АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Пароксизмальды тахикардия 8 страница

Прочитайте:
  1. DRAGON AGE: THE CALLING 1 страница
  2. DRAGON AGE: THE CALLING 10 страница
  3. DRAGON AGE: THE CALLING 11 страница
  4. DRAGON AGE: THE CALLING 12 страница
  5. DRAGON AGE: THE CALLING 13 страница
  6. DRAGON AGE: THE CALLING 14 страница
  7. DRAGON AGE: THE CALLING 15 страница
  8. DRAGON AGE: THE CALLING 16 страница
  9. DRAGON AGE: THE CALLING 17 страница
  10. DRAGON AGE: THE CALLING 18 страница

а) цистоскопия

б) веналарды катетерлеу

в) жатыр қуысын қырып алу

г) өкпе артериясының гипертониясы

д) жүректің туа болған ақауы

32. Абрамов – Фидлердің идиопатиялық перикардитіне тән емес белгі:

а) қан айналысы жетіспеушілігінің ауыр түрі

б) қарыншаүстілік және қарыншалық аритмиялар

в) қолқа қақпағы үстінде вегетацияның болуы

г) үлкен қан айналысы шеңберіндегі тромбоздар мен эмболиялар

д) кардиомегалия

33. Констрикциялы перикардиттің ең жиі себебі:

а) мерез

б) ревматизм

в) туберкулез

г) кеуде торының жарақаты

д) дәнекер тінінің жайылмалы аурулары

34. Экссудатты перикардитке тән ЭКГ-қ белгі:

а) өткізгіштіктің бұзылуы

б) ST аралығының көтерілуі

в) ST аралығының төмендеуі

г) R тісшесі вольтажының аласаруы

д) биік Т тісшелері

35. Құрғақ перикардиттің ерте ЭКГ-қ белгісі:

а) ST сегментінің депрессиясы

б) теріс мәнді Т тісшесі

в) ST сегментінің көптеген тіркемелерде жоғары көтерілуі

г) биік үшкір Т тісшесі

д) QRS комплексі вольтажының төмендеуі

36. Экссудатты перикардиттің диагнозын қоюдың ең сенімді әдісі:

а) аускультация

б) перкуссия

в) ЭКГ

г) ЭхоКГ

д) кеуде торы мүшелерінің рентгеноскопиясы

37. Келтірілген белгілердің қайсысы жүрек тампонадасының белгісіне жатпайды?

а) мойын веналарының ісінуі

б) парадоксальды пульс

в) асцит, гепатомегалия, ісіну

г) өкпедегі қан іркілу белгілері

д) диспепсиялық белгілер

38. Перикардты тесу (пункция) көрсетпелеріне жатпайды:

а) жүрек тампонадасының үдеме белгілері

б) іріңді перикардит жөнінде күдік туды

в) емнің нәтижесі болмау

г) аурудың аллергиялық сипаты

д) аурудың пайда болу тегін дәлдеу

39. Констрикциялы перикардитте гемодинамика бұзылысының негізгі механизмі:

а) диастолалық жүрек жетіспеушілігі

б) систолалық жүрек әлсіздігі

в) жүрекшелерге оралған қан көлемінің азаюы

г) өкпе артериясының гипертензиясы

д) айналымдағы қан көлемінің азаюы

40. Констрикциялы перикардитті емдеудің ең тиімді әдісі:

а) антибиотиктермен емдеу

б) жүрек гликозидтері

в) глюкокортикоидтар

г) хирургиялық ем

д) диуретиктер

41. Кардиомиопатиялардың диагнозын қоюдың ең сенімді әдісі:

а) ЭКГ

б) ВЭМ

в) ЭхоКГ

г) кеуде торы мүшелерінің рентгенографиясы

д) қан ферменттерін анықтау

42. Біреуінен басқасының бәрі ДКМП клиникалық көрінісіне жатады:

а) қан айналысы жетіспеушілігінің белгілері

б) жүректің ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылуы

в) тромбоэмболиялық синдром

г) АҚҚ көтерілуі

д) кардиомегалия

43. ДКМП-ға тән эхокардиографиялық белгі:

