АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Варикозды ауру.

ВАрикозды кеңею немесе вариз ауруы - веналық қақпалардың бұзылуымен қан айналымының бұзылуынан п.б беткей веналардың кеңеюін айтамыз.ОЛ кобіне аяқта кездеседі. Этиология. Тұқым қуалау, гормональді өзгеріс(жүутілік, менопауза, жыныстық жетілу кезеңі,) тамыр қабырғасы мен құрлысына әсер етіп оның әлсіреуімен зақымдануына әкеледі, семіздік, терминальді працедура, физикалық жүктеме, ұзақ мерзімде гармондық препараттарды қолдану, аяқтан жарақат алу.Диагностика. Бұрығы кезде дәрігерлер қолмен анықтайтын болған. Жалпы варикозды кеңеюлер көзге корініп тұрады. Жалпы дәрігерге қаралғанда қан анализінен бастайды, онда лейкоциттердің көбеюі қабыну процесін білдіреді. УДЗ және рентгендік тексеру арқылы анықталады. Мұнда венаның құрлысының қай жерде өзгергендігін, балтырдан жоғары немесе төмен екендігін анықтайды. Реовазография. Бұл тексерістер күмән тудырса хирургиялық тәсіл контрастты зат енгізу арқылы флебография жүргіземіз. Емі. Варикозды кеңеюдің емі зақымдану дәрежесіне байланысты ұзақ уақыт жүргізіледі.Концервативті және хирургиялық ем. Концервативті ем қауіп факторын төмендету мақсатында қолданылады,физикалық жүктемені болдырмау, эластикалық компрессия, дәрілік заттар, физиотерапия. Асқынулар болмаса аяққа жаттығулар жасауды,биік аяқ киім кимеуді,веласипед тебу, жүзуді ұсынады. Варикозды кеңеюдің барлық дәрежесінде флеботониктарды қолданады.ПрепарДетралекс,Цикло 3 форт, Гинкор форт, троксевазин, анавенол, эскузан,антистакс. Ем 6 ай және оданда көп. Оған қоса антиагреганттар(аспирин, курантил) мен қабынуға қарсы дәрі(диклофенак) дәрмектер. Жергілікті мазьдар, тромбозбен тромбофлебит болмаса гель тағайындалмайды. Хирургиялық ауру аяқтың варикозды кеңеюінен тек оперативті ем алғасын толық жазылуы мүмкін. Зақымдану дәрежесіне байланысты келесі хирургиялық ем жүргізеді:Флебэктомия-веналық варикозды кеңеюді оперативті түрде алып тастау. Операция мақсаты үлкен және кіші тері асты патологиялық веналарды алып тастап, коммуникантты веналарды таңу. Бұл операцияға қарсы көрсеткіштер:;жүктілік, варикозды кеңеюдің кеш стадиясы, егде жас, организмде іріңді процестің болуы.Эндоскопиялық тәсілмен жасаған қауіпсіз. Операциядан кейін 6 ай бойына эластикалық бинт қолдану керек. 2) Склерозивание- кеңейген венаға склерозанттарды енгізу арқылы вена қабырғасын жабыстырады(слипание). Склеротерапия тек ұсақ веналардың кеңеюінде эффективті.3) Лазерлік коагуляция- лазердің көмегімен вена саңылауын дәнекерлейді(запаивание). Ол тек венаның 10мм артық емес кеңеюінде, жансыздандыру арқылы жүргізіледі.

5. Анатомиялық түзілістердің көрсетілген ретіне сәйкес жазыңыз

Желудок.

1 — incisura cardiaca ventriculi; 2 — fundus ventriculi; 3 — corpus; 4 — curvatura ventriculi major; 5 — pars pylorica; 6 — antrum pyloricum; 7 — pars horizontalis inferior duodeni; 8 — pars descendens duodeni; 9 — pars superior duodeni; 10 — pylorus; 11 — incisura angularis; 12 — curvatura ventriculi minor; 13 — pars cardiaca; 14 — esophagus.

6. Жамбас зақымдануының жіктемесі.

Жамбас сүйектері әдетте қандайда бір заттың соққысынан,жамбаспен құлаудан,жамбасқа алдыңғы,артқы жағынан,көлденеңінен немесе қиғашынан,әртүрлі бағытта қысым түсуінен зақымданады.Жамбастың зақымдануы төрт топқа бөлінеді.

