АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Anamnesis vitae

Прочитайте:
  1. Anamnesis gynecologica
  2. Anamnesis morbi
  3. Anamnesis morbi
  4. ANAMNESIS MORBI
  5. Anamnesis morbi
  6. Anamnesis morbi
  7. ANAMNESIS MORBI
  8. Anamnesis morbi
  9. Anamnesis morbi
  10. Anamnesis morbi

Anamnesis morbi

5-ші қыркүйек күні іш аймағында ауру сезімі пайда болған. Ауру сезімін ешнәрсемен байланыстырмайды. Кетонал ішіп қайтып жатып ұйықтаған. 6-шы қыркүйек күні таңертен тұрған кезде оң жақ мықын аймағында ауру сезімі пайда болған. Оған көңіл бөлмей жұмысқа кеткен. Ауру сезімі үдей түсуіне қарай жедел жәрдем шақырылды. Жедел жәрдеммен №4 Қалалық Клиникалық ауруханаға жеткізіліп, аппендицитке күдіктеніп хирургия бөлімшесіне жатқызылды.

Anamnesis vitae

Науқас 1960 жылы Алматы қаласында 3-ші жүктіліктен кейін дүниеге келген. Үйленген, 2 баласы бар. Мал дәрігері болып жұмыс істейді. Әлеуметтік жағдайы қанағаттанарлық. Зиянды әдеттері жоқ. Бұрын операция болмаған. Сары ауру, мерез, безгек, сүзек және туберкулезбен ауырмаған. Аллергиялық анамнезі жоқ. Соңғы алты айда тіс дәрігерінде емделмеген, жұқпалы аурулары бар кісілермен қатынаста болмаған. Туыстарында және өзінде психикалық, жүйке аурулары жоқ.

 

 

Status praesens:

1.Жалпы жағдайы: Орташа дәрежеде

2.Есі: Анық

3.Төсектегі қалпы: Өздігінен қозғала алады

4.Дене бітімі:

а) дұрыс қалыпты

б) нормостеник

в) бойы - 175см

г) салмағы - 72 кг

д) дене температурасы 37,6°С

 

5.Денесінің терісі:

а) түсі қалыпты

б) қызуы физиологиялық қалыпта

в) эластикалық қасиетте

г) ылғалды

д) тері қосалқылары – тырнағы дұрыс пішінді, шаштары таза, жылтыр

 

6. Тері асты шел майы: жетілу деңгейі аздап жоғары, біркелкі таралған.

7. Лимфа түйіндері: түйіндер көлемі өзгермеген, біркелкі таралған, ауырсынусыз, айналасындағы тінмен жанаспаған.

8. Бұлшық еттері: жетілу деңгейі орташа, тонусы қалыпты, ауырсыну сезімі жоқ.

9. Сүйектері буын жүйесі: буындардың үйлесімі, қозғалысы толық сақталған. Ауырсыну сезімі жоқ.

10. Бас сүйектері мен бет сүйектерінің көлемі сақталған.

11. Мойын пішіні өзгеріссіз

12. Пульс: 90 рет/мин, АҚ: 130/80 мм.с.б.

Тыныс алу жүйесі

Шағымдары жоқ

1. Мұрын пішіні: өзгермеген, тыныс алуы еркін

2. Кеуде пішіні: қалыпты, деформация жоқ, екі жартысы бірдей, кеуденің екі жағы тыныс алу актісіне бірдей қатысады

3. Көмекші бұлшық еттер тыныс алуға қатыспайды

4. Тыныс алу жиілігі: аралас, тынысы ырғақты, беткейлі

5. Тыныс алу жиілігі: 20 рет /мин

 

Пальпация:

а) кеуде серпіміділігі сақталған

б) дауыс дірілі симметриялық аймақтарда бірдей, күшеймеген

 

Перкуссия:

Салыстырмалы перкуссия:

а) өкпенің алдыңғы, бүйірлік, артқы бөліктерінің симметриялық аймақтарында перкуторлық дыбыс бірдей – ашық

б) дауыстылығы өкпенің барлық бөліктерінде сақталған

Топографиялық перкуссия:

 

Өкпе ұштарының биіктігі Оң жақта   Сол жақта  
  Алдынан   Бұғана үстінен 3 см
  Артынан   7-ші мойын омыртқасы деңгейінде  

 

Крениг алаңы:

Оң және сол жақта - 5 см

 

Оң өкпенің төменгі шекаралары:

Төс маңы сызығы бойымен 6 – шы қабырғаның жоғарғы қыры
Бұғана ортаңғы сызығы бойымен 6 – шы қабырғаның төменгі қыры
Алдыңғы қолтық асты сызығы 6 – шы кабырға аралық
Ортаңғы қолтық асты сызығы 7 – ші қабырға
Артқы қолтық асты сызығы 8 – ші қабырға
Жауырын сызығы бойымен 9 – шы қабырға
Жота маңы сызығы бойымен 9 – шы кеуде омыртқаның өстік өсіндісінің деңгейі

 

Сол өкпенің төменгі шекаралары:

Алдыңғы қолтық асты сызығы 6 – шы қабырға аралық
Ортаңғы қолтық асты сызығы 7- ші қабырға
Артқы қолтық асты сызығы 8 – ші қабырға
Жауырын сызығы бойымен 9 – шы қабырға
Жота маңы сызығы бойымен 9 – шы кеуде омыртқаның өстік өсіндісі деңгейінде

 

 

Аускультация:

Өкпенің барлық аймақтарында везикулярлы тыныс. Қосымша тыныс шуылы жоқ. Бронхофония өзгеріссіз.

Жүрек – қан тамыр жүйесі

Шағымдары жоқ

1. Жүрек тұсын қарау және пальпация:

а) жүрек аймағында дөңестік жоқ

б) жүрек ұшының түрткісі анықталады (5-ші қабырғааралық бұғана ортаңғы сызықтан 1,5 см төске қарай)

в) жүрек аймағында діріл байқалмайды

2. Перкуссия:

Салыстырмалы тұйықтық шекаралары

1. Оң шекарасы: 4–қабырға аралықта төстің оң қырынан 1 см сыртқа.

2. Жоғарғы: 3–қабырға деңгейінде (төс сызығы мен төс маңы сызығының ортасында)

3. Сол шекарасы: 5-қабырғааралықта сол бұғана ортаңғы сызығынан 1,5 см төске қарай.

Жүректің көлденең ені: 1-ші өлшем 3-4 см

2-ші өлшем 8-9 см

Абсолюттік тұйықтық шекаралары.

1. Оң - төстің сол қыры 4 қабырға аралықта.

2. Сол - салыстырмалы тұйықтығының сол жақ шекарасынан 1 см ішке қарай 6 қабырғада

3. Жоғарғы – төстің сол қыры 4 қабырға.

 

3. Аускультация:

а) жүрек тондары – анық, ырғақты, жүрек тондарының ара қатынасы барлық бөлікте сақталған. Жүрек ұшында тоны анық, ритімді. Систоликлық шу, шоқырақ ырғағы естілмейді. мойын тамырлары мен қолтық асты аймағына берілмейді.

б) Артериялық қысым – 130/80 мм с.б.б.

в) Ірі артериялардың аускультациясында шулар байқалмайды. Пульс жоғрғы және төменгі аймақтарда пальпацияланады және де самай және ұйқы артерияларында.

4. Шыбық артериясының пульсі:

а) екі қолда бірдей

б) ырғақты

в) жиілігі 90 рет/мин

г) кернеулігі қалыпты

д) қан тамыр қабырғасы серпімді

 

Ас қорыту жүйесі

Шағымдары: Іштің оң жақ мықын аймағында ауру сезімі, бүріп ауырады

Қарап тексергенде:

1. Ауыз қуысы: Тілі құрғақ, ақ жабынмен қапталған

2. Құрсақты қарау: Іші үлкеймеген, тыныс алуға қатысады, кіндік тартыңқы емес

Құрсақ пальпациясы:

Ауру сезімі оң жақ мықын аймағында, іш қатаймаған

Ситковский, Бартомье-Михельсон, Образцов белгілері оң

Перкуссия:

Ровзинг, Раздольский белгілері оң

Несеп жүйесі

Шағымдары: жоқ

Зәр шығаруы бұзылыссыз. Бүйрек пальпация әдісімен анықталмайды. Соғып тексеру симптомы екі жақта да теріс. Қасаға сүйегі үстінде қуық анықталмайды. Зәр шығару қалыпты.

 

 

Жүйке жүйесі және психикалық жағдайы:

Есі анық, сөзі өзгермеген. Сезгішітігі сақталған. Жүрісі қалыпты. Көз алмасының, қарашықтардың жағдайы және көздің рефлекстері қалыпты. Ұйқысы бұзылмаған, түнде ұйқысыздық мазаламайды.

 

 


Дата добавления: 2015-08-26 | Просмотры: 538 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.007 сек.)