АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Наркологиядан есептер

Прочитайте:
  1. ЕСЕПТЕР
  2. ЕСЕПТЕР
  3. Психиатриядан есептер

 

№ 1 Есеп

Науқас Н., 49 жаста, 5 жыл бойы алкогольді шектен тыс қолданады, соңғы 2,5 жылда бас жазады. Жұбайының айтуынша, соңғы жарты жылда ішімдікті аса көп қабылдаған. Жеңіл тұмаурату фонында науқас 3 күн бойы арақ ішкен. артынан, ішкілікті тоқтатқаннан кейін (науқасқа жұмысқа шығу қажет болған), ұйқысы бұзылып, үрей, мазасыздық, қорқыныш сезімі пайда болған.

Кешке, көздерін жұмғанда, шыбындарды және өрмекшілерді, «жиіркенішті жәндіктерді» көре бастаған. Қорқынышпен көздерін ашқанда барлығы жоғалып кеткен. Келесі күні өзін жақсырақ сезінген, бірақ кешкі уақытқа қарай қайтадан шыбындар мен өрмекшілерді көрген, бұл ретте ашық көзбен, олардың терісімен қалай жорғалағандарын, тістегендерін сезінген, біраз уақыт өткен соң таңырқанып, бөлмеде оның соңына түскен тауықтар мен тышқандардың пайда болғанын айтты. Ол тығылған, қашқан, айғайлаған, асылуға бел буған, бірақ оны қалай іске асыру ойына келмеген.

Кейіннен оны өлтіруге келісіп жатқан бөтен ер адамдардың дауыстарын есік артынан естіген. Туыстарына былай деп айтқан: «олардың не айтып жатқандарын естідіңдер ме? Оларды үйге кіргізбеңдер», осы кезде қатты қорқыныш сезінген, айтқан сөздерді ұқпаған. Түні бойы ұйықтамаған. Стационирға жатқызу кезінде күшті қозу бақыланған, тұла бойы дірілдеген, суық термен жабылған.

Аталған көріністер неге тән?

А. Жедел алкогольді галлюциноз

Б. Алкогольді делирий

В. Жедел алкогольді параноид

Г. Жедел инфекциялық психоз

Д. Симптоматикалық психоз

 

№ 2 Есеп

Психиатриялық аурухананың қабылдау бөліміне күндізгі уақытта 30 жасар науқас В. жеткізілді. әйелі айтқан мәліметтер бойынша, алкогольді соңғы 3 жылда шектен тыс қолданады. Үш сағат бұрын жедел ауырып қалған, асүйде шөлмекпен арақ ішіп отырғанының үстінен түскеннен бастап.

Дұрыс емес жүріс-тұрысына байланысты жедел жәрдем шақырылған, ұйықтамаған, қозған жағдайда болған, «сөйлей бастаған», еденде жорғалаған.

Қабылдау бөлімінде бағдары ауытқан, қорқынышты көру галлюцинациялары, үзік-үзік соңына түсу сандырақтық ойлар, қорқыныш бар, үрейленген. Психомоторлы қозу жағдайында. Жүрек айнуына, іштегі ауру сезіміне шағымданады, қабақтарының, бет бұлшық еттерінің фибриллярлы жыбырлаулары, миоз, гипергидроз, гиперсаливация байқалады. АҚ – 130/90. Температура – 37,2 С.

Психопатологиялық жағдайға баға беріңіз:

А. Жедел алкогольді параноид

Б. Жедел алкогольді галлюциноз

В. Алкогольді делирий

Г. Алкогольді онейроид

Д. Жедел шизофрениялық психоз

 

№ 3 Есеп

Жағдайды диагностикалаңыз,емдік тактиканы анықтаңыз.

