АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Медицина факультеті

Прочитайте:
  1. Арабоязычная культура и медицина
  2. Вармалогия и спортивная медицина
  3. Військово-польова медицина: статистичні дані
  4. Внутрішня медицина
  5. Внутрішня медицина
  6. ВОЕННО-ПОЛЕВАЯ ТЕРАПИЯ И РАДИАЦИОННАЯ МЕДИЦИНА
  7. Гинеколог-убийца. Медицина.
  8. Гиппократ и медицина двадцатого столетия
  9. Глава 4. Лекарства и научная медицина с точки зрения Йога-терапии
  10. Глава 6. Медитативная графика и информационная медицина

«Жалпы хирургия, инструментальды диагностика және фармакология» кафедрасы

 

 

 

Фармакология – 1 пәнінен

№ 4 тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу

Тақырыбы: Жалпы рецептура және жалпы фармакология

 

Мамандығы 5В130100- «Жалпы медицина»

Курс ІІ

Семестр III

 

 

Түркістан-2013

 

 

1. Тақырыбы: «Жалпы рецептура және жалпы фармакология» тақырыптары

бойынша аралық бақылау.

 

2. Сабақтын мақсаты: Жалпы рецептура және жалпы фармакология тақырыптары бойынша өткен материалдарды қайталау және пысықтау.

 

3. Оқыту мақсаты: Жалпы рецептура және жалпы фармакология тақырыптары бойынша өткен материалдарды қайталау және пысықтау.

 

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Дәрілік зат, дәрілік препарат, дәрілік түр, дәрілік шикізатқа түсінік беру. Дәрілердің өндіру көздері.

2. Галендік және жаңа галендік препараттар, олардың анықтамасы және өзара ерекшеліктері.

3. Мемлекеттік Фармакопея, құрылысы мен қызметі.

4. Аптека, құрылысы мен қызметі. Улы және күшті әсерлі заттардың сақталу және берілу ережелері.

5. Рецепт, құрылысы. Рецепттерді құрастыру ережелері. Рецептуралық бланктардың түрлері. Рецепттерді официнальді және магистральді түрде жазу ерекшеліктері.

6. Доза жайлы түсінік, дозаның жіктелуі. Жас балалар және қарт адамдарға дәріні дозалау принциптері.

7. Рецепттерді құрастырудың жалпы ережелері, жазылу ережелері және аптекадан дәріні беру. Дәрілік қалыптарға рецепт жазу ережелері.

8. Жаңа дәрілік заттардың шығару регламентін қадағалайтын мемлекеттік мекемелер. Мемлекеттік және халықаралық фармакопея, оның мазмұны мен ролі.

9. Қатты дәрілік түрлерге анықтама беру (ұнтақтар, таблеткалар, дражелер, капсулалар, гранулалар, микродражелер, жинақтар).

10. Жұмсақ дәрілік қалыптар. Жұмсақ дәрілік қалыптардың түрлері. Рецепттердің жазу және құрастыру ережелері. Қалыптүзуші заттар.

11. Дәптерелеріңізде 107/У үлгісіндегі қалыпты жағдайдағы рецепт бланкісін сызыңыз. Оның құрылымдық бөлімдерін атап көрсетіңіз.

12. Ерітінділерге жалпы сипаттама беріңіз:

а) ішке қабылдауға және сыртқы қолдануға арналған ерітінділер. Официналды

ерітінділер.

б) еріткіштер, ішке қабылдауға арналған ерітінділерді дозалау.

в) ерітінділерді жазу түрлері, ерітінділердің концентрациясын көрсету әдістері

13. Ішке қабылдауға арналған ерітінділер қанша мөлшерде жазып беріледі.

14. Ішке қабылдауға ерітінділер жазудың шарттары.

15. Сыртқа қолдануға арналған ерітінділер қанша мөлшерде жазып беріледі.

16. Сыртқы қолдануға арналған ерітінділер жазудың шарттары.

17. Суспензиялар. Емдік маңызы, қолдануы, жазу ережелері.

18. Эмульсиялар, түрлері. Емдік маңызы, жазу ережелері.

19. Шырыш. Сироп. Емдік маңызы, қабылдау әдістері.

20. Сығындылар өсімдіктерден дәрілік затты алу әдістері. Тұнба және қайнатпалар. Дайындау әдістері. Жазу ережелері.

21. Тұндырма және экстракттар. Дайындау әдістері. Салыстырмалы сипаттамасы. Жазу ережелері.

22. Неогалендік препараттар, дайындау әдістері. Жазу ережелері.

23. Микстуралар, түрлері. Дайындау және жазу ережелері.

24. Ерітінділердің жалпы сипаттамасы. Еріткіштер.

25. Инъекцияға арналған дәрілік қалыптар: сулы және майлы ерітінділер, суспензиялар, стерилді ұнтақтар, таблеткалар және олардың еріткіштері.

26. Инъекцияға арналған дәрілік қалыптарға қойылатын талаптар: - төзімді, стерилді, апирогенді, бөгде қоспаларсыз болуы қажет.

27. Инъекцияға арналған дәрілік қалыптарға рецепт жазудың ережелері: - ампулалық және бейампулалық ерітінділер, инъекцияға арналған ұнтақтар және таблеткалар, биологиялық тіндерден дайындалған инъекциялық препаратар.

28. Дәрілердің фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының анықтамалары.

29. Дәрілерді ағзаға енгізу тәсілдері, оларды енгізу жолдарына байланысты организмге тигізетін әсерлерінің маңыздылығы.

30. Дәрілердің сіңу механизмдері. Сіңуге әсер ететін факторлар.

31. Дәрілердің ағзаға таралуы, депоға жиналуы.

32. Дәрілердің ағзада химиялық өзгерістерге ұшырауы (биотрансформациясы мен метаболизмі).

33. Дәрілердің организмнен шығу жолдары.

34. Дәрілік заттардың фармакодинамикасы (екіншілік фармакологиялық реакция).

35. Біріншілік фармакологиялық реакция. Рецепторлар туралы түсінік. Дәрілердің циторецепторлармен әрекеттесуі мен байланысуы.

36. Дәрілердің әсерлері. Жергілікті, рефлекторлы, резорбтивті, талғамды, тікелей, жанама, жағымсыз әсерлері. Этиотропты, патогенездік және симптомдық терапия түрлері.

37. Ағзада дәрілік заттардың фармакотерапиялық әсеріне әсерін тигізетін жағдайлар.

38. Дәрілік заттардың химиялық құрылысы, физико-химиялық және физикалық қасиеттері.

39. Концентрациялар, дозалар, дозалардың түрлері (бір реттік, тәуліктік, бір курстық). Дәрілердің терапиялық әсер кеңдігі.

40. Дәрілерді екінші рет қайта қолданғанда әсерлері (дәрілерге үйрену, кумуляцияның дамуы, сенсибилизация және т.б.). Дәрілердің өзара әрекеттесуі.

41. Дәрілердің өзара әсерлесу.

42. Дәрілердің негізгі және жағымсыз әсерлері (аллергичлық және аллергиялық емес жағымсыз әсерлері).

43. Дәрілердің улы қасиеттері (эмбриотоксиндік және тератогендік).

44. Дәріге тәуелділіктің дамуы (психикалық және физикалық немесе дене тәуелділігі). Оның медициналық әлеуметтік аспекттері.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар, есептеді шығару, жұптасып жұмыс істеу.

6. Әдебиет

Орыс тілінде:

Негізгі:

1. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. Москва. Изд. Дом «ГЭОТАР-МЕД». 2006.- 734 с.

2. Харкевич Д.А. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии., М.: Медицинское информационное агентство (МИА), 2004.-452с.

 

Қазақ тілінде:

1. Харкевич Д.А. Фармакология: Оқулық (қазақша аударма). Алматы, 2004.-

607 бет.

Қосымша:

1. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. Дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.-516 с.

2. Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (перевод д.м.н., проф. Э.Э. Звартау.)- Санкт-Петербург, 1998.- 1043с.

3. Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология по Гудману и Гилману. Перевод 10-го издания. М. «Практика». 2006 г. 1648 с.

4. Клиническая фармакология / Под ред. В.Г.Кукеса./- М.: Изд-во ММА, 1991.-760с.

5. Лоуренс Д.Р., Бенитт П.Н. Клиническая фармакология: в двух томах: Пер. с англ.- М.: Медицина, 1993.-478с.

6. Машковский М.Д. Лекарственные средства. М., 2003.-870с.

