АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Тіршілік циклы.

Прочитайте:
  1. МАРШРУТЫ, ЦЕПИ И ЦИКЛЫ.
  2. Пути, маршруты, цепи и циклы.

Ішек ішінде ұрықтанады, ұрықтанғаннан кейін еркек даралары өліп қалады. Ұрғашы дараларының жұмыртқаға толтырылған жатыры өте ұлғайып, бульбосты қысады да, құрттың ішек қабырғасынан босануына мүмкіншілік туғызады. Олар ас ағынымен, ішектің жиырылуы салдарынан тік ішекке келіп жетедеі. Түнде анустан сыртқа шығыпанус айналасындағы тері бетіне, шапқа жұмыртқалайды (13000 данаға дейін). Содан кейін, құрт өліп қалады. Жұмыртқалардың әрі қарай дамуы үшін 34-36 градус жылылық, 70-90% ылғал қажет. Анус айналасында, шапта жоғарыдағыдай жағдайлар болғандықтан 4-6 сағат ішінде жұмытқалар дамып инвазиялық сатыға жетеді. Инвазиялық жұмыртқа адам ішегіне түсіп ересек формаға айналады. Ересек даралар ішекте 30 тәулікке дейін өмір сүреді. Энтеробиозды толық емдеу өте қиын, себебі бұл аурумен көбінесе жас балалар ауырады, және ауру адамдар үшкірқұрт жұмыртқаларын өздеріне өздері жұқтырады. Ұрғашы даралары жұмыртқалағанда теріні қышытады, сол кезде ол инвазиялық сатығы жетеді. Лас қолмен тамақ жеген адам оларды ішке жұтады.

 

Белгілері

Баланың іші ауырады,құйрығы қышиды. Аналық үшкір құрт жұмыртқаларын тік ішектің қатпарларына,көбінесе түнге қарай салады,сол кезде тік ішек қатпарлаларында қышу пайда болады, ашуланшақ, бас ауруы, іштің ауруы, тәбеттің жоғалуы, нәжістің сұйық және шырышты болуы.

 

 

 

Лабораториялық анықтау.

Шап терісінің жұғындысын микроскоп арқылы зерттеу.Энтеробиоз диагнозы тік ішектің перианальді қатпарларынан қырынды алу нәтижесінде гельминтты микроскопиялық анықтау әдісіне негізделіп қойылады. Диагностикалау барлық жергілікті емханалардың клинико-диагностикалық зертханаларында жүргізіледі.

Емі және күтімі:

1. Гигиеналық тазалықта сақтау.Баланың тырнақтарын қысқа етіп алып тастау керек, іш киімін,төсегін жиі ауыстырып, жуып, үтіктеп тұру керек.

 

2.Ауырған баланың жанұясындағы барлық мүшелерін тексеріп, емдеу керек.

 

3.Гельминттерге қарсы дәрілер:

· пирантел

· беру-пиперазин

· адипинатын

· декарис

· вермокс

· мебендазол

· вормил

· гельминтокс т.б. жасына байланысты тағайындау

4.Оттегімен емдеу /оттегіні асқазанға немесе тік ішекке жіберу.

Алдын-алу.

1. Жеке бас гигиенасын мұқият сақтау.

2. Шыбындармен күресу.

3. Жуылмаған жеміс-жидектерді, көкөністерді жемеу.

4. Тұрақты мерзімінде тамақ өнеркәсібі, тамақ дүкендері, балабақша, бала ауруханалары, перзентхана, бала үйлері жұмысшыларын гельминттерге тексеріп тұру.

 

5. Балаларды коллектике жіберерде және жылына 2 рет гельминттерге тексеру. Ауру балалар табылғанда дереу емдеу.

 

 

Энтеробиоз ауруын емдеуде ең бастысы – қайта жұқтыруды болдырмау. Егер осындай мүмкіндік болмаса, науқас паразиттерден дәрі – дәрмексіз де тез арылады. Балалардың әр кезде, ойынан, сабақтан келген кезде әжетхандан кейін, тамаққа отырар алдын қолдарын сабынмен жууды дағдыландыру. Тамақты дастархан басында отырып ішугетәрбиелеу. Баланың қолына сыртқа шыққан кезде, ешқандай жейтін тағамды (алма,печенье т.б) бермеу. Тырнақтарды кеміру, тырнақпен тістің арасын, мұрынды шұқу және т.б. сияқты әдеттермен күресу қажет. Науқасты таңертең, кешке сабынмен жылы сумен жуындыру керек, кейін қолды жуып, тырнақтың астын тазалау қажет. Балаларды балағы қысып тұратын іш киімде ұйықтату қажет, іш киімді күнде ауыстырып, шешілген киімді қайнатып, үтектеп тұру керек. Түнде тік ішекке мақта тампонын қойып жату керек. Жататын киімдерді әр 2-3 күн сайын үтектеп тұру қажет. Күн сайын үй жайды жуатын және дезинфекциялық заттармен ылғалды жуып- жинау жүргізу керек. Балалар қолданатын ойыншықтарды сабын – содалы сумен жуу. Жұмсақ ойыншықтарды қағып, сілкіп күн көзіне жайып алу керек.

 

Науқас анықталған жағдайда барлық отбасы мүшелері тексеріледі. Энтеробиоз анықталған жағдайда барлығы емделуі тисті. Алдын-алу шараларын жүргізу-балалар ұжымы арасында және отбасымен қатар жүргізілмесе, энтеробиозбен күресу нәтижесіз болады. Мектепке дейінгі мекемелеріне баратын балалар, сонымен қатар балалар және тағам мекемелерінің барлық қызметкерлері жылына бір рет міндетті түрде энтеробиозға тексерілуі қажет.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

· Астафьев Б.А. жалпы гельминтоз паталогиясы М., 1975.

· Гельминтоз адамда Ф.Ф. Сопрунова, М., 1985.

· Озерецковская Е.Е., Зальнова Н.С. и Тумольская Н.И. №Гельминтоздың клиникасы және емі Л., 1985.

 


Дата добавления: 2015-09-27 | Просмотры: 895 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.004 сек.)