АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Кіріспе. Баладағы қантты диабет ауруының пайда болғанын ең алғаш 1696 жылы Мортон жариялаған

Прочитайте:
  1. Кіріспе
  2. Кіріспе
  3. Кіріспе
  4. Кіріспе
  5. Кіріспе
  6. Кіріспе
  7. Кіріспе
  8. Кіріспе
  9. КІРІСПЕ
  10. Кіріспе

Баладағы қантты диабет ауруының пайда болғанын ең алғаш 1696 жылы Мортон жариялаған. Жер жүзінде бұл аурумен ауыратын науқастардың саны өте көп, жылдан жылға ұлғайып келе жатыр. Бұған тәтті тағамдарды көп пайдаланудың әсері бар деген мәліметтер кездеседі. Бұл аурудан өлгендердің саны да көп. Көпшілік зерттеулердің нәтижесіне қарағанда қантты диабет ауруы 6-8 жас және 11 -13 жас арасында көбірек. Дегенмен Бұл ауру жас молінерімен тұрақты шектелмейді. 1 жасар балалардың арасында да кездесетіні мәлім. Қазіргі кезде барлық аурудың 5%-дан артығы 10 жасқа дейінгі балалар. Оның 10-47 % тұқым қуалайды. Дәрігерлік бақылауларға қарағанда қантты диабет ауруымен ауырған әйелдер дені сау бала туады. Тіпті 5-6 айлық жүкті кезінде денсаулығы жөнделіп кеткені де мәлім. Мұндай анадан туған баланың инсулярлық аппараты ерте тозып, кейіннен қантты диабет ауруына шалдығады. Балаларда бұл ауру жедел басталып, тез асқынады. Ал ерерсек адамда біртіндеп дамиды. Ауырған балалардың гигиеналық тәртіпті сақтауының маңызы үлкен. Мұндай балалар дені сау балалармен бірдей еңбек еткені жөн. Оларға дене еңбегі тіпті қажет, сондықтан спортпен айналысу пайдалы. Шамасына қарай спортпен шұғылданатын науқастың дәрілерін азайтуға мүмкіндік пайда болып, қатты асқынудан сақтайды. Тек қана есінен танатын жағдайда ғана төсек тартып жатуына болады. Қазіргі кезде қант диабеті ауруының өзінен де, оның себебінен дамыған басқа мүшелердің ауруын емдеу қиынырақ болып отыр. Әсіресе жүрек, бүйрек, көз ауруларының көбеюі айтарлықтай орын алып, науқастың мезгілінен бұрын өлуіне себеп болып отыр. Дегенмен қантты диабет ауруымен ауырған адамдар ұзақ өмір сүре алады. Ол үшін ас ішерде инсулин гормонын немесе аурудың жеңіл жаңа басталған түрінде сол іспетті қызмет атқаратын дәрі-дәрмектерді қабылдау қажет.

Қантты диабетпен ауырған баланың өсуі көбінесе нашар болады.

Глюкагон гормонының жетіспеуіне байланысты 10 жасқа дейінгі балаларда талма ауруы байқалады. 10 жастан аса ауру өзінен өзі жоғалады, себебі глюкагонның орнын бүйрек үсті безінің милы қабатындағы адреналин гормоны басады.

Қант диабеті - ұйқы безінің бетта клеткаларың инсулинді аз мөлшерінде шығаруымен, зат алмасу процестерінің бұзылуымен сипатталады. Балаларда қант диабетінің ең жиі кездесетін түрі инсулинге тәуелді түрі. Диабетпен барлық жастағы балалар ауырады, соның ішінде 5-13 жас аралығындағы балаларда жиірек кездеседі.

Негізгі бөлім

Ұйқы (қарын асты) безінің гормондарының бала организміне әсері.

Ұрық пен жаңа туған баланың ұйқы безіндегі гормон өндіруші клеткалар жақсы дамыған. Жаңа туған нәрестенің ұйқы безінің әрбір грамынан 10 Е (халықаралық өлшем белгісі), ересек адамнан 2 Е инсулин бөліп алуға болады. 1 жастағы нәрестенің безінде 36 Е, 20 жаста 180 Е инсулин болады. Ұрық пен емшектегі сәбидің аралшаларының жайылған бөліктері қайтадан қалпына келеді, яғни регенерациялық қабілеті байқалады. 4 жастан әрі қарай Бұл қасиет жойылады. Лангерганс аралшаларының қызмет кемшілігіне байланысты жиі кездесетін ауру — қантты диабет. Бұл аурумен ауырған науқастың шөлі қанбайды, несебінің құрамында қант пайда болады, ал ауырмаған қалыпты жағдайда несептің құрамында қант болмайды. Науқастың қанындағы қанттың мөлшері 200-500 мг/% дейін көбейіп, тоулігіне несеп арқылы 100-150 г глюкөза денеден шайылады. Мұны мен қатар майдың алмасуы бұзыл ып, қанның құрамында холестерин мен кетондар көбейеді. Көп науқастардың шығарған демінде ацетоннның иісі сезіледі. Қан айналысының бұзылуына байланысты мұндай науқастарда тері аурулары, қызыл иек ауруы жиі кездеседі, гангрена оңай дамиды.

