АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Артериальді гипертензия

АГ МС патогенезінде біріншілік звеносы болып табылады. Ұзақ нашар бақыланатын АГ шеткі қан айналым бұзылыстарын шақырады, бұл инсулиннің тіңдерге сезімталдығын төмендетеді.

 

Ұйқының обструктивті апноэ синдром (ҰОАС) МС алып келеді, олардың бірігуі «Z синдромын» шақырады. Семіздік ҰОАС негізгі факторы болады, 50% семіз адамдар аурады. Екінші жағынан, МС ҰОАС салдарынан дамиды, семіздікпен байланысты емес. Созылмалы гипоксия нәтижесінде ұйқы уақтысында соматотропты гормонның түнгі пикта бөлінуі болмайды, бұл инсулингерезистентілік дамуына әкеледі.

 

АГ диагностикасы стандартты ережелермен және әдістемен өткізіледі. Метаболикалық АГ бірнеше ерекшеліктері бар, оған High - dipper, Non - dipper профильдері тән, артериальді қысымның жоғары вариабельді. МС синдромы бар науқастарда жиірек микроальбуминурия, сол жақ қарыншаның ұлғаю және миокардтың диастолалық дисфункциясы байқалады. МС синдромы бар науқастардың тексеру жоспарына диагностикалық әдістер кіру керек, олар органдардың субклиникалық зақымдалуын анықтайды. Үй жағдайында амбулаторлы мониторлеу және АҚҚ өлшеу кіреді.

 

МС синдромның диагностикалық критерийлері

Негізгі критерийлері

Орталық (абдоминалды) семіру, бұл кезде бел аймағы > 80см әйелдерде және >94см ерлерде.

 

Қосымша критерийлері

Артериальді гипертензия - АҚҚ ≥ 140/90мм с.б.

триглицеридтердің жоғарлауы ≥ 1.7ммоль/л.

ЖТЛ холестерин концентрациясының жоғарлауы <1.0ммоль/л ерлерде; <1.2ммоль/л әйелдерде.

НТЛ холестириннің төмендеуі > 3.0 ммоль/л.

Аш қарынға гипергликемия – қанда глюкоза деңгейі аш қарынға ≥ 6.1ммоль/л.

Глюкозаға толерантылықтың бұзылуы – глюкозотолеранттылық тесттен 2 сағ кейін глюкоза деңгейі ≥7.8 және ≤11.1 ммоль/л.

 

Диагностикалық алгоритм науқасты қарау, анамнез жинау.

Науқастың объективті статусын бағалау.

Дене салмағының индексі.

Бел аймағы.

Аш қарынға глюкоза деңгейі.

75 г глюкозаны қабылдағаннан 2 с кейін глюкоза деңгейі (глюкозотолеранттылық тест) – аш қарынға нормогликемиясы бар науқастарда.

Липидтік зат алмасу –жалпы холестерин, триглицеридтер, ЖТ және ТТ холестерин.

АҚҚ деңгейі.

Инсулин анықтауымен тікелей глюкозотолеранттылық тест.

В/і глюкозотолеранттылық тест.

АҚҚ тәуліктік мониторлеу.

Полисомнография.

Қан сары суындағы зәр қышқылы.

Гемостаз.

Микроальбуминурия.

 

Диагнозды құрастыру

Семіздік III дәр. Дислипидемия. Глюкозаға толеранттылық тест. Артериальді гипертензия I сатысы, қауіп қатер факторы 3 (жоғары). Гиперурикемия. Артериальді гипертензия 3 сатысы, қауіп қатер 4 (өте жоғары). Дислипидемия. Сол жақ қарыншаның гипертрофиясы. Семіздік II сат. Ұйқының обструктивті апноэ синдромы орташа ауырлық дәрежесі. Глюкозаға толеранттылық бұзылысы. Семіздік II сат. Гипертриглицеридемия. Аш қарынға гипергликемия. Гиперурикемия.

Артериальді гипертензия 3 сатысы, қауіп қатер факторы 4 (өте жоғары).

             
             
             
               

Емі: зәр айдайтын препараттар келесі дәрілік заттар қолданылады:

гидрохлортиазид (Гипотиазид) немесе хлорталидон (Тенорик) - 12,5 -25мг 1р/т.

индапамид-ретард 1.5 мг 1р/т.

фуросемид (Фуросемид, Лазикс) 20мг 2р/т.

спиронолактон (Верошпирон) 25-200 мг 1-2 р/т.

 

Бета-адреноблокатор лар

метопролола сукцинат (Эгилок, Беталок) 50-150мг 1р/т.

бисопролол (Бисокард, Конкор) 2.5-15мг 1р/т.

небиволол (Небилет) 2.5-5 мг 1р/т.

карведилол (Карвидил, Таллитон) 6.25 – 25мг 2р/т.

 

Кальций каналдарының блокаторлары - кальций антагонистері

дилтиазем (ұзақ әсер ететін) (Дилтиазем Ланнахер) 90-180 мг 2р/т.

верапамил (ұзақ әсер ететін) (Тарка) 120-480 мг 1-2 рет.

нифедипин (қзақ әсер ететін) (Коринфар-ретард, Кордипин-ретард) 30-90 мг 1р/т.

фелодипин (Фелодип, Плендил) 2.5-20мг 1р/т.

амлодипин (Кардилопин, Норваск) 2.5 -10мг 1р/т.

 

Ангиотензин айналдырушы фермен ингибиторы

каптоприл (Капотен, Капозид) 25-150 мг 2-3 рет.

эналаприл (Эднит, Энап) 5-40 мг 1-2 рет.

лизиноприл (Диротон, Ирумед) 2.5-20 мг 1 р/т.

фозиноприл (Фозикард, Моноприл) 10-80 мг 1 р/т.

