АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Е витамині (токоферолдар)

Е витамині токоферол тобынан құралған (грек әріптерімен белгіленеді альфа, бета, гамма, сигма), олар 2 метил 2 (4, 8, 12 үшметилридецил)-6-хроманол, немесе токол туындысы.

Е витамин тобының белсендісі альфа-токоферол және оның 7 туыстық қосылыстары.

Е витамині өсімдік майы мен жануарлар майында кең таралған. Сонымен, Е витамині барлық табиғи тағамдарда кездеседі, белоктық өнімдерде, облепихада, жүгеріде, бидайда, жұмыртқада, шпинатта, авокадода, жаңғақта, алмада.

Альфа-токоферол клеткалық мембрананың тұрақты компоненті, Е витаминінің ең көп мөлшері май ұлпасында, орталық жүйке жүйесінде, бұлшықет пен бауырда кездеседі.

Е витаминінің маңыздылығы клеткалық мембрананы тұрақтандыратын ең күшті антиоксидант болып табылады. Мұның дәлелі токоферолдар – толық қанықпаған май қышқылдарының пайда болуына қарсы әсер тигізеді, ал олар пайда болса мембрананың тұрақтылығын жояды, осмос және токсикалық әсер тигізеді.

Е витамині А витаминінің қалыптасуына және убихинон синтезіне (коэнзим Q) әсерін тигізеді. Ал коэнзим Q – ұлпалардың митохондриялық тыныс алуына қатысады.

Альфа – токоферолдың антиоксиданттық механизмі – витаминнің молекуласының қозғалғыш хромонды ядросының гидроксилденуде бос радикалдармен қосылады, бұдан бос радикалды қышқылдану тоқтайды.

Токоферолдардың мембранатұрақтандырушы қимылы мембраналық белоктардың SH – тобынан қышқылдануынан және қанықпаған май қышқылдарымен гидрофобты қосылыс құруынан сақтайды.

Токоферол – нуклеин қышқылының синтезіне және құрамында гемі бар белоктардың синтезіне қатысады.

Сонымен қатар Е витаминінің антиатерогендік қасиеті бар.

Диетикалық Е гиповитаминозы көп кездеспейді. Көбіне осы витаминнің сіңуінің бұзылуынан гиповитаминоз болады.

Е витаминінің жетіспеушілігі мембрананың өтімділігінің жоғарылауымен және бұзылуымен көрінеді, соның ішінде ядролық мембрананың митохондрияда, лизосомада, яғни клеткалардың морфологиялық құрылысының өзгеруімен сипатталады. Е витамині жетіспегенде клеткалық тынысалу төмендейді, ферменттік жүйе активтенеді, ұлпаларда аденилдік нуклеотидтер, креатинфосфат және АТФ төмендейді.

Е витаминінің жетіспеушілігінің типтік көріністері – бұлшықеттің, миокардтың, қаңқалық миодистрафияға әкеледі.Бұлшықет клеткаларында митохондрия, бұлшықеттің талшықтарының фрагментация бұзылулары болады. Бұлшықеттерде әлсіздік, гипотонус байқалады. Сонымен бірге ОЖЖ (орталық жүйке жүйесі) бұзылуы көрініс табады. Е витаминінің жетіспеушілігінен жануарлар бедеу болуы мүмкін.

Жүкті әйелдер Е витаминін көптеп қабылдау керек. Ал жүктілік кезінде Е витамині жетіспесе, түсік болуы мүмкін.

Ер адамдарда Е витаминінің жетіспеуінен жыныс бездерінің қызметі төмендейді, бірақ бұған ғалымдар келіспей отыр.

Е витаминін қабылдау (альфа - токоферол) атеросклероз, гипертониялық ауруларда, периферикалық қан тамыр ауруларында оң дәреже беріп отыр. Бірақ көп мөлшерде, яғни ұзақ уақыт қабылдаудан кәрілікке тәе өзгерістер әкеледі. Педиатрияда мезгіліне жетпеген балаларды емдеуге қолданады.

Е витамині организмге жиналып, гипервитаминоз туғызуы мүмкін. Бұл қан ұюына кедергі болады және К витаминінің сіңірілуіне кедергі болады және көрудің төмендеуіне әкеледі, гипоглиемия және т.б.

Ересек адамдар күніне 10-30 мг токоферол (кей деректерде 50 мг-ға дейін) керек.

 


Дата добавления: 2015-11-25 | Просмотры: 991 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.005 сек.)