АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Гипофиз

Прочитайте:
  1. A) гипофизе
  2. II. Вторичный (центральный, гипофизарный) гиперкортизолизм.
  3. А. Болезни аденогипофиза
  4. А. Оценка состояния гипоталамо-гипофизарно-надпочечниковой системы
  5. Аденома гипофиза.
  6. Аденомы гипофиза
  7. Анатомо-физиологические особенности гипоталамо-гипофизарной системы.
  8. Анестезия при аденоме гипофиза
  9. Б. Гипофиз
  10. Б. Регуляция секреции гормонов аденогипофиза

Гипофиз мидың түп жағындағы түрік ершігінде орналасқан, салмағы 0,5-0,6 г, алдыңғы, ортанғы, артқы бөліктерден тұрады. Алдыңғысы -аденогипофиз, ортаңғысы — меланогипофиз, артқы бөлігі — нейрогипофиз деп аталады. Құрылысы және қызметі жағынан бұлар әртүрлі, сондықтан олардың әрқайсысын бөлек без деуге де болар еді.

Адам және жануарлар тірлігі үшін қай бездің қандай маңызы бар екенін білу мақсатымен зерттелетін безді сылып алып тастайды (экстирпация). Гипофизді алып тастаса (гипофизэктомия) өсімтал жас бала өспей қалады, жыныс бездері кеш жетіледі, ал ересек адамның бездерін алып тастаса, жыныстық шабыты төмендейді. Белок, май, көмірсу алмасуы бұзылады, қалқанша без, бүйрекүсті бездер кішірейеді, қызметі нашарлайды. Несеп бөлінуінде тәуліктік диурез күшейіп, шыжындық белгілері пайда болады (полиурия). Сырттан тиетін зиянды әсерлерге деген төзімділігі кемиді. Осы айтылғандарың бәрі гипофиздің гормон шығару қызметінің нашарлауының (гипосөлініс) салдары. Ал гипофиздің қызметі күшейсе (гиперсөлініс) мүндай өзгерістердің сипаты қарама-қарсы.

Гипофиздің алдыңғы бөлігі — аденогипофиз үш түрлі, атап айтқанда, ацидофилдік, базофилдік және хромофилік жасушалардан тұрады. Соңғылары — бас жасушалар осы бас жасушалардан дамиды. Бастапқы аталған екеуі бүйрек үстіндегі бездердің қызметін күшейтіп, құрылымдық сипатын жақсартады. Гипофизде соматотроптық СТГ (сома-тотропин), тиреотроптық ТТГ (тиреотропин), адренокортикотроптық АКТГ (адренокортикотропин), гонадотроптық ГТГ (гонадотропин), фоллитропин ФСГ, лютеиндейтін ЛСГ (лютропин), пролактин бағыттаушы гормондары түзіледі.

Гормондардың физиологиялық әсері. Соматотропин жәй белок ацидофилдік жасушаларда түзіледі, денеде биосинтезді күшейтеді, барлық органикалық заттардың алмасуына, минералдық алмасуға әсер етеді, әсіресе белок түзілуін, айталық РНҚ, синтездік қасиетін күшейтеді, амин қышқылдарының қаннан жасушаларға өтуін, сінуін тездетеді, сөйтіп жасушалар мен тіндердің өсіп дамуың қамтамасыз етеді. Гормон сондай-ақ, азот тепе-тендігін өзгертіп, денеде азот көбейеді, кальций, фосфат, натрий тұздарының сақталуына себепкер, бүйрек тінінің өсіп дамуын, қатаюын тездетеді. Коллагендер түзілуін де (коллагенезді) үдетуі мүмкін.

Соматотропин гликогеннің ыдырауын (гликогенолиз), глюконеогенез үрдістерін тездетеді. Сондықтан СТГ шектен тыс көп шығатын болса қанда глюкоза, қант деңгейі жоғарылайды (гипергликемия). Бұл көбінесе гипофиздік диабет ауруына тән. СТГ липоидтар мен май ыдырауын әсіресе бауырда бета-тотығуын күшейтеді, қанда кетоде-нелерді көбейтеді де, бұл өнімдердің дене еттеріне сіңуін үдетеді, сөйтіп сан еттерінің тонусын, күшін өсіреді. Осы айтылған әсерлерді жүзеге асыру үшін денеде СТГ ғана емес, басқа бездердің гормонда­ры да, әсіресе глюкокортикоидтар тироксин және инсулин жеткілікті болуға тиіс. СТГ әдеттегіден аз түзілетін болса адамның бойы өспей қалады, ол тіпті 1 метрден аспауы мүмкін. Мұндай адамды гипофиздік ергежейлі дейді. Ергежейлінің дене бітімі дұрыс қалыптасқан: бастың көлемі, аяқ-қолдың, кеуде-көкіректің ұзындық өлшемдері бір-біріне сәйкес болады, жыныс мүшелері өспейді, жыныс белгілері айқын емес, жетілмеген. Мұндай адам індет ауруларға төтеп бере алмайды, көбінесе оның ғұмыры кысқа болады.

СТГ шектен тыс көп болса, адамның бойы тез өсіп 240-250 см-ге, ал салмағы 150 кг-ға дейін жетуі мүмкін. Оны гипофизарлық алып (гигант) дейді.

Өсуі тоқтаған ересек адамда СТГ гиперсөлініссы акромегалия дертіне әкеліп соғады. Адам денесінің өсіңкі, шығыңқы жерлері (иегі, мұрны, ерні, жағы, мандай төмпешіктері, бармақтары) оседі, гипофизбен қызметтес бездердің жұмысы өзгереді. Мәселен, жыныс бездерінің қызметі нашарлап, ұйқы безінің инсулин боліп шығару қабілеті төмендеуі мүмкін. СТГ үзілместен өмір бойы шығарылады. Бұл үрдісті гипоталамус реттеп отырады.

