АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Тараз 2014 ж

· Каждую ночь перед сном, втирайте в кожу головы масло для волос, расчесывайте волосы и закутывайте их на ночь.

6.

Повторяйте этот процесс один раз в неделю или две и делайте глубокое кондиционирование раз в месяц. Каждые 3-4 месяца делайте стрижку или прическу в салоне.

 

Тараз 2014 ж

Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы пәнінен практикалық жұмыстардың әдістемелік нұсқаулары.- Тараз: Тараз Мемлекеттік педагогикалық институты - 2014ж.

Құрастырған: Сұлтанаев Е

 

 

Әдістемелік нұсқау «Жас өспірімдер физиологиясы және мектеп гигиенасы» курсының бағдарламасына сәйкес, жоғары оқу орнындарының,биология мамандығының күндізгі және сырттай бөлімінде оқитын білімгерлерге арналады. Практикалық жұмыстарда балалардың өсуі мен мүшелерінің қалыптасуы заңдылықтары және бала организмінің қызметін реттеуші физиологиялық тетіктері, баланың жас ерекшеліктеріне сай мектеп гигиенасының талаптары баяндалады.

 

№ 1 Практикалық сабақ

Тақырыбы: Балалар мен жас өспірімдер гигиенасы және физиологиясы дамуының негізгі кезеңдері

Мақсаты: 1.Балалар мен жас өспірімдер гигиенасы және физиологиясы дамуының негізгі кезеңдерін анықтау

Құралдар: Анықтамалықтар, атластар, медициналық таразы, бой өлшегіш, динамометр (қол және бұлшықеттерінің күшін өлшейтін), сантиметрлік таспа, сызғыш.

Жас аралық кезеңдер. Жас аралық классификация. Мектепте оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру балаларды жасына қарай топтарға (сыныптарға) бөлуге негізделген. Сондықтан адам өмірін бірнеше жас кезеңдеріне бөлу қажет.

Жас кезеңдері деп өсу мен дамуы ұқсас, физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерінің шегін айтады.

1965 ж. Мәскеуде бүкілдүниежүзілік жас кезеңдерінің шағын жиналысында адамның өмірін 12 кезеңге бөлу қаулысы қабылданған.

Жұмыстың барысы:

 

Адамның өсіп-даму кезеңдері мен жас ерекшеліктері

Рет саны Өсіп-даму кезеңдері Жас кезеңдері
  Жаңа туған нәресте 1 -10 күн
  Емшектегі сәби 10 күн – 1 жас
  Алғашқы (ерте) балалық шақ 1 – 3 жас
  Бірінші балалық шақ 4 – 7 жас
  Екінші балалық шақ қыздар 8 – 11 жас; ұлдар 8 – 12 жас
  Жеткіншек немесе жасөспірімдік кезең қыздар 12 – 15 жас; ұлдар 13 – 16 жас
  Кәмелеттік кезең бойжеткендер 16 – 20 жас; боз балалар/жігіттік 17 – 21 жас
  Кемелге келу немесе ересектік мерзімнің бірінші жартысы әйелдер 21 – 35 жас; ерлер 22 – 35 жас
  Ересектік мерзімнің екінші жартысы әйелдер 36 – 55жас; ерлер 36 – 60 жас
  Егде (орта) жас кезеңі әйелдер 55 – 74 жас; ерлер 60 – 74 жас
  Қариялар немесе кәрілік кезеңі 74 – 90 жас
  Ұзақ жасаушылар 90 жастан асқандар

 

Баланың танымдық процесіне сай жас кезеңдері бес топқа бөлінеді.

Рет саны Өсіп-даму кезеңдері Жас кезеңдері
  Жаңа туған сәби 1 ай
  Емшектегі сәби 1 ай – 1 жас
  Ясли жасы немесе балбөбектер тобы 1 – 4 жас
  Мектепке дейінгілер тобы 5 – 7 жас
  Мектеп жасындағылар 7 – 18 жас
А) бастауыш сыныптағы оқушылар 7 – 11 жас
Б) ортаңғы сыныптағы оқушылар 11 – 14 жас
В) жоғарғы сыныптағы оқушылар 14 – 18 жас

 

 

Бақылау сұрақтары:

1.Адамның өсіп-даму кезеңдері мен жас ерекшеліктері туралы түсінік

2.Баланың танымдық процесіне сай жас кезеңдерінің бөлінуі

№ 2 Практикалық сабақ

Тақырыбы: Өсу мен дамудың заңдылықтары.

Мақсаты: 1. Антропометриялық көрсеткіштерді анықтау әдісін меңгеру.

2. Оқушының физикалық дамуына баға беруді үйрену.

Құралдар: медициналық таразы, бой өлшегіш, динамометр (қол және бұлшықеттерінің күшін өлшейтін), сантиметрлік таспа, сызғыш.

 

Физикалық даму - әрбір жас кезеңдегі анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерді көрсететін биологиялық процесс. Бала организмінде үнемі морфологиялық және функционалдық терең өзгерістер жүріп отырады және мүшелер мен жүйелердің өсу және жетілу қарқыны бірдей болмайды.

Өсілу және жетілу процестерінің бір қалыпты жүрмеу және функционалдық дамудың толық аяқталмауы организмнің сыртқы орта өзгерістеріне қорғанышын төмендетеді. Әсіресе бала тәрбиесінің гигиеналық талаптарға сәйкес келмеуі әр түрлі аурулар және жағымсыз өзгерістер туғызуы мүмкін. Балалар организмінің дұрыс өсіп жетілуін қамтамасыз ету, денсаулығын сақтап нығайту – оқу және тәрбие жұмысын дұрыс жолға қоюдың негізгі кепілі.

 

Жұмыстың барысы:

Антропометриялық өлшемдерді жүргізу.

Р-дене салмағы. Дене салмағын медициналық таразымен өлшейді.

L – бойдың ұзындығы. Дененің ұзындығыын бой өлшегішпен анықтайды. Бойды тұрған күйде аяқ киімсіз өлшейді.

