АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

бакалавриат МЖМБС

Прочитайте:
  1. V. ТРЕБОВАНИЯ К РЕЗУЛЬТАТАМ ОСВОЕНИЯ ОСНОВНЫХ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ ПРОГРАММ БАКАЛАВРИАТА
  2. Место дисциплины в структуре ООП бакалавриата
  3. Место дисциплины в структуре ООП бакалавриата
  4. Место дисциплины в структуре ООП бакалавриата
  5. ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ ПРОГРАММ БАКАЛАВРИАТА
  6. ОСНОВНЫХ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ ПРОГРАММ БАКАЛАВРИАТА
  7. проставляемых в зачетную книжку студента, БТ-11, бакалавриат

Силлабус

Пән: Аnat – 1203

Пәннің коды: 5В130100

Мамандығы: Жалпы медицина

Оқу сағаттың көлемі: 108

Курс және оқу семестрі: 3 курс, 5-6 семестр

 

Семей 2014

Анатомия-2 пәні бойынша силлабус (студенттің жұмыс бағдарламасы) Типті оқу бағдарламаның негізінде анатомия және гистология кафедрасымен құрастырылған

 

Авторлар: оқытушы Г.М. Есболатова

 

Кафедра отырысында талқыланды 02.09.2014 ж.

Хаттама № 1

Кафедра меңгерушісі, доцент Қожанова С.К.____________________________

 

 

КАФЕДРА ЖӘНЕ ОНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР

ФИО Қызыметі, лауазымы, ғылыми дәрежесі, Ғылыми қызығушылығы және жетістіктері/санаты
  Кожанова С.К. Каф.меңгерушісі, м.ғ.к, доцент Ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен перинаталды кезеңдегі иммунды жүйенің морфофункционалды жағдайы.
  Милюшина И.Н. Аға,м.ғ.к. Патология және қалыпты жағдай кезіндегі регенерация мен морфогенез мәселелері.
  Щетинина Н.В. Аға оқытушы Патология және қалыпты жағдай кезіндегі регенерация мен морфогенез мәселелері.
  Милюшина Я.А. Аға оқытушы, м.ғ.к Айырша бездің патоморфологиясы
  Мукашева М.М Оқу-ісінің меңгерушісі,аға оқытушы Гипофизарлы-хиазмалық аймақтың хирургиялық анатомиясы.
  Кудайбергенов К.К. М.ғ.к, доцент Адам бауырының ағза ішілік және ағзадан тыс нервтері.
  Байльдинова Ж.М. М.ғ.к., доцент Жатыр байламдарының морфологиясы.
  Мекебаева А.Н. Оқытушы Патология және қалыпты жағдай кезіндегі регенерация мен морфогенез мәселелері.
  Дружинина Г. В. Оқытушы Патология және қалыпты жағдай кезіндегі регенерация мен морфогенез мәселелері
  Токанова Д.М. Оқытушы Патология және қалыпты жағдай кезіндегі регенерация мен морфогенез мәселелері
  Ауенов А.А. Оқытушы Патология және қалыпты жағдай кезіндегі регенерация мен морфогенез мәселелері
  Садыкова Д.О. Оқытушы Өсіп келе жатқан ағзаның физиологиялық өзгерістері.

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

Семей қ-сы, Абай Кунанбаев көшесі №103, морфологиялық корпус, тел.8-(722)- 252-19-05

Пән саясаты

Пән саясаты – бұл білімалушының (студент, интерн, резидент, магистрант, докторант) оқу материалын анағұрлым толық меңгеруіне және оқытушылар мен білімалушылардың нәтижелі әріптестігіне бағытталған осы пәнді меңгеру үрдісінде білімалушыға кафедраның қоятын жалпы талаптары.

Білімалушы міндетті:

• Білімді, шеберлікті, практикалық дағдыларды және біліктіліктерді толық көлемде меңгеру.

• Таңдалған білім траекториясы бойынша біліктіліктерге жету үшін бірінші курстан бастап электронды нұсқада «Портфолио» жинау.

• Оқытушыларға, қызметкерлерге және білімалушыларға құрметпен қарау.

• Семей қ. ММУ Ұжымдық этика Кодексін, соның ішінде «Сыртқы түріне талаптар» тарауын білу және сақтау.

• Мұнтаздай таза және тәртіпті болу, Университетте, емханаларда өзін лайықты ұстау, тыныштықты және сабақтарда, холлдарда, дәліздерде тазалықты сақтау.

• Білімалушы сабақ басталғаннан соң (оқытушы сабақты нақты бастағаннан соң) аудиторияға тек оқытушының рұқсатымен кіріп шыға алады.

• Пән бойынша оқу бағдарламасын толық меңгеру үшін дәрістерге, практикалық (зертханалық, семинар) сабақтарға қатысу міндетті болып табылады. Клиникалық кафедраларда профессордың немесе доценттің қарауына, дәрігерлер консилиумдарына міндетті түрде қатысу.