а) жүрек қуыстарының кеңуі және жайылмалы гипокинезия

б) қарыншааралық перде гипертрофиясы

в) сол жақ қарыншаның артқы қабырғасының гипертрофиясы

г) митральдық қақпақтың жармаларының бір бағытта қозғалысы

д) жүрек ұшының гипертрофиясы

44. Бір белгіден басқасының бәрі обструкциялы гипертрофиялық кардиомиопатияның белгілеріне жатады:

а) сол жақ қарынша – қолқа арасында қан қысымының айырмашылығы болу

б) сол жақ қарыншадан басталатын ағын жолының тарылуы

в) миокардтың жиырылғыштығының төмендеуі

г) сол жақ қарынша қуысының тарылуы

д) айдалма қан фракциясының азаюы

45. Қандай ауруда нитраттар гемодинамикаға жағымсыз әсер етеді және қауіпті болуы мүмкін?

а) гипертония ауруы

б) дилатациялық кардиомиопатия

в) гипертрофиялық обструкциялы кардиомиопатия

г) қолқа қақпақтарының кемістігі

д) қолқа склерозы

46. ГКМП-да ең жиі кездесетін асқыну:

а) ӨАТЭ

б) қарыншалар ырғағының бұзылуы

в) жедел сол қарыншалық жүрек әлсіздігі

г) ми қан айналысының жедел бұзылуы

д) ми қан айналысының өзгермелі (динамикалық) бұзылуы

47. Келтірілген өзгерістердің біреуінен басқасы Фалло тетрадасында кездеседі:

а) қолқаның декстрапозициясы

б) өкпе артериясы сағасының тарылуы

в) қарыншааралық перде кемістігі

г) жүрекшеаралық перде кемістігі

д) сол қарыншадан шығар жолдың тарылуы

48. Митральдық стеноздың патогномониялық белгісі:

а) жүрек ұшындағы пресистолалық шу

б) төстің сол жақ шетінің ІІІ қабырғааралығындағы систолалық шу

в) ІІ тонның жүрек ұшы тұсында әлсіреуі

г) митральдық қақпақтың ашылу тоны

д) І тонның жүрек ұшы тұсында екіге бөлінуі

49. Біреуінен басқасының бәрі айқын қолқа стенозына тән белгілер:

а) сол жақ қарыншаның гипертрофиясы мен дилатациясы

б) күш түскенде болатын ангинозды ауырғандық

в) күш түскенде болатын талма

г) пульстік қысымның өсуі

д) мойынға тарайтын систолалық шу

50. НЦД үшін біреуі ғана тән емес:

а) қан қысымының тербелісі

б) тахикардия және аяқ-қолдың мұздауы

в) оң мәнді гипервентиляциялық сынама

г) Гис будасының оң жақ сабағының блокадасы

д) систолалық шу

51. Қандай ЭКГ-қ белгілер жыбыр аритмиясына тән:

а) QRS комплексінің 0,12 артық кеңуі

б) І және ІІІ тіркемелерде ST аралығының дискорданттығы (әр бағытта болуы)

в) PQ интервалының ұзаруы

г) түрі мен амплитудасы бірдей емес, жүйесіз f толқындарының болуы

д) биік үшкір ұшты Т тісшесі

52. Қарыншалар фибрилляциясына тән:

а) қарыншалар комплексінің ырғақсыздығы

б) биік F толқындары

в) қарыншалық комплекстердің жүйесіздігі, ауыр деформациясы, хаос типтес болуы

г) Р тісшесінің болмауы

д) терең QS тісшесінің болуы

53. Морганьи – Адамс – Стокс синдромының себебі болатын жүрек ырғағының бұзылуы:

а) жүрекшелер жыбыры

б) жүрекшелер дірілі

в) қарыншаларүстілік тахикардия

г) толық атриовентрикулярлық блокада

д) Гис будасы сабақтарының блокадасы

54. WPW синдромының ең тиімді емі:

а) бір апта бойы лидокаиннің 100 мг күнде венаға жіберу

б) кордаронды өмір бойы қабылдау

в) қосымша өткізгіш жолдарын электр жолымен талқандау

г) кардиостимулятор қою

д) лидокаин егу

55. Қарыншалық пароксизмальдық тахикардияда қолдануға болмайтын препарат:

а) строфантин

б) лидокаин

в) новокаинамид

г) этацизин

д) кордарон

56. Келтірілген дәрілердің ішінде жүрек әлсіздігінде өмірді көбірек ұлғайтатыны:

а) жүрек гликозидтері

б) кальций антагонистері

в) диуретиктер

г) ААФ ингибиторлары

д) антиаритмиялық дәрілердің ІІІ класы

57. Созылмалы жүрек әлсіздігінде жүрек гликозидтерін тағайындаудың көрсетпелері:

а) жыбыр аритмиясының тахисистолиялық түрі

б) инфарктіден кейінгі кардиосклероз

в) миокардиттік кардиосклероз

г) жыбыр аритмиясының нормосистолиялық түрі

58. Өкпе шеменінде (ісінуінде) ең тиімді диуретик:

а) гипотиазид

б) фуросемид

в) триамтерен

г) верошпирон

д) амилорид

59. Сол жақ қарыншаның ең үлкен гипертрофиясы байқалады:

а) қолқа қақпақтарының кемістігі

б) қолқа сағасының стенозы

в) митральдық қақпақ кемістігі

г) митральдық стеноз

д) трикуспидальды қақпақ кемістігі

60. WPW синдромында жүрекшелік тахиаритмия ұстамасының туындауына түрткі болатын препараттар:

а) дигоксин

б) амиодарон

в) верапамил

г) пропроналол

д) этмозин

61. Қант диабеті мен гипертония ауруы қоса кездескенде сақтықпен тағайындау керек гипотензивтік дәрілер:

а) верапамил

б) пропранолол

в) дилтиазем

г) гипотиазид

д) эналаприл

62. Пульстік қысымның көтерілуі жүректің қандай ақауына тән:

а) қолқа сағасының стенозы

б) бірлескен митральдық ақау

в) қолқа қақпақтарының кемістігі

г) үшжармалы қақпақтың кемістігі

д) қарыншааралық перде кемістігі

63. Практикалық тұрғыдан өзін саумын деп есептейтін 47 жастағы еркек эпигастрий аймағында кенеттен жаншып ауыру болатынын, жүрек айнуға шағым айтады, бір рет құсу болған. Басы айналады, әлсіздік байқалады. Алдымен қандай тексеру жасау керек:

а) қанның клиникалық анализі

б) фиброгастроскопия

в) асқазан рентгеноскопиясы

г) ЭКГ

д) іш қуысын ультрадыбысты зерттеу

64. Жүрек ырғағының бұзылуы мен жүрек әлсіздігі жоқ жүректің ревматизмдік асқынуымен ауыратын науқаста тісін алдырғаннан кейін бір ай өткенде жалпы күйі нашарлап, жүдеп, тұрақты субфебрилитет пайда болған. Қанның жалпы анализі: ЭТЖ 40 мм/сағ. дейін көтеріледі, несептің жалпы анализінде – шамалы протеинурия, микрогематурия. Аспирин және ибупрофенмен емдеу нәтиже бермеген.

Мүмкін диагноз:

а) ревматизмдік қызба

б) созылмалы пиелонефрит

в) инфекциялық миокардит

г) инфекциялық эндокардит

д) туберкулез

65. Бұл жағдайда қандай тексеру әдісі ең мәліметті деп есептеледі?

а) кеуде торы мүшелерінің рентгенографиясы

б) ЭКГ

в) ЭхоКГ

г) ангиография

д) компьютерлік томография

66. ЖИА ауыратын адамда – инфарктіден кейінгі кардиосклероз. Синус түйінінің әлсіздігі синдромы анықталған, соңғы 2 апта бойында күн сайын жыбыр аритмиясының тахиаритмиялық ұстамасы, кейде брадикардия эпизодтары байқалады, оған қоса бас айналуы болады.

Сіздің тактикаңыз?

а) хинидин тағайындау

б) новокаинамид тағайындау

в) тұрақты ырғақ жетекшісін орналастыру (имплантация)

г) дигоксин тағайындау

д) уақытша кардиостимуляция жасау

67. 50 жастағы ер адам клиникаға миокардтың жайылмалы алдыңғы инфарктісі диагнозымен келіп түсті. Қарқынды ем палатасында екі күн ем алғаннан кейін ауа жетпейтініне және құрғақ жөтелге шағым айта бастады. Тыңдағанда жүрек ұшы тұсы мен Боткин нүктесінде, бұрын болмаған систолалық шу естіле бастады. Қандай болжам диагноз:

а) ӨАТЭ

б) крупозды пневмония

в) инфарктіден кейінгі перикардит

г) емізік етінің үзілуі

д) Дресслер синдромы

68. Миокардтың жедел инфарктісі мен жедел перикардиттегі ауырсыну синдромының ортақ сипаттары болады. Келтірілген белгілердің қайсысы екшеу-іріктеу диагнозында бұл күйлерді бір-бірінен ажыратуға көмектеседі?

а) ауырғандықтың төс артында орналасуы

б) ауырғандықтың сол жақ иыққа тарауы

в) тынысты терең алғанда ауырғандықтың күшейе түсуі

г) нитроглицериннің әсер етпеуі

69. Инфекциялық эндокардитте болатын өлімнің ең жиі себебі:

а) миокард абсцессі

б) бүйрек жетіспеушілігі

в) ми артерияларының тромбоэмболиясы

г) интоксикация

д) қан іркілмелі қан айналысы жетіспеушілігі

70. 67 жастағы ер адам клиникаға миокардтың жедел артқы инфарктісі диагнозымен келіп түсті. Мониторлық тексергенде PQ аралығының бір циклден бір циклге үдемелі ұзарып, одан кейін QRS комплексінің түсіп қалуы анықталды. ЖЖС 40/мин.

Қандай асқыну бой көрсетті?

а) АВ-блокаданың І дәрежесі

б) АВ-блокаданың ІІ дәрежесі, Мобитц І типі

в) АВ-блокаданың ІІ дәрежесі, Мобитц ІІ

г) АВ-блокаданың ІІІ дәрежесі

д) СА-блокада

71. Ұсынылған ем:

а) уақытша кардиостимуляция

б) тұрақты кардиостимуляция

в) изопропилнорадреналин

г) нуклеин қышқылдары синтезінің кофакторы

д) индерал

72. Созылмалы өкпе-текті жүректің ЭКГ белгілеріне жатады:

а) ЭКГ төменгі вольтажы

б) ЭКГ S-типі

в) ауысу зонасының солға ығысуы

г) инфарктіге ұқсас ЭКГ

д) бәрі дұрыс

73. Қолқа коарктациясының ең нағыз физикалық белгісіне жатады:

а) жүрек ұшының тұсындағы систолалық шу

б) аяқтағы АҚҚ қолмен салыстырғанда с.б. 10-20 мм жоғары

в) аяқтағы АҚҚ қолмен салыстырғанда с.б. 10-20 мм төмен

г) қолқа үстінде систолалық шу

д) оң жақ бұғана астында систолалық шу

74. 48 жастағы әйел дене салмағының өскеніне, бас ауыруына, бел аймағының ауыратынына, бетте түк өскеніне шағым айтады. Бет ұшында қызғылт-қоңыр шырай, іші өскен, қолдары мен аяқтары жіңішкерген. АҚҚ с.б. 190/100 мм. Рентгенограммада: омыртқа жотасы мен жамбас сүйектерінің остеопорозы. Қан мен несепте гидрокартизон деңгейі орташа дәрежеде өскен. Қандай ауру туралы ойлау керек:

а) семіздік

б) гломерулонефрит СБЖ

в) бірінші ретті альдостеронизм

г) Иценко – Кушинг синдромы

д) гипертония ауруы

75. Бұл ауруда қандай ем тиімді болады?