Бала бой өлшегіштің платформасында қолдарын түсіріп, денесінің үш нүктесімен: өкшемен, бөксемен, жауырын аралығымен планкаға жанасып тік тұрады. Баланың басы көз шарасының жоғарғы шеті мен құлақ қалқанының жоғары шетін қосатын көлденең сызықтың деңгейінде болу қажет. Бой өлшегіштің планметкасы баланың төбесімен жанастырып төмен түсіріп, ақ шкала бойымен оның төменгі деңгейін анықтаймыз.

Т – қалыпты жағдайдағы кеуде қуысының шеңбері.

Т1 – дем алған кездегі кеуде қуысының шеңбері.

Т2 - дем шығарған кездегі кеуде қуысының шеңбері.

Кеуде қуысының шеңберін өлшегенде сантиметрлік таспа дененің артында жауырынның төменгі бұрышының деңгейінде, ал алдыңғы жақта 4-ші жұп қабырғаның төстікке бекитін деңгейінде орналасуы қажет. Кеуде қуысының шеңбері қалыпты жағдайда дем алу және дем шығару кезінде өлшенеді. Дем алу мен дем шығару арасындағы айырмашылық кеуде қуысының экскурсиясы деп аталады. Ол ер балаларда 6-8 см, қыз балаларда 36 см болады.

Спирометрия. Бұл әдістің көмегімен өкпенің тіршілік сиымдылығын (Ө.Т.С.) анықтауға болады. Оны арнаулы спирометр арқылы өлшейді. Спирометрдің екі түрі бар: құрғақ және су құйылатын. Су құйылатын спирометр металдан жасалған спирометр іші қуыс бір-біріне салынған екі цилиндрден тұрады. Өкпенің тіршілік сиымдылығын терең дем алғанда ауаны арнаулы резина түтік арқылы дем шығарып спирометрді ішкі цилиндрінің көтерілу мөлшері бойынша анықтайды.

Спирометрия – тыныс алу жүйесінің функционалдық жағдайын анықтайтын ең қолайлы әдіс.

Өкпенің тіршілік сиымдылығының орта көрсеткіштері: ер балаларда – 3500-5000 см ³, қыз балаларда – 2500-3000 см³.

Динамометрия – қол басы бұлшықеттерінің және арқаны жазатын бұлшықеттердің күшін анықтайтын әдіс.

d – қол басының күші. Қолды тік деңгейде жазып ұстап, динамометрді саусақтарымен қатты қысу керек. Өлшеу 3 рет қайталанады да, ең жоғары көрсеткіші есепке алынады.

Қол күшінің орта көрсеткіші ер балалар үшін 40-45 кг, қыздар үшін – 30-35 кг.

S - орта бұлшықеттерінің күші. Динамометрдің платформасын екі аяқпен басып, тізені бүкпей, екі қолды тізенің деңгейінде ұстап құралдың тұтқасын жоғары тартып, арқаны біртіндеп жазу керек.

Арқа бұлшықетінің күші ер балаларда 130-150 кг, қыз балаларда 100-120 кг болады.

Адамның жынысына, бойына және кеуде қуысының шеңберіне қарай қалыпты салмағының көрсеткіштері (профессор А.А. Покровский бойынша)

 

Бой Ерлердің қалыпты салмағы (кг) Бой Әйелдердің қалыпты салмағы
  Қысың қы көкірек клеткасы Қалып ты көкірек клетка сы Кең көкірек клетка сы   Қысыңқы көкірек клеткасы Қалып ты көкірек клетка сы Кең көкірек клетка сы
156,0 49,3 56,0 62,2 152,5 47,8 54,0 52,0
157,5 51,7 58,0 34,0 155,5 49,2 55,2 61,6
160,0 53,5 60,0 66,0 157,5 50,8 57,0 63,1
162,5 55,3 61,7 68,0 160,0 5,1 58,5 64,8
165,0 57,1 63,5 69,5 162,5 53,8 60,1 66,3
167,5 59,3 65,8 71,8 165,0 55,3 61,8 67,8
170,0 60,5 67,8 73,8 167,5 56,6 63,0 69,0
172,5 63,3 69,7 76,8 170,9 57,8 64,0 70,0
175,0 65,3 71,7 77,8 172,5 59,0 65,2 71,2
177,5 67,3 73,8 79,8 175,0 60,3 66,5 72,5
180,0 68,9 75,2 81,2 177,5 61,5 67,7 73,7
182,5 70,9 77,2 83,6 180,0 62,7 62,9 74,9
185,0 72,8 79,2 85,2        

 

 

Адам жынысына бойына сәйкес қалыпты дене салмағының формуласы:

 

Бой (см) · 4

Ерлер үшін =│————— - 128│. 0,453

2,54

 

Бой (см) ·3,5

Әйелдер үшін =│————— - 128│. 0,453

2,54

 

Қорытынды: Антропометриялық, физиометриялық көрсеткіштер бойынша жеке физикалық дамудың индексіне қорытынды жасаңыз.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Физикалық даму туралы түсінік

2. Физикалық дамудың көрсеткіштері.

3. Физикалық дамуға әсер ететін факторлар.

4. Өсу және даму заңдылықтары

 

№ 3 Практикалық сабақ

Тақырыбы: Орталық нерв жүйесінің жеке бөлімдерінің функционалдық маңызы.

Мақсаты: Балалардың орталық нерв жүйесінің дамуындағы сандық және сапалық өзгерістермен танысу.

Құралдар: Кестелер, схемалар, альбом, карандаштар.

Тапсырмалар:

1. Мидың құрылысына, оның дамуына жасына қарай баға беру, суретін салу.

2. Жұлынның құрылысы, оның дамуы және қызметі. Жұлын мөлшері мен салмағының адамның жасына байланыстылығын қарастыру.

3. Вегетативтік нерв жүйесінің маңызы мен құрылысын зерттеу.

 

Нерв жүйесі организмінде көптеген қызмет атқарады. Орталық нерв жүйесі ми мен жұлыннан, ал шеткі нерв жүйесі- соматикалық (бас сүйек пен жұлыннан тарайтын) және вегетативтік (симпатикалық және парасимпатикалық) нервтерден тұрады.

Нерв жүйесінің қызметінің арқасында организмінің қоршаған ортамен қызметі жүзеге асады. Сырттан әсер еткен кез – келген тітіркендіруге организм рефлекторлық реакция арқылы жауап қайтарады. Сонымен қатар нерв жүйесі организімдегі барлық мүшелер мен мүшелер жүйелерінің қызметін реттейді.

