АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Ибн Сина /987-1037 «Каноны Медицины»

Кіріспе.

 

Дәлелді медицинаны заманауи түрдегі медициналық практиканың контекстінде ғана емес, қазіргі заманғы дәрігердің өмірге деген көзқарасы қалыптасуының және дәрігердің күнделікті жұмысында кездесетін ме- дициналық проблемаларды шешудің әдістемелік негізін құрайтындығында қарастыру керек. Мұндай жағдайда мамандарды дайындау стратегиясын анықтау үшін медициналық университеттердің рөлі белгілі дәрежеде жоғарылайды. Денсаулық сақтау жүйесіне дәлелді медицина негіздерін енгізуді студенттерді дипломға дейінгі оқыту кезінде және дәрігерлердің біліктілігін жоғарылату барысында жүргізген тиімді.Дәлелді медицинаны оқып, оның негіздерін күнделікті жұмысында қолдану үшін дәрігерге үздіксіз түрде білім алу және жүйелі түрде көзқарас қажет болады. Медицинаға тән жалпы сұрақтарды шешу - жұмыстың методологиясын оқуға бағытталуы керек. Дәлелді медицинадағы білім –белгілі бір жағдайларға негізделген, дәлелденген шешімдерді қабылдау қабілетінің болуы. Алдағы уақытта клиникалық ғылыми зерттеулер мен медициналық білім қабылданатын шешімдердің дәлелділігі жөнінде бір жүйеге шоғырлануы керек. «Дәлелді медицинадағы сұрақтар мен оның жауаптары»- деген осы оқу-әдістемелік оқулық медициналық жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне дәлелді медицина негіздері жөнінде білімдерін жетілдіруге көмегі болады деген ойдамыз.

Негізгі бөлім.

СҰРАҚ: Дәлелді медицина дамуының алғы шарты қандай?

ДМ-ге кіріспе. Медицинаның негізі Гиппократтан бастап осы заманға дейін сол бұрынғы қалпында.Дәрігерлер мен пациенттің алдындағы осыдан мың жыл бұрын тұрған сұрақ осы күнге дейін сақталған: Қандай диагноз? Қалай емдеу керек? Аурудың болжамы қандай? Сол сияқты медицинаның мақсаттары да өзгеріссіз қалды:

1.аурудан азап шегуді жеңілдету

2.ағзалардың қызметін қалпына келтіру

3.мезгілсіз өлімнің алдын алу

Осы сұрақтарға жауап бергенде фундаментальды зерттеулер мен жеке клиникалық тәжірибеге сүйенеміз, бірақ сонда да клиникалық қателерді болдырпау,кейде, мүмкін болмайды. Клиникалық сұраққа жауапты дұрыс табу дәрігердің алдында тұрған сұрақтың қаншалықты ауырлығына және тәжірибесіне байланысты. Дәрігердің күнделікті жұмысы - нақты науқастың проблемасын шешу. 20- шы ғасырдың соңында денсаулықты жоғары сапада сақтауды қамтамасыз ету үшін әлемнің барлық мемлекеттері медициналық көмекке кететін шығынды бақылауда көптеген қиындықтарға кездесті. Медициналық көмекке қойылатын талаптар мен денсаулықсақтау ресурстарының арасында сәйкестік болмауына байланысты іс-шараларды таңдағанда олардың клиникалық ең тиімдісін қолдану керектігін түсіну қажет. Осы күнге дейін ғылыми ізденістердің стратегиясын құру кезінде де фармацевтикалық фирмалардың ықпалы бар.Мысалы, бірде-бір ғылыми конфереция, тіпті, халықаралық конгрестердің өзін өткізу үлкен фармацевтикалық фирмалардың (спонсорлық)көмегінсіз болмайды. Кейде олар ғылыми форумдардың тақырыбын өздерінің жаңа препараттарын жарнамалаумен байланыстырады және көптеген әртүрлі ғылыми зерттеулерге тапсырыс береді, сондықтан оны орындаушылар сол фирмалардың препараттарын еріксіз жарнамалайтын болады. Бұл жағдай медициналық аппаратуралар мен құрал-жабдықтар жасайтын фирмаларға да қатысты. Осы проблемалардың шешімін табу үшін xx ғасырдың 90 –жылдары evidence based medicine - дәлелдерге негізделген медицина немесе дәлелді медицина (ДМ) пайда болды. ДМ дәрігерге өзінің күнделікті жұмысында ғылыми зерттеулердің ең тиімді нәтижесін таңдауға мүмкіндік береді. ДМ №1 ЖДП кафедрасында «Жалпы медицина», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Фармация» мамандықтары бойынша 3курс студенттеріне басқа негізгі пәндермен қатар беріледі.(клиникалық ойлау қабілеті әлі қалыптаспаған, науқастың емі туралы шешім қабылдауға ескі стереотиптің әсері болмайды.) СҰРАҚ: ДМ дегеніміз не?» Ол- нақты науқасқа емдеу әдісін таңдау кезінде дәлелденген ең жақсы клиникалық зерттеулердің қорытындыларын пайдалану; бұрынғы емдеу, диагностикалау әдістерінен нақты айырмашылығыме ерекшеленетін, дәрігерлерден критикалық бағалауды талап ететін клиникалық медицинаның жаңа бағыты; жаңа ғылым емес, бірақ медициналық ақпаратқа талдау жасау, оларды іздестіру, жалпылау, қолданудың жаңа технологиясы; ғылыми зерттеулер мен клиникалық тәжірибе арасына жол салу; ДМ клиникалық тәжірибеде дәлелденген және науқастың қажеттілігі мен талабына сай жасалған ең жақсы ғылыми дәлелдемелердің интеграциясы” Дәлелді медицина (ДМ) – медициналық көмектің және барлық денсаулық сақтау жүйесінің сапасын жақсарту үшін өмірлік маңызы бар медицинаның дамып келе жатқан бағыты. Дәлелді медицина тәжірибесі- ол өмір бойы жалғасатын процесс. Ол науқасқа көмек көрсету барысында клиникалық маңызды ақпаратты алуға, диагностикалауға, болжам жасау, емдеу, алдын алу және т.б проблемалардың шешіміне сұраныс пайда болып отыратын өзін-өзі оқытудың үздіксіз процесі…» Дэвид Сакетт және басқалар 1997ж. Ғылыми-дәлелді медицина шешім қабылдау бостандығына кепілдік береді, егер ол шешіміңіз түсінікті және дұрыс қабылданатын болса; Ғылыми-дәлелді медицина медициналық көмектің сапасына жақсы жағынан әсер етуі мүмкін, егер дәрігерлер мен басшылар оның мақсаттарын дұрыс пайдалана отырып,бірге жұмыс жасаса; ДМ-әдебиеттердегі мәліметтерді сүзіп, нақты дәлелдерге және жеке тәжірибені ескере отырып, дәлелденген дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді. ДМ- клиникалық зерттеулердің шынайылығын және олардың нәтижелерінің медициналық тәжірибеде қолданылуын бағалайтын ғылыми методология. ДМ -нің маңызды принципі– сенімді деген ақпараттарға сүйене отырып, медициналық шешімдерді қабылдау. Дәрілердің спецификалық әсер ету механизмі болуы керек. Олар белгілі бір ауру кезінде сынақтан өткізілуге тиісті. Дәрінің әсер ету уақыты дұрыс анықталған болуы керек. Көп жағдайда дәрінің нәтижесі байқалуы керек. Клиникалық сынамалар адамдарға жүргізілуі керек, себебі арыстанға немесе жылқыға жасалған сынамалар ол дәрілік препараттың адам ағзасына әсері жайында мәлімет бере алмайды.