Қант диабеті -асқазан асты безінің (ұйқы) бетта-клеткаларының инсулинді аз мөлшерде шығаруымен және осы себепті барлық зат алмасу түрлерінің, айрықша қант алмасуының бұзылуымен сипатталатын ауру.

Қанда инсулин аз болғанда ұлпалар қантты сіңіре алмайды, сондықтан қант мөлшері өседі, яғни гипергликемия дамиды. Қалыпты жағдайда қандағы қант мөлшері ашқарынға- 3,5-5,5 ммоль/л. Қандағы қант мөлшерінің өсуі оның организмнен зәрмен шығуына себепкер болады-глюкозурия.

Қант диабеті ерте заманнан белгілі болған: 18 ғасырда бұл науқастардың зәрінің тәтті болатындығы, 19 ғасырда бұл аурудың себебі-инсулин мөлшерінің азаюы екені дәлелденген, 20 ғасырда совет ғалымы Коган-ясный қолдан инсулин дайындады. Инсулинді қолдан дайындағанға дейін ауру адамдар 3-5 жыл ғана өмір сүретін, ал қазіргі кезде 65 жылға дейін өмір сүреді.

ВОЗ-дың мәліметтері бойынша қант диабетімен ауыратындардың саны 20 миллионға жуық, олардың ішінде балалар мен жасөспірімдер 10%, яғни миллионға жуық. Қант диабетінің кең таралуы бұл ауруды әлеументтік ауруға жатқызуға және қоғамдық шараларды өткізуді талап етеді: жаппай көпшілікті жоспарлы медициналық тексеруден өткізу және қант диабетіне бейімді континентті зерттеу, қант диабетімен аыратын адамдарды диспансерлік бақылауға алу, оларды инсулин препаратымен тегін қамтамасыз ету, осы науқастарға арнайы тамақ түрлерін шығару, санитарлық-ағарту жұмыстарын кеңінен жүргізу.

Қант диабетінің себептері:

1. Тұқым қуалаушылық-65 пайызға дейін.

2. Балалардағы вирусты инфекциялардың асқынулары-қызылша, желшешек, тұмау, мысқыл т.б.

3. Тамаққа қанттар мен майларды көп пайдалану.

4. Стресстік ситуациялар.

Клиникалық айқындалуы: 3 негізгі клиникалық симптоммен сипатталады:

1. Полидипсия - шөлдеу.

2. Полиурия -кіші дәретке жиі отыру.

3. Полифагия -кенеттен тәбеттің ашылуы.

4. Бала тамақты жақсы ішкенімен азады.

5. Баланың терісі құрғақ, дуылдап қышиды.

6. Қан тамырларында ерте склероздық процесстер пайда болады:

А) Бас миының қан тамырларының склероздануынан бала ұмытшақ, тез шаршағыш болады.

Б) Көздің қан тамырларының склероздануынан алысттан көрушіліктің нашалуы дамиды.

В) Бүйректе-созылмалы бүйрек жетіспеушілігі дамиды.

Г) Жүректе-жүрек соғу дыбысы нашар естіледі, шекарасы ұлғайады, шу пайда болады.

Д) теріде-екі бетінің ұшы қызарады.

Е) зат алмасуының бұзылуынан-бала организмінің төзімділігі нашарлайды, сондықтан бұл балаларда терінің іріңді аурулары, өкпе қабынуы, жұқпалы аурулар жиі кездеседі.

Қант диабетінің балалардағы ерекшелігі:

1. Ауру қатты екпінді басталады.

2. Балаларда аурудың жеңіл түрі кездеспейді.

3. Асқынуға бейімді.

Бұл қауіпті асқынулар- гипергликемиялық және гипогликемиялық комалар. Бұл комалар жедел жәрдемді қажет етеді.

Гипергликемиялық кома

Себептері: 1. Инсулин дозасының кем болуы.

