АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

фармакокинетикасы мен фармакодинамикасы.

Медицина факультеті

«Жалпы хирургия, инструментальды диагностика және фармакология» кафедрасы

 

 

 

Фармакология -1 пәнінен

№ 3 тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу

Тақырыбы: Жалпы фармакология. Дәрілік заттардың

фармакокинетикасы мен фармакодинамикасы.

 

 

 

Мамандығы 5В130100- «Жалпы медицина»

Курс ІІ

Семестр III

 

Түркістан-2013

 

  1. Тақырыбы: Жалпы фармакология. Дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен

фармакодинамикасы.

 

2. Сабақтын мақсаты: Практикалық медицина саласы үшін қолданылатын дәрілік заттардың тәжірибелік зерттеудің нәтижелерін пайдалана отырып, олардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикаларының маңызын бағалауды үйрету.

 

3. Оқыту мақсаты: Практикалық медицина саласы үшін қолданылатын дәрілік заттардың тәжірибелік зерттеудің нәтижелерін пайдалана отырып, олардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикаларының маңызын бағалауды үйрету.

 

  1. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Дәрілердің фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының анықтамалары.

2. Дәрілерді ағзаға енгізу тәсілдері, оларды енгізу жолдарына байланысты организмге тигізетін әсерлерінің маңыздылығы.

3. Дәрілердің сіңу механизмдері. Сіңуге әсер ететін факторлар.

4. Дәрілердің ағзаға таралуы, депоға жиналуы.

5. Дәрілердің ағзада химиялық өзгерістерге ұшырауы (биотрансформациясы мен метаболизмі).

6. Дәрілердің организмнен шығу жолдары.

7. Дәрілік заттардың фармакодинамикасы (екіншілік фармакологиялық реакция).

8. Біріншілік фармакологиялық реакция. Рецепторлар туралы түсінік. Дәрілердің циторецепторлармен әрекеттесуі мен байланысуы.

9. Дәрілердің әсерлері. Жергілікті, рефлекторлы, резорбтивті, талғамды, тікелей, жанама, жағымсыз әсерлері. Этиотропты, патогенездік және симптомдық терапия түрлері.

10. Ағзада дәрілік заттардың фармакотерапиялық әсеріне әсерін тигізетін жағдайлар.

11. Дәрілік заттардың химиялық құрылысы, физико-химиялық және физикалық қасиеттері.

12. Концентрациялар, дозалар, дозалардың түрлері (бір реттік, тәуліктік, бір курстық). Дәрілердің терапиялық әсер кеңдігі.

13. Дәрілерді екінші рет қайта қолданғанда әсерлері (дәрілерге үйрену, кумуляцияның дамуы, сенсибилизация және т.б.). Дәрілердің өзара әрекеттесуі.

14. Дәрілердің өзара әсерлесу.

15. Дәрілердің негізгі және жағымсыз әсерлері (аллергичлық және аллергиялық емес жағымсыз әсерлері).

16. Дәрілердің улы қасиеттері (эмбриотоксиндік және тератогендік).

17. Дәріге тәуелділіктің дамуы (психикалық және физикалық немесе дене тәуелділігі). Оның медициналық әлеуметтік аспекттері.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар, есептеді шығару, жұптасып жұмыс істеу.

6. Әдебиет

Орыс тілінде:

Негізгі:

1. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2006.- 734 с.

2. Харкевич Д.А. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии., М.: Медицинское информационное агентство (МИА), 2004.-452с.

 

 

Қазақ тілінде:

1. Харкевич Д.А. Фармакология: Оқулық (қазақша аударма). Алматы, 2004.-

607 бет.

Қосымша:

1. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. Дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.-516 с.

2. Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (перевод д.м.н., проф. Э.Э. Звартау.)- Санкт-Петербург, 1998.- 1043с.

3. Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология по Гудману и Гилману. Перевод 10-го издания. М. «Практика». 2006 г. 1648 с.

