АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Пародонт аурулары 3 страница

жаралы гингивит//

созылмалы катаральды гингивиттің өршуі//

+гипертрофиялық гингивит, ісінген түрі//

гипертрофиялық гингивит, фиброзды түрі //

жайылмалы катаральды гингивит

***

Жайсыздыққа, әлсіздікке, дене температурасының жоғарылауына, қызыл иекте күрт ауырсынулардың болуына, олардың қанағыштығына, ауыз қуысының жағымсыз иісіне шағымданады. Объективті: қызарған, ісінген қызыл иек көрінісінде кір – сұр түсті қақ түрінде қызыл иек жиектерінің өліеттенген аймағы анықталады. Тістерде көп мөлшерлі жұмсақ қақ, тіс тастары бар. Сілекей қою, тұтқыр. Қан анамнезінде- лейкоцитоз, ЭТЖ жеделдеуі. R – граммада сүйек тінінің өзгерістері жоқ. Қандай диагноз қоюға болады://

жедел катаральды гингивит

созылмалы катаральды гингивит

созылмалы катаральды гингивиттің өршуі

+жаралы гингивит

созылмалы жайылмалы пародонтиттің өршуі, жеңіл дәрежелі

***

Науқас С, 31 жаста, 1 апта бұрын пайда болған тамақ ішкен кезде, тістерін тазалағанда қызыл иек қанағыштығына шағымданады. Жақында жедел вирусты респираторлы аурумен ауырған. Объективті: жоғарғы және төменгі жақ аймағынының қызыл иегінің қызаруы, ісінуі, қызыл иек бүртіктері ойықты жараланған, ауырады және қанайды, пародонтальды қалталары жоқ, тістердің патологиялық қозғалғыштығы жоқ. Жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған, ауырады. Төмендегілердің қайсысы диагностикалаудың келесі қадамы болады://

рентгенологиялық зерттеу//

эхоостеометрия//

полярография//

+жалпы қан анализі//

реопародонтография

***

Науқас А, 16 жаста, тістерін тазалағанда қызыл иек қанағыштығына,қызыл иектің өсуіне шағымданады. Шағымы 1 жыл бұрын пайда болған. Объективті: төменгі және жоғарғы жақ алдыңғы тістер аймағында қызыл иек бүртіктері қызарған, ісінген, өскен (тіс сауытын ½ бөлігіне жабады) тістен қабаттап алынады, зондтағанда қанайды; тереңдігі 4-5 мм жалған қалталар бар. Тістесу терең, көп мөлшерлі қызыл иек үстілік тіс шөгінділері. Төмендегілердің қайсысы диагностикалаудың келесі қадамы болады://

+рентгенологиялық зерттеу//

пародонтальды индексті анықтау //

эхоостеометрия//

реопародонтография//

полярография

***

Науқас 20 жаста, созылмалы жайылмалы катаральды гингивитпен ауырады. Тексергенде 31,32,33,41,42,43 тістердің тығыз орналасуы анықталды. Федоров – Володкина гигиена индексі – 2,9. Тістерде көп мөлшерлі жұмсақ қақ. Анамнезінде созылмалы гастроэнтероколит. Төмендегі емдердің қайсы жақсы нәтиже береді://

+патологияны емдеу, ортодонтиялық ем, гигиенаға үйрету//

жалпы ем, ортодонтиялық ем//

тіс шөгінділерін алу, тиімді протездеу//

жалпы ем, жергілікті қабынуға қарсы терапия //

ортодонтиялық ем, гигиенаға үйрету

***

Науқас 48 жаста,анамнезінде: қызыл иегі 3 жыл бойы қанайды. Соңғы жыл бойы кезеңмен үстіңгі жақтың шайнау тістер аймағы абсцестеледі. Абсцестелу кезінде жалпы әлсіздік, бас ауруы, дене температурасының жоғарылауы пайда болады. Тексергенде: қызыл иек кілегейі қызарған және ісінген, пародонтальды қалталар 7 мм, 16 және 26 тістер аймағында пародонтальды абсцесс. Төмендегілердің қайсысы диагностикалаудың келесі қадамы болады://

