АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Герпесвирустар

Грек тілінен герпес – қазақша жорғалаушы, жайылмалы мағына береді.

Вирустармен қоздырылатын, жиі терінің, шырышты қабаттардың және ішкі ағзалардың зақымдалуымен сипатталатын ауруды герпес деп атайды. Қазақ халқында бұрынан белгілі болып келе жатқан ұшық ауруын тудырады.

Басқа да вирустар секілді герпес вирусы да өзіне келесі құрылымдардан тұрады:

§ Вирион

§ ДНҚ молекулалық құрлымы

§ Нуклеокапсид

§ Суперкапсид

§ Сегмент

Herpesviridae тұқымдастығына жатады. Олар келесідей жіктеледі:

§ α герпес вирусы

§ β герпес вирусы

§ γ герпес вирусы

α герпес вирусы:

§ Қарапайым герпес вирусы

§ ВПГ-1 ВПГ -2

§ Желшешек вирусы

§ Белдемелі герпес вирусы

β герпес вирусы:

§ Цитомегаловирус

§ Герпестің 6 типі

§ Герпестің 7 типі

γ герпес вирусы:

§ Эпштейн Барр вирусы

§ Беркит лимфомасының

§ Капоши саркомасының

§ Мұрын жұтқыншағы карциномасының қоздырғыштары

Герпес вирустың негзгі жұғу көзі залалданған адам болып табылады. Ол жанасу арқылы, ауа тамшылы, жыныстық, вертикальді жолмен жұғады.

Герпесті инфекцияның патогенезі:

1. Вируыс адам ағзасына шырышты қабаттары арқылы енеді;

2. Эпителийде көбейіп залалданған жасуша некрозы пайда болады;

3. Некроз ошақтары, везикулалар түзіледі;

4. Вирусемия пайда болады;

5. Антидене түзіледі;

6. Вирус паравертебральды сенсорлы ганглийлерде лимфа түйіндерде сақталады;

7. Рецидив береді;

Герпесті инфекция клиникалық көріністері:

§ Кең тараған түрі қарапайым герпес

§ Элементтері жиі ауыз айналасында, ерін шетінде, құлақ маңында

§ Алғашында бөрпелердің орнында қызу, шаншу сезімі, сосын қызарып ісінеді, тері және шырышты қабаттарда везикула пайда болады (0.1-0.3 см)

§ 1-2 аптаға созылады, қызба, жалпы әлсіздік, аймақтық лифма түйіндер улкейген. Көпіршік ішінде серозды сұйықтық, басқа ауру қосылса іріңді болады

§ 3-5 күннен кейін серозды сұйықтық жарылып қабыршақтанады

§ 7-9 күннен кейін іссіз жазылып кетеді

Герпес вирусынан келесі аурулар туындайды:

§ ВПГ1- жиі герпестік гингивостаматит түрінде

§ ВПГ2- генитальды герпес, жаңа туған балалар герпесі және герпесті менингоэнцефалит,

§ Желшешек- тері және шырышты қабаттарда папулезді везикулезді бөрпелермен,

§ Белдемелі герпес — жүйке талшықтарының үстіндегі тері зақымдалады. Бөрпелер жиі бетте, мойында, омыртқа аралық жүйкелер бойымен шығады

§ Жұқпалы мононуклеоз — қызба, лимфаденит, гепатоспленомегалия, тонзиллитпен

§ Цитомегаловирусты инфекция — қатерлі ісік түріне дейін білінеді.

Диагностика. Анықтау әдістері:

§ Цистоскопиялық- жағындарды Романовский Гимзе бойынша бояу, ЦПД ны табу үлкен көп ядролы клеткалар, вакуолизация, ядролардың қосылуы, Каудри денешіктері байқалады;

§ Вирусологиялық — тауық эмбриондарына жұқтыру, ИФ, ИФА, ПТР

§ Экспресс әдістері иммунохимиялық, биохимиялық, молекулярлы биологиялық

§ Серодиагностика

Зерттеуге алынатын жұғынды материалдар:

§ Бөрпелерден

§ Шайындылардан

§ Жұлын сұйықтығынан

§ Қаннан

§ Зәрден алынады

Герпесті вирусты инфекцияны емдеуде вирусқа қарсы препараттар:

§ Ацикловир

§ Валацикловир

§ Ганцикловир

§ Фамцикловир

§ Алпиразин

Жергілікті вирустарға әсер ететін майлар (мазь):

§ Бонафтон

§ Бромуридин

§ Теброфен

§ Флоренал

§ Оксалин

Иммунокорректорлар:

§ Эндогенді интерферондардың индукторлары

§ Циклоферон

§ Бактериальды сұйық интерферонның индуктроы

§ Интерферондар

§ Интерлейкин

§ Ронколейкин

§ Беталейкин

Витаминотерапия:

§ В1

§ В6

§ В12

§ Аскорбин қышқылы

§ Рутин

§ Антигистаминді препараттар

 

 


Дата добавления: 2015-09-27 | Просмотры: 1366 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.006 сек.)