• СОӨЖ (студенттердің оқытушы жетекшілігімен өздік жұмысы) қатысуға кафедраның талаптарын орындау.

• Дәрістерге, практикалық, зертханалық және семинар сабақтарға, емтихандарға медициналық форма киіп қатысу.

• Клиникалық кафедраларға СЭС рұқсаты бар санитарлық кітаптың болуы.

• Кафедра мүлкіне ұқыптылықпен қарау, үстелдер үстін ластамау, жазу жазбау, мүлікті бұзған жағдайда келтірілген зиянның орнын толтыру.

• Үшкір өкшесі бар аяқ киімді киюге тыйым салынады.

• Өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтау.

• Университеттің ішкі тәртіп ережелерін сақтау.

• Кафедра өміріне белсенді қатысу (СҒЖ үйірмесіне, кафедра іс-шараларына және т.б. қатысу).

• Мамандық бойынша ғылыми-практикалық, патологоанатомиялық конференциялар мен ассоциациялардың жұмысына қатысу.

• Дәрістер, сабақтар кезінде ұялы телефондарды өшіріп қою.

• Емтихандарға ұялы телефондарды, i–Phone, i-Pad алуға тыйым салынады. Білімалушы ұялы телефондарды, i–Phone, i-Pad еске түсіру құралы ретінде пайдаланса, ол емтиханнан шығарылады, емтиханнан шығарылғаны туралы акт жасалады және F бағасы қойылады. Емтиханда немесе саралау сынағында білімалушы көмекші қағаздарды қолданса, автоматты түрде қорытынды «қанағаттандырарлықсыз» баға қойылады.

• Кафедраларда өтемдер сабақтан тыс уақытта өткізіледі, дағдылы күндерде де жіберіледі (теориялық кафедрада кезекші оқытушы 18.00 сағатқа дейін болуы тиіс), клиникалық кафедрада өтемдерді профессорлық – оқытушылық құрамының түнгі кезекшілігі кезінде өткізуге болады.

• Себепсіз және себепті жағдай бойынша сабақтарды босатқанда білімалушы сабаққа шыққан күннен бастап деканаттан бір апта ағымында рұқсатнама алуға міндетті.

• Білімалушы себепті жағдай бойынша сабақтарды босатса бір ай ішінде өтеуі керек.

• Себепсіз жағдайлар бойынша босатылған сабақтарды білімалушы 2 апта бойы қосымша оқыту түрі ретінде (ҚОТ) ақылы негізде өткізіледі, ҚОТ көрсетуге келісім шарт жасалады.

• Егер білімалушының қосымша оқыту түріне және факультативті сабақтарға қажеттілігі болған жағдайда, онда да ҚОТ көрсетуге келісім шарт жасалады. ҚОТ барлық түрлері ақылы негізде өткізіледі.

• Дәрістерді босатқан кезде себептерге қарамай білімалушы дәріс материалдарының конспектісі болуы керек және оны дәріскерге көрсетуі керек, босатқан дәрістерді өтеу – дәрісті өтеу үшін деканаттан рұқсатнама талап етілмейді.

• Себепсіз жағдайлар бойынша босатылған сабақтарды өтеу кезінде білімалушыға 2,33 (70 %) артық баға қойылмайды.

• Себепті жағдай бойынша босатқан сабақтарды өтеу кезінде білімалушыға жауап берген бағасы қойылады.

• Білімалушы белгілі себептермен (стационарда емделсе, төтенше жағдайлар болған кезде: табиғат апаты, апаттар және басқалар) басқадай себептермен сабақ босатқан жағдайда топ старостасы немесе куратор бір тәулік ішінде кафедраны және деканатты (телефонмен және басқадай жолмен) болған жағдай туралы хабардар етуге тиісті және үш күн ішінде осы жағдайды куәландыратын құжат әкелуі керек. Ақтау құжаттары болып табылады: студенттік емханадан анықтама (нөмірі емхананың анықтама беру журналындағы нөмірмен бірдей болуы керек), жақындарының қайтыс болуы туралы куәлік, донорлық анықтама, некелесу туралы куәлік, баланың туу туралы куәлігі. Интерндер, резиденттер, магистранттар, докторанттар жұмысқа жарамсыздығы парағын беруі керек. Ақтау құжаттары болмаған жағдайда себепсіз болып саналады. Жалған анықтамалар берген жағдайда рұқсатнама берілмейді және білімалушыға қатысты ішкі тәртіп Ережелеріне сәйкес әкімшілік шаралар қолданылады.

• Кафедраға рұқсатнамамен бірге растайтын құжат көшірмесі беріледі. Білімалушы себепті жағдаймен босатылған 2 сабақты бір ретте өтеуіне болады.