бактериоскопиялық зерттеу жүргізу (фузобактерияларды, спирохеттерді анықтау), жалпы қан анализі//

+рентгенологиялық зерттеу жүргізу//

микробиологиялық зерттеу жүргізу//

РМА индексін анықтау//

ГИ индексін анықтау

***

56 жастағы науқас тістер арасындағы саңылаудың болуына, кейде қызыл иектің қанағыштығына, тістердің қозғалғыштығына, ыңғайсыздық сезімге шағымданады. Объективті: көп көлемді тіс шөгінділері анықталады, зондтағанда қызыл иек оңай қанайды, қызыл иек жиектері және бүртіктерінің тегіс емес атрофиясы, тіс түбірі ұзындығының 1/3 бөлігіне дейін жалаңаштануы, 31,16 тістердің 1-2 дәрежелі қозғалғыштығы анықталады. Қандай диагноз қоюға болады://

созылмалы жайылмалы пародонтит, ауыр дәрежесі //

жеңіл дәрежелі созылмалы жайылмалы пародонтиттің өршуі//

созылмалы жайылмалы пародонтиттің жеңіл дәрежесі//

гипертрофиялық гингивит, ісінген түрі //

+орташа дәрежелі созылмалы жайылмалы пародонтит

***

Науқас А, 55 жаста, жоғарғы жақ алдыңғы бөлігіндегі тістердің арасының ашылуына шағымданады. Эстетикалық ақау. Өзін сау деп санайды. Объективті: жоғарғы және төменгі жақ қызыл иек кілегейі ақщыл – қызыл түсті, тығыз, атрофияланған. Пародонтальды қалталары жоқ. Тістері берік, 11,21 тістер аймағында 5мм-лі диастема, 11,12,21,22 тістердің желдеткіш тәрізді иілуі бар. Тістесуі терең. Төмендегілердің қайсысы диагностикалаудың келесі қадамы болады://

формалинді сынама жүргізу //

гигиеналық индекстерді анықтау//

шиллер-Писарев сынамасын жүргізу//

+рентгенография//

пародонтальды индексті анықтау

***

Науқас 19 жаста, 2-3 күн бұрын пайда болған қызыл иек ауырсынуына және қанағыштығына, жалпы жайсыздыққа шағымданады. Тексергенде: қызыл иек қызарған ісінген кір – сұр түсті қақпен жабылған, ауыз қуысынан шіріген иіс шығады. Төмендегілердің қайсысы диагностикалаудың келесі қадамы болады://

+бактериоскопиялық зерттеу жүргізу //

ГИ индексін анықтау//

РИ индексін анықтау //

РМА индексін анықтау//

рентген зерттеу

***

Науқас 22 жаста, тіс тазалағанда қызыл иек қанағыштығына шағымданады. Тексергенде қызыл иек жиегі цианозы, тіс шөгінділері, ГИ – 4 ұпай. Тістер сау, тістесу ортогнатиялық. Төмендегілердің қайсысы диагностикалаудың келесі қадамы болады://

