак»

6. Үстеме тамақты қашан береді?

а) баланы емізгеннен кейін

б) бала қажет еткен кезде

в) баланы емізер алдында

г) барлық жауаптар дұрыс

Мерзімінде туған нәрестенің анатомды-физиологиялық ерекшеліктері

1. Жүктіліктің нешінші аптасында туылған нәресте мерзімінде туылған деп саналады:

а) 35-37 апта

б) 38-41 апта

в) 41-42 апта

г) 32-34 апта

2. Мерзімінде туылған нәрестінің белгісіне жатады:

а)тері жүн қаптаған, тері асты майы нашар дамыған

б) айқайы әлсіз,тері қатпарлы, тері асты майы жоқ

в) тері қанталауға және ісінуге бейім болады

г) айқайы қатты, қимылы белсенді, тері асты майы жақсы дамыған

3. Мерзімінде туылған нәрестінің белгілеріне жатады:

а) кіндік сақинасы іштің төменгі 1/3 бөлігінде орналасқан, физиологиялық рефлекстер дамымаған

б) кіндік сақинасы семсер тәрізді өсіндімен шат сүйектердің қосылыс аралығының дәл ортасында орналасқан, сору және жұту рефлекстері жақсы дамыған

в) бас сүйектері жұмсақ, жіктері және еңбектері ашық, физиологиялық рефлекстері нашар дамыған

г) басы және тұлғасы үлкенірек, қол-аяқтары қысқа, сору және жұту рефлекстері нашар дамыған

4. Мерзімінде туылған нәрестінің белгілеріне жатады, тек біреуінен басқалары:

а) дене бітімі пропорционалды, бас көлемі кеуде көлемінен үлкенірек.

б) қыз балаларда үлкен жыныс ернеулері кіші жыныс ернеулерін жауып тұрады

в) ұл балаларда аталық жыныс бездері умадан тыс қалады

г) ұл балаларда аталық жыныс бездері уманың ішінде

5. Шкала Апгар белгілеріне жатады, тек біреуінен басқалары:

а) жүрек соғысының жиілігі, тыныс қозғалысы

б) дыбыстарға және жарыққа реакция

в) мұрын катетеріне реакция, терінің түсі

г) бұлшық еттердің тонусы

6. Жаңа туылған нәрестінің физиологиялық жағдайларына жатады, тек біреуінен басқалары?

а) транзиторлық қызба

б) транзиторлық гипотермия

в) физиологиялық сарғаю

г) физиологиялық эритема

7. Мерзімінде туылған нәрестінің дене салмағының физиологиялық кемуі:

а) 12-14%

б) 10 % дейін

в) 20%

г) 14-16%

8. Жаңа туылған нәрестінің физиологиялық сарғаюының себебі:

а) феталдық эритроциттер жарылып, олардан шыққан тікелей емес билирубин, әлі дамып жетілмеген бауыр дер кезінде шығарып үлгермейді

б) феталдық эритроциттер жарылып, олардан шыққан тікелей билирубин, әлі дамып жетілмеген бауыр дер кезінде шығарып үлгермейді

в) феталдық эритроциттер жарылып, олардан шыққан тікелей емес билирубин, әлі дамып жетілмеген көкбауыр дер кезінде шығарып үлгермейді

г) қан және ұлпаларда тікелей билирубиннің жиналуы

9. Жаңа туылған нәрестінің физиологиялық сарғаюның симптомдары:

а) нәрестінің жалпы жағдайы өзгермейді, тері және шырышты қабықтары сарғаяды, несеп және нәжістің түсі өзгермейді, бауыр және көкбауыр ұлғаймайды

б) тері және шырышты қабықтары сарғаяды, несеп қоныр түсті, нәжіс ағарып кетеді, бауыр ұлғаяды

в) нәрестінің жағдайы нашарлайды, тері сарғаяды, бауыр және көкбауыр ұлғаяды

г) нәрестінің жалпы жағдайы ауыр, тері сарғаяды, алақан мен табаны сарғаяды, бауыр ұлғаяды

10. Жаңа туылған нәрестінің жыныс мүшелерінің өзгерістеріне жатады, тек біреуінен басқалары:

а) сүт бездері ісінеді

б) 5-8 күнде қыз баланың қынабынан 2-3 күн 0,5-2 мл қан ағады

в) ұл балалардың умасы ісінеді

г) дене қызуы көтеріледі

11. Мерзімінде туылған нәрестенің кіндік қалдығы нешінші күні түседі?