Ибн Сина /987-1037 «Каноны Медицины»

20-шы ғасырда клиникалық зерттеулердің дамуы,атап айтқанда рандомизацияланған клиникалық бақылау(РКБ) методологиясының жетілуі қазіргі таңдағы ДМ-нің дамуына негіз болды. 20-шы ғасырдың екінші жартысындағы медицина ғылымының қарқынды дамуы медициналық білімнің кеңеюіне әкеліп, диагностика мен емдеу саласындағы зерттеулерменұсыныстарды бағалауда мәселелердің пайда болуына әкеліп соқтырды.(эпидемиолог Арчибальд Кокранның «Действенность и эффективность» деп аталатын шолуында) Клиникалық тәжірибеге клиникалық зерттеулердің енгізілуіне 1972 жылы баспаға шыққан «Денсаулық сақтау туралы кездейсоқ ойлар» түрткі болды.Оның негізгі принципі –денсаулық сақтау ұйымының шектелген ресурстарын, дұрыс жүргізілген зерттеулер мен дәлелденген тиімді медициналық көмек түрлерін орынды қолдану.Ұлыбритания,Швеция,Нидерланды,Канада,АҚШ-та жаңа медициналық технологияларды бағалайтын агенттік ұйымдастырылды.Бұл агенттіктердің міндеттердиагностикалау мен емдеудің жаңа әдістері туралы бар ақпараттарды жан –жақты зерттеп, сын көзбен бағалау. 20-шы ғасырдың 90-шы жылдары ДМ-нің негізгі талдау әдістері болып табылатын жүйелі шолулар мен мета –анализді жүргізу методологиясы пайда болды.Медициналық зерттеулерде ғылыми принциптер маңыздылығының жоғарылауы 20-ғасырдың 80-90-шы жылдары дәлелге негізделген медицина(evidence-based-medicine) немесе дәлелді медицина деп аталатын бағыттың пайда болуына әкелді. 1990жылы Мак Мастер университетінің (Торонто Канада) ғалымдарымен(evidence-based-medicine) «Дәлелге негізделген медицина» -деген ұғым енгізілді(Дэвид Сакет ұсынған атау). Қазіргі кездегі белгілі бір клиникалық мәселені шешу үшін ғылыми ақпаратты жинау, талдау және бағалау концепциясы бар.Бұл концепция «Дәлелді медицина»- деп аталады.

