АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

DS: Жедел пакреатит

Іш қуысының жалпы шолу рентгенографиясында патологиялық белгілер жоқ. Науқасқа консервативтік ем, динамикалық бақылау тағайындалды.

Жүргізетін жоспары:

1. Диета 0

2. Режим 1

3. Жалпы қан анализі

4. Жалпы зәр анализі

5. Қан биохимиялық анализі

6. УДЗ

7. ФГДС+H.Pylori

8. Консервативтік емнен нәтиже болмаса,оперативтік ем.

Аурудың этиологиясы мен патогенезі

Жедел панкреатиттің этиологиясы әр түрлі себептеден болуы мүмкін.

1. Өт қабы және өт шығару жолдарының аурулары: Холецистит, өт тас ауруы, холедохтың қабынуы, т.б

2. Асқазан және ұлтабар аурулары: Созылмалы гастрит, ойық жара аурулары т.б

3. Алкогольдың жедел панкреатитке әкелі себебі. Этанол асқазанға барғаннан кейін оның секрециясын көбейтеді және ұлтабардың секретин деген ферментінің көбеюіне әсер етеді, ал секретин ұйқы безінің панкреатикалық сөлін көп шығаруына мәжбүр етеді.

4. Артық ішкен тағам және зат алмасудың бұзылуы: И.П.Павловтың жұмыстарымен дәлелденген – әсіресе ащы, майлы тағам ішкеннен панкреатикалық сөл көп бөлінеді. Кейбір адамдарда май алмасуының бұзылуынан қан тамырында патологиялық өзгерістер (атеросклероз) және қан тамырының қысымының жоғарлауы, іш қуысы ағзаларында қанның көбеюі ұйқы безінің қан айналысын және паренхимасын бұзады.

5. Ұйқы безіндегі қан айналысының бұзылуы

6. Аллергиялық реакциялар әсерінен

7. Жарақаттардан соң: nVIII. Жүктілік және босанғаннан кейінгі уақыт: Жатырдың ұлғайғандығынан іш қуысындағы қысым жоғарлайды, соның салдарынан өт және ұйқы безінің өзектері қысылып панкреатикалық сөлдің ұлтабарға құюлуы бұзылады және гормональді өзгерістер салдарынан.

8. Химиялық заттармен улану: Қышқыл, сілті, фосфор және т.б.

9. Жұқпалы аурулар: Іш сүзек, қызамық, сепсис, вирустық гепатит және т.б

Панкреатит патогенезі

1-ші трипсинді кезең (протеолиз) активтенген трипсин өзектерден бездің паренхимасына кіріп калликреинді шығарады, ол барып безде ісіну шақырып және қан құйылтады – ұйқы безінде геморрагиялық ісік пайда болады.

2-ші липазалы кезең – процесс арықарай өршігенде бездің бұзылған клеткаларынан липаза шығады, оның белсенділігін трипсин мен өт қылқылдары арттырады. Липаза майларды ыдыратады, ұйқы безінде майлы некроз – майлы немесе стеаринді некрозды дақтар пайда болады.

Патогенезінің негізінде – без өз ферменттері (трипсиноген, химотрипсин және липаза) активтенуі салдарынан тіндері зақымдалады.

Емдеу

1. Ауырсыну синдромын жою, ұйқы безі өзегі және өт жолдары гипертензиясын жою: көк тамырға глюкоза-новокаин қоспасын жіберу, новокаин блокадасы, спазмалитиктер енгізу.

2. Функциональдық тыныщтық және ұйқы безінің секреторлы-ферментті белсенділігін тежеу (аштық, жергілікті гипотермия, антацидті заттар) H2-рецепторларының блокаторлары (цитемидин 1 таб х 3рет немесе 2мл х 4рет көктамырға) протез ингибиторлары (контрикал 100-200 мг/тәулігіне №7-10күн), цитостатиктер (5-фторурацил 5% 5мл күн ара №3 рет.

3. Панкреатикалық ферменттерді инактивациялау: протеаз ингибиторлары (контрикал6 цалол6 гордокс т.б) тәуліктік дозасын жіберу.

4. Су-электролиттік және сілтілі-қышқылды тепе-теңдіктің бұзылыстарын жою, белок және зат алмасу процесін түзету: натрий гидрокарбонаты, плазма, альбумин және т.б.

