АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Когнитивті компонент (білім)

Прочитайте:
  1. A. метода разбивки по компонентам
  2. I. Виды, компоненты и препараты крови
  3. I. Компоненты систем
  4. I. Компоненты эпифиза
  5. I. Компоненты ЮГА
  6. I. Компоненты ЮГА
  7. II. Характеристика компонентов ЮГА
  8. Аполипопротеины. белковые компоненты ЛП
  9. Аутодонорство компонентов крови и аутогемотрансфузии
  10. АФФЕКТИВНЫЙ КОМПОНЕНТ

- студенттерде балалардың ревматикалық, жүрек ауруларының клиникалық симптомдарын диагностикалау жайлы білімді қалыптастыру

- студенттерде балалар ДТЖА-ның клиникалық симптомдары жайлы білімді қалыптастыру

- балада жүрек­-қантамыр жүйесі аурулары және ДТЖА-ның диагностика заманауи әдістері жайлы білімді қалыптастыру

- балада жүрек­-қантамыр жүйесі аурулары және ДТЖА-ның заманауи емі жайлы білімді қалыптастыру

Операционды компонент (дағды және қолынан келуі)

- жіктелуге сай диагноз қоя алумен дағдыларды қалыптастыру

- ДТЖА мен жүрек-қантамыр ауруларын ажырату диагнозын жүргізуде аналитикалық қабілетін қалыптастыру және дамыту

- балада ДТЖА мен жүрек-қантамыр ауруларына диагноз қоюда қазірігі заман әдістерін қолдану дағдыларын қалыптастыру

- балада ДТЖА мен жүрек-қантамыр ауруларына едеудің қазірігі заман әдістерін қолдану дағдыларын қалыптастыру

 

Аксиологиялық компонент (коммуникативті дағдылар)

· науқас бала және оның ата-анасымен сөйлесу дағдыларын қалыптастыру;

· өзара қарым-қатынас дағдыларын дамыту;

· командада жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

 

Құқықтық компонент

· ҚР-ның ана және баланы қорғау заңына және бала құқығы конвенциясы аясында баланы тексеру мен емдеуде этикалық қалыптарды сақтау, білімін жетілдіру және қалыптастыру.

 

Өзін-өзі оқыту және өзін дамыту компоненті

· өз бетінше медициналық әдебиет оқу арқылы, интернетті қолдану, презентация жасау, ситуациялық есеп құрастыру, ажырату диагнозына кесте құру, профессионалды сөйлеу арқылы білім деңгейін көтеру.

2.4 Оқытудың соңғы қорытындысы:

Студент білуі тиіс:

· ревматикалық қызбаның клиникасын, диагностикасын, салыстырмалы диагнозы мен емін

· балаларда кездесетін миокардиттердің клиникасын, диагностикасын, салыстырмалы диагнозы мен емін

· жүрек туа пайда болған және жүре пайда болған ақауларының клиникасын, диагностикасын, салыстырмалы диагнозы мен емін

· ДТЖА клиникасын, диагностикасын, салыстырмалы диагнозы мен емін

· жүрек жетіспеушілігінің клиникасын, диагностикасын, салыстырмалы диагнозы мен емін

 

Студенттің қолынан келуі тиіс:

Диагноз қою және емдеу:

· балалардағы жүрек-қантамыр және дәнекер тіннің жүйелі ауруларының этиологиясы, патогенезі, жіктелуі

· балалардағы жүрек-қантамыр, ревматикалық және дәнекер тіннің жүйелі ауруларында кездесетін клиникалық симптомдар мен синдромдар

· жүрек-қантамыр жүйесі ауруларын заманауы лабораториялық және аспаптық зерттеу әдістері

· балалардағы жүрек-қантамыр, ревматикалық және дәнекер тіннің жүйелі ауруларына диагноз қою критерийлері

· балалардағы жүрек-қантамыр, ревматикалық және дәнекер тіннің жүйелі ауруларын қазіргі заманға сай емдеу хаттамалары

Студенттің қолынан келетін дағдылар:

Науқас баланың ауру және өмір анамнезін жинау

· Науқас баламен ата-анасынан анамнез жинау

· Жүрек перкуссиясы мен аускультациясын жасай алу

· лабораториялық сынақтар көрсеткіштерін (ЖҚА, қанның биохимиясы, ЖЗА) талдау

· ЭКГ және ЭхоКГ қорытындысын а баға беру

· Клиникалық диагнозды негіздеу

· Науқастың зерттеу жоспарын құру

· Нозологияға байланысты науқасты емдеу жоспарын құру

Студент коммуникативті дағдыларын меңгеруі керек

· жүрек-қантамыр, ревматикалық және дәнекер тіннің жүйелі аурулары бар науқастарды тексергенде және емдегенде этика және деонтология бойынша білімін қолдануы керек;

· топта жұмыс жасау;

· әріптестерімен, пациентпен және оның ата-анасымен қарым-қатынаста дағдыларын меңгеру және қалыптастыру.

 

Студент құқықтың компетенцияларды білуі және қолданыуы керек

· ҚР-ның ана және баланы қорғау заңына және бала құқығы конвенциясы аясында баланы тексеру мен емдеуде этикалық қалыптарды сақтау, білімін жетілдіру және қалыптастыру.

 

Өзін-өзі оқыту және дамыту дағдыларын білуі керек

· өз бетінше медициналық әдебиет оқу арқылы, интернетті қолдану, презентация жасау, ситуациялық есеп құрастыру, ажырату диагнозына кесте құру, профессионалды сөйлеу арқылы білім деңгейін жоғарылату

2.5.1. Дәйектеме алды:

анатомия – 2,физиология -2, патологиялық анатомия – 2, коммуникативті дағдылар-2, визуальды диагностика, ішкі аурулар пропедевтикасы

2.5.2. Дәйектеме соңы: жедел медициналық көмек, жалпы дәрігерлік практика, бала аурулары және жұқпалы инфекция аурулары бойынша интернатура

2.6. Пәннің қысқаша мазмұны: Ревматикалық аурулар құрамына кіретін ревматизм, ЮРА және ДТЖА жүрек ақауларының, мүгедектіктердің дамуына әкелетін маңызды мәселе болып табылады.

Жүректің туа біткен ақаулары өте жиі, орта есеппен нәрестелердің 0,8-1,2% кездеседі.

ЮРА - 100 000 балаға 4,1 ден 9,2 ге дейін, барлық стационарға жатқызылғандардың 0,8-1,9% құрайды. Жедел миокардиттердің, туа біткен кардиттердің, ревматикалық қызбаның, жүректің туа біткен, жүре пайда болған ақаулары, қан айналым жетіспеушіліктері, артриттер, ДТЖА, артериальды гипо- и гипертензиялар этиопатогенезі, клиникасы, диагностикасы және емі.

Қан айналым жетіспеушіліктерінің патогенетикалық механизмдерін, клиникалық көріністерін білу, дұрыс емдеуге, жедел медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік беріп, өлімнен сақтайды.

ДТЖА этиопатогенезі, клиникасы, диагностикасы және емі (жүйелі қызыл жегі, жүйелі склероз, дерматомизит).

2.7. Тақырыптық жоспар (дәрістер, практикалық сабақтар, СӨЖ)

Дәрістердің тақырыптық жоспары:

Тақырыбы Өткізу формасы Сағаты
1. Жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының семиотикасы Презентация 1 сағат (50 минут)
2. Балалардағы миокардиттер Презентация 1 сағат (50 минут)
3. ДТЖА клиникасы, диагностикасы (дерматополимиозит, жүйелі склероз) Презентация   1 сағат (50 минут)
  БАРЛЫҒЫ   3 сағат
         

Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары және сағаттары:

Тақырыбы Өткізу формасы Саға-ты
1. Ревматикалық қызба Науқастарды, не сырқатнама көшірмесін клиникалық талдау, тест тапсырмаларын, клиникалық жағдайларды шешу, кейс-стадилар.  
2. Жүрек және қантамырлардың туа пайда болған ақаулары Презентация. тест тапсырмаларын, клиникалық жағдайларды шешу, науқасты клиникалық талдау немесе сырқатнаманың көшірмесімен жұмыс, кейс-стадилар, рольдік ойындар  
3. Жүйелі қызыл ноқта Ювенильді ревматоидты артрит Аралық бақылау Презентация. тест тапсырмаларын, клиникалық жағдайларды шешу, науқасты клиникалық талдау немесе сырқатнаманың көшірмесімен жұмыс, кейс-стадилар, рольдік ойындар   Ауызша сұрастыру, тест тапсырмаларын, клиникалық жағдайларды шешу  
  БАРЛЫҒЫ  