1)Сүйектің жамбас шеңберінің тұтастығын бұзбай сынуы.Мұндай сынықтары кезінде жамбас шеңберінің тірек функциясы сақталады.

2)Жамбас шеңберінің тұтастығын бұзған сынық (алдыңғы,артқы және араласбір жақты,диагональді.

3)Ұршықтың сынуы(шетке,сынып-буын шығу және сынып буынның созылуы»

4)Буынның шығуы және сынып буын шығу (шат сүйегі және құйымшақтың біріккен жерінде)

Жамбас сынған кезде клиникалық көріністердің айқындалуы дәрежесі сол сынықтың өзінің шегіне,сипатына және көлеміне,сонымен қатар,зақымданған адамның ауруға шыдамдылығына,жалпы жай-күйіне, басқа зақымдардың бар-жоғына,бұрын көрсетілген медициналық көмекке де байланысты.

Жамбас шеңберінің тұтастығы сақталған сынық кезінде ауыруы көбінесе сынған жердің маңайында сезіледі.Жамбас шеңберінің тұтастығын бұзған сынықтардың анағұрлым айқын белгілері болады,өйткені ол тірек функциясының бұзылуына,спонтанды және ауру тудыратын қан кетулерге байланысты.Зардап шегушілерге өз бетімен жүру қабілетінен айрылады.Жамбастың ұршықтың сынуы зақымның формасы мен дәрежесіне қарамастан буын шеміршегін зақымдайды және мұнан кейін асқыну қаупін тудырады.Жамбастың сынып,буынынан шығуы,шат сүйегі мен сегізкөз-мықын буындасуының жамбас сүйектеріне біріккен жерлерінің бір-бірінен ажырап кетуінен пайда болады.Жамбас органдары бір мезгілде зақымданған жағдайдажамбас сынығының клиникалық –симптомдар комплексіне тиісті органның зақымдану белгісі де қосылады

7. Тік ішектің және анустың атрезия түрлері. Негізгі клиникалық симптомдарын тізіп көрсетіңіз.

Асқынулары. Операция уақыты.

Тік ішек пен анустағы даму ақаулары эмбриогенездегі бұзылыстар әсерінен болады.Ұрықтың эмбриональды дамуының 2ші айында ішектік түтіктің каудальды бөлігінде шел(тесік) қалыптаспайды. Ішектің соңғы бөлімі мен біріншілік бүйрек каналы бірігіп жалпы қуыс-клоакаға ашылады.2ші ай соныңда клоака көлденең аралықта екі бөлікке бөлінеді.Артқы бөлігінен тік ішек пен анус түзілсе,ал алдыңғы бөлігінен-зәр шығару жүйесі түзіледі.Осы процесстің бұзылысынан бірдей болатын аномалиялар дамиды.Себептері:ұрпақтан ұрпаққа берілетін атрезия формалары:vater ж\е vacterl синдромдары,анус,тік ішек,өңеш атрезияларыж\е тағы басқа факторлар әсерінен болады. Клин корінісі:толық атрезия кезінде жаңа туылған нәрестенің алғашқы сағатында одан кейінгі уақыттардағы көрінетін негізгі клин көрініске төменгі ішек өтімсіздігі болады:құсу,іштің кебуі,меконияның жоқ болуы.Анус атрезиясы кезінде жергілікті терінің жұқаруы ж\е "түрткі симптомы"анықталады.Нәресте жөтелгенде және жылап тырысқанда анус терісінің томпаюы болады.Тік ішек атрезиясының анус атрезиясынан салыстырмалы ерекшелігі онда түрткі симптомы болмайды ж\е тек қана сигматәрізді ішекте газдың жиналуы болады.Диагностиканда аралықты тексеру,тік ішекті зондтау,УЗИ,12-18сағаттан кейін Вангенстен бойынша рентгенография,несеп шығару каналдарына катетризация,уретроцистография әдістерін қолдануға болады.Емі.Бастапқы кезде диета кейінен оперативті ем тағайындайды,шұғыл түрде пластикалық операция.

8. Паратонзиллиттер. Этиологиясы. Негізгі клиникалық симптомдарын тізіп көрсетіңіз. Негізгі диагностика

әдістерін тізіп көрсетіңіз. Емнің негізгі принциптерін тізіп көрсетіңіз.

