АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Реципрокты тежелу

Прочитайте:
  1. Пессималды тежелу механизмі
  2. Пессималды тежелумеханизмі
  3. Реципрокты тежелу.

Билет

1. Глюкоза организмдегі негізгі энергия көзі ретінде.

2. Бұлшық еттердің жіктелу принциптері.

3. Динамометрия жүргізу тәсілі.

 

1. Глюкоза организмдегі негізгі энергия көзі ретінде. Ішектен қанға сіңірілген глюкоза, бауырға келіп жиналады да, одан глюкоген синтезделеді. Бауырдағы гликоген көмірсу қоры болып табылады. Организмге глюкоген мөлшері қажет болса, бауырдағы гликоген ыдырап, глюкоза қанға өтеді. Нәтижесінде қандан глюкоза деңгейі салыстырмалы түрде бір деңгейде болады.

Гликогеннің организмдегі 1-2% бұлшықеттерде жинақталады. Бұлшық еттегі гликоген мөлшері тамақ қабылдаған кезде ұлғайып, ашыққанда азаяды. Бұлшық етке физикалық күш түс-кенде фосфорилаза ферментінің көмегімен гликогеннің жылдам ыдырап, бұлшық ет жиырылуына энергия көзі болып табылады.

Тканьдердің глюкозаны сіңіруі әртүрлі: ми қандағы глюко-заның 12%, ішек 9%, бұлшықет 7%, бүйректер 5% сіңіріп алады. Организмде көмірсулардың ыдырауы оттегісіз (анаэробты гликолиз) жүріп, сүт қышқылына дейін ыдырайды, көмірсу-лардың оттегі талап ететін ыдырауы нәтижесінде СО2 және Н2О пайда болады

2. Бұлшық еттер жіктелуі. Негізінен бұлшық еттердің үш түрін ажыратады: қаңқалық, жүрек бұлшық eтi, бірыңғай салалы бұлшық ет. Қаңқалық бұлшық етінің өзi фаздық (бұлар әрекет потенциалын генерациялайды) және тоникалык (әрекет потенциалын генерацияламайды) деп eкiгe бөлінеді.

Фаздық талшықтар жылдам (ақ, гликолитикалық) және баяу (қызыл, тотығатын)талшықтар болып бөлінеді.

Бірыңғай салалы бұлшықеттер тоникалық және фазды-тоникалық болып бөлінеді.

Тоникалық бірьңғай салалы талшықтылар «жылдам» жиырыла алмайды. Фазды-тоникалық бірыңғай салалы бұлшық еттердің автоматиялық қасиеті бар және автоматиялық қасиеті жоқ деп eкiгe бөлеміз.

Бұлшық еттердің 2-типті талшықтары бар: интрафузальды және экстрафузальды.

Интрафузальды талшықтар бұлшық ет ұршығының ішінде орналасқан арнайы бұлшық eттi рецептор.

Ал қалған бұлшық еттердің талшықтары бұлшық eттi ұршықтың сыртында орналасса- экстрафузальды деп аталады.

 

4Қаңқа және бірыңғай салалы ет қызметтері.Қанқалық бұлшық еттер адам салмағының 40% құрайды. Tipeк –қимыл аппаратының белсенді бөлігі болып табылады. Олардың жиырылуының нәтижесінде төмендегідей қызметтер атқарылуы мүмкін:

1. кеңістікте дененің қозғалуы;

2. бip-бipiнe салыстырмалы түрде дене бөлшектерінің қозғалысы;

3. денені бip қалыпта ұстау;

4. қан мен лимфаның жылжуына ықпал ету;

5. жылу өндіру;

6. дем алу және дем шығару актілеріне қатысу;

7. қимылдық белсенділік маңызды антистрессорлық фактор ретінде;

8. бұлшық еттер тұздар мен судың қоры болып табылады;

9. Ішкі мүшелерді (органдарды) сақтап тұрады (кұрсақ мүшелерін);

 

 

Билет

1. Нерв талшықтарының жіктелуі А,В,С типті нерв талшықтары.

2. Рефлекс жайлы жалпы түсінік. Рефлекстердің классификациясы. Рефлекторлық доға, оның элементтері

3. Аксиллярлық термометрия

 

1. Нерв талшықтарының жіктелуі. А,В,С типті нерв талшықтары.

Қозудың жүйкеден өту жылдамдығы миелин қабығының бар жоқтығына байланысты. Миелинді жүйкелерде қозу бір Ранвье үзілісінен екінші үзілісіне секіріп өтетін болғандықтан ол тез өтеді. Екі Ранвье үзілісінің аралық ұзындығы жүйкенің диаметріне байланысты. Жуан жүйкелерде олар бір-бірінен алшақ орналасады. Сондықтан жуан жүйкелерде қозу тез өтеді. Қозу процесінің өту жылдамдығы «шың» және із потенциалдарының ұзақтығына кері байланысты. Неғұрлым «шың» және із потенциалдары ұзақ болса, солғұрлым қозу жай өткізіледі. Қозуды өткізу жылдамдығы талшықтың қозғыш қасиетіне де байланысты; осы айтылған себептерге орай жүйке талшықтары үш топқа бөлінеді. А –жүйке талшықтары тобының өзі Аа, Ав, Аужәне А болып төртке бөлінеді. А тобына миелинді, жуандығы 12-22 мкм, қозғалтқыш жүйкелер жатады. Бұлардың қозуды өткізу жылдамдығы секундіне 70-120м. Ал Ав, Ау, А талшықтары миелинді сезгіш талшықтар. Бұлар Аа–ға қарағанда жіңішкелеу диаметрі 12 мкм-ден төмен. Жүйке неғұрлым жіңішке болса, солғұрлым ол қозуды жай өткізеді. Авталшықтың диаметрі 8-12 мкм, ал өткізу жылдамдығы секундіне 40-70м. Ауталшығы А –дан жіңішке, диам 4-8 мкм, осыған орай серпіністі жай өткізеді. 15-40 м/с. А –талшығының жуандығы 1-4 мкм, қозуды жай өткізеді, секундіне 5-15 метрден аспайды.