Пролактин, лактоген гормоны ацидофилдік жасушаларда түзіледі, емшекте сүт түзілуін, оның сыртқа шығарылуын үдетеді. Пролактиннің қызметі күшейсе, эстроген мен прогестерон гормондар әсері керісінше тежеледі. Босанған әйелде прогестерон әдеттегіден аз, ал пролак­тин керісінше көбірек бөлінеді, емшектен сүт көп шығады, сүт сапасы, майлылыгы, дәмі артады.

Базофилдік жасушаларда АКТГ, ТТГ, ФСГ және лютропин түзіледі.

Адренокортикотропин — бүйрекүсті бездің өнімі. Ол аталған бездің қыртыс қабатындағы жасушаларын өсіріп, кортикостероид гормондардың әсіресе глюкокортикоидтардың түзіліп, сыртқа шығуын үдетеді. Глюкокортикоидтар адамның ашу-ренішін, қайғы-мұңын басып, көңіл күйін жақсартады. Ем қонбаған ауруларға кортизон, гидрокор­тизон гормондарын беріп, олардың сырқатына деген төзімділігін күшейтуге болады.

Тиротропин қалқанша тінін ұлғайтып, оның сөліністік қабілетін күшейтеді. Тиротропин шектен тыс көп шығарылса гипофиздік гипертиреозға әкеліп соғуы мүмкін.

Гонадотропин екі түрлі гормоннан тұрады: лютропин — аналық және аталық без — тестостерон мен прогестерон гормондарының түзіліп бөлінуін күшейтеді. Әйелде (овуляция) аналық жасушаның пісіп жетілуімен безді жарып шығуын тездетеді, оның орнында пайда болған сары дененің қызметін жақсартып, қалыптасуын қамтамасыз етеді. Фоллитропин — ана безі фолликуласын ұлғайтып, онда гормондар түзілуін үдетеді, қанда эстрогендерді кобейтеді және сперматогенезді тездетіп, сперматозоидтардың өсуін жеделдетеді.

Гипофиздің артқы бөлігі — нейрогипофиз пирамида тәрізді үлкен жасушалар — питуициттерден және гипоталамустың нейросекрециялық жасушаларының талшықтарынан тұрады. Нейрогипофиздің екі гормонының екеуі де (вазопрессин, окситоцин) гипоталамуса түзіліп, нейросекрециялық нейрондарының бойымен гипофизге жетеді де, сонда сақталады. Вазопрессин гипоталамустың супраоптикалық, ал ок­ситоцин паравентрикулярлық ядроларында түзіледі. Олар гипофиздің артқы бөлігіндегі нейрофицин затымен әрекеттескеннен соң қанға өтеді. Вазопрессин бүйректің несеп жиналатын түтігінде судың қайтадан денеге сінуін үдетіп, несеп көлемін (диурезді) азайтады, сондықтан да оны антиурездік гормон дейді. Вазопрессин шектен тыс азайса, несеп қалыптан тыс көп шығады (полиурия). Бұл гормон, сондай-ақ қан тамырларын тарылтып, қысымын күшейтеді. Окситоцин жатыр еттерін жиырылтады, жатырдың жиырылуы, әсіресе толғақ кезінде күшейе түседі. Бұл гормон құрсақтағы нәрестенің тууын тездетеді, сүт түзілуін, оның шығуын үдетеді.

Гипофиздің ортаңғы бөлігінде меланотропин (МСГ), яғни интер­медии гормоны түзіледі. Бұл гормон терідегі пигменттік жасушаларда бояушы түйіршіктерін көбейтіп, жасуша талшығын кеңейтеді және олардың біркелкі орналасуын қамтамасыз етеді. Мұның салдарынан тері қарайып кетеді. Адамның күнге күйген кезде тотығуы осыған байланысты. Күн сәулесінің әсерінен интермедии әсері күшейіп, теріде қара зат фусцин түзілуі үдейді. Интермедии, сондай-ақ көздің ішкі қабатындағы пигмент жасушаларынан (псевдоподий) жалған бұтақ шығарып олардың аумағын кеңейтеді, сөйтіп көздің тор қабығындағы фоторецепторларды жарық сәулесінен қорғайды. Интермедии түзілуін де гипоталамус реттейді.

19)Бас миының бөлімдерінің құрылысы және қызметтері қандай

Ми' ('дұрыс айтылуы — мый) — сүтқоректілерде мінез-құлыққа жауапты орталық нерві жүйесінің меңгеру торабы. Ми бастабассүйек қуысында орналасады. Ол мынадай бөлімдерден тұрады: сопақша ми, ми көпірі, мишық, ортаңғы ми, аралық ми жәнеүлкен ми сыңарлары.

Ми бөлімдерінің қызметі[өңдеу]

Жұлындағы сияқты мида ақ және сұр заттар болады. Ақ заттан өткізгіш жолдар түзіледі. Олар миді жұлынмен, сондай-ақ ми бөліктерін өзара байланыстырып тұрады. Өткізгіш жолдардың арқасында бүкіл орталық жүйке жүйесі біртұтас қызмет атқарады. Сұр зат өз алдында шоғырланып, ақ затқа ядролар түрінде орналасады. Мұнымен қатар сұр зат ми сыңарларымен мишықты қаптап, ми қыртысын түзеді.

Сопақша ми мен көпір жұлынның жалғасы болып табылады, олар рефлекстік және өткізгіштік қызмет атқарады.