СҰРАҚ: ДМ-ді оқытудың қажеттілігі неде? Науқастар ең тиімді, нәтижесі ең жақсы ем алады.Пайдасы аз емнің түрі қолданылмайды және ол туралы ақпарат жасырын болмайды. Пайдасы зор емнің түрлері тәжірибеге тез енгізіледі. Дәрігерлер қолданылып жатқан тәжірибе нақты ғылыми зерттеу негізінде жасалғанына сенімді Науқастың мүддесі,ерекшеліктері ескеріледі Заңды қорғалған шешім- ең жақсы дәлелдемелерге сүйене отырып жасалған ДМ әдістерін үйрене отырып, Сіз аз тәжірибелі мамандардың көмегіне,олардың ойына тәуелді болмайсыз. Жеке клиникалық проблемаларды шешкен кезде,Сізге әдебиеттерде жарияланған мағлұматтарды қолдануға,олардың шынайылығы мен маңыздылығын бағалауға мүкіндік туады. Сіздің алдыңызда медицинадағы ең маңызды,нақты ақпаратты қолдануға мүмкіндік ашылады. Г. Гайятт, Д. Ренни, 2003 ДМ әдістерін үйрене отырып,сіз кез-келген тілдегі медициналық мақалаларды түсіне аласыз, шаблон бойынша жұмыс істеуден толық босайсыз. Сіз өзінің дәрілік препараттарын жарнамалаудан жалықпайтын фармацевтикалық компаниялардың диктатынан және нәтижесін бағалауға сіздің мүмкіндігіңіз жоқ, жаңа емдеу әдістері жайында көп естіген науқастардың қысымынан босайсыз. Дәлелді медицина ескі қалыптасқан дағдыны жойып,бізді өзгерістерге дайындайды. Өзгеріс динамикасы қазіргі дәрігерлерден және басқа да денсаулықсақтау ұйымының қызметкерлерінен нақты ақпаратты қайдан,қалай алу керектігі жайлы дағдыны білуді талап етеді. СҰРАҚ: Клиникалық эпидемиологияның эралары. Олар туралы не білеміз? Клиникалық эпидемиология - бұл қатаң ғылыми әдістерді қолдана отырып, аурулар тобын зерттеу арқылы, ұқсас клиникалық жағдайлардағы ауру ағымын зерттеу негізінде, әрбір науқас сырқатының нақты ақыр- соңын болжауға мүмкіндік беретін ғылым.Өзінің атына сай бұл ғылым «клиникалық», себебі негізінен клиникалық сұрақтармен клиникалық шешімдерге жауап береді және өте сенімді фактыларға сүйенеді, оған қоса ол «эпидемиология» деп аталады, себебі нақты науқастарға көмек көптеген адамдардың ауруының ағымына талдау жасау арқылы негізделеді. Клиникалық эпидемиология – негізінен белгілі бір ауруы бар топтағы науқастардың ауруының ағымына қарау- қатаң ғылыми зерттеулер жүргізу арқылы әрбір пациенттердің болашағын нақты анықтауға мүмкіндік беретін ғылым. Эпидемиологияның дамуында 3 эра бар: санитарлық статистика инфекциялық аурулардың эпидемиологиясы барлық аурулардың эпидемиологиясы Санитарлық статистика – бұл адам ауруының негізгі себебі анық болмағанда, оны миазм теориясымен байланыстырған: су, ауа және жердің залалды әсерінен улану. Аурудың таралуының алдын алу және ауру ошағына қарсы іс-шараларды ұйымдастыру үшін аурушаңдықты тіркеу қажет болды. Микробиология дамуымен қатар инфекциялық аурулардың эпидемиологиясы да дамыды. ХХ-шы ғасырдың ортасында эпидемиология енді барлық аурулардың дамуын және себептерін зерттей бастады. Бұл даму «қара жәшік» теориясы болып аталды, яғни ішкі әсері бар «кіріс» (вход)- деп қаралса, ал аурудың дамуын «шығыс» (выход)- деп қараған, бірақ объектінің ішінде болып жатқан процесс бізге беймәлім Эпидемиология – бұл инфекциялық аурулардың туындау себебін, таралу заңдылығын зерттейтін және оларға қарсы күресіп, алдын алу жұмысын жүргізетін медицинаның бір саласы (М.: Астрель 2004ж). Клиникалық эпидемиологияның негізгі мақсаты - жүйелік және негізгі қателерді жібермей отырып,әділетті қорытындыларды жасауға мүмкіндік беретін клиникалық бақылау әдістерін дайындап,оларды қолдану. Клиникалық эпидемиологияның мақсаты- клиникалық тәжірибедегі диагностикалық тестілердің маңыздылығын және қалыпты деңгей шектерін анықтау, аурудың ағымы мен оның ақыр –соңын болжау,емнің тиімділігін және жанама әсерлерін анықтау, аурудың алдын алу,клиникалық бақылаудың және алынған мағлұматты талдаудың тәсілдерін енгізе отырып, дұрыс шешім қабылдауды қамтамасыз ету. «Клиникалық эпидемиология» термині эпидемиолог Арчи Кокран есімімен байланысты, ол ауру клиникасын және емнің тиімділігін бағалау үшін барлық клиникалық зерттеулердің нәтижесін жалпылайтын эпидемиологиялық әдістерді қолданған. Клиникалық эпидемиология – бұл күрделі ғылым, биомедицинадағы жаңа бағыт және дәлелді медицинаның негізі болып табылады. Р. Флетчердің әріптестерімен берген анықтамасы бойынша «Клиникалық эпидемиология» аурудың диагностикасын, таралуын, шынайы ағымын, емін және аурулардың алдын алу іс -шараларын зерттейді. Клиникалық эпидемиология клиникаға тән сұрақтар қойып, сенімді факторларға негізделіп клиникалық шешім қабылдайды. Клиницистің тәжірибесі мен аурудың даму механизмінің ерекшелігін ескере отырып, келесі аталғандарды есте ұстау қажет: көп жағдайда белгілі бір науқасқа диагноз қою, оның ауруын емдеп, ақыр-соңын болжау нақты анықталмаған, тек мүмкіндіктер арқылы білінеді; белгілі бір науқастағы бұл мүмкіндіктерді дәрігер өз тәжірибесінде сол науқастың ауруына ұқсайтын клиникалық жағдайларды салыстыра отырып бағалайды; клиникалық бақылауларды біліктілігі әр түрлі, жеке пікірлері бар дәрігерлер жүргізетіндіктен, олардың нәтижелерінде жүйелі қателіктер мен қате қорытындылар болуы мүмкін; клиникалық бақылауларда (басқа да бақылаулардағы сияқты) кездейсоқ жағдайлар болуы мүмкін; қате қорытындыларды шығармау үшін дәрігерлер жүйелі қателіктерді төмендету әдістерімен кездейсоқ қателіктерді тіркеуді қолдана отырып, қатаң ғылыми принциптерге негізделген зерттеулерге жүгінуі керек. Аталғандардың барлығы клиникалық эпидемиологияның ережелері. Клиникалық эпидемиология – негізінен белгілі бір ауруы бар топтағы науқастарды ауруының ағымына қарау қатаң ғылыми зерттеулер жүргізу арқылы нақты, әрбір пациенттердің болашағын анықтауға мүмкіндік беретін ғылым. Клиникалық эпидемиологияның мақсаты – дұрыс қорытынды жасауға бағытталған клиникалық бақылаулардың нұсқаулары мен қолдану тәсілдерін іске асырудың мүмкіндігін қалыптастыру және жүйелі кездейсоқ қателердің әсерін болдырмау.Ол дәрігерге дұрыс шешім қабылдау үшін әртүрлі ақпараттар алуға мүмкіндік тудырады. Өзінің атына сай бұл ғылым «клиникалық», себебі негізінен клиникалық сұрақтармен клиникалық шешімдерге жауап береді және өте сенімді фактыларға сүйенеді. Оған қоса ол «эпидемиология» деп аталады. Себебі нақты науқастарға көмек осындай көптеген адамдардың ауруының ағымына талдау жасау арқылы негізделеді. Дәрігердің негізгі жұмысы белгілі, нақты науқасқа көмек болғандықтан, олар осындай ауруы бар басқа науқастарды топтастыруға ниетті болмайды және осындай аурулары бар науқастарға, ол басқа медицина ұжымына қарасты болса,оған мән бермейді. Ал аурудың клиникалық болжамын тек аурудың биологиялық механизмдеріне сүйене отырып жасау- гипотеза есебінде қаралады, сондықтан кез келген дәрігерге қазіргі медицинаның жетістігіне сүйенген клиникалық эпидемиологияны ғылымның маңызды, негізгі түрі- деп есептеген жөн болады. Клиникалық сұрақтар Төмендегі кестеде клиникалық эпидемиологияның негізгі сұрақтары көрсетілген. Талқыланатын тақырып Сұрақ 1 2 Қалыпты ауытқу Пациенттің дені сау ма, ауыра ма? Диагноз Аурудың диагнозын анықтауға бағытталған тәсілдердің дәлдігі қандай? Жиілігі Осы ауру қандай жиілікпен кездеседі? Қауіптілігі Ауру ағымының қауіптілігі қандай факторларға байланысты? Болашағы Аурудың зардабы, болжамы қандай? Емі Ауруды емдегенде ағымы қалай өзгереді? Профилактикасы Дені сау адамдардың ауруының алдын алғанда ауыртпауға бола ма? Ауруды ерте анықтап емдегенде, оның ағымы жақсаруы мүмкін бе? Себебі Ауруға қандай факторлар әсер етеді? Оның патогендік механизмдері қандай? Құны Аурудың емі қанша тұрады? Аурудың болжамы 1 2 Өлім-жітім Ақыры жаман, егер өлімі кенеттен болса. Ауру-сырқаулық Ауырғандық белгілері бар, физикалық және лабораториялық деректер қалыптан өзгерген. Дискомфорт Ауру сезімі, жүректің айнуы, демікпе, қышыма, құлақтың шуылы т.б. белгілер бар. Мүгедектік Қоғамның, үйдің жұмысына, өзіне-өзі көмек көрсете алмау Қанағаттанбаушылық Науқастың жасалып жатқан емге эмоциялық реакциясы – ашу мен жабырқау болуы мүмкін. СҰРАҚ: Клиникалық эпидемиологияның негізгі принциптері қандай? КЭ-нің негізгі принципі – бұл зерттеуде белгілі бір клиникалық нәтижені бағалау. Клиникалық нәтиже төмендегідей болады: өлім (Death), ауру (Disease), дискомфорт (Discomfort), инвалидизация (Disability), қанағаттанбағандық (Dissatisfaction) – (ағылшын тілінде – 5 D). Клиникалық нәтиже жанама (суррогаттық) және тікелей болып бөлінеді. Жанамаға қандай да бір зерттелген көрсеткіштердің оң нәтиже беруі жатады (мысалы, төмендеген артериялық қысымның жоғарылауы,), қандағы биологиялық субстанцияның деңгейі қалыпты жағдайда болуы, ферменттердің белсенділігінің қалпына келуі және т.б.). Суррогатты соңғы нүкте клиникалық тиімділіктің немесе терапиялық іс-шара зияндылығының тура көрсеткіші болмайды, бірақ сирек кездесетін және соң болатын нәтижені болжауы мүмкін. Тікелей критерийге мыналар жатады: сауығу, өлім-жітімнің азаюы және асқынуы, ауруханада емделу мерзімінің қысқаруы, өмір сүру сапасының жақсаруы, асқынудың алдын алу. Клиникалық эпидемиологияда клиникалық құбылысты зерттеу үшін сандық тәсіл қолданылады. Сандық тәсіл дәлелді нәтиже береді, яғни ол қателерді бағалауға, клиникалық нәтижені цифрлық эквивалентте білдіреді. Зерттеу нәтижесін тәжірибеде қолдану үшін белгілі бір талаптарды сақтау қажет: статистикалық әдістердің мәліметтерін дұрыс пайдалану; зерттеудің сауатты таңдалған дизайны және дұрыс рандомизация әдісі КЭ-ның келесі принципі – бұл зерттеуді жүргізу үшін белгілі бір ерекшелігі бар популяцияны таңдау болып табылады. Популяция (population) – дегеніміз белгілі бір географиялық регионда тұратын адамдар тобы немесе белгілі бір ортақ белгісімен топтастырылғандар (мысалы; жасы 65-тен асқандар). Популяция халықтың бір бөлігі болуы мүмкін, мысалы белгілі бір клиникаға жатып шыққан немесе белгілі бір аурумен ауыратын адамдар тобы, сонымен жалпы популяция, госпитальдық популяция немесе белгілі бір нақты ауруы бар пациенттер популяциясы деп айтуға болады.Зерттеудің нақтылық дәрежесін жоғарылату үшін зерттелушілер белгілі бір демографиялық немесе ұқсас клиникалық белгілерімен топтастырылады.Зерттеуге алу немесе шығарудың критерийлері анық болуы керек және міндетті түрде орындалуға тиісті. Іріктеу (Sample) – сұрыптау арқылы алынған популяцияның бір бөлігі. Клиникалық зерттеулер әдетте іріктеумен басталып жүргізіледі де,содан кейін популяцияның практикалық себептерінің сипаттамасы беріледі. Сонымен қатар, зерттеуге алу және шығу критерийлері анық белгіленіп, әбден сипатталып және қатаң сақталу керек. Критерийді күнделікті тәжірибеде қолданып жүрген қол жетімді құралмен бағалау керек. Жүйелі қате немесе ауытқу (bias) – қорытындының шынайы мағынасынан жүйелі (кездейсоқ емес, тұрақты) түрде ауытқуы. Айталық А дәрісі Б дәрісінен жақсы әсер етеді десек, ал осы ұғым қате болса, сол қатенің жүйелі түрде ауытқуына қандай қорытындылар әсер етуі мүмкін? А дәрісі аурудың жеңіл түрлеріне тағайындалуы немесе А дәрісінің дәмі Б дәрісінен тәттілеу болуы, әйтпесе, А дәрісі жаңадан шыққан болса, науқастар мен дәрігер оны жақсы әсерлі деп ойлаулары мүмкін. Міне,жүйелі қателердің пайда болу мүмкіндігі анықталды. Жүйелі қателердің барлық зерттеулерде болуы шарт емес, сондықтан оның бар-жоқтығын анықтап және олардың зерттеудің нәтижесіне қалай әсер ететінін білу керек. Клиникалық бақылаудағы жүйелі қателер Іріктеуге байланысты жүйелі қате. Мысалы: салыстырып отырған топтағы науқастардың негізгі белгісі бірдей емес. Өлшеуге байланысты жүйелі қате.Мысалы: салыстырмалы топтардағы науқастардың көрсеткіштері әртүрлі өлшемдер арқылы анықталған. Әсер ететін факторларға байланысты жүйелі қате.Мысалы: әсер ететін бір фактор, екінші фактордың әсерін өзгертіп жіберуі арқылы туындайды. Зерттеушілер жүйелі қатемен күресу және оның әсерін болдырмау үшін қатені қайдан және қалай іздеуді білуге тиісті. Кездейсоқ қате Популяцияны іріктеу кезінде шынайы маңызды бірлі-жарым кездейсоқ қорытындының ауытқуын кездейсоқ вариация дейді, ол клиникалық бақылаудың кез келген сатысында кездеседі. Теориялық тұрғыдан алғанда, кездейсоқ қатені жөндеуге болады. Ол үшін клиникалық бақылауды дұрыстап жүргізу керек.,Кездейсоқ қатені болдыртпау кейде мүмкін болмайды, бірақ дұрыс жоспарлау мен зерттеулер арқылы оның әсерін төмендетуге болады. Сонымен, клиникалық эпидемиологияның негізгі мақсаты- барлық медициналық деректердің жиынтығын, жұмыс істеп жүрген дәрігерлерге ең соңғы жаңалықтарға сүйене отырып, (дәлелді медицинаға) жеткізу арқылы көмектесу. Зерттеудің нақтылығы мен дұрыстығын анықтаудың «3 киті»: жасырын рандомизация- зерттеуге алынатындар кездейсоқ жасырын іріктеледі, жеткілікті іріктеу –зерттеуге алынатындардың саны көп болу қажет, жасырын үш жақты зерттеу Дұрыс ұйымдастырылған зерттеу жүйелі қатенің болмауын қамтамасыз етеді. Зерттеудің қорытындысын жалпылау- сыртқы сипаттама, басқа топтағыларға зерттеудің нәтижесін қолдану жиілігі қаншалықты екенімен анықталады.