«В» және «С» типті талшықтар вегетативтік жүйкелер. В – ганглийге дейінгі, ал С – ганглийден кейінгі талшықтар. С – типті ағзадағы ең жіңішке нерв талшықтары. Бұлар қозуды өте жай секундіне 0,5-3м жылдамдықпен өткізеді. Мұнымен бірге сомалық жүйкелердің вегетативтік жүйкелерге, миелинді жүйкенің миелинсіз жүйкеге, ал қозғалтқыш жүйкенің сезгіш жүйкеге қарағанда қозғыштық қасиеті жоғары болады. Қозғыш жүйкелер қозғыштық қасиеті төмен жүйкелерден кері қозу процесін тезірек өткізеді.

 

2. Рефлекс жайлы жалпы түсінік. Рефлекстердің классификациясы. Рефлекторлық доға, оның элементтері. О.Ж.Ж-нің негізгі қызметі – рефлекс (reflecsus – латын сөзі – тойтарыс беру) тітіркенуге жауап беру деген мағынада. Рефлекс сөзін тұңғыш рет қолданған француз философы Рене Декарт (1664ж), оған ғылыми сипаттама берген Чех ғалымы Прохаска (1817). Рефлекс туралы ілімді одан әрі дамытып, рефлекстік теорияны пайымдағандар орыс ғалымдары И.М.Сеченов, И.П.Павлов, П.К.Анохин. Рефлекс дегеніміз О.Ж.Ж-нің сыртқы немесе ішкі тітіркендіргіштерге беретін күрделі жауабы.

5 Рефлекстердің классификациясы:

1. Рефлекторлық доғаның құрылуы тәсіліне байланысты И.П.Павлов барлық рефлекстерді шартсыз (туа біткен), шартты (жүре біткен) деп екі топқа бөлді.

2. Рефлекстік доғаның орталық бөлімінде қатынасатын нейрондар санына қарай екі,үш және көп (моносинаптикалық, полисинаптикалық) нейронды рефлекстер болып та бөлінеді.

3. Доғадағы негізгі нейрондардың орналасуына қарай-симпальды, Бульбарлы,Мезенцефальды,Кортикальды.

4. Рецепторлардың орналасуына қарай экстроцептивтік,интроцептивтік рефлекстер болып ажыратылады.

5. Биологиялық маңызына байланысты – жыныстық, қорғаныштық т.б.

6. О.Ж.Ж-нің қай бөлігінің рефлексті тарату принципіне байланысты – сомалық және вегетативтік болып екіге бөлінеді.

7. Соңғы қорытындысына байланысты – қан-тамырлық, сілекей бөлу, жұту, кірпік қағу, жөтелу.

6. Рефлекторлық доға, оның элементтері

Рефлекстің морфологиялық негізі – рефлекстік доға, яғни қозуды рецепторлардан жүйке орталығына, онан шеткі ағзаға жеткізетін жол. Ол бес бөлімнен тұрады:

A. Қабылдаушы құрылым – рецептордан;

B. Қозуды орталыққа жеткізетін афференттік жүйкеден;

C. Афференттік, аралық, эфференттік нейрондардан тұратын орталықтан;

D. Қозуды орталықтан эффекторларға апаратын эфференттік жүйеден;

E. Жауап беруші құрылым-эффектордан тұрады.

Рефлекстік доға бүтін болған жағдайда ғана рефлекс қызметін атқарады, яғни доғаның бүтіндігі бұзылса рефлекс біршама жоғалып кетеді.Соңғы кезде рефлекстік доғамен қатар рефлекстік шеңбер деген ұғым қолданылады. Рефлекстік шеңбердің доғадан бір бөлімі артық болады. Оның алтыншы бөлімі ъфференттік ағзадан О.Ж.Ж-е рефлекстік әсерленіс туралы хабар жеткізетін байланыс, мысалы, рефлекстік әсерленіс, ететін жиырылу болса, оның жиырылу күші туралы хабар, яғни керісінше байланыс арқылы орталыққа жеткізіледі. Керісінше байланыс рефлекс доғасын бекітіп оны шеңберге айналдырады.

 

3.

 

Билет

1. Синаптикалық берілістің химиялық жолы

2. Гормондардың спецификалық қасиеттері.

3. Физикалық жүктеме кезіндегі дене беткейінінің температурасы мен тер бөлінуді зерттеу

 

1. Синаптикалық берілістің химиялық жолы.

