АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Максимальды балл – 20

Прочитайте:
  1. Максимальды балл - 20
  2. Максимальды балл- 20

 

Стандартталған актер (пациент) үшін сценарий тексті және оның ролінің сипаты:

Науқас 30 жаста.

Шағымы: тұншығу ұстамасы, ауа жетпеу сезімі, ентігу, қиын бөлінетін қақырықты жөтел, жалпы әлсіздік, аяқтағы ісіктер.

 

Сұрақ мәні Актер үшін сұрақты тұжырымдау Жауап
Ентігу сипатын айқындау Қандай ентігу – дем алу немесе дем шығару қиын? Дем шығару қиын
Тұншығу ұстамасының жиілігі Тұншығу ұстамасы қаншалықты жиі қайталанады және қай мезгілде?   Ұстама аптасына 2 рет, түн мезгілінде, күндіз мазаламады
Ұстама немен байланысты Тұншығу ұстамасы немен байланысты?   Соңғы 2 жылда салқын жерде жұмыс жасадым, салқын тиген болуы керек
Қақырық сипаты Қақырық қандай, жеңіл бөліне ме? Қақырық серозды-кілегейлі, көпіршікті (сілекейге ұқсас)
Тұншығу ұстамасы немен басылады Тұншығу ұстамасы неден басылады?   Ештеңе қабылдамадым. Сыртқа шығып дем аламын – жеңілдейді
Ісіктердің пайда болу уақыты Ісіктер алғаш қашан пайда болды? Аяқтағы ісіктер алғаш рет екі апта бұрын пайда болды, басында аздап, кейін артты

 

Анамнезі: Шаң тозаңға жқтеліп, түшкірді, цитрус, салқын, ыстыққа бөртпелер болған. Супермаркетте сатушы болып жұмыс жасайды. Екі апта ішінде 2 рет түнгі тұншығу ұстамасы мазалаған – тұншығу сезімінене таңға жақын оянған. Бірінші ұстама өздігінен кеткен. Осы ұстама 1 сағатқа созылып, кетпей отыр. Екі аптадан бері әсіресе кешке қарай аяқта ісіктер байқалған. Анасы аллергиямен ауырған. Бала кезінен жиі салқын тию ауруларымен жиі ауырған. Темекі шекпейді. Пенициллиндік қатардағы антибиотиктерге аллергиясы бар.

Объективті: бойы 168 см салмағы 59 кг.

Жалпы жағдайы тыныс жетіспеушілігне байланысты ауыр. Тыныштық күйдегі ентігу. Есі анық. Қалпы мәжбүр - ортопноэ. Тері жабындылары цианозды. Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Балтырда ісіктер.

Кеуде клеткасы бөшке тәрізді, дем алғанда қозғалуы шектелген. Дем алу актісіне қосымша бұлшықеттер қатысады, ТАЖ – 32 рет мин. Перкуторлы-өкпе төмені шегі төмендеген, өкпе дыбысы қорап реңді. Аускультативті құрғақ ысқырмалы сырылдар, дем шығарғанда күшейеді. Жүрек салыстырмалы шегі - төсті оң қыры, сол жағы бұғана орта сызығы, жоғарыда 3 қабырғааралық. Жүрек тондары тұнықталған, өкпе артериясында II тон акценті, семсер тәрізді өсінді негізінде систолалық шу, ырғағы дұрыс, ЖСЖ - 110 рет мин.. АҚҚ - 120/80 мм сын. бағ.

Бауыр өлшемі Курлов бойынша 12*11*9 см.

Ұрғылау симптомы екі жақта теріс.

Лабораторлық – инструментальдық мәліметтер:

Жалпы қан анализі Эритроциттер - 6,0 х 1012 /л Гемоглобин – 170 г/л Гематокрит -50% Тромбоциттер - 2809/л Лейкоциттер –8,6х109/л Палочкоядерлі нейтрофилдер – 4 % Сегментоядерлі нейтрофилдер – 60% Эозинофилдер – 9% Базофилдер – 2% Моноциттер – 5% Лимфоциттер – 25% СОЭ –12 мм/час Зәр анализі Мөлшері 150,0 мл Түсі сары Мөлдір Менш. салм 1,021 реакция қышқыл белок - abs. лейкоцит - 0 - 1 к/а эпителий жалпақ - 1 - 2 к/а кілегій -
Биохимиялық қан анализі Глюкоза – 4,2ммоль/л Мочевина – 4,8ммоль/л Креатинин – 0,053ммоль/л АЛТ – 12 МЕ АСТ – 14 МЕ Билирубин – 15 мкмоль/л Жалпы қақырық анализі: Консистенциясы:тұтқыр, Сипаты: шырышты Микроскопия: эпителий 1-2к/а, альвеоциттер 0-1 вк/а, эозинофилдер - жайылған лейкоциттер – 0-1к/а Атипиялық клеткалар, микобактерии туберкулез анықталмады.

ЭКГ:

Кеуде қуысының рентгенограммасы

Эхокардиографиялық тексеру:

 

Эхокардиографиялық тексеру:

қолқа өрлеу бөлімінде - 35 мм диаметрде. Жүректің сол бөлімі кеңеймеген. Сол жүрекше - 36 мм диаметрде, сол қарынша - 45 мм диаметрде. Қарыншаралық перде қалыңдығы - 9 мм, сол қарынша артқы қабырғасы қалыдығы- 9 мм. Сол қарынша ШФ - 62 %. Қолқа, митральды және өкпе қақпақшалары жақтаулары өзгермеген, қозғалысы шектелмеген. Өкпе артериясы бағаны дилатацияланған. Жүректің оң жағы кеңейген. Оң қарынша - 52 мм диаметрде, оң жүрекше: горизонталь бойынша - 51 мм диаметрде, по вертикальды - 55 мм диаметрде. Оң қарынша қабырғасы қалыңдығы - 12 мм.

трикуспидальды регургитация II дәрежесі және өкпелік регургитация II дәрежесі, өкпе гипертензиясы (өкпе артериясындағы систолалық қысым - 38,5 мм сын.бағ.).


Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 554 | Нарушение авторских прав



1 | 2 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.004 сек.)