СҰРАҚ: Клиникалық эпидемиологияда қандай әдістер қолданылады? Негізгі әдіс- салыстыру. Математикалық формулалар арқылы төмендегідей көрсеткіштер анықталады: мүмкіндіктер (шанс) қатынасы.Ол- әрекеттің негізгі топта болу мүмкіндігінің бақылау тобында болу мүмкіндігіне қатынасы қауіп-қатер қатынасы. Ол- қауіп факторы әсеріне ұшырағандардың аурушаңдығының қауіп факторы әсеріне ұшырамағандардың аурушаңдығына қатынасы. Тестілеу әдісі- пациенттерге алғашқыда бір тест(зерттеу) жасалады, содан оң нәтиже алғандарға екінші түрлі тест(зерттеу) жасау арқылы спецификалық сезімталдығын арттырады. Экспериментальдық әдіс- гипотезаларды тексеру, жобаларды ұйымдастыру

 

СҰРАҚ: Бақылау және сұрастыру әдісіне не жатады? Бұл әдістерді толықтыру және тереңдету үшін арнайы зерттеулер қолданылады. Мысалы: белгілі бір мамандықта істейтіндердің аурушаңдығы туралы толық мағлұмат алу үшін осы контингенттерді медициналық тексерістерден өткізгендегі алынған нәтижелер қолданылады. Аурушаңдыққа, өлім-жітімге, физикалық дамуға әлеуметтік-гигиеналық жағдайының әсері қаншалықты екенін білу үшін арнайы бағдарлама бойынша сұрастыру әдісі(интервью, сұрақнама) қолданылады.Сол сияқты сұрастыру әдісі пациенттің жағдайы туралы қосымша ақпарат алуға көмектеседі. Скрининг әдісі бойынша тексеру сұрастыру, лабораторлық, физикалық және басқа да тез орындалатын іс-шараларды қолданып, науқастың белгілі бір аурудың қауіп факторын немесе ауруды ерте сатысында анықтауға көмектеседі.Сонымен, скрининг жүргізудің мақсаты- аурудың біріншілікті және екіншілікті алдын алу. Бұл зерттеудің сипаттау түріне, оның ішінде көлденең зерттеуге жатады.