• Себепті жағдаймен босатылған сабақты өтеу кезінде қағаз журналда «бж» дөңгелектенеді және алынған баға қағаз және электронды журналға енгізіледі. Электронды журналға бағаларды қою үшін өтінім деканаттан рұқсатнама беру сәтінен бастап бір ай ішінде жүргізіледі.

• Білімалушы бекітілген уақытта екі және одан да көп сабақтарды өтемеген жағдайда аттесталмаған деп есептеледі. Пәндердің аудиторлық (дәрістер, практикалық) сабақтары жалпы сағаттар көлемі босатылғандар санына байланысты мынадай әкімшілік шаралар енгізілсін:

- 5 - 10% - ескерту

- 11 - 15% - сөгіс

- 16-24% - қатаң сөгіс

• Білімалушы ағымдағы үлгеріміне бақылау оқу пәнінің әрбір тақырыбы бойынша өткізіледі.

• Соңғы сабақта пән бойынша жіберу рейтингісінің бағасы (ЖРБ) есептеледі, ЖРБ ведомостіне танысқаны туралы білімалушы өзінің қолын қояды, ал ЖРБ жетекші оқытушымен сынақ кітапшасында ЖРБ қойылады.

• Пәндердің (дәрістердің, практикалық) аудиторлік сабақтардың жалпы көлемінен 25% себепсіз жағдаймен босатқан білімалушы пән бойынша аралық аттестаттауға (емтиханға/дифсынаққа) жіберілмейді және жазғы (ақылы) семестрден өтуге міндетті. Себепсіз жағдаймен босатқан білімалушы жеке кесте бойынша барлық өтеулерді өтеуге міндетті.

• Деканаттан рұқсатнамалар оқу топтары журналдарында сақталады.

• Егер білімалушы себепті жағдай бойынша аралық бақылауды босатқан және оны бір ай бойы өтемеген жағдайда, «бж» орнына журналда «0» қойылады. Және оның рейтингі автоматты түрде төмендейді.

• Егер интеграцияның бір пәні немесе аралас пәндер бойынша «Жалпы медицина» мамандығы 4,5 курстары білімалушысы «F» алса, онда білімалушы жазғы (ақылы) семестр кезінде «F» бар пәнді ғана өтейді. Толық пән бойынша қорытынды баға ақылы семестрді өткеннен кейін қойылады.

• Кафедра әрбір практикалық дағды (ҚКЕБ, ҚПЕБ, науқас төсегі қасындағы мини – клиникалық емтихан және б.) бағасының әдісін анықтауы керек, білімалушылармен дағдылар семестр бойы тапсырылады, оқу журналына қойылады, қосылады, практикалық дағдыларға қорытынды баға сессия кезінде эмтихандық ведомсотіге қойылады.

• Егер емтихан екі және одан да көп кезеңдерден тұрған жағдайда және білімалушы кезеңдердің бірінен «0» алса, онда ол білімалушы үшін емтиханның келесі кезеңіне өту үшін кедергі болып табылмайды, емтихан бағасы әрбір кезеңнің үлес салмағына сәйкес саналады.

• Егер жіберу рейтингісі бойынша және қорытынды бақылаудан да (емтихан/дифф сынақтан) білімалушы оңды баға алса ғана қорытынды баға есептеледі. Сонымен бірге оңды баға болып 50% -дан 100% -ға дейінгі баға болып саналады, қанағаттанарлықсыз баға - 0 -дан 49% -ға дейінгі баға болып саналады.

• Егер емтихан үш кезеңнен тұрған жағдайда, онда тестілік емтихан үлес салмағы 20 % құрайды, практикалық дағдылар 10%, ауызша жауап - 10%. Егер емтихан тек қана ауызша сұраудан және практикалық жағдыдан тұрса онда тиісінше әрбіреуі -20%.

• Ағымдағы сабақтарда және аралық бақылауда алынған қанағаттанарлықсыз бағалар өтелмейді. Қанағаттанарлықсыз бағалар болған жағдайда білмалушылар төмен ЖРБ алады, ол өз кезегінде емтихан рұқсатнамасына әсер етеді.

Аралық аттестаттау бойынша оңды бағаны көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

• ЖРБ сынақ кітапшасының оң жағына қойылады. Дифференциалды сынақ бағасы шәкіртақы тағайындауға әсер етеді.

• Осы семестрдің оқу жоспарымен қарастырылған семестрдің барлық пәндері бойынша оқу бағдарламасын орындау шарттары барлық сынақтарды тапсыру/ алуда білімалушылар аралық және қорытынды аттестаттауға жіберіледі. Емтихан сессиясына жіберу деканат өкімімен рәсімделеді, сонымен қатар білімалушы сынақ кітапшасына «сессияға жіберілді» мөртабаны қойылады.