Наркологиялық стационардың қабылдау бөліміне 20 жастағы науқас З. жеткізілді. Науқасты көшеден алып келген. Есеңгіреуге ауысқан қозу жағдайы байқалды. Ауруханаға тасымалдағышпен жеткізілген. Контакт жоқ. Қозғалыссыз жатыр, сыртқы және ауыру тітіркенгіштеріне реакция бермейді. Аузынан - алкоголь иісі шығады. Ауыз қуысында – құсық массаларының қалдығы. Тері жабындылары бозарған, цианозды, ылғалды. Температура 35 С, АҚ – 90/50 мм.с.б., тынысы беткей, сирек (8-10 минутына.). Қарашықтардың жарыққа реакциясы, сіңірлік және терілік рефлекстері жоқ. Шайнау және шүйде бұлшық еттерінің тоникалық тырысулары байқалады.

Психопатологиялық жағдайға баға беріңіз:

А. Абстинентті синдром

Б. Ауыр дәрежедегі алкогольді мастану

В. Алкогольді делирий

Г. Орташа дәрежедегі алкогольді мастану

Д. Патологиялық мастану

 

№ 4 Есеп

Наркологиялық стационардың қабылдау бөліміне арнайы бригадамен 32 жастағы науқас К. жеткізілді, мотор-жасау заводының слесарьі. “Алкогольді психоз? алкогольді интоксикациядан кейінгі жағдай, токсикалық гепатит, колит, интоксикациялық нефропатия” диагнозымен қалалық ауруханадан жеткізілген. Жедел жәрдем қызметкерлерінің айтуынша, ауру қозған жағдайда болған, палаталарда жүгірген, терезеден секіруге тырысқан.

Қабылдау бөлімінде – қозғалыссыз бекітілген қолдарымен, басын ары-бері қозғалтады. Жай сөйлейді, күбірлейді. Сұрақтарға жауап бермейді, сыртқы тітіркенгіштерге реакция бермейді. Соматикалық сфера тарапынан – Тері жабындылары бозарған, сарғыш түсті, еріндері кепкен, көгерген. Тынысы беткей, біртегіс емес. Жүрек тондары кереңделген, әрең естіледі. Көз склерасы қызарған, майда қан құйылулармен. Корнеальді рефлекстер сақталған. Қарашықтардың жарыққа реакциясы әлсіз. Температура – 38,2 С., АҚ – 85/40 мм.с.б., пульсі 108 рет/ мин., жіптәрізді, аритмиялы.

Диагноз қойыңыз:

А. Алкогольді делирий

Б. Алкогольді галлюциноз

В. Алкогольді параноид

Г. Алкогольді мусситирлеуші делирий.

Д. Атипті алкогольді делирий

 

№ 5 Есеп

Наркологиялық стационардың қабылдау бөліміне 42 жастағы науқас М. түсті. Әйелі айтқан мәліметтер бойынша, науқас алкогольді ұзақ уақытттан бері шектен тыс қолданады, соңғы 5 жылда 3 – 5 күнге дейінгі салынып ішулер пайда болған. Стационарға түсер алдында туыстарымен бірге ішкен. Ішу кезінде кикілжің пайда болған, туыстарынан таяқ жеп, есін жоғалтқан.

Бөлімшеде екінші тәулікте науқастың жедел психикалық жағдайы өзгерді: айналадағыларды өзі ойдан шығарған есімдермен атаған, жұмысымда жүрмін деген, бір орында тұра алмаған, үнемі бір жаққа баруға тырысқан, инструкцияларды ырықсыз жасайды, айналасынан көптеген шыбындарды, өрмектерді от жарқылдарын көрген. Ем нәтижесінде бұл жағдай қайтарылды.

Артынан, бір ай деңгейінде бөлімшеде, мәнсіз, аздап эйфориялы болып қалды. Жағдайды нашар бағдарлайды, өз палатасын, төсегін таба алмаған, дәрігерін танымаған. Дәл осы уақытта, туыстарының есімдерін, күнді дұрыс атаған, өз жұмысы жөнінде әңгімелеп берген. Неврологпен тексерілген, неврологиялық симптоматика констатациясынсыз.

Науқастың қазіргі статусына баға беріңіз:

А. Ретроградты амнезия

Б. Тотальді деменция

В. Психоорганикалық синдром

Г. Корсаков амнестикалық синдромы

Д. Паралитикалық синдром

 

№ 6 Есеп

Жағдайды квалифициялап, нозологиялық диагноз қойыңыз.