Нерв ұлпасы нейрондардан түзілген.

 

Жұмыстың барысы:

1. Мидың құрылысын, оның қызметін зерттеп төменгі кестені толтырыңыз:

Мидың бөлімдері Құрылысы Атқаратын қызметі
Сопақша ми және көпір    
Мишық    
Ортаңғы ми    
Аралық ми    
Үлкен ми сыңарлары    

Бала миының дамуы ол дүниеге келген кезде де аяқталмайды. Бірақ мидың құрамындағы нейрондар саны жас нәрестеде де, ересек адамда да бірдей болады. Жаңа туған балада мидың салмағы 300-400г, 1 жаста 800г., 3 жаста 1170г., 7 жаста 1250 г., 18 жаста ересектерде 1250-1550г. Әрбір адамның жеке басының ерекшеліктеріне сәйкес ересектер адамдар да ми салмағының ауытқуы өте зор – 960 грамнан 2000 грамға дейін болады. Баланың он екі айында оның миының құрылысы ересектер миының құрылысына ұқсайды. Демек сандық өзгерістермен қатар сапалық өзгерістерде жүреді: ми қыртысындағы сұр заттар ұлағаяды және оның ақ заттан бөлінуі мен жіктелуі де күрделенеді (жаңа туған балалар да олардың пішіні ұршық тәрізді және өсінділерінің саны аз). Осы күрделенудің нәтижесінде әртүрлі нерв жасушаларынан 7 қабаттан тұратын ми қыртысы түзіледі.

 

2. Жұлынның ұзындығы және оның салмағы адамның жасы мен жынысына байланысты

Жас кезеңдері Ұзындығы (см) Салмағы (г)
Нәресте 14-16  
Бастауыш мектеп жасындағы оқушы 30-32  
Ересек адам 43-45  

Омыртқа жотасына сәйкес жұлынның мойын, арқа, бел, сегізкөз бөлімдерін ажыратады. Жұлын түбірлері омыртқа жотасының каналынан шығар тұста жұптасып бірігіп, 31 жұп аралас жұлын нервтерін құрайды.

Рефлекс нерв системасы қызметінің негізі болып табылады. Рефлекс дегеніміз сыртқы ортаның тітіркендіргіштеріне организмнің жауапты реакциясы.

Рефлекторлық доға дегеніміз рефлекс кезінде қозудың жүріп өткен жолы.

Рефлекторлық доға бес бөлімнен тұрады:

Рецептор→афферентті нейрон→орталық нерв жүйесінің белгілі бір бөлімі→эфферентті нейрон→жұмыс істейтін мүше.

 

1. Вегетативті нерв жүйесі қызметі жағынан бір-біріне қарама-қарсы екі жүйенің – симпатикалық және парасимпатикалық нерв жүйелерінің бірлігі екенін айқындау керек.

2. Вегетативтік нерв системасының әсері

 

Иннервацияланатын мүше Симпатикалық нервтің әсері Парасимпатикалық нервтің әсері
Жүрек Жүрек жиырылуының жиілеуі және күшеюі Жүрек жиырылуының баяулауы және әлсіреуі
Артериялар Тамырлардың тарылуы және қан қысымының көтерілуі Тамырлардың кеңеюі және қан қысымының төмендеуі
Қуық Қуықтың босануы Қуықтың жиырылуы
Көздің нұрлы қабағының бұлшықет талшықтары Көз қарашығының кеңеюі Көз қарашығының кішіреюі
Ас қорыту жолы Толқын тәрізді жиырылудың баяулауы, активтілігінің әлсіреуі Толқынды қозғалыстардың күшеюі, активтілігінің артуы
Шапшты тік тұрғызатын бұлшық еттер Шаштың тітіркеюі Шаштың жатуы
Тер бездері Секрецияның артуы Секрецияның бәсеңсуі

Вегетативтік бөлімнің екі бөлігінің өзара әсері кері байланыс принципімен жүзеге асады.

Бақылау сұрақтары

1. Орталық нерв жүйесінің құрылысы

2. Жұлын, оның құрылысы, дамуы, функциясы (өткізушілік, рефлекторлық).

3. Адам миының құрылысы, оның дамуы

4. Ретикулярлық формация және оның физиологиялық маңызы

5. Вегетативтік нерв жүйесінің құрылысы мен функциясы

 

№ 4 Практикалық сабақ

Тақырыбы: Нерв системасы типтерінің функциясына сипаттама

Мақсаты: Оқушылардың жоғары нерв әрекетінің типтерін анықтау

Құралдар: Кестелер, схемалар, альбом, карандаштар.

Тапсырмалар:

1.Оқушылардың жоғары нерв әрекетінің типтерін анықтау

2. Жоғары нерв әрекеті бұзылуының түрлері және оларды туғызатын себептер мен танысу.

 

Нерв талшығы бойымен қозудың таралуы оның анатомиялық және физиологиялық біртұтастығыны байланысты. Егер нервті байласа, салқындатса, фармакологиялық, наркоикалық заттармен әсер етсе олардың физиолгиялық біртұтастығы мен өткізгіштік қасиеті бұзылады. Нервтің өткізгіштік қасиетін реттеуде олардың анатомиялық және физиологиялық құрылысымен таныс болу қажет және сонда ондағы өткізгіштік процестерді фармакологиялық жолмен реттеуге болады. Мысалы, новокаин миелінсіз нерв талшықтарында ауру сезгіштік қозулардың таралуын бөгейді, өйткені ол изоляцияланбаған мембранаммен әректтесе отырып аксоплазмадан анатомиясы, калий иондарының көптеп шығуын туғызады. Нәтижесінде нерв талшығының сырты гиперполяризацияланады. Мұның өзі мембраналық потенциалдың өсуі мен ұлпалар қозғыштығының төмендеуіне әкеп соғады.

