АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Сали гемометрі

Жауап

1 қадам – Ұйқы дабыл тармағы, көз артериясы, алдыңғы ми артериясы, ортаңғы ми артериясы, тамырлы өрім артериясы, артқы дәнекер артериясы.

2 қадам – Артериалдық пульсті анықтау. Қалыпты жағдайдағы көрсеткіші.

Артериалдық пульс деп артериалық қысымның өзгеруіне байланысты, артерия қабырғасының ритмді тербелісін айтады. Артериалдық пульс жүрек қызметін, қан-тамырлардың жағдайын және артериалық қысымның деңгейін көрсетеді. Пульстың негізгі 4 қасиетін ажыратады: оған жиілігі, күші, жылдамдығы және серпімділігі жатады. Зерттелушінің білек артериясына төрт саусақты қойып лүпілдік нүктесін анықтайды. Ал пульсті жазатын аппаратты сфигмограф дейді.

Қалыпты – 60-80 соққы. мин.

№ 2

1 қадам – Сыртқы ұйқы артериясының тармақтарынатаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам – Қан тобын анықтау.

Жауап

1 қадам – Жоғарғы қалқанша артериясы, тіл артериясы, бет артериясы, шүйде артериясы, артқы құлақ артериясы, төс-бұғана-емізік артериясы, жоғарылаған жұтқыншақ артериясы, беткей самай артериясы, жоғары жақ сүйек артериясы.

2 қадам – Қан топтарын анықтау. Қан тобын анықтауға арналған арнайы тостағаншаны аламыз, әртүрлі пипетка көмегімен I, II, III топ сарысуынан 1-2 тамшыны сәйкес ұяшықтарына тамызамыз. Белгілі әдіс бойынша саусақтан қан алып, таза таяқша арқылы стандартты сарысу тамшысының қасына тамызамыз. Сарысу мөлшерінен зерттелетін қанның мөлшері едәуір аз болуы тиіс. Қан тамшысын сарысумен ақшыл-қызыл түске боялғанша араластырамыз. Шыныны таяқшамен қозғай отырып, 1-5 минут бақылаймыз. Егер тамшы гомогенді, біркелкі боялса, онда гемагглютинация реакциясы жоқ(ГАР). Егер қызыл ұсақ түйін және мөлдір плазмасы ажыраса, онда ГАР бар. Қан тобын анықтау үшін қандай стандартты сарысу тамшысында ГАР жүрмегендігін белгілеу керек.

Қан топтарын анықтау барысында 4 нұсқаның біреуі алынуы тиіс.

ГАР сарысудың ешқайсысында жоқ. О(I) қан тобы.

I, III сарысуында ГАР А (II) қан тобы

I, II сарысуында ГАР В (III) қан тобы

I, II, III сарысуында ГАР АВ(IV) қан тобы

№ 3

1 қадам – Үшкіл нервтің перифериялық тармақтарын атаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам Вегетативті көзжүрек рефлексін (Ашнер) зерттейтін жұмысты түсіндіру. Қорытынды жасаңыз.

Жауап

1 қадам - Көз нерві, жоғарғы жақсүйек нерві, төменгі жақсүйек нерві.

2 қадам – Көз-жүректік рефлекс (Ашнер рефлексі).

Зерттелуші адамның білегінен пульс жиілігін санайды. Содан кейін адамның жұмылған көздерін бармақтарымен 10-30 с бойы ауыртпай басып тұрып, жібергеннен кейін тамыр соғысын тағы да санайды. Жұмысты 3-4 рет қайталайды.

Рефлекстік әсерден кейін пульс сирейді (минутына 8-10 ретке).

Вегетативтік рефлекстің көрсеткіштері ВЖЖ –нің ЖТЖ-не нақты әсерін көрсетеді.

№ 4

1 қадам – Ромбы тәрізді мидың немесе артқы мидың бөліктерін атаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам– Тыныс аритмиясын (Геринг рефлексі) зерттейтін жұмысты түсіндіру. Қорытынды жасаңыз.

Жауап

1 қадам - Сопақша ми, көпір, мишық, ІҮ-қарынша.

2 қадам – Тыныс ырғағының бұзылу белгілері (Геринг рефлексі).

Зерттелуші адамның білегінен пульс жиілігін есептейді де, бірнеше рет терең дем алуын өтінеді. Оны бастапқы алынған нәтижемен салыстырады. Тамыр соғысы 10-12 ретке баяулауы тиіс.

Вегетативтік жүйке жүйесінің рефлекстері бұзылған жағдайда, тамыр соғуы жиілеп кетеді.

№ 5

1 қадам – Жоғарғы және төменгі белдеу сүйектерін атаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам - Саусақтан қан алу техникасынын түсіндіру. Қорытынды жасаңыз.

Жауап

1 қадам - Жауырын, бұғана.

Жамбас сүйек: мықын сүйек; қасаға сүйек; шонданай (отырықшы) сүйек.

2 қадам - Саусақтан қан алу әдісі.

Жұмыс жасалмас бұрын студент асептиканың барлық қағидаларын ұстану қажет. Қанды әдетте сол қолдың IV саусағынан алады. Саусақтың терісін спирттің эфирлік қоспасымен сүртеді. Сонан соң саусақты артқы және алақан жағын бірнеше рет қысып, саусақтан скарификатордың көмегімен теседі. Алғашқы қанды құрғақ мақтамен сүртіп тастайды. Қанның жаңа тамшысы пайда болған кезде, тамшының негізіне капиллярды жақындатып «К» белгісіне дейін тартып алады. Жұмыс аяқталған соң жараға йод жағады да, спиртке малынған мақта тампонымен жауып тастайды.

Саусақтан қан алу әдісін білу түрлі қан талдауларында маңызды.

№ 6

1 қадам – Бет бөлігінің сүйектерін атаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам - Калориметриялық әдіс бойынша қандағы гемоглобин мөлшерін анықтауды (Сали гемометр көмегімен) түсіндір. Қалыпты жағдайда ерлер мен әйелдерде Hb мөлшері.

Жауап

1 қадам - Жоғарғы жақ сүйек, төменгі мұрын қалқаны, таңдай сүйегі, әлпет (бет) сүйегі, мұрын сүйегі, көз жасы сүйегі, өре сүйегі, төменгі жақ сүйек, тіл асты сүйек.

2 қадам – Қандағы гемоглобин мөлшерін калориметр әдісімен анықтау.

Колориметр әдісімен қандағы Нb деңгейін анықтау үшін Сали гемометрі қолданылады. Саусақтан алынған қанды HCL ерітіндісімен араластырып эритроциттерді ыдыратып, құрамындағы гемоглобиндерді сарысуға шығарады. Стандартты гематин ерітіндісімен салыстыра отырып зерттелетін қанның Hb мөлшерін анықтайды.

Қалыпты жағдайда қандағы Нв ерлерде: 130 – 160 г/л, әйелдерде: 120 – 140 г/л тең. № 7

1 қадам – Төс-бұғана буынының байламдарынатаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам - ЭТЖ (эритроциттердің тұну жылдамдығы) Панченков әдісі бойынша зерттейтін жұмыстың өту барысын түсіндір. Ерлер мен әйелдердің ЭТЖ-ның қалыпты көрсеткіші.

Жауап

Сали гемометрі

1 қадам – Алдыңғы төс-бұғана байламы, артқы төс-бұғана байламы, қабырға - бұғана байламы, бұғана аралық байлам.

2 қадам – Панченков әдісі бойынша эритроциттердің тұнуы жылдамдығын ЭТЖ анықтау.

ЭТЖ – түтіктердің тік жағдайында анықталады, себебі көлденең жағдайда эритроциттің тұнуы және жабысуы ұлғаяды. Саусақтан алынған қанды натрий цитраты қосындысымен араластырады. Капиллярларды Панченков штативіне орналастырып, қан төгілмеу үшін төменгі бөлігін жұмсақ резеңке пластинкаға (тығынға) жабыстырады. 1 сағаттан соң тұнған қанның мөлдір сарысу деңгейінің биіктігін белгілейді.

Қалыпты жағдайда қандағы ЭТЖ ерлерде: 3 –7 мм/сағ, әйелдерде: 4-5 мм/сағ тең.

№ 8

1 қадам – Аяқтың еркін бөлігінің сүйектерінің қаңқасынатаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам -Қан кету ұзақтығын анықтайтын (Дюке бойынша) жұмыстың барысын түсіндір. Қорытынды жасаңыз.

Жауап

1 қадам – Ортан жілік, асықты жілік, асықты жілік шыбығы, тілерсек сүйектері, табан сүйектері, аяқ ұшы бақайларының сүйектері.

2 қадам – Қан ағу ұзақтығын анықтау. (Дюке бойынша уколдық сынама)

Саусақтың етін инемен терең тесу қажет. Әр 30 с сайын жараны фильтрлі қағазбен басады. Фильтрлі қағазға қан жұқпағанша басып, уақытын белгілеп алады. Қанның тоқтауы ақ тромбоциттердің түзілуіне және қанның ұюына, тромбоциттердің мөлшеріне байланысты. Қанның ұю уақытына қан тамырының жиырылуы да әсер етеді. Бұл тромбоциттерден бөлінетін тамырды жиырылтушы зат серотонинге байланысты.

Қан ағу ұзақтығы қалыпты жағдайда 2—4 мин

№ 9

1 қадам – Орталық иммундық жүйе ағзаларынатаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам -Резус-факторды анықтау. Қорытынды жасаңыз.

Жауап

1 қадам – Жілік майы, айырша безі.

2 қадам – Резус факторды анықтау [Rh0 (D)].

Пробирка түбіне тамшыдан стандартты антирезус реагент (Rh-) және зертеуге алынған қан құяды да екеуін аралыстарады. Содан соң қан мен реагентті қабырғаларына жүқтыру үшін пробирканы жан-жағына еңкейтіп көлбеу ұстайды. Реакцияны 3 минут бойы жүргізеді. Одан әрі эритроциттерге тән емес реакция агрегацияға жол бермеу үшін пробиркаға 2-3 мл физиологиялық ерітінді құяды да оны 2-3 қайтара араластырады.

Тәжірибе нәтижелерін бағалау: Көз жасындай мөлдір сарысу эритроциттер ірі-ірі түйірлерге айналып, айқын агглютинация реакциясы болса, бұл алынған қанның оң резусқа (Rh+) жататындығын көрсетеді.

Егер агглютинация реакциясы тумаса, пробиркадағы қан түгелдей бір түске боялса, бұл тәжірибеге алынған қан теріс резусқа (Rh-) жататындығын дәлелдейді.

№ 10

1 қадам – Қолқа бөлімдерін және қолқа доғасының тармақтарын атаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам -Адамда артериялық қысымды өлшеу (Коротков әдісімен). Қалыпты жағдайда АҚ көрсеткіші.

Жауап

1 қадам – Иық-бас сабауы, сол жақ жалпы ұйқы артериясы, сол жақ бұғана асты артериясы.

Қолқаның жоғары көтерілетін бөлігі, қолқа доғасы, қолқаның төмен кететін бөлігі.

2 қадам – Адамның артериялық қан қысымын Коротков әдісімен өлшеу.

Коротков әдісі бойынша АҚ-ды сфигмоманометр құралымен өлшейді. Тоқпан жілікке манжетті орналастырып фонендоскоптың мембранасын артерия тұсына тақап, резеңке груша арқылы манжетке ауа үрлейді. Груша клапанын жәй босата отырып ауаны шығарады. Алғашқы лүпіл пайда болған манжеттегі қысым көрсеткіші систолалық қысымға сәйкес келеді. Манжеттегі қысым төмендегенде тамыр лүпілі жойылады, ол жүрек еті босаған сәтте диастолалық қысымды көрсетеді.

Қалыпты жағдайда систолалық қысым 100 – 139 мм с.б.б., диастолалық 65-89 мм с.б.б.

 

№ 11

1 қадам – Көз алмасының қабықтарынатаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам -Көру өткірлігін зерттеу. Қалыпты жағдайдағы көрсеткіші.

Жауап

1 қадам – Талшықты қабық, көз алмасының тамырлы қабығы, көз алмасының торлы қабығы.

2 қадам – Көздің өткірлігін анықтау.

Көздің өткірлігін анықтау үшін Сивцевтің 12 түрлі жолдан тұратын кестесі пайдаланылады. I жолдағы әріптер 50 м, 10-шы жолдағы әріптер 5 метр жерден көрінеді. Зерттелуші адам 5 метр қашықтықта отырып, екінші көзін жабады. Оған үлкен әріптерден кішісіне дейінгі әріптерді көрсетеді.Егер зерттелуші адам 10-шы жолдағы әріптерді анық көріп таныса, көз өткірлігі 1-ге тең. Ал ол I-ші жолдағы әріпті ғана көрсе, көздің өткірлігі 0,1-ге тең болады.

Қалыпты жағдайда көру өткірлігі 1,0 тең.

№ 12

1 қадам – Көздің қосымша ағзаларынатаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам – Форстер периметрі арқалыкөру аймағын анықтау. Қорытынды жасаңыз.

Жауап

1 қадам – Көз алмасының бұлшықеттері, көзұясының шел май мен көз алмасының қынабы, қабақтар, көз жас аппараты.

2 қадам – Форстер периметрімен көздің көру аймағын анықтау.

Зерттелуші адам периметрдің қақ алдына отырып, дәл ортасында орналасқан дөңгелек таңбаға көзін тоқтатады да, екінші көзін алақанымен жабады. Периметрдің доғасын көлденең қойып, ақ түсті бақылау маркасын зерттелуші адам көргенше доғаның ішкі бойымен шетінен ортасына қарай жылжытады. Содан соң периметрдің доғасын тік қойып, көру аймағының үстіңгі және астыңғы шеттерін анықтайды. Дәл осылай түрлі түсті маркалармен анықтау керек.

Көру аймағының түссіз (ахроматикалық) шекарасы: сыртқысы - 100, ішкісі және жоғарғысы – 60 және төменгісі – 65 градус. Көру аймағының түсті (хроматикалық) шекарасы түссіз шекарадан төмен.

 

Форстер периметрі.

1 — градусқа бөлінген металлдық жарты шеңбер;

2 — визирді пластинка және иекті тірейтін тірегіші бар вертикальды стержень.

 

№ 13

1 қадам – Дабыл қуысының қабырғаларынатаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам -Дауыстың сүйектік және ауалық өткізгіштігін зерттеу. Қорытынды жасаңыз.

Жауап

1 қадам – Латералды-жарғақты, медиалды-лабиринттік, артқы-емізікті, алдыңғы-ұйқы, жоғарғы-шатыр, төменгі-мойындырық.

2 қадам – Дыбыстың сүйек пен ауа арқылы өту дәрежесін анықтау.

Құрал жабдықтар: камертон жиынтығы, мақта.

Дарылдап тұрған камертонның табанын бастың төбе бөлігіне тақап қояды. Бастапқы кезде қатты естіліп тұрған дыбыс біраздан кейін бәсеңдейді, бара-бара мүлдем жоғалып кетеді. Осы кезде камертонды сыртқы есту тесігіне жақындатса, дыбыс қайтадан естіле бастайды. Егер 1 құлақтың тесігін тампонмен жауып, үндетіп тұрған камертонды қайтадан орнына қойса, жабылған құлаққа дыбыс қаттырақ естіледі.

Сүйектік өткізгіш ауалыққа қарағанда күштірек.

 

№ 14

1 қадам – Ортаңғы құлақтың дыбыс сүйектерінатаңыз, көрсетіңіз.

Ортаңғы құлақтың бөлімдерінатаңыз, көрсетіңіз

2 қадам -Тері сезімталдығының кеңістік табалдырығын (эстезиометрия) зерттеу. Қорытынды жасаңыз.

Жауап

1 қадам – Балғашық, төс, үзеңгі. Дабыл қуысы, есту түтігі

2 қадам – Тактильдік (терілік) сезімталдықтың аражігі табалдырығын анықтау (эстезиометрия).

Зерттелуші адамды столға көзін жауып отырғызады. Эстезиометрдің екі ұшын теріге тигізеді де, бұдан пайда болған екі түрлі сезімнің ең аз арақашықтығын анықтайды. Терінің белгілі бір аймағына эстезиометрдің екі ұшын бір нүктеге тигізеді. Егер бір ұшын жылжытсақ, белгілі бір жерге жеткенде екі ұшын тигізген сияқты әсер береді. Сол арақашықтықты өлшеп жазып аламыз.

Қорытындысы кестеге толтырылады және нәтижесі шығарылады.

Зерттелетін аймақ Сезімталдықтың кеңістік табалдырығы, мм
Қолдың сыртқы беті Иық Білек Саусақтың ішкі беті Алақан ортасы 67,6 40,5 2,2 8,9

Қолдағы алақан терісінің жоғарғы аймағының көп емес бөлігінің сезімталдығы бақыланады.

№ 15

1 қадам – Сыртқы құлақтың құрамды бөліктерінатаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам -Жоғары және төмен температураның әсеріне терморецепторлерінің бейімделуін зерттеу. Қорытынды жасаңыз.

Жауап

1 қадам – Құлақ қалқаны, сыртқы есту өтісі, дабыл жарғағы.

1 қадам – Жоғарғы және төменгі температура әсеріне тері рецепторларының бейімделуі.

Үш ыдысқа температурасы -100С+250С және +400С болатын су құямыз. Оң қолды -100С, сол қолды +400С суға саламыз. Терморецепторлардың бейімделу уақытын анықтаймыз және осы уақыттағы суықты немесе жылыны сезуі баяулайды. Одан кейін бір мезгілде екі қолында +250С суға салады. Сонда суық суға салынған қолда жылу сезімі, ыстық суға салынған қолда керсінше салқындау сезімі пайда болады, Суыққа және жылыға қолдың температуралық рецепторларының бейімделу уақытын көрсету қажет.

2 қадам

 

Объект Келесі температуралардағы суға енгізілгендегі сезім
-10° С +25° С +40° С
Оң қолдың ұшы   Сол қолдың білегі суықты   жылуды   суықты     жылуды

№2 бекет тапсырмалары

1 қадам – Ағзаларды жүйе бойынша атап,көрсетіңіз.

2 қадам – Құрылымдық элемент немесе физиологиялық үрдісті негіздеңіз.

№ 1

1 қадам – Шайнау бұлшықеттерін атаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам – Б ұлшықеттің дара жиырылуын талдау.

Жауап

1 қадам – Шайнау бұлшықеті, самай бұлшықеті, бүйір қанаттәрізді бұлшықет, ортаңғы қанаттәрізді бұлшықет..

2 қадам – Бұлшықеттердің дара жиырылуын талқылау. Бұлшықетті электр тогымен тітіркендіргенде мынадай бұлшықеттік жиырылу фазалары ажыратылады:

-латентті(жасырын) жиырылу кезеңі

-қысқару кезеңі

-босаңсу кезеңі

Бірыңғай салалы бұлшықеті
Жүрек бұлшықеті
Қаңқа бұлшықеті
Уақыты 0,1 с

Әртүрлі бұлшықеттердің жиырылу және қозуы:

1 – жиырылудың қисығы (латентті кезеңі, а – қысқару кезеңі, б – босаңсу кезеңі).

Жекебұлшықеттердің жиырылуы үш кезеңнен тұрады.

 

 

№ 2

1 қадам – Иық бұлшықетінің алдыңғы тобының бұлшықеттерінатаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам – Тісті тетанус.

Жауап

1 қадам – Иықтың екі басты бұлшықеті, иық бұлшықеті.

2 қадам – Бұлшықеттердің жиырылу жиынтығы (тісті тетанус).

I. Жеке жиырылу.

II. Тісті тетанус.

III. Ең жоғарғы жиілікпен тітіркендіргендегі тісті тетанус.

IV. Тегіс тетанус.

Етті жиі-жиі тітіркендірсе, үстін-үстін жиырылу бірігіп жинақталады да, ет біраз уақыт сіресіп қалады (тетанус).

Егер бұлшық еттің босаңсу кезеңіне сәйкес тоқ импулсін арттырса, тісті тетанус пайда болады.

50 м\с жиіліктен жоғары, бірақ уақыты 0,1 сек болса тісті тетанус байқалады.

№ 3

1 қадам – Арқаның беткей бұлшықеттерін атаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам – Тегіс тетанус.

Жауап

1 қадам – Трапеция тәрізді бұлшықет, арқаның аса жалпақ бұлшықеті, ромбы тәрізді бұлшықет (үлкен және кіші), жауырынды көтеретін бұлшықет, артқы жоғарғы тісті бұлшықет, артқы төменгі тісті бұлшықет.

2 қадам – Бұлшықеттердің жиырылу жиынтығы (тегіс тетанус).=

I. Жеке жиырылу.

II. Тісті тетанус.

III. Ең жоғарғы жиілікпен тітіркендіркендіргендегі тісті тетанус.

IV. Тегіс тетанус.

Етті жиі-жиі тітіркендірсе, сандаған жиырылу бірігіп жинақталады да, ет біраз уақыт сіресіп қалады (тетанус).

Егер бұлшық еттің жиырлып қысқару уақытына сәйкес ток импульсін арттырса тегіс тетанус пайда болады.

50 м\с жиіліктен төмен болса, тегіс тетанус байқалады.

 

№4

1 қадам – Ортанғы мидың бөліктерінатаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам – Түйіспенің ультра құрылысы.

Жауап

1 қадам – Ортаңғы ми шатыры, мидың аяқшалары, су құбыры.

 
 

Түйіспенің құрылысы

2 қадам – Түйіспенің ультра құрылысы (схема)

1 - түйіспе алдындағы жүйке ұштары; 2 - нейро түтікшелер;

3 — митохондриялар- 4 - құрамында медиаторлары бар көпіршіктер;

5 - түйіспе алды мембрана; 6 - түйіспелік саңылау;

7 - түйіспеден кейінгі мембрана және хеморецепторлар; 8 - эффекторлық жасуша.

Құрылым қозудың нейроннан эффекторлық жасушаға өтуін қамтамасыз етеді.

№ 5

1 қадам – Жұлынның қабықтарынатаңыз, көрсетіңіз.

Жұлын буылтықтарын атаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам – Рефлекс. Рефлекторлы доғаны талдау.Қорытынды жасаңыз.

Жауап

1 қадам – Жұлынның қатты қабығы, жұлынның торлы қабығы, жұлынның жұмсақ қабығы.

Мойын буылтығы, бел-сегізкөз буылтығы.

2 қадам – Рефлекс. Рефлекторлық доғаны талқылау.

1- бұлшықет; 2 - сезімтал рецепторлар; 3 - афферентті талшықтар; 4 - жұлын-ми ганглииінің афферентті нейроны; 5 - жұлынның аралық нейроны; 6 - жұлынның эфферентті нейроны;

7 - эфферентті қозғалтқыш талшық; 8 - ет-жүйкелік түйіспе. Қозудың таралу бағыты стрелкамен көрсетілген.

Рефлекторлық доға рефлекстің негізгі құрылымы болып келеді.

Соматикалық рефлекстің рефлекторлық доғасының схемасы.

№ 6

1 қадам – Мезодермалық бездер тобына жататын ішкі секреция бездерінатаңыз, көрсетіңіз. Адреналды жүйе тобына кіретін ішкі секреция бездерін атаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам – Бүйрек үсті және жыныс бездерінің гормондары.

Жауап

1 қадам –– Аталық бездің эндокринді бөлігі, аналық бездің эндокринді бөлігі.

Бүйрекүсті безі, параганглилер (түйін жанындағы денелер).

           
   
Гипоталамус Либерин, статин, вазопрессин, окситоцин
 
Эпифиз Мелатонин, адреногломерулотропин
   
Гипофиз Тропты гормондар
 
 


                   
 
Қалқанша маңы безі Паратгормон
   
Айырша безі (тимус) Тимозин
 
 
Қалқанша бездері Тироксин, үш йодты тиронин, тириокальцитонин
   
Қарын, ішек жолдарыХолецистокин (панкреозимин) Гастрин, секретин нейротензин, соматостатин
 
   
Бүйрек үсті безі Кортикостероидтар, адреналин, норадреналин
 
     
Ұйқы безі Инсулин, глюкагон
 
 
   
Аналық бездер Эстроген, прогестерон
   
Бүйрек Эритропоэтин, Ренин,простогландиндер
 

 


       
   
Плацента Эстроген, прогестерон, хориондық гонадотропин
 
Аталық бездер Андрогендер
 


2 қадам –– Ішкі сөлініс бездерінің топографиясы және гормондары.

Эндокринді бездердің ағза қызметін гуморалды реттеудегі маңызы зор.

Ағзаның гуморальді реттелуінде ішкі сөлініс бездері маңызды рөл атқарады.

Бүйрек үсті безінің қабығы:

1. Глюкокортикоидтар (кортикостероидтар) - кортизол, гидрокортизол, кортикостерон.

2. Минералокортикоидтар – альдестерон.

3. Жыныс гормондары (андроген және эстоген) – тестостерон, эстрон, эстриол, эстрадиол.

 

Аталық без: Аналық без:

1. Андроген – тестостерон. 1. Эстрогены - эстрон, эстриол, эстрадиол.

2. Эстроген – аз мөлшерде. 2. Гестаген – прогестерон.

3. Андроген (тестостерон) – аз мөлшерде.

№ 7

1 қадам – Шеткі иммундық жүйе ағзаларынатаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам – Лейкоцитарлық формула. Жауап

1 қадам – Ішкі ағзалардың лимфалық түйіндері, лимфа түйіндері, көкбауыр.

2 қадам – Лейкоцитарлық формула.

Лейкоциттердің пайыздық көрсеткішінің формуласы лейкоциттік формула немесе лейкограмма деп аталады. Лейкоциттер екі топқа бөлінеді: гранулоциттер және агранулоциттер.

Лейкоциттер – қанның ақ түйіршіктері, олардың ағзаны бактериялар, вирустар, қарапайымдылардан және бөгде заттардан қорғауда маңызы зор.

 

Лейкоциттер саны 1 мкл   Гранулоциттер Агранулоциттер
Нейтрофилдер Эозинофилдер Базофилдер
Миело- циттер Мета- миело цит (жас)   таяқша Ядролы Сегмент ядролы Лимфо циттер Моно циттер
4000-9000   0-1 1-5 45-70 1-5 0-1 20-40  

 

Ересектерде лейкограмма тұрақты болады. Оның өзгерісі әртүрлі аурулардың белгілерін көрсетеді және дәрігерлерге диагноз қоюға септігін тигізеді.

№ 8

1 қадам – Жүрек қабырғасының құрылысынатаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам – Электрокардиография әдісі. Электрокардиограмма тісшелерін талдау.

Жауап

1 қадам – Ішкі эндокард, ортаңғы - миокард, сыртқы-перикард.

2 қадам – Электрокардиограмманы талдау.

Электрокардиография дегеніміз —жүрек еті қозған сәтте пайда болатын электр құбылысын жазып алу әдісі. Электрокардиографпен жазып алынған қисық сызық – электрокардиограмма д.а. Ол латын алфавитінің соңғы әріптерімен (P, Q, R, S, T) белгіленеді. Р-тісі екі жүрекше қозған кезде туған ток жиынтығын көрсетеді. P мен Q тісшелері қозудың атриовентикулярлық түйінінен ГИС шоғырына өту жылдамдығын көрсетеді. QRS тісшелер комплексі қарыншалардағы қозу үрдістерін көрсетеді. Т тісшесі қозудың «СӨНУІН» реполяризациясын көрсетеді.

 

 

I тіркеу
II тіркеу
III тіркеу
Электрокардиограммамен зерттеу кезінде қолданылатын стандартты тіркемелер

ЭКГ көрсеткіштері жүректің ырғағын бағалауға және миокардтың (өткізгіш жүйесін қоса) зақымдалуының әр түрлі деңгейін, кардиотроптық дәрілердің әсерін бақылауға мүмкіндік береді.

 

№ 9

1 қадам – Жүрек камераларынатаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам – Фонокардиография әдісі. Жүрек тондары.Қорытынды жасаңыз.

Жауап

1 қадам – Оң жақ жүрекше, оң жақ қарынша, сол жақ жүрекше, сол жақ қарынша.

2 қадам – Фонокардиография әдісі. Жүрек тондары.

Фонокардиография - жүректің тондарын жазып алу әдісі. Жүректің жұмыс істеуі дыбыстық құбылыстармен көрінеді, ол жүрек тоны деп аталады. Арнайы аспап –фонокардиограф арқылы жүректің төрт тоны жазып алынады.

I (систолалық) тон систоланың басында пайда болады.

II(диастолалық) тон диастоланың басында пайда болады.

III тон (протодиастолалық тон) диастоланың қанға толу кезеңінде пайда болады.

IV (жүрек алды) тон пресистола кезеңінде пайда болады.

Жүрек қан-тамыр жүйесініңфункционалдық жағдайын бағалауда фонокардиографияның маңызы зор.

 

№ 10

1 қадам – Бронхиогендік топқа кіретін ішкі секреция бездерінатаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам – Қалқанша, қалқанша маңы және айырша безінің гормондары.

Жауап

1 қадам – Қалқанша безі, қалқанша жанындағы бездер, айырша без.

2 қадам – Қалқанша, қалқанша маңы және айырша безінің гормондары.

Ағзаның гуморалды реттелуінде ішкі сөлденіс бездері маңызды рөл атқарады.

Қалқанша безі: Қалқанша маңы безі: Айырша безі (тимус)

1. Тироксин 1. Паратгормон 1. Тимозин

2. Трийодтиронин 2.Кальцитонин

3. Тиреокальцитонин

№ 11

1 қадам – Қолқаның кеуделік бөлігінің тармақтарынатаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам – Қан ұюының схемасы.

Жауап

1 қадам – Бронхиалды артерия, өңеш артериясы, кеудеаралық артерия, жүрек қап артериясы, артқы қабырғааралық артерия, жоғарғы көкет артериясы.

2 қадам- Қан ұюының схемасы 2 этаптан тұрады:

1 –этап. Тромбоцитарлық гемостаздың белсендірілуі

Жаракат

 
 


Қан тамырлар мен тіндердің зақымдануы

Тромбоциттік адгезия және агрегация

Вазоконстрикторлардың бөлінуі Қантамырлардың тарылуы

Тромбоцитарлық тығынның түзілуі

II – этап. Плазмалық гемостаздың белсендірілуі.

1 фаза

Ішкі жол Сыртқы жол

Плазмалық фактор + коллаген беткейі. Плазмалық фактор+ тіндік фактор

Протромбиназаның түзілуі

 

2 фаза Протромбин Тромбин

 

 

Тромбиннің түзілуі

3 фаза Фибриноген Фибрин

 

Фибринді тромб түзілуі

III этап Тромб ретракциясы

 

Ретрактоэнзим

       
   
 
 


Тромб ретракциясы

 

 

№ 12

1 қадам – ХІІ – жұп бассүйек нервтерінатаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам – Павлов және Гиппократ бойынша темпераменттің сипаттамасы.

Жауап

1 қадам – Иіс сезу нерві, көру нерві, көз қозғалтқыш нерві, шығыршық нерві, үшкіл нерві, әкететін нерв, бет нерві, кіреберіс-ұлу нерві, тілжұтқыншақ нерві, кезбе нерв, қосымша нерв, тіласты нерві.

2 қадам – Павлов және Гиппократ бойынша темпераментің сипаттамасы.

Темперамент дегеніміз – бұл ресми мінездің нейродинамикалық сипаттамасы.

Холерик: ұстамсыз тип. Албырт, қызба, ашушаң, кейігіш, еліктегіш адам. Өте белсенді, қимылдары қайратты, көңіл-күйі көтеріңкі болады.

Сангвиник: ширақ тип. Мінезі жайдарлы, қағылез, іскер, қызу қанды, пысық, көпшіл, елгезек, көңілшек адам.

Флегматик: салғырт тип. Сабырлы, байсалды, енжар, сылбыр мінезді, самарқау, салмақты, шабан қимылды келеді.

Меланхолик: жұмсақ мінезді, әлсіз, өкпешіл, дегбірсіз, дәрменсіз, мұңды, жасқаншақ, жауапкершіліктен сескенгіш, дегенін орындата алмайтын, шалалық қасиеті болады.

Темпераменттің типтері жекеленген түрлері сирек кездеседі. Әдетте аралық варианттары байқалады

№ 13

1 қадам – Ми жартышарларының үлестерінатаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам – Электроэнцефалография әдісі. Электроэнцефалограмманы талдау.

Жауап

1 қадам – Маңдай үлесі, шеке үлесі, самай үлесі, шүйде үлесі, аралша.

2 қадам – Электроэнцефалография – бас миының электрлік потенциалын тіркеу әдісі.

Электроэнцефалограмма – бас миының электрлік потенциалын жазып алу

Электроэнцефалограмманың параметрлерін және әртүрлі ритмдерін тіркеу жағдайының сипаттамасы.

Ритмдердің атауы Жиілік, Гц Амплитуда, мкВ Ритмді тіркеу жағдайы
Альфа ритм     Бета-ритм Гамма-ритм     Тета-ритм     Дельта-ритм     8-13     13-30 ›35     4-8     0,5-3,5     20-25   100-150     250-300 тыныштық күйдегі жағдайда   эмоциялық қозу, ақыл-ой және физикалық іс әрекетте, тіркендіргіш әсер еткенде   ұйқы, наркоз, гипоксия және әртүрлі аурулар кезінде.   үлкен ми сыңарларының қыртысы зақымданғанда, қатты ұйқы, наркоз және гипоксия.

№ 14

1 қадам – Неврогендік топқа кіретін ішкі секреция бездерін атаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам – Гипоталамус- гипофизарлық жүйе, гипофиз және эпифиз гормондары.

Жауап

1 қадам – Гипофиз, томпақ дене.

2 қадам - Гипоталамус- гипофизарлық жүйе, гипофиз және эпифиз гормондары.

Ағзаның гуморалды реттелуінде ішкі сөлденіс бездері маңызды рөл атқарады.

Гипоталамус:

Рилизинг-факторы (либерин және статин)

Гипофиз:

а) гипофиздің алдыңғы бөлігі (аденогипофиз):

1. Соматотропин (СТГ)

2. Тиротропин (тиреоидстимулдеуші гормон)

3. Кортикотропин (адренокортикотроптық гормон) (АКТГ).

4. Фолликулостимулдеуші гормон (ФСГ).

5. Лютеинизирлеуші гормон (ЛГ).

6. Пролактин (лютеотроптық немесе лактогендік гормон, мамотропин) (ЛТГ).

б) гипофиз ортаңғы бөлігі:

1. Меланоцитостимулдеуші гормон (интермедин).