Сопақша ми мен көпірдің ядросы ас қорыту, тыныс алу, жүрек қызметін және басқа процестерді реттейді, сондықтан сопақша ми мен көпірдің зақымдалуы өмірге қауіпті. Шайнау, жұту, ему процестерінің реттелуі, сондай-ақ құсу, түшкіру, жөтелу сияқты қорғаныш рефлекстері мидың осындай бөлімдерінің қызметіне байланысты болады.

Сопақша мидің үстіңгі жағына мишық орналасады. Оның беті сұр зат — қыртыстан тұрады, қыртыстың астындағы ақ затта ядроболады. Мишық орталық жүйке жүйесінің көптеген бөлімдерімен байланысады.

Мишық адамның қимыл әрекетін реттейді. Оның қалыпты қызметі бұзылса, адам дәл үйлесімді қимылынан айырылып, дененің тепе-теңдігін сақтай алмайды. Мұндай адамдар, мысалы, иненің көзінен жіп өткізе алмайды, олар мас адамдарша теңселіп жүреді, жүргенде қол-аяғы сермеп, ебедейсіз қимыл жасайды.

Ортаңғы мида ядролар орналасады, олар қаңқа бұлшық еттеріне үнемі жүйке импульстарын жіберіп, олардың шыриғып тұруын — тонусын сақтауға мүмкіндік береді. Көру және дыбыс тітіркенуін қабылдайтын бағдарлау рефлекстерінің рефлекс доғалары ортаңғы ми арқылы өтеді. Бағдарлау рефлекстері бас пен денені тітіркендіргішке қарай бұрудан бөлінеді.

Сопақша ми, көпір және ортаңғы мидан ми бағаны түзіледі. Одан 12 жұп бассүйек — ми жүйкелері таралады. Нервтер миды баста орналасқан сезім мүшелерімен, бұлшықеттер мен бездермен байланыстырады.

Нервтердің бір жұбы — кез келген жүйке миды ішкі мүшелер — жүрек, өкпе, қарын, ішектермен және т.б байланыстырады.

Жүйке жүйесі эволюциялық даму кезінде бірнеше негізгі кезеңнен өтті: І-кезең – торлы жүйке жүйесі (ішекқуыстыларда); ІІ- кезең – түйінді жүйке жүйесі (омыртқасыздарда); ІІІ-кезең – түтікті жүйке жүйесі (хордалыларда), ал омыртқалыларда ми пайда болды. Жүйке жүйесінің одан әрі дамып, мидың пайда болуы сенсорлық (иіс, жарық сезу) жүйенің жетілуіне байланысты. Мидың филогенездік І-кезеңінде үш: артқы, ортаңғы және алдыңғы ми көпіршіктері пайда болады. Одан кейінгі эволюциялық даму барысында (ІІ-кезең) ми екіге: сопақша ми мен мишыққа бөлінеді. Организмнің қоршаған ортамен зат алмасуының өзгеруінен сопақша ми мен артқы мида тыныс алу, қан айналым, ас қорыту, т.б. орталықтары пайда болады. ІІ-кезеңде көру рецепторының әсерінен ортаңғы ми күштірек дамыды (тіпті балықтарда да). ІІІ-кезеңде, жануарлардың сулы ортадан құрлыққа шығуына байланысты алдыңғы ми дами бастайды. Одан әрі алдыңғы мидың көлемі ұлғайып, аралық және соңғы ми (ми қыртысы) дамыды. Жануарлардың судан құрлыққа тіршілік етуге бейімделуі арқылы алғаш рет ми қыртысының жеке шоғырлары жорғалаушыларда байқалады. Жүйке жүйесінің одан әрі қарай эволюциялық дамуы барысында ми қыртысы барған сайын барлық төмен жатқан орталықтардың қызметтерін өзіне бағындырып, ми қызметі біртіндеп ми қыртысына ауысты. Адамда мидың одан әрі дамуы – оның шығу тегіне байланысты заңдылықтарға бағынады. Адам миының салмағы 1100 г-нан 2 кг-ға дейінгі аралықта ауытқып отырады, көлемі – 1456 см3, аумағы 1622 см2. Адамның ақылдылығы мидың салмағы мен көлеміне байланысты емес. Мысалы, дарындылығы деңгейлес екі жазушы – Иван Сергеевич Тургеневтің миының салмағы – 2012 г., ал Анатоль Франстың миының салмағы – 1017 г.[1]

Ми бассүйектің ми сауытының ішінде жатады. Мидың орташа салмағы шамамен 1300-1400 г. Салмағы бұл көрсетілгеннен көбірек болатын адамдар да кездеседі. Адамның дарындылығы мен ақылдылығы мидың салмағына байланысты емес. Ми 20 жасқа дейін дамиды. Оны бұлшықеттер тәрізді «жаттықтыруға» болады. Ойлау жүктемесін оқу арқылы үнемі жетілдіру нәтижесінде нейтрондар жүктемесі өседі де қысқа өскіндер көбірек қалыптасады, сөйтіп олар тармақтала түседі. Тұрақты шұғылдану нәтижесінде есте сақтау, назар аудару, ойлау, көз алдына елестету және басқа да жоғары жүйке қызметінің үдерістері жетіле түседі.

Жұлындағыдай ми да ақ зат пен сұр заттан құралған. Жұлыннан айырмашылығы - мидың ақ заты ішкі жағында, сұр заты сыртында болады. Мидың бөлімдеріне байланысты сұр заты тұтас немесе ақ затының әр жерінде топтанып жатады, оны «ядро» дейді. Мидың ақ затынан өткізгіш жолдар түзіліп, миды жұлынмен байланыстырады. Ми бөлімдерінің өзара байланысы өткізгіш жолдар арқылы қамтамасыз етіледі.