 

СҰРАҚ:. ДМ-де клиникалық зерттеулер қалай жіктеледі? Ұйымдастырылуына және орындалуына байланысты клиникалық зерттеулер 2-ге бөлінеді: 1) обсервациялық 2) экспериментальдық 1)Обсервациялық зерттеуде болып жатқан құбылыстарға ешқандай іс-әрекет жасамай, тек бақылау жүргізіледі. Ол 2 түрге бөлінеді: а) анализдік(сараптау) - оған жағдай бақылау, когорттық зерттеу жатады. Этиология, себеп-нәтиже байланысы және болжам зерттеледі. Сол сияқты, ауру ағымына ешқандай іс-әрекет жасамай сырттай бақылау жасау арқылы гипотезаның орындалу мүмкіндігі бағаланады. б) сипаттау- бір жағдайды сипаттау, бірнеше жағдайды сипаттау, көлденең зерттеу жатады. Аурудың дамуына бақыланбайтын факторлардың әсері зерттеледі.Әр түрлі гипотезалар жасалады. Жеке жағдайды сипаттау: -емдеудің алғашқы сатыларында ғана қызығушылық тудырады -сирек кездесетін ауру кезінде ақпарат көзі болуы мүмкін Бірнеше жағдайды сипаттау: - салыстыру топтарынсыз ашық зерттеу - емнің нәтижесі жөнінде жақсы сипаттама береді, бірақ оны дәлелдемейді -ауру ағымының заңдылығын оқытуға мүмкіндік береді -негізгі кемшілік – салыстыру тобының жоқтығы

 

СҰРАҚ: Экспериментальдық клиникалық зерттеулер қандай мақсатта қолданылады? Экспериментальдық клиникалық зерттеулер кісілерге жасалады.Эксперименттің барлық шарттары хаттамада беріледі. Экспериментальдық клиникалық зерттеулер 2 -ге бөлінеді: 1) Бақыланатын түрі- бақылау және тәжірибе топтары болады. Дәлелділіктің дәрежесін арттыру үшін бақылау тобындағылардың клиникалық нәтижесі тәжірибе тобының нәтижесімен салыстырылады. 2) Бақыланбайтын түрі- бақылау тобы болмайды. Ауру ағымы кезіндегі клиникалық ақпараттар жиналады Бақыланатын түрі 2-ге бөлінеді: а) рандомизирленбеген б) рандомизирленген- бір жақты жасырын,екі жақты жасырын, үш жақты жасырын, мультицентрлік болып бөлінеді. Іс-әрекет қолдануға байланысты: зерттеу іс-әрекет қолданылатын және іс-әрекет қолданылмайтын болып бөлінеді. Іс-әрекет күрделілігімен және тәжірибеде қолдануға болатындығымен ерекшеленеді. Уақытқа байланысты зерттеулердің бөлінуі: А) Көлденең зерттеу- объект бір кезеңде бір рет зерттеледі. Ол- белгілі бір кезеңдегі аурудың таралуын қарастыратын зерттеу. Артықшылықтары: үнемді көп уақыт алмайды қауіп факторларын анықтауға бағытталған бірінші қадам Кемшіліктері: барлық уақытта сенімді, нақты емес аурудың себебі жайында дұрыс түсініктеме бере алмайды диагноз жайындағы сұраққа жауап ретінде жақсы келеді Б)Ұзыннан ұзақ(продольные)- белгілі бір уақыт аралығында істелінетін зерттеу. Мәліметтерді жинау уақытына және топтарды құрастыру ерекшелігіне байланысты 2-ге бөлінеді: А) проспективті- мәліметтерді жинау зерттеуге дейін басталып,талдау жасағанға дейін созылады.Зерттеуге алынатын топ мәліметтерді жинауға дейін құрастырылады. Б)ретроспективті- зерттеуге алынатын топ мәліметтерді жинаудан кейін құрастырылады. Барлық зерттеулер біріншілік және екіншілік болып 2-ге бөлінеді: Біріншілік зерттеулер - автор өзінің жүргізген зерттеу түрін және оның қорытындысын өзі сипаттайды, ол 3 категорияға бөлінеді: 1) эксперименттер - өзі келісім бергендерге немесе жануарларға тәжірибе жасалады. 2) клиникалық сынау - пациенттерге жасалады және олар тұрақты бақылауда болады. 3) зерттеулер - белгілі бір топтағы пациенттердің немесе кезкелген топтағы кісілердің денсаулығының көрсеткіші өлшенеді, анықталады. Екіншілік зерттеулер - біріншілікті зерттеулердің нәтижелерін жинақтап,топтастырып және солардың негізінде қорытынды шығарылады. Екіншілік зерттеулер де бірнеше түрлерге бөлінеді: 1)шолу - біріншілікті зерттеулердің қорытындысын топтастырып жинақтайды. 2)клиникалық нұсқаулар - дәрігерлердің іс-әрекетінің талаптарына қатысты біріншілікті зерттеулердің қорытындысын құрастырады. 3)шешімді қабылдауға талдау жасау - біріншілікті зерттеулер қорытындысының негізінде денсаулық сақтау жүйесін басқару, ресурстарды бөлу жөнінде мүмкін болатын жолды құру, дәрігерлердің, басшылардың емдеу әдісін таңдау және ресурстарды бөлу шешімдерін құрастыру, 4)экономикалық талдау - біріншілікті зерттеулердің нәтижесін пайдалана отырып, қолданылатын іс-әрекетке қаражатты дұрыс бөлу жөнінде шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Зерттеу жүргізу түріне байланысты 2-ге бөлінеді: 1)ашық - істелетін зерттеу жасырынсыз өтеді 2)жасырын - істелетін зерттеу әр түрлі дәрежеде жасырын өтеді

 

СҰРАҚ: Зерттеудің дизайны оның мақсатымен қалай байланысты? қойылған сұраққа нақты дұрыс жауапты қандай зерттеу беретінін көрсететін кесте. Диагностика туралы Бір кезеңді зерттеулер Таралуы туралы Бір кезеңді зерттеулер Пайда болу жиілігі(ауру/нәтиже) Когорттық зерттеулер Қауіп факторы Когорттық зерттеулер, жағдай бақылау Болжамы Когорттық зерттеулер Емі Клиникалық сынаулар Профилактика Клиникалық сынаулар Себеп Когорттық зерттеулер, жағдай бақылау

 