бактериоскопиялық зерттеу жүргізу //

микробиологиялық зерттеу жүргізу//

РИ индексін анықтау //

+РМА индексін анықтау, рентгенологиялық зерттеу//

рентгенологиялық зерттеу тиімді емес

***

Қызылиек өсуі клиникалық симптомы болып табылады://

+қызылиектің гипертрофиялана қабынуының//

қызылиектің жаралана қабынуы//

қызылиектің катаральді қабынуы//

пародонт қабынуының жайылмалы түрі (генерализованный)//

пародонтоз

***

Пародонттың идиопатиялық ауруына жатады://

+Папийон-Лефевр синдромы//

қызылиек қабынуы//

пародонтома//

стентон-Капдепон синдромы//

қызылиектің гипертрофиясы

***

Пациент 17 жаста қызылиектің қанауына және ауырсынуына шағымданады. Бұл шағымдар 14 жастан бері анда-санда мазалайды. Дәрігер-стоматологқа бармаған. Кейінгі уақытта қызылиектің қанауы күшейген. Жалпы аурулары: созылмалы тонзиллит. Қарап тексергенде: бет пішіні өзгермеген. Жақасты лимфатүйіндері ұлғаймаған. Ауыз қуысының шырышты қабағы ақшыл-қызыл түсті. 16, 13, 23, 27, 35, 43 доғаның сыртында. Тістері емделген, 15, 24, 34, 45 тістердің жанасу бетіндегі пломбалары тіс арасын жауып тұр. Қызылиек емізікшелерінің өсуі байқалады. Қызылиек емізікшелері мен жиегі қызарған, домбыққан, шұқып тексергенде қанайды. Тістер бетінде жұмсақ тіс қағы көп. Алдын ала қойылған диагноздың қайсысы дұрыс://

жедел катаральды гингивит//

созылмалы катаральды гингивит//

+созылмалы гипертрофиялық гингивит//

жедел гипертрофиялық гингивит//

жедел жайылған пародонтит жеңіл түрі

***

Пациент 23 жаста қызылиектің қанауына және ауырсынуына шағымданады. Бұл шағымдар 14 жастан бері анда-санда мазалайды. Дәрігер-стоматологқа бармаған. Кейінгі уақытта қызылиектің қанауы күшейген. Жалпы аурулары: созылмалы тонзиллит. Қарап тексергенде: бет пішіні өзгермеген. Жақасты лимфатүйіндері ұлғаймаған. Ауыз қуысының шырышты қабағы ақшыл-қызыл түсті. 16, 13, 23, 27, 35, 43 доғаның сыртында. Тістері емделген, 15, 24, 34, 35, 43, 44, 45 тістердің жанасу бетіндегі пломбалары тіс арасын жауып тұр. Қызылиек пен емізікшелері коронканың 3/1 бөлігін жауып тұр. Қызылиек емізікшелері мен жиегі қызарған, домбыққан, шұқып тексергенде қанайды. Инъекция жасауға дәрілердің қайсысы ең тиімді://

+40-60% глюкоза//

30% линкомицин//

В12 витамині//

5% калий йодді//

алое

***

25 жасар науқас тіс тазалағанда иегінің қатты қанайтынына шағымданады. Қызыл иегі 14 жастан қанайды. Толық ем алмады. Соңғы жарты жылда қызылиектің қанағыштығы көбейді. Қарап тексергенде: бет әлпеті өзгеріссіз, ауызқуысының шырышты қабығы ақшыл- қызыл түсті. 13-24 және 33-44 тістері тығыз орналасқан, 11-21 тістің ортасында диастема, тілдің және жоғарғы еріннің жүлгесі қысқа. Ауыз кіреберісі тар. Емізікшелердің түрі өзгерген, ісінген, цианоз, шұқып тексергенде ұзақ уақыт қанайды. 13-24 және 33-44 тістердің қызылиегі өскен, тіс сауытының жартысына дейін жауып тұр. Басқа тістердің жанында қызыл иегі қызарған, шұқып тексергенде қанайды. Ауыз қуысының тазалығы нашар, тіс тастары бар. 16, 28, 35, 44 тістерде ІІ класс бойынша тісжегі бар. Емнің қай сатысын ең бірінші қолдану тиімді://

ашық кюретаж//

+ауыз қуысының тазалығын дұрыстап, тіс тастарын алу//

ортодонтиялық ем//

тісжегіні емдеу//

ауыз қуысының кіреберісіне және жүлгеге ота жасау

***

Науқас 45 жаста. Диагноз: Орта дәрежедегі пародонттың созылмалы жайылмалы қабынуының өршуі, пародонталды абсцесс. Іріңқалтанытіліп тіліп ашқаннан кейін ең дұрыс физиотерапиялық ем://