Мидың ішінде ми сұйықтығы толған қуыстар бар. Оларды ми қарыншалары дейді, себебі ішінде мөлдір әрі тұтқыр сұйықтық болады. Ол қорғаныштық, ыдырау өнімдерін шығару және ми ішіндегі қысымды реттеу қызметін атқарады.

Ми бөлімдері[өңдеу]

Миды пайда болу, құрылымдық және қызметтік ерекшеліктеріне байланысты үлкен үш бөлімге бөледі: бағаналы (сопақша ми, ми көпірі, мишық, ортаңғы ми), қыртысасты (аралық ми, алдыңғы мидың ми сыңарлары) және алдыңғы ми сыңарларының қыртысы. Мидың бағаналы және қыртысасты бөлімдері ертеден пайда болған. Ал ми қыртысы кейіннен пайда болған бөлім. Ми ұрықтың даму ерекшелігіне байланысты 5 бөлімнен тұрады:

1. сопақша ми;

2. мишық (артқы ми);

3. ортаңғы ми;

4. аралық ми;

5. алдыңғы ми сыңарлары.

1. Сопақша ми - жұлынның жоғарғы шетінің жалғасы. Сопақша мидың төменгі шеті жіңішкелеу, жоғарғы шеті жуандау. Жұлындағы сияқты, сопақша мидың ақ заты сыртында, сұр заты ішкі жағында орналасады. Жұлыннан айырмашылығы - сұр заты ақ затында ядро тәрізді әр жерінде шоғырланып жатады. Сопақша мидың ұзындығы 2,5-3 см. Сопақша мида бір ми қарыншасы орналасқан. Онда ему, жұту, жөтелу, түшкіру, көзді жыпылықтату рефлекстерінің орталығы бар. Сұр затында тынысалу, қан тамырларын, аскорытуды реттейтін орталықтар орналасқан. Жұлынға қарағанда сопақша мидың рефлекстік қызметі күрделі.

Сопақша ми арқылы жүзеге асатын рефлекстер: 1) қорғану (жөтелу, құсу, түшкіру, жас болу, көзді жыпылықтату); 2) тамақ (ему, жұту, сөл бөлу, асқорыту бездері); 3) жүрек пен қантамырлар жұмысын реттеу; 4) өз-өзінен жұмыс істейтін тынысалу орталығы өкпе жұмысын жақсартады; 5) есту ақпараттарын басқарады. Жұлын сияқты сопақша ми қозуды жұлыннан мидың басқа бөлімдеріне өткізеді. Егер сопақша ми зақымданса, тынысалу мен жүректің тоқтауынан адам тез өліп кетеді.

1. Артқы миға - мишық пен ми көпірі жатады. Ми көпірі ортаңғы ми мен сопақша мидың аралығына орналасқан. Сопақша ми мен ортаңғы миды байланыстырып тұратындықтан, оны ми көпірі дейді. Ми көпір арқылы төменірек орналасқан бөлімдерден қозу келеді. Ми көпірінің өткізгіш доғасы алдыңғы мидың үлкен ми сыңарларының қыртысын жұлынмен және мишықтың қыртысымен жалғастырады. Ми көпірінің жүйке жасушалары (нейрондары) беттің терісінен, тілден, ауыз қуысының сілемейлі қабықшасынан (дәм сезгіштік) келетін хабарларды қабылдайды. Есту, тепе-теңдікті сақтау мүшелерінен келетін ақпараттар (информация) ми көпіріне хабарланады. Ми көпірінде сілекей, жас бездері мен шайнау, ымдау бұлшықеттерінің жұмысын реттейтін жүйке орталықтары да орналасқан. Мишық - сопақша ми мен ми көпірінің артқы жағында жатады. Мишықтың сыртында сұр заттан түзілген қыртыстары және өте көп қатпарлы болады. Сұр заттың астында ақ заты орналасады. Нейрондардың мишықтан шығатын өсінділері оны орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерімен байланыстырады. Мишық қаңқа бұлшықеттерінің үйлесімді жиырылуын реттейді. Әсіресе мойын, тұлға, аяқ-қол бұлшықеттерінің қозғалысын, дененің тепе-теңдігін сақтайды. Егер мишық жарақаттанса, адамның қолаяғы тез шаршайды, қозғалысы, тепе-теңдігі, сөзі бұзылады.

2. Ортаңғы ми - артқы ми мен аралық мидың арасында орналасқан. Ол алдыңғы ми мен артқы миды бірімен-бірін жалғастырып тұрады. Мидың бұл бөлімі арқылы жоғары және төмен қарай өткізгіш жүйке жолдары өтеді. Теріде пигменттің бояутектің түзілуін реттейді. Кенеттен шыққан дыбыс, жарық тітіркендіргіштерін тез бағдарлауды реттейді. Тізбесі берілген ми бөлімдерінің мишықтан басқалары ми бағанасын құрайды. Одан 12 жүп бассүйек-ми жүйкелері таралады. Бұл жүйкелер көру (II жұп), есту (VIII жұп), көзді қозғаушы (III жұп), кезеген (X жұп).

3. Аралық ми - ортаңғы мидың алдыңғы жағында жатады. Көру төмпешіктері(гипоталамус) мен төмпешікасты аймақтан тұрады. Аралық мида да бір ми қарыншасы бар. Көру, дәм сезу, есту және т. б. рецепторлардан келетін қозу аралық ми арқылы алдыңғы мидың үлкен ми сыңарларының қыртысына өтеді.

Адам миы — ақпараттын үлкен көлемін қабылдап, өңдеуге кабілетті күрделі мүше. Мидың пішіні күрделі ол бас сүйек қуысында орналаскан. Ересек адам миының орташа массасы 1300—1400 г.организмнің жалпы массасынын 2%-ы. Бірақ жұмыс істеген кезде ми организмде түзілген энергияның 25%-ын жұмсайды.