7. Психотропные средства: Справочник практикующего врача / Пер. с англ. А.Н. Редькин; Ю.А. Александровский.-М.: Литтерра, 2006.-992с.

8. Яковлев В.П, Яковлев С.В. Рациональная антимикробная фармакотерапия (руководство для практических врачей). М.:Литтерра. 2003.-1002 с.

 

 

Ағылшын тілінде:

Негізгі:

1. Goodman end Gilman’s. The Pharmacological basis of Therapeutics. Eighth ediction. In two Volumes. 1992. 1648 p.

2. Harvey R.A., Champe P.C. Pharmacology.- Philadelphia, 1997. 514p.

3. Katzung B.G. Basic and Clinical Pharmacology.- New-Jork, 2003, 1215р.

4. Padmaja Udaukumar. Textbook of Medical Pharmacology. New Dehi, 2006, Second Edition, 558 p.

5. Patricia K. Anthony. Pharmacology secrets. Hanley, Befus, 2002, 384 p.Rang H.P., Dale M.M. Pharmacology.-Edinburgh. 1999, 830 p.

6. Tripathi K.D. Essentials of Medical Pharmacology. New Delhi, 2004. 875p.

7. Бақылау тест сұрақтары

 

7.1. Рецепт түрінде жазыңыз:

 

1. Дексаметазонның (Dexamethasonum) 0,001 дозадағы 50 таблеткасын, ішке 1 таблеткадан 3 рет күніне тағайындаңыз.

2. Нитроглицериннің (Nіtroglycerіnum) 0,0005 дозадағы 10 таблеткасын, 1 таблеткадан тіл астына, стенокардия ұстамасын басу үшін тағайындаңыз.

3. “Беллатаминал” (“Bellatamіnalum”) 20 таблеткасын, ішке 1 таблеткадан 3 рет күніне тағайындаңыз.

4. Хлозепидтің (Chlozepіdum) 0,01 дозадан 50 дражесін, ішке 1 дражеден 4 рет куніне тағайындаңыз.

5. Фенацитин (Phenacetіnum) және ацетилсалицил қышқылының (Acіdum acetylsalіcylіum) 0,25 дозада, кофеиннің (Coffeіnum) 0,05 дозадан 20 таблеткасын, ішке 1 таблеткадан бас ауырғанға тағайындаңыз.

6. Рифампициннің (Rіfampіcіnum) 0,15 дозадан, желатинді капсулаға қапталған 40 ұнтағын, ішке 2 капсуладан 2рет күніне асқа дейін тағайындаңыз.

7. Метациклиннің (Metacyclіnum) 0,15 дозадан, желатинді капсулаға қапталған 40 ұнтағын, ішке 2 капсуладан 2 рет күніне.

8. Диазолиннің (Dіazolіnum) 0,05 дозадан, 20 дражесін, ішке 1 дражеден 2 рет күніне астан соң тағайындаңыз.

9. Оксацилин натрий тұзын (Oxacіllіnum natrіum) 0,25 дозадан, желатинді капсулаға қапталған 10 ұнтағын, 1 капсуладан 2 рет күніне тағайындаңыз.

10. Дигитоксиннің (Dіgіtoxіnum) 0,0001 дозадан, 20 таблеткасын, ішке 1 таблеткадан 1 рет күніне тағайындаңыз.

11. “Теофедрин” (“Theophedrіnum”) 20 таблеткасын, ішке 1 таблеткадан 3 рет күніне тағайындаңыз.

12. “Викалин” (“Vіcalіnum”) 100 таблеткасын, 1 таблеткадан 3 рет күніне астан соң тағайындаңыз.

13. 50,0 жағынды, құрамында ланолин (Lanolіnum) және 1% тетрациклин (Tetracyclіnum) бар. Зақымдалған теріге жағыңыз.

14. 10 официальды суппозитории, құрамында 0,1 новокаин (Novocaіnum). Тік ішекке 1 суппозиториден ауырсынған кезде енгізіңіз.

15. 20,0 жағынды, құрамында 10% резорцин (Resorcіnum) бар. Зақымдалған теріге жағыңыз.

16. 6 ректалды суппозитории, құрамында 0,05 барбитал-натрий (Barbіtalum-natrіum) бар. Тік ішекке 1 суппозиториден түнге қарай енгізіңіз.