Науқас 37 жаста, ағаш ұстасы. 13 жасынан ішеді, 19 жасынан бастап бас жазады. Бір жыл бұрын салынып ішуден кейін қабырғаның арғы жағынан, өлтіремін деп қорқытқан, маскүнемдігі үшін, жанұясына келтірген зияны үшін ұрысқан көршісінің дауысын естіген. Таңертең дауыс жоғалып кеткен. Бұндай жағдайдың пайда болуы алдында екі апталық салынып ішу болған. Вокзалда әйелінің дауысын естіген. Ол оны шақырған, артынан көмекке шақыра бастаған. Жылаған, поездың астына түскенін, аяқсыз қалғанын айтқан. Науқас вокзалдың медпунктіне жүгіріп барып, әйелін құтқаруды өтінген. Арнайы психиатриялық бригада шақырылған.

Қарау кезінде: бағдарлауы дұрыс, өзінің дені сау екендігіне сендіреді. Оны маскүнем, азғын деп атайтын ерлер мен әйелдердің дауыстарын естиді, олар өлім жазасымен қорқытады. Басқа дауыстар оны қорғайды, ішуге шақырады. Қорқыныш сезімі баурайды, өзінен кек алады деп қорқады.

Госпитализациядан соң және терапия тағайындағаннан кейін бір күннен соң науқас жағдайы жақсара бастады. Дауыстар, қорқыныш сезімі кетті, өз жағдайына критика пайда болды. Осы кезде, сенгіштік, жеңіл баға беру, мақтаншақтық, жөнсіз әзілдерге бейімділік бақыланды.

Соматикалық жағдайы – айқын патологиясыз. Неврологиялық жағдайы – қол треморы, жоғары рефлекторлы қозғыштық.

Алдын-ала диагноз қойыңыз:

А. Алкогольді делирий

Б. Алкогольді параноид

В. Жедел алкогольді галлюциноз

Г. Атипті алкогольді делирий

Д. Алкогольді қызғаныш сандырағы

 

№ 7 Есеп

Науқас 50 жаста, құрылысшы. Алкогольді 30 жыл бойы шектен тыс қолданады. Шамамен 20 жыл бас жазады, соңғы 10 жылда – салынып ішулер 7 күнге дейін. Қазіргі уақытта суррогаттарға, күшті шараптарға көшкен. Жанұясына, жұмысына көзқарасы өзгерді – немқұрайдылық, эгоисттік пайда болды. Алкогольді қолдануына байланысты көп жылдар бойы әйелімен конфликтті қатынаста, 4 жыл бұрын әйелінің үйден жиі кетіп қалатынын, оған қатынасын өзгерткенін байқай бастаған. Егер уақытында келмесе табанды түрде қайда болғанын анықтайтын болған. әйелінің жауаптарына қанағаттанбаған, сенуді қойған.

Әйелінің көзіне шөп салып жүргеніне күдіктенген, аңди бастаған. Үйінде жиі ұрыс-керіс бола бастаған. Әйелі жылаған; ал науқас оның күдіктерін бұл дәлелдейтінін айтқан. Мойындауын талап еткен, дәлелдер келтірген – кешкісін басқаша жинастырылған; іш киімдерінде күдікті дақтар тапқан. Ұрыс кезінде әйелінен өшін алатынын айтып қорқытқан. Үйінде қабырғаға әйелін қорқыту мақсатында балта іліп қойған. Кейінгі уақытта әйелінің оған барлық қызметтестерімен көзіне шөп салып жүр деген нәтижеге келген. Ажырасуға бел буғаннан кейін әйелі, оның жүріс-тұрысы жөнінде психиатриялық диспансерге хабар берген.

Психикалық статусы: бағдарлауы дұрыс, әйелінің жүріс-тұрысы жөнінде нақтылап әңгімелеп береді, оның көзіне шөп салып жүргендігіне сенімді. Әйелін өлтіріп, ол үшін жауапқа тартылмас үшін, ажырасу қажет деп санайды. Өзін дені сау деп санайды, ал ауруханаға әйелі мен оның ашыналары азғындықтарын ары қарай жалғастыру үшін жатқызды дейді. Ұзақ көндірулерден соң «жүйкесін» емдеуге келісті. Бөлімшеде тәртібі сабырлы. Егер ешкім бақылап тұрмаса әйелімен кездесу кезінде, одан мойындауын талап етеді, жәбірлейді, өш аламын деп қорқытады.

