АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Реферат. Тақырыбы: Техногенді және табиғи жайттарда жедел көмек ұйымдастыру

Прочитайте:
  1. Завдання 1. Тематика рефератів.
  2. Індивідуальна робота студентів – захист рефератів.
  3. Клиническая характеристика, динамика развития и исходные состояния при детской шизофрении (реферат)
  4. КРИТЕРИИ ОЦЕНОК РЕФЕРАТОВ ОБУЧАЮЩИХСЯ
  5. Методические рекомендации по написанию рефератов
  6. Методические указания и рекомендации по написанию реферата по дисциплине «Микроэкономика»
  7. Методические указания по выполнению реферата
  8. Общие требования к выполнению рефератов
  9. Общие требования к оформлению реферата
  10. Орієнтовна тематика реферативних досліджень з навчальної дисципліни

Тақырыбы: Техногенді және табиғи жайттарда жедел көмек ұйымдастыру

Орындаған:Абсаттарова М.К.

Факультет:жалпы медицина

Топ:11-532

Қабылдаған:м.ғ.к.,доцент

Бердавлетов Б.А.

Алматы,2015

 

Жоспары:

I Техногенді және табиғи апаттар кезінде жедел көмек ұйымдастыру.

II Жарақат алғанда жедел жәрдем.

IIIЖарақат сипатына қарай жедел жәрдем көмегін жүргізу.

IV Қолданылған әдебиеттер.

Техногенді және табиғи апаттар кезінде жедел көмек ұйымдастыру

Төтенше және тәбиғи апаттар бұл адамдардың жағдайын нашарлататын, ең ауыр жағыдай болып саналады.

Тәбиғи апаттар Жіктелуі:

1.Геологиялық- жел, топырақ.

2. Метрологиялық- көк тайғақ, аяз, тұман.

3. Гидрологиялық- су деңгейінің жоғарлауы, сел топырақ, құлау.

4. Өрт- орман алқапты, тұрғындар жерін.

5. Жаппай жұқпалы ауру- оба, геморрагиялық, қызба.

Техногенді апат жіктелуі:

1. Ғимарат, үй құлау;

2.Өндірістік, транспорттық қақтығыс;

3.Энергия торабындағы бұзылыс, жарылыс;

4. Химиялық уландырғыш заттар;

5.Құлау, топырақпен көмілу;

6.сел тоқтатқыш бұзылу.

 

Критерийі:

1) Транспорттық апат(темір жол, авто жол, су жолы)

2)Өндірістік апат

3) Өрт, жарылыс, оқ атылу(өндіріс орнында, энергия орнында, шахта, тауда, әлеуметтік ғимараттар, ауыл шаруашылық ғимараттар, көшелер, қоғамдық, жарылғыш заттар)

 

Апат медициналық қызметі, табиғи және төтенше жағдайларда зардап шегушілердің денсаулығын сақтау, шұғыл медициналық көмек беру. Оның міндеттеріне мыналар кіреді:

1. Ауруханаға дейінгі кезеңде науқастың немесе оны қоршаған адамдардың денсаулығына және өміріне қауіп төнген жағдайда, кенеттен болған аурулар, созылмалы аурулардың асқынуы, бақытсыз жағдайлар, жарақаттар, уланулар, жүктіліктің және босанудан кейін асқынулар болған жағдайда жедел медициналық жәрдем көрсету.

2. Науқастарды емдеу-профилактикалық мекемелерге тасымалдау.

3. Төтенше жағдайларда, табиғи, жол апаттарын жою жұмыстарына белсенді араласу.

 

 

Жедел медициналық жәрдем бекеттерінің ұйымдастырылуының негізгі талаптары (ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 16.08.2001ж. №756 бұйрығынан):

Жедел медициналық жәрдем бекеті-ересектер мен балаларға өміріне қауіп төнген және бақытсыздық жағдайда, ауыр жіті ауруларда оқиға орнында және жол-жөнекей тәулік бойы, ақысыз жедел медициналық көмек көрсететін медициналық мекеме болып табылады.

 

Жедел медициналық жәрдем жұмысын ұйымдастыру жүйесінің негізгі талаптары:

1)төтенше жағдайда шұғыл тұрғындарға көрсетілетін жедел жәрдем.

2)алғашқы этапта, мамандырылған, дәрігерлік көмек, феталдық қалпына келтіру.

3)Ауруханаға дейінгі әртүрлі медициналық көмектің түрлерін жылдам және дер кезінде көрсету.

4) екінші этапта зардап шеккендерді қабылдау, аумақ жерде орналасқандарға көмек көрсету, нәтижелі емдеу.

Бригадалардың шақыруға шығу уақытының мерзімі:

1. жедел медициналық жәрдем 4 минутқа дейін.

2. жедел тасымалдау 30 минутқа дейін.

3. жоспарлы тасымалдау 90 минут аралығында.

 

 

Апат медициналық қызмет принциптері:

Медициналық сұрыптау, шұғыл медициналық көмек уақыттылығы, үздіксіздікті, мүгедектікті төмендету, басқа маман иесін дайындау, жедел жәрдемді дұрыс ұйымдастыру.

Сұрыптау тобы:

1)өте ауыр зақым алған, болжамы қолайсыз, өмір сүру қиын.

2)ағзалардың қызметінің үдемелі төмендеуімен жүретін адамдар

3)өміріне қауіп төнбеген, ауыр және орташа ауыр адамдар

4)функционалды өзгерістер жоқ, жеңіл жағдайға жақын

5)амбулаторлы емді қажет ететін науқас.