а) гидрокортизон

б) гипотензивтік препараттар

в) бүйрек безі қыртысының ісігін алып тастау

г) анорексиялық дәрілер

д) спиронолактон

76. Төмендегі көрсетілген мәліметтердің біреуінен басқасынан бәрі осы ауруда кездеседі:

а) жыныс функциясының бұзылуы

б) іш қабырғасы мен санда стриялар болуы

в) бет әлпетінің шүңіреюі

г) жыныс мүшелерінің гипоплазиясы

д) шаштың түсуі (қасқабастық)

77. 55 жастағы әйелді жедел медициналық көмек бригадасы клиникаға алып келді. Науқас адамның шағымдары – төс артының ауыруы, нитроглицерин көмектеспейді. Науқастың жалпы күйі орташа ауыртпалықта, терісі қуқыл тартқан. Жүрек тондары әлсіреген, аритмия. Пульс 96/мин., АҚҚ с.б. 110/70 мм. Қарау кезінде ауру кенет есінен танды, қырыл пайда болды, тоникалық құрысулар, тыныс алудың тоқтауы анықталды. Пульс анықталмайды. ЭКГ толқын тәрізді қисық. Сіздің диагнозыңыз:

а) миокард инфарктісі, кардиогендік шок

б) миокард инфарктісі, қарыншалар фибрилляциясы

в) миокард инфарктісі, жүрекшелер жыбыры

г) миокард инфарктісі, жүрек тампонадасы

д) қолқаның шарбылау аневризмасы

78. Ұсынылатын ем:

а) норадреналин егу

б) адреналин мен хлорлы калийді жүрек ішіне жіберу

в) дефибрилляция

г) эндокардиальды электростимуляция

д) жүректің тура емес массажы

79. Атриовентрикулярлық блокаданың ІІ дәрежесі І типінің (Мобитц бойынша) сипаттамасы (Венкебах – Самойлов кезеңдері болатын):

а) PQ аралығының ұзаруы (0,20 с жоғары)

б) келесі циклдарда PQ аралығының біртіндеп ұзарып, мезгіл-мезгіл Р тісшесі мен QRST комплексінің жойылып кетуі

в) PQ қалыпты күйде мезгіл-мезгіл Р тісшесінің жойылып кетуі

г) келесі циклдарда PQ аралығының біртіндеп ұзарып, мезгіл-мезгіл QRST комплексінің жойылуы және үзіліс кезінде Р тісшесінің сақталуы

80. Эхокардиография көмегімен диагнозын қоюға болатын ауру:

а) жүрек ақаулары және митральдық қақпақ пролапсы

б) дилатациялық және гипертрофиялық кардиомиопатия

в) экссудатты (сулы) перикардит

г) миокардтың ірі ошақты инфарктісі

д) келтірілген аурулардың бәрі

81. Орта деңгейде тұрақты артериялық гипертензиясы бар (с.б. 180/100-175/105 мм) 46 жастағы ер адам аяқтарындағы әлсіздікке, жүрек соғуына және түнде болатын несептің көбейгеніне шағым айтады. ЭКГ-да сол жақ қарынша гипертрофиясы, жыбыр аритмиясының тахисистолиялық түрі, ST аралығының горизонтальды төмендеуі, Т және U тісшелерінің инверсиясы, қандағы калийдың деңгейі 3,2 ммоль/л. Невро-логиялық тексергенде өзгеріс жоқ. Аурудың диагнозы:

а) созылмалы гломерулонефрит

б) Иценко – Кушинг синдромы

в) созылмалы пиелонефрит

г) Конн синдромы

д) гипертония ауруы және атеросклероздық кардиосклероз

82. Бұл ауру үшін электролиттердің қандай өзгерістері болуы мүмкін?