17. 50,0 жағынды, құрамында тең мөлшерде вазелин және ланолин, 2,5 танин (Tannіnum) бар. Зақымдалған теріге жағыңыз.

18. 25,0 линимент, құрамында 5% стрептоцид (Streptocіdum) бар. Жарақатқа жағыңыз.

19. 5,0 жағынды, құрамында 5% этазол (Aethasolum) бар. Көз жағындысы.

20. 10 ректалды суппозитории, құрамында 0,5 анестезин (Anaesthesіnum) бар. Тік ішекке 1 суппозиториден күніне енгізіңіз.

21. 20,0 пасты, құрамында 5% левомицетин (Laevomycetіnum) бар, вазелинде (Vaselіnum) дайындалған. Зақымдалған теріге жағыңыз.

22. 20,0 пасты, құрамында 30% метилсалицилаты (Methіlsalіcylas) бар, қара меңдуана майында (Oleum Hyoscyamі) дайындалған. Зақымдалған буынға ысқылап, жағыңыз..

23. 30,0 дерматолдың (Dermatolum) официналды жағындысы. Зақымдалған теріге жағыңыз.

24. 10 вагиналды суппозитории, құрамында 0,25 осарсол (Osarsolum) және бор қышқылы (Acіdum borіcum) бар. Қынапқа 1 суппозиториден 2 рет күніне енгізіңіз.

25. 12 вагиналды суппозитории, құрамында 0,3 синтомицин (Synthomycіnum) бар. Қынапқа 1 суппозиториден 2 рет күніне енгізіңіз.

26. 50,0 паста құрамында 10% ихтиол (Іchthyolum) бар. Зақымдалған теріге жағыңыз.

27. Бір реттік дозасы 0,5 кальций хлоридінің (Calcіі chlorіdum) 12 рет қабылдауға арналған ерітіндісі. 1 ас қасықтан 3 рет күніне тағайындаңыз.

28. Бір реттік мөлшері 0,02 папаверин гидрохлоридінің (Papaverіnі hydrochlorіdum) 20 рет қабылдауға арналған ерітіндісі. Ішке 15 тамшыдан 3 рет күніне тағайындаңыз.

29. 50 мл бриллиант жасылын (Vіrіdіs nіtentіs) 1% спиртті ерітіндісі. Зақымдалған теріге жағыңыз.

30. 1:10 қатынасында дайындалған аюқұлақ (Uvae ursі) жапырағының қайнатпасы, 3 күн қабылдауға. Ішке 1 ас қасықтан 4 рет күніне тағайындаңыз.

31. 0,3 дозада натрий бромиді (Natrіі bromіdum) және 0,1 дозада кофеин Nа бензоатынан (Coffeіnum natrіі bensoas) тұратын микстура. Ішке 1 ас қасықтан 3 рет, 4 күн бойында тағайындаңыз.

32. 50 мл элеуторококктың (Eleutherococcum) сұйық сығындысы. Ішке 30 тамшыдан 2 рет күніне.

33. Бір реттік мөлшері 0,3 натрий бромиді (Natrіі bromіdum) 4 күнге дайындалған ерітіндісі. Ішке 1 ас қасықтан 3 рет күніне тағайындаңыз.

34. Бір реттік дозасы 0,01 димедролдың (Dіmedrolum) 20 рет қабылдауға арналған ерітіндісі. Ішке 15 тамшыдан 3 рет күніне тағайындаңыз.

35. 15 мл ментолдың (Mentholum) вазелин майында (Oleum Vaselіnum) 1% ерітіндісі. Мұрынға 5 тамшыдан тамызыңыз.

36. 1:400 қатынасында утаспа шөбінің (Herbae Thermopsіdіs) 4 күнге дайындалған тұнбасы. Ішке 1 ас қасықтан 3 рет күніне тағайындаңыз.

37. 25 мл аралияның (Tіncturae Aralіae) тұндырмасы. 30 тамшыдан күніне 2 рет тағайындаңыз.

38. 15 мл адонизид (Adonіsіdum). Ішке 15 тамшыдан 3 рет күніне тағайындаңыз.

39. 10 мл гидрокортизон ацетатының (Hydrocortіsonі acetas) 0,5% суспензясы. Көзге 1-2 тамшыдан әр 4 сағат сайын тағайындаңыз.