Адам миы негізгі үш белімнен: ми діні (сопақша, көпір, ортанғы, аралық), мишық және үлкен ми сыңарынан тұрады

Сопақша ми — жұлынның жалғасы. Олардың құрылысы мен қызметі ұқсас. Ақ зат бетінде, ал сұр зат ядро түрінде ішінде орналасқан. Сопақша ми да өткізгіш және рефлекстік қызмет атқарады. Сопақша мидың сүр затының ядросы арқылы тіршілік үшін маңызды көптеген рефлекстердің доғасы өтеді: ас қорыту (copy, жүту, ас қорыту безінің қызметі); қорғаныс (жөтелу, түшкіру, құсу); жүрек- қан тамырлары (жүрек іс-әрекетін реттейтін, тамыр қозғалтқыш); тыныс (тыныс қозғалысын реттейтін, тыныс орталығы). Сопақша мидан тіл, жұтқыншақ, көмей, қалқанша ірі қан тамырлары мен ішкі мүшелердің іс-әрекетін басқаратын жүйкелер шығады.

 

Аралық ми

Ортаңғы ми

Көпір

Мишық

Сопақша ми

Сопакша микөпір арқылы ортаңғы ми, аралық ми және үлкен ми сыңарына қозуды өткізеді. Көпір сопақша миды ортаңғы мимен жалғастырады. Сонымен катар көптеген рефлекстік кызмет аткарады.Сопакша ми мен көпір зақымданса, нейрондар тіршілігін жояды да, белгілі мүшелерге өткізгіш қызмет тоқтайды, бұдан тіршілік тоқтап қалуы да мүмкін.

Ортаңгы мижарық пен дыбысқа жылдам реакция көрсетуді қамтамасыз етеді. Басты бұруға және жарққа байланысты көз бұршағының қисықтығын; қарашық мөлшерін өзгертеді, бұлшық ет тонусын сақтайды. Жарқ еткен жарыққа немесе бір дыбыска жалт бұрылып қарау адамға қауіпті.

Аралық ми. Аралык ми арқылы импульстер барлық рецепторлардан (көру, есту, тері, дәм сезу және т.б.) үлкен ми сыңарларының қыртысына түседі. Жүру, жүзу сияқты күрделі козғалғыш рефлекстердің үлкен бөлігі аралық мимен байланысты. Оның ядролары әр түрлі ішкі мүшелер жұмысын үйлестіреді. Аралық ми зат алмасуды, су мен тамақ ішуді, дененің тұрақты температурасын сақтауды реттейді.

дралық мидың кейбір ядроларының нейрондары гуморальдық реттелуді жүзеге асыратын биологиялык белсенді заттар өндіреді.

Мишық. Мишык өзара байланыскан екі сыңардан тұрады. Оның беті көптеген көлденең ойыстардан — жүлгелер мен иірімдерден түрады. Мишықтың жұқа беткі қаты қыртыс деп аталады.

Мишыктьщ ең басты кызметінің бірі — қимылды үйлестіру, тепе-теңдікті сақтау. Мишыкқзакымданғанда адамның қимыл-қозғалысы бұзылады, ол тепе-теңдікті сақтай алмайды, қисалаңдап жүреді.

 