Жоғары нерв әрекетінің бұзылу механизмдерін орыс физиологы И.П. Павлов эксперименттік жолдармен анықтады. Эксперименталдық неврозды туғызу үшін мида негізгі нерв процестерін- қозу мен тежелуді шамадан тыс күшейтудің өзі жеткілікті. Жоғар нерв әрекетінің бұзылуы көбіне қозу мен тежелу тең емес, ұстамсыз, әлсіз типтерде жиірек байқалады. Оның бұзылу себептері әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, балалардың әке-шешелерінің алкогольді ішімдіктер ішуі, темекі тартуы, түрлі мерез ауруларымен ауруы т.б.

Балардың жүйке ауруы, негативизм, невроз жән психоз тууы ауруларына ерекше көңіл аударған жөн.

Жұмыстың барысы:

Жүйке жүйесінің қызметтері (функциялары)

Ақпаратты сараптау (аналитикалық функция) Ағзанң қызметін реттеу (реттеуші функция) Интегративті әрекет (функция) Ойлау әрекеті (психика)
Ішкі ортадан Сыртқы ортадан
Интерорецепция Проприорецепция Вестибулярлы жүйе Иіс сезу Көру Есту Дәм сезу Сипап сезу Тыныс алу Ас қорыту Қан айналу Су балансы Гомеостазды сақтау Дененің, оның бөлімдерінің орналасуы Локомация Репродукция Ағза функциясының коодинациясы Сезімталдық Байқамау Зейін Ұйқы Адаптация Оқыту   Сурет салу Қиял Тіл Жазу Оқу Есептеу Құрастыру Таным Өзін-өзі аңғару
Е с т е с а қ т а у

Жоғарғы жүйке әрекеті

Шартсыз рефлекстер (туа бітеді) Шартты рефлекстер (өмір бойы пайда болады)  
тамақтану Қорғаныш жыныс Бірінші қатары Екінші қатары
           

Тамақтану асты табу қозғалыстарына (бағдарлау, асты ұстау, шайнау, жұтыну т.б.) негізделеді.

Жоғарғы жүйке әрекеті күшіне қарай күшті (күшінің қатынасына сай) және әлсіз болып бөлінеді. Күшті тип байсалды (қозғалғыштығына, ширақтылығына сай) және тынышсыз (жеңілтек) болып бөлінеді. Байсалды – қозғалғыш, ширақ тип және селқос, жігерсіз тип болып екіге бөлінеді.

Адамның физиологиялық және психологиялық қалыптасуы

Объективтік сезім физиологиясы Субъективтік сезім физиологиясы
Сыртқы ортаның құбылыстары     Сезімталдықпен әсерлену, сезіну
Сезімнің стимулы
Сезім жүйесінің қозуы Қабылдау, түсіну, ұғыну
Оталық жүйке жүйесінің интеграциясы

Бейнелеудің жағдайлары

Сезім мүшелерімен қатынасқа түсуі Сәйкес қабылдағыштар түрінде қозудың пайда болуы Мидың жүйке орталықтарында қозудың пайда болуы Ой, сана-сезім Тәжірибе, ақыл, ес, парасат, жеке тұлғаның қалыптасуы

Ес – көрген-білгенді, естігенді, сезгенді, өтіп кеткен құбылыстарды нақтылы бір жағдайда, қасиеттерімен бірге жинақтап, тәжірибе ретінде адамның пайдалануы. Есте сақтау – адамның өмірден алған тәжірибесін өзгертпестен қайта жаңғырту.

 

№5 Практикалық сабақ

Тақырыбы: Сенсорлық жүйенің жас ерекшелігі

Мақсаты: Сенсорлық жүйенің жас ерекшелігін және оларға қойылатын гигиеналық талаптарды анықтау

Құралдар: термометр, метрлік таспа, сызғыш, транспортир, көз өткірлігін анықтау кестесі.

Тапсырмалар:

1. Класс бөлмесінің табиғи және жасанды жарығына гигиеналық баға беру.

2. Көздің негізгі қызметін білу.

Табиғи және жасанды жарыққа қойылатын гигиеналық талаптар.

Табиғи жарық терезелердің және олардың әйнектерінің көлеміне байланысты. Неғұрлым олардың ауданы үлкен, көлемі көп болса соғұрлым жарық сәулелері мол өтіп бөлме жарық болады. Бірақ терезелердің тым үлкен болуы бөлмені не тым суытып жіберуі мүмкін.

Сондықтан жарық коэффиценті терезенің әйнектелген беттерінің еденінің ауданына қатынасы 1: 4 – 1: 5 болса, ауылдық жерлерде 1: 6 болуы керек. Ауылдық жерлерде бұның азырақ болуы мектептердің жанында күн сәулесін ұстап қалатын биік үйлер болмайды.

Терезенің төменгі жиегінің еденнен биіктігі 80-85 см ден көп болуы керек, оның жоғарғы жиегі төбеге неғұрлым жақын (20-30см) болуы керек. Сондықтан жоғарғы жағы дөңгеленіп келген терезелер (готика архитектурасы) жасаудың қажеті жоқ, оқушылардың алдыңғы және артқы жақтарында орналасқан терезелердің де қажеті жоқ, олар күн сәулесін шағылыстырып кейде көлеңке де жасауы мүмкін. Лабораториялық бөлмелерде терезелер екі жақ қырдан орналасуы қажет. Терезелер арасындағы қашықтық 40-50 см- ден аспауы керек

Мектептермен көп қабатты үйлер арасында қашықтық сақталғаны жөн. Сонымен бірге мектеп үйіне тым жақын биік өсетін ағаштарды отырғызудың да қажеті шамалы.

Бөлмедегі табиғи жарықтың мөлшерін қарапайым әдістің көмегімен анықтауға болады.

Егер бөлменің ең түкпірінен аспан терезенің барлық ауданы арқылы көрінсе, бөлме жарықтығы жақсы, 2/3 бөлігін қамтыса орташа және 12 бөлігінде ғана көрінсе нашар деп есептеледі.

Жарықтың жеткілікті екендігін анықтаудың келесі бір әдісі көзі жақсы көретін оқушының 50 см қашықтықта ұсақ шрифты кітапты (петит) еркін оқи алуы. Терезе әйнектері таза болуы керек. Күннің сәулесі мол түсуі үшін терезелер оңтүстікке және оңтүстік батысқа қарай орнатылғаны жөн. Мектеп үйінің жарық болуы сондай – ақ жиһаздардың қабырғаларының, тіпті көршілес орналасқан үйлердің болуының түсіне де байланысты. Олар ашық түсті баяулар мен сырлануы керек. Соңғы кезде класс тақтасы қоңыр кейде жасыл түске боялынады. Кейбір оқымыстылардың айтуы бойынша көмірмен жазуға болатын ақ түсті тақталарды қолданған дұрыс деп есептеледі.

