АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Цитомегаловирусты инфекция этиологиясы

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

Ø Цитоломегаловирусты инфекция.Этиологиясы.Патогенезі.Эпидимиологиясы Маңыздылығы.Диагностикасы;

Ø Герпестік инфекция.Этиологиясы.Эпидемиологиясы.Патогенезі және клиникасы;

III.Қорытынды

IV.Қолданылған әдебиеттер

 

 

Тақырып өзектілігі.

Қазіргі заманда барлық елдерде, соның ішінде Қазақстанда да, жалпы халықтың сырқаттануында жұқпалы патологияның орны ерекше, орта есеппен барлық аурулардың 70% негізі инфекцияларға байланысты. Осыдан біраз жыл бұрын жаңа антибиотиктерге, патогенетикалық емдердің жетістігіне және жаңа алдын алу жолдарына сәйкес жұқпалы ауруларды тез және оңай жеңеміз деген алдамшы пікір тараған. Шынында өмір әлде қайда қатал болып шықты. Әлемнің көптеген елдерінде осы инфекциямен тұрғындардың зақымдалу дәрежесі 50% - дан 90% шамасында. Ең көп зақымдалу экономикасы дамыған Еуропа мен Америка елдерімен салыстырғанда, Азия мен Африканың дамып келе жатқан елдерінде байқалады, Сонымен қатар әртүрліпопуляцияда ЦМВИ-мен зақымдалу дәрежесі қозғалмалы этникалық және социальды, экономикалық факторларға байланысты. Мысалы, Ұлыбританияда 40% 20-24 жас арасында әйелдерде, әсіресе еуропалық нәсілге, ЦМВИ серопозитивті болып табылады, ал 45 жасқа қарай бұл көрсеткіш 50% дейін өседі. Сонымен қатар азиаттық әйелдер арасында бұл көрсеткіш 90% дейінжетеді. Африка-америкалық жас әйелдер арасында серопозитивтік деңгей төмен, еуропалық нәсілге қарағанда,тек 25-30 жасқа қарай серопозитивтік жоғарылайды, бұл азиаттық әйелдер көрсеткішінен төмен. Жұқтыру көбінесе жаңа туған кезеңінде және ерте балалық шағында болады, әсіресе бұл дамушы елдерде жиі кездеседі, бұлелдерде, жас адамдар арасында цитомегаловирусты инфекциясының таралуы, дамыған елдермен салыстырғанда, едәуір жоғары.Цитомегаловирусты инфекцияның жатыр ішіндегі түрі мейлінше қауіпті, бұл – жүктілігі кезінде бастапқы цитомегаловирусты инфекцияға шалдыққан анадан туған балалар үшін қауіпті. Туа біткен цитомегаловирусты инфекция көбінесе өсіп-жетілуін тежеуге, сондай-ақ көптеген қолайсыз салдарға, оның ішінде ақыл-есінің тежелуіне және саңыраулыққа әкеледі.

Цитомегаловирусты инфекция – бұл қоздырушысы ұшық вирустарытобынан шығатын вирус болып табылатын ауру, оған сонымен бірге 1-және 2 –кәдімгі ұшықтың вирустары, шешектің және белдеулі теміреткініңвирустары, Эбштейн-Баррдің вирусы және 6,7 және 8 типтегі адамның ұшықвирустары жатады.Цитомегаловирусты инфекциясының таралуы өте жоғары. Бір кездеорганизмге енген, цитомегаловирусты инфекция одан шықпай қалады ол көбінесе жасырын түрде болады және иммунитет төмендеген кезде ғана

пайда болады.

Цитомегаловирусты инфекция этиологиясы

ЦМВИ қоздырғышы Herpes viridae тұқымдасына жатады. Вирионның120-300 нм, оның ядросы сызықтық екі шынжырлы ДНК-дан тұрады. ЦМВИ геномының барлық бөлшектері зерттелінген, ДНК қатарына дейін, бұл молекулярлы анықтау әдісін қолдануда маңызды. ДНК айналасында капсид орналасқан. Вирус қыздыруға және мұздатуға сезімтал, сонымен қатар эфирге және қышқылға (рН 5,0 төмен), бөлме температурасында жақсы сақталынады.

ЦМВИ-дың эпидемиологиялық ерекшеліктері

Резервуары және инфекция көзі тек адам. Вирус сілекейде, сүтте, зәрде, нәжісте, ұрық сұйықтығында, жатыр мойнының сұйықтығында болады. Жұғу жолдары: ауа-тамшылы, контактілі, жыныстық жолмен және трансплацентарлы- анадан балаға. 0,5% - дан 2,5% дейін нәрестелер құрсақ ішілік даму кезіңде инфицирленеді, оның 10% бір жасқа толмай қайтыс болады, 10-60% шамасында туу жолдары арқылы өткенде және алғашқы 6 айында ана сүті арқылы инфицирленеді.

