АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Максимальді балл - 20. Актерға (науқас) арналған сценарий мәтіні және оның ролінің сипаттамасы:

Прочитайте:
  1. Максимальді балл - 20

Актерға (науқас) арналған сценарий мәтіні және оның ролінің сипаттамасы:

Шағымдары: оң көзінің және оң жақ басының ауру сезімі, қалтырау, жалпы әлсіздік, жайсыз сезінуге.

Көру өткірлігін тексергенде оң көзімен 3,5 метр қашықтықта саусақ санай алады. Сол көзімен Сивцев кестесінің 10 қатарын көреді.

 

Сұрақтың мәні Актер үшін сұрақ құрастыру Актердің жауабы
Аурудың сипатын анықтау Оң көздегі ауруды сипаттаңыз – бастың оң бөлігі ғана ауырады әлде түгел ауырады ма? Ауру сезім тек оң көз бен бастың оң бөлігі ғана ауырады.
Ауру сезімінің иррадиациясы   Ауру сезім жауырынға немесе ішке беріледі ма? Еш жерге иррадиация бермеиді
Ауру сезімнің сипаты Ауру сезімнің сипаты қандай, сыздап немесе жедел ұстама тәрізді? Жедел ауру сезім

Анамнезінде: Кеше моншаға түскеннен кейін өзенге түскен. Түнде лезде сол көзі мен сол бас жыртысы ауырып бастаған.

Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары қанағаттанарлық емес. Айтуы бойынша жарақат пен созылмалы аурулары жоқ. Аллергиясы жоқ.

Объективті: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Ағзалары мен жүйелері бойынша өзгеріссіз. ТЖ – минутына 18 рет. ҚҚ – 140/100 мм.рт.ст., ЖЖЖ – минутына 110 рет.

Қабақ терісі ісінген, гиперемияланған. Көз алмасының перикорнеалды инъекциясы. Қасаң қабықтың артқы бетінде және нұрлы қабықтың беткей бетінде ақуызды жиналулар (преципитаттар). Алдынғы камера орташа тереңдікте. Тиндаль феномені ++. Нұрлы қабықтың суреті жазықталған, қарашық тарылған, дұрыс емес формалы (фасетчатой), жарыққа реакциясы өте нашар. Бұршақ пен одан кейінгі тіндер өзгеріссіз. Болжам КІҚ Т-1.

«Жедел иридоциклит» клиникалық жағдайы бойынша жауаптар эталоны

Қадамдарды бағалау критерийлері Жауап эталоны
  Барлық сұрақтар қамтылды ма? Оң көздегі ауру сезім қандай – бастың тек оң жақ бөлігі ауырады ма, әлде түгел бас ауырады ма? Ауру сезім жауырынға немесе ішке беріледі ма? Ауру сезімнің сипаты қандай, сыздап немесе жедел ұстама тәрізді?
  Жансыздандыратын тамшылар тамызды Екі анестетик атауын айтты. Пайызды қатынасы 2-ден к-п болмауы керектігін айтты.
  Визометрия.Бүйір жарықпен қарау Көру өткірлігін дұрыс жазып алды. Visus OD = 0,07 н/к OS=1,0 Науқасты дұрыс отырғызды, шамды және линзаны дұрыс орнатты.
  Ажырату диагностикасы Жедел глаукома ұстамасымен
  Қорытынды диагноз Жедел иридоциклит
  Шұғыл көмектің тактикасын анықтады ма Жедел түрде аурухананың офтальмологиялық бөлімшесіне жатқызу
  Науқаспен оңтайлы қарым-қатынас орнатуы және қорқынышын сейілтуі

Симуляцияның жабдықталуы:

1. Тапсырма жазылған парақ, волонтерге арналған сценарий, қадамдарды бағалау критерилері.

2. Үстел лампасы, линза 20Д.

3. Офтальмоскоп

Жағдай: оқу бөлмесі – жалпы тәжірибелі дәрігер кабинеті.

1. Кушетка – 1

2. Аспатарға арналған стол

3. Дәрігерлік үстел – 1, орындык-2

4. Препараттармен қамталған шкаф.

Құрастырушының аты-жөні: офтальмология кафедрасының доценті Ульданов О.Г.

Қайта өңдеген: АМСК каф. доц. кмн Алиманова Ж.М., асс. Кульжахановой С.С. (2015)

 

Рецензенттің аты-жөні: (2015):

Бедельбаева Г.Г., зав.каф.терапии ИПО КазНМУ

Зав. каф. интернатуры по общей врачебной практике ГМУ г.Семей, д.м.н., профессор Еспенбетова М.Ж.

 

ББК отырысындағы хаттамасының нөмірі мен бекітілген күні - №5 29.01.2015ж.

 


Дата добавления: 2015-10-11 | Просмотры: 286 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.004 сек.)