АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Созылмалы панкретит

Прочитайте:
  1. B18 Созылмалы вирусты гепатит
  2. Созылмалы бронхит
  3. Созылмалы бронхит
  4. Созылмалы вирусты В гепатит.
  5. Созылмалы гастрит
  6. Созылмалы гастрит
  7. Созылмалы гепатит
  8. Созылмалы гепатит
  9. Созылмалы гломерулонефрит
  10. Созылмалы жарасыз колит

 

Этиологиясы Ø Ішкілікке салыну Ø Барлық гипертензиялар Ø Дуоденобиллиарлық рефлюкс Ø Алиментарлық фактор Ø Вирустық инфекция Ø Дәрі-дәрмектердің әсері Ø Гиперлипидемиялар Ø Гиперпаратиреоз Ø Жедел панкреатиттің созылмалыға ауысуы
Патогенезі Алкоголь ұйқыбезінің секрециясын күрт күшейтеді және сөлінде белоктың мөлшерін арттырады. Бөлінетін сөл белокқа аса қаныққандықтан, құрамындағы белок ұсақ түтіктерде уыз тәрізді ұйып өтізгіштігін төмендетеді. Қысымның артуынан, түтікшелердің не ацинустардың базальды мембраналары жарылады, без паренхимасына өткн өткен ферменттер оны бейтараптайды. Қанға «тасып» түскен ферменттер әсерінен басқа жүйелер зақымданады. Бездің өз-өзін бейтараптауынан некроздар дамиды. Некроз ошағындағы май мен май қышқылдарының кальций тұздарын жинап алу қасиетіне байланысты кальцинозжар дамиды. Кальциноз нәтижесінде түтіктердің өткізгіштігі одан әрі қиындайды.
Асқынулары Ерте дамитын: v механикалық сарғаю v киста v псевдокиста v асқорыту жолынан қан кету v гепатаргия v іріңдікке айналу v портпльдік гипертензия v талақ венасының тромбозы v плеврит Кеш дамитын: v стеаторея v мальабсорбция мен мальдегистияның көріністері v дуоденальды стеноз v энцефалопатия v жергілікті инфекциялар v ұйқыбез ісігі v қантты диабет v кальциноз
Лабораториялық зерттеудің нәтижелері 1. Өршу кезінде лейкоцитоз, ЭТЖ-ның жағырылауы, жедел фазалық белоктардың көбеюі 2. Қан мен несепте ұйқыбез ферменттерінің көбеюі(өршудің алғашқы тәулігінде) 3. Он екі елі ішектің сөлінде-ұйқыбез ферменттерінің, гидрокарбонаттар мөлшерінің, сөл көлемінің өзгеруі 4. Копрограммада-стеаторея, креаторея және нәжісте трипсиннің не химотрипсиннің азаюы. Панкреатиттің басты белгісі-липазаның жетіспеушілігінен нәжіс құрамында нейтральдық майлардың көбеюі 5. Бездің эндокриндік жетіспеушілігінде гипергликемия және гликемиялық қисықтың қосөркештелуі анықталады
Диагностикасы Негізгі критерийлері: v Ұйқыбездік ферменттердің қан мен зәрде көбеюі v Он екі елі ішек сөлінде, стимуляциялық сынамадан кейін, ұйқыбездік ферменттер активтілігінің төмендеуі және бикарбонаттар мөлшерінің азаюы v Панкретитке тән ұйқыбез паренхимасының өзгерістері Қосымша критерийлері: v Іштің панкретит типті ауыруы v Май мен белок қорытылуының бұзылуы v Глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы
Емі I. Диетотерапия. Басты мақсаты-ұйқыбездің секрециясын төмен деңгейде ұстау. Өршудің ауыр түрінде 2-3күн науқасты аш ұстап, сілтілі минеральды суларды тәлігіне 6стаканнан аз-аздан ішкізу. Науқастың жағдайы жақсара бастағанда, диетаны кеңейтіп, №5 диетаға көшіреді. Тамақты аз-аздан күніне 4-6рет ішкізеді. Қолдануға тболмайтын тағамдар: еттің майы, күйдірілген өсімдік майы, сүт, өткір тағамдар, консервілер, қышқыл жемістер, газды сусындар, барлық алкогольды сусындар. II. Этиологиялық ем. v Биллиарлық жүйенің санациясы; v Панкреатиттің белгілері болса антибактериалық ем жүргізіледі: ампициллин 0,5г 4рет б/етке немесе ішкізу; эритромицин 0,25г 4рет, доксициклин 0,2г бірінші күні, кейін 0,1г күніне 1рет. III. Патогенетикалық ем Ұйқыбез секрециясын тежейтін дәрмектер: v Антацидтер (алмагель, фосфалюгель, викалин, Бурже қоспасы т.б.) –асқазан сөлін, өт қышқылдарын байланыстыру мақсатымен; v Н2-рецепторларының блокаторлары(квамател 20мг вена ішіне 2рет тамшылатып); пртондық помпаның ингибиторлпры (омецид); v Холинолитиктер(гастроцепин, хлорозил, атропин, платифиллин) Ұйқыбездің түтіктік жүйесіндегі қысымды төмендететін дәрмектер: v Холинолитиктер(гастроцепин, алғашқы күндері 10мг 2рет көктамырға не б/етке, кейін 20-50мг 2рет таблетка түрінде) v Миолитиктер-но-шпа, галидор, одестон, эуфиллин(24%ерітіндісі2мл күнінне 2-3рет б/етке енгізу) v Кальций антогонистері(верапамил) спазмды жояды және секрецияны тежейді (0,25% ерітіндісін 2мл күніне 2рет, 5-7күн) v Нитраттар-нитроглицерин қатты ауырсынуда 0,5мг тіл астына, нитросорбит 10-20мг тәулігіне 3-4рет 10-14күнге) Ұйқыбез ферменттерінің ингибиторлары. Панкреатиттің қатаң өршуінде –іштің қатты ауруы, гиперамилазеямия, гиперамилазурия болғанда қолданады. IV. Антиферменттік препараттар v Пантрепсин 12-20Б. тәулігіне 1-2рет; v Контрикал(трасилол, цалол) 10-20мың Б. тәулігіне 1-2рет; v Гордокс-100мың Б. тәулігіне 1-2рет. 5% глюкоза ерітіндісімен не физиологиялық ерітіндінің 300-500мл қосып, венаға (40-60мин. тамшылатып) енгізеді; v Аминокапрон қышқылының 5%ерітіндісі 100мл тәулігіне 1-2рет венаға тамшылатып не күніне 3рет ішкізеді. V. Симптомдық ем Ауырсынуды басатын препараттар v Спазмолитиктер (баралгин, трамал) v Нейролептиктер(фортрал) VI. Хирургиялық ем v Фатер емізігінң стенозы немесе обструкциясы, холедохолитиаз; v Без басының ұлғаюынан механикалық сарғаю; v Ұйқыбездің кисталары және псевдокисталары v Консервативтік емге берілмейтін ауыру синдромы.  

 


Дата добавления: 2015-11-26 | Просмотры: 464 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.003 сек.)