Жұмыстың барысы

1. Көз өткірлігін анықтау.

Кестеде әріптер бірнеше қатарда жоғарыдан төмен қарай кішірейе орналасқан. Әріп кестесін қабырғаға іліп қояды. Көзін тексеретін адамды 5м қашықтыққа отырғызады. Бір көзін жауып, таяқшамен көрсеткен әріптерді оқиды. Қай әріп қатарын анық көретінін айтады.Содан соң екінші көзін жауып тәжірибені қайталайды. Көздің өткірлігі әріп кестесінің оң жағында, сол бойынша әр адамның көз өткірлігін анықтайды. Y=І – қалыпты, Ү=0,8 – төмен, Ү=1,5-2,0 – қалыпты жағдайдан жоғары. 1-сурет.

 
 

1-сурет. Көз өткірлігін анықтауға арналған кесте.

 

2. Көз торындағы соқыр таңбаны көру.

Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: Ақ дөңгелек және крест таңбалы қара қағаз.

Жұмыстың барысы: Бір көзін жауып, қара қағазды қолына алып, созып, екінші көзімен қарап қара қағазды көзіне біртіндеп жақындатады. Көзді қағаздың крест таңбасына тоқтатады. 20-25см қалғанда қағаздағы ақ дөңгелек көрінбей қалады. Бұл көз торында соқыр таңба бар екенін дәлелдейді, өйткені онда көру рецепторы жоқ. Екінші көзді жауып (сол көзді) тәжірибені қайталайды. 2 сурет.

 

 
 


2-сурет. Көздің соқыр нүктесін анықтауға арналған құрал

Жұмысты қорытындылау: 1. Әр білімгер өзінің көз өткірлігін анықтайды. 2. Көру өрісінің шеңберін сызады. 3. Көз торының соқыр таңбасын түсіндіріп дәптерге жазады.

 

 

3. Табиғи жарық коэффицентін анықтау. Бұл терезелердің шыны ауданының қатынасы. Класс бөлмесінің ұзындығын, енін өлшеп, ауданын шаршы метрмен (м2) табыңыздар. Терезенің әйнектелген бетінің ауданын анықтаңыз.

S1

ЖК = ——, мұнда

S

ЖК – жарық коэффиценті

S1 – терезе шынысының ауданы

S – еденінің ауданы.

Мектеп үйінің әр бөлмесі үшін бұл коэффиценттің мөлшері әр түрлі: кабинеттермен кластарда – 1: 4; 1: 5 қосымша бөлмелерде – 1:10; 1: 12; каридор, вестибюльдерде – 1: 9; 1: 12; тұратын бөлмелерде – 1:8.

Мектептің класс бөлмелері мен негізгі үй жайларына табиғи жарықтың түсуі терезелердің пішініне шамасына, қоршаған үй жайларға, көк желектерге байланысты. Сондықтан бөлме жарығы басқа да көрсеткіштерге байланысты.

4. Келесі жағдайларды ескере отырып, класс бөлмесінің схемасын салыңыз:

А) терезелердің орналасуы;

Б) терезенің төменгі жиегінің биіктігі;

В) терезелер аралығы (40-50 см болуы керек);

Г) шамдардың орналасуы;

Д) бөлме қабырғаларының, жиһаздардың, тақтаның болуы.

5. Есту өткірлігін анықтау.

Есту өткірлігі шамасы есіту табалдырығына байланысты. Есіту табалдырығы неғұрлым төмен болса, есіту өткірлігі соғырлым жоғары болады. Есту табалдырығы дегеніміз құлақ қабылдайтын ең аз күші. Есіту өткірлігі шамасын зерттелушінің сыбырды еститін аса ұзақ ара қашықтық бойынша анықтауға болады. 5м қашықтықта сыбырлаған сөзді жақсы естісе есту өткірлігі қалыпты деп есептеледі.

Зерттелуші барынша кең және бөгде шудан біраз оқшауланған. Бөлменің керегесін қараған құлағын алақаны мен жауып керегеге қырынан тұрады. Зерттелушіден бес метр қашықтықтағы адам демін сыртқа шығарып, демін шығарысы мен 2 таңбалы санды сыбырлап, бірақ ретсіз айтады. (мысалы, 34.37.33.және т.б.). зерттелуші әрбір санды дауыстап қайталайды. Егер ол қателессе, жақынырақ барып сол санды қайталайды. Зерттелушінің сандарды дұрыс қайталайтын ең қашық аралық құлақтың есту өткірлігі болып есептеледі. Зерттелушіні басқаша тұрғызып, екінші құлағын алақанымен жаптырып, тәжірибені қайталайды. Екі құлақтың есту өткірлігін салыстырады. Протоколға құлақтық есту өткірлігін туралы қорытынды жасайды.

 

Жұмысты қорытындылау: Анықталған нәтижелердің табиғи және жасанды жарықтың жеткіліктігін көрсетіңіз

Бақылау сұрақтары:

1. Көру анализаторларының құрылысы қандай?

2. Бинекулярлы көру дегеніміз не?

3. Аккомодация дегеніміз не?

4. Мектеп үйіндегі жарық режимі.

5. Табиғи және жасанды жарыққа қандай гигиеналық шаралар қолданылады?

6. Есту мүшесінің құрылысы және оған қандай гигиеналық шаралар қолданылады.

 

№ 6 Практикалық сабақ

Тақырыбы: Ішкі секреция бездері

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ой еңбегіне,өсіп-дамуына эндокриндік бездердің әсерін анықтау.

Құралдар: Атластар,слайдтар, плакаттар.