• Білімалушыны курстан курсқа ауыстыру студенттің үлгерімінің орта баллы (GPA) негізінде жүргізіледі.

• Егер білімалушы қажетті өту баллының GPA санын ала алмаса, білім грантынан айрылуымен қайталау курсын өтеді немес өз еркімен оқудан шығарылады.

• Толық көлемде курс бағдарламасын орындаған білімалушы, бірақ өту баллын (GPA) жинай алмаған, өзінің үлгерімінің орта баллын көтеру мақсатында ақылы негізде пәнді қайта жазғы (ақылы) семестрде оқуға мүмкіндік беріледі («Қазақстан тарихы» пәнінен басқа, ол бойынша мемлекеттік емтихан тапсырылады) және және қайта емтихан тапсырады.

Қайта тапсырғанда алынған оңды баға шәкіртақыны тағайындауға әсер етпейді.

Академиялық демалыстан кейін оқуға келген немесе бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысқан кезде білімалушы барлық курсты толық өтуі және емтихан тапсыруы қажет.

• «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханнан студент «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда, ол ақылы негізде осы пәнге қайта жазылады, қайтадан келесі академиялық мерзімде немес жазғы семестрде оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысады, ағымдағы бақылаудың талаптарын орындайды, рұқсатнама алады және мемлекеттік емтиханды қайтадан тапсырады. (ҚР білім және ғылым Министрінің №125 бұйрығы 85т. 18 наурыз 2008ж.)

• «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан оңды бағасын оны көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. (ҚР білім және ғылым Министрінің №125 бұйрығы 85т. 18 наурыз 2008ж.)

• Жұмыс және жеке оқу жоспарының және жұмыс оқу бағдарламаларының талаптарын орындамаған бітіруші курс студенті жазғы семестрді өтпей оқытудың қайталау курсына қалады. (ҚР білім және ғылым Министрінің №125 бұйрығы 85т. 18 наурыз 2008ж.)

 

Сіздерге, жоғары медициналық оқу орнын студенттері болғандықтан, мәйіт арқылы анатомия бойынша білімді игеруге мүмкіншілік беріледі. Сіздер анатомия кафедрасында келесі ережелерді сақтау керексіздер:

1. Болашақтағы дәрігер студенттік кезінде анатомиялық препараттармен жұмыс істегенде, толық медициналық формасын кию керек: ақ халат, қалпақ, маска, қорғаныш көзілдірік (формальдегидтың концентрациясы жоғары болғандықтан). Формальдегид—нейротоксикалық және эмбриотоксикалық химиялық реагент. Линза кимеуге тырысыңыздар, себебі формальдегид линзаға әсер етіп, көздің мөлдір қабығының қабынуына әкелуі мүмкін. Формальдегид көзге тигенде, жедел сумен көзді жуу керек! Қысқа балақ киімді, ашық аяқ-киімді киюге рұқсат берілмейді. Тағамдарды, суды, телефондарды оқу бөлмеге әкелуге тыйым салынады. Фото-және видеобейне жасауға академияның меңгерушісі не кафедра меңгерушісі рұқсат беру керек.

2. Анатомиялық препараттарды (сүйек, жеке ағза), мүсіндерді, планшеттерді кафедрадан шығаруға болмайды. Осы ережені бұзғандар академиядан шығарылуы мүмкін.

3. Мәйітті, оның жеке бөлімдерін сабақтан не өзіндік жұмыстан кейін ылғалды матаға жинау тиісті. Препараттаудан кейін теріні, майлы не дәнекерлі ұлпаны, ағзалардың талшықтарын бөлек ыдысқа жинаңыздар. Қағаздарды, перчатканы, мәйіттің қалған үлесшелерімен бірге тыстауға тыйым салынады!!

5. Анатомиялық препаратпен жұмыс істеген соң қол жуу керек!!

6. Оқу орынның тазалығын сақтаңыздар!! Үстелді, инструменттерді жұмыстан кейін жууға ұмытпаңыздар.

7. Мәйіт бөліміне және оқу бөлмелерге бөтен адамдарға кіруге тыйым салынады!!

 

Кіріспе

Негізгі пәндерден (қалыпты және патологиялық анатомия, қалыпты және патологиялық физиология, гистология, биохимия, фармакология және т.б.) алынған біліммен клиникалық пәндер арқылы қалыптасқан практикалық біліммен дағдыларының үйлесуі дәрігерді даярлау барысында тұжырымды білім және дағдыларды қалыптастырудың негізгі шарты.

Анатомия медициналық білімнің негізін қалаушы пән болып табылады, сондықтан студент анатомия пәнін оқымай клиникалық пәндерді игере алмайды.