СҰРАҚ: Дәлелділік дәрежесіне байланысты зерттеулердің бөлінуі: (дәлелділіктің иерархиясы) 1) Жүйелі шолу және мета-анализ 2) РКЗ белгілі нақты нәтижелерімен - сенімді интервал клиникалық маңызды әсер(эффект) шегінен шықпайды 3)РКЗ нәтижесі нақты емес - сенімді интервал клиникалық маңызды әсер шегінен шығады 4) Когорттық зерттеу 5)Жағдай - бақылау 6) Көлденең зерттеу 7)Бірнеше жағдайды сипаттау 8)Бір жағдайды сипаттау Жүйелі шолу және мета-анализ РКЗ белгілі нақты нәтижелерімен РКЗ нәтижесі нақты емес Когорттық зерттеу Жағдай - бақылау Көлденең зерттеу Бірнеше жағдайды сипаттау Бір жағдайды сипаттау Иерархияның ең төменгі сатысы бір жағдайды сипаттау, бірнеше жағдайды сипаттау.зерттеудің ең ескі және жиі кездесетін түрі. Сапалық зерттеуге жатады, жаңа ауру немесе проблема,сирек кездесетін клиникалық жағдай жөнінде мағлұмат береді. Бұл зерттеулер жоспарланбайды, керісінше,кездейсоқ пайда болады.(Эренштейн В. 2006ж)Клиникалық зерттеулердің бай қоры болып табылады және ауру ағымын анықтап, ағзаның функциональды жағдайы жөнінде мағлұмат береді. Бір жағдайды сипаттау сирек кездесетін жағдай. Бірнеше жағдайды сипаттау- бұл зерттелген топтардың нәтижесіне статистиканы және белгілі бір заңдылықты қолдану мүмкін болатын зерттеу. Бұл зерттеулердің салыстыру тобы жоқ, сондықтан кездейсоқ және жүйелі қателер жиі кездесуі мүмкін. Бұл зерттеу кезкелген уақытта және аурудың әртүрлі сатысында жасалуы мүмкін. Журналдағы мақала Науқастар Ауру туралы мәлімет Бір кезеңді немесе көлденең зерттеу- әрбір зерттелушіні белгілі бір уақыт аралығында бір рет тексереді де, ауруына сипаттама беріледі, бірақ даму процесі зерттелмейді. Зерттеудің мақсаты-симптоматикасын нақтылау, кейбір симптомдардың диагнозбен және ауырлық дәрежесімен байланысын анықтау. Аурудың таралу жиілігі,ағымы, диагностикасының нақтылығы анықталады. Бұл зерттеу түрі қарапайымдылығымен және шығын аз жұмсалуымен ерекшеленеді. Ал кемшілігі- таңдаудың, іріктеудің қиындығы, өйткені ол ситуацияға сәйкес келуі керек.Сол сияқты болжам ретінде көмегі аз.

 

СҰРАҚ: Жағдай бақылау дегеніміз не? Оның артықшылықтары,кемшіліктері Жағдай бақылау-анализдік(сараптау) ретроспективті зерттеулерге жатады.Популяциядан зерттелетін ауруы бар және ауруы жоқ кісілер іріктеліп алынады.Зерттеуге 2 топ алынады: 1)тәжірибе тобы зерттелетін ауруы бар 2) бақылау немесе салыстыру тобы зерттелетін ауруы жоқ Зерттеуге қатысатындарды архив материалдарынан алады немесе сұрастыру арқылы іріктейді, сосын болжанған фактордың әсерін, аурудың себебін ретроспективті зерттейді. Бұл зерттеу аурудың этиологиясы туралы гипотезаны тексеруге көмектеседі. Алғашында аурудың жағдайын анықтайды (зерттеліп жатқан ауру анықталған науқастарды таңдау) Қауіп факторы жайында мүмкін болатын ретроспективті гипотеза анықталады Аталған ауруы жоқ, бірақ басқа белгілері бойынша ұқсас келетін бақылаудағы науқастар тобын анықтап алады Осы топтарда қауіптілік факторының бар немесе жоқтығын анықтайды Зерттеу кезінде барлық қорытынды белгілі Сирек жағдайларды зерттеуге,сонымен қатар зерттеу кезінде тез қорытынды алуға қолайлы Этиология жайындағы сұраққа жауап ретінде жақсы келеді «Жағдай-бақылау» зерттеуінің артықшылықтары: Зерттеудің орындалуы жеңіл, арзан,жылдам. Ұзақ уақытты керек етпегендіктен тез таралатын (вспышка) ауруларды зерттеуде көмек береді. «Жағдай-бақылау» зерттеуінің кемшіліктері: Зерттеуге қатысатындарды таңдауда жүйелі қате кетуі мүмкін Барлық талаптарға жауап беретін бақылауға қажетті жағдайдың санын табу қиын. Ретроспективті ерекше көріністер арасындағы уақытша байланысты нақты тіркеуге мүмкіндік бермейді Бағалаудағы мүмкін болатын қателіктер Салыстыру топтарын «жасанды» жинақтау СҰРАҚ: Когорттық зерттеу дегеніміз не? Оның артықшылықтары мен кемшіліктері. Когорттық зерттеу- анализдік(сараптау) проспективті зерттеулерге жатады. Себептің және қауіп факторының аурудың болжамымен байланысын зерттейді. Қауіп факторы- аурудың пайда болуына әсер ететін факторлар.Мысалы: АГ ауруының қауіп факторлары-гиподинамия, гиперхолестеринемия, тұқымқуалаушылық, шылым шегу т.б. 2 топ алынады: а) қауіп факторы әсер еткен топ б)) қауіп факторы әсер етпеген топ Осы 2 топ ұзақ уақыт бойы зерттеледі және алынған мәліметтер салыстырылады(зерттелетін нәтиже бойынша) Ол үшін қажетті ақпараттар күні бұрын анықталып, толық көлемде жиналады.Сосын зерттелетін қауіп факторының туындайтын нәтижемен(аурумен) қандай байланысы бар екені анықталады. Классикалық когорттық зерттеу үшін әр түрлі қауіп факторы әсер ететін 2 немесе одан да көп когорта іріктеліп алынады,бірнеше жыл бойы зерттеліп, жаңа клиникалық нәтижелер анықталады. Артықшылығы: Когорта – қандай да бір жалпы белгілерімен біріктірілген топ. (мысалы сау немесе аурудың белгілі бір сатысындағы адамдар) Үздіксіз бақылау процесінің қай жартысында ауру дамығаны анықталады Зерттеудің басында қорытынды белгісіз болады Қауіп факторының әсеріне душар болғандардың ағымын проспективті зерттейді Қорытындыны бағалау үшін көптеген жылдар бойы бақылау қажет «Жағдай-бақылау» зерттеуімен салыстырғанда қымбатырақ Уақыт ағымы бойынша өзгерістерді бақылауға болады Бір фактордың әсеріне байланысты бірнеше қорытынды алуға болады Бір нәтижеге әсер ететін бірнеше факторларды анықтауға болады. Зерттеудің мақсатын анықтайтын сұрақ қарапайым.Мысалы:б елгілі бір фактордың әсеріне душар болғандар ауыруы мүмкін бе? Нәтижесі белгілі болғанда туындайтын жүйелі қатені болдыртпайды Кемшіліктері: Көп уақытты қажет етеді Сирек кездесетін ауруларға арналмаған Когорттық зерттеудің негізгі кемшілігі – сирек қорытындыларды зерттеу үшін үлкен топтарды ұзақ уақыт бойы бақылау керек Қаражатты көп қажет етеді 100% бақылау мүмкін болмайды,өйткені уақыт өткен сайын зерттелетін фактордың әсері мен сипаты өзгеруі мүмкін.