Тапсырмалар:

1. Ішкі секреция бездері, олардың өзара байланысы мен атқаратын қызметі

2.Жыныстық жетілу және жыныстық тәрбие

 

Эндокриндік жүйе (ішкі секреция бездері арқылы) жүйке жүйесімен бірге адам ағзасының қызметін реттеуге қатысады. Ішкі секреция бездеріне өнімдері тікелей қанға құйылатын гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқанша серік, тимус (айыр), ұйқы, бүйрек үсті, жыныс бездері жатады. Ішкі секреция бездерінің өнімдерін гормон (іске қосамын, қозғаймын) деп атайды. Гормондар жүйке жүйесімен бірге адам ағзасының физиологиялық процестерін реттеп отырады. Гормондар өте белсенді, алыстан өте аз мөлшерде де әсер ете алатын химиялық заттар. Олардың әсері арнайы бағытталады және оның қызметін басқа гормон немесе зат орындай алмайды. Гипофиз аденогипофиз (алдыңғы, артқы) және нейрогипофиз (артқы) бөліктерден тұрады. Аденогипофизде троптық 22 гормон түзіледі: соматотропин (ағзаның өсун, ақуыз, көмірсу, май алмасуын реттейді), тиреотропин (қалқанша және қалқанша серік бездерінің қызметін реттейді), адренокортикотропин (бүйрекүсті безінің қызметін реттейді), гонадотропиндер (жыныстық дамуға қатысады). Гормондардың керекті мөлшерінен ауытқуы тнрлі аурулар туғызады. Мысалы, соматотропиннің гиперсекрециясы алыптық, ал гипосекрециясы ергежейлік дамиды. Нейрогипофизде вазопрессин (зәр түзілу процесіне қатысады), окситоцин (нәрестенің туылу процесіне қатысады) гормондры бөлінеді. Эпифизде меланин (теріні түссіздендіру), гломерулокортикотропин (бүйрекүсті безінің қызметін тежейді), контргипоталамус-гипофизарлық (гипофиздің гонадотропин гормонының түзілуін тежейді) гормондар түзіледі. Қалқанша безінде тироксин (жүйке жүйесінің қалпын сақтауға, судың алмасуына қатысады), трийодтиронин (ұрықтың жүйке жүйесінің дамуына әсер етеді), кальцитонин (қан құрамындағы кальций мөлшерін реттейді) гормондары бөлінеді. Қалқансерік безінде кальций мен фосфор мөлшерін реттеуге қатысатын паратгормоны бөлінеді. Бүйрекүсті безінің қыртыс қабатында 10 астам кортикостероиды гормондар түзіледі. Қызметіне қарай кортикостероидтар глюкортикоидтар, минералкортикоидтар, адренокортикоидтар болып бөлінеді. Глюкокортикоидтар (кортизол, кортизон, котикостерон) ақуыз, көмірсу, май алмасуға өте белсенді қатысады. Минералкортикоидтарға су мен тұздардың алмасуына қатысатын альдостерон, дезоксикортикостерон гормондары жатады. Адренокортикоидтарға балалық және қартайған шақта жыныс безінің қызметін атқаратын андросерон, эстрол, прогестерон гормондары жатады. Бүйрекүстібезінің милы қабатында жүрек, қан тамыр, бұлшықет жүйелеріне әсері зор адреналин, норадреналин гормондары түзіледі. Ұйқы безінде ағза ншін маңызы зор инсулин, глюкагон гормондары түзіледі. Олар судың, қанттың мөлшерін реттеп, гликогеннің синтезіне қатысады. Жыныс бездерінде тестостерон (аталық безде), эстрогендер мен прогестерон (аналық безде) түзіледі. Бұл гормондар ағзаның жыныстық даму кезңінен бастап бөлініп, жыныстық даму процесін реттейді.

Бақылау сұрақтары:

1. Ішкі секреция бездерінің топографиялық орналасуын көрсет

2. Гиофиз безінің құрылысы мен атқаратын қызметтерін ата

3. Эндокриндік бездердің баланың өсуі мен дамуындағы маңызы

 

№ 7 Практикалық сабақ

Тақырыбы: Тірек-қимыл аппаратының жасқа байланысты ерекшеліктері

Мақсаты: Балалар мен жас өспірімдердің активті және пассивті аппаратының құрылыстары мен функцияларының ерекшеліктеріне баға беру.

Құралдар: Адам қаңқасы, кестелер, схемалар, альбом, қарандаштар.

Тапсырмалар:

1. Қаңқаның құрылысын қарастыру суретін салу.

2. Мектеп оқушысының қаңқа құрылысының ерекшеліктері.

3. Сүйек тканінің дұрыс қалыптасуы үшін қажетті заттарға талдау жасау.

 

Жұмыс барысы:

Мектеп оқушысының қаңқа құрылысының дамуындағы ерекшеліктерді табу. Балалардың сүйегінде кальций тұздары аз, ал органикалық элементтер көп болып, сүйектену процестері әлі аяқталмағандықтан, олардың скелеті өте иілгіш оңай қисайғыш келеді. 12 жас шамасындағы балалардың тканінің құрылысы ересек адамдардікіндей болады. Сүйектің ұзынынын өсу қарқыны жас есейген сайын баяулайды және 18-22 жаста тоқталады. Жаңа туған балада омыртқа жотасы жалпы түзу болғанымен сегізкөз тұсынан аздаған иін байқалады. 2,5 айлық кезінде мойын иіні – лордоз (омыртқа жотасының иін денесі дененің алдына қарай ойысуы) пайда бола бастайды. Алты айлық кезінде яғни бала отыра бастаған кезінде көкірек иіні – кифоз (омыртқа жотасының иін денесі дененің сыртына қарай ойысуы). Бір жасқа толғанда бел лордосы түзіле бастайды. Сонымен, 12 жасында омыртқа жотасының барлық иіндері айқындалады. Аяқ қол скелетінде де сүйектердің дамуы 25 жасқа дейін созылады. Балалардың бас сүйегінің дамуында үш тез өту кезеңі байқалады: 4 жасқа дейін, 6-8 жас және 11-13 жас аралығы. Бірінші тез өсу кезеңінде шүйде және төбе сүйегінің қарқынды өсуі, еңбектің қатаюы. Бас сүйегінің қабырғаларының қалыңдауы. Екінші кезеңде маңдай сүйегі жедел өсіп, қосымша маңдай қуысы пайда болады. Беттің жеке ерекшеліктері жыныстық жетілу кезеңінде қалыптасады (қыздарда 12-14 жаста, ұлдарда 13-15 жаста). Сүйек затының жинақталуына байланысты жас есейген сайын бет бөлімінің сүйектері үлкейе бастайды.