2.Пән мақсаты: оқытудың модульді принциптеріне сәйкес негіздік пәндермен интеграцияда адамның жүйелер ағзалар құрылысына (жүрек-қантамырлар, қан жасаушы, жүйке, тыныс алу, ас қорыту, несеп-жыныс, тірек-қимыл аппараты және тері қосалқылары, эндокринді жүйе) тұтастық түсінік қалыптастыру.

3.Оқытудың мақсаты:

· жүрек-қантамырлар, қан жасаушы, жүйке, тыныс алу, ас қорыту, несеп-жыныс, тірек-қимыл аппараты және тері қосалқылары, эндокринді жүйе ағзаларының құрылысы және топографиясы бойынша білімдердің маңызын түсіну.

· ересектер мен әр жастағы балаларда толық физикальды тексеру жүргізу, біріншілік медициналық көмек көрсетуі дағдыларын игеруде қажетті жүрек-қантамырлар, қан жасаушы, жүйке, тыныс алу, ас қорыту, несеп-жыныс, тірек-қимыл аппараты және тері қосалқылары, эндокринді жүйе ағзаларының құрылысы және топографиясы бойынша ғылыми түсініктерін қалыптастыру,

· мәйіт және мәйіт ағзаларымен жұмыс істеген кезде силы – сыпайлы болашақ дәрігер көз қарасымен қарастырып жұмыс істеу.

4. Оқытудың соңғы нәтижесі және пәннің мазмұны

Анатомия-2

Студент білуі керек:

· организмнің ағза және жүйелер анатомиясын;

· жеке ағзалардың құрылыс бөлшектерін;

· организмнің ағза және жүйелерінің даму тегін;

· ағзалардың нервтенуі мен қанмен қоректенуі;

· ағзалардан веналық қанның және лимфаның ағыны;

· ағзалардың топографиясын;

· бала организмнің ағза және жүйелер анатомиясын;

· латынша – анатомиялық номенклатурасын

· Студент үйреніп алуы қажет:

· Препараттардан жеке ағзаларды және олардың құрылыс бөлшектерін көрсету;

· Мәйітте қан тамырлары мен нервтерді көрсету;

· Ағзалардың дене бетіндегі проекциясын анықтау;

Дағдыларды игеруі қажет:

· анатомиялық препараттармен жұмыс істеу әдістерін

· ағзалардың жеке анатомиялық құрылымдарын ажырата білу

 

5.Пәннің пререквизиттері мен постреквизиттері:

Пәннің пререквизиттері – Анатомия-1, Гистология-1, Физиология -1

Пәннің постреквизиттері –Ішкі аурулар, Хирургиялық аурулар, Акушерство және гинекология, Неврология.

6. Пәннің мазмұны

Анатомия-2 пәнінің бағдарламасы қазіргі күннің микро-макроскопиялық анатомия жетістіктері негізінде адамның өзіндік ерекшеліктерін, жыныстық, жастық ерекшеліктерін, құрсақта дамуын және ағзалардың анатомо-топографиялық қарым-қатынасының ерекшеліктеріне қарай ағза жүйелерін оқытуға бағытталған.

7. АНАТОМИЯ -2 ПӘНІ БОЙЫНША САБАҚТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

7.1.1 Дәрістердің тақырыптық жоспары

  Тақырыптар тізімі Сағаттар саны
  1 кезең  
  Жүрек қантамырлар жүйесі  
  Жүректің топографиялық анатомиясы және оның кеудеге проекциясы. Балалардағы ерекшеліктері.  
  Кеуде қуысындағы ірі қан тамырлары: қолқа, өкпе сабауы, өкпе веналары, жоғарғы және төменгі қуыс веналар. Балалардағы ерекшеліктері.  
  Үлкен және кіші қанайналым шеңберлерінің тамырлары. Жүректің нервтенуі. Балалардағы ерекшеліктері.  
  Барлығы: 3 сағат  
  Ас қорыту жүйесі  
  Асқазанның және асқорыту бездерінің топографиялық анатомиясы және балалардағы ерекшеліктері. Жіңішке және тоқ ішектің топографиялық анатомиясы. Балалардағы ерекшеліктері.  
  Ұйқыбезінің анатомиясы мен топографиясы. Балалардағы ерекшеліктері.  
  Бауырдың анатомиясы мен топографиясы. Балалардағы ерекшеліктері.  
  Барлығы: 3 сағат  
  Несеп-жыныс жүйесі  
  Несеп шығару жүйесінің дамуы және құрылысының ерекшеліктері. Жасқа байланысты ерекшеліктері.  
  Ер адамның жыныс ағзалары-ның құрылысы ерекшеліктері мен дамуы. Жасқа байланысты ерекшеліктері.  
  Әйел адамның жыныс ағзаларының құрылысы ерекшеліктері және дамуы. Жасқа байланысты ерекшеліктері.  
  Барлығы: 3 сағат  

