АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Тапсырма. Келесі бекітулерді толықтырыңыз

Прочитайте:
  1. кардиология бойынша тесттік тапсырмалар
  2. модулі бойынша тесттік тапсырмалар
  3. Тапсырма
  4. Тапсырма
  5. Тапсырма
  6. Тапсырма
  7. Тапсырма
  8. Тапсырма
  9. Тапсырма
  10. тапсырма

Келесі бекітулерді толықтырыңыз.

1. Өкпе эмфиземасы дегеніміз......(29 сурет)

2. Өкпе эмфиземасының негізгі клиникалық белгілері....

3. Тыныс жеткіліксіздігі дегеніміз.....

4. Тыныс жеткіліксіздігінің түрлері:

1)...

2)...

3)...

5. Тыныс жеткіліксіздігін ағымына байланысты келесі түрлерін ажыртамыз:

1)...

2)...

6. Пневмосклероз дегеніміз....

7. Өкпелік жүрек дамиды мынаның нәтижесінде...

29 сурет

 

 

Ситуациялық есептер

Есеп

Науқас И. 45 жаста. Ер кісі 13 жасынан бері тас кесуші болып жұмыс атқарады. Жұмысқа шықпай тұрып өзін денім сау деп есептеген, бірақ үш жыл бұрын науқастан шаң тозаңдық бронхит анықталған. Бүгін жұпыны кілегейлі қақырықпен ұстама тәрізді жөтелге, айқын эспираторлы ентігуге, әсересе жатқан кезде күшейеді, жалпы әлсіздік, тершеңдікке шағымданып келді.

Тексергенде: кеуде клеткасы бөшке тәрізді, диффузды цианоз байқалады. Перкуссияда өкпе үстінде қорапты дыбыс анықталады. Тынысы қатқыл, өкпенің барлық беткейінен әсіресе дем алған кезінде құрғақ сырылдар естіледі.

1. Болжамды диагноз қойыңыз.

2. Кеуде клеткасының рентгенограммасында нені анықтауға болады (30 сурет)?

3. СТҚ зерттеуінің болжамды қорытындысы.

30 сурет

Есеп

Науқас В. 47 жаста. Ер кісі асқазан ойық жара ауруына операция жасалуына байланысты хирургиялық бөлімшеде жатты. Операциядан кейін сол аяғы тромбофлебитпен асқынды. 7 күннен кейін науқастың жағдайы бірден нашарлады, ентігу, кеуде клеткасында ауырсыну, қан қақыру пайда болды. Қарау кезінде: жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежеде, сол жақ балтырының ісінуі байқалады. ТАЖ минутына 28 рет, ентігу науқас вертикальды жағдайында күшейеді. Өкпені перкуссиялағанда өкпелік дыбыс, аускультацияда везикулярлы тыныс естіледі. Тамыр соғысы минутына 120 рет, ырғақты, жүрек тондары таза. Өкпелік артерия үстінен 2 тон акценті күшейген. АҚ 120/80 мм.сын.бағ. Ішін палпациялағанда жұмсақ, ауырсынусыз, бауыр мен көк бауыр ұлғаймаған. Үлкен дәреті мен кіші дәреті қалыпты, температурасы 37,1 С. Зәр анализінде патологиялық өзгеріс жоқ. ПТИ 98%, қан ұю уақыты 2 минут 10 с.

1. Диагнозды тұжырымдаңыз және негіздеңіз (31 сурет). 31 сурет

2. Дифференциалды диагноз жүргізіңіз.

3. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай тексерулер жүргізу қажет?

4. Емдеу тактикасын анықтаңыз.

5. Хирургиялық және терапиялық алдын алу әдістерін атаңыз.

Есеп

Науқас Б. 24 жаста. Ер кісі ауруханаға оң жақ кеуде клеткасының бірден қатты ауырсынуына, ауырсыну қолтық асты аймағына, оң жақ жауырын астына және іштің жоғары аймағына берілуіне, ентігуге шағымданып келді. Ауырсыну футбол ойнап жүргенде кенеттен басталған.

Келіп түскен кезде: жағдайы ауыр, диффузды цианоз, тынысы қиындаған, ТАЖ минутына 30 рет, денесін суық тер басқан. Тамыр соғысы минутына 110 рет, жіп тәрізді. Мойын веналары ісінген, оң жақ кеуде клеткасы кеңейген, қабырғааралықтары тегістелген. Өкпені перкуссиялағанда қорапты дыбыс естіледі. Оң жақта дауыс дірілі жоқ, тынысы әлсіреген. Сол жағында аускультацияда – өкпелік дыбыс, тынысы везикулярлы, бауыры қабырға доғасынан 4 см шығып тұрады.

1. Диагноз қойыңыз және негіздеңіз.

2. Ауру пайда болуына әрекет еткен себептерді атаңыз?

3. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай тексерулер жүргізу қажет? 32 суретте қандай зерттеудің нәтижесі көрсетілген?

4. Науқасты жүргізу іс әрекетін таңдаңыз?

32 сурет

Студенттерге арналған өзіндік жұмыстарының түрлері

v Ситуациялық есептерді құрастыру.

v Дерттің графологиялық құрылымын құрастыру.

v Фармакологиядан «Қақырықты түсіретін дәрілер» және «Бронхолитик дәрілер» тақырыбын қайталау.

v Тест түрінде тапсырмалар құрастыру.

v Емдеу және диагностика жоспарын құру.

v Ситуациялық есептерді үйлестіріп құрастыру.

v Глоссарии құрастыру.

Сағат көлемі: 2.

____________________________________________________________________

v 2 қосымшадан өзіндік жұмыстарды орындау үшін ұсыныстарын қараңыз.

 

II. БӨЛІМ

ҚАН АЙНАЛЫМ АҒЗАЛАРЫНЫҢ АУРУЛАРЫ

2.1 РЕВМАТИЗМ (жедел ревматикалық қызба)

Сабақтың мақсаты: теориялық білімдерін бекіту; студенттерді ауру ағымының ерекшеліктерімен, тексеру әдістерімен,емдеу принциптерімен және алдын алумен таныстыру; алынған мәліметтерді талдай білу.

Студент білу керек:

· ревматизм патогенезі;

· ревматизм ағымының қазіргі заманға сәйкес ерекшеліктері;

· ревматизмнің қазіргі заманға сәйкес жіктемелері;

· белсенді ревматикалық процесстің белгілері;

· белсенді ревматикалық процесс кезіндегі фельдшердің іс әрекеті, ауруханаға жатқызылу көрсеткіші, белсенді ревматикалық процессі бар науқасты тасымалдау ережесі;

· емдеу принциптері;

· ревматикалық қызбаның біріншілік және екіншілік алдын алуын;

· диспансеризациялау мақсаттары.

Студент істей білу керек:

· ревматикалық қызбамен ауыратын науқасты субъективті және объективті тексеру жүргізу;

· қосымша тексеруден алынған мәліметтерді дұрыс талдау;

· болжамды диагноз қою және негіздеу;

· науқасты емдеу жоспарын құрастыру;

· буындық айқын ауырсыну синдромында, жедел жүрек жеткіліксіздігінде (ЖЖЖ), жүрек ырғақтығы бұзылғанда шұғыл көмек көрсету;

· шақыру картасын және ауру тарихын тексеру;

· антибиотикті бұлшық етке енгізу.

 

 

Бақылау сұрақтары

1. Ревматизм дегеніміз не?

2. Ревматизм этиологиясы?

3. Аурудың даму механизмін.

4. Ревматизм жіктемесін.

5. Ревматизмнің негізгі диагностикалық критерилерін атаңыз.

6. Ревмокардитке тән белгілері.

7. Ревматикалық полиартрит белгілері.

8. Ревматизм кезінде тері жамылғыларының және жүйке жүйесінің зақымдануларын суреттеңіз.

9. Ревматизм кезінде қосымша зерттеу әдістері.

10. Ревматизмді негізгі емдеу принциптері.

11. Ревматизмді алдын алуы.


Дата добавления: 2015-08-14 | Просмотры: 1702 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.006 сек.)