АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Сколиоз ауруы

Прочитайте:
  1. Базовый комплекс лечебной физкультуры при сколиозах и других искривлениях позвоночника
  2. Г. грудо-поясничных сколиозах
  3. Гентингтон ауруы.
  4. ГРЕЙВС АУРУЫ
  5. Диагноз сколиоз: мне противопоказан зал?
  6. Занятия плаванием при сколиозе
  7. Иценко Кушинг ауруы
  8. Как правильно тренироваться и работать с весами при сколиозе?
  9. Классификация и типы сколиоза
  10. Классификация сколиоза

S – тәрізді

Сколиоз (көне грекше: σκολιός, лат. scoliōsis — қисық, қисайған) — омыртқаның бір бүйірге қарай қисаюы. Сколиоздың туа бітетін және жүре пайда болатын түрлері бар. Туа бітетін сколиоз омыртқа, қабырға мен жауырынның және төс сүйегінің әр түрлі себептерден дұрыс дамымауынан болады. Сколиоздың бұл түрі нәресте туғаннан кейін немесе алғашқы қадамын жасағанда, кейбір балаларда аурудың белгілері 5 — 6 не 12 — 14 жаста байқалады. Жүре пайда болатын сколиоздың себебіне қарай рахиттік, статик., неврогендік және үйреншікті (идиопатик.) түрлері болады. Рахиттік сколиоз негізінен рахит ауруына шалдыққан балаларда кездеседі. Мұндай балалардың сүйектерінің жұмсару себебі олардың ерте отырып, жұмсақ төсекте жатуына байланысты болады. Статикалық сколиоз омыртқаға түсетін күштің бірқалыпты болмауынан дамиды. (мысалы, скрипкашылар, тігіншілер, т.б.). Неврогендік сколиоз полиемиелитпен ауырған балаларда кездеседі. Үйреншікті сколиоз арқа, жауырын, бұлшық еттерінің қалыпты дамымауынан болады. Омыртқа бойында орналасқан бұлшық еттердің әлсіз болуы омырқаға түскен әр түрлі күштердің әсерінен омыртқаның біртіндеп бір бүйірге қарай қисаюына әкеледі. Бұл мектеп жасындағы балаларда жиі кездеседі. Сондай-ақ сколиоздың бөлшектенген (омыртқаның тек бір бөлегінің қисаюы); тұтас (омыртқаның толықтай қисаюы); сыртқы пішініне қарай: біржақты және S тәрізді түрлері ажыратылады. Сколиозды емдемес бұрын сколиоздың түрі мен омыртқаның қисаю дәрежесі; ауру адамның жасы мен оның қосымша сырқаттары; диагноздың қойылу мерзімі, т.б. жағдайлар мұқият ескеріледі. Емі: консервативті әдіс бойынша — арқа, жауырын тұсындағы бұлшық еттерді арнайы гимнастика, массаж, дәрі-дәрмек, әр түрлі корсеттерді пайдаланып нығайту; хирургиялық әдіс бойынша — консервативті ем нәтиже бермеген жағдайда, ауто-гомотранспланттарды қолданып, омыртқаны бір қалыпта бекіту үшін операция жасау.

Хирургиялық жолмен орнатылған корсет, ретген суреті

Рентген суретінде хирургиялық жолмен орнатылған металдық конструкция, 12 - омыртқадан 2 ге шейін орнатылған

Қисаю бұрышын Cobb әдісімен өлшеу


Дата добавления: 2015-09-18 | Просмотры: 1580 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.003 сек.)