7.1.2. Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспары

  Тақырыптар тізімі Сағаттар саны
  1 КЕЗЕҢ  
  Тірек-қимыл жүйесі, тері мен оның қосымшалары  
  Тірек-қимыл аппаратының биомеханикасы  
  Барлығы:3 с.  
  Эндокринді жүйе  
  Эндокринді аппараттың морфологиялық сипаттамасы, жіктелуі. Эндокринді бездер құрамының жас ерекшеліктері.  
  Гипофиз. Құрамының дамуы, кейбір бөліктерінің құрылымдық ерекшеліктері, топографиясы, қан айналымы. Бүйрекүсті бездері: дамуы, құрамы, топографиясы, қан айналымы. 3 ТБЛ
  .Қалқанша және қалқаншамаңы бездерінің анатомиясы және топографиясы.  
  Аралық бақылау  
  Барлығы: 9 с.  
  Тыныс алу жүйесі  
  Көмейдің, кеңірдектің, бронхтардың топографиялық анатомиясы. Қанмен қоректенуі, нервтенуі.Жастық ерекшеліктері.  
  Өкпе құрылысы. Қанмен қоректенуі, нервтенуі.Жастық ерекшеліктері.  
  Өкпеқап, өкпеқап қуысы, өкпеқап қойнауы. Құрылысы. Қанмен қоректенуі, нервтенуі.Жастық ерекшеліктері. 3ТБЛ
  Тыныс алу ағзаларының көкірек торына проекциясы. Балалардағы ерекшеліктері.  
  Аралық бақылау  
  Барлығы: 12 с.  
  Жүрек қантамырлар жүйесі  
  Жүрек. Жүрекше және қарынша-лардың құрылысы. Эндокард, миокард, эпикард. Жартыайтәрізді және жармақты жүрек қақпақшалары. Бүртікті бұлшықеттер. Жүрек артериялары мен веналары. Перикард.  
  Кеуде қуысының ірі қан тамырлары: қолқа, өкпе сабауы, өкпе веналары, жоғарғы және төменгі қуыс веналары. 3 ТБЛ
  Қолқа, оның дамуы, топографиясы. Бөлімдері: қолқа буылтығы, қолқаның жоғарлаған бөлігі, қол-қа доғасы, қолқаның төмеңдеген бөлігі. Жүректің тәждік артериялары. Қолқа доғасы тармақтары.  
  Аралық бақылау  
  Барлығы: 9 с.  
  Ас қорыту жүйесі  
  Асқазанның анатомиялық құрылысы және топографиясы, іш қуысындағы проекциясы. Балалардағы ерекшеліктері.  
  Ұйқы безінің анатомиясы және топографиясы. Дене бетіне проекциясы. Балалардағы ерекшеліктері. 3 ТБЛ
  Бауырдың анатомиясы және топографиясы. Дене бетіне проекциясы. Балалардағы ерекшеліктері.  
  Аралық бақылау  
  Барлығы: 9 с.  
  Несеп-жыныс жүйесі  
  Несеп шығару жүйесі. Құрылысы, қызметі, топографиясы. Жасқа байланысты ерекшеліктері  
  Несеп шығару жолдарының құрылысы, қызметі, топографиясы. Жасқа байланысты ерекшеліктері. 3 ТБЛ
  Жыныс ағзалары құрылысы, қызметі, топографиясы. Жасқа байланысты ерекшеліктері.    
  Аралық бақылау  
  Барлығы: 9 с.  
  Жүйке жүйесі  
  Жұлын топографиясы. Жұлын қабықтары.  
  Ми тамырларының анатомиясы. Жүйке жүйесінің жасқа байланысты ерекшеліктері. 3 ТБЛ
  Мидың ликворлық жүйесінің анатомиялық ерекшеліктері  
  Барлығы: 9 с.  
  Қан түзуші жүйе  
  Қан түзуші ағзалар. Сүйек кемігі: құрылысы, дамуы, жасына байланысты ерекшелігі.  
  Аралық бақылау  
  Барлығы: 3 сағат  
  Оқу жылының соңындағы қортынды сабақ - барлық жүйелер бойынша практикалық дағдыларды тапсыру – емтиханның бірінші бөлігі  

