АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Ші сызба. Организмдегі темір алмасуы

Прочитайте:
  1. ТЕМІРЖЕТІСПЕУШІЛІК АНЕМИЯ

 
 

 


Организмге темір гемалық пішінде (жануарлардан алынған ет тағамдарындағы гемоглобин құрамында) және өсімдіктердегі гемалық емес пішінде түседі. Алиментарлық темір негізінен 3 валентті болады. Екі немесе қос валентті темір жақсы сіңеді, бірақ ауада үш валентті темірге дейін тез тотығады. Темірдің басым көпшілігі ұлтабар мен ащы ішекте сіңіріледі. Ащы ішек мембранасында интегрин деген темірді ұстайтын полипептид болады. Эритроциттерде жиналғаннан соң темір плазманың гликопротеині – трансферринмен кері байланысқа түседі және соның құрамында қажет жеріне тасымалданады. Трансферрин өзіне байлай алатын темір мөлшері плазманың жалпылай темірді байлау қабілеттігін (ПЖТБҚ) сипаттайды. Көбінесе, айналымдағы трансферрин темірге 1/3 деңгейіне дейін қаныққан болады, ал қалған ½ деңгейіне жасырын темірді байлау қабілеттігіне сәйкес болады. Трансферрин-темір комплексі эритробласттардың рецепторларына бекиді де гемоглобиннің түзілуіне қатысады. Темірдің тәуліктік азаюы (ішек арқылы, эпителийлер, тері арқылы, т.б.) ер адамда 1 мг және бала таба алатын жастағы әйел адамда 2,5 мг құрайды. Темірден басқа гемопоэзге мыналар да қатысады: витаминдер (В12, фоли қышқылы, В6 (пиридоксин), С (аскорбин қышқылы), Е (альфа-токоферол), РР, В2; микроэлементтерден: мыс, никель, кобальт, селен, мырыш, марганец. Осылардың кез-келгенінің жеткіліксіздігі қан түзілуіне кері әсерін тигізеді. Мәселен, В12 витаминінің немесе фоли қышқылының жетіспеуі нуклоеопротеиндердің түзілуін бұзады да клетка ядроларының жетілуі мен бөлінуін бұзады. Соның салдарынан сүйек кемігінде қан түзілуінің эмбрионалық (мегалобластты) түріне алмасуына (трансформациясы) әкеледі. Осындай мегалобласттардан түзілген мегалоциттер тұрақсыз болады да тез ыдырауға бейімдігінен мегалобластты анемияның дамуына әкеледі.

 

II бөлім

КЛИНИКАЛЫҚ ГЕМАТОЛОГИЯДАҒЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

1. Қан мен сүйек кемігін зерттеу

1. Сүйек кемігін морфологиялық зерттеу (сүйек кемігінің пункциясы).

2. Жіті лейкозды анықтау үшін сүйек кемігінің пунктатын цитохимиялық зерттеу.

3. Сүйек кемігін, лимфотүйіндерін, көкбауырды гистологиялық зерттеу (трепанобиопсия, лимфотүйіндерінің биопсиясы).

4. Гемолизді лабораториялық бағалау (қандағы билирубин деңгейі, ретикулоциттер саны, эритроциттердің осмостық резистенттігі).

5. Қан ұю жүйесін зерттеу (коагулограмма).

6. Қан сарысуындағы темір, ферритин, В12 витамин, фоли қышқылы деңгейлерін және темірді жалпылай байлау қабілеттігін анықтау.

2.Рентгендік зерттеулер: лимфография, спленография, бауыр мен

көкбауырдың компьютерлік томографиясы.

3.Радиоизотопты зерттеулер: бауыр мен көкбауырды Аи198 алтыны

немесе бенгальдық розамен сканнирлеу.

4.Көкбауырды, бауырды, лимфотүйіндерін ультрадыбыспен

зерттеу.

5.Иммунологиялық әдістер: иммунограмманы, иммуноглобулиндерді,

антиденелерді, қан клеткаларының белгілі гематологиялық

өсіндіге жатуын және оларды ажырату дәрежесін анықтау.

6.Клонды зерттеу әдістері (тіндерді арнайы орталарда өсіру

(культивация).

Ересек сау адамның бойындағы қанның көлемі 5 литрдей болады. Қанды шартты түрде 2 бөлікке бөледі: қанның пішінді элементтері (негізінен, эритроциттер) және плазмасы. Осы екеуінің қатынасын гематокрит деп атайды. Оның қалыпты мөлшері 35 - 55% құрайды.

Айналымдағы қанның қалыпты көлемін нормоволемия, ал оның азаюын гиповолемия деп атайды.

Гиповолемияның түрлері:

кәдімгі (обыкновенная), бұл кезде айналымдағы қан көлемі азаяды және гематокрит қалыпты болады. Ол жіті қан кетулерде интерстициялық сұйықтық қанға әлі түсе қоймаған кезде, сол сияқты қанның біраз мөлшері айналымға түспеген кездегі шоктарда кездеседі;

полицитемиялық, бұл кезде айналымдағы қан көлемі азайса да гематокрит салыстырмалы түрде артады. Ол адам денесі құрғаған кезде (қатты іш өтулер, толассыз құсулар, кең күюлер), сол сияқты қан тамырлары өткізгіштігінің артуы бар, бірақ сұйықтық тінаралық кеңістікке жайылумен сипатталатын шоктарда кездеседі;

олигоцитемиялық, бұл кезде айналымдағы қан көлемі азаяды және гематокрит те төмендейді. Ол интерстициялық сұйықтықтың және пішінді элементтердің қан жүйесіне түсе қоймауынан жоғалған қан көлемі қалпына келмеген қан кетулерде кездеседі.

Айналымдағы қан көлемінің артуы гиперволемия деп аталады.

Гиперволемияның түрлері:

Кәдімгі, бұл кезде айналымдағы қан көлемі артады және гематокрит қалыпты болады. Ол қарқынды физикалық не эмоциялық күш түсу салдарынан деподағы қанның қан жүйесіне көп түсуінен айналымдағы қан көлемінің артуынан болады;

полицитемиялық, бұл кезде айналымдағы қан көлемі және гематокрит деңгейі де артады. Ол қалыпты немесе физиологиялық (оттегінің жетіспеуінен эритропоэздің күшеюін тудыратын биік таулы аймақ тұрғындарында) және патологиялық болуы мүмкін (өкпе мен жүректің ауыр дерттерінде);

олигоцитемиялық, бұл кезде айналымдағы қан көлемі артады және гематокрит салыстырмалы түрде азаяды. Ол ісінудің азаюлары кезінде интерстициялық сұйықтықтың қан айналымына көп түсуі кезінде болады. Сол сияқты, физиологиялық ерітіндіні және қан алмастырушы сұйықтықтарды көп құю кездерінде де байқалады.


Дата добавления: 2015-09-27 | Просмотры: 1120 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.004 сек.)