40. 200 мл бадам майынан (Oleum Amygdalarum) және 0,2 дозада кодеин фосфатынан (Codeіnі phosphas) дайындалған эмульсия. Ішке 1 ас қасықтан 3 рет тағайындаңыз.

41. Пентаминнің (Pentamіnum) 5% 2 мл ерітіндісінің 10 ампуласы. Күніне 2 мл 2 рет тағайындалсын. Тері астына енгізуге.

42. Скополамин гидробромидінің (Scopolamіnі hydrobromіdum) 10 мл стерильді ерітіндісін. Ерітінді концентрациясы: 1 мл енгізгенде науқас 0,0004 скополамин гидробромидін алуы қажет. Тері астына 1 мл тағайындалсын.

43. Дигициленнің (Dіgіcіlenum) 1 мл, 6 ампуласы. Күніне 1 рет 1 мл, бұлшық етке енгізілсін.

44. Натрий хлоридінің (Natrіі chlorіdum) изотоникалық 0,9% 500мл стерильді ерітіндісі. Тері астына 500мл тағайындалсын.

45. Миарсенолдың (Myarsenolum) 0,3 дозада 6 ампуласы. Бұлшық етке енгізу үшін. Қолданар алдында ампуладағы ұнтақ 2мл инъекцияға арналған суда ерітілсін.

46. Эстрадиол дипропионатының (Qestradіolі dіpropіonas) 0,1% 1мл майлы ерітіндісінің 6 ампуласы. Аптасына 2 рет, 1мл бұлшық етке енгізуге тағайындалсын.

47. Циклофосфанның (Cyclophosphanum) 0,1 дозада 10 флаконы. Аптасына, 0,1 2 рет бұлшықетке енгізуге тағайындалсын. Қолданар алдында флакондағы ұнтақ 5-10 мл инъекцияға арналған суда ерітілсін.

48. Аминазиннің (Amіnazіnum) 2,5% 2 мл ерітіндісінің 6 ампуласы. Бұлшықетке 1 мл енгізуге тағайындалсын. Препараттың граммдық мөлшері есептелсін.

49. Бір реттік қабылдау 0,01 Морфин гидрохлоридінің (Morphіnі hydrochlorіdum) 10 инъекцияға арналған ампулалық ерітіндісі. Тері астына 1 мл енгізілсін. Препараттың % концентрациясы есептелсін.

50. Стрептолиазаның (Streptolіasum) 250000 ӘБ бар 6 ампуласы. Қолданар алдында ампуладағы ұнтақ 5% 500мл стерильді глюкоза ерітіндісінде ерітіліп, венаға тамшылатып енгізілсін.

51.Дитилиннің (Dіthylіnum) 1% -2мл ерітіндісінің 20 ампуласы. Венаға 2мл енгізуге тағайындалсын.

52. Бициллин-3 (Bіcіllіnum-3) 600000 ӘБ бар 6 флаконы. Аптасына 600000 ӘБ, 1 рет тағайындалсын. Бұлшықетке енгізіледі. Қолданар алдында флакондағы ұнтақ 2 мл инъекцияға арналған суда ерітіледі.

 

7.2. Ситуациялық есептерді шешу:

1. 10%-10,0 ксероформ жағындысын дайындау үшін, тең мөлшерде ланолин мен вазелиннен қанша қосу қажет?

2. 10%-60,0 анестезин пастасын 25% қоюлықта дайындау үшін, мырыш тотығынан қанша қосу қажет?

3. 15%-40,0 жағынды дайындау үшін ксероформнан қанша қосу қажет?

4. 1%-25,0 жағынды дайындау үшін, эритромициннен қанша қосу қажет?

5. 10%-30,0 жағынды дайындау үшін, анестезин мен вазелиннен қанша қосу қажет?

6. 0,1% ерітінджінің 5, 10, және 20 тамшысын қабылдаған науқас неше гр. зат алады?

7. Проценттік концентрациясын анықтаңыз:

а) фурациллиннің 1:5000,

б) 1:10000 қанынасындағы сынаптың оксицианид ерітіндісінде

8. 2% натрий бромид ерітіндісін ас қасықпен қабылдағанда оның бір реттік мөлшерін анықтаңыз.

9. Натрий салицилат ерітіндісін 1 ас қасықтан күніне 4 рет қабылданады. 5 күн бойында. Бір реттік мөлшері 1,0. Ерітіндінің жалпы мөлшерін және натрий салицилатының жалпы салмағын анықтаңыз.