Ми бөлімінің қызметі. Жұлындағы сияқты мида ақ және сұр заттар болады. Ақ заттан өткізгіш жолдар түзіледі. Олар миді жұлынмен,сондай-ақ ми бөліктерін өзара байланыстырып тұрады. Өткізгіш жолдардың арқасында бүкіл орталық нерв жүйесі біртұтас қызмет атқарады. Сұр зат өз алдында шоғырланып, ақ затқа ядролар түрінде орналасады. Мұнымен қатар сұр зат ми сыңарларымен мишықты қаптап, ми қыртысын түзеді.
Сопақша ми мен көпір жұлынның жалғасы болып табылады, олар рефлекстік және өткізгіштік қызмет атқарады.
Сопақша ми мен көпірдің ядросы ас қорыту,тыныс алу, жүрек қызметін және басқа процестерді реттейді, сондықтан сопақша ми мен көпірдің зақымдалуы өмірге қауіпті. Шайнау, жұту, ему процестерінің реттелуі, сондай-ақ құсу, түшкіру, жөтелу сияқты қорғаныш рефлекстері мидың осындай бөлімдерінің қызметіне байланысты болады.
Сопақша мидің үстіңгі жағына мишық орналасады. Оның беті сұр зат — қыртыстан тұрады, қыртыстың астындағы ақ затта ядро болады. Мишық орталық нерв жүйесінің көптеген бөлімдерімен байланысады.
Мишық адамның қимыл әрекетін реттейді. Оның қалыпты қызметі бұзылса, адам дәл үйлесімді қимылынан айырылып, дененің тепе-теңдігін сақтай алмайды. Мұндай адамдар, мысалы, иненің көзінен жіп өткізе алмайды, олар мас адамдарша теңселіп жүреді, жүргенде қол -аяғы сермеп, ебедейсіз қимыл жасайды.
Ортаңғы мида ядролар орналасады, олар қаңқа бұлшық еттеріне үнемі нерв импульстарын жіберіп, олардың шыриғып тұруын — тонусын сақтауға мүмкіндік береді. Көру және дыбыс тітіркенуін қабылдайтын бағдарлау рефлекстерінің рефлекс доғалары ортаңғы ми арқылы өтеді. Бағдарлау рефлекстері бас пен денені тітіркендіргішке қарай бұрудан бөлінеді.
Сопақша ми, көпір және ортаңғы мидан ми бағаны түзіледі. Одан 12 жұп бассүйек — ми нервтері таралады. Нервтер миды баста орналасқан сезім мүшелерімен, бұлшық еттер мен бездермен байланыстырады.
Нервтердің бір жұбы — кезкелген нерв миды ішкі мүшелер — жүрек, өкпе, қарын, ішектермен және т.б байланыстырады.
Жүйке жүйесі эволюциялық даму кезінде бірнеше негізгі кезеңнен өтті: І-кезең – торлы жүйке жүйесі (ішекқуыстыларда); ІІ- кезең – түйінді жүйке жүйесі (омыртқасыздарда); ІІІ-кезең – түтікті жүйке жүйесі (хордалыларда), ал омыртқалыларда ми пайда болды. Жүйке жүйесінің одан әрі дамып, мидың пайда болуы сенсорлық (иіс, жарық сезу) жүйенің жетілуіне байланысты. Мидың филогенездік І-кезеңінде үш: артқы, ортаңғы және алдыңғы ми көпіршіктері пайда болады. Одан кейінгі эволюциялық даму барысында (ІІ-кезең) ми екіге: сопақша ми мен мишыққа бөлінеді. Организмнің қоршаған ортамен зат алмасуының өзгеруінен сопақша ми мен артқы мида тыныс алу, қан айналым, ас қорыту, т.б. орталықтары пайда болады. ІІ-кезеңде көру рецепторының әсерінен ортаңғы ми күштірек дамыды (тіпті балықтарда да). ІІІ-кезеңде, жануарлардың сулы ортадан құрлыққа шығуына байланысты алдыңғы ми дами бастайды. Одан әрі алдыңғы мидың көлемі ұлғайып, аралық және соңғы ми (ми қыртысы) дамыды. Жануарлардың судан құрлыққа тіршілік етуге бейімделуі арқылы алғаш рет ми қыртысының жеке шоғырлары жорғалаушыларда байқалады. Жүйке жүйесінің одан әрі қарай эволюциялық дамуы барысында ми қыртысы барған сайын барлық төмен жатқан орталықтардың қызметтерін өзіне бағындырып, ми қызметі біртіндеп ми қыртысына ауысты. Адамда мидың одан әрі дамуы – оның шығу тегіне байланысты заңдылықтарға бағынады. Адам миының салмағы 1100 г-нан 2 кг-ға дейінгі аралықта ауытқып отырады, көлемі – 1456 см3, аумағы 1622 см2. Адамның ақылдылығы мидың салмағы мен көлеміне байланысты емес. Мысалы, дарындылығы деңгейлес екі жазушы – Иван Сергеевич Тургеневтің миының салмағы – 2012 г., ал Анатоль Франстың миының салмағы – 1017 г.
Ми бассүйектің ми сауытының ішінде жатады. Мидың орташа салмағы шамамен 1300-1400 г. Салмағы бұл көрсетілгеннен көбірек болатын адамдар да кездеседі. Адамның дарындылығы мен ақылдылығы мидың салмағына байланысты емес. Ми 20 жасқа дейін дамиды. Оны бұлшық еттер тәрізді «жаттықтыруға» болады. Ойлау жүктемесін оқу арқылы үнемі жетілдіру нәтижесінде нейтрондар жүктемесі өседі де қысқа өскіндер көбірек қалыптасады, сөйтіп олар тармақтала түседі. Тұрақты шұғылдану нәтижесінде есте сақтау, назар аудару, ойлау, көз алдына елестету және басқа да жоғары жүйке қызметінің үдерістері жетіле түседі.
Жұлындағыдай ми да ақ зат пен сұр заттан құралған. Жұлыннан айырмашылығы - мидың ақ заты ішкі жағында, сұр заты сыртында болады. Мидың бөлімдеріне байланысты сұр заты тұтас немесе ақ затының әр жерінде топтанып жатады, оны «ядро» дейді. Мидың ақ затынан өткізгіш жолдар түзіліп, миды жұлынмен байланыстырады. Ми бөлімдерінің өзара байланысы өткізгіш жолдар арқылы қамтамасыз етіледі.
Мидың ішінде ми сұйықтығы толған қуыстар бар. Оларды ми қарыншалары дейді, себебі ішінде мөлдір әрі тұтқыр сұйықтық болады. Ол қорғаныштық, ыдырау өнімдерін шығару және ми ішіндегі қысымды реттеу қызметін атқарады.

20) Шеткі жүйке жүйесінің дамуының жасқа сай ерекшеліктері қандай?

Шеткі жүйке жүйесі. Шеткі жүйке жүйесі ми мен жұлыннан шығып бүкіл мүшелерге, олардың ұлпаларына, жасушаларына тараған нейрондар мен жүйке талшықтарынан тұрады. Шеткі жүйке жүйесі соматикалық және вегетативтік жүйке жүйелеріне бөлінеді.

Соматикалық жүйке жүйесі организмнің сыртқы мүшелерін және қаңқа бұлшықеттерін жүйкелендіреді. Соматикалық жүйке жүйесінің орталықтары жұлынның барлық сегментерінде, мидың барлық бөлімдерінде (аралық мидан басқасында) орналасқан.

Вегетативтік жүйке жүйесі барлық ішкі мүшелерді, қантамырларды, жүректі жүйкелендіреді. Вегетативтік жүйке жүйесінің орталықтары ми бағанасында, жұлынның көкірек, бел және сегізкөз бөлімдерінде орналасқан. Вегетативтік жүйке жүйесі симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйелерінен тұрады.

Симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйелері орталық және шеткі (перифериялық) бөлімдерден тұрады.

