АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

A. дисфагия 2 страница. 13. Тұқымқуалайтын гемолитикалық анемияға тән емес:

Прочитайте:
  1. A. дисфагия 1 страница
  2. A. дисфагия 1 страница
  3. A. дисфагия 2 страница
  4. A. дисфагия 3 страница
  5. A. дисфагия 3 страница
  6. A. дисфагия 4 страница
  7. A. дисфагия 4 страница
  8. A. дисфагия 5 страница
  9. A. дисфагия 5 страница

В. 8.0. 106

С. 20.0. 106

+ 4.0. 106

Е. 100.0.0. 106

13. Тұқымқуалайтын гемолитикалық анемияға тән емес:

A. орақ клеткалы анемия

B. микросфероцитарлы анемия

C. талассемия

D. глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығынан дамыған анемия

+ пароксизмальді түнгі гемоглобинурия

14. Аутоиммунды тромбоцитопения емінде қолданылмайтын әдіс:

+ тромбоциттарлық масса құю

B. глюкокортикоидтарды ішке қабылдау

C. спленэктомия

D. иммунодепрессивті химиотерапия

E. плазмоферез

15. Темір тапшылық анемияға тән:

A. гематокриттің төмендеуі

+ түстік көрсеткіштің төмендеуі

C. макроцитоз

D. лейкопения

E. гипербилирубинемия

16. Темір тапшылық анемияның патогенезінде маңызы зор:

+ гемоглобин түзілуінің төмендеуі

B. ДНК синтезінің төмендеуі

C. эпителий тінінің зақымдалуы

D. уытты қышқылдардың жиналуы

E. гемолиздің күшеюі

17. Темір тапшылық анемияның ең сирек себебі болуы мүмкін:

+ панкреатит

B. асқазан және 12 елі ішек жара ауруы

C. Крон ауруы

D. спецификалық емес жаралы колит

E. диафрагма өңеш тесігінің жарығы

18. Аталғандардың біреуінен басқасы, темір алмасу бұзылысын көрсететін көрсеткіштерге жатады:

A. сарысулық темірдің төмендеуі

B. жалпы темір байланыстырушы қабілеттің жоғарлауы

+ түстік көрсеткіштердің жоғарылауы

D. темірдің трансферринмен қанығуының төмендеуі

E. микроцитоз

19. Ағзаның темір қорының төмендеуі анықталады:

A. эритроциттер протопорфириндердің деңгейінің жоғарлауы

+ сарысулық ферритиннің төмендеуі

C. макроцитоз

D. жалпы темір байланыстырушы қабілеттің жоғарлауы

E. десфералды енгізген соң зәрде темірдің жоғарылауы

 

20. Витамин В12 сіңеді:

A. асқазанда

+ мықын ішектің проксимальді бөлігінде

C. мықын ішектің дистальді бөлігінде

D. аш ішекте

E. ұлтабарда

21. Фуникулярлы миелозда зақымдалады:

A. жұлынның алдыңғы өсіндісі

+ жұлынның артқы-бүйір өсіндісі

C. жұлын

D. бас миының сұр заты

E. бас миының ақ заты

22. В12 – тапшылық анемияға тән емес:

A. гиперхромды анемия

B. полисегментоядролы нейтрофилдер

C. лейкопения

D. тромбоцитопения

+ микросфероцитоз

23. Витамин В 12 тапшылығына әкелетін себептерге жатпайды:

A. Кастл ішкі факторының түзілуінің бұзылысы

B. ішектердің патологиясындағы сіңірілудің бұзылысы

C. ұйқы безінің ферментті қызметінің төмендеуі

D. В12 витаминнің аспен түсуінің тапшылығы

+ көмірсу алмасуының бұзылысы

24. В12 тапшылық анемияның өршу кезеңінде шеткі қанда анықталады:

A. микросфероцитоз

B. анэозинофилия

+ Жолли денешігі, Кебот сақинасы

D. лимфоцитопения

E. моноцитоз

25. Қандай зертханалық көрсеткіш өзгерісі анықталғанда В12-тапшылық анемия диагнозы күмәнсіз болады:

A. түстік көрсеткіштің жоғарлауы

B. эритроциттер санының төмендеуі

C. эритроциттердің макроцитозы

+ сүйек кемігінің мегалобластозы

E. лейкоциттер санының азаюы

26. Тұқымқуалаушылық микросфероцитозбен науқастарды емдеуде нәтижелі әдіс болып табылады:

+ спленэктомия

B. темір препараттарын тағайындау

C. витамин В12

D. кортикостероидтар

E. гемотрансфузиялар

27. Маркиафавы-Миккел ауруы туралы қандай тұжырым дұрыс емес:

+ шеткі веналардың және ішкі мүшелердің тромбоздарымен жиі асқынады

B. зәрде бос гемоглобиннің болуы

C. клеткаішілік гемолиз

D. жүре пайда болған гемалитикалық анемияларға жатады

E. жиі лейкопения және тромбоцитопения анықталады

28. Жедел лейкоздың рецидиві диагнозы анықталады:

A. шеткі қанда бласты клеткалардың пайда болуы

B. экстрамедулярлы лейкемиялық зақымдалуы

C. сүйек кемігінің пунктатында 5% астам бласты клеткалардың анықталуы

D. нейролейкемияның болуы

+ аталған белгілердің біреуі анықталса жеткілікті

29. Боткин-Гумпрехт көлеңкелері қай ауруда анықталады:

A. жедел миелобласты лейкозда

+ созылмалы лимфолейкозда

C. созылмалы мелолейкозда

D. жедел екшелмеген лейкозда

E. созылмалы мегакариоцитарлы лейкозда

30. Гемофилияға қан кетудің қай түрі тән:

+ гематомдық

B. петехиялық

C. петехиялы - дақты

D. ангиоматоздық

E. аралас

31. Созылмалы лимфолейкоздағы лимфоаденопатия синдромына тән емес:

A. лимфа түйіндерінің мөлшері біртіндеп ұлғаяды

B. үрдіске лимфа түйіндердің барлық тобы қосылады

C. лимфа түйіндерінің консистенциясы жұмсақ

D. лимфа түйіндері ауырсынбайды

+ лимфа түйіндері өзара және терімен жабысады

32. Лимфогранулематоз кезінде лимфа түйіндерін гистологиялық зерттегенде анықталады:

A. фолликулярлы клеткалар

B. Штенгеймер-Мальбин клеткалары

+ Березовский-Штернберг клеткалары

D. фолликулла маңылық клеткалар

E. Пирогов-Лангханс клеткалары

33. Темір тапшылықты анемияға тән белгі:

A. ретикулоцитоз

B. макроцитозы

+ сарысудың темір байланыстырушы қасиетінің жоғалуы

D. тіндерде темірдің жиналуы

E. ЭТЖ жоғарылауы

34. В12 витаминінің сіңірілуіне қажет фактор:

A. тұз қышқылы

B. гастрин

C. пепсин

+ гастромукопротеин

E. фолий қышқылы

35. В12-тапшылықты анемияға тән сүйек кемігіндегі өзгерістер:

A. гемопоэз гипоплазиясы

B. миелобласттар санының жоғарылауы

+ мегалобластикалық эритропоэз

D. лимфоциттер санының жоғарылауы

E. эритроидтық өсіндінің гиперплазиясы

36. В12-тапшылықты анемияның емдеу әдісі:

A. перидоксиннің курсты тағайындалуы

B. глюкокортикостероидтарды қолдану

+ цианокобаломинді қолдану

D. цианокобаломинді темір препараттарымен қоса қолдану

E. плазма құю

37. Тамырішілік гемолизге тән:

+ айқын гемолиз кезіндегі гемоглобинурия

B. сүйек миында сидеробласттар санының азаюы

C. бүйрек гемосидерозының болмауы

D. плазмада бос гемоглобин жоғарыламаған

E. зәрде гемосидерин болмауы

38. Гипопластикалық анемияға тән:

A. спленомегалия

+ панцитопения

C. гем синтезінің бұзылуы

D. гиперхромия

E. лимфоцитопения

39. Гипопластикалық анемиямен иммунды тромбоцитопенияның ажырату диагностикасында негізгі зерттеу болып табылады:

+ трепанобиопсия

B. қанның жалпы анализі

C. коагулограмма

D. УДЗ

E. сүйек ретгенографиясы

40. Жедел лейкоздың диагностикалық белгісі болып табылады:

A. геморрагиялық және анемиялық синдромдардың бірігуі

B. анемиялық және септико-некротикалық синдромдар бірігуі

+ сүйек кемігінің бластты трансформациясы (бластоз 30% артық)

D. лимфа түйіндер пунктатында Березов-Штернберг клеткаларының болуы

E. шеткі қанда Боткин-Гумпрехт көлеңкелерінің болуы

41. П. атты 42 жастағы науқас, 12-екі елі ішектің ойық жарасымен ауырады, әлсіздікке, бас айналуына, ентігуге, физикалық күш түскенде жүрек соғуына шағымданады. Бір рет нәжісі қара түсті болған. Объективті: терісі мен көрінетін кілегей қабаты бозғылт. Жүрек үндері тұйық, жүрек ұшында систолалық шу, ЖЖЖ - 102 рет мин. Эпигастрии аймағында ауырғандық. Қанында: эритроциттер - 2,6 млн., Нв - 70 г/л, ТК - 0,8, лейкоциттер - 3,8 мың. Ойық жара ауруының асқынуы ретінде қандай анемия дамуы барынша мүмкін?

A. В12-тапшылықты

B. гипопластикалық

+ темір тапшылықты

D. Маркиафава-Микели ауруы

E. аутоиммунды гемолитикалық

42. Гипохромия, микроцитоз, ферритин мен сарысулық темір деңгейінің төмендеуі және 1 айдай темір препараттарымен емдегенде оң нәтиже беруі қандай ауруға барынша тән?

A. талассемияға

B. В12-ташылықты анемияға

+ темір тапшылықты анемияға

D. фолитапшылықты анемияға

E. Минковский-Шоффар ауруына

43. Д. атты 34 жастағы науқас әлсіздік, бас айналуы, жүрек қағуы, дем жетіспеу сезіміне шағымданады. Геморроймен ауырғанына 2 жыл болған. Объективті: тері мен кілегей қабаттары бозғылт, койлонихиялар бар. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында систолалық шу естіледі. ЖЖЖ-119 рет минутына. Қанда: эритроциттер-2,7млн., Нв-82г/л, ТК-0,75, лейкоциттер-4,8мың, тромбоциттер-200мың, ЭТЖ-17 мм/сағ, анизоцитоз, пойкилоцитоз. Сарысулық темір-6,4мкмоль/л. Төмендегі препараттардың қайсысын тағайындау барынша тиімді:

+ сорбифер ішке қабылдау

B. преднизолонды ішке қабылдау

C. ферум-лекті көк тамырға

D. десфералды бұлшықетке

E. эритроциттік массаны көк тамырға

44. С. атты 60 жастағы науқас әлсіздікке, эпигастрий аймағындағы ауру сезіміне, нәжісінің тұрақсыздығына шағымданады. Объективті: тері мен көзге көрінетін кілегей қабаттары бозғылт-сарғыш түсті. Беті ісінген. Тілі "жылтыр". Бауыры, талағы аздап ұлғайған. Қанда: эритроциттер - 2,6 млн., Нв - 104 г/л, ТК - 1,2, лейкоциттер - 2,7 мың, тромбоциттер -115 мың. ЭТЖ - 30 мм/сағ, макроцитоз, полисегментарлық нейтрофильдер. Билирубин-38,5мкмоль/л. Миелограмма: мегалобласты қан түзілу. Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы мүмкін?

A. апластикалық анемия

B. В12 тапшылықты анемия

+. темір тапшылықты анемия

D. Маркиафава-Микел ауруы

E. аутоиммундық гемолитикалық анемия

45. Г. атты 68 жастағы науқаста келесі қан көрінісі анықталды: эритроциттер - 3,1 млн., Нв - 93 г/л, ТК -1,1, лейкоциттер - 3,8 мың, тромбоциттер - 120 мың, ретикулоциттер-0,4%, ЭТЖ-4мм/сағ, жартылай сегменттарлық нейтрофилдер. Науқасты қандай тәсілмен емдеу барынша тиімді?