в) гипофиздің артқы бөлігі (нейрогипофиз):

1. Антидиурездік гормон (вазопрессин).

2. Окситоцин

Эпифиз:

1. Мелатонин.

2. Адреногломерулотропин.

№ 15

1 қадам - Зәр шығару ағзасын атаңыз, көрсетіңіз. Бүйрек қабықтарын атаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам – Зәр түзілу кезеңдерін атаңыз, түсіндіріңіз.

Жауап

1 қадам – Бүйрек, несеп ағар, несеп қуық, зәр шығару өзегі.

Талшықты қабық, май қабатының капсуласы, дәнекер тінді шандырлы қабат.

2 қадам - Зәр түзілу механизмі 3 фазадан тұрады:

Шумақтық ультрафильтрация – Шумлянский-Боумен капсуласы саңылауында қан сарысуынан су және ондағы еріген заттардың фильтациясы және диффузиясы.

Реабсорция- нефрон түтікшелерінен су және ондағы еріген заттардың (глюкоза, амин қышқылы, дәрумендер, электролиттер) қанға қайта сіңірілуі, нәтижесінде тәулігіне 1,5-2л соңғы несеп түзіледі

Түтікшелік секреция- түтікшеге түтікше маңындағы сұйықтықтардан әртүрлі заттардың шығарылуы.

 

 

№3 бекет тапсырмалары

№ 1

1 қадам – Ауыз қуысының бездерінатаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам – Сілекейдің құрамы, қасиеті және атқаратын қызметі.

Жауап

1 қадам- Шықшыт безі, төменгі жақсүйек асты безі, тіласты безі.

2 қадам - Сілекей құрамы (pH- 7,4-8,0).

Органикалық заттар Бейорганикалық заттар
Амилаза (птиалин) Мальтаза Ақуыздар Мочевина Муцин Na+, K+, Ca+, Mg2+, Cl-, CО32-, SO42-

Сілекей әлсіз сілтілі реакция, ол тек көмірсуларды ферменттердің көмегімен амилаза мен мальтазаға дейін ыдыратады.

№ 2

1 қадам – Жұтқыншақ бөлімдерінатаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам – Тілдің бүртіктерін атаңыз. Тілдің дәм сезу кестесі.

Жауап

1 қадам- Мұрын бөлімі, ауыз бөлімі, көмей бөлімі.

2 қадам –Тілдің бүртіктерін атаңыз. Тілдің дәм сезу картасы.

Дәм сезу рецепторлары- дәм сезу бүртіктері тілде, жұтқыншақтың артқы қабырғасында, бадамшалар мен көмей үстінде орналасқан, Әсіресе тіл ұшы, жиектері мен артқы бөлігінде көбірек орналасқан. Әрбір дәм сезу бүртігі бірнеше 2-6 рецепторлық және тіректік клеткалардан тұрады. Дәм сезу бүртігінің пішіні колбатәрізді және дәм сезу тесігі арқылы ауыз қуысымен байланысты.

Тіл бетіндегі рецепторлардың біркелкі орналаспауына байланысты тілдің әртүрлі аймағы шырышты қабатының тітіркендіргіштерге жауап беруі де біркелкі емес.

Тілдің әр аумағының (ұшы, түбірі, бүйірі) сезімталдығы тітіркендіргіштерге әртүрлі. Тәттіге – тілдің ұшы, қышқылға – бүйірі және түбірі, ащыға – түбірі, тұздыға – ұшы және бүйірі сезімтал келеді.

Тұзды
Тәтті
Қышқыл
Ащы

Тілдің дәм сезу картасы.

№ 3

1 қадам – Асқорыту жүйесінің мүшелерінатаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам – Асқазан сөлінің құрамы мен қасиеті.

Жауап

1 қадам- Ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, жіңішке ішек, жуан ішек.

2 қадам –Асқазан сөлінің құрамы (pH- 0,8-1,5).

Органикалық заттар (0,4%) Бейорганикалық заттар (0,65-0,85)
Протеаза: пепсин, пепсин В, гастриксин, желатиназа, реннин Липаза, Муцин, Ішкі Касла факторы   Na+, K+, Ca+, Mg2+, Cl-, HCO3-, HPO42-

Асқазан сөлі негізінен айнала қоршаған қосымша эпители жасушаларынан түзіледі, асқазан сөлінің қышқыл ортасы тұз қышқылына байланысты, оның көмегімен протеаза ақуыздарды ыдыратады, липаза көмегімен майларды эмульсиялайды.

№ 4

1 қадам – Жіңішке ішектің бөлімдерін атаңыз, көретіңіз.

2 қадам – Ішек сөлінің құрамы мен қасиеті.

Жауап

1 қадам- Он екі елі ішек, аш ішек, мықын ішек.

2 қадам - Ішек сөлінің құрамы мен қасиеті (рН -7,0-8,5)

Органикалық заттар Бейорганикалық заттар
Протеаза (пептидаза): аминопептидаза, дипептидаза, энтерокиназа Карбогидраза: амилаза, мальтаза, лактаза, сахараза Липаза Эстераза Нуклеаза Нуклеотидаза Фосфатаза Муцин K+, Ca2+, Cl-, HCO3-, HPO42-

Ішектің шырышты қабатындағы бездерден ішек сөлі бөлінеді, әлсіз сілтілі, олар пептидаза әсерінен ақуыздарға, липаза көмегімен майларға, карбогидраза көмегімен көмірсуларға, нуклеаза және нуклеотидаза көмегімен нуклейн қышқылына дейін ыдыратады.

 

 

№ 5

1 қадам – Жуан ішектің бөлімдерінатаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам – Асқазан-ішек жолдарының қызметі.

Жауап

1 қадам- Соқыр ішек, жоғарылаған жиек ішек, көлденең жиек ішек, төмендеген жиек ішек, сигматәрізді жиек ішек, тік ішек.