ЖМЖБ- тұрғындары 30 мың адамнан асатын қалалар мен аудан орталықтарында ұйымдастырылады және жеке емдеу профилактикалық мекеме болып табылады немесе қалалық жедел жәрдем ауруханасының құрамына бір оның құқықтық бөлімі ретінде кіреді.

Тұрғындар саны аз қалалар мен аудандарда жедел медициналық жәрдем бөлімдері қалалық, аудандық ауруханалардың құрамында ұйымдастырылады. Әр қалада тек бір жедел медициналық жәрдем болуы керек. Жедел медициналық жәрдем бекеттерін бас дәрігер, оның қосалқы бекеттерін меңгерушілер басқарады.

Үлкен қалалар мен аудан орталықтарында жедел медициналық жәрдем бекеттерінің құрамында қосалқы бекеттер ұйымдастырылады. Қосалқы бекеттердің қызмет көрсету аудандарын бекеттің бас дәрігерінің ұсынысымен жергілікті денсаулық сақтау департаменті бекітеді.

 

Жарақат алғанда жедел жәрдем:

XX ғасырдың екінші жартысы айқын техникалық прогреспен, жергілікті әскери дағдылармен, көліктік құралдардың жеткізілу ағымының жоғарлауына байланысты техногенді апаттар саны көбею үстінде. Шок жағдаймен бірге жүретін ауыр оқиғалар тек жол-көліктік оқиғаларда ғана емес, сонымен қатар, биіктен құлағанда, өндірістік және спорттық жағдайларда, табиғи апаттарда кездеседі. Жедел жәрдем қызметі ең қауіпты және критикалық жағдайлардағы адам өмірінің сақталуын қамтамасыз ететін мемлекеттің басты институттарының бірі болып табылады. Жедел жәрдем мамандарының дайындық дәрежесі мен оқиға орнында зақымданушыларды уақытылы реанимациялық көмекті үйымдастыру дәрежесіне өлім-жітімнің жалпы деңгейі байланысты болып табылады.

Ағзалар мен жүйелердің механикалық жарақаттары оқшауланған және көптік жарақат болып бөлінеді. Оқшауланған деп бір ағзаның немесе тірек-қимыл аппаратына тиісті бір анатомо-функционалдық сегмент деңгейіндегі жарақатты айтады. Ал, көптік жарақаттар ішкі ағзалармен қоса, ағзаның қуыс деңгейінде, басты үлкен қантамырлар мен жүйке бағаналармен қоса зақымдалуы.

Ауруханаға дейінге этапта науқасқа тез арада жарақат түріне қарай диагноз қойып, тиісті емді тағайындау өте маңызды болып табылады. Көптік және үйлескен жарақаты бар науқастарға біріншілік медициналық көмек көрсеткенде өте қиын болады. Себебі, бір мезетте диагноз қоюмен бірге өмірге қауіпті тыныс алу мен қан айналым бұзылыстарын жою керек. Көрсетілген көмек сапасы емнің нәтижесіне шешуші әсер етеді.

Жарақат сипатына қарай жедел жәрдем көмегін жүргізу.

Жарақаттарға антисептика жүргізу түрлері:

1.Механикалық антисептика. (жараны жауып тазалау: іріңді экссудатты алып тастау, ұйымаларды алу, жара бетін тазалау; жараны тілу: жараны тексеру, жара ернеуін қабырғаларын, түбін және онда орналасқан бөгде заттарды, гематомаларды алу. Зақымдалған тіндерді қалыпқа келтіру, тігіс салу; өлі еттенген тіндерді кесу, жараға дренаж салу, ірінді алу)

2. Физикалық антисептика (ультра сәулемен, лазерлі скапельмен, тампон қою; гидроскопиялық таңғыш заттар, гипертоникалық ертінделер, сорбенттер қолдану).

3. Химиялық антисептика(1-5% йод, 1% йодинол ертіндісі, 1-3% хлорамин; спирттер, ауыр металл тұздар,бояғыштар, қышқылдар, сілтілер).

4. Биологиялық антисептика(тікелей; тікелей емес. Антибиотиктер, ферменттер).

 

 

Жарақаттарда жедел жәрдем:

Ең алдымен қан кетуді тоқтату керек, сосын жараның айналасын 5% йод ертіндісімен өңдеу, және асептикалық таңғыш салу керек. Жұмсақ тіндердің аймақтық үлкен жарақаттарында, сүйектердің, буындардың зақымдануында, транспорттық иммобилизация жасау керек.

Ауруханаға жатқызу: өтпелі жарақаттар, сүйектердің, буындардың зақымдалуымен жүретін терең жаралар және де жұмсақ тіндердің кең көлемді жаралары ауруханаға жатқызуға көрсеткіш болып табылады.

Жарақаттық шығулар: буын беттерінің толық немесе жартылай бұзылуымен жүретін сүйектердің буындық аяқтарының бір –біріне қатысты тұрақты ығысуы. Шыққан деп сүйектің дисталды бөлігін, сегіментін айтады. Омыртқалар шығуы ерекше болып табылады, себебі, ығысқан омыртқа мен бұғананың проксимальді бөлігі шыққан болып табылады, соған қарай стернальды және акромиальді ұштарының шығыуын ажыратады. Шығулар көп жағдайда сүйектердің буындық ұштарының сынықтармен сипатталады, үйреншікті шығуларды ажыратады.

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

• Қ.М. Тұрланов, С.А. Қалқабаева “жедел медициналық жәрдем” Алматы 2004ж.

• “Ішкі аурулар” Калимұрзина 2005ж

• А.А. Баранов “Руководство по первичной медико – санитарной помощи”. 2007ж.

• http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P980001382_

 

 


Дата добавления: 2015-10-19 | Просмотры: 1624 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.009 сек.)