АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Максималды балл - 20

Стандартталған әртіске (науқас) арналған сценарий мәтіні және оның рөлінің сипаттамасы

Шағымы: омыртқадағы, буындардағы, шайнау бұлшық еттеріндегі "бұрғылайтын", тартып ауыру сезімі, жүрек айну және көп реттік құсу, эпигастрий аймағындағы ауыру сезімі, тремор, жүрек қағуы және ентігу, сілекей ағу, жылауықтық, 2 тәуліктен бері тұмау, ұйқысыздық, көп мөлшерде терлеу кезінде қозған жағдайда жиі ояну, себепсіз зерігу, сенімсіздік, көңіл-күйдің жиі ауысуы (агрессияға дейінгі ашуланшақтық, мазасыздық, тітіркенгіш).

 

Стандартталған әртіске (науқас) арналған сценарий тексті және оның рөлінің сипаттамасы

 

Сұрақ мәні Жауап
Қандай шағымдарыңыз бар? Мені әлсіздік мазалайды, себебі мен 2 күн ұйықтамадым. Қатты үрей және мазасыздық пайда болды. Ұйықтай алмаймын. Маған күшті ұйықтатқыш дәрі керек. Аяқ-қолым бұрайды, «барлығы қақсайды», ішім ауырады. Терең демала алмаймын, ауа жетпейді, жүрегім қатты соғады. "Үрей", іште ауру сезімімен, барлық денем, қолым дірілдейді.
Осы шағымдар қашаннан бері мазалайды? Бірнеше күн болды өзімді нашар сезінем, бүгін жағдайым нашарлап кетті, ішім ауыра бастады.
Жағдайыңыздың нашарлауын немен байланыстырасыз? Ештеңемен байланыстырмаймын. Мүмкін суық тигізіп алдым, бірақ үнемі үйде отырдым. Содан кейін үрейлене бастадым және ұйқым жоғалып кетті.
Қандай да бір дәрілер қабылдадыңыз ба? Парацетомол, аспирин қабылдадым. Нәтижесіз.
Есірткі қолданасыз ба? Бірнеше ай героин қабылдадым, қоям деп шештім.

 

Анамнезінде:

Өзін бірнеше күн көлемінде жоғарыдағы шағымдар пайда болғаннан бастап ауру сезінеді (омыртқадағы, буындардағы, шайнау бұлшық еттеріндегі "бұрғылайтын", тартып ауыру сезімі, жүрек айну және көп реттік құсу, эпигастрий аймағындағы ауыру сезімі, тремор, жүрек қағуы және ентігу, сілекей ағу, жылауықтық, 2 тәуліктен бері тұмау, ұйқысыздық, көп мөлшерде терлеу кезінде қозған жағдайда жиі ояну, себепсіз зерігу, сенімсіздік, көңіл-күйдің жиі ауысуы (агрессияға дейінгі ашуланшақтық, мазасыздық, тітіркенгіш). Ауру үрей және ұйқысыздықтан басталды, содан кейін іштегі ауру сезімі қосылды. Парацетамол және аспирин қабылдады, нәтижесіз. Жағдайының нашарлауына байланысты жедел жәрдем шақырды және терапиялық бейімдегі қабылдау бөліміне жеткізілді.

 

Соматикалық статус: Жалпы жағдайы интоксикация есебінен орташа ауырлықта. Тері жамылғылары бозарған, денесінде аздаған бөртпелер. Шынтақ бүгілісінде инъекция іздері. Дене температурасы 37 о С. ТЖ 14 рет минутына. Жүрек тондары анық, ритмді. АД - 110/70 мм.рт.ст., ЖСЖ - 82 рет минутына. Іші жұмсақ, шамалы кебіңкі, пальпация кезінде ішек бойында сезімтал. Бауыр қабырға доғасынан 1 см шығып тұр, ауру сезімсіз. Зәр шығаруы қалыпты. Үлкен дәреті сұйық.

Неврологиялық статус: қарашықтар кеңейген, жарыққа әсері айқын емес, саусақтар треморы. Ромберг қалпында тұрақсыз. Саусақ-мұрын сынамасын интенциямен орындайды.

 

Психикалық статус: Науқас келбеті ұқыпсыз. Қозған, бір қалыпта отыра алмайды. Тізесін, маңдайын сүрте береді, біресе маңдайын сүртіп, біресе сіңбіріп отырған сүрткішін саусақтарына орайды. Барлық қозғалыстары жылдам, саусақтарын біресе ашып, біресе жұмады. Жақ сүйегін «тіс арасынан» өткендей дыбыстар шығара отырып, күрт қысады, бетінде аурудан қисаюлар пайда болады. Қозған және талап етіп сөйлейді. озіне жедел көмек, «ұйықтататын және ауырғанды басатын керек» екенін қайталай береді. «Бәрі қақсайды.., іштен бұрайды», «мүмкін бүйректер қабынды немесе тағы басқа», «маған ауыр, жедел көмектесіңдер» дегенді қайталай береді. «Қорқынышты, үрейлі, өліп қалуым мүмкін, жаман бірдеңе болуы мүмкін, мүмкін апат» деп айтады. Нашар ұйықтайтынын қайталай береді және тезірек «ұйықтатқыш» дәрілер тағайындауды талап етеді. Тез тітіркенгіш, к/і дәрілер берут керектігін, оның тиімді екенін айтады. Еңкейіп, ішін ұстап мәжбүрлі қалыпта отырады. Анда-санда орнынан атып тұрып, көмек сұрайды. Аз уақыт ішінде коррекцияға көнеді.

