АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Есеп №1

Ер кісі 60 жаста, фитнес залындағы жүгіру алаңында жаттығып жатқанда өзін нашар сезінген. Жедел жәрдем бригадасы шақырылды, дәрігердің назар аударғаны артериялық қысым- 90/60 мм. рт. Ст, және тамыр соғысы 90 рет минутына. Мұрын ауыз үшбұрышында көгерген рең, төменгі бөліктерінің мұздауы, суық жабысқақ тер байқалады. Науқас калалық кардиологиялық орталыққа жеткізілді. Түскен кезінде АД 80/40 мм. рт. ст, тамыр соғысы жіп тәрізді, сондықтан тамыр соғысының минуттық көлемін анықтау мүмкін болмады. Тері жабындылары бозғылт, жағдайы- ес түссіз. Науқасқа 40 мин бойы барынша қарқынды медициналық көмек көрсетілді. Бірақ ол нәтиже бермеді. АД және тамыр соғысы анықталмады, көз қарашығы жарыққа реакция бермеді. Биологиялық өлім тіркелінді.

Патологоанатом секционды зерттеу жүргізгенде байқағаны: ішкі ағзалары дұрыс орналасқан. Патологоанатом назарын қолқаның құрсақ қуысындағы тіндерінің көптеп канды сіңіруі аударды. Қолқа қабырғасы тығыздалған, кескенде сықырлайды. Қолқа интимасының көлденең кесіндісі біршама өзгерген- шероховатая, сары түсті, құрсақ қуысында көптеген артеросклероздық түйіндіктер көрінеді. Қолқа қабырғасында «қап тәрізді», кескіні L4-6 см ісіну байқалады, оның қабырғасы жұқарған. Қап тәрізді ісінудің қолқадағы көлемі 14 см, сол жақ латералды қабырғасы, шеттері тіс тәрізді, сызықтық ақау көрінеді, ұзындығы 2,3 см болатын, қолқаның шеттері және адвентициясы қанды сіңірген. Патологоанатом қолқа атеросклерозы деген диагноз қойды. Қолқаның құрсақ қуысындағы қабырғасының аневризмасының жарылуы.

Сұрақтары

1. Науқастың өлуіне не себеп болды?

2. Патологоанатом анықтағандай, қолқа атеросклерзының қандай сатысы қолқадағы өзгеріске сай келеді.

3. Қан кетудің механизмі қандай?

4. Осы аневризманың қай уақытта дамығаны, қалыптасқаны туралы сіздің болжамыңыз.

5. Науқаста аневризманың жарылуының алдын алуға болар ма еді? Сіздің көз қарасыңыз.


Дата добавления: 2015-09-18 | Просмотры: 380 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.003 сек.)