Патогенезі

Вирус сілекей бездерінің эпителиіне тропты, осы жерде вирусемия әсе-рінен гематогенді жолмен тарайды. Қалыпты жағдайда вирус қан айналымы-нан жедел локализденеді. Клеткалық иммунитеттің жетіспеушілік жағдайын-да инфекцияның генерализациясы, яғни барлық мүшелер мен тіндердің және орталық жүйке жүйесі зақымдалуымен жүреді. Патологоанатомиялық көріні-сі ірі цитомегалалардың пайда болуымен сипатталады. Олардың көлемі 28-50 мкм, құрамында вирустардың топтасқан қосындылары бар. Морфологиясы соншалық типті, тіндерде, зәр тұнығында, сүтте табылуы, дұрыс диагноз қоюға көмектеседі.Генерализденген формада көбінесе өкпе, бүйрек, ішек, бауыр, бүйрек үсті безі, ұйқы безі сонымен қатар басқа да жүйелер зақымдалады. Сілекей бездерінде эпителийдің ендірме бөлімі, өкпенің-алвеоциты,ұсақ бронх эпите-лиясы, плевра мезотелиясы, бүйректе - проксималды бөлімнің нефротелия-сы,ішекте-мықын ішектің және соқыр ішектің шырышты қабаты, бүйрек үсті безінде-түйнеме бөлімінің клеткасы,сирек жағдайда милық бөлім, басмиын-да ми қарыншаларының эпендима клеткаларын, микроглия, астроциттер жә-не субэпендимальды бөлікте нейрондар, гипофизде- адено-гипофиз клетка-лары зақымдалады. Тимуста және басқада лимфалық жүйелерде цитомегала сирек кездеседі, тек иммунды жетіспеушілік жағдайда болады. Организмің иммунодефицит кезіңде барлық жүйелердің шырышты қабаттарында ірі цитомегалар кездеседі, сирек бас ми затында.Таралымы және мүшені зақымдау дәрежесі ауырлығы өте тербелмелі. ЦМВИ ерекшелігі, оның басқа бір патология сияқты жүруі мүмкін (ұрықтың және сәбидің гемолитикалық ауруы, ферментопатиялық тұқым қуалау аурулары және т.б.)

 

ЦМВИ-дың клиникасы

Симптомы және ағымы. Инкубациялық кезеңі белгісіз, өйткені жиі ол латент-ті формада өтеді, ал клиникалық көрінісі анық формалар тек белгілі бір фак-торлардың әсерінен кейін пайда болады.

ЦМВИ жіктелуі (Е.Н. Тимченко бойынша, 2007ж):

А. Жүре пайда болған

1. латентті

2. манифестті

Б. Туа пайда болған

1. латентті

2. манифестті

Аырлығы бойынша:

1.жеңіл

2.орташа ауырлықта

3.ауыр формасы

Ауырлық критерийлері (өлшемдері):

- интоксикация синдромының анық болуы

- жергілікті өзгерістердің анық болуы

Ағымы бойынша:

А. Ұзақтығы бойынша

- жедел (3 айға дейін)

- жеделдеу (2 жылға дейін)

- созылмалы (2 жылдан көп)

Б. Сипаты бойынша:

1. асқынған

2. асқынбаған

- асқынулармен

- өршулермен

- екіншілік инфекциялардың қосылуымен

Латентті цитомегаловирусты инфекция өмір бойы жүреді және клиникалық көріністері болмайды, бірақ белгілері бір себептердің әсерінен белсенділенеді немесе манифесты формаға өтеді. Көбінесе біріншілік латентті ЦМВИ байқалады, бірақ бір бөлігі инфицирленгенде клиникалық анық жедел фаза басталады, басылғаннан кейін процесс екіншілік латентті цитомегалияға өтеді. ЦМВИ таралуын мына факті дәлелдейді - денісау адамдарда антиденелердің анықталуы. Мысалы, донорларда ол 63-68% анықталған. Клиникалық көрінісі жүре пайда болған ЦМВИ инфекцияның формасына байланысты(біріншілік жұғу, реинфекция, латентті вирустың реактивациясы), жұғу жолдарына, иммунодепрессияның болуы және дәрежесіне байланысты. ЦМВ-мен біріншілік инфекцилирленгенде иммунокомпонетті адамдарда көбінесе симптомсыз өтеді, тек 5% жағдайларда мононуклеозды синдром бойынша ерекше көрінісі, ол жоғары қызба, анық және ұзаққа созылған астениялық синдром. Баспа және лимфа түйіндердің үлкеюі оған тән емес. Гемотрансфузия немесе инфицирленеген мүшенің тасымалдануы арқылы болса жұққан жағдайда, аурудың жедел формасы дамиды, оған тән жоғары қызба, астения, тамақтың ