АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Ажырату диагнозы. · Туберкулезді менингит

Прочитайте:
  1. Ажырату диагнозы

· Туберкулезді менингит

· Эпидемиялық менингит

· Серозды менингит

 

Ауру Ликвор түсі және мөлдірлігі Ликвор қысымы Жасушалар саны (1мм3) формула Ликворда-ғы нәруыз мөлшері, г/л Ликворда-ғы қант мөлшері, ммоль/л Ликворда-ғы хлоридтер мөлшері, ммоль/л
Қалып Ликвор түссіз, мөлдір 100-200 мм. Су.баған. 0-3 лимфоциттер 0,12 – 0,45 г/л 2,5 – 4,4 ммоль/л 120-130 ммоль/л
Отогенді іріңді менингит Ликвор іріңді, лайланған жоғарлаған Лейкоциттер саны мындаған, кейде санауға келмейді, 70-80% нейтро-фильдер 1-3 г/л 1-2,4 моль/л төмендеген
Туберкулезды менингит Ликвор түссіз, мөлдір жоғарлаған Лимфоциттер саңы жүздеген (200-800) 0,33-1,65 г/л және оданда > 1-2 ммоль/л 90-100 ммоль/л
Серозды менингит Ликвор түссіз, мөлдір жоғарлаған 90-95%лимфоциттер, саңы 50-1500 0,33 г/л Қалыпты немесе төмен Қалыпты немесе төмен

 

Емі

1. Хирургиялық ем:

· Жіті ортаңғы отитте – мастоидотомия

· Созылмалы ірінді ортаңғы отитте – кеңейтілген, радикалды операция

2. Антибактериалдық терапия – гематоэнцефалдық тосқауылдан өтетін (бір тәулікте 36 млн. ЕД пенициллин)

3. Дезинтоксикалық терапия (гемодез, 5% глюкоза ерітіндісі, полиглюкин, Рингер)

4. Дегидратациялық терапия (калий хлориді, панангин, манитол, лазикс, магний сульфатының 25% ерітіндісі)

5. Гематоэнцефалдық тосқауыл өткізгіштігін азайтатын дәрілер (уротропин)

6. Сенсибилизацияны төмендету үшін (супрастин, тавегил)

7. Симптоматикалық терапия

 

Бассүйек ішілік асқынулардың жекелеген түрі

Асқынудың бұл түріне самай сүйегінің ауа тасығыш жүйелеріндегі ірінді процестермен байланыста болатын және дамитын ми қабықтарындағы, көк тамыр қуыстарындағы және мидың өзіндегі процестер қарайды.

Экстрадуралдық абцесс – іріңнің самай сүйегі мен мидың қатты қабығының араларында жиналуын айтамыз.

Этиологиясы:

· қабыну процестерінің дабыл қуысынан немесе емізік тәрізді өсіндіден бассүйек ішіне таралуы

· жіті ортаңғы отит

· созылмалы іріңді эпитимпаниттің өршуі

· іріңді лабиринтит

Белгілері:

Ауру ағымы көбінесе белгісіз өтеді.

· Түңгі уақытта іріңдеген жағының жарты басының қатты ауруы

· Жіті отиттің ақырғы кезеңдерінде тесіктен көп мөлшерде ірің ағуы және ол тамыр пульсімен бірге соғуы мүмкін

 

Диагностикасы: компьютерлі томография

Емі: Міндетті түрде хирургиялық әдіспен емделеді.

Субдуралдық абцесс

Анықтамасы.

Субдуралдық абцесс – іріңнің мидың қатты және жұмсақ қабығы аралығында жиналуы. Диагноз тек операция кезінде қойылады.

Мидың және мишықтың отогенді абцесі

Мидың және мишықтың отогенді абсцесі - ортаңғы отиттің ең қатерлі асқынуларының бірі

Ми абсцесінің даму кезеңдері:

- іріңді флора әсерінен мидың ақ заттектегінің реакциялар жиынтығы

- тромбоз пайда болып мида ишемиялық ошақтар дамиды

- капиллярлар жабылуы, ми тіндерінің қоректенуінің бұзылуы.

 

Клиникасы:

4 кезеңнен тұрады:

1. Алғашқы кезең 1-2 аптаға созылады, жеңіл менингиалдық белгілермен жүреді: бастың ауруы, өзін нашар сезіну, дене қызуы 37,5°С, лоқсу, жүрек айну, құсу.

2. Жасырын кезең 2-6 аптаға созылады. Белгілер барлығы жоғалып кетеді немесе ауырлаған түрде болады.

3. Айқын кезең 2 аптаға созылады

Жалпы белгілер:

* бұл жалпы іріңдік процестерге тән

Жалпы милық белгілер:

* бастың ауруы және ешқандай лоқсусыз, тамаққа байланыссыз «атқылап» құсу.