Паратонзилиттер- таңдай бадамша маңының қабынуы.Этиология: вирулентті инфекцияның түсуінен, Қоздырушы А тобындағы стрептакокк, патогенді және шартты патогенді штаммдар, стафилакокктар, анаэробты инфекциялар.Клиника: ангинадан бірнеше күннен кейін, созылмалы тонзиллиттің асқанған түрінен кейін дамиды. Жұтынған кезде тамағының ауырсынуы, тіске, құлаққа иррадиация беріледі.Жағдайы нашарлайды: бас ауру, дене темп фебрильді санға дейін жоғарылайды.Шайнау бұлшықеттерінің тризмы болады.лимфа түйіндері ұлғайған.Диагностика: лаб зерттеу: қанда лейкоцитоз, СоЭ жоғ-н, аспапты зерттеу: УЗИ, спиральды комп томография. Емі: Дезинфицирленген ерітіндімен тамағын шаю,бұлшықетке пенциллин иньекциясын енгізу,ісік және инфильтация сатысында қабынуды емдеу, іріңді процесті дренирлеу, инфекция ошағын жою, антибиотикотерапия,қабынуға қарсы дәрілер. Асқынған жағдайда оперативті ем-тонзилэктомия.

9. Кератиттердің жалпы симптоматикасы және оның жіктемесі

Қасаң қабақтың қабынуы- кератит салыстырмалы белгілермен жүреді.

-жарықтан қорқу, блефороспазм, қабақтың ұстамалы тырысуы, жас ағу, перикорниальді және аралас қызару, қасаң қабықтың бетінің жылтырауымен тегістігі, бөтен дене тұрғандай сезіну, тактильді сезімталдылықтың төмендеуі, инфильтраттың болуы.

Кератиттің классифакациясы:

А. Қасаң қабықтың қабыну аурулары

1. Экзогенді кератиттер

а. Инфекционды-бактериальді-қасаң қабықтың беткейінің бүтіндігінің бұзылысы, іріңді, іріңді емес, қасаң қабықтың беткейінің бүтіндігінің бұзылмауы

б. Травмалық кератит-яғни механикалық, физикалық, химиялық, сәулелік жарақаттың әсерінен

в. Конъюктиваның, қабақтың ж/е мейбомдыбездердің ауруларымен шақырылған кератит

г.Саңырауқұлақты кератит н/е кератомикозы

Б. Эндогенді кератит

1. Инфекциялық кератит

а. гематогенді, туберкулезді, сифилистік

2. Аллергиялық

3. Нейрогенді

4. Авитаминозды

5. Увеальды

В. Герпестік кератит

Г. Дистрофиялық кератит

Д. Қасаң қабықтың туа пайда болған формасының өзгеруі

Е. Қасаң қабықтың ісігі

Ж. Этиологиясы белгісіз кератит

Процесстің ағымы: жедел, жеделдеу, созылмалы, қайталамалы болуы мүмкін.

Орналасуы бойынша: орталықты, перифериялық

Зақымдалуыдың тереңдігі: беткей ж/е терең

Кератиттің ақыры: пленка, лейкома, стафилома, фистула, тыртық т.б.

10. Гематурия. Гематурия түрлері. Үш стакандық сынама.

Гематурия несепке қанның араласуы.Макро-және микроскопиялық гематурия блып бөлінеді.Макро гематурияда зәрдің түсі қызыл-күрең болады.Микроскопиялық гематурия инициальдық,терминальдық,тотальдық болып үшке бөлінеді.Инициальдық гематурияда қан кету ошағы –үрпі.Гематурияны уретрораггиядан ажырата білу қажет,уретрораггияда қан үрпіден несеп шығару әрекетінен тыс бөлінеді.Макро гематурияда қан ұйықтарының пішінінің диагностикалық маңызы бар.Егер де зәрде құрт, ұршық тәрізді қан ұйықтары болса, ондағы қан шығу ошағы бүйрек ісігі болуы мүмкін,ал пішінсіз қан ұйықтары болуы-қуық ісігіне тән.Макрогематурия кезінде жедел цистоскапия жүргізу қажет, өйткені ол аурудың алғашқы жалғыз ғана белгісі болуы мүмкін.Микроскапиялық гематурия көбінесе несеп тас ауруында болады. Гематуриямен қоса толғаққа ұқсас сыздау қуық немесе простатаның ауруларына тән.Несеп жүйесінің ісіктерінде гематурия сыздау синдромымен жүрмейді.Қуықтан қан кетуде үлкен қан ұйындылары болады.Ұршық не құрт тәрізді қан ұйындылары бүйрек, несеп ағар ісіктеріне тән.Қан ұйындылары мен бітелуде бүйрек шаншуы да кездеседі.Гематурия сипаты қан кету ошағын көрсетуі мүмкін. Егер қан тек несептің алғашқы үлесінде болатын болса- инициальді не бастапқы гематурия,онда потологиялық ошақ(жарақаттану,обыр,полип,қабыну) уретрада орналасады. Қан несептің соңғы үлесінде болса-терминальді гематурия,онда детрузордың жиырылуы қуық не уретраның зақымданған бөлігінен қан шығуына соқтырады(қуық, простата, шәует төмпешігінің қабыну мен ісігінде.Егер зәрде толығымен қан араласса –тотальді гематурия болады: бұл бүйректен, несеп ағардан, қуықтың тұрақты қан кеткенде байқалады.