Нерв және Бұлшық ет талшықтары арасында қозу өтетін электр импульсы жүзеге асырды. Нерв талшықтарынан Бұлшық етке импульсты өткізу басқа механизммен жүреді. Ол нерв ұштарынан бөлінетін химиялық қосылыс – медиатор арқылы жүреді. Адамдарда қаңқа Бұлшық етінде медиатор ролін ацетилхолин атқарады. Қозғалтқыш нервті тітіркендіретін олардың ұшынан ацетилхолин бөлінеді. Ацетилхолин Бұлшық ет талшығының мембранасын деполяри-зациялап қозудың таралуын және Бұлшықеттің қысқаруын жүзеге асырады.

 

2. Гормондардың жіктелуінің жалпы принциптері. Гормондардың функционалдық жіктелуі.

Адам және жоғары сатыдағы жануарлардың гормондарын, химиялық құрылым ұқсастығын, физика-химиялық, биологиялық қасиеттерінің ортақтығын негізге ала отырып, 3 класқа бөледі.

1. Белоктық — пептидті қосылымдар (инсулин, глюкагон, сома-тотропин т. б.);

2. Стероидтар (бүйрек-үсті безі қабығының және жыныс бездері гормондары);

3. Амин қышқылының туындылары (тироксин, катехоламиндер -адреналин, норадреналин). Гормондардың биотүзілуі арнайы эндокриндік құрылымдардың генетикалық аппаратында жоспарланған, сондықтан ішкі сөлініс бездерінің әрқайсысы тек белгілі бір гормондарды жасап шығарады. Организм ішкі сұйықтық ортасына өткен гормондардың белгілі бір мөлшері бос қалпында, ал шамалысы қан плазмасы белоктарымен қосылған күйде болады. Мысалы, транс­кортизон, альбумин және α-глобулинмен бірігеді, бұдан белсенділігі темен байланысқан гормон түрі пайда болады.

 

3.

Билет

1. Нерв орталықтарындағы Ухтомскийдің доминанта принципі

2. Рилизинг фактор туралы түсінік, аденогипофиз қызметін реттеудегі маңызы

3. Дене массасының индексі бойынша адамның зат және энергия алмасу күйін бағалау

1.

2.

3.

Билет

1. Гуморальдық реттеу механизмнің әсер етуінің жалпы схемасы.

2. Бұлшық ет жиырылуының түрлері

3. Төмен жиілікті суық жүктемесіне адам организмінің реакциясын анықтау

1. Гуморальдық реттеу механизмнің әсер етуінің жалпы схемасы.

Жүрек бұлшықеттері өзінің тамырлары арқылы және өзі ардылы өтетін қан тамырларына деген жоғары сезімталдыққа Жүректің функционалды күйіне әсерететін гуморальді факторларға

• гормондар (адреналин, тироксин және т.б.);

• иондар (калий, кальций, натрий және т.б.);

• метаболизм азығы (сүтті және көмір қышқылды және т.б.);

• қан температурасы.

Адреналин жүрекбұлшықетіне жағымды хроно және ионотропты эффект көрсетеді. Оның кардиомиоциттердің бета-адренорецепторлармен әрекеттесуі белсенделмеген фосфарилазаны белсендететін циклдік АМФ түзілуін тездететін, жасушаішілік аденилациклаза ферментінің белсенділігіне алып келеді. Жасуша ішілік гликогенді глюкоза түзе ыдырататын фосфарилаза миокардты қуатпен қамтамасыз етеді. Глюкагон жүрекке дәл осылай әсер етеді.

Қалқанша без гормоны- тироксин – айқын байқалатын, жағымды хронотропты эффектіге ие және симпатикалық әсерге жүректің сезімталдығын күшейтеді.

Жүрекке жағымды инотропты эффектіні к ортикостероидтар, ангиотензин, серотонин көрсетеді.

Калия ионының жетіспеушілігі жүрек қызметіне кері әсерін, ино-, хроно-, батмо- и дромотропты эффектіні көрсетеді. Сыртқы ортадағы калий концентрациясының артуы ПД тыныштық (калий концентрациясының градиенті төмендеу нәтижесінде), қозғыштық, өткізгіштік және ұзақтылық потенциалының өмендеуіне әкеледі. Калий концентрациясының көп артуы сино артериалды түйін ритм жүргізушісінің қызметін атқаруын тоқтатады да, диастола кезіндегі жүректің тоқтауына алып келеді. Калий иондары концентрациясының төмендеуі автоматия орталықтары қозғыштығының артуына алып келеді, бұл жүрек жиырылу ритмінің бұзылысына себеп болады.

 