 

СҰРАҚ: Жағдай бақылау мен когорттық зерттеудің ұқсастықтары мен айырмашылықтары Когорттық зерттеу Жағдай бақылау Қауіп факторының әсеріне душар болғандарды анықтаудан басталады. Қауіп факторының әсеріне душар болғандарды анықтау міндетті емес Оқиға іріктелмейді, үздіксіз бақылаудың нәтижесінде анықталады. Оқиғаны пациенттердің арасынан зерттеуші өзі таңдап алады Бақылау тобы іріктелмейді, табиғи жолмен құрастырылады Тәжірибе тобына ұқсас бақылау тобы іріктеліп алынады Әсер ететін фактор ауру пайда болғанға дейін бағаланады. Әсер ететін фактор ауру пайда болғаннан кейін бағаланады. (өткенді еске түсіру) Қауіп-қатердің әсері және аурушаңдық тікелей бағаланады Қауіп-қатердің әсері және аурушаңдық тікелей бағаланбайды, оны тек қана мүмкіндікке (шанс) байланысты бағалауға болады. проспективті ретроспективті

СҰРАҚ: Бақылау тобы дегеніміз не? Оны құрастырғанда сақталатын ережелер. Бақылау тобын құрастыруға жауапкершілікпен қарау керек,өйткені жоспарланған зерттеудің ең маңызды бөлігі болып есептеледі. Бақылау тобын құрастырудың бірнеше ережесі бар: - бақылау тобын оқиға кездесетін популяциядан іріктеп алады - іріктеп алынған бақылау тобы мезгілі бойынша тәжірибе тобымен сәйкес келуі керек. -бақылау тобы мен тәжірибе тобын іріктеу критерийлері бірдей болуы керек. Зерттеудің сапасын арттыру және нәтижесін бағалау үшін әртүрлі әдіспен іріктелген бірнеше бақылау тобын алуға болады. Бақылау ретінде емдеуге дейінгі науқастың өзін алуға болады. СҰРАҚ:: «Алтын стандарт» деп қандай зерттеу түрін айтады? Қазіргі заманғы клиникалық зерттеулер- гипотеза, эксперимент және кісілерге істелетін зерттеулер. Соңғысына рандомизирленген клиникалық зерттеулер жатады (РКЗ, РКИ) және бұл зерттеудің түрі «Алтын стандарт» - деп те аталады. Бұл проспективті экспериментальды бақыланатын зерттеу профилактика, диагностика және емнің нәтижесін бағалау үшін істеледі. Зерттеуге қатысатындарды іріктеу клиникалық зерттеудің хаттамасына сәйкес болуы керек.Рандомизация әдісімен негізгі топ немесе тәжірибе тобы және бақылау тобы(стандартты ем алатын топ) құрастырылады. Рандомизация(rаndom)- ағылшын тілінен аударғанда кездейсоқ таңдау немесе кездейсоқ іріктеу. Ол жүйелі қатені азайтады.Бақылау тобындағылар «плацебо» ем алады.Плацебо- түрі, иісі, дәмі бойынша зерттелетін дәріден айырмашылығы жоқ және ағзаға ешқандай спецификалық әсері жоқ ем. Қарама-қайшы(перекрестное) зерттеуде бақылау тобы мен тәжірибе тобы орын ауыстырады.(алатын дәрілері немесе зерттеу түрі) Бұл әдіс топтар арасындағы айырмашылықты азайтады, бірақ уақытқа байланысты патологиялық процестің өзгеруінен болатын қателердің саны артуы мүмкін.

 

СҰРАҚ: РКЗ (РКИ) қандай түрлері бар?Артықшылықтары мен кемшіліктері. Рандомизирленген зерттеулер «ашық» және «жасырын» болып бөлінеді. «Ашық» рандомизирленген зерттеулерде рандомизация жасалғаннан кейін пациент пен дәрігер қандай емдеу әдісі қолданылатынын біледі. «Бір жақты жасырын» рандомизирленген зерттеулерде науқас қолданылатын ем түрін білмейді, бұл жөнінде пациент зерттеуге келісімін бергенде айтылады.. «Екі жақты жасырын» зерттеуде пациент те, дәрігер де қандай емдеу әдісі қолданылатынын білмейді. «Үш жақты жасырын» зерттеуде пациент те, дәрігер де, зерттеудің нәтижесіне статистикалық өңдеу жасайтын зерттеуші де қандай емдеу әдісі қолданылатынын білмейді. Қазіргі кезде «Алтын стандарт»- деп «Екі және үш жақты жасырын»зерттеулерді айтады.Сол сияқты зерттеулер бір орталықта немесе бірнеше орталықта жүргізілуі мүмкін. Бірнеше орталықта жүргізілетін зерттеулер үшін аз уақыттың ішінде пациенттерді көп іріктеп алуға болады. Рандомизирленген бақылаулы зерттеулердің артықшылықтары,кемшіліктері: рандомизирлеу – науқастарды сынақ және бақылау тобына кездейсоқ бөлуді қамтамасыз ететін процедура рандомизирлеу топтар арасында айырмашылықтың болмауын қамтамасыз етеді. Артықшылықтары: зерттеудің нәтижесі зерттеушілердің пікіріне тәуелді емес, жүйелі қатенің әсері айтарлықтай емес, топтар арасында айырмашылық болмайды зерттеудің ең сенімді, нақты әдісі барлық белгілі және белгісіз факторларға бақылау жасайды мета-анализ жүргізу мүмкіндігі үлкен Кемшіліктері: бағасы қымбат тұрады жүргізу методикасы қиын этикалық проблемалар болуы мүмкін Бақылау түрлері: плацебо-сынау нәтижесіз емді сынау әртүрлі препараттарды қатар сынау әртүрлі дозадағы бір препаратты сынау Рандомизирленбеген зерттеулер: науқастың анамнездік мәліметтерін зерттейді топтарды дәрігер құрады субъективтілік топтар толық құрылмаған топтар арасындағы салыстыру нақты емес шешімді дәрігер қабылдайды

 

