АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Дуоденалды зондтау

Прочитайте:
  1. Жолын зондтаудан

 

Есеп

Науқас 38 жаста есепші болып жұмыс істейді, қаланың тұрақты тұрғыны.Фибромиомаға операциядан соң 4-5 айдан кейін ауырған.Операция кезінде науқасқа қан құйған.Соңғы кездері әлсіздік, тізе, шынтақ,бел буындарында ауырсыну сезімі,тәбеттің төмендеуі,жүрек айнуы болған.Жалпы қарағанда дене қызуы 37,5 С,тері қабаттары және көздері сарғайған,тырнақтың аздап іздері қалады,тілінде тұтық бар,бауыры тығыздалған,қабырға доғасынан 4 см шығып тұр.Талақ ұлғаймаған.Зәрінің түсі қоңырланған,нәжісі түссізденген.Қан анализі: лейк-4,5х10,эоз-2%,т/я1 %,с/я 41%, лф 47%, мон 9%, тимол сынамасы 1,5 мл,АлТ -13,7 ммоль/л.Сіздің диагноз? Вирусты гепатит В

 

Есеп

Науқас 22 жаста мынадай шағымдармен инфекциялық бөлімшеге түсті: қалтырау,эпигастрий аймағында тесіп ауырғандық,іш өту,дене қызуы 39 С,жиі қайталанып құсу.Нәжісі сұйық,су тәріздес,сасыған иісі бар патологиялық қоспасыз.Ауырмастан 4 сағат бұрын ет салатын жеген.Болжам диагноз? Сальмонеллез

 

№4 есеп

Науқас 42 жаста, ауруының 4-ші күні, қалыпты дене қызуымен, ішіндегі жайылмалы ауыру сезіміне (көбінесе,сол жақ аумақта),1-5 рет ішінің өтуіне, нәжіске шырыш пен қанның қосылуына шағымданып, ауруханаға түсті. Дефекацияға дейін және дефекациядан кейін іштегі «тартып» ауыру сезімі,ішектің толық емес босау сезімі мазалайды. Көк бауыр бұрышының аумағында тоқ ішектің жергілікті шектелген толуы байқалады.

Маңызды диагностика әдістері:

1. Жалпы қан анализі; 2. Копрология; 3. Нәжісті дисбактериозға себу; 4. Нәжісті дизентерияға және сальмонеллезге себу; 5. Ректороманоскопия,колоноскопия.

Диагноз Дизентерия

№6 есеп

Науқас Ш., 20 жаста, студент, жатақханада тұрады. Кенеттен жүрек айну басталады, бас айналуы мазалайды, дене қызуы 39 С-қа дейін көтеріледі. Бір рет көп мөлшерде энтериттік нәжіс болды. Содан кейін дене қызуы күрт 35 С – қа дейін төмендетеді. Немқұрайлы; салқын тер басты. Обьективті: пульсі сезілмейді, қан қысымы күрт төмендеді, тахикардия -120 рет минутына.Қандай диагноз? Қандай асқыну дамыды?

1. Диагноз Сальмонеллез;

2. Иерсиниоз;

3. Аскынуы Гиповолемиялық шок;

4. Ішектен қан кету;

5. Инфекциялық – токсикалық шок.

1- Б, г

2- А,д

3- А,в

 

 

№ 5 есеп

Науқас 19 жаста,ауруының 3-ші күні ауыздың кебуіне, құлақ маңы, сілекей бездерінің аумағындағы ісінуге шағымданып, аураханаға түсті. Сілекей бездері ІІ дәрежеге дейін үлкейген. Мурсу симптомы «оң». Осы күні дене қызуы 39°С –қа дейін жоғарылап, бас ауруы, қайталамалы құсу пайда болды. Менингеалды белгілер әлсіз «оң». Лейкоциттер – 5400 1 мл –де; ЭТЖ 4 мм/сағ.

Диагноз:

1. Паротитті инфекция, серозды менингит;

2. Паротитті инфекция, жедел панкреатит;

3. Жедел іріңді сиалоаденит;

4. Менингококкты менингит;

5. Цитомегаловирусты созылмалы сиалоаденит, өршу кезеңі.

 

Есеп 5.

Науқас жедел ауырды:маңдай аумағындағы және көз орбиталары аумағындағы ауыру сезімінің, қалтыраудың, бұлшық еттерде, сүйектерде және буындарда «сынып» ауыру сезімінің, мұрынның бітелуінің, тамағында ауыру сезімінің пайда болуын, дене қызуының 39 С –қа дейін жоғарылауын байқаған. Аурудың 2- ші күні беттің гиперемиясы және ісінуі, склералар қан тамырларының иньекциясы, тұмау, құрғақ жөтел, тахикардия анықталады. Қандай диагноз туралы ойлайсыз?

1. Грипп;

2. Аденовирусты инфекция;

3. Менингит;

4. Парагрипп;

5. Бөртпе сүзегі.

 

 

№ 4 есеп

Науқас В., 16 жаста.Ауырғанына 7 сағат өткен соң ауыр жағдайда түсті. Бастапқыда тез қалтырау,бас ауруы, құсу, дене қызуының 39,0 °С – қа дейін көтерілуі болған. 4 сағаттан кейін тері жамылғысында көп мөлшерде геморрагиялық бөртпелер пайда болған. Түскен кезде дене қызуы 36,5 °С, ентігу,цианоз, қимыл қозғыштығы, құрысу, пульс жіп тәрізді,АҚҚ анықталмайды. Болжам диагноз бойынша жедел жәрдем. Диагноз. менингококты инфекция менингококцемия Аскынуы.инфекциялык токсикалык шок

№ 6 есеп

34 жастағы науқас,ауыздың құрғауына шағымданып,ауруханаға түсті. Қатты тағам жұту қиындаған, іші кепкен, дәреті 2 тәулік болған жоқ. Ауыздың шырышты қабаты құрғақ, дауысы сырылдаған,қатты тағам жұту қиындаған; көз алмаларының қимылы шектелген,әлсіз дамыған мидриаз, көз қарашығының рефлекстері төмендеген.

Сіздің тактикаңыз:

1. Офтальмологтың кеңесі;

2. Отоларингологтың кеңесі;

3. Невропатологтың кеңесі;

4. Бас миының компьютерлік томографиясы;

5. Жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу.


Дата добавления: 2015-12-16 | Просмотры: 1144 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.004 сек.)