2. Бұлшық ет жиырылуының түрлері Бұлшық ет жиырылуының екі түрін ажыратады – изотоникалық және изометриялық, және тағы бip түpi бар, ол ауксотониялық. Изометриялық жиырылу төмендегідей болып сипатталады. Бұл жиырылу кезінде бұлшық еттің ширығуы арта түседі (күш генерацияланады), бipaқ оның екі жағы да сүйекке фиксациялануына байланысты, бұлшық ет қысқара алмайды (бұндай жағдай бұлшық ет ауыр салмақты көтеру кезінде байқалуы мүмкін). Изотониялық жиырылу кезінде алдымен бұлшық ет ширығады ауыр жүкті көтере алатындай болып, сосын бұлшық ет қысқарады, немесе жиырылады, өзінің ұзындығын қысқартады. Изотониялық жиырылу «таза» изотониялық изомет­риялық жиырылу «таза» изометриялық болмауына байланысты «ауксотониялық жиырылу» деген термин ұсынылады. Бұл сөздің мағынасы аралас жиырылу болып табылады. 5.Дара жиырылу. Дара жиырылу бұлшық eттi қоздыра алатындай дара тітіркендіргіш әсер еткенде пайда болады.Бұндай жиырылудың екі кезеңін ажыратады:1. бұлшық еттің ширығу дамуы кезеңі немесе қысқаруы.2. босаңсу немесе ұзару кезеңі.Бұлшық еттердің изометриялық жағдайда жиырылуын тіркеу кезінде 6ipiншi кезеңде бұлшық еттің ширығуы болса, екінші кезеңде ол бастапқы жағдайға қайтып келуі байқалады. Изотониялық жағдайды тіркеу кезінде бірінші кезеңде бұлшық еттің қысқаруы, екінші кезеңде бұлшық еттің ұзаруымен сипатталады. Осындай дара жиырылу кезінде бұлшық ет ұзақ уақыт бойында қажымай жұмыс істей алады

 

 

Билет

1. Конвергенция және иррадация құбылыстары

2. Мембраналық потенциал, оның шамасы.

3. Негізгі алмасуды номограмма бойынша анықтау

1. Конвергенция және иррадация құбылыстары. Қозудың ОЖЖ-де өту ерекшелігі осы екі құбылысқа байланысты. Бір аксон тармақталып көптеген нейрондармен байланысады да синапс құрады, яғни бір нейрон аксонның серпінісі бірден бірнеше нейронды қоздырады. Бұл құбылыс дивергенция деп аталады. Егер де бұл құбылыс тежелумен тоқтатылып тұрмаған болса, дивергенцияның арқасында ОЖЖ-нің нақты координациялық жұмысы болмаған болар еді. Бірақ тежелу процестері дивергенцияны бөгеп, басқару процесстерінің нақты ьолуын қамтамасыз етеді. Егер де тежелу процесі алынып тасталса, онда ОЖЖ-нің іс-әрекетінде жаппай дискоординация байқалар еді.

Бұған қарама-қарсы құбылыс – конвергенция, яғни бірнеше нейроннан келіп түскен серпіністердің бір немесе ағзаның нейронда жиналуы. Мысалы, –созу арқылы тері рецепторларын тітіркендіру арқылы бұлшық еттің жиырылуын алуға болады.

 

2. Мембраналық потенциал, оның шамасы. Тыныштық жағдайдағы жасуша мембранасының iшкi және сыртқы жақтарындағы потенциал айырмашылықтарын тыныштық потенциалы немесе тыныштық мембраналық потенциал деп атайды. Клетка мембранасының iшкi жағы терiс зарядталған. Сырты жағының потенциалын нөл деп есептеп, тыныштық мембраналық потенциал «минус» белгiсiмен жазып алады. Тыныштық мембраналық потенциалдың шамасы ұлпаның түрiне қарай 9-дан 1ОО мв-қа дейiн өзгерiп отырады. Орташа көлемi 50-8О мв «-» белгiсiмен болады.

Бұл негiзiнен калий иондарына байланысты қозғыш ұлпалардың клеткаларында 150 ммоль/л, ортасында 4,5 ммоль/л-ге дейiн жетедi. Сондықтан калий концентрация градиентiне қарай жасушадан шыға алады. Бұл тыныштық жағдайында жартылай ашылатын калий каналдары арқылы жүзеге асады. Соңында мембрана жасуша аниондарына жабық болады да, жасушаның iшiнде терiс мәндi бөлшектер артады.

3.

Билет

1. Глюкокортикоидтардың физиологиялық әсерлері.

2. Зат алмасудың кезеңдері

3. Ректальдық термометрия жүргізу.

1. Глюкокортикоидтардың физиологиялық әсерлері. ГКК-тар бүйрекүсті безінің қыртысты қабатының шоғырлы зонасында түзіледі. Бүл топқа кортизон, гидрокортизон және кортикостерон жатады. ГКС-дың физиологиялық әсері:

ГКК зат алмасуының барлық түріне ықпалын тигізеді, әсіресе
катаболикалық процестерді күшейтеді. Мүндай
жағдайда терінің, бауырдың, еттің, майдың, дәнекер және лимфа
тканьдерінің клеткалары нысана-клетка ролінде болады. Тканьдерде
ГКК-дың әсерінен бір қатар ферменттердің белсенділігі күшейеді.

ГКК-дың белоктық алмасуына әсері: а) барлық тканьдерде, әсіресе ет тканінде белоктың ьщырауы күшейеді. ГКК-дың зат алмасуына ықпалынан диафрагма мен жүрек еттері резистентті болады тіпті кортизонның әсерінен жүрек етінің салмағы да артады; ә) қандағы аминқышқылдар мен несептегі азоттың мөлшері көбейеді (теріс азот балансы байқалады); б) бауырдың мочевина түзеуқызметі артады; в) аталған әсерлерге байланысты, әсіресе белок алмасу өзгеруінен организмнің салмағы азайып, өсуі кідіреді.

ГКК-дың майдың алмасуына әсерінен тканьдегі липолиз артады, яғни май ыдырап қышқылдары бауырға өтеді.