7.1. 3 Студенттердің өзіндік жұмыстар тақырыптары

  Тақырыптар тізімі Сағаттар саны
  Жүйке жүйесі  
  Балалардың жүйке жүйесінің анатомиясы.  
  Барлығы: 4 с  
  Қан түзуші жүйе  
  Иммуногенездің орталық және шеткі ағзалары.  
  Барлығы: 4 с  
  Тыныс алу жүйесі  
  Бронх ағашының құрылысы.  
  Өкпе анатомиясының жастық ерекшеліктері.  
  Өкпе сегментінің анатомиялық- және топографиялық құрылысы.  
  Барлығы: 6 с.  
  Жүрек қантамырлар жүйесі  
  Жас шамалық жүрек және қан тамырлар ерекшеліктері.  
  Жүректің өткізгіштік жүйесінің түйіндері мен будалары.  
  Дене беткейінде ірі тамырлар проекциясын, тамырларды тындау және басып көру орындарын анықтау.  
  Барлығы: 6 с.  
  Ас қорыту жүйесі  
  Нәрестелерде және жас балаларда бауырдың құрылысы мен қызметтерінің ерекшеліктері.  
  Өт қапшығы мен өт шығару жолдарының анатомиясы.  
  Асқорыту жүйесі бойынша анатомиялық препарат дайындау.  
  Барлығы: 6 с.  
  Несеп-жыныс жүйесі  
  Бүйректің даму ақаулары.  
  Шатаралық бұлшықеттері мен шандырлары. Ер адаммен әйел адамдағы шатаралық құрылысы-ның ерекшеліктері Жасқа байланысты ерекшеліктері.  
  Барлығы: 6 с.  
  Тірек-қимыл жүйесі, тері мен оның қосымшалары  
  Буынның жасқа байланысты ерешеліктері  
  Барлығы:2 с.  
  Эндокринді жүйе  
  Эндокринді және эндокринді емес функциялары бар ағзалар анатомиясы.  
  Барлығы: 5 с.  

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОСПАРЫ мамандығы «Жалпы медицина»(3- курс)

 

№   СӨЖ тақырыбы Тапсырмалар/ СӨЖ орындау түрлері СӨЖ бақылау түрлері СӨЖ бақылау мерзімі
1. Тақырып 1: Балалардағы нерв жүйесінің анатомиясы Эссе жазу Жеке есеп емтихандық сұрақтар, тестілер 3-апта
2. Тақырып 2: Иммуногенездің орталық және шеткі ағзалары. Эссе жазу Жеке есеп емтихандық сұрақтар, тестілер 4- апта
3. Тақырып 3. тақырыпша 1 Бронхиалды ағаш құрылысы. Эссе жазу   Жеке есеп емтихандық сұрақтар, тестілер 7- апта
4. Тақырып3 тақырыпша2. Өкпе сегменттерінің анатомо-топографиялық құрылысы Эссе жазу Жеке есеп емтихандық сұрақтар, тестілер 8-апта
5. Тақырып 3.тақырыпша3.. Тынысалу жүйесінен оқу препаратын дайындау. Препараттау Жеке есеп, емтихандық сұрақтар, тестілер 9-апта
6. Тақырып 4.тақырыпша 1Балалардағы жүрек пен тамырлардың ерекшелігі.   Эссе жазу Ауызша сұрау, тестілер. 10-апта
  Тақырып 4.тақырыпша 2 Жүректің өткізгіш жолдарының түйіндері мен шоғырлары. Моделдеу Жеке есеп емтихандық сұрақтар, тестілер 11-апта
  Тақырып 4. тақырыпша 3 Дененің бетіндегі үлкен тамырлардың проекциясын анықтау, және тамырларды басу және тыңдау орындарын анықтау. Практикалық жұмыс Жеке есеп емтихандық сұрақтар, тестілер 11-апта

9. Негізгі және қосымша әдебиеттер

Негізгі:

Дайырбекова М.М. Адам анатомиясының. Практикумы лматы,1992Керімбеков Е. Адам анатомиясы Алматы,1992Ч. 2Рақышев А. Адам анатомиясы Алматы,

2009Т. 1Т. 2Рақышев А. Адам анатомиясы Алматы,1994Т. 1Т. 2Рақышев А.

Адам анатомиясы Алматы,1995Т. 2Рақышев А.Адам анатомиясы Алматы,

2004Рақышев А.Адам анатомиясының атласы Алматы, 2006 т.1т.2т.3

Адам анатомиясы: атлас. т. 1 / ред. А. А. Идрисов. - Астана: Фолиант баспасы, 2005. - 324 с.

Адам анатомиясы (Тірек-қимыл жуйесі сүйектер, буындар,бұлшықеттер)Атлас.: в 2-х т. т.1-том / Ү. Ж. Жұмабаев, Ә. Б. Әубәкіров, Т. М. Досаев. - Астана: "Фолиант" баспасы, 2005. - 324 с.

Адам анатомиясы. Атлас. (Ішкі мүшелер жүйесі және эндокринді бездер) 2 том.: атлас / ред. А. А. Идрисов. - Астана: Фолиант баспасы, 2008

Адам анатомиясы. Тірек-қимыл жүйесі. Суйектер, буындар, булшықеттер. Атлас. Т.1: атлас / Ү. Ж. Жұмабаев [и др.]; ред. А. А. Идрисов. - Астана: Фолиант, 2005. - 324 б.

