АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

ИЕРСИНИОЗДАР (10)

Прочитайте:
  1. ИЕРСИНИОЗДАР (10)

ОБА 10

37.47 жастағы әйел, шопанның көмекшісі ауруханаға ауыр жағдайда келіп түскен, есі анық емес, терісі қызарған, сол қолының басында іріңді – геморрагиялық бөлінулері бар үш жара анықталды, жаралары ауыру сезімді, сол жақ қолтық астында қатты ауыратын, тығыз, қозғалмайтын бубон байқалады.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы нақтылау?

А) Пастереллез

Б) Лейшманиоз

В) Сібір жарасы

Г) Листериоз

+Д) Оба

38. Оба кезінде жараның сипаты:

a) Жалпақ, түбінде гранулациямен

b) Жалпақ, қара струппен

c) +Терең, іріңді-геморрагиялық бөлінділермен

d) Аймақтық лимфаденитсіз

e) Ауру сезімсіз

39. Обадағы аяқтағы біріншілік терілік аффектісінде бубонның пайда болу орны:

a) қолтық асты аймағында

b) мойын аймағында

c)бұғана асты аймағында

+d)шап аймағында

e) шынтақ аймағында

 

40. Оба кезінде қолдарда біріншілік терілік аффектісінде бубонның пайда болуы

+a)Қолтық асты аймағында

b)бұғана асты аймағында

c)шынтақ аймағында

d)Шап аймағында

e)Мойын аймағында

 

41. 52 жастағы әйел, шопанның көмекшісі ауруханаға ауыр жағдайда келіп түскен, есі анық емес, бетінің терісі қызарған, сол қолының басында жара, іріңді – геморрагиялық бөлінулермен, ауру сезімді, сол жақ қолтық астында қатты ауру сезімді тығыз, қозғалмайтын бубон пальпацияланады. Болжама диагноз «Оба, терілік бубонды түрі» қойылған.

Қандай дәрі тағайындау керек?

+a) ципрофлоксацин

b) полимиксин

c) фуразолидон

d) ремантодин

e) интерферон

 

42. Ер адам 40 жаста, геолог. Жедел ауырған:қалтырау, бас ауру,пайда болып, дене қызуы көтерілген. Төсектегі жағдайы шап аймағындағы айқын ауру сезіміне байланысты. Қараған кезде сол жақ шап аймағында қатты ауру сезімді бубон пальпацияланады, шекарасы анық емес, терімен жабысқан. Табанында іріңді геморрогиялық бөлінділері бар жара анықталды.

Сіздің болжама диагнозыңыз:

a) сібір жарасы

b) іш сүзек

c) лейшманиоз

d) +оба

e) туляремия

 

43. Ер адам, 62 жаста, шопан клиникаға ауруының үшінші күні түсті. Дене қызуы 390С, улану белгісі айқын. Ер адам әлсіз, есі анық емес. Оң жақ шап аймағында ісік қатты ауру сезімді тығыз конгломерат тәрізді лимфа түйіндер, айналасындағы тіндерге жабысқан, ісінген, қызарған. Балтырында іріңді геморрогиялық бөлінділермен жара анықталады.

Сіздің болжама диагнозңыз?

a) туляремия

b) сібір жарасы

c) лейшманиоз

d) лимфогранулематоз

e) +оба

 

44. Обаның контактті (жарақатты) жұғу жолына аурудың қай түрі тән:

a) пневмониялық

+b) терілік

c) біріншілік -жайылмалы

d) ангинозды

e) абдоминальді

45. Терілік-бубонды обаның диагнозына қарсы белгі:

a)38-ден жоғары температура

b)бубонның болуы

c)айқын интоксикация

+d) лимфангит

e) біріншілік терілік афект

46. Обада қандай лабораторлық –этиологиялық әдіс диагнозды дәлелдейді:

a)+ бактериологиялық әдіс

b) микроскопиялық

c) люминесцентті –микроскопиялық

d) аллергологиялық

e) биохимиялық

 

Түйнеме(11)

47. 45 жастағы еркек, жедел ауырған. Ауыруьның үшінші күні қараған кезде, жағдайы орташадан ауырлау, сол жақ білегінде (сона шаққан жерінде) – жалпақ, құрғақ, түбінде қара түсті струпы бар, ауырмайтын жара бар, айналасындағы тіндер ісінген.