* брадикардия

* көз түбіндегі өзгерістер

* кейде отогендік абсцесс минингиалдық белгілермен бірге жүреді

* басын ұстау қалпы

* жұлын сұйықтығының өзгеруі

Алыстаған белгілер

* көз, бет нервтерінің салдануы

* ұстамалы тырысулар

* пирамидалық белгілер

Самай бөлігінің абсцесінің ошақты белгілері

* афазия (амнестикалық және сенсорлы)

* гемианопсия

* эпилептикалық сіреспе ұстамасы

* есту қабілетінің төмендеуі

* иіс, дәм сезу қабілетінің бұзылуы

4. Терминальдық кезең

* мидың ісінуі көбейіп – іріңнің жарылып, жайылу салдарынан және негізгі орталық салданудың әсерінен адам өліп кетуі мүмкін.

Мишық абцесінің белгілері:

1. Қозғалыс координациясы және тонус бұзылады.

2. Сөйлеу қабілеті бұзылады.

3. Өздігінен байқалмайтын нистагм.

4. Жартылай шала салдану (атаксия).

5. Тырысулардың пайда болуы.

Диагностикасы:

· Бассүйекті рентген арқылы тексеру

· Самай сүйекті Шюллер, Майер, Стенверс арқылы тексеру

· Ангиография

· Электроэнцефолография

· Эхоэнцефалография

· Радионуклидті сцинтиграфия

· Пневмо-, вентрикулография

· Компьютерлік томография (116-117-сурет)

· Магнит-резонастық томография (117-сурет)

Ажырату диагнозы:

· Іріңді менингитпен

· Іріңсіз жергілікті энцефалитпен

· Серозды лептоменингитпен

· Арахноидитпен

· Іріңді лабиринтитпен жүргізіледі.

Емі:

· Хирургиялық – ортаңғы құлаққа кеңейтілген радикалды операция және ортаңғы, артқы ми шұнқырларын ашу, абсцессті табу, ашу, дренаждау

· Антибиотиктер.

· Дезинтоксикалық ем.

· Дегидратациялық ем.

· Симптоматикалық ем.

 

Отогенді синустромбоз және сепсис

Сепсис – ауру қоздырғыштары зардабының денеге жайылуы.

Отогенді сепсис – ортаңғы құлақтағы іріңді процесінің нәтижесінде веноздық синустың, әсіресе сигма тәрізді синустың тромбофлебитімен сипатталады.

 

Сепсис

       
   


Септицемия Септикопиемия

Сепсис

       
   

 


Ерте түрі – жас адамдар жіті Кеш түрі – бұл сепсис созылмалы

отитпен ауырғанда бірінші отит немесе жіті отиттен кейін

күнінен пайда болады. Көп уақыттан соң пайда болады.

 

Клиникасы:

· Жалпы клиникалық белгілер

· Жергілікті клиникалық белгілер

Ошақты белгілер – күрделі көк тамырлар мидың қатты қабығының қуыстары мен мойындырық көк тамырдың жұмысының бұзылуынан басталады.

Жалпы белгілер:

· Дене қызуы көтерілуі және кенеттен төмен түсуі.

· Қалтырау және суық тер болады.

· Терісі бозарған «құс терісі» сияқты болады.

· Түсі сарғыш тартқан.

· Мұрын қанаттарының үлкейіп, кеңеюі.

· Интоксикация.

· Төбе – желке аймағының ауыруы.

· Тахикардия

· Бассүйекішілік қысымның жоғарлауы

· Жұлын сұйықтығының қысымының жоғарылауы.

· Эритроциттердің ыдырауы.

· Сүйек кемігі қызметінің төмендеуі.

· Лейкоцитоз

Қандағы өзгерістер:

· Нейтрофилез

· Лейкоцитарлы формуланың солға жылжуы.

· ЭТЖ жоғарлауы.

Ошақты белгілер:

· Гризенгер белгісі

· Уайтинга белгісі

· Фосса белгісі

· Квекенштедтің оң белгісі

 

КТ Ангиография МРТ

118-сурет. Отогенді сигма тәрізді қойнаудың тромбозы

 

Емі:

Хирургилық – ортаңғы құлаққа кеңейтілген радикалды операция және сигма тәрізді қойнауды ашу, тромбты табу, алып тастау

· Антибиотиктер.

· Дегидратациялық терапия.

· Дезинтоксикалық терапия.

· Антикоагулянттар – гепарин, дикумарин.

 


Дата добавления: 2015-09-18 | Просмотры: 2149 | Нарушение авторских прав



1 | 2 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.012 сек.)