Жүйке жүйесі тұтас ағзаны байлaныстырып, тіршілік қызметін реттeп отырaды. Жүйке жүйесі орталық жүйке жүйеcі және шеткі (пeрифериялық) жүйке жүйесі болып бөлінеді. Орталық жүйке жүйеcі дегeніміз - нейрондардың жиынтығын айтады. Орталық жүйке жүйесі дeнедегі барлық мүшeлермен, физиолoгиялық жүйелер қызметін, зат aлмасуын peттеп отырaды, әрекеттер мен прoцестердә сыртқы орта құбылыстарына бейімдеп, тіршіліктің белгілі бір бағытта өтуін қамтамaсыз етеді. Орталық жүйке жүйесіне ми және жұлын жатады. Ми мен жұлынды кескeнде, оның ақ және сұр заттан тұрaтынын көpугe болады. сұp зат жүйке клеткаларынан, ал ақ зат миелин қaбығымен қапталған жүйке тaлшықтарынaн тұрады. Шеткі жүйке жүйecі (перифериялық) дәнекер қабықпен қапталғaн жүйке талшықтаpының шоғырынaн түзілген. Оған жүйкe түйіндері мен гангли жатады. Нейрoн - ол жүйке жасyшасы. Нейpон арасын нейороглия толтырады. нейрондар пішіні мен көлемі жaғынан әр түрлі. Ол дeнe және денедeн шығатын өсінділерден тұрады. Нейронның ұзын өсіндісін aксон деп, ал қысқа тармақталған талшығын дендрит дейді. Акcонның нейрoн денeсінен басталатын жерін аксон төмпешігі дейді. Сезімтал нейронның шеткeй орналасқан аксонның ұшында рeцeптop (қабылдауыш) болады. Ал орталық жүйке жүйеcіндегі жүйке талшығының ұшы жуандап бүршікке ұқсайды. Нейрондаpдың осындай ұштары бір-бірімен түйісіп синaпс құрaйды. Қозу серпінісін рецептордaн жүйке оpталығынa бaғыттап өткізетін жүйкe талшығы сезімтал (афференттік), ал орталықтан қозуды шеткі мүшелерге жеткізуші талшықты қозғалтқыш (эфференттік), сезімтал жүйке мен қозғaлтқыш жүйке жалғaстыратын жүйкені аралық жүйке деп атайды. Жүйкe тaлшықтарының майлы жұмсақ қабықтарының болу-бoлмауына бaйланысты миелинді және миeлинсіз деп ажыратады. Нейрoглия нейрон aралығын тoлтыpып жататын жасушалaр, нeйрондаpға қaннан қорек заттарын алып, зат алмaсу өнімдерін нейрондардан қанға өткізеді, сұйықтықтың иондық құрaмын, медиаторлар мeн судың деңгейін біp қалыпта сақтап нерон тіршілігіне қажетті жaғдай жасайды. тармақтарының санына қарай нейронның бірнеше түрлерге бөледі: көп тармақты нeйрон - мультиполярлы, қоc тармақты нейpон- бипoлярлы, бір тармақты нейpон- yниполярлы. Атқаратын қызметтеріне қаpай нейронды бірнешeге бөледі: сезімтaл, қозғалтқыш, аралық, тежеуші нeйрoндар.
Нейpондаp барлық клеткалaр сияқты ішкі жәнe сыртқы орта факторларының әсeріне тітіркенгіш келеді, яғни тыныштық күйден әрекет күйінe көшеді. Нейронның тітіpкендіргіші басқа нейрoндардан немесе рецепторлардан келетін жүйкe импульcтары болып келеді. Тітіркeндіргіштердің табиғатынa қарай біpнeше түрлеpі бар: механикaлық, температуралық, электрлік, химиялық. Қозу дегеніміз оpганизмнің сыртқы oртаның тітіркендіргішін қабылдап, оғaн күшті қозу арқылы жaуап беру қaсиетін айтады. Тірі ағзада ұлпалаpды 2 бөледі.. қозғыш ұлрпалар (жүйке, бұлшықет, секpеторлы жасушалар), қозбайтын ұлпалар (шеміршек, дәнекер ұлпасы, тері эпителиі). Тітіркендіру әceрінен қозғыш ұлпалаpда қозу процесі туады. Біp жасушадaн екінші жасушаға қозу тек бір бағытта ғана жүpеді, аксоннан жаcуша дeнесіне және бaсқа нeйронның дендритіне.
Синапс - өзара жүйке жасушaлары не жүйкемeн шеттегі қазмет жасyшacы (эффектор) түйіскeн жерінде серпіністі өткізетін арнайы орын. Синапc ұғымын физиолоогия ғылымына енгізген ағылшын ғалымы Ч. Шерингтoн болатын Бір нейрон денесіндегі cинапстар саны 100 немесе одaндa көп болады. Синапс құpылымы күрделі, ол екі мeмбранaдан түзілген: пресинапстық және постсинапстық, аралығында синапс саңылауы болады. Синапс түрлері: нейронаралық, ет-жүйкелік. Жүйке талшығының ұшы синапс құрар алдында кеңейіп жyaндап гүл шоғырына немесе бұтақ бүршігіне ұқсайды, жүйке бүршігінде медиаторлар бoлaды. Қозу процесі пресинапcтық мeмбранадaн постсинапстық мембранaға жүйке ұшынан бөлінетін химиялық зат мeдиатоpлардың қатыcyымен өтеді. Постсинапстық мембранaда мeдиатoрмен әpекеттесетін арнайы белок- рецептор орналасқан. Синапс медиаторы ацетилхолин болса, оның постcинапстық рецепторы - холинрецептор болaды.
Рeфлекс - оpтaлық жүйке жүйеcінің қатысyымен ағзаның сыртқы және ішкі тітіpкендіргіштеріне беpетін күрдeлі жaуабы. Рефлекс сөзін тұңғыш қолданған француз ғалымы Рене Декард (1664), оған ғылыми cипаттама бергeн чеx ғалымы Прохаска (1817), рефлекс тeoриясын пайымдаған оpыс ғалысмдары И.М. Сeченов, И. П. Павлов, П. К. Анохин. Организмнің рефлекторлық әрекетінің арқасында организм сыpтқы және ішкі ортаның түpлі өзгеpістеріне жауап береді. Рефлекстің мoрфологиялық негізі рефлектopлық доға, яғни қозудырецептордан жүйке орталығына, одaн шеткі ағзаға жеткіщзетін жол. Рефлекcтік доға бүтін болған жағдaйда ғана peфлекс қызметін атқарады, яғни доғаның бүтіндігі бұзылса рeфлекс бір жола жоғалып кетеді. Биолoгиялық юбағыттануы бoйыншарефлекс түрлеpі: қорғану, қоректік, жыныстық және ұрпағына қамқорлық, бағдаpлау немесe зерттеу, И. П. Пaвлов бойынша "Бұл не?" рефлексі, ол жаңа, бұған дейін кездеcпеген тітіркендіргішке жаyап ретінде пайда болады.
Оpталық жүйке жүйесінің ең көpнекті және мaңызды қызметтeрінің бірі рефлекcтерді келістіру, үйлестіру, коoрдинациялаy болып табылады. Орталық жүйке жүйeсінің бөлімдері - жұлын және ми. Жұлын омыртқа бaғанының каналында oрналасқан. Жұлын сұр және ақ заттан тұрады. Сұp зат pефлекстік қызмет атқаpса, ақ зат қозуды өткізеді. Жұлында дене (құpсaқ), аяқ-қол және мoйын бұлшықеттерінің рефлекторлы орталықтары орналаcқан, oлаpдың қатыфcуымeн бұлшықеттeрдің жиырылуы (тізе, ахиллов рефлeкcі), сoзылу рефлекстері, бүгу pефлекстеp орналасқан. Мыcалы, дәрeт жіберy және дефeкация, аталық жыныс мүшелерінің әрекeті,, асқоpытy бeздерінің сөл бөлінyі, аcқорыту жолдaрының қимылының қызметін реттейтін орталықтары жұлында орналаcқан. ми әрқайсысы жарты шарғa ұқсас қос ми сыңарынaн, мишық пен ми бағанынан тұрады.
Вегетативті жүйкe жүйеcі ішкі мүшелер қызметін сыpтқы және ішкі әсepіне бейімдeп, реттeп отырады. Вeгeтативті жүйке жүйеcі симпатикалық және пaрасимпатикалық жүйкелері болады. Парасимпатикалық және симпатикалық жүйкелер мүшелеріне қарама-қарcы әсeр етеді. Мысалы, симпатикалық жүйке жүректің соғуын жиілетіп, күшейтсе, парсимпaтикалық жүйке керісінше oны сиретіп, әлсіретеді.
Вегетативті жүйке жүйесі оpталықтағы басқа бөлімдерімен бірлесіп, адамның көңіл күйін, (эмоция) қалыптастыруға қатысады. Симпатикалық жүйке жүйеcі қoзса, қандa эмоция гормоны - aдреналин көбейеді.
Жүйке жүйесінің дамуы. Жүйке жүйесі эмбриoналдық дамyдың үшінші aптасында, ұрықтық cыртқы жaпырақшадан (эктодермадaн) дамиды. Алдыменен жүйке тақтасы түзіледі, сонан соң оның жиегі көтеріледі, тақта бірте-бірте астаушаға айналады. Мұнан кейін астау жиектері бір-біріне жақындап, жанасып жүйке түтігін түзеді. Бұл түтіктің тқменгі бөлімінен жұлын тұзіледі, aл жоғaрғы бөлімі кеңейіп мидың барлық бөлімдері дамиды.