а) 7-10 күнде

б) 2 аптадан кейін

в) 3-5 күнде

г) 2 күннен кейін

Шала туған нәрестенің анатомды-физиологиялық ерекшеліктері. Күтімі

1.Жүктіліктің нешінші аптасында туылған нәресте шала туылған деп саналады?

а) 37-39 апта

б) 38-41 апта

в) 22-37 апта

г) 41-42 апта

1. Жүктіліктің 22-28 апта аралығынды туылған нәресте шала туудың қандай дәрежесіне жатқызады?

а) ІV дәреже

б) ІІІ дәреже

в) ІІ дәреже

г) І дәреже

2. Шала туудың ІІ дәрежісіне қандай нәрестелерді жатқызады:

а) 28-22 аптада туылған балалар

б) 37-35 аптада туылған балалар

в) 31-29 аптада туылған балалар

г) 34-32 аптада туылған балалар

3. Шала туудың белгілеріне жатады:

а) терісі бархыт тәріздіс, шашы жақсы дамыған, тырнақтары тығыз

б) тері асты майы жақсы дамыған, сору және жұту рефлекстері жақсы дамыған

в) физиологиялық рефлекстері жақсы дамыған, айқайы қатты, дене бітімі пропорционалды

г) терісі қатпарлы, тері асты майы жоқ, сору және жұту рефлекстері әлсіз, дене бітімі пропорционалсыз

4. Қандай белгі шала туудың белгілеріне жатады, тек біреуінен басқалары:

а) шашы, кірпігі, қасы жақсы дамыған тырнақтары тығыз

б) терісі қатпарлы, қанталауға және ісінуге бейім

в) шашы, қасы, кірпігі нашар дамыған

г) бас сүйектері жұмсақ, жіктері және еңбектері ашық

5. Қандай белгі шала туудың белгілеріне жатады, тек біреуінен басқалары:

а) ұл балаларда аталық жыныс бездері умадан тыс қалады

б) кіндік сақинасы іштің төменгі 1/3 бөлігінде орналасқан

в) қыздарда сыртқы жыныс мүшесінің саңылауы үңірейіп тұрады

г) қыз балаларда үлкен жыныс ернеулері кіші жыныс ернеулерін жауып тұрады

6. Шала туылған нәрестенің сору және жұту рефлекстері жоқ болса қалай тамақтандырады?

а) емшекпен

б) зонд арқылы

в) қасықпен

г) шөлмекпен

7. Шала туылған нәрестенің күтімінің І кезеңі қайда өткізіледі?

а) емханада

б) перзентханада

в) перзентхананың арнайы бөлімінде

г) балалар ауруханасында

8. Шала туылған нәрестенің күтімінің ІІ кезеңі қайда өткізіледі?

а) перзентханада

б) емханада

в) перзентхананың арнайы бөлімінде

г) балалар ауруханасында

Іріңді-септикалық аурулар

1. Кіндік жарасының іріңді-қабыну ауруы:

а) фунгус

б) омфалит

в) кіндік жарығы

г) склерема

2. Омфалит -

а) кіндік жара түбінен грануляцияның өсуі

б) кіндік маңының терісі мен теріасты ұлпалардың қабынуы

в) туа біткен аномалия

г) кіндік жарығы

3. Катаралдық омфалиттің негізгі симптомдары:

а) кіндік айналасындағы тері өзгермейді, кіндік жарасы қан ағады

б) кіндік сақинасы ісінеді және қанталайды, кіндік жарасынан серозды-іріңді бөлініс шығады, баланың жалпы жағдайы өзгермейді

в) кіндік сақинасы сыртқа шығада, бала мазасызданады

г) кіндік айналасындағы тері қанталайды және ісінеді, жарасынан ірің бөлінеді, баланың жалпы жағдайы нашарлайды