+ультракүлгін сәулелендіру//

қызыл иекүстілік гальванизация//

қызыл иекке массаж жасау//

дәрілік электрофорез//

ультрадыбытық терапия

***

Пародонттың идиопатиялық ауруға келесі синдром жатады://

+Папийон-Лефеврдің//

Қызыл иек қабынуының//

Пародонт қабынуының//

Стентон-Капдепонның//

Қызыл иек гипертрофиясының

***

Пародонтоздың клиникалық белгілерін көрсетіңіз://
коллатеральді ісіну//
айқын интоксикация//
+қызылиек атрофиясы мен ретракция//
қызылиекте ауырсынатын афта//
таңдайдың шырышты қабатындағы петехиялар

***

Жас жігіт ауыз қүысындығы аурсыну және кансырау, денесінің ыстығының 37,80С. көтерлұіне шағымданады. Ауыз құысында қызыл иектің шеті желінген, қансырайды фиброзды жабындылармен жабылған. Тістері тұрақты, пародонтальды қалталар байқалмайды. Алдынала диагнозын қойыңыз://
жедел псевдомембранозды кандидоз //
+қызыл иектің жараланүы//
созылмалы Венсан стоматиті //
жаралы герпетикалық стоматит//

многоформная экссудативная эритема

***

Аруды тексерген кезде қызыл иектің қабынуы, ісінү арқылы қызыл иектің шеті әр түрлі болып өсіп кетк. Зондтаганда қансырайды, ауырсынады. Тістердің қозғалғыштығы 2-3 дәрежеде, пародонталді калтадардың тереңдігі 7 мм ге дейін. Рентгенологиялық тексерүде қандай өзгерістер көресіз және де себебі қандай://
саңлауының кеңейұінен тіс тіндері деструкцияға үшырайды//
тіндердің склеротикалық өзгерістерістерінен сүйек тіндері остесклерозға ұшырайды//

+периодонт тіндерінің қабыну әсерінен альвеола аралық сүйек тіндерінің бойы 1/2 төмендейді//
сүйек тіндерінің склеротикалық өзгерістерінен сүйек тіні жанған от сияқты ыдырайды//

периодонт тіндерінің қабыну әсерінен альвеола аралық сүйек тіндерінің бойы 1/3 төмендейді.
***

Ауру 61 жаста, қызыл иектің жағымсыз сезіміне, қышыуна, тістердің жоғары сезгіштігіне шағымданады. Ауыз құысында қызыл иек бозарған, қызыл иектің ретракциясы әр түрлі дәрежеде, 13,14, 15 23, 24, 25 тістерінде сыны тәрізді ақау. Диагнозды таңдаңыз. Қандай тексерү әдісін қолдану қажет://

пародонтоз, кан анализін //

қызыл иектің қабынуы, кан анализін//

қызыл иектің ісіктері, рентген әдісі //

+пародонтоз, рентген әдісі//

пародонтит, рентген әдісі

***

Науқас физиопроцедура № 3 трипсинмен алды, рентгенографияда – сүйек тіңдерінің жалын тәрізді еруі. Толық диагнозды және физиотерапия әдісті атаңыз://
жедел периодонтит, мыс тотығымен депофорез//
жедел периодонтит, ультра күлгінді сәлелену//
жедел периодонтит, өзек ішілік электрофорез//
Дсозылмалы гранульдеуші периодонтит, УВЧ//
+гранулирлеші периодонтит, канал ішілік электрофорез

***

Төменгі жақтың алдыңғы тістеріндің вестибулярлы беттерінде эмаль деңгейіне дейін пазы жасаймыз. Пазы аймағындағы қатты тіндерге 60 секундқа уландырушы гельді жағамыз. Гельді сумен шайып, ағару және матовость эффектісін текесереміз.Адгезивті жаққан соң, полиамидті жолақтарды пазы ішіне салып, жарықпен қататын пломбалық материал көмегімен бекітеміз. Шендеу әдісін атаңыз://

П-тәрізді шина алдыңғы депульпирленген тістерге //

шайнау тістердің пародонтиті кезінде сагиттальді стабилизация//

фронтальді-сагиттальді стабилизация//

+фотополимерлер көмегімен шендеу//

керамика мен шыны талшықтар көмегімен шендеу

***

Науқас К.,жансыздандыру жүргізіліп, пародонтальді қалтаға 5-7 минутқа 36 град.дейін жылытылған парафин енгізіліп, алынғаннан кейін қалта құрамына жақсы жол ашылды. Экскаватор мен ілгіштер көмегімен қыру жүргізілді. Қыру кезінде қызылиек үсті және асты тіс түзілістері, бұзылып инфицирленген цемент, грануляция мен өсіп кеткен эпителий толық алынды. Соңында барлық беткейлерін жылтыратты. Жүргізілген емдеу әдісі://

гингивоэктомия//

гингивотомия//

криохирургиялық операция//

радикальді гингивэктомия//

+жабық кюретаж

***

Науқас қызыл иектің қышу сезімі, тістің мойын бөлігінің ашылуы, тітіркендіргіштерге сезімталдығы жоғарлағанына шағымданды. Симптом шамамен 6 ай бұрын пайда болды. Объективті: қараған кезде альвеолярлы өсіндінің шырышты қабат түсі қалыпты, қызылиек тығыз, қанамайды. Эмаль мен дентин деңгейіне дейін сына тәрізді ақау анықталады. Рентгенограммада: альвеола аралық перделер төбесінің айқын емес контуры, 1/3 есе биіктігінің төмендеуі. Рентген суретте қандай өзгерістерді күтуге болады://

+пародонт тінінің дистрофиясы//

пародонт тінінің деструкциясы//

шектелген остеолиз //

прогрессирлеуші остеолизис//

пародонт тінінің абсестенуі

***

Науқасты қарағанда қызыл иегінің шырышты қабығы ісінген, қансыраған. Тістерінің вестибуло оральды бағытта (І деңгей) қозғалғыштығы анықталады. Зондтағанда пародонтальды қалталар 3-3,5 мм дейін жетеді.

Рентгенографияда қандай көріністі байқайсыз://

+тіс мойнынан 1/3 ге дейін альвеоланың резорбциясы //

тіс мойнынан ½ дейін альвеоланың резорбциясы //

тіс мойнынан ½ ден аса альвеоланың резорбциясы//

тіс аралық перденің толық резорбциясы//

сүйек тінінің лакунарлы еруі

***

Науқас 47 жаста қызыл иегіндегі ауырсынуға, ауыз қуысынан жағымсыз иістің шығуына, қансырауына шағымданады. Тістерінің қозғалғыштығы бар. Обьективті: тістерінң қозғалғыштығы 2-3 деңгейде. Ренгенограммада альвеолярлы өсіндінің барлық бөлімінде вертикальды резорбция байқалады.Әртүрлі тереңдіктегі тіс ұштарына дейін жететін сүйектік қалталар анықталады. Қандай емдеу түрін жүргізу керек және неге://

ашық кюретаж себебі пародонтальды қалталар 5мм тереңдікке дейін//

лоскутты операция себебі пародонтальды қалталар шамамен 5мм//

жабық кюретаж себебі, пародонтальды қалта шамамен 6мм//

жабық кюретаж себебі, пародонтальдықалта 3-4мм//

+ашық кюретаж себебі, пародонтальды қалталар тереңдігі шамамен 5мм

***

Науқас 32 жаста, дәрігерге тісін жуғанда қызыл иектің қанайтынына, тіс аралық қызыл иек бүртіктерінің пішіні мен түсінің өзгеруіне шағымданады. Қарап тексергенде: қызыл иек бүртіктері ұлғайған, түсі көкшілдеу. Парадонт қалталары жоқ. Рентген суретінде өзгерістер байқалмайды. Клиникалық суреттеме қай ауыруға тән://