Ерітінділердегі еріген заттың мөлшерін анықтаңыз:

10. 0,1% атропин сульфатының 1мл ерітіндісінде.

11. 3% тиамин бромид ерітіндісінің 1мл-де.

12. 0,5% новокаин ерітіндісінің 5мл-де.

13. 4% 1мл, 5мл, 10мл, ерітіндісі бар ампуланың құрамында қанша мөлшерде препарат бар?

14. 2мл ерітіндісі бар ампуланың құоамында 0,2 зат болса, ерітіндінің концентрациясы қандай? (%)

15. 10% 2мл, 5мл, 20мл ерітіндісі бар ампуланың құрамында қанша мөлшерде препарат бар?

16. 4мл ерітіндісі 0,1 зат және 1мл ерітіндіде0,02 зат болса, ампуладағы ерітіндінің концентратциясы қандай? (%)

17.Тромбофлебитпен ауыратын А науқас неодикумаринмен емделді. Ұйқысы бұзылу себебімен оған дәрігер фенобарбитал тағайындады. Негізгі ауруын емдеуге дәрігер қандай өзгерістер енгізу керек, неге?

18.Иық сүйегі сынығын репозиция (қайта орнына салу) мақсатымен науқасқа миорелаксант – дитилин (әсеру 5-1 минутқа созылады) енгізілді. Бірақ бұл науқаста миорелаксация 5 сағатқа созылды. Бұл немен байланысты?

19.Жүкті кезінде науқас әйел дәрігердің кеңесінсіз 2 апта бойы тетрациклин қабылдады. Нәресте аяққол деформациясымен туылды. Тетрациклин тудырған эффект қалай аталады?

20.Пневмониямен ауырған бір жасар балаға өмірінде алғаш рет пенициллин инъекциясы жасалды. Балада анафилаксиялық шок дамыды. 3 ай бұрын анасы ауырған кезде, пенициллинмен емделген, емізу тоқтатылмаған. Пенимциллин сүтпен бірге 5-10% мөлшерінде шығады. Осы екі оқиғаның арасында байланыс барма?

21.Созылмалы жүрек шамасыздығында қолданылатын жүрек гликозидтері жүрек жұмысын жақсартып, қан айналымды қалыптастырады. Нәтижесінде ентігу, ісіну жойылып, диурез (несеп бөлу) артады. Айтылған эффекттердің қайсысы – тікелей әсер, қайсысы – жанама әсер?

22.Жағындының қалыптүзуші затын өзгерте отырып, тіндерге деген әсер тереңділігін өзгертуге болады (беткей әсерден өте терең, резорбциялық әсерге дейін). Қалыптүзуші зат ретінде ланолин, вазелин қолданғанда әсері қандай болады?

23.Қоянға дозасы 0,62 мг/кг тубокурарин хлориді егілгенде нерв-бұлшықет өткізгіштігі бұзылып, қаңқа бұлшықетінің әлсіз релаксациясы (босаңсуы) байқалады. Эфирлі наркоз жағдайында осы дәрінің әсерінен байқалатын қаңқа бұлшықет релаксациясы күштірек болып, ұзаққа созылады. Дәрілердің осылайша өзара әсерлесуі қалай аталады.

24.Тұмау кезінде мұрынға эфедрин гидрохлоридін тамызғанда кілегей қабаты тамырларының тарылуы байқалып мұрын бітелуі жойылады. Дәріні қайта қолданғанда бұл реакцияның күші төмендеп жойылуы мүмкін. Бұл құбылыс қалай аталады?

25.Жүрек гликозидтерінің препараты – дигитоксин қанға жақсы сіңіріледі, бірақ организмде баяу инактивацияланып, 6-7 тәулік ішінде шығады. Осы дәріні қайта енгізгенде қандай жағдай дамуы мүмкін?

26.Жүрек гликозиді – строфантин асқазан-ішек жолында сіңірілмейді. Парентеральді енгізгенде әсері тез байқалады. Бірақ, строфантиннің жергілікті тітіркендіруші әсері болғандықтан, тері астына және бұлшықетке енгізілмейді. Строфантинді қай жолмен енгізуге болады?

 

 


Дата добавления: 2015-10-20 | Просмотры: 1649 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.018 сек.)