4. Флегмоноздық омфалиттің клиникалық белгілеріне жатады, тек біреуінен басқалары:

а) кіндік айналасындағы тері қанталайды және ісінеді, жарасынан ірің бөлінеді

б) флебит, артериит, лимфангоит

в) баланың жалпы жағдайы өзгермейді

г) баланың жалпы жағдайы нашарлайды

5. Пиодермияға жатады:

а) баздану

б) везикуллопустуллез

в) омфалит

г) фунгус

6. Терінің және кіндіктің іріңді-қабыну ауруларында қолданатын физиотерапия:

а) ультрадыбыспен емдеу

б) микротолқын терапия

в) электрофорез

г) ультракүлгін сәулелері

7. Сепсистің қоздырғыштарына жатады, тек біреуінен басқалары:

а) алтын түсті стафилококктар

б) стрептококктар

в) вирустар

г) ішек таяқшалар

8. Жаңа туған нәрестелерде инфекция қанға түсуі мүмкін, тек біреуінен басқалары:

а) тері арқылы

б) кіндік жарасы арқылы

в) тер бездері арқылы

г) ішек арқылы

9. Септикопиемияға тән:

а) метаплазия

б) рецидив

в) гемостаз

г) метастаз

10. Септикопиемиядағы метастаз ошақтарына жатады, тек біреуінен басқалары:

а) остеопороз

б) остеомиелит

в) абцесс

г) іріңді менингит

11. Сепсистегі қан талдауындағы өзгерістері:

а) анемия, лейкоцитоз, ЭТЖ төмендеуі

б) эозинофилия, лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы

в) гипохромдық анемия, лейкопения

г) лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы

12. Сепсис диагностикасында қандай зертханалық зерттеу жүргізеді?

а) серологиялық

б) иммунофлюоресцентік

в) бактериологиялық

г) микологиялық

13. Сепсис ауруында бактериологиялық зерттеуге не алады?

а) қан, несеп

б) жұлын сұйығы

в) ірің, нәжіс

г) барлық жауаптар дұрыс

14. Сепсис аурудың еміне жатады, тек біреуінен басқалары:

а) антибиотикотерапия

б) гормонотерапия

в) витаминотерапия

г) дезинтоксикациялық терапия

Туылу кезіндегі жарақаттар

1. Туған кездегі жарақаттардың ең ауыр түрі:

а) туған кездегі ісік

б) кефалогематома

в) бас ішіндегі жарақаттар

г) бұғананың сынуы

2. Туған кездегі ісікте қолданатын ем:

а) 10% кальций хлорид ерітіндісі

б) суық басу

в) фототерапия

г) емдеу қажет емес

3. Туған кездегі ісікте:

а) ісік бір сүйектен шектеліп қалмайды, жік шегінен асып кетеді

б) ісік бас сүйектің жік шегінен аспайды

в) бас сүйек қабығы астына қан құйылады

г) бас сүйектерін зақымдайды

4. Кефалогематомада не болады?

а) бастың жұмсақ ұлпасы ісінеді

б) бас бұлшық еттер жыртылады

в) сүйек қабығы астына қан құйылады

г) бет жүйкесі зақымдайды

5. Бас ішіндегі жарақаттардың себептері жатады, тек біреуінен басқалары:

а) ұрықтың гипоксиясы

б) ұрықтың басы анасының жамбас астауының өлшемдеріне сәйкес емес

в) акушерлік құрал-жабдықтардың қолдану техникасын дұрыс қолданбау

г) патогендік микробтар

6. Бас ішіндегі жарақаттардың қай кезеңінде гипертензиондық синдром дамиды?

а) кеш қалпына келу кезеңінде

б) жедел кезеңінде

в) ерте қалпына келу кезеңінде

г) қалдық салдары кезеңінде

7. Бас ішіндегі жарақаттардың тежелу синдромына жатады, тек біреуінен басқалары:

а) бұлшық еттердің гипотониясы

б) бұлшық еттердің гипертониясы

в) рефлекстері төмен

г) жалпы әлсіздік

8. Бас ішіндегі жарақаттардың қозу синдромына жатады, тек біреуінен басқалары?