4. Клиническая фармакология / Под ред. В.Г.Кукеса./- М.: Изд-во ММА, 1991.-760с.

5. Лоуренс Д.Р., Бенитт П.Н. Клиническая фармакология: в двух томах: Пер. с англ.- М.: Медицина, 1993.-478с.

6. Машковский М.Д. Лекарственные средства. М., 2003.-870с.

7. Психотропные средства: Справочник практикующего врача / Пер. с англ. А.Н. Редькин; Ю.А. Александровский.-М.: Литтерра, 2006.-992с.

8. Яковлев В.П, Яковлев С.В. Рациональная антимикробная фармакотерапия (руководство для практических врачей). М.:Литтерра. 2003.-1002 с.

 

 

Ағылшын тілінде:

Негізгі:

1. Goodman end Gilman’s. The Pharmacological basis of Therapeutics. Eighth ediction. In two Volumes. 1992. 1648 p.

2. Harvey R.A., Champe P.C. Pharmacology.- Philadelphia, 1997. 514p.

3. Katzung B.G. Basic and Clinical Pharmacology.- New-Jork, 2003, 1215р.

4. Padmaja Udaukumar. Textbook of Medical Pharmacology. New Dehi, 2006, Second Edition, 558 p.

5. Patricia K. Anthony. Pharmacology secrets. Hanley, Befus, 2002, 384 p.Rang H.P., Dale M.M. Pharmacology.-Edinburgh. 1999, 830 p.

6. Tripathi K.D. Essentials of Medical Pharmacology. New Delhi, 2004. 875p.

7. Ситуациялық есептерді шешу.

N1 Есеп. Тромбофлебитпен ауыратын А науқас неодикумаринмен емделді. Ұйқысы бұзылу себебімен оған дәрігер фенобарбитал тағайындады. Негізгі ауруын емдеуге дәрігер қандай өзгерістер енгізу керек, неге?

N2 Есеп. Иық сүйегі сынығын репозиция (қайта орнына салу) мақсатымен науқасқа миорелаксант – дитилин (әсеру 5-1 минутқа созылады) енгізілді. Бірақ бұл науқаста миорелаксация 5 сағатқа созылды. Бұл немен байланысты?

N3 Есеп. Жүкті кезінде науқас әйел дәрігердің кеңесінсіз 2 апта бойы тетрациклин қабылдады. Нәресте аяққол деформациясымен туылды. Тетрациклин тудырған эффект қалай аталады?

N4 Есеп. Пневмониямен ауырған бір жасар балаға өмірінде алғаш рет пенициллин инъекциясы жасалды. Балада анафилаксиялық шок дамыды. 3 ай бұрын анасы ауырған кезде, пенициллинмен емделген, емізу тоқтатылмаған. Пенимциллин сүтпен бірге 5-10% мөлшерінде шығады. Осы екі оқиғаның арасында байланыс барма?

N5 Есеп. Созылмалы жүрек шамасыздығында қолданылатын жүрек гликозидтері жүрек жұмысын жақсартып, қан айналымды қалыптастырады. Нәтижесінде ентігу, ісіну жойылып, диурез (несеп бөлу) артады. Айтылған эффекттердің қайсысы – тікелей әсер, қайсысы – жанама әсер?

N6 Есеп. Жағындының қалыптүзуші затын өзгерте отырып, тіндерге деген әсер тереңділігін өзгертуге болады (беткей әсерден өте терең, резорбциялық әсерге дейін). Қалыптүзуші зат ретінде ланолин, вазелин қолданғанда әсері қандай болады?

N7 Есеп. Қоянға дозасы 0,62 мг/кг тубокурарин хлориді егілгенде нерв-бұлшықет өткізгіштігі бұзылып, қаңқа бұлшықетінің әлсіз релаксациясы (босаңсуы) байқалады. Эфирлі наркоз жағдайында осы дәрінің әсерінен байқалатын қаңқа бұлшықет релаксациясы күштірек болып, ұзаққа созылады. Дәрілердің осылайша өзара әсерлесуі қалай аталады.