A. десфералды енгізу

+. В12 витаминді тағайындау

C. темір препараттарын тағайындау

D. тромбоциттық массаны қолдану

E. жаңа мұздатылған плазманы құю

46. Гипохромды анемиямен 3 жылдан бері емделіп жүрген 38 жастағы науқаста қақпалық көктамырдың тромбозы дамыды. Бұл көрініс қандай ауруға тән:

A. талассемияға

B. темір тапшылықты анемияға

C. антифосфолипидті синдромға

D. аутоиммундық гемолитикалық анемияға

+. пароксизмальды түнгі гемоглобинурияға

47. А. атты 53 жастағы науқас аяғындағы абсцесті метициллинмен емдеу фонында дене қызуы 40°С көтеріліп, тамағында ауру сезімі, афталар пайда болды. Қанында: эритроциттер -4,2 млн., Нв - 132 г/л, лейкоциттер - 2,1 мың, таяқша - 0, сегменттер - 6%, лимфоциттер - 94%, тромбоциттер - 180 мың, ЭТЖ - 46 мм/сағ. Миелограммада: гранулоцитарлы қатардың жасушалары жоқ. Метициллинді алып тастап, қабынуға қарсы ем жүргізгеннен кейінгі 1-ші аптаның соңында плазмалық жасушалар, бірен-саран миелоциттер, моноциттер пайда болды. Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы мүмкін?

A. жедел лейкоз

B. гаптендік агранулоцитоз

+ метициллинге аллергиялық реакция

D. миелоидтық типті лейкемоидтық реакция

E. созылмалы миелолейкоздың өршу сатысы

48. З. атты 19 жастағы науқас қызыл иегінің қанауына, тамағының ауыруы мен әлсіздікке шағымданады. Объективті: дене қызуы 39°С. Тері жабындылары бозғылт, көптеген бөртпелер мен экхимоздар. Көмекейінде-өліеттенген жабынды. Жақасты лимфа түйіндері ұлғайған. Бауыры, талағы қабырға доғасынан 2см төмен ығысқан. Қанда: эритроциттер - 2,5 млн., Нв - 75 г/л, ТК - 0,9, лейкоциттер - 29 мың, бластар - 98%, сегменттер - 2%, тромбоциттер - 28 мың, ЭТЖ-66мм/сағ. Цитохимия: миелопероксидазаға реакциясы оң. Диагнозды нақтылауға төмендегі көрсеткіштердің қайсысы барынша мәліметті?

A. анемия

+. бластемия

C. лейкоцитоз

D. ЭТЖ жоғарылауы

E. тромбоцитопения

49. Ж. атты 23 жастағы науқас үдемелі ентігуге, мұрынынан қан кетуге, дене қызуының 38ºС дейін жоғарылауына шағымданады. ЖРВИ-дан 10 күннен соң жағдайы нашарлаған. Объективті: терісі бозғылт, ішінде, сандарында петехиальдық-дақты бөртпелер. Жүрек тондары тұйықталған, ЖЖЖ -110 рет минутына. Талақ қабырға астынан 3см төмен ығысқан, ауырмайды. Төмендегі белгілердің қайсысы аурудың толық ремиссиясын анықтауға көмектеседі?

A. қандағы гемоглобин деңгейінің қалыпты болуы

B. шеткі қанда бластемияның болмауы

+. миелограммада бласты клеткалар 5 %-тен көп емес

D. миелограммада бластты клеткалар 10%-тен көп емес

E. бір ағзадан көп емес лейкемиялық инфильтрация белгілері

50. К. атты 26 жастағы науқас үдемелі әлсіздік, ентігу, жүрек соғуына, жиі мұрыннан қан кету, дене қызуының 38ºС көтерілуіне шағымданады. 2 айдан бері ауырады. Әскерде ракеталық бөлімде қызмет еткен. Об-ті: терісі мен көрінетін кілегей қабаттары бозғылт, терілік геморрагиялар. Лимфа түйіндері, бауыры, талағы ұлғаймаған. Қанында: эритроциттер -1,8 млн., Нв - 56 г/л, ТК - 0,93, лейкоциттер - 2,1 мың, таяқша – 2%, сегменттер – 68%, эозинофилдер – 4%, лимфоциттер – 34%, моноциттер – 2%, ЭТЖ - 45мм/сағ. Төмендегі емдердің қайсысы барынша тиімді?