Мүмкін диагноз:

А. Атипті алкогольді делирий

Б. Алкогольді галлюциноз

В. Алкогольді параноид

Г. Алкогольді делирий

Д. Алкогольді қызғаныш сандырағы

№ 8 Есеп

Науқас Н., 32 жаста, кокаинді бір рет қабылдағаннан кейін энергия ағынын, өзіне сенімділік, шығармашылыққа таланттылық сезімі және өз ойларының ерекше тереңділігімен аса зеректікті сезінген:

Осы жағдайға қалай баға бересіз?

А. Кокаиндік делирий

Б. Кокаиндік абстиненция

В. Кокаиндік параноид

Г. Кокаиндік деперсонализация

Д.Кокаиндік мастану

 

№ 9 Есеп

Жасөспірім 15 жаста, 8 сынып оқушысы, соңғы 2 жылда мектепте нашар оқи бастаған, сабақтарын жіберген, үйден кеткен. Асоциальді топқа қосылған. Анасы оның қарапайым темекі тартудан басқа, қандай да бір басқа заттарды қолданып жүргендігін күдіктене бастаған (12 жасынан бастап темекі тартады). Тербелмелі жүрісін, «бұлдыраған көз қарас», ұйқышылдығын байқаған. Осындай жағдайда күшті ашығу сезімі болған («тоңазытқышты босатып отырған»). Стационарға қозу жағдайымен байланысты түсті. Қабылдау бөлімінде ешкімді танымаған, қайда тұрғанын білмеген, «басқа планеталықтар» жөнінде айтқан, бірақ нақты мәліметтер жинауға мүмкін болмады.

Қарау кезінде – қарашықтары тарылған, жүрісі тербелмелі, АҚ 90/60 мм.с.б., температурасы қалыпты. Ішкі мүшелер тарапынан ерекшеліктер жоқ. Препараттар инъекциясынан кейін ұйқыға кеткен, таңертең психикалық жағдайы өзгерген. Бағдарлауы дұрыс, осының алдында басынан өткен эпизод жөнінде айтып берді. Кешкісін, компаниямен бір затты қабылдағаннан кейін көңілденіп, айқайлап күлгенін, артынан «ұшқыш табақта, не ракетада ұшқанын және космоста болғанын, айналасында көк аспан мен жарық жұлдыздар» болғанын әңгімеледі. Өзін ауруханаға қалай алып келгені есінде жоқ. Таңертең науқаспен контакт бар, тәртібі дұрыс. Критикасы бар:

Психопатологиялық жағдайды анықтаңыз:

А. Кокаиндік делирий

Б. Героиндік абстиненция

В. Гашишті онейроидты психоз

Г. Амфетаминдік интоксикация

Д. Циклодолдық наркомания

 

№ 10 Есеп

Синдромальді және нозологиялық диагнозды анықтаңыз. Емдеу тактикасы.

Қозу жағдайында 11 жастағы жасөспірім стационарға жедел жәрдеммен жеткізілді. Жасөспірім үй подвалында басқа жасөспірімдермен бірге бөлімше милиционерімен ұсталған. Бағдарлауы бұзылған, продуктивті контакт жоқ. Қабырғада «мультик» тәрізді суреттерді көретіні анықталды, олардың мазмұнына өзі «тапсырыс» бере алатынын айтады. Оларды қабырғадан ұстауға тырысады, үстелге шығады. Бөлімшеде жылдам сабырға түсті, ұйықтап кетті, түні бойы ұйықтады. Таңертең психотикалық бұзылыстар болмады.

Осы жағдайды қалай бағалайсыз?

А. Кокаиндік делирий

Б. Алкогольді делирий

В.Токсикоманиялық делириозды психоз

Г. Кетаминдік интоксикация

Д. Первитиндік интоксикация

 

 


Дата добавления: 2015-10-20 | Просмотры: 1829 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.01 сек.)