а) гипонатриемия

б) гипокалиемия

в) гиперкалиемия

г) гипермагниемия

д) гиперкальциемия

83. Дене бітімі мен етженділігі қалыпты күйдегі 28 жастағы әйелде өмірінде бірінші рет ЖЖС 130/мин. жететін жыбыр аритмиясы анықталған. Қарағанда: терісі қуқыл тартқан, бет ұшында қызыл шырай бар, тыныс жиілігі 24/мин., І тон күшейген, жүректің басқа аускультациялық өзгерістері жөнінде тахикардияға байланысты пікір айту қиын. Тыныс қатқыл, сырыл жоқ, іш қуысында - өзгеріс жоқ. ЭКГ-да – оң жақ қарынша гипертрофиясы, жыбыр аритмиясы. Соңғы уақытқа дейінгі дәрігерлерге көрінбеген, ауылды жердің тұрғыны. Мүмкін диагноз:

а) миокардит

б) тиреотоксикоз

в) митральдық стеноз

г) атеросклероздық кардиосклероз

д) миокардиодистрофия

84. Дилатациялық кардиомиопатияның басты синдромы:

а) талма күй

б) қан іркілмелі жүрек әлсіздігі

в) үлкен және кіші қан айналысы шеңберіндегі эмболия

г) ЖИА

д) бәрі дұрыс

85. Шұғыл электроимпульстік терапияның абсолюттік көрсетпесі болатын жүрек ырғағының бұзылуы:

а) қарыншалардың фибрилляциясы мен дірілі

б) қарыншалар экстрасистолиясы

в) қарыншаүстілік тахикардия

г) жүрекшелер жыбыры мен өкпе шемені

д) жүрекшелер дірілі 1:1

86. Tardus et parvus пульсі тән жүрек ақауы:

а) үшжармалы қақпақ кемістігі

б) митральдық қақпақ кемістігі

в) қолқа қақпақтарының кемістігі

г) қолқа сағасының тарылуы

д) митральдық стеноз

87. 10 жыл бойы гипертония ауруымен ауыратын 62 жастағы ер адамның электрокардиограммасында Гис будасы сол жақ сабағының толық блокадасы анықталған. Қандай патология туралы ой тууы керек?

а) ӨАТЭ

б) инфарктан кейінгі кардиосклероз

в) созылмалы өкпе-текті жүрек

г) жүрекшеаралық перде кемістігі

д) митральдық стеноз

88. 43 жастағы науқас адам ұстамалы түрде басының ауыратынына, оған қоса малшып терлейтініне және осы кезде оны өлім үрейі билейтініне шағым айтады. Ұстама кезінде АҚҚ с.б. 220/105 мм тең. Қанда: лейкоциттер – 10х109/л, глюкоза – 12 ммоль/л, несепте – қант 2%, ұстама кезінде несепте норадреналин көбейген. Сіздің диагнозыңыз:

а) гипертония ауруы, гипертониялық криз

б) гипофиз аденомасы

в) феохромацитома

г) қант диабеті, Киммельстил-Вильсон синдромы

д) жайылмалы кеселді жемсау. Гипертиреоз

89. 48 жастағы ер адам клиникаға миокардтың артқы инфарктісі деген диагнозбен келіп түсті. Бақылаудың үшінші тәулігінде кенеттен ентігу күшейе бастады, оң жақ қабырға астының ауыруы мен керілуі сезім пайда болды, аяқтарда ісік көрініс берді. Жалпы күйі ауыр, терісі қуқыл тартқан, акроцианоз, өкпеде сырыл жоқ. Тыныс жиілігі 24/мин. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, төс маңы сызық бойында пансистолалық шу естіледі, систолалық діріл анықталады. ЖЖС 96/мин. АҚҚ с.б. 100/60 мм. Бауыр 6 см өскен. Болжам диагноз:

а) жүректің ревматизмдік ақауы

б) митральдық қақпақ пролапсы

в) қарыншааралық перденің жыртылуы

г) өкпе шемені

д) ӨАТЭ

90. 56 жастағы науқасты эпигастрий аймағының ауыратыны мазалайды. Пайда болғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң алқым сығылып, ауа жетпеу, сол қолдың ұюы, жауырын аралығының ауыруы, салқын, жабысқақ тер пайда болды. Анамнезде – асқазанның жара ауруы. Тексерген кезде: іш қуысы кебінген, төсекте орын ауыстырғаннан ауырғандық өзгермейді. Науқастың ойы басқаға ауысқанда іш қабырғасының қатаюы жойылып кетеді де кейін қайта пайда болады. Төмендегі аурулардың қайсысының клиникалық бастамасына (манифестация) сәйкес келеді?