A. гемотрансфузия

B. цитостатиктерді тағайындау

C. темір препараттарын тағайындау

D. анаболикалық гормондарды тағайындау

+. аллогенді сүйек кемігінің трансплантациясы

51. Созылмалы пиелонефритте несеп тұнбасында қандай өзгерістер болады:
+. лейкоцитурия, бактериурия, гипостенурия

B. гематурия, лейкоцитурия, цилиндрурия

C. тек қана протеинурия

D. тек қана бактериурия

E. макрогематурия

52. Созылмалы пиелонефрит кезіндегі ең аз ақпарат беретін зерттеу әдісін таңдаңыздар:

A. Нечипоренко сынамасы

B. Зимницкий талдауы

С. бүйрек УДЗ-і

D. жалпы несеп талдауы
+. Реберг сынамасы

53. Созылмалы бүйрек шамасыздығының сенімді белгісі болып табылады:

A. артериальдық гипертензия

B. гиперкалиемия

+. қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы

D. олигурия

Е. анемия

54. Науқас 46 жаста, әлсіздікке, күшті бас ауруына шағымданады. Анамнезінде: созылмалы цистит. Қарау барысында ЖЖЖ минутына-66 рет. АҚҚ -190/125 мм. с.б.б. Жүректің сол жақ қарыншасының гипертрофия белгілері бар. Тыныс және асқорыту мүшелері жағынан патология жоқ. Несеп анализінде: меншікті тығыздық: 1005-1010, лейкоцит 10 x 109/ л. Болжам диагнозыңыз:

A. бүйрек амилоидозы

В. жедел гломерулонефрит

C. созылмалы гломерулонефрит асқынуы
+. созылмалы пиелонефрит

Е. жедел бүйрек жеткіліксіздігі

55. Несеп тұнбасы себіндісін жүргізу қажет:

+ созылмалы пиелонефритте

B. созылмалы гломерулонефритте

С. бүйрек амилоидозында

D. бүйрек инфарктісінде

E. созылмалы бүйрек шамасыздығында

56. Нефритке ұқсас жедел және созылмалы пиелонефриттің солғын ағымы. Төменде аталған белгілердің қайсысы пиелонефритке тән емес:

А. бел аймағындағы симметриялы емес ауырғандық синдромы

B. дизурия, кіші дәреттің жиілеуі

+ айқын протеинурия, гематурия

D. айқын бактериурия

E. гипохромдық анемия

57. Төменде аталған шағымдардың қайсысы созылмалы пиелонефритпен нақуастарға тән:

+ дене қызуының жоғарылауы, бел аймағындағы ауырғандық, дизуриялық белгілер

B. массивті ісік

С. көрудің төмендеуі

D. ентікпе, жүрек соғуы, жүрек аймағындағы ауырғандық

E. диарея

58. Төменде келтірілген патологиялық процестің қайсысы гломерулонефритке тән?

А. бүйректің біржақты зақымдануы

В. бүйректің ошақты зақымдануы

+. бүйректің екі жақты жайылмалы зақымдануы

D. бүйректің сегментарлы зақымдануы

Е. барлығы дұрыс

59. Нефрит кезіндегі патологиялық процестің локализациясын көрсетіңіз:

А. нефрон каналдарының төмендеуші бөлігі

+ нефронның шумақты аппараты

С. интерстициальды бүйрек ткані

D. нефрон түтікшелерінің жоғарылаушы бөлігі

Е. аталғандардың бәрі дұрыс

60. Төменде келтірілген инфекцияның қайсысы көбіне нефрит кезінде бүйрек зақымдалуын туғызады?

А. стафилокок

+. бета- гемолитикалық стафилокок

С. гонокок

D. вирус

Е. микоплазма

61. Нефрит патогенезінің қалыптасқан басты себебін көрсетіңіз?