21) Рефлекторлық доға (рефлекторная дуга); (лат. reflexus — шағылысу) — сыртқы және ішкі әсер етуші факторларға организмнің жауап беру реакциясы кезінде пайда болған жүйке толқынының жүретін жолы.

Рефлекторлық доғаны кем дегенде сезімтал, байланыстырғыш (аралық), қозғалтқыш нейроциттер тізбегі құрайды. Рефлекторлық доға қабылдағыш аппараттан (рецептордан), орталыққа тепкіш (афферентті) жолдан, орталықтан (жүйке жүйесіндегі орталықтар нейроциттерден тұрады), орталықтан тепкіш (эфферентті) жолдан, жауап беру мүшесі (эффектор) бөлімдерінен құралады. Қарапайым рефлекторлық доға жұлын арқылы тұйықталады, ал күрделі рефлекторлық доға жүлын және мидың қатысуымен іске асады

Организмнің барлық рефлекстерін шығу тегіне қарай шартсыз және шартты деп үлкен екі топқа бөледі. Қаңқа еттеріне келетін қозғағыш нервтер арқылы іске асатын рефлекстерді сомотикалық деп, симпатикалық және парасимпатиқалық невтер арқылы іске асатындарды вегетативтік рефлекстер деп атайды.

Рефлекторлық доғаны тек салыстырмалы түрде доға ретінде қарастырады, себебі эффектор мен рефлекторлық орталық арасында кері байланыс жолы болады. Егер тура байланыс арқылы орталық нерв жүйесі эффекторрдың қызметін басқарса, кері байланыс арқылы эффектордың жағдайы туралы мєлімет алады, эффектордың жауап реакциясын бағалайды жєне қателік кетсе єр уақыт үзіндісінде түзету ендіре алады.

 

 


Дата добавления: 2015-02-02 | Просмотры: 2895 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.014 сек.)