а) жара ауруы, он екі елі ішек жарасының тесілуі

б) іш қолқасы аневризмасының тесілуі

в) жедел ішектің түйілуі

г) өт тасы ауруы, өт коликасы (шаншуы)

д) миокардтың жедел инфарктісі

91. Ревматизмнің екінші ретті маусымдық профилактикасы үшін қолданылатын препарат:

а) ампициллин

б) дигоксин

в) делагил

г) бициллин

д) гентамицин

Мына схеманы қолданып, дұрыс жауабын беріңіз:

А – 1, 2, 3 дұрыс болса

Б – 1, 3 дұрыс болса

В – 2, 4 дұрыс болса

Г – 4 дұрыс болса

Д - бәрі дұрыс болса

92. Жедел солқарыншалық жүрек әлсіздігімен асқынған гипертониялық криздің таңдамалы емі:

1. нитроглицерин

2. дроперидол

3. лазикс

4. верапамил

93. Гипертония ауруының ІІІ сатысының асқынулары:

1. милық инсульт

2. миокард инфарктісі

3. солқарыншалық жүрек әлсіздігі

4. бүйрек артерияларының тромбозы

94. Қант диабетімен ауыратын науқастарда кездесетін АГ емдегенде нефропротективті әсер көрсетеді:

1. кальций каналдарының антагонистері

2. диуретиктер

3. b-адреноблокаторлар

4. ААФ ингибиторлары

95. Келтірілген дәрілердің қайсысы кіші қан айналым шеңберіндегі гипертензияны азайтады:

1. гепарин

2. эуфиллин

3. преднизолон

4. нитроглицерин

96. Стенокардияға тән:

1. денеге күш түсумен немесе психоэмоциональдық күйзелістерге байланысты төс артының қысып ауыруы

2. ауырғандық түскен күшті тоқтатқаннан кейін немесе нитроглицерин қабылдағаннан кейін тиылады

3. ауырғандықтың ЭКГ-ң қарыншалық комплексінің соңғы бөлігіндегі өзгерістермен байланысты болады

4. БҚҚП жақсы әсер етуі

97. Тұрақсыз стенокардияның даму механизмі:

1. коронарлық артериялардың тромбозы

2. коронарлық артериялардың спазмы

3. коронарит

4. коронарлық артериялардың ауыр бітелуі

98. Миокард ишемиясының диагнозын қою үшін жүргізу керек тексерулер:

1. ЭКГ-ны холтерлік мониторлау

2. велоэргометрия немесе тредмил-тест

3. коронароангиография

4. кеуде қуысы мүшелерінің компьютерлік томографиясы

99. Үшжармалы қақпақтың инфекциялық эндокардиті ең жиі дамиды:

1. созылмалы гемодиализдегі науқастарда

2. ауыз қуысына жасалған операциядан кейін

3. эндоскопиялық зерттеулерден кейін

4. вена ішіне жіберетін наркотиктерді қолданатын нашахорларда

100. Инфекциялық эндокардитті емдеудегі ең дұрыс принциптер:

1. антибиотиктерді мүмкіндігі алғанша ерте және үлкен дозада қолдану

2. преднизолон ішкі органдар ауыр иммунологиялық зақымданғанда тағайындалады

3. жүрек әлсіздігі бар жағдайда жүрек қақпағын протездеуді аурудың активтілік белгілерін жойғаннан кейін іске асыру керек

4. антибиотиктерді 4-5 күн сайын алмастырып тұру керек

101. ДКМП емдеуге қолданылады:


Дата добавления: 2015-11-26 | Просмотры: 747 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.042 сек.)