N8 Есеп. Тұмау кезінде мұрынға эфедрин гидрохлоридін тамызғанда кілегей қабаты тамырларының тарылуы байқалып мұрын бітелуі жойылады. Дәріні қайта қолданғанда бұл реакцияның күші төмендеп жойылуы мүмкін. Бұл құбылыс қалай аталады?

N9 Есеп. Жүрек гликозидтерінің препараты – дигитоксин қанға жақсы сіңіріледі, бірақ организмде баяу инактивацияланып, 6-7 тәулік ішінде шығады. Осы дәріні қайта енгізгенде қандай жағдай дамуы мүмкін?

N10 Есеп. Жүрек гликозиді – строфантин асқазан-ішек жолында сіңірілмейді. Парентеральді енгізгенде әсері тез байқалады. Бірақ, строфантиннің жергілікті тітіркендіруші әсері болғандықтан, тері астына және бұлшықетке енгізілмейді. Строфантинді қай жолмен енгізуге болады?

 

7.1. Эксперименттік жұмыстар:

N1 жұмыс. Дәрінің жергілікті әсері. Экспериментке өз еркімен келісім берген студенттің шынтақ буынына камфор спиртінің ерітіндісі жағылады. Біршама уақыт өткен соң жергілік гипертермия, гиперимия, аздап ісіну байқалады.

Нәтижесі: дәрінің жергілікті әсерінің салдарынан, сол жердің капиллярлары мен артериолдары кеңейіп, сол жер қызарады және біршама температурасы жоғары-лайды.

N2 жұмыс. Мүсәтірспиртінің рефлекторлы әсері. Экспериментке өз еркімен келісім берген студенттің әуелі тыныс алу жиілігі және тамырының соғуы саналады. Содан кейін оған аздап мүсәтір спиртін иіскетіп тағы да тыныс алу жиілігі мен тамырының соғуы саналады. Студенттен өз субъективті сезімі туралы не сезгенін сұрайды. Тәжірибе кезінде мүсәтір спиртіне пайда болған әсерінің жылдамдығы мен ұзақтығына көңіл аудару қажет.

Нәтижесі: мүсәтір спиртінің буы жоғарғы тыныс жолдарының рецепторларын тітіркендіріп, жүректің соғу жиілігі мен тыныс алу жиілігін рефлекторлы түрде арттырады.

N3 жұмыс. Дәріні енгізужолдарына байланысты резорбтивті әсері. Салмағы бірдей екі бақаға 2,5 мл 25% магний сульфат ерітіндісін енгізеді. Бірінші бақаға оны асқазанға енгізеді, ал екіншісіне оны тері астына енгізеді. Тәжірибе кезінде байқалады: дәріні асқазанға енгізген бақаның іс қимылы өзгермейді, ал дәріні тері астына енгізген бақаның іс қимылы бұзылып, ол тынышталды.

Нәтижесі: парентеральды түрде енгізген дәрінің әсері асқазан арқылы енгізген дәріге қарағанда жылдам болады.

N4 жұмыс. Дәрінің комбинирленген әсері (потенцирленген). Екі тышқанға бір уақытта дәрі енгізіледі. Бірінші тышқанға – аминазин, ал екіншісі натрий хлориді ерітіндісін. Сосын екі тышқанға да барбамил енгізіледі.

Нәтижесі: бірінші тышқанға аминазин енгізген соң жалпы тежелу дамиды, екінші тышқанға натрий хлориді ерітіндісін енгізген соң өзгеріс болмайды. Екі тышқанға да барбамил енгізген соң, бірінші тышқанда наркоз жағдайы дамиды, екінші тышқан ұйқыға кетеді.

 

 

 


Дата добавления: 2015-10-20 | Просмотры: 2030 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.006 сек.)