А. бактериалды қабыну

В. асептикалық қабыну

+. иммунды-аллергиялық қабыну

D. вирустық қабыну

Е. аталғанның барлығы

62. Геолог 26 жаста, созылмалы тонзилитпен ауырады. Экспедицияда баспамен ауырды, 2 аптадан соң көз айналасы ісінген, әлсіздік, жұмысқа қабілеті төмендеді. Ентігу, беті және бел аймағы ісіну пайда болды. Ауру басталғаннан 3 айдан соң беті, белі ісініп, гидроторакс байқалды. Жүрек тондары тұйықталған. АҚҚ 125/80 мм.с.б.б. Зәр анализі: салыстырмалы тығыздығы 1021, белок 9г/л, эритроциттер 15-20 көру аймағында, гиалинді цилиндрлер 2 -4 көру аймағында. Болжам диагноз:

А. жедел гломерулонефрит

+. нефроз синдромымен жедел гломерулонефрит

С. жайылмалы миокардит нәтижесінде дамыған жүрек жетіспеушілігі

D. аралас типті созылмалы гломерулонефриттің асқынуы

Е. бүйрек амилоидозы

63. М. атты 42 жастағы науқас оң аяғының 1 табан сүйегінің буындарында кенет пайда болған ұстамалы ауырғандыққа, бел аймағындағы ауру сезіміне, дене қызуының 38°С дейін жоғарылуына шағымданады. Қан анализінде: лейкоциттер - 5,8 мың, ЭТЖ - 20 мм/сағ, зәр қышқылы - 0,720 ммоль/л, креатинин - 0,140 ммоль/л, мочевина -15 ммоль/л. Зәр анализінде: салыстырмалы тығыздығы - 1015, белок - 0,9 г/л, гиалинді цилиндрлер - 10 к/а, зәр қышқылы +++. Аталған диагноздардың қайсысының болуы мүмкін?

A. бүйрек амилоидозы

B. несеп-тас ауруы

+. құяңдық нефропатия

D. жедел гломерулонефрит

E. созылмалы пиелонефриттің өршуі

64. Аталғандардың біреуінен басқасы, созылмалы гломерулонефриттің 4 компонентті еміне жатады:

+. делагил

B. гепарин

C. преднизолон

D. дипиридамол

E. циклофосфан

65. Н. атты 26 жастағы науқас баспамен ауырған. 2 апта өткеннен кейін қабағының ісінуі, әлсіздік, жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуі, ал 1 ай өткеннен кейін бел және жыныс мүшелері аймағындағы ісінулер пайда болған. Зәр анализі: салыстырмалы тығыздығы - 1021, белок - 4,0 г/л, эритроцттер - 15-20 к/а, препаратта гиалинді цилиндрлер анықталды. Аталған диагноздардың қайсысының болуы мүмкін?

A. бүйрек амилоидозы

B. несеп-тас ауруы

C. созылмалы пиелонефрит өршуі

D. созылмалы гломерулонефрит өршуі

+. стрептококтан кейінгі жедел гломерулонефрит

66. М. атты 37 жастағы науқас кенет пайда болған әлсіздікке, басының ауруына, тәбетінің төмендеуіне, дене салмағының төмендеуіне, аяқтарының ісінуіне шағымданады. Бүйрек ауруымен ауырғанына 5 жыл болған. Қарағанда: дене салмағы төмендеген, терісі бозғылт - сарғыш түсті, беті ісінген, аяқтары мен табандары ісінген. Қан анализінде: Нв - 70 г/л, эритроциттер - 2,0 млн., лейкоциттер - 5,7 мың, ЭТЖ - 20 мм/сағ. Зәр анализі: салыстырмалы тығыздығы - 1012, белок - 1,5 г/л, лейкоциттер - 4-5 к/а, эритроциттер - 5-6 к./а. Қандай зерттеу барынша мәліметті?

A. хромоцистоскопия

+. бүйректің пункциондық биопсиясы

C. бүйректің жалпы шолу рентгенографиясы

D. Бенс-Джонс белогын анықтау

E. зәрді бактериологиялық зерттеу

67. Т. атты 32 жастағы науқасты баспамен ауырғаннан кейін беті, бел аймағы, аяқтарындағы ісінулер мазалайды. Зәр анализі: салыстырмалы тығыздығы - 1020, белок - 1,4 г/л. Қандай зерттеу барынша мәліметті?