а) жалпы әлсіздік

б) қолдардың және иегінің треморы

в) мазасыздану

г) желке бұлшық еттердің сіресіп қалуы

9. Мидың ошақты зақымдануының белгілеріне жатады, тек біреуінен басқалары

а) нистагм

б) кефалогематомада

в) экзофтальм

г) рефлекстердің асимметриясы

10. Бас ішіндегі жарақаттардың қай синдромында баланың бас көлемі қалыптан тыс тез өседі?

а) астеноневротикалық синдром

б) гидроцефалдық синдром

в) гипертензиондық синдром

г) барлық жауаптар дұрыс

11. Бас ішіндегі жарақат алған нәрестелерге мидың қан айналымын жақсартатын қандай дәрі-дәрмектерді тағайындайды?

а) маннитол, 1% фуросемид ерітіндісі

б) 5% глюкоза ерітіндісі, кокарбоксилаза

в) 20% пирацетам ерітіндісі, аминолон

г) 0,5% кавинтон ерітіндісі, трентал

12. Бас ішіндегі жарақат алған нәрестелерге перзентханада келесі күтім ұйымдастыру керек:

а) массаж, гимнастика

б) гигиеналық ванна, таза ауада серуендету

в) қырымен жатқызу, бас жағына мұзды мұйық, аяғына жылытқыш

г) жылыту, жылы сұйық көбірек беру, қыша аяқ ванна

13. Бас ішіндегі жарақат алған нәрестелерге дегидратация мақсатымен перзентханада тағайындайды:

а) 1% фуросемид ерітіндісі

б) 0,5% седуксен ерітіндісі

в) глутамин қышқылы

г) 5% аскорбин қышқылы

14. Бас ішіндегі жарақаттар алған балалардың диспансерлік бақылауын кім жүргізеді?

а) гематолог

б) аллерголог

в) невропатолог

г) оториноларинголог

Жаңа туған нәрестенің гемолитикалық ауруы

1. Жаңа туған нәрестенің гемолитикалық ауруның себебі:

а) анасының қанындағы Rh (-), ал ұрықтың қанындағы Rh (+)

б) анасының қанындағы Rh (-), ал ұрықтың қанындағы Rh (-)

в) анасының қанындағы Rh (+), ал ұрықтың қанындағы Rh (+)

г) барлық жауаптар дұрыс

2. Жаңа туған нәрестенің гемолитикалық ауруында қанның қандай түйіршіктері гемолизге ұшырайды:

а) тромбоциттер

б) лейкоциттер

в) эритроциттер

г) лимфоциттер

3. Жаңа туған нәрестенің гемолитикалық ауруындағы қан өзгерістері:

а) тікелей емес билирубин деңгейінің артуы

б) холестерин деңгейінің артуы

в) тимол сынамасының жоғарлауы

г) тікелей билирубин деңгейінің артуы

4. Жаңа туған нәрестенің гемолитикалық ауруының жиі кездесетін клиникалық түрі:

а) ісікті

б) анемиялық

в) сарғаю

г) дұрыс жауабы жоқ

5. Жаңа туған нәрестенің гемолитикалық аурудың сарғаю түрінің негізгі клиникалық белгілері:

а) сарғаю туғаннан кейін алғашқы 24 сағат ішінде пайда болады, сарғаю тез күшейеді, бауыр және көкбауыр ұлғаяды

б) сарғаю туғаннан 2-3 күннен кейін пайда болады, тері және шырышты қабықтары сарғаяды, бауыр және көкбауыр ұлғаймайды

в) тері және шырышты қабықтары бозарады, бауыр шамалы ұлғаяды

г) тері және шырышты қабықтары бозарады, барлық ұлпалар айқын ісінеді, бауыр және көкбауыр ұлғаяды

6. Жаңа туған нәрестенің гемолитикалық ауруының негізгі ем:

а) химиотерапия

б) фототерапия

в) ферментотерапия

г) фитотерапия

Тамақтанудың созылмалы бұзылуы

1. Дистрофияға жатады, тек біреуінен басқалары:

а) паратрофия

б) нормотрофия

в) гипотрофия

г) гипостатура

2. Гипотрофия ауруы жиі кездеседі:

а) 2-3 жастағы балалар арасында

б) 3-6 жастағы балалар арасында

в) мектеп жастағы балалар арасында

г) 1 жасқа дейін балалар арасында

3. Туғаннан кейінгі пайда алған гипотрофияның себептеріне жатады, тек біреуінен басқалары:

а) гипогалактия

б) дәрілермен улану

в) ата-ананың шылым шегуі және алкоголизм

г) дұрыс күтім ұйымдастырылмаған жағдайда

4. Гипотрофияда:

а) баланың салмағы қалыптан тыс азаяды және бойы артта қалады

б) баланың салмағы қалыптан тыс артық

в) баланың салмағы мен бойы қалыпты

а) баланың салмағы қалыптан тыс артық және бойы ұзын

5. Анорексия гипотрофияның қай дәрежесіне тән симптомы?

а) ІІІ

б) ІІ

в) І

г) аурудың барлық дәрежесіне

6. Бұлшық еттердің атрофиясы гипотрофияның қай дәрежесіне тән симптомы?

а) ІІ

б) І

в) ІІІ

г) аурудың барлық дәрежесіне

7. Гипотрофияның ІІ дәрежесіндегі тері асты майы:

а) қалыпты

б) іш аймағында, денесінде және қол-аяқтарында жұқарады

в) барлық жерде жоғалады

г) іш аймағында жұқарады

8. Гипотрофияның қай дәрежесінде тері асты майы барлық жерде жоғалады?

а) ІІ

б) І

в) ІІІ

г) барлық жауаптар дұрыс

9. Гипотрофияның І дәрежесіндегі тері асты майы:

а) барлық жерде жоғалады

б) іш аймағында, денесінде және қол-аяқтарында жұқарады

в) қалыпта

г) іш аймағында жұқарған, бетінде және қол-аяқтарында сақталынған

10. Гипотрофияның І дәрежесінде дене салмағы қалыптан тыс азаяды:

а) 5-10 %

б) 10-20 %

в) 20-30%

г) 30 % артық

11. Гипотрофияның қай дәрежесінде дене салмағы қалыптан тыс 30% артық азаяды?

а) ІІІ

б) І

в) ІІ

г) дұрыс жауап жоқ

12. Гипотрофияның ІІ дәрежесіндегі дене салмағы қалыптан тыс азаяды:

а) 10-20%

б) 5-10%

в) 20-30%

г) 30 % артық

13. Гипотрофия ІІ дәрежесінің клиникалық белгілері:

а) тәбеті төмендейді, тері асты майы іш аймағында жұқарады, дене салмағы 11-20% қалыптан тыс төмен

б) тәбеті жоқ, тері асты майы барлық жерде жоғалады, терісі жазылмайды, дене салмағы 30% және одан да көп қалыптан тыс төмен

в) тәбеті жақсы, дененің бойы жасына сәйкес, дене салмағы 5% қалыптан тыс төмен

г) тәбеті бұзылады, тері асты майы тек бетінде сақталынған, дене салмағы 21-30% қалыптан тыс төмен

14. Гипотрофияның негізгі емі:

а) фитотерапия

б) физиотерапия

в) диетотерапия

г) фототерапия

15. Гипотрофияның емдеуінде қолданатын дәрі-дәрмектер:

а) антибиотиктер

б) спазмолитиктер

в) ферменттер

г) диуретиктер

16. Гипотрофияның ІІІ дәрежесін емдеуінде қолданатын дәрі-дәрмектер:

а) антибиотиктер

б) минералокортикоидтар

в) глюкокортикостероидтар

г) анаболик стероидтар

17. Квашиоркор аурудың симптомдарына жатады, тек біреуінен басқалары:

а) ісіну, асцит, бауыр ұлғаяды

б)баланың салмағы қалыптан тыс азаяды және бойы артта қалады

в)бұлшық еттердің гипотониясы және олардың дистрофиясы

г) дене салмағы қалыптан тыс артық және бойы ұзын

18.Квашиоркор аурудың себебі:

а) су жетіспеушілігі

б) ақуыз жетіспеушілігі

в) май жетіспеушілігі

г) көмірсу жетіспеушілігі

Мешел

1.Мешел ауруы қай витаминнің жетіспеушілігінен пайда болады?