Студенттердің өз бетінше жасайтын жұмыстарының тақырыптық жоспары: (СӨЖ):

Тақырыбы Өткізу формасы Сағаты
1. Жедел миокардиттер мен жүректің ревматикалық зақымдануының салыстырмалы диагностикасы Реферат. Презентациялар. Салыстырмалы диагностика кестелерін құру  
2. Балалардың жүре пайда болған жүрек ақаулары Реферат. Презентациялар. Тест тапсырмаларын, клиникалық жағдайларды, дифференциальды-диагностикалық кестелерді құру  
3. Туа пайда болған кардиттер. Клиникасы. Диагностикасы. Реферат. Презентациялар. Тест тапсырмаларын, клиникалық жағдайларды, дифференциальды-диагностикалық кестелерді құру  
4. Артериалды гипертензия және гипотензиялар Реферат. Презентациялар. Салыстырмалы диагностика кестелерін, тест тапсырмаларын клиникалық жағдайларды құру  
5. Қанайналым жетіспеушілігі. Реферат. Презентациялар. Салыстырмалы диагностика кестелерін құру. Клиникалық жағдайларды шешу.  
  БАРЛЫҒЫ  

 

2.8.Студенттердің өз бетінше жасайтын жұмыстарына тапсырмалар

1. Студенттердің өз бетінше жасайтын жұмыстары реферат, презентациялар, салыстырмалы диагностика кестелерін, тест тапсырмаларын клиникалық жағдайларды құру түрінде жасалады

2. СӨЖ ұйымдастыру формасы:

Реферат. Презентациялар. Салыстырмалы диагностика кестелерін, емдеу схемаларын, диагностика алгоритмдерін, клиникалық жағдайларды құру. Әдебиетпен, интернетпен, электронды базалармен жұмыс істеу, талаптарға сай дайындап, библиография құрастырылады.

Компетенциялардың қалыптасуын бағалау

Жұмыс түрлері Тақырыбы Қалыптастырылған компетенцияны бағалау
Білім Тәжірибелік дағдылар Коммуникативті дағдылар Құқықтық дағдылар Өзін-өзі оқыту және дамыту
  Практика лық сабақтар Ревматикалық қызба Ауызша сұрау, тест өткізу, науқасты клиникалық талдау   Анамнез жинау      
  СОӨЖ Қақпақшалардың ақаумен жүретін (митралды,аортальды) қайталамалы ревмокардиттің клиникасы Клиникалық жағдайларды шешу       Презентация, дифференциальды-диагностикалық кестелерді құру
  Практика лық сабақтар Жүрек және қантамырлардың туа пайда болған ақаулары Ауызша сұрау, тест өткізу, науқасты клиникалық талдау Жүрек аускультациясы      
  СОӨЖ Туа пайда болған жүрек ақауларының диф.диагностикасы (кеңес беру) Кенес алу         Жүре пайда болған жүрек ақаулары, туа пайда болған кардиттер. Клиника. Диагностика тақырыптарына презентациялар дайындау
  Практика лық сабақтар Жүйелі қызыл ноқта   Ювенильді ревматоидты артрит     Ауызша сұрау, тест өткізу, науқасты клиникалық талдау   Жіктелу бойынша диагноз қою   Зерттеу бойында науқас баламен сөйлесу    
  СОӨЖ Патологиялық үрдістің ескере отырып ЖҚН емдеу     Аралық бақылау Клиникалық жағдайларды шешу       Клиникалық жағдайларды шешу   Бала құқығы туралы конвенция Артериалды гипертензия және гипотензиялар. Қан айналысжетіспеушілігі тақырыптарына презентациялар дайындау

 

2.9.Әдебиет тізімі


Дата добавления: 2015-09-18 | Просмотры: 1052 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.009 сек.)