 

Клиникалық жағдай бойынша жауаптар эталоны

«Героинді абстинентті синдром»

 

Қадамдарды бағалау критерийі
1. Шағымдарын жинау Дәйекті және жүйелі түрде жүргізілді Негізгі және қосымша сұрақтар арқылы барлық шағымдар анықталды.
2. Анамнезжинау Анамнезді нақтылау үшін барлық сұрақтар қойылды
  3. Наркологиялық анамнез жинау Героин қабылдайтынын анықтау үшін барлық сұрақтар қойылды
  4. Науқастың соматикалықжағдайын зерттеу Тері жамылғылары. Жүрек, өкпе аускультациясы жүргізілді. АҚ өлшенді. Іш, бауыр пальпациясы.
  5. Мүмкін болатын препарат енгізу орындарын зерттеу   Шынтақ бүгілісіндегі, шап аймағындағы және саусақтардың сыртқы бетіндегі көктамырларды мұқият қарап тексеру
6. Науқастың психикалық статусын зерттеу Науқастың сырт келбетін, қозуын, үрейлі ойларын, аса бағалы ойларын бағалау керек.  
  7. Болжама диагноз Абстинентті синдром. Критерийлер: 1. Героинге тәуелділік, дозаны қабылдау қажеттілігі 2. Айқын психопатологиялық синдром (аффективті, психопат тәрізді, диссомникалық) 3. айқын ауыру симптомокомплексі, 4. айқын вегетативті бұзылыс
8. Ажырату диагноз Басқа химиялық этиологиялы абстинентті синдромды жоққа шығару керек. Қосымша патологиялық жағдайды анықтау және бағалау қажет (бас-ми жарақаты, жедел пневмония, диабет және т.б.), соның ішінде инфицирлену қаупін тудыратын тері бүтіндігінің бұзылуы.
    9. Мүмкін болатын асқынулар Негізгі қауіптер және асқынулар: — жедел интоксикациялық психоз — гипотермия — тырысулық синдром Басқа асқынулар — қанайналымының кенет тоқтауы, жүрек-қантамырлық коллапс; — ауыру синдромы; — сепсис; — спонтанды пневмоторакс; — агрессивті және суицидальды әрекет.
    10. Қорытынды клиникалық диагнозды негіздеу Героинды абстинентті синдром   Героинді абстинентті синдром диацетилморфин (героин) және эндогенді олигопептидтердің қан плазмасындағы концентрациясының қалыптыдан төмендеуі нәтижесінде дамиды.   1. Басталуы героинды қабылдауды тоқтатқаннан кейін 2 күннен кейін 2. Аса бағалы ойлар, ұйқысыздықтан ем, дәрілер туралы әңгімелер, көктамырлық инъекция қажет ету. 3. Қозу, акатазия, бір орында отыра алмау.
    11. Емдеу тактикасын анықтау Емдеу тактикасы: 1. Седативті терапия (транквилизаторлар, антипсихотиктер) 2. Ауырсыздандырушы терапия (синтетикалық анальгетиктер, стероидты емес қабынуға қарсы анальгетиктер) 3. Антиконвульсанттар. 4. α2-адренорецепторлар агонистері. 5. Жалпы күшейтуші терапия. 6. Жеке психотерапия  
  12. Науқасты кейінгі емдеу және жүргізу тактикасының дұрыстығы 1. Физикалық және эмоционалды демалыс 2. Науқастың жүріс-тұрысын бақылау 3. Дезинтоксикациялық және витамино терапия 4. Рационалды тамақтану 5. Оптималды байланыс орнатумен психотерапия. (Науқас сеніммен қарайды. Дәрігердің барлық сұрақтарына жауап алынды)

 

Симуляцияның жабдықталуы:

1. Интернге арналған тапсырма

2. Стандартталған науқасқа арналған тапсырма

3. Емтихан алушыға арналған ақпарат (қадамдарды бағалау критерийі, жауап эталоны)

4. Әртіс-науқас.

 

Жағдай: оқу бөлмесі – қабылдау бөлімі-кабинет.

1. Жұмыс үстелі - 1,

2. Орындық - 2

3. Кушетка – 1.

4. Медициналық шкаф препараттармен (седативті, ауырсыздандырушы, витаминдер, антиконвульсанттар, ерітінділер, антипсихотиктер)..

 

Құрастырған: Психиатрия және наркология бойынша интернатура және резидентура кафедрасының ассистенті Бойко В. С.

 

 

Рецензенттер №1: «ППНРҒТО» РМКМ Директоры, м.ғ.д. Алтынбеков С.А.

 

Рецензенттер №2: Психиатрия, психотерапия және наркология кафедрасының профессор, м.ғ.д., Кудьярова Г.М.

 

 

Ішкі аурулар және ЖТД бойынша Оқу бағдарламалары Комитетінің отырысында бекітілді №5 29.01.15ж.

 

 


Дата добавления: 2015-11-26 | Просмотры: 347 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.007 сек.)