а) D

б) Е

в) А

г) В

2. Мешел ауруында қандай минералды алмасу бұзылады?

а) фосфор-калий

б) фосфор-кальций

в) фосфор-магний

г) фосфор-натрий

3. Мешелдің пайда болуына әсер ететін факторлар, тек біреуінен басқалары:

а) шала туылу

б) аллергия

в) күн сәулесінің жеткіліксіздігі

г) нәрсіз және бірыңғай тамақтандыру

4. Витамин D3 қалай аталады?

а) токоферол

б) эргокальциферол

в) ретинол

г) холекальциферол

5. Мешел ауруының бастапқы кезеңінің симптомдары:

а) қабырғалар жұмсақ және иілгіш, 5-8 қабырғаларда «мешелдік таспих»

б) тершеңдік, сәбидің басы «төртбұрыш тәрізденеді»

в) тершеңдік, үрей қорқу, желке шаштың түсу, желке сүйегінің жалпаю (краниотабес)

г) кеуденің төменгі апертурасы ұлғаяды, тахикардия, бауыр және көкбауыр ұлғаяды

6. Мешел ауруының ауыр дәрежесіндегі симптомдар, тек біреуінен басқалары:

а) үлкен еңбегінің ауданы үлкейеді, желке шашы түседі, краниотабес

б) «мешелдік бүкірлік», кифоз, лордоз, сколиоз

в) «мешелдік білезік», «інжу жіптер»

г) аяқтары О немесе Х әрпе тәріздес өзгереді

7. Мешел ауруындағы бас сүйектердің өзгерістері:

а) кифоз

б) «мешелдік білезік»

в) краниотабес

г) сколиоз

8. Мешел ауруындағы төс сүйектердің өзгерістері:

а) кифоз, лордоз, сколиоз

б) «інжу жіптер», «мешелдік білезік»

в) краниотабес

г) «тауық төсі», «мешелдік таспих»

9. Витамин D3 тәуліктік емдеу дозасын белгілеңіз:

а) 500 ХБ

б) 1000 ХБ

в) 1 500-5 000 ХБ

г) 10 000-15 000 ХБ

10. Витамин D3 алдын-алу дозасын белгілеңіз:

а) 1000 ХБ

б) 500 ХБ

в) 10 000-20 000 ХБ

г) 1500- 5 000 ХБ

11. Мешел ауруының емдеуінде қолданатын ванна:

а) пермаганат калий ерітіндісімен ванна

б) қалқан жапырақты, тұзды, құмды ванна

в) гигиеналық ванна

г) шалфей, түймедақ тұндырмасымен ванна

12. D витаминге бай тағамдар:

а) картоп, сәбіз, қызылша

б) алма, алмұрт, өрік

в) жұмыртқаның сарысы, бауыр, балық майы

г) күріш, тары, жүгері

13. Постнаталдық арнайы емес алдын алу шараларына жатады, тек біреуінен басқалары:

а) таза ауада серуендету

б)витамин D беру

в) табиғи тамақтандыру

г) массаж, гимнастика

Гипокальциемиялық синдром, D гипервитаминоз

1. Гипокальциемиялық синдром ауруында қанда болатын өзгерістер:

а) кальций және фосфор мөлшері қалыпты

б) гипокальциемия, гиперфосфатемия, алкалоз

в) гипокалиемия, гипофосфатемия, ацидоз

г) гиперкальциемия, гиперфосфатемия, алкалоз

2. Гипокальциемиялық синдром бөлінеді:

а) жасырын және айқын

б) жедел және созылмалы

в) рецидивті және жасырын

г) жедел және созылынқы

3. Жасырын гипокальциемиялық синдромның симптомдарына жатады, тек біреуінен басқалары:

а) Труссо симптом

б) Маслов белгісі

в) Хвостек симптомы

г) карпопедалдық спазм

4. Айқын гипокальциемиялық синдромның симптомдарына жатады, тек біреуінен басқалары:

а) карпопедалдық спазм

б) Труссо симптомы

в) эклампсия

г) ларингоспазм

5. Труссо симптомында:

а) дем алу аз уақытқа тоқтап қалады

б) «Акушер қолының» көрінісі шығады

в) мимикалық бұлшық еттердің дірілі пайда болады

г) клонико-тоникалық тырыспа

6. Карпопедалдық спазмда байқалады:

а) көмейдің құрысуы

б) клонико-тоникалық тырысу

в) табан мен қол бұлшық еттерінің тоникалық құрысуы

г) желке бұлшық еттерінің сіресуі

7. Гипокальциемиялық синдромның эклампсиядағы негізгі клиникалық симптомы:

а) тұншығу

б) желке бұлшық еттерінің сіресуі

в) қолдарының дірілдеу

г) клонико-тоникалық тырысу

8.Гипокальциемиялық синдромның эклампсия емдеуінде қолданылатын дәрі-дәрмек:

а) супрастин

б) седалгин

в) супрадин

г) седуксен

9. D гипервитаминоздың себебіне жатады, тек біреуінен басқалары:

а) D витаминіне жеке жоғары сезгіштік

б) D витаминінің көп мөлшерде қолдану

в) D витаминінің жеткіліксіз беру

г) УКС мен D витаминінің тағайындау

10. D гипервитаминозының ауыр жағдайында не дамиды?

а) бүйрек жетіспеушілігі

б) тыныс алу жетіспеушілігі

в) бүйрекүсті бездің жетіспеушілігі

г) жүрек жетіспеушілігі

11. D гипервитаминоздағы несеп өзгерістері:

а) гиперкалиурия, гипермагниурия

б) гиперкалиурия, гипокальциурия

в) гипокальциурия, гипофосфатурия

г) гиперкальциурия, гиперфосфатурия

12. D гипервитаминозда диетадан қандай тағамдарды шектеу қажет?

а) кальций тұздарына бай

б) калий тұздарына бай

в) натрий тұздарына бай

г) тәтті тағамдар

Эксудативті-катаралды диатез

 

1. Эксудативті-катаралды диатездің этиологиясы:

а) тағам-аллергендер

б) бактериялар

в) вирустар

г) дәрі-дәрмектер

2. Эксудативті-катаралды диатез қандай тағамдарға жиі болады?

а) күріш, тары, жүгері

б) картоп, орамжапырақ, кияр

в) жұмыртқа, шоколад, цитрустар

г) алма, алмұрт, өрік

3. Эксудативті-катаралды диатездің симптомдарын белгілеңіз, тек біреуінен басқалары:

а) «географиялық тіл»

б) гнейс

в) экзема

г) экхимоз

4. Эксудативті-катаралды диатездің симптомдарын белгілеңіз, тек біреуінен басқалары:

а) петехиялар

б) бетте «сүт қабық»

в) везикулалар

г) строфулюс

5. Басты гнейстен тазалау үшін қолданады:

а) түймедақ қайнатпасын

б) залалсыздандырылған өсімдік майын

в) калий перманганат ерітіндісін

г) фурациллин ерітіндісін

6. Эксудативті-катаралды диатезді емдеуінде қолданылады:

а) антибиотиктер, сульфаниламидтер

б) седативті, антигистаминдік дәрілер

в) анальгетиктер, спазмолитиктер

г) темір препараттар, витаминдер

7. Эксудативті-катаралды диатезді емдеуінде қандай емдеу ваннасын тағайындайды?

а) зерде (череда)

б) тұзды

в) қалқан жапырықты

г) қыша

8. Эксудативті-катаралды диатезді емдеуінде антигистаминдік дәрілерді тағайындайды, тек біреуінен басқалары:

а) седуксен

б) фенкарол

в) супрастин

г) фенистил

9. Эксудативті-катаралды диатезді емдеуде қолданылады:

а) гепарин майы

б) эритромицин майы

в) оксолин майы

г) синафлан майы

 


Дата добавления: 2016-06-06 | Просмотры: 1564 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.128 сек.)