Қорытынды:

1.Балалардың бұлшық еттерінің тез қажу себептеріне талдау жасау.

2.Сүйек тканінің дұрыс қалыптасу үшін қандай заттар қажет екенін білу.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Қаңқаның құрылысы

2. Сүйектің қасиеті, құрамы және құрылысы.

3. Сүйек сынған кездегі алғашқы жәрдем.

4. Тірек-қимыл аппаратының гигиенасы.

 

 

№ 8 Практикалық сабақ

Тақырыбы: Дене бітімінің қалыптасуы.

Мақсаты: Мектеп жиһаздарына қойылатын гигиеналық талаптармен таныстыру.

Құралдар: Кинофильм, слайдтар, кестелер, сызғыштар, рулеткалар.

Тапсырмалар:

1. Мектепжиһаздарына қойылатын гигиеналық талаптар.

2.Оқушыны дұрыс отырғызудың физиологиялық негізін қарастыру.

3. Партаны таңбалауды және оқушыларды бойына сәйкес отырғызуды үйрену.

4. Класс бөлмесіндегі жиһаздардың орналасуына гигиеналық баға беру.

 

Мектеп құрал – жабдықтары педагогикалық, өндірістік және техникалық талаптарға сәйкес келуі қажет. Негізгі талап – құрал жабдықтар балалармен жас өспірімдер организмінің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келуі.

Сонымен бірге, балалардың жарақаттануын болдырмау үшін құрал – жабдықтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптардың да маңызы зор. Мысалы жиһаздардың үшкір және өткір бұрыштарының болмауы, олардың лакпен боялуы және т.б.

Құрал – жабдықтар эстетикалық талаптарға да сәйкес келуі қажет: балалардың нерв жүйесінің қызметін нығайту үшін олардың бояуының түсі ашық, әдемі болуы керек. Бұл оқушылардың көңілінің көтеріңкі болуын, сабаққа ынтасын арттырады.

Оқушыны дұрыс отырғызудың физиологиялық негіздері.

Адамның дене және ой еңбегі кезіндегі белгілі жұмыс қалпы бұлшық еттердің статистикалық ширығуына байланысты. Бұндай жағдай әсіресе оқушылар ұзақ уақыт қимылсыз сабақта отырғанда байқалады. Ұзаққа созылған статистикалық жұмыс сабақ барысында тез шаршамауды туғызатын негізгі фактор. Бұл орталық нерв жүйесінің ерекшеліктеріне және сүйек – бұлшық ет аппаратының жеткіліксіздігіне байланысты төменгі класс оқушыларында жиі кездеседі. Партада отырған кезде статистикалық күшті азайтудың негізгі жолы оқушының дұрыс отыруын қадағалау және партаны оның бойына сәйкес таңдай алу.

Стол мен орындықтың бір – біріне сәйкес келмеуі әр бұлшық ет топтарына әр түрлі күш түсіріп, олардың тез қажуын туғызып, бұлшық ет ассиметриясының нәтижесінде сымбаттың бұзылуына мүмкіндік жасайды.

Стол төмен, орындық биік болса оқушы алға қарай енгіш отырады да, көкірек клеткасы құрсақ қуысы қысыңқы жағдайға келеді. Оң иықтың төмен түсіп, сол жаққа бағытталған сколиозды туғызады.

Стол биік, орындық төмен болса оқушының оң иығы жоғары көтеріліп, оң жаққа бағыттталған сколиоз туғызады.

Партада дұрыс отырмау оқушыны тез шаршатады, жұмыс қабілетін, сонымен бірге кітап пен көздің ара қашықтығы дұрыс болмағандықтан көру өткірлігі төмендейді.

Партада дұрыс отыру – оқушының денесін тік басын сәл еңкейте ұстау. Стол үстіндегі дәптер немесе кітаппен көздің арақашықтығы 30-35 см болуы керек. Көкірек қуысы мен столдың оқушы жағындағы қыры арасында тыныс алу үшін 4-5 см кеңістікті /оқушының алақанының еніндегі /сақтап арқасын орындықтың арқасына сүйеп отыруы қажет. Аяқтары тізе буынында тік бүгіліп, табандары партаның (столдың) аяқ қойғызында орналасады. Екі қолы столдың үстінде ал йықтары стол бетіне параллель бір деңгейде орналасады. Оқушы дұрыс отырғанда құрсақ және көкірек қуысындағы мүшелердің қалыпты жұмысы бұзылмай тыныс алуы еркін, сүйек – бұлшық ет аппараттарына түсетін күш өте шамалы болып, қызметін қалыпты атқарады.

Дұрыс отырғызу стол мен орындықтардың оқушының дене пропорциясына және бойының ұзындығына сәйкес келгенде ғана мүмкін. Орындықтың биіктігі табанмен қоса есептегенде сирақтың ұзындығына қосқанға тең, ал парта орындығының алдынан артына дейінгі тереңдігі санның 3-4 ұзындығына дәл болуы керек.

Егер орындықтың тереңдігі санның ¾ ұзындығынан кем болса оқушының дене салмағы түсетін жер азайып, тез шаршайды, ал керісінше тереңдіктің тым үлкен болса тақым астындағы қан тамырлары мен нервтер қысылуы мүмкін. Оқушының алға қарай сырғанауын болдырмау үшін орындық артқа қарай 2-3 см көлбеу болған дұрыс. Сонымен бірге парта бетінің көлбеу болуы, оқушыға кітаппен не дәптермен жұмыс істегенде басын тым еңкейтпеуіне мүмкіндік жасайды. Әсіресе жазба жұмыстары кезінде көздің аккомодациялық өзгерістері жеңілдейді.

Партада отырғанда арқа бұлшық еттерінің шаршауын болдырмау үшін, оқушы арқасын тіреп отыруы керек. Әрбір орындықтың арқалығы екі тақтайдан құрылса, жоғарғысы жауырынның төменгі бұрышынан 2-3 см төмен, ал төменгісі бел омыртқаларының деңгейінде болғаны дұрыс. Мұндай арқалық денеге жақсы тірек болып, дем алғанда немесе сабақ ауызша жүргенде оқушының шалқайып отыруына мүмкіндік жасайды.