СҰРАҚ: Екіншілікті зерттеулерге қандайлар жатады? Жүйелі шолу не үшін жасалады? Иерархияның шыңында екіншілікті зерттеулер – жүйелі шолу және мета анализ тұрады. Жүйелі шолу дегеніміз- барлық біріншілік зерттеулерді қазіргі заманғы әдістердің көмегімен зерттейтін және емдеудің нәтижесін, олардың сапасын жинақтап бағалайтын зерттеу. Ол ерекше клиникалық зерттеулердің қорытындылары жинақталатын ғылыми зерттеу. Жүйелі шолу- зерттеулердің жаңа нәтижелерін алған сайын тұрақты түрде жаңартылып отырылады. Жүйелі шолу істелетін іс-шараның пайдасын немесе залалын және оны қолдануға болатынын немесе болмайтындығын анықтайтын мәліметтерді жинақтайды. Жүйелі шолудың нәтижесінде кері әсер анықталуына байланысты кейбір іс-шараларды қолдануға болмайды. Артықшылықтары: нақты дәлелденген қорытынды алынады біріккен зерттеулердің статистикалық қуатын күшейту арқылы ғылыми дәлелдемелердің сенімділігін жоғарылатады әртүрлі нәтиже беретін біртекті зерттеуге қорытынды баға береді соңғы тұтынушы-дәрігерге арналған ақпараттың көлемін азайтуға мүмкіндік береді ең жақсы жалпы баға алу үшін дәлелдерді топтастырады Жүйелі шолулар не үшін керек? қазіргі кездегі бар мәліметті жинақтау гипотезаны жетілдіру зерттеуге қажетті тақырыптардың көлемін анықтау болашақ зерттеулердің жоспарын дайындау Жүйелі шолудың кезеңдері: Шолу тақырыбы бойынша барлық мақалаларды іздеу Барлық мақалалардың ішінен ең сенімдісін анықтау Мақаланы енгізілген критерий бойынша бағалау Зерттеу қорытындыларын біріктіру - сапалық - сандық - мета-анализ Қорытындыны бағалау

 

СҰРАҚ: Кокран Бірлестігі дегеніміз не? Кокран Бірлестігі- бұл халықаралық коммерциялық емес ұжым. Оның негізгі мақсаты - медициналық зерттеулердің соңғы нақты ақпараттарын жинақтау. Кокран Бірлестігі- емшаралы Ағылшын эпидемиологі А. Кокранның ДМ-ге сіңірген еңбегін ескеріп, Бірлестік сол ғалымның атымен аталады. ДМ-нің қажеттілігі 150 жыл бұрын сезілсе де, бұл бағыт біздің заманымызда ғана дами бастады. Тек интернет арқылы дәрігерлер миллиондаған клиникалық зерттеулерді оқи алады. Бірлестікте 3000 астам кісі жұмыс істейді, әлемде 15 орталығы бар.Қазіргі кездің талабына сай бақыланатын рандомизирленген клиникалық зерттеулердің рефераттары сақталады.Бұл дәрігерлерге өте үлкен көмек болады.Мысалы: - дәрігерлер мен медбикелердің жұмысының 30% ғана зерттеулермен негізделген - белгілі бір әдісті қолданғанда зиянды әсері байқалса да, оны жалғастырып қолдана береді -актовегин,ноотроптар, анаьгин осы уақытқа дейін қолданылады -дәлелденген пайдалы әдістер(кейбір дәрілер тобы) аз қолданылады Бірақ ДМ-нің дамуына байланысты медицинада көптеген пайдалы жаңа өзгерістер болуда.Кейбір аурулардың емдеуі мүлде өзгерді деуге болады. Мысалы: асқазанның жара аурулары, АГауруы, ревматойдты артрит т.б. Кокран Бірлестігі жүйелі шолуларға дайындық жұмысымен айналысады. Кокран Бірлестігінің негізі- Кокран кітапханасы.Ол – сапалы зерттеулер нәтижесі туралы мәліметтердің электронды базасы, ем-шаралардың пайдасының ғылыми негізделуін анықтау үшін табылмайтын ақпарат көзі.

 

СҰРАҚ: Мета анализ дегеніміз не? Мета-анализ -бірнеше клиникалық сынаманың біріктірілген қорытындыларының сандық анализі. Жеке сынамалардың статистикалық анализі Бірінші Мета – анализ- ХХ ғасырдың басы, Karl Pearson, ішек лихорадкасының алдын алудың нәтижелілігін зерттеген. Мета-анализ бірнеше зерттеулердің нәтижесін жалпылау және зерттеу нәтижелерінің дәлелділігін жоғарылату үшін қолданылады. Мета-анализ - бұл бір медициналық әрекетті бірнеше клиникалық зерттеулерден өткізіп, оның қорытындыларын біріктіріп, сандық талдау жүргізу.Талдаудың бұл түрі іріктеу көлемінің ұлғаюына байланысты әр жекеленген зерттеулерге қарағанда, статистикалық мүмкіндігі зор, сол сияқты емдеу,алдын-алу және диагностикалық шаралардың пайдалыларын таңдауда маңызды. Мета-анализдің 3 негізгі этапы бар: 1) таңдалған тақырып бойынша ең сенімді мақалаларды жинау 2) мақалалардың бұрын бекітілген критерийлерге сәйкестігін бағалау:зерттеу әдісі, мәліметтерді жинау әдісі, пациенттердің саны бойынша 3)көптеген зерттеулердің сандық нәтижесін біріктіру арқылы, жекелеген зерттеулерге қарағанда, статистикалық маңызы зор, бір үлкен зерттеу құрастырылады.Мета анализдің қорытындысы кесте(график) түрінде беріледі. Біздің кафедрада екіншілікті зерттеу түрлерін өткенде мета анализдер берілген бірнеше мақалалар талданады.(нормограмма түсіндірілгеннен кейін)Сондықтан мақала ағылшын тілінде болса да, зерттеудің нәтижесі кесте(график) түрінде берілгендіктен, студенттерге түсінікті. Мета-анализдің кезеңдері: анализдің негізгі мақсатын анықтау нәтижелерін бағалау әдістерін таңдау ақпараттарды жүйелі түрде іздеу сандық ақпараттарды жалпылау оны статистикалық әдістердің көмегімен талдау нәтижелерді интерпретациялау Мета-анализдің артықшылығы: бұл әдіс әртүрлі білім көздерінен алынған ақпараттарды ғылыми негіздеп, ұдайы толықтыру жолдарымен жалпылап отырады зерттеулердің статистикалық шынайы емес мәліметтерін біріктіргенде, шынайы мәлімет алынуы мүмкін жекеленген топтағы науқастар терапиясының нәтижелерін болжауға және болашақтағы зерттеулердің гипотезасын тексеруге мүмкіндік береді. мүмкін болатын қателерді болдыртпайды нәтижені тура бағалайды ашық жасалады Мета-анализдің кемшілігі: автор оң нәтижелерді баспаға жариялап, теріс нәтижелерді жасыруы- мета –анализ нәтижелерінің бұрмалануына әкеледі ақпаратты іздеуді соңына дейін жүргізбеу және білім көздерін дұрыс таңдамау нәтижелердің бұрмалану себептері болады. Мета-анализ жүргізу кезінде кездесетін қиындықтар: зерттеу түрлерін таңдау, табу ақпараттың біркелкі болмауы маңыздаы ақпараттың жоғалып қалуы салыстырылатын топтар дұрыс сәйкестікпен талданбайды Кумулятивті мета-анализ жаңа мәліметтер пайда болған кезде жинақталған мәліметтердің кумулятивті қисығының пайда болуын қамтамасыз етеді. Проспективті және ретроспективті мета-анализ жаңа нәтижелер мен ескі нәтижелерді біріктіреді. Жекеленген мәліметтердің мета-анализі - жекелеген науқастардың емдеу нәтижелерін зерттеуге негізделген талдау.

 


Дата добавления: 2015-12-16 | Просмотры: 1212 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.011 сек.)