A. Штернгеймер-Мальбин жасушаларын анықтау

B. зәрді бактериологиялық зерттеу

+. тәуліктік протеинурияны анықтау

D. Бенс-Джонс белогын анықтау

E. Зимницкий сынамасын анықтау

68. Келесі ауруда нефроз синдромы дамуы мүмкін:

+. бүйрек амилоидозында

B. бүйрек туберкулезінде

C. жедел пелонефритте

D. созылмалы пиелонефритте

E. интерстициальды нефритте

69. Қандай ауру салдарынан дамыған нефроз синдромында глюкокортикоидтар тағайындалады:

A. бүйрек ісіктерінде

B. бүйрек туберкулезінде

+. бүйрек амилоидозында

D. жүйелі қызыл жегіде

E. диабеттік гломерулосклерозда

70. Аталған препараттардың біреуінен басқасы, нефроз синдромның патогенетикалық емі жоспарына кіреді:

A. цитостатиктерді

+. антибиотиктерді

C. антиагреганттарды

D. антикоагулянттарды

E. глюкокортикоидтарды

71. Я. атты 24 жастағы науқасты бетінің және аяқтарының ісуі, қызба, кіші буындардағы және бел аймағындағы ауырғандық мазалайды. Теңізде дем алғаннан кейін, бет және мұрын үсті қызарып, қызуы көтеріліп, шашы түсіп, ауырған. Қанда: Нв - 81 г/л, эритроциттер - 2,8 млн., лейкоциттер - 3,2 мың, тромбоциттер – 136 мың, эозинофилдер – 8%, ЭТЖ - 40 мм/сағ, СРБ +++, гамма-глобулиндер - 25%. Зәр анализі: белок – 3,1 г/л, лейкоциттер - 10 к/а, эритроциттер – 20-25 к/а, гиалинді цилиндрлер - 10 к/а. Емдеу жоспарына қандай дәріні қосқан неғұрлым тиімді:

A. диуретиктерді

B. уросептиктерді

C. метаболиктерді

D. антибиотиктерді

+. глюкокортикоидтарды

72. Аш ішекте сіңірілудің бұзылуы, гепатоспленомегалия, бүйрек мөлшерінің ұлғаюы төмендегілердің қайсысына тән?

+. бүйрек амилоидозына

B. бүйрек поликистозына

C. бүйрек-тас ауруына

D. жедел гломерулонефритке

E. созылмалы пиелонефритке

73. Урограмма мәліметтері бойынша асимметриялық зақымдану, бүйрек тостағанша, түбекшесінің және несепағардың жоғарғы 1/3 бөлігінің кеңеюі тән:

+. пиелонефритке

B. бүйрек амилоидозына

C. бүйрек туберкулезіне

D. гломерулонефритке

E. несеп-тас ауруына

74. В. атты 37 жастағы науқасты бел аймағындағы ауырғандық, несеп шығуының жиілеуі мазалайды. 5 жыл бұрын босанғаннан кейін бел тұсындағы ауырғандық, қызба, дизурия мазалаған. Объективті: дене қызуы 37°С. Бел аймағын қағу белгісі екі жақтада оң. Қанда: лейкоциттер - 6,1 мың, ЭТЖ – 20 мм/сағ. Зәр анализінде: салыстырмалы тығыздығы – 1005, белок – 0,033 г/л, лейкоциттер – к/а толық қамтыған, эритроциттер – сілтіленген және өзгермеген 3-5 к/а. Нечипоренко сынамасында: эритроциттер - 1 мың, лейкоциттер - 20 мың, сафронинмен бояғанда Штернгеймер-Мальбин клеткалары анықталады. Төменде келтірілген аурулардың қайсысы болуы мүмкін?

A. бүйрек рагы

+. пиелонефрит

C. бүйрек амилоиидозы

D. бүйрек поликистозы

E. гломерулонефрит

75. Созылмалы пиелонефриттің өршуін дәлелдеу үшін қандай зерттеу жүргізу қажет:

A. Реберг сынамасын

B. Зимницкий сынамасын

C. жалпы зәр анализін

+. Нечипоренко сынамасын

E. тәуліктік протеинурияны анықтау


Дата добавления: 2014-12-12 | Просмотры: 1821 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.037 сек.)