АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Асистолия. ЭКГ-ның үш жалғамасында дəлелденген, жүректің соғуы мен электрлік белсенділік белгілерінің болмауы

Прочитайте:
  1. Асистолия
  2. Желудочковая экстрасистолия
  3. Наджелудочковая парасистолия.
  4. Наджелудочковая экстрасистолия.
  5. Экстрасистолия
  6. Экстрасистолия возникает при (1)
  7. Экстрасистолия.
  8. Экстрасистолия.
  9. Экстрасистолия.

ЭКГ-ның үш жалғамасында дəлелденген, жүректің соғуы мен электрлік белсенділік белгілерінің болмауы. Барлық тиімді қанайналым тоқтауының 20-25% құрайды. Кенеттен (болжамы бойынша қауіпті) жəне мезгілсіз (алдыңғы ырғақ бұзылыстарынан кейін дамитын) болып бөлінеді.


Электромеханикалық диссоциация (ЭМД)

Жүрек лықсытымы мен АҚҚ төмендеуінен миокард жиырылуларының ауыр тежелуі, бірақ ЭКГ-да жүрек комплекстерінің сақталуы. Барлық тиімді қанайналым тоқтауының 10% құрайды. Біріншілік ЭМД – электр импульстері көздерінің сақталуына қарамай, миокард тиімді контракция мүмкіндігін жоғалтады.
Жүрек тез идиовентрикулярлы ырғаққа өтіп, сонан соң асистолияға ауысады.

Біріншілік ЭМД-ға мыналар кіреді:

- миокардтың жіті инфаркті (əсіресе төменгі қабырғасы);

- ЖӨР кейін қалпына келтірілген, миокардтың шаршауына алып келген, бірнеше рет қайталанған фибрилляция эпизодтары;

- жүрек ауруларының соңғы ауыр сатысы;

- миокардтың эндотоксиндермен жəне дəрілерді мөлшерден тыс қабылдауына байланысты тежелуі (бета-блокаторлар, кальций антагонистері, үш циклды антидепрессанттар, жүрек гликозидтері);

- жүрекше тромбозы, жүрек ісігі.

Екіншілік ЭМД – миокардтың қозу жəне тартылу процесстерінің бұзылуына тікелей байланысты болмайтын, жүрек лықсытуының күрт төмендеуі.

Екіншілік ЭМД себептері:

- перикард тампонадасы;

- өкпе артериясының тромбоэмболиясы;

- кернелген пневмоторакс;

- айқын гиповолемия;

- протез қойылған жүрек қақпақшасының тромбымен окклюзиясы.

ЭМД себебі болуы мүмкін:

- синусты брадикардия;

- атриовентрикулярлы блокада;

- баяу идиовентрикулярлы ырғақ.

ЭМД аралас түрі:

Токсико-метаболизмдік процесстердің үдеуінен байқалады:

- ауыр эндотоксемияларда;

- гипогликемияларда;

- гипо- и гиперкальциемияларда;

- айқын метаболизмдік ацидозда.


Дата добавления: 2015-09-18 | Просмотры: 403 | Нарушение авторских прав



1 | 2 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.003 сек.)