2. Майлы және тәтті тамақты мөлшерден көп жеу.

Осы себептердің әсерінен зат алмасуының барлық түрі бұзылады, организмде шала толтыққан улы заттар жиналып уланады.

Айқындалуы: Гипергликемиялық кома біртіндеп басталады, шөлдейді, зәрінің мөлшері көбейеді, баланың тәбеті төмендейді, ұйқышылдық пайда болады, терісі және шырышты қабаттары құрғап, аузынан ацетон иісі шығады, дем алысы шуылдаған, бала есінен айрылады.

Жедел жәрдем:

1. Көк тамырға 100-300 мл ас тұзының физиологиялық ерітіндісіне қосып 0,1 ед/кг салмағына есебімен үздіксіз етіп инсулин құю.

2. Асқазанды 5% сода ерітіндісімен жуу.

3. 4% сода ерітіндісімен тазалағыш клизма қою.

4. Рингер, ас тұзының физиологиялық ерітіндісін, 5% глюкоза ерітінділерін көк тамырға тамшылатып 2-3 литрге дейін құю (токсиндерді шығару мақсатында). Бұл ерітінділермен бірге кокарбоксилаза, вит С құйылады. Тамшылатып сұйықтықтар құйып жатқан кезде баланы грелкамен жылытып, минералды суларды, жемістер компоттарын 10 минут сайын 1-2 шай қасықтан беріп отыру керек.

5. 3-4 сағаттан кейін бала жеңіл қорытылатын тамақтармен тамақтандырылады: айран, жеміс-жидек шырындары, пюрелер.

6. Баланың сөткелік зәрін және биохимиялық анализге көк тамырдан қанын қантқа тексеру.

Гипогликемиялық кома.

Себептері: 1. Тамақпен организмге қанттардың кем түсуі.

2. Организмге инсулинді шамадан көп енгізу.

Айқындалуы: Гипогликемиялық кома кенет басталады, аузынан ацетон иісі шықпайды, терісі боз, дымқыл, демалысы жиі үстірт, баланың денесі құрысып-тырысады, тез есінен танады.

Жедел жәрдем.

1. Егер бала есінде болса оған бірнеше кесек қант, бал, тәтті шай, кәмпит беріледі.

2. Егер бала ессіз болса көк тамырына үздіксіз етіп 20-50 мл 40% глюкоза ерітіндісі құйылады.

3. Терісінің астына 0,1-1,0 мл 10% кофейн ерітіндісі егіледі.

4. Дымқылданған оттегі беріледі.

5. Бала есін жиған соң тамақтандырылады.

Қант диабетінің емделуі.

Емдеудің мақсаты-бұзылған зат алмасуын реттеу

.Негізгі ем -диетотерапия және тиісті режимді сақтау. Балалардың тамағы құнды болып, майларсыз, оңай қорытылатын, қанттары аз болуы керек. Тамақты күніне 5-6 рет ішкен дұрыс. Ауру баланың рационында ет, жұмыртқа, балық, қаймақ, қанты аз көкөністер болуы керек (капуста, қияр, помидор, шалғам /редиска/, мүкжидек /клюква/, тәтті болгар бұрышы. Балалардың организмі өсіп келе жатқандықтан ақуыз мөлшері азайтылмайды. Кәмпит, қант, варенье, бал, торт мүлдем беруге болмайды. Біздің өнеркәсібіміз қант диабетімен ауыратындарға арнайы тамақтар шығарады: нан, шұжық, варенье, кәмпит, вафли құрамында қанттың орныны сорбит, ксилит қолданылған.

Қосымша ем -организмге жетіспейтін инсулинді сырттан енгізу, өйткені қант диабетімен ауыратын балаларда инсулин абсолютті жетіспейді. Инсулин-ірі қара мал, шошқа, киттердің асқазан асты безінен алынатын ақуыз табиғаттас белсенді зат.