Парта мен столдардың және орындықтардың беті тегіс әрі жылтыр болуы үшін эмальмен, лакпен бояйды немесе пластикамен қаптайды.

Класс жиһаздары жылуды аз өткізетін берік металдардан жасалып, ақшыл бояумен боялады.

Бұлар оқушының бойларына сәйкес 15см аралықпен 5 топқа бөлінді.

Сонымен парталар мен столдардың және орындықтардың кәсіпорындық таңбалары бойынша оқушының бойына сәйкес дұрыс таңдап алуға болады.

Әріппен таңбалау Бойдың ұзындығы (өсу градациясы, см) Түрлі түсті таңбалау
А 130 – ға дейін Сары
Б 131-145 Қызыл
В 146-160 Көгілдір
Г 161-175 Жасыл
Д 175 – тен жоғары. Ақ

Кәсіпорындарда жасалған әр парта таңбаланды (маркасы). Бүйірінде немесе қақпағының астында жуылмайтын бояумен: алдына – партаның таңбасын, ал бүйірінде – оқушының бойын қояды.

Түсті бояумен таңбалағанда түсті дөңгелектің диаметрі 1520 мм немесе тілімшенің ені 15-20 мм болуы керек.

Оқушыларға арналған столдар мен парталар бір немесе екі орынды болып жасалады. Бір орындысы, ал екі орындысы – жалпы білім беретін мектептерге арналған.

 

Партаның негізгі бөліктері.

Партаның арқалығы – бел лордозының деңгейінде болады. Бұл оқушының арқасын тіреуді қамтамасыз етеді.

Парта арқалығы дистанциясы – бұл арқалықтың ең дөңес жерінен қақпақтың артқы шетіне дейінгі аралық. Ол көкірек клеткасының арқа кеуде диаметріне демалу қимылдары үшін 4-5 см қосылғанда тең болуы қажет. Ол теріс және оң болады.

Партаның дифференциясы – бұл вертикаль бойынша отырғыштың бетінен қақпақтың артқы шетіне дейінгі аралық немесе стол мен орындықтың үстіңгі бетінің арасы.

Төменгі класс оқушылары үшін теріс дистанциялы орындығы бар парта қолданылады. Бұл парта жазу кезінде дененің дұрыс қалпын қамтамасыз етеді.

Егер жөндеу жұмыстарынан кейін партаның беті боялып қалса таңбаны мұғалім салады. Ол үшін арнаулы өлшегішпен немесе метрлік таспамен парта қақпағынан артқы шеткі биіктігін өлшеп А.Ф. Листовтың формуласымен немесе арнаулы кестенің көмегімен анықтайды.мұғалім оқушылардың бойын өлшеп әрқайсысына қажет партаны № көрсетіп арнаулы кесте жасайды. Ал, класты қажетті парталар мен қамтамасыз ету үшін және оқушыларды дұрыс отырғызу үшін маңызды документ болып есептеледі.

Оқушыларды отырғызған да олардың бойының ұзындығын ғана ескермей, денсаулық жағдайын және әрбір оқушының өзіндік ерекшеліктерін де ескерген жөн. Кластағы 1және 2 парталарға көзінің көруі нашар балаларды отырғызу керек.

Жұмыстың барысы.

Кестедегі деректерді қолданып, осы аудиториядағы столдар мен орындықтардың № анықтаңыз.

       
           
           
           
           
           
           
     
Жиһаз тобы Балалардың бойы Столдың оқушы отыратын жақтағы шетінің биіктігі (см) Орындықтың алдыңғы шетінің биіктігі (см)
    Таңба бойынша Нақтылы биіктігі Таңба бойынша Нақтылы биіктігі
А 130 дейін        
Б 131-145        
В 146-160        
Г 161-175        
Д 175 жоғары        
               

 

2. Столдар орындықтардың биіктігін А.Ф.Листовтың әдісімен анықтау.

N стол = R – 4

R – столдың немесе парта қақпағының биіктігі

N орындық = R-4

R – орындықтың немесе парта отырғышының биіктігі.

Осы формула бойынша анықталған деректер бір – біріне сәйкес келіп партаның № көрсетуге тиісті.

Мысалы: столдың биіктігі 59 см, оны 5 ке бөлгенде 2 шығады, қалдықты еске алмай, бөліндіден 4 алғанда 7 қалады. Бұл столдың №..

Орындықтың биіктігін өлшеп, алынған санды 3 ке бөлеміз, қалған қалдықты еске алмай, бөліндіден 4-ті алады. Айталық, орындықтың биіктігі 34 см, онда 34:3 =II; II – 4 =7. 7 саны орындықтың № көрсетеді.

Сонымен бұл формулаларды қолданғанда алынған нәтижелер бір – бірімен дәл келуі керек. Егер есептегенде әртүрлі сан алынса, онда стол мен орындықтың сәйкес еместігі немесе партаның әртүрлі бөлшектерден жиналғаны, яғни стандартты еместігі.

3.А.Ф.Листов әдісімен қажетті партаны № анықтау. R-5 =N2 парта (п-оқушының бойы)

Бойдың бірінші екі санынан 5 (тұрақты сан алу керек)

Мысалы: оқушының бойы 164 см болса: 16-5 =11. Демек, б7 л оқушыға 2№ парта қажет.

Оқушының аты-жөні Бойы (см) Қажетті парта № Нақтылы парта №
Амантаева Ж     ?S

Қорытынды:

1.Оқушының жұмыс орнына баға беріңіз.

2. Топтағы студенттерге қажетті столдардың санын анықтау.

3. Оқу бөлмесінде жиһаздардың орналасуына гигиеналық баға беру.

 

Бақылау сұрақтары.

1. Мектеп жабдығына қойылатын негізгі талаптар.

2. Партаға қойылатын гигиеналық талаптар.

3. Класс тақтасы және кластағы басқа оқу жабдықтары.

4. Зертханалық пен дене шынықтыру жабдығы.

 

 

№ 9 Практикалық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту мүшелерінің құрылысы


Дата добавления: 2014-12-11 | Просмотры: 2357 | Нарушение авторских прав



1 | 2 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.091 сек.)