Қандай тексеру әдісі ақпаратты болып табылады:

А) вирусологиялық

+Б) бактериологиялық

В) иммунологиялық

Г) инструментальді

Д) биологиялық

 

48. Түйнемелік карбункулге тән:

a) терінің бозғалттығы

b) жұмсақ тіннің ісігінің болмауы

c) жергілікті ауру сезімі

+d) ауырмайтын карбункул

e) іріңді жара

 

49.Түйнемені емдеу үшін қолданады:

a) гормондарды

b)сульфаниламидтерді

c) интерферонды

d) хирургиялық ем

+e) цефалоспориндерді

 

50.Түінеменің терілік түрі эпидемиологиялық үрдістің бірінші звеносы бойынша жатады:

a) антропоноздарға

+b) зооноздарға

c) анропозооноздарға

d) сапроноздарға

e) сапрозооноздарға

51.Түйнеменің біріншілік терілік аффекті көрінісіне келесі белгілер тән:

a) тері астылық шел қабатының ісінуінің болмауы

b) іріңді геморрагиялық бөлінділер

+c) жараның түбіндегі қара тығыз струп

d) шекарасы айқын қызару

e) жараның қатты ауруы

52. 45 жастағы еркек, шопан, жедел ауырған. Ауыруының үшінші күні қараған кезде жағдайы орташадан ауырлау, сол жақ білегінде (сона шаққан жерінде) – жалпақ, құрғақ, түбінде қара түсті струпы бар, ауырмайтын жара бар, айналасындағы тіндер ісінген.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы нақты?

a) оба

b) листериоз

c) лейшманиоз

d) пастереллез

+e) түйнеме

53. 55 жастағы еркек, шопан, жедел ауырған. Ауыруының үшінші күні қараған кезде жағдайы орташадан ауырлау, оң қолдың сыртында – жалпақ, құрғақ, түбінде қара түсті струп, ауырмайтын жара бар, айналасындағы тіндер ісінген. Диагнозы: Сібір жарасы.

Емдеу жоспарына кіреді:

a) гормонды терапия

b) хирургиялық ем

c) спецификалық сары су

d) иммуномодуляторлар

+e) спецификалық гаммаглобулин

54. 27 жастағы еркек, ауылда жұмыс істеген,траншея қазған. Ауру жедел қызбадан басталған, денесі қалтырап, ыстығы көтерілген, қолының терісінде ауырмайтын бірнеше жара пайда болады, жалпақ, тібін қара түсті струп басқан, инфильтрациясы бар,айналасы қызарған, аздаған ісіну байқалады.

Сіздің ықтимал диагнозыңыз?

a) іріңді инфекция

+b) түйнеме

c) пастереллез

d) лейшманиоз

e) листериоз

55. 36 жастағы еркек, сиыр союға қатысқанда қолын жарақатап алған. 3күннен кейін қолы қатты ісіп кеткен. Жарақат орнында қара түсті струпы бар тығыз жара, ауырмайды. Жараның айналасында серозды сұйықтығы бар көптеген везикулалар. Жалпы улану айқын.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы нақты?

+a) түйнеме

b) лейшманиоз

c) пастереллез

d) иерсиниоз

e) оба

56. 50 жастағы еркек, сиыр сойған. Клиника-эпидемиологиялық мәліметтерге сүйеніп «Түйнеменің ықтимал жағдайы. Терілік түрі» деген диагноз қойылды. Диагнозды дәлелдеуге қандай материалды зерттеу керек:

a)нәжіс

b)зәр

c)қан

+d) везикулалардың сұйықтығын

e)жарадан жағынды

57. 50 жастағы еркек, союға мәжбүр болған сиырды боршалаған. «Түйнеме, терілік түрі» деген нақты диагноз қойылған. Спецификалық иммуноглобулинді енгізуден басқа этиотропты емге не жатады:

+a) цефтриаксон

b) амоксиклав

c) метронидазл

d) ломефлоксацин

e) азитромицин

 