+созылмалы катаральды гингивит//

жаралы гингивит//

гипертрофиялық гингивиттің //

созылмалы катаралды гингивиттің өршуі //

жедел катаральды гингивит

***

Науқас 52 жаста, алдыңғы тістерінің түсінің өзгеріп, ұзарғандығына шағымдана,тіс дәрігеріне келді.Анамнезінде: Эндокринологтың диспансерлік бақылауында тұрады. Ауыз-қуысын тексеріп қарағанда: Күрек және ит тістердің түбірлерінің ½ бөлігі жалаңаштанған, түсі сарғыш, тістердің арасы ашылған. Парадонт қалталары жоқ.Клиникалық суреттеме қарап, алдын ала диагноз қойыңыз://

+Ауыр дәрежелі пародонтоз//

жеңіл дәрежелі пародонтоз//

орташа дәрежелі пародонтоз//

жайылған пародонтит жеңіл дәрежелі//

жайылған пародонтит, орташа дәрежелі

***

Науқас 33 жаста. Тіс дәрігеріне қызыл иектің тісін жуғанда, қатты тағамды тістегенде үнемі қанайтынына және кейбір тістердің қозғалғыштығына шағымданады. Тексеріп қарағанда.Тіс аралық қызыл иек бүртіктерінің түсі көкшіл, пішіні өзгерген, тістерге тығыз жанаспаған. 4-5 мм

тереңдіктегі парадонт қалталары бар.Клиникалық суреттеме қай ауыруға тән://

созылмалы катаралды гингивит//

созылмалы парадонтит ауыр түрі//

созылмалы парадонтит жедел түрі//

+созылмалы парадонтит орташа түрі //

гипертрофиялық гингивит ісікті түрі

***

Қызыл иектегі қышу сезіміне шағымданған науқасқа қандай физиоем әдісін қолдануға болады://

КУФ//

флюктуоризация//

ультрадыбыс//

+дарсонвализация//

СВЧ

***

 

Ауыз қуысының шырышты қабығының аурулары

ЖИТС жұқтыртқан науқастармен жұмыс жасағанда сақтану шарасы://

көзілдірік тағу, резина қолғап, маскамен жұмыс жасау//

резина қолғап, маскамен жұмыс жасау//

+екі қабат резина қолғап, төрт қабат маска, көзілдірік, мықты матадан жасалған халат//

ерекше сақтану шара қажеті етпейді//

2-4 қабатты маскамен жұмыс жасау

***

Жедел лейкозды цитологиялық және клинико-морфологиялық белгісімен ажыратамыз://

сәулелі, инфекциялық, медикаментозды//

лимфолейкоз, миелолейкоз//

+миелобластты, лимфобластты, монобластты, промиелоцитарлы, салыстырмайтын//

біріншілік, екіншілік//

жедел, созылмалы, жедел асты

***

Науқастың жасы 76. Бетінде бөртпенің пайда болып, оң жақ бетінің неврагиялық жедел түрде ауру сезімінің құлаққа беріліп ауратынына шағымданып келген. Ауырғалы 5 күн болған. Аурудың басталуы жоғарғы жақтың оң жақ тістерінде пайда кенет басталған ауру сезімі пайда болған, дене температурасы 39°С дейін көтерілген. Анамнезі бойынша жан ұясында бала жел шешек сырқатымен екі апта бойы ауырады. Жалпы аурулары: гипертонияның II дәрежесі: бала жасында жел шешек және қызылшамен ауырған. Қарап тексергенде: ұрт тері бетінде және оң жақ мұрын қанаты терісі қызарған, беті сары қабықшамен жабылған ауратын көпіршіктер және жара анықталады. Ауыз қуысының шырышты қабатының оң жағы қызарған, ісінген, жоғарғы жақтың өтпелі қатпарында және қатты таңдайда топтасып орналасқан жаралар анықталады. Болжалды диагноз://