ГКК көмірсулар алмасуына да әсер етеді. Олар бауырдағы глюконеогенезді күшейтеді, сондықтан гипергликемия, тіпті глюкозурия пайда болуы мүмкін, глюкоген азаймайды.

ГКК-дың әсерінен бауырдан басқа барлық ағзалардың клетка мембраналарының глюкозаны өткізу қабілеті төмендейді. Ал бауырда глюкоза мен амин қышқылдарына клеткалардың өткізгіштігі аздап артады.

ГКК-дың қабынуға, аллергияға қарсы түру қабілеттерін арттыру, иммунодепрессивтік әсерінің маңызы ерекше. Олардың мүндай қабілеттері клетка мембранасының өткізгіштігін төмендетуіне, клеткалардан және басқа қүрылымдардан гистаминнің босауын азайтуға, антиденелердің түзілуін төмендетуге, антиген мен антидене реакциясын тежеуіне, дәнекер тканьдерде коллаген мен мукополисахаридтердің түзілуін нашарлатуына байланысты.

2.

Зат алмасудың кезеңдері. Негізінен заталмасудың үш кезеңін ажыратады. Бірінші кезеңде белоктардың, майлардың, көмірсулардың асқорыту жолдарында ферментативті ыдырап, қан мен лимфаға өтуімен сипатталады. Екінші кезеңі – аралас алмасу кезеңі. Үшінші кезең – зат алмасу процесінде пайда болған өнімнің сыртқа шығарылуы

3.

Билет

1. Термореттеу орталығы, термореттеу орталығының кұрылымдық ерекшеліктері.

2. Гормондардың жіктелуінің жалпы принциптері.

3. Минор бойынша тер бөлінуін зерттеу.

1. .Термореттеу орталығы, термореттеу орталығының кұрылымдық ерекшеліктері.

Жылу алмасудын орталығы немесе термореттеу орталығы гипоталамустың преоптикалық аймағы мен артқы гипоталамуста орналасқан.

Осы термореттеу орталығында өздерінін аткаратын кызметтеріне байланысты нерв клеткаларынын бірнеше тобы орналасқан –термосезімтал клеткалар; организмнін дене температурасын бір деңгейде ұстап түруын қамтамасыз етуші клеткалар – термореттеудің белгілеу нүктесі – алдыңғы гипоталамуста орналасқан; эффекторлы нейрондар организмдегі жылу өндіру және жылу бөлу процестерін басқарушы нейрондар, артқы гипоталамуста орналасқан. Термосезімтал нерв клеткалары ми аркылы ағьш өтетін артерлялық қандағы температураны тікелей анықтай алады. Бұл клеткалар 0,011°С температуралық айырмашылыққа дейін ажырата алады. Бұл жерге ақпарат афферентті жолмен тері терморецепторларынан, ішкі мүшелердің термосезімтал нерв клеткаларынан, жұлыннан және дененін басқа белімдерінен де гипоталамустың преоптикалық аймағына келеді. Осы келіп түскен акпаратты анализ және талдау жасау аркылы кан және

перифериядағы тканьдердін температурасы анықталып, адам дене

температурасының орташа көрсеткіші айқындалады.Дене температурасының анықталғаны туралы ақпарат гипоталамустың нерв клеткаларына – белгілеу нүктесіне келіп тү седі.Белгілеу нүктесінің реттегіш механизмдері келіп түскен ақпаратты сараптау және талдау аркылы, артқы гипоталамустың эффекторлы нейрондары арқылы жылу өндіру немесе жылу белу процестеріне әсер етеді. Термореттеу орталығы аркьглы жылу өндіру мен жылу болу процестерінің тепе-тендігі іске қосылып, дененің температурасы арнайы бір деңгейде тұрақталады. Сонымен қатар термореттеуде ацетилхолин мен норадреналиннің де манызы зор. Норадреналин меднаторы акпараттын афферентті жолмен баруын қамтамасыз етеді, ацетилхолин медиаторы мен норадреналин медиаторы жылу өндіру мен жылу бөлінудің эффекторлы механизмдерін қамтамасыз етеді. Белгілеу нүктесін анықтау механизмінде ацетилхолин медиаторы мен гипоталамустағы натрий, кальций иондарының концентрациясының ара-қатынасының маңызы зор.

 

2. Гормондардың жіктелуінің жалпы принциптері. Гормондардың функционалдық жіктелуі.

Адам және жоғары сатыдағы жануарлардың гормондарын, химиялық құрылым ұқсастығын, физика-химиялық, биологиялық қасиеттерінің ортақтығын негізге ала отырып, 3 класқа бөледі.

1. Белоктық — пептидті қосылымдар (инсулин, глюкагон, сома-тотропин т. б.);

2. Стероидтар (бүйрек-үсті безі қабығының және жыныс бездері гормондары);

3. Амин қышқылының туындылары (тироксин, катехоламиндер -адреналин, норадреналин). Гормондардың биотүзілуі арнайы эндокриндік құрылымдардың генетикалық аппаратында жоспарланған, сондықтан ішкі сөлініс бездерінің әрқайсысы тек белгілі бір гормондарды жасап шығарады. Организм ішкі сұйықтық ортасына өткен гормондардың белгілі бір мөлшері бос қалпында, ал шамалысы қан плазмасы белоктарымен қосылған күйде болады. Мысалы, транс­кортизон, альбумин және α-глобулинмен бірігеді, бұдан белсенділігі темен байланысқан гормон түрі пайда болады.

Билет

1. Аденогипофиздің троптық гормондарына жалпы сипаттама

2. Қозғыш ұлпалардың физиологиялық қасиеттерi, анықтамасы.

3. Жылуды реттеуде тері тамырларының маңызын анықтау

1.

2. .Қозғыш ұлпалардың физиологиялық қасиеттерiн атап, оларға анықтама берi. озғыш ұлпалар — бұл iшкi немесе сырткы тiтiркендiргiштер әсерiне қозу қабiлетi бар нервтiк, бұлшык ет және бездiк құрылымдар. Қозғыш ұлпалардың бiрнеше касиеттерi бар. Қозғыштық өткiзгiштiк – қозуды өткiзу қабiлетi, яғни әрекет потенциалын өткiзу, тұраксыздық немесе функционалды ширақтық ритмикалық белсендiлiк қабілетi, сөл шығару қабiлетi (секриторлы белсендiлiк) және медиатор бөлiп шығару

 

Билет

1. Майдың организмдегі маңызы, оның энергиялық құндылығы.

2. Гомойотермия, пойкилотермия, гетеротермия. Температуралық карта және оған әсер етуші факторлар.

3. Негізгі алмасуды кесте бойынша анықтау

1. Майдың организмдегі маңызы, оның энергиялық құндылы-ғы. Липидтер организмде пластикалық және энергиялық қызметтер атқарады. Пластикалық қызметі дегеніміз – клетка мембранасының құрамына еніп, оның қасиетін анықтайды. Энергиялық қызметі өте жоғары: көмірсу мен белоктардың ыдырауынан пайда болған энергия, майдың жылу өндірудегі энергиясынан екі есе аз бола-ды. Организмдегі майлардың көбі майлы тканьдерде кездеседі: тері астындағы майлы қабатта, ішкі мүшелердің сыртында (бүйректе), бауырда және бұлшықеттерде. Организмнің жалпы майының мөлшері, оның массасының 10-20% құрайды, патологиялық семіздікте 50% дейін баруы мүмкін. Қордағы майдың көлемі организмнің тамақтануына, қабылдаған астың сапасы мен мөл-шеріне, конституциясына, бұлшық еттің қаншалықты күш жұмса-ғанына, жынысына, жасына тәуелді. 12. Су-электролит алмасуы. Су ересек адам дене салмағының 60%, жаңа туылған нәрестенің 75% құрайды. Су клеткадағы, органдардағы және тканьдердегі зат алмасу процесі жүретін орта болып табылады. Су организм тіршілігі үшін үздіксіз түсіп отыруы шарт. Организмдегі барлық судың 71% клеткалық сұйықтыққа тиесілі. Клетка сыртындағы сұйықтық тканьдік 21%, ал қалған 8% қан плазмасының құрамында.

2. Гомойотермия, пойкилотермия, гетеротермия. Барлык тірі организмдер гомойотермді (жылықандылар) және (суыққандылар) пойкилотермді болып бөлінеді. Бұлай бөлінудің себебі, олардың организмдеріндегі жүріп жатқан зат алмасу процесінін жылдамдығына, өз денелеріндегі температурасын бірқалыпты ұстап тұру қасиеттеріне және қоршаған ортаның температурасынын өзгеруіне тәуелді.Гомойотермді организмдерге адам және сүтқоректілер жатады. Homeo - деген сөз грек тілінен аударғанда біркелкі деген ұғым береді. Бұндай организмдер өз денелеріндегі түзілген температураны тәулігіне +2°с ауыткумен ұстап тұра алады. Бұл тұрақтылык қоршаған ортаның температурасына тәуелді емес.Бұндай қасиет жануарлардағы энергия алмасуынын жоғары денгейде жүретініне байланысты. Пойкилотермді (суыққандылар) poikilos - -өзгергіш деген грек сөзінен шыққан организмдер өздерінің дене температурасын біркалыпты деңгейде ұстап тұра алмайды, олардын дене температурасы коршаған ортаға тәуелді. Өйткені бұл организмдердін энергия алмасуы жылы қанды жануарларға карағанда төмен.Сондыктан бұндай жануарлар қоршаған ортаның температурасының ауытқуларынан өздерін сақтауға тырысады, егерде мүмкіидік туса, жылы немесе салқын жай іздеуге ұмтылады. Көбінесе суық маусымда бұндай жануарлар ерекше анабиоз жағдайыңа өтеді. Анабиоз кезінде ферменттердің белсенділігі темендеп, зат алмасу процесінің жылдамдығы минимальді деңгейде өтеді.

Билет

1. Қалқанша бездің йодты гормондары, маңызы. Тиреокальцитонин гормоны.

2. Нейрондардың классификациясы

3. Тәулік бойы жұмсалған энергияны хронометраждық-кестелік әдіспен анықтау

1.

Билет

Реципрокты тежелу

2. Қозудың нерв арқылы берілуінің негізгі заңдылықтары

3. Тер бездерінің функционалдық мобильділігін зерттеу (Сиякин бойынша)

 

Реципрокты тежелу. Индукция есебінен пайда болған тежелуді Ч. Шеррингтон реципроктық тежелу деп атаған. Реципроктық тежелудің арқасында бір сәтте орталықта қарама-қарсы қозғалатын қимыл рефлекстері тумайды.Бұл құбылыс рефлекстердің бір-бірімен үйлесуін қамтамасыз етеді.Осыған орай дем алған сәтте дем сығарылмайды,ауыздағы ас шайналып тұрғанда жұтылмайды,бүгілген аяқ дәл сол арада жазылмайды т.б.