ИЕРСИНИОЗДАР (10)

58. Иерсиниоз инфекциясының тасымалдаушылары:

a) жабайы аңдар

b) +майда кемірушілер

c) кенелер

d) москиттер

e) масалар

 

59. Иерсиниоздың эпидемиологиялық анамнезіне қай мәліметтер сай келеді:

a) бұзылмаған етті тағамдарды пайдалану

b) +жуылмаған жемістерді пайдалану

c) консервіленген тағамдарды пайдалану

d) үйде мысық ұстау

e) кәуәп жеу

 

60. Фарингит, полиаденит, жайылмалы дақты-папулезді бөртпе, гепатолиеналды синдром қай ауруда кездеседі?

a) оба

b) бөртпе сүзегі

c) менингококкты инфекция

d) герпестік инфекция

e) +иерсиниоз

 

61. 28 жастағы әйел, ауырғанына 6 күн болғанда ауруханаға келіп түскен. Жедел ауырған. Дене қызуы көтеріліп, басы ауырған, буындары қақсап, жүрегі айнып, құсқан, іші аурған, іші тәулігіне 2-3 рет өтіп, тамағындағы ауру сезімі мазалаған. Қарап тексергенде: дене қызуы 400С, денесі мен аяқ-қолдарында дақты-папулезді бөртпе, тілі өңезделген, ауызжұтқыншақта жұтқыншақтың артқы қабырғасы қызарған, бадамша бездері ұлғайған, сол бадамша безінде іріңді-некроздық жабынды, жеңіл алынады. Полилимфаденопатия. Гепатомегалия. Оң жақ мықын аймағындағы шұрыл. Нәжісі сұйық.

Қандай дәріні этиотропты ем ретінде қолданған ең тиімді?

a) гентамицин

b) ампициллин

c) рифампицин

d) доксициклин

+e) ципрофлоксацин

 

62. Ер адам, 32 жаста, ауырғанына 4 күн болғанда ауруханаға келіп түскен. Шағымдары: дене қызуының 38,8ºС дейін көтерілуі, қалтырау, әлсіздік, басының ауруы, жұтынғанда тамағының ауруы, 3 ретке дейін ішінің өтуі. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта. Денесінің терісінде дақты-папулезді бөртпе анықталуды. Аңқада: шырышты қабаттары қызарған, бадамша бездері ұлғайған, жабындылары жоқ. Мойын, жақ асты, қолтық, шынтақ лимфа түйіндері ұлғайған. Гепатомегалия. Оң жақ мықын аймағындағы ауру сезімі. Қандай диагноз ең ықтимал?

a) +иерсиниоз

b) лептоспироз

c) сальмонеллез

d) вирусный гепатит

e) листериоз

 

63. 25 жастағы ер адам, ауырғанына 6 күн болғанда ауруханаға келген. Жедел ауырған, дене қызуы көтеріліп, қалтыраған. Басының ауруы мазалап, буындары ауырған, жүрегі айнып, құсқан, іші бүріп ауырып, тәулігіне 2-3 рет іші өтті, тамағындағы ауру сезімі мазалауда. Жеміс-жидектер базарында жұмыс істейді. Қарап тексергенде: дене қызуы 400С, денесі мен аяқ-қолдарында дақты-папулезді бөртпе анықталады, тілі өңезделген, тамағы қызарған, бадамша бездері ұлғайған, сол жақ бадамша безінде іріңді-некроздық жабынды анықталады, оңай алынады. Полилимфаденопатия. Гепатомегалия. Оң жақ мықын аймағында ішектінің шұрылы бар. Нәжісі сұйық.

Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады:

+a) иерсиниоз

b) листериоз

c) іш сүзегі

d) сальмонеллез

e) парасүзек А

 

64. 25 жастағы ер адам, ауырғанына 6 күн болғанда ауруханаға келген. Жедел ауырған, дене қызуы көтеріліп, қалтыраған. Басының ауруы мазалап, буындары ауырған, тершеңдік байқалып, жүрегі айнып, құсқан, іші бүріп ауырып, тәулігіне 2-3 рет іші өтті, тамағындағы ауру сезімі мазалауда. Жеміс-жидектер базарында жұмыс істейді. Қарап тексергенде: дене қызуы 400С, денесі мен аяқ-қолдарында дақты-папулезді бөртпе анықталады, тілі өңезделген, тамағы қызарған, бадамша бездері ұлғайған, сол жақ бадамша безінде іріңді-некроздық жабынды анықталады, оңай алынады. Полилимфаденопатия. Гепатомегалия. Оң жақ мықын аймағында ішектінің шұрылы бар. Нәжісі сұйық.