Адам анатомиясы.(Ішкі мүшелер жәйене эндокринді бездер.) Атлас. Т.2: атлас / Ә. Б. Әубәкіров [и др.]; ред. А. А. Идрисов. - Астана: Фолиант, 2008. - 250 б.: ил.

Адам анатомиясы.(Ішкі мүшелер жүйесі және эндокринді бездер) Атлас. 2- том: атлас / Ә. Б. Әубәкіров, Ү. Ж. Жұмабаев, Т.М. - Астана: "Фолиант" баспасы, 2008. - 251 с.

 

Қосымша:

Тебенов М.Е. Адам анатомиясы (ас қорыту және тыныс алу жүйесі). Оқу құралы. Қараганды, 1993.

Нурмухамбетова Б.Н. Лимфа жуйесінің функционалды анатомиясы. Оқу құралы. Алматы, 2007

Зверев И.Д.

Книга для чтения по анатомии, физиологии и гигиене человека: учебное пособие / И. Д. Зверев. - М.: Просвещение, 1989. - 240 с.: илКазаченок Т.Г.

Анатомический словарь М.: Высшая шк.,1984Рахимов Я.И. Очерки по функциональной анатомии1982Ракишев А. Словарь анатомических терминов

10. Оқу және оқыту әдістері:

· Дәрістер: жалпы, өзекті

· Проблемаға бағытталып оқыту (ПБО): әр модульде 2-3 сабақ ішінде бір клиникалық жағдайды талдау (қосымшаны қара).

· Практикалық сабақтар: Анатомиялық препаратар, муляждар және планшеттермен жұмыс, ауызша сұхбаттасу, тест тапсырмаларын шешу, шағын топтарда жұмыс, интеграцияланған 1-2 клиникалық жағдайды басқа пәндермен бірге талқыға салу.

· Студенттің өзіндік жұмысы: Оқулық және қосымша әдебиетпен, ақпаратты электронды тасымалдау құжаттармен жұмыс істеу, латын тілінде глоссарии құрастыру, тақырыпты өзіндік игеру, тестілерді өзіндік шешу,эссе жазу, оқытушыдан кеңес алу. СӨЖ бағалар шкаласына сәйкес бағаланады (СӨЖ-ді орындау критерииларына сәйкес)

11. Білімді бағалау ережелері мен критериилары:

· Ағымды бақылау: тест тапсырмалары, жазбаша/ауызша сұхбаттасу, ситуациялық есептерді шешу, тәжірибелік дағдылар меңгеруін қабылдау, тапсырмаларды орындау қорытындыларын құрастыруын тексеру және т.б., шағын топта жұмыс барысында топтық және өзіне-өзі баға беру.

· Қорытынды бақылау: 8 пәннен интеграцияланған емтихан барлық 8 ағза жүйелері бойынша модульдер оқытылып болғанда жүргізіледі және 2 этапта өтеді – кешенді тестілеу/ауызша сұхбаттасу және тәжірибелік дағдылар меңгеруін бағалау. Әр пән бойынша баға қойылады. Емтиханға кесте бойынша жүргізіледі, дайындық үшін ең кемінде 5 тәулік беріледі.

Бақылаудың барлық түрлері бойынша оқу жетістіктерінің бағалауы баллдық–рейтингілік әріптік жүйе бойынша жүргізіледі.

 

Дәстүрлі шкалаға ауыстырылған білім алушылардың оқу жетістіктері бағаларының балдық-рейтингтік әріптік жүйесі

Әріптік жүйе бойынша баға Балдардың сандық эквиваленті Пайыздық мөлшері Дәстүрлі жүйе бойынша баға
A 4.0 95-100 өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89   жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74     қанағаттанарлық
C 2.0 65-69
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
F   0-49 қанағаттанарлықсыз

Әр пән бойынша білім деңгейінің жетістіктері келесідей анықталады.

Қорытынды баға ҚБ = РРБ х 0,6 + ТәжЕ х 0,2+ТЕх0,2, мұнда:

ҚБ - қорытынды баға

РРБ - рұқсат алу рейтингілік баға

ТәжЕ – Тәжірибелік емтихан(ОСПЭ)

ТЕ – тесттік емтихан

Рұқсат алу рейтингілік бағасы (РРБ) пән бойынша білімнің қорытынды бағасының (ҚБ) 60% құрайды.

Тәжірибелік емтихан бағасы (ТәжЕ) пән бойынша білімнің қорытынды бағасының (ҚБ) 20% құрайды.

Тесттік емтихан бағасы (ТЕ) пән бойынша білімнің қорытынды бағасының (ҚБ) 20% құрайды.

Рұқсат алу рейтингілік бағасы (РРБ) академиялық кезең ағымында алған барлық бағалар жинағы орташа арифметикалық саны сияқты есептеледі.

 

 



 


Дата добавления: 2015-11-02 | Просмотры: 984 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.031 сек.)