Көпке дейін реципроктық тежелудің пацда болу механизмі белгісіз еді. Д.Ж.Эклс жұлын орталықтарында кездесетін бір мезгілді индукцияның реншоу клеткалары тәрізді аралық тежелу клеткаларының қатысы мен туатыны анықтайды.Мысалы: бүгу орталығына арналған серпініс сол орталықты қоздырумен қатар қызметі қарама қарсы орталықты аралық тежеуші нейрондарды да сол сәтте қоздыру арқылы тежейтінін көрсетеді

 

2. Қозудың нерв арқылы берілуінің негізгі заңдылықтары.

Қозуды екі жақты өткізу заңы.Жүйкенің орындайтын қызмет түріне (сезгіш, қозғалтқыш) қарамастан оның қай-қайсысы болса да тітіркендірілген жерден бастап қозу процессін екі жаққа (орталыққа, шетке) қарай өткізеді. Оны баланың шонданай жүйкесіне жасаған тәжірибеден көруге болады. Денеден бөлініп алынған жүйкенің екі жақтағы ұшына әрекет потенциалын тіркейтін аспапты бекітіп, қақ ортасынан тітіркендіріп қоздырса, екі аспап та сол жерге әрекет потециалының жеткенін көрсетеді. ОНЖ байланысы үзілмеген жүйкелерден қозудың белгілі бір бағытта өтуі орталықтағы нейрондар арасындағы синапстардың қасиетіне байланысты. Синапсқа дейін қай жүйке болса да қозуды екі жаққа қарай өткізеді.

Қозуды жеке өткізу заңы.Әрбір шеттегі жүйке құрылымында жүздеген мыңдаған жүйке талшықтары болатыны белгілі. Олай болғанымен де әрбір талшық.қозуды қатар жатқан талшықтарға жаймай, тек өз бойымен өткізіп, тек өзімен ғана байланысқан ет талшықтарына тұп-тура жеткізіледі. Бір эфференттік жүйке талшығы бұтақталып 3-3000-ға дейін ет талшықтарымен байланысады. Осыған байланысты әр қимыл көңілдегідей боп орталықтың әсерін бұлжытпай дәл орындайды.

Билет

1. Алмастырылмайтын амин қышқылдары, олардың организм үшін маңызы.

2. Бірыңғай салалы еттердің физиологиялық ерекшеліктері.

3. Негізгі алмасуды формула бойынша анықтау.

1. 15Алмастырылмайтын амин қышқылдары, олардың организм үшін маңызы. Белок алмасуы қалыпты өтуі, олардың синтезі үшін өте маңызды, сондықтан организмге тағаммен бірге аминқышқылдары түсуі қажет. Эксперимент жүзінде белок құрамындағы 20 амин қышқылдарының 12-сі организмде синтез-деледі, яғни алмастыратын болып саналады. Ал 8 амин қышқыл-дары синтезделмейді, олар тамақпен бірге түсуі керек, алмастырылмайтын аминқышқылдары деп аталады. Бұлардың маңыздылығы мынада: алмастырылмайтын аминқышқылдарының белок синтезі күрт төмендеп, белок алмасуы өзгереді, орга-низмде теріс азотты баланс туындап, организмнің өсуі тоқтап, дене салмағы төмендейді.

Адам үшін алмастырылмайтын аминқышқылдары: лейцин, изолейцин, валин, метионин, лизин, треонин, фенилаланин, триптофан.

2. Бірыңғай салалы еттердің физиологиялық ерекшеліктері.

Бірыңғай салалы ет ішкі қуыс ағзалардың қабырғасындағы ет қабаты– және кейде топталып қыспақ (сфинктер) құрады. Бұл ет iшек қарын, асқорыту бездерің түтіктерінің қан–мен лимфа тамырларының, несеп шығаратын мүшелердің, жатырдың, бронхының т.б. қабырғасында кездеседі. Көлденең жолақ етке қарағанда бұл еттің ағзадағы көлемі аз болады және оның орындайтын қызметі де қалыпты жағдайда онша көзге түспейді. Олай болғанмен патология кезінде мәселен, асқазан мен 12-i елі ішектің түйіскен жеріндегі қыспақ (пилорус) ұзақ уақыт жиырылатын болса ас қарында көпке дейін тұрып қалады, бара-бара асқазан созылып төмен түсіп кетеді. Мұндай халде тамақты жұтқан сайын ауру қатты қиналатын болады.

Бірыңғай салалы еттің қаңқа еті секілді қозғыштық қозуды өткізу, жиырылу қасиеттері бар. Мұнымен бipгe ол ерекше пластикалық және автоматиялық қасиеттерге де ие.

 

Билет

1. Булану – жылу бөлінудің негізгі жолы. Буланудың маңызы.

2. Қаңқа және бірыңғай салалы ет қызметтері.

3. Терінің экстраренальдық сұйықтықтарды шығаруға және жылуды реттеуге қатысуын анықтау.