Пузырчатка (күлбірек)//

Тілме қабыну (рожистое воспаление)//

+Белдемелі теміреткі//

Созылмалы қайталанған ұшық//

Пемфигоид

***

Дәрігер-стоматологқа келген 48 жастағы науқастың объективті қарағанда төменгі еріннің шырышты қабатының Клейн зонасындағы сілекей бездері түтіктерінің кеңейгені анықталады. Сіздің алдын-ала қоятын диагнозыңыз://

экзематозды хейлит//

эксфолиативті хейлит//

актиниялық хейлит//

+гландулярлы хейлит//

метерологиялық хейлит

***

34 жастағы науқасты қарап тексергенде ауыз қуысында негізде қабынған инфильтраты бар және шеттері тығыз, көтеріңкі, ауратын ойық жаралар анықталады. Ойық жаралар тек қана ауыз қуысында байқалады, бірнеше ай бойы тыртықтанып жазылады. Анамнезінен: ауру бірнеше жыл бойы мазалайды. Бұл клиникалық көріністері қандай ауруға тән://

Венсан гинговостоматиті//

+Сеттон афтасы//

Бехчет синдром//

Стивенс-Джонсон//

Туреннің үлкен афтозы

***

Жергілікті иньекциялы жансыздандырудан кейін болатын асқынуды алдын-алу://

анестезия техникасын дұрыс орындау//

Лукомский бойынша түсті сынама жүргізу//

медициналық персоналдың жұмыстағы қарым қатынасы//

жергілікті анестезияның әдісін нақты орындау//

+аллергологиялық анамнезін толық жинау

***

Ауыз қуысында туберкулез жегінің ең жиі орналасатын жері//

Таңдай бадамшасы мен иіндері//

+алдыңғы тістердің қызыл иек маңында, жоғарғы ерін, қатты таңдай//

ұрттың кілегей қабаты, төменгі ерін, өтпелі қатпары//

артқы жұтқыншақтың кілегей қабаты//

барлық жауап дұрыс

***

Шеттері тегіс, дөңгелек, өлшемі 0,3-0,5 см, табаны ақ-сары фибринозды, оңай алынбайтын қақпен жабылған. Элементтің шеті (ободок) айнала қызарумен шектелген, қатты ауырады//

ойық жара//

жалақ жара//

+афта//

түйін//

папула

***

Науқастың жасы 30. Сөйлегенде, тамақ қабылдағанда сол жақ ұрт маңындағы қатты ауратынына шағымданады. Қарап тексергенде: сол жақ ұрттың қызарған кілегейлі қабығында, тістердің тістесу сызығында шеттері тегіс, пішіні сопақша, табаны ақ-сары фибринозды, оңай алынбайтын қақпен жабылған афта анықталады. Элементтің шеті (ободок) айнала қызарумен шектелген. Жергілікті жарақаттық факторлар анықталмаған. Алдын ала диагноз қойыңыз//

созылмалы механикалық жарақат//

қайталанбалы герпетикалық стоматит//

+созылмалы қайталанбалы афтозды стоматит//

белдемелі теміреткі//

лейкоплакия, эрозивті түрі

***

Шеттері тегіс емес, жұмсақ, терең емес ойық жара, айналасында ұсақ абсцесстенген Трель дәндері бар, табаны төмпекшеленген, сары қақпен жабылған, сипап тексергенде қатты ауырады. Құрт ауруының қандай түріне осындай клиникалық белгілері тән?//

туберкулезді жегі//

+милиарлы жаралы туберкулез//

колликвативті туберкулез//

біріншілік туберкулездің ойық жарасы//

туберкулездің барлық түрі


Дата добавления: 2015-11-28 | Просмотры: 1037 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.032 сек.)