5. Интро және экстракорпаральді детоксикация: диурезді жылдамдату, лапоромкопиялы перитональді диализ, плазмоферез.

6. Аурудың іріңді асқынуларның алдын алу: кең спекторлі антибиотиктерді қолдану (цефалоспориндер, макролиттер пенициллин қатырының препараттары және т.б)

Күнделік

24.02.16ж 8:00
Кезекші xирургпен қарау. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта.
Шағымы: эпигастрий аймағының ауырсыну
Объективті: тері, кілегей қабаты таза, қалыпты түсті. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Сырыл жоқ. Жүрек тоны анық, ырғақты. Артериялық қан қысымы 120/80мм.с.б. Пульс 80рет минутына. Тілі таза, ылғалды. Іші жұмсақ, пальпацияда ауырсынады. Ішек перистальтикасы естіледі. Зәр шығару еркін, ауырсынусыз. Кезекшілік барысында оперативті емге көрсеткіш жоқ. Емі жалғастыруда.

ЭПИКРИЗ

Мәмбетов Сәндікерім Жаппарұлы,1958 жылғы. 08.12.11-13.12.11ж.күндері арасында М.Оспанов атындағы БҚММУ Медициналық орталығының хирургия бөлімшесінде ем алды. DS: Жабысқақ ауру. Жедел жабысқақтық ішек түйілуі.

Науқастың түскен кезіндегі шағымдары:

Науқас іштің барлық бөлігінің ауырсынуына,кебуіне, жүрек айнуға, аузының құрғауына, желдің шықпауына,жалпы әлсіздікке шағымданады.

Қазіргі ауру тарихы:

Науқас айтуы бойынша,тунгі 10 нан бері аурумын деп есептейді. Сол кезде жоғарыда жазылған шағымдар пайда болды. Анамнезінде 1976 ж.апендоэктомия,1984 ж.жедел жабысқақтың ішек түйілуіне байланысты операция жасалған. Ауру себебін ешнәрсемен байланыстырмайды. Жоғарыдағы шағымдар мазалағалы еш жерге қаралмай, өздігімен емделген. Нәтиже болмаған. Жағдайы нашарлаған соң жедел-жәрдем жолдамасымен ургенттік клиникаға БҚММУ-дың МО-на жіберілді. Хирургия бөлімшесіне жатқызылды.

Науқастың жалпы жағдайы.

Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, санасы ашық, төсектегі қалпы активті. Дене бітімі: нормостеникалық, тамақтануы төмендеген.Тері жамылғысы:қалыпты.Қан қысымы 130/70 мм.с.б. Пульс 84рет /мин. Тыныс алу жиілігі - 19 рет/мин. Өкпесінде везикула тынысы,сырылдар жоқ. Іші кепкен.Пальпацияда іштің мезо және гипогастрий аймағында ауырсынады. Кіндік аймағында жарық анықталады. Қысылу белгілері жоқ. Щеткин-Блюмберга белгісі жоқ. Ішектің перистальтикасы әлсіз естіледі. Шалпыл шуы және гиперперистальтикасы анықталмайды. Бауыр қабырға доғасының шетінде. Курлов бойынша мөлшері 9*8*7 см, консистенциясы жұмсақ, беті тегіс. Талақ анықталмайды. Пастернацкий симптомы бойынша ауырғандық екі жағында да анықталмайды. Зәр шығаруы еркін.

Іш қуысының рентгенографиясы: Клойбер тостағаншалары анықталмайды. Ішек пневматозы анықталады.

Жергілікті: кіндік жарығы анықталады. Қысылу белгілері жоқ. Жөтел симптомы оң мәнді.

Осы уақыт ішінде мынадай ем қабылдады: Sol.NaCl 0.9% 800 к/т. Sol.Ацесол 400 к/т. Sol.Дицоль 400 к/т, Церукан 2 таблетка * 2рет/күнге.

13.12.11ж. қанағаттанарлық жағдайда сағат 15:00 де үйіне шығарылды.

 

 


Дата добавления: 2016-06-06 | Просмотры: 310 | Нарушение авторских прав



1 | 2 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.004 сек.)