Қан мен аңқа жағындысын бактериологиялық тәсілмен зерттегенде Yersinia enterocolytica аықталған.

Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады?

a) иерсиниоз, гепатитті түрі

b) иерсиниоз, баспалық түрі

c) иерсиниоз, абдоминалды түрі

d) иерсиниоз, асқазан-ішектік түрі

+e) иерсиниоз, біріншілік генерализацияланған түрі

 

65. 32 жастағы әйел, ауырғанына 8 күн болғанда ауруханаға келіп қаралды. Ең бірінші күнінен бастап әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, дене қызуының 38-38,5°С.дейін көтерілуі мазалаған, тамағы ауырып, іші өткен. Келесі күні склерасы сарғайып, зәрі қоюланған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 38,5°С.. Полилимфаденопатия. Ауызжұтқыншақта – жұтқыншақтың артқы қабырғасы қызарған, бадамша бездері ұлғаймаған, жабындылары жоқ. Денесінің терісінде дақты-папулезді бөртпе анықталады. Бауырының төмеңгі қыры қабырға доғасынан 1,5-2 см, төмен пальпацияланады, пальпациялағанда аздап ауырсыну сезімі анықталады.

Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады:

+a) иерсиниоз

b) лептоспироз

c) іш сүзегі

d) острый вирусный гепатит

e) хронический вирусный гепатит

 

66. Ер адам, 32 жаста, ауырғанына 4 күн болғанда ауруханаға келіп түскен. Жедел ауырған. Шағымдары: дене қызуының 38,8ºС дейін көтерілуі, қалтырау, әлсіздік, басының ауруы, жұтынғанда тамағының ауруы, мұрнының бітелуі, 3 ретке дейін ішінің өтуі. Қарап тексергенде: денесінің терісінде дақты-папулезді бөртпе анықталуды. Көзінің ағы субиктериялық. Аңқада: шырышты қабаттары қызарған, бадамша бездері ұлғайған, жабындылары жоқ. Мойын, жақ асты, қолтық, шынтақ лимфа түйіндері ұлғайған. Гепатомегалия. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай биологиялық субстраттар алу қажет?

a) қан,нәжіс, зәр, жұлын сұйықтығы

+b) қан, нәжіс, зәр, аңқадан жағынды

c) қан, нәжіс, зәр, лимфа түйіндерінен пунктат

d) қан, нәжіс, зәр, сүйек кемігінен пунктат

e) қан, нәжіс, зәр, бөртпелерден қырынды

 

67. 25 жастағы ер адам, ауырғанына 6 күн болғанда ауруханаға түскен. Ауруы жедел қызбадан, басының ауруы мен жүрегі айнып, құсудан басталған. Шағымдары: ішінің ауруы, тәулігіне 2-3 ретке дейін ішінің өтуі, тамағының ауруы, артралгия, тершеңдік. Қарап тексергенде: жоғары қызба. Денесі мен аяқ-қолдарында дақты-папулезді бөртпе, тілі өңезделген, тамағы қызарған, іріңді-некрозды баспасы бар. Полилимфаденопатия. Гепатомегалия. Оң жақ мықын аймағында шұрыл анықталады. Нәжісі сұйық. Қанды және аңқадан алынған жағындыны бактериологиялық зерттегенде Yersinia enterocolytica бөлінді.

Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады?

a) иерсиниоз, гепатитті түрі

b) иерсиниоз, баспалық түрі

c) иерсиниоз, абдоминалды түрі

d) иерсиниоз, асқазан-ішектік түрі

+e) иерсиниоз, біріншілік генерализацияланған түрі

 


Дата добавления: 2015-09-18 | Просмотры: 774 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.016 сек.)