Емдеу. 1. Диетотерапия-тамақ құнарлы болумен қатар, майлар мен тез сіңірілетін қант-тардың мөлшерін шектеу қажет, тамақтандыру жиілігі тәулігіне 5-6 рет. Баланың рационында көбірек қантты аз көкөністер, сұлы, қарақұмық жармалары, сүт тағамдары жеткілікті болуы қажет. Ет, балақ, жұмыртқа шектелмейді, бірақ ет семіз бомағаны дұрыс. Белок мөлшері де шектелмейді.
2. Күн тәртібі-мектеп жасындағы бала дене шынықтыру сабағында арнайы топқа қатысады. Бала әсіресе инсулин алғаннан кейін және ашқарынға көп энергия жұмсалатын қимылдар жасамау керек.
3. Негізгі емі - Инсулинмен емдеу-инсулин препаратының әсер ету ұзақтығына байланысты 3 түрі бар. 8 сағат, 10-14 сағат және 24-36 сағ.
Табылған инсулиннің тәуліктік дозасын 3 немесе 2 ретке бөліп салу керек. Тағы бір ерекшеліктері:
•Әр еккенде егу орны алмастырылып отырылады.
•Егер алдында препаратты дене температурасына дейін жылыту қажет.
•Ине үшкір болғаны жөн.
•Препарат жай егілу қажет.
4. Витаминдер комплесі- қорғаныш күштерін арттыратын дәрілер, симптомдық ем кейде анаболикалық гормондар жүргізіледі.
Жедел жәрдем. Гипергликемиялық комада: а) тез инсулин егу. б) дегидратациямен куресу
в) құсу кезінде асқазанды және ішекті шаю, г)смптомдық ем жүргізу.
Гипогликемиялық комада: команың дәрежесіне қарай жүргізіледі. а) жеңілдеу түрінде тез сіңетін, қантқа бай тағамдар, тәттілер жегізу- тәтті шай, кисель, компот, әсел, ботқалар, ақ нан т.б) ауыр түрлерінде-көк тамырға 20-40% глюкоза ерітіндісін шапшыта немесе 5-10% тамшылата егу (комадан шыққанша), ылғалдатылған оттегін беру, қант қысымын көтеретін дәрілер егу.
«Д» бақылау. Ауыратын балалар диспансерлік есепке алынып,эндокренолог және педиатрдың бақылауында болу қерек, жылына 1 рет окулист,невропатолог,дәрігерлердің консультациясынан өтіп тұрады.
Алдын алу. Қауіп-қатер тобындағы балалар бақылауға алынып, эндокринологтың тексерілісінен жылына 2 рет өтіп тұру қажет.Балаларды жұқпалы вирусты аурулардан сақтандыру,баланың рационына қант мөльшерінің нормадан аспауын қадағалау керек.

Инсулиннің сөткелік дозасын аурудың сөткелік зәрімен шығарылған қантына тәуелді. Инсулиннің 1 әрекеттік бірлігі 4-5 грамм қантты қорытады. Мысалы: бала сөткесіне зәрмен 100 грамм қант шығаратын болса мынандай пропорция құрамыз: 1 бірлік инсулин -5 грамм қант

Х бірлік инсулин -100 грамм қант

Х=100х1:5=20 бірлік

1 мл инсулинде 40 әрекет бірлік бар делік. Яғни бұл балаға0,5 мл инсулин тері астына енгізу керек. Инсулин дозасы дәл болу үшін арнайы инсулин шприцтері қолданылады. Инсулин тері астына салынады, инсулин салатын жерлерді алмастырып отыру қажет.

Инсулин препаратының 3 түрі бар:

1. Қысқа әрекетті инсулиндер - жай инсулин, әрекет басы 15-20 минуттан кейін, әрекет максимумы (жоғарғы шегі) 20-3 ағаттан кейін, әрекет ұзақтығы -8 сағат. Актрапид, инсулрап, Хумулин Р, хоморап.

2. Отрташа әрекетті инсулиндер -әрекет басы 1,5-2 сағаттан кейін, әрекет максимумы-4-6 сағаттан кейін, әрекет ұзақтығы -12-15 сағат. Б-инсулин, ленте, лонг, инсулонг, семиленте.

3. Ұзақ әрекетті инсулиндер - әрекет басы 6 сағаттан кейін, әрекет максимумы 12-18 сағаттан кейін, әрекет ұзақтығы 24-30 сағат.

Қысқа және ұзақ әрекетті инсулиндерді 1 шприцке алуға болмайды.

Күтімі: Ауру баланың диетаны және тамақ режимін сақтауын қадағалау.

Қант диабетінің диагностиалық критерийлері:

  Диагностика критерийі сау балалар Глюкозаға сезімталдығы төмен балалар Анық қант диабеті бар балалар
Аш қарында глюкоза 5,5 ммоль/л 6,7 ммоль/л 6,7 ммоль/л
Глюкозадан кейін 2 сағаттан соң 7,8 ммоль/л 7,8-11,1 ммоль/л 11,1 ммоль/л

 


Дата добавления: 2015-10-20 | Просмотры: 2322 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.009 сек.)