АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

CИЛЛАБУС

 

ОР 1109 «Құқық негіздері» пәні бойынша

 

5В 130200 Стоматология мамандығына арналған

 

Дәріс - 24 сағат

 

Тәжірибелік сабақ - 36 сағат

 

СӨЖ – 30 сағат

 

Емтихан – 1, 2 семестр

 

Барлық сағат саны - 90

 

Курс - 1

 

Семестр – 1,2

 

Астана 2015 ж.

1.6. Оқытушылар туралы мәлімет:

1. Дюсенова Алтыншаш Қаирқызы - аға оқытушы, 1994 жылы Целиноград қаласының Мемлекеттік Педагогикалық Институтын бітірген. Мамандығы-Тарих және құқық. Жалпы еңбек өтілі: 20 жыл, меңгерген тілдері: қазақ тілі, орыс тілі- еркін, неміс тілі, ағылшын тілі сөздікпен. Компьютерлік білімі –Word. Excel.

2. Құсайын Айгүл Ахатқызы - аға оқытушы, 1995 жылы Ақмола қаласының жол көлік техникумын бітірген. Мамандығы -есепші. 2001 жылы Астана қаласындағы Л.Гумилев атындағы Евразия ұлттық Университетін бітірген. Мамандығы - Құқық зерттеуші. Жалпы еңбек өтілі: 11 жыл, оның ішінде 8 жылы педагогиалық. Меңгерген тілдері: Қазақ тілі – сөйлесу деңгейінде, орыс тілі-еркін, неміс тілі және ағылшын тілі сөздікпен. Компьютерлік білімі - Word, Excel.

3. Мұқанова Айжан Болатқызы – оқытушы, 2010 жылы Көкшетау қаласында Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік Университетті бітірген. Мамандығы - заңгер. Жалпы еңбек өтілі: 4 жыл. Меңгерген тілдері: қазақ тілі, орыс тілі-еркін, ағылшын тілі -сөздікпен. Компьютерлік білімі –Word. Excel.

 

1.7. Байланыс ақпаратты: Сарыарқа көшесі, 33

7 қабат, ауд. 711, 713, 715

Телефон:44-41-67

Электрондық мекен-жайы: astana – sudmed @ mail.ru.

Сайт: amu.kz

1.8. Пәннің саясаты:

Курстың бақылау әдістері: ағымдық, аралық және қорытынды бақылау, Бұл бақылау жұмыстары жеке және топтық жұмыс түрінде тәжірибелік сабақтарда, коллоквиумдарда, жағдайлық есептерді шешу және қорытынды емтихандарда жүзеге асырылады. Курстағы оқыту барысы: 24 сағат-дәріс, 36 сағат- тәжірибелік сабақ, 30 сағат СӨЖ.

Дәрістерге, тәжірибелік сабақтарға міндетті түрде қатысу, сабақтарға белсенді қатысу, дәрістердің болуы,СӨЖ бойынша тапсырмалар белгіленген көлемде міндетті түрде орындалуы тиіс.

Оқу барысында құқық негіздері бойынша мынадай талаптар орындалуы қажет:

1. Дәрістерге, тәжірибелік сабақтарға міндетті түрде қатысу.

2. Дәрістердің, тәжірибелік сабақтардың белгіленген уақытынан кешікпеу.

3. Сабақтарға медициналық халатпен, ауыстырып екінші аяқ киімін киетін киіп, қатысу керек.

4. Тәжірибелік сабақта Астана МУ АҚ анықтамалық жолдамасын және Құқық негіздері пәнінің силлабусын қолдану;

5. Студенттер дәрістер мен тәжірибелік сабақтардан қалған күндерін өз уақытында өтеу қажет.

6. Босатылған сабақтарды белгіленген уақытында өтеу.

7. Тәжірибелік сабақтарға қатыспаған студент коллоквиумға жіберілмейді.

8. Тапсырмаларды сабақтың басында тапсыруы тиіс.

8.1. Кешігіп тапсырылған тапсырмалар үшін бағалар төмендетіледі, бұл өз кезегінде қорытынды бағаға әсер етеді.

9. Сабақтарға белсенді қатысу.

10. Үй тапсырмаларын тиянақты орындау.

11. Тәжірибелік сабақтарға, СӨЖ үшін арналған әдістемелік нұсқаулықтардың міндетті түрде қағазға басылып шыққан нұсқасы болуы тиіс (электрондық нұсқауларында әкелуге болады).

11.1. СӨЖ тапсырмаларын уақытында тапсыру (СӨЖ қабылдау қорытынды рейтингті санауға бір апта қалғанда тоқтатылады).

11.2. СӨЖ міндетті түрде тапсыру саны - 5 тен кем болмау керек, егерде студенттің өз қалауы бойынша 5-тен аса СӨЖ тапсыруға рұқсат беріледі.

12. Тәжірибелік сабақтарда міндетті түрде ҚР Конституциясын қолдану қажет;

13. Дәрістердің конспектілерін дұрыс жазу;

14. Кафедрада тазалық ережелерін сақтау;

15. Оқу-әдістемелік жабдықтарды (тесттерді, әдістемелік нұсқауларды) ұқыпты қолдану;

16. Студенттер өз рейтингтерін есептеуді білуі.

16.1. Студент ай сайын өз рейтингін міндетті есептеуі қажет. Сонымен қатар студенттерге ескерту: барлық есептелген рейтингтер офис- регистратордың базасында болады, мәліметтер базасындағы рейтинг өзгертілмейді.

16.2. 50 % - ға дейін, яғни төмен пайызда ұпай алған студент емтиханға жіберілмейді.

17. Дәрістерде, тәжірибелік сабақтарда, СӨЖ барысында сөйлемеу, ұялы телефондарды өшіру, оқу тәртібін сақтау.

18. Оқытушылар мен топтастарымен ашық, ақ ниетті көңіл күймен араласып төзімді болу.

Жоғарыда аталған талаптарды студенттер орындамаған жағдайда төмендегідей айып-шаралар қолданылады:

1. Дәрістер мен тәжірибелік сабақтарға себепсіз келмегені үшін рейтинг -1 пайызға төмендетіледі.

2. Тәжірибелік сабаққа және аралық бақылауға5 минут кешігіп келген жағдайда рейтинг 0,5 пайызға төмендетіледі. 3. Сабақ барысында өзін-өзі дұрыс ұстай алмайтын студенттің 2 пайызға рейтингі төмендетіледі (оқытушыға, топтастарына теріс мінез-құлық көрсету, жүріп-тұру, сөйлеу мәдениетін сақтамау, ұялы телефондарымен сабақ барысында ойын ойнаса). 4. Студенттер берілген тесттерді және әдістемелік нұсқауларды ұқыпты қолданбай, олар бүлдірсе заттарды орнына келтіру қажет. Мысалы: ксерокөшірмеден өткізіп, компьютер арқылы басып шығарып әкелу.

2. Бағдарлама


Дата добавления: 2015-10-20 | Просмотры: 494 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.005 сек.)