Үш стакандық сынама арқылы –зәр жолдарындағы патологиялық процесстің шамамен локализациясын көрсетеді.Қолдану көрсеткіштері-уретрит, простата аурулары, несепағар, бүйректің, қуықтың қабыну аурулары.Гематурия және пиурия ошағын нақтылауда жасалынады.Бұл сынама көбіне таңғы зәрден алынады. Егер зәрдәң 1-порциясында гематурия болса-зәр шығару каналынан,3-порциясында болуы –қуықтан,зәрдің барлық порциясында болса бүйрек,несепағар патологиялары екені анық.Бірінші порцияда лейкоциттің болуы-уретрит пен проостатада қабыну ауруларын көрсетеді.Үшінші порцияда – лейкоцитурияның болуы қуықтың қабыну ауруын көрсетеді.

№ 4 нұсқа

1. Хирургия бойынша ситуациялық есептер

38 жастағы науқас белдемелі эпигастрий аймағында қатты ауырып, жүрек айнып, құсуға шағымданып хирургиялық бөлімшеге түсті. Ауруды ішімдікпен байланыстырады.

Объективті: жағдайы орташа, мазалы. Терісі таза, боздау. Өкпеде сырыл жоқ. Демінің саны минутына 20. Пульс минутына 100, ырғақты, қан қысымы сын.бағ.мм. 120/80. Тілі ақ қақ жамылған, ылғалды. Іші біркелкі кепкен, дем алу актісіне қатысады. Пальпация жасағанда эпигастрия аймағанда ауырсынады, оң жақ қабырға астына жайылатын ішперде қабырғасының төзімділігі анықталады.

Перкуторлы: көлденең тоқ ішек үрленген. Құрсақ қуысында бос сұйықтық анықталмаған. Өт қабы пальпацияланбайды. Бауыр бірнешеге үлкейген. Перистальтика естіледі, әлсіз. Перитонеалдық симптомдар жоқ. Дизуриялық бұзылыстар жоқ.

Жалпы қан сараптамасында: эритроциттер- 4,5х1012/л, лейкоциттер – 13х109/л, түсті. көр.-0,9, ЭТЖ-45 мм/ч Зәр диастазасы – 1024 бірлік. Құрсақ қуысының кең көлемді рентгенограммасында бос газдар жоқ. УДЗ – өт гипертензия жоқ. Өт қабы 8,0 х 2,0 см, қабырғасы 0,3 см, конкремент жоқ. Ұйқы безінің әсіресе бас жағында және денесінде контуры көрінбейді және шарбы қалтасында 2,5 х 8 см саңылау тәрізді сұйықтық ұлғайған. Құрсақ қуысында бос сұйықтық анықталмайды. Науқасқа консервативтік емдеу оң клиникалық және зертханалық динамикамен жүргізілді, бірақ 7 күннен кейін бақылау УДЗ ұйқы безінің денесінде 3,0 х 6,0 см сұйық түзілістің сақталғаны байқалады.

Хирургия бойынша ситуациялық есептерге сұрақтар

1. Сіздің диагнозыңыз?

2. Негізгі аурудың қандай асқынулары туралы ойлауға болады?

3. Науқасқа қандай қосымша зертханалық және құралдық әдістерді қолдану керек?

4. Науқасқа қандай оперативтік ем тағайындаған?

5. Айтылған асқынудың шығысы. Болжам.


Дата добавления: 2015-12-15 | Просмотры: 915 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.011 сек.)