1. Булану – жылу бөлінудің негізгі жолы. Буланудың маңызы. Булану арқылы жылу жоғалту – организмнін коршаған ортаға терінің тер арқылы, тыныс жолдарының дымқылы арқылы іске асырылады.Адамда тердің тер бездері арқылы шығуы және тыныс жоддарының дымқылдануы үнемі жүреді. Қоршаған ортаның температурасы 20° С болса, адам өз денесінін 20% жылуын булану арқылы беледі. Қоршаған ортаның температурасынын артуы, ауыр физикалық жұмыс істеу, жылу еткізбейтін киімде (синтетикалық) ұзақ бөлу, тер бөлінуді ұлғайтып, оны 500-2000 г/с дейін артуы мүмкін.Жылу бөлінудің буланусыз жолдары.Жылу өткізу, жылу сейілдіру, және конвенциялық жолдар. Жылу сейілдіру жолы. Адам өз денесінің коршаған ортаға инфрақызыл диапазонда электромагнитті толкын шашыратуы. Осындай жолмен жылу бөлінгенде, оның көлемі терінің және қоршаған орта арасындағы айырмашылыққа пропорционалды. Қоршаған орта температурасы 20° Сжәне салыстырмалы ылғалдығы 40-60% болса, ересек адам организмінен осы жолмен 40-60% жылу беріледі. Сейілдіру аркылы жылу белу коршаған орта ауасы төмендесе жоғарылап, керісінше коршаған орта температурасы жоғарыласа, бұл жолмен жылу жоғалту төмендейді. Жылу өткізу жолы. Осы мехсишзмдегі ауаның киімнің маңызы. Жылу бөлудің бұл жолында адам өз денесінің баска фнзикалық денесімен жанасуы кезінде іске асырылады. Осындай механизм арқылы берілетін жылудың көлемі жанасатын денелердің температурасының айырмашылығына, жанасу уақытына, жанасатын дененің жылу өткізгіштік қасиетіне пропорционалды.Құрғақ ауа, майлы тканьдер жьглуды өткізуі нашар. Киімнің майда ауа «көпіршікті» матадан тігілуі, адам денесшен жылу бөлійуін томендетеді. Ылғалды, булы ауа, су жоғары жылу еткізгіш қасиеттерге ие. Соидықтан төмен температурада, жоғары ылғалды қоршаған ортада адам денесінен көп жылу шығады. Ылғалды киімнін де жылуды сақтағыш қасиеті темендейді. Жылу бөлудің конвекциялық жолы. Адамның және судың козғалғыш бөлімдерінін көмегімен адам денесінен жылудын берілуі. Бұл механизмнің іске қосылуы үшін салқын ауа ағымы адам денесінен өтуі керек. Бұл кезде терімен жанасқан ауа жылынып, салкын ауанын порциясымен алмасып тұрады. Егерде коршаған орта температурасы 20° С, ауаньщ салыстырмалы ылғалдығы 40-60% болса, ересек адам организмінен конвекциялық жолмен 25-30% жылу шығарылып тұрады.Осындай жолмен жылу жоғалту арта түседі, егер ауаның ылғалдығы жоғарыласа (жел, вентиляция). Мысал ретінде жазғы аптап ыстыққа веер немесе вентилятор қолдану арқылы салқындауды келтіруге болады

2. Қанқалық және бірыңғай салалы бұлшық еттердің қызметтері Қанқалық бұлшық еттер адам салмағының 40% құрайды. Tipeк –қимыл аппаратының белсенді бөлігі болып табылады. Олардың жиырылуының нәтижесінде төмендегідей қызметтер атқарылуы мүмкін:1. кеңістікте дененің қозғалуы;2. бip-бipiнe салыстырмалы түрде дене бөлшектерінің қозғалысы;3. денені бip қалыпта ұстау;4. қан мен лимфаның жылжуына ықпал ету;5. жылу өндіру;6. дем алу және дем шығару актілеріне қатысу;7. қимылдық белсенділік маңызды антистрессорлық фактор ретінде;8. бұлшық еттер тұздар мен судың қоры болып табылады;9. Ішкі мүшелерді (органдарды) сақтап тұрады (кұрсақ мүшелерін); Бірыңғай салалы бұлшық еттер ішкі қуыс мүшелердің қабырғасы болып табылады. Мысалыға: қуықтың, ішектердің, асқазанның,өт қабының,жатырдың ішіндегі заттар сыртқа шығарылады немесе жылжып отырылады. Тағы бip өте маңызды қызметтерінің бipi –сфинктерлік. Осы қызметінің арқасында мысалға қуықтағы зәр, жатырдағы ұрық сақталып тұрады. Бірыңғай салалы бұлшық еттердің қан-лимфа айналым жүйесінде де үлкен маңызы бар, олар тамырлардың саңылауларын өзгерте тұрып шеткі қан айналымдағы О2 мен қоректік заттарға деген қажеттілікті бейімдеп отырады. Олар сонымен бірге буындар арасындағы байланыстар ciңip –тарамыстарға да әсерлерін тигізе алады.

 

Билет

1. Конвергенция және иррадация құбылыстары

2. Нерв талшықтарының құрылымдық элементтерінің физиологиялық ролі

3. Оральдық термометрия

 


Дата добавления: 2015-12-15 | Просмотры: 1970 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.027 сек.)