2 қадам - Асқорыту жүйесінің атқаратын қызметтері:

1) Сөл шығару қызметі- сілекей, асқазан және ішек сөлдері (сыртқы секреция) және гормондар мен физиологиялық белсенді заттардың бөлінуі, асқорыту және асқорыту емес ағзалардың қызметінің реттелуі (ішкі секреция).

2) Сіңіру- әртүрлі заттардың ағза ішінің ортасына жасушаішілік мембрана арқылы өтуі, ауыз қуысының жоғарғы қабаты, асқазан, өт көпіршіктері, жіңішке және тоқ ішек арқылы өтуімен сипатталады.

3) Қимыл қызметі- өңеш, асқазан, аш ішек және тоқ ішек, бауырдан тыс өт жолдары және ұйқы без өзекшелері, сфинктер сақиналы және біріңғай салалы бұлшықеттерінің координациялық жазылуы арқылы қимыл қызметі жүзеге асады.

4) Экскреторлы қызметі- сіңіп үлгермеген қауіпті және улы заттардың сыртқа шығарылуы. (ауыр тұзды металдар, мочевина)

№ 6

1 қадам – Ұйқы безінің бөліктерінатаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам – Ұйқы безі сөлінің құрамы мен қасиеті.

 

Жауап

1 қадам- Ұйқы безінің басы, денесі, құйрығы.

2 қадам- Ұйқы безі сөлінің құрамы (р Н- 7,1-8,2)

 

Органикалық заттар Бейорганикалық заттар
Протеаза: трипсин, химотрипсин, карбоксипептидаза, аминопептидаза, коллагенеза, эластаза Липаза Карбогидраза: амилаза, мальтаза,, сахараза, лактаза. Нуклеаза: рибонуклеза, дезоксирибонклеаза. Энтерокиназа Na+, K+, Ca2+, Mg2+, Cl-, HCO3-, HPO42-

Ұйқы безінің сөлі экзогенді панкреоциттен ерекшеленеді, әлсіз сілтілі реакция және пептидаза көмегімен ақуыздарды, липаза көмегімен майларды, карбогидраза көмегімен көмірсуларды, нуклеаза көмегімен нуклеин қышқылдарына дейін ыдыратады.. Энтерокиназа трипсиноген ферментін трипсинге, трипсин басқа ферменттерді, айталық химотрипсиногенді химотрипсинге айналдырады.

 

 

№ 7

1 қадам – Өтқуығының құрамды бөліктерінатаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам – Өттің құрамы мен қызметі.

Жауап

1 қадам- Өт қуығының түбі, өт қуығының денесі, мойыны, өт өзегі.

2 қадам- Өт құрамы. (рН -7,3-8,0)

 

Органикалық заттар, % Бейорганикалық заттар,%
Өт қышқылы -0,9 Пигменттер-0,4 Холестерин -0,1 Муцин-0,1 Лецитин -0,05 Май қышқылы және нейтралды қышқылдар-0,15 Бейорганикалық заттар - 0,8 Na+, K+, Ca2+, Mg2+, Cl-, HCO3-, HPO42-,

Өт лизосома гепатоциттерінде түзіліп, бауырдағы өт қабынан 12 елі ішекке келіп құйылады.Өт қызметі: Майды ыдыратады,панкретит және ішек ферменттерінің белсенділігін арттырады, өт түзілуін және өт шығарылуын реттейді,аш ішекте моторлық және секреторлық қызмет атқарады, асқазанның құрамын нейтрализдейді, бактериостатикалық қасиетке ие.

№ 8

1 қадам – Тыныс алу жүйесінің ағзаларын атаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам – Спирометрия. Қалыпты тыныс ауасы. Қалыпты жағдайдағы көрсеткіші

Жауап

1 қадам- Мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмей, кеңірдек, бронхтар, өкпе.

2 қадам- Спирометрия. Қалыпты тыныс ауасы. Қалыпты жағдайдағы көрсеткіші.

Спирометрия - спирометр көмегімен сыртқы тыныс көрсеткіштерін алуды анықтайтын әдіс.

Қалыпты тыныс ауасы(ҚТА) - бұл тыныштық жағдайда демді ішке жәй тартып, сыртқа шығарса өкпеге дейін кіріп шығатын ауа мөлшері. Зерттелуші қалыпты жағдайда 3-4 рет спирометрмен дем алып, дем шығарады.Спирометрмен сандық көрсеткіштері мен орта мәнін анықтайды. ҚТА ересек адамдарда 400-500 мл құрайды.

ҚТА анықтау диагностикалық мақсатта тыныс алу жүйесінің функционалды жағдайын бағалауда үлкен маңызға ие.

№ 9

1 қадам – Көмейдің шеміршектерінатаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам – Резервтік дем алу және дем шығару. Қалыпты жағдайдағы көрсеткіші.

Жауап

1 қадам- Сақина тәрізді шеміршек, қалқанша шеміршек, бөбешік шеміршек, ожаутәрізді шеміршектер, мүйізтәрізді шеміршектер, сынатәрізді шеміршектер.

2 қадам - Резервтік дем алу және дем шығару. Қалыпты жағдайдағы көрсеткіші.

Спирометр әдісімен резервті дем шығаруды анықтау үшін, спирометр арқылы қалыпты жағдайда тыныс шығарып дем алмастан күшпен дем шығару керек. Резервті дем алуды анықтау үшін атмосфералық ауамен қалыпты тыныс алып, мұрынды жауып, спирометр арқылы демді барынша тарту.

Резервті демалу ауасының көлемі (РДАА) 1500-2500 мл құрайды.

Резервті демшығару көлемі (РДША) 1500 мл құрайды.

№ 10

1 қадам – Өкпенің беттерінатаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам – Өкпенің тіршілік сиымдылығы. Қалыпты жағдайдағы көрсеткіші

Жауап

1 қадам- Қабырғалық беті, көкеттік беті, медиалді беті.


Дата добавления: 2015-03-04 | Просмотры: 1961 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.119 сек.)