АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Интерлейкин-6

Қарастырылып отырған цитокиннің көзі ретінде көптеген типіті клеткалар болады: Т-хлеперлер, моноцит- макрофагтар, фибробластар, эндотелиальді клеткалар, кератиноциттер. ИЛ-6-ның белсенді синтезі бактериялар, вирустар, митогендер, түрлі медиаторлар клеткаларға әсерінен кейін басталады. Көптеген эндогенді және экзогенді заттардың тобына жылдам және айқын реакциясы осы цитокиннің ерте медиаторлар тобына жататындығын көрсетеді. Мұндай қабілеттің бөтен патогеннің организмге түсуінде немесе тіндердің зақымдалу кезіндегі шұғыл реакцияның түзілуінде маңызы өте зор. ИЛ-6 ИЛ-1 мен TNF сияқты желел фазалар белоктар синтезін шақырады. Сондықтан қабынудың цитокиндер тобына жатады.

Ил-6-ның биологиялық әсерінің спектрі кең және нысана клеткалардың дифференцировкасын кеш кезеңдерінде қамтамасыз етеді. Негізінде В-клеткалардың дифференцировка факторы болып антидене түзуші клеткаларға дейін В-клеткалардың пісіп жетілуіне мүмкіндік жасайды. Костимулятор ретінде жаңағы цитокин митогенге немесе антигенге қарсы Т- клеткалардың пролиферативті жауабын дайындайды, антиген танушы Т- хелперлермен ИЛ-2-нің продукциясынның жоғарлауын қаматамасыз етеді.

ИЛ-6-ның жоғарлауы көптеген патологиялық жағдайларда анықталады: аутоиммунды ауруларда, псориазда, мезангиопролифративті гломерулонефритте, Капоши саркомасында, алкоголді циррозда, лимфомада, миеломада, бүйректің карциномасында. АИВ- инфицирленген адамдардың В-лимфоциттері TNF –а мен ИЛ-6 жоғары мөлшерде бөледі. Сонымен қатар атопиялық аллергиялық раекцияларда TNF-а мен ИЛ-6 жоғарлауы байқалған. ИЛ-6 деңгейнің жоғарлауы жаралы аурудың, панкреатитің, глютенді энреропатияның, Крон ауруының, арнайы емес калиттың, вирусты гепатитің, біріншілік билиарлы цирроздың асқынуында байқалады.


Дата добавления: 2015-07-23 | Просмотры: 651 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.003 сек.)