квинаприл (Аккупро) 5-15 мг 1 р/т.

моэксиприл (Моэкс) 7.5-30 мг 1 р/т.

периндоприл (Престариум, Нолипрел) 2-16 мг 1 р/т.

 

Ангиотензин ІІ рецепторлар антогонистері

лозартан (Лориста, Лозап) 25-100 мг 1-2 рет.

вальсартан (Диован) 80-320 мг 1р/т.

ирбесартан (Апровель) 75-300 1 р/т.

кандесартан (Атаканд) 8-32мг 1 р/т.

телмисартан (Микардис) 40-160 мг 1 р/т.

эпросартан (Теветен) 400-800 мг 1-2 рет.

 

Имидазолин рецепторларының агонистері

моксонидин (Физиотенз) 0.2 -0.8мг 1-2 рет.

Альфа-адреноблокаторлар

празозин 0.5-20 мг 2-3 рет.

доксазозин (Кардура, Камирен) 1-16 мг 1р/т.

теразозин (Корнам, Сетегис) 1 -20мг 1 р/т.

 

МС кезінде комбинирленген антигипертензивті терапия

ААФИ ангиотензин ІІ антагонист рецептор лары

Каптоприл 25мг 2-3 р/т. валсартан 80 - 160 мг 1р/т.

лизиноприл 2.5-20 мг/т. ирбесартан 75- 300 мг

немесе

периндоприл 2-8 мг 1 р/т. лозартан 25- 100 мг /т. 1-2 рет

 

ААФ ингибиторы диуретиктер

каптоприл 25мг 2-3 р/т. гидрохлортиазид ішке 12,5 - 25 мг 1р/т.

немесе

лизиноприл 2.5-20 мг/т. гидрохлортиазид ішке 12,5-25 мг 1р/т.

немесе

периндоприл 2-8 мг 1р/т. индапамид-ретард 0,625 -2.5мг 1р/т.

немесе

эналаприл 5-40 мг/т 2 рет гидрохлортиазид 12,5 - 25 мг 1р/т.

 

ААФТкальций антогонистері

эналаприл ішке 5-20 мг/т. 1-2 рет дилтиазем-ретард ішке 180 мг /т. 2 рет

немесе

эналаприл 5-20 мг/т. 1-2 рет фелодипин 5-10 мг /т. 1-2 рет

 

ААФ ингибиторлары имидазолин рецеп антогонистері

фозиноприл 10-40мг моксонидин ішке 0,2 -0,4мг/т. 1-2 рет.

 

Бета-адреноблокаторлар альфа-блокатор лар

празозин 1-2 мг 2 р/т. ± небиволол 5 мг/т.

Санаторлы-курортты ем. Ісігі жоқ ФК I-II науқастрға болады. Курорттын түрі аурудың этиологиясына, асқынуларына және қосымша жағдайларына байланысты. Санаторлы-курортті ем емханадағы кардиологпен бірге жүзеге асырылады.

Еңбек қабілетінің экспертизасы. СЖЖ уақытша және тұрақты еңбек қабілетсіздігінің себебі болып табылады. Науқаста клиникалық декомпенсациясының ерте симптомдары болса, оны уақытша еңбекке қабілетсіз деп санауға болады. Еңбекке қабілетсіздік 10-14 күнге дейін созылады. Жағдайдың жақсару критериясы компенсация белгісі болып табылады. Егер квалификациясы төмен жұмыс немесе жұмыс көлемін азайту керек болса, онда IIIтоп мүгедектікке ауыстырады. СЖЖ II және III ФК кезінде уақытша еңбекке қабілетсіздік ұзақтығы 3-4 аптадан бастап 2 айға дейін созылады. СЖЖ III ФК жұмысқа деген қабілет жартылай немесе толық жойылады, соған қатысты II сирек III топ мүгедектікке ілінеді. IV ФК науқастары ІІ, кейде І топ мүгедектікке ауыстырады, өткені олар тұрақты түрде басқа адамның көмегін қажет етеді, осы жағдайда жасына байланысты емес І топ мүгедектілік беріледі.

 

Диспансеризация

Науқас дәрігерге 3 айда бір рет келуі керек: жағдайын бақылауға, АҚҚ, ЖСЖ, дене салмағын өлшеу, ЭКГ. Клиникалық статусы өзгерсе, ЭхоКГ жүргізеді. Дәрілік препараттарды қабылдаған кезде қатан бақылау болу керек. Науқастарды және туысқандарын үйрету айтарлықтай науқастың жағдайын жақсартады.

Госпитализацияға көрсеткіш

-үдемелі КС, амбулаторлы-жағдайда емді жүргізе алмау;

-жедел коронарлы жетіспеушіліктің болуы, жедел сол жақ қарыншалық жетіспеушілік (жүрек астмасы, өкпе ісінуі);

-асқынулардың қосылуы ЖЖ: пневмонии, ырғақ бұзылыстары, тромбоэмболия және т.б.;

-симптоматикалық гипертензия, талма жағдайлары.

Стационарлы жағдайда ем ЖЖ айқын клиникалық белгілері азайғанша және науқастың жағдайы жақсарғанша жүргізіледі.

Алдын алу шаралары

Алдын алу шараларын жүргізу үшін СЖЖ дамуының негізгі белгілерін білу керек. Ең алдымен артериальді гипертония, ЖИА. Алдын-алу шарасы болып қауіп қатер факторларымен күрес және ауруды бақылау болып табылады. ЖЖ дамыған кезде екіншілік профилактика жүргізу қажет, оның манызды компоненті адекватті медикаментозді терапия болып табылады.


Дата добавления: 2016-06-06 | Просмотры: 582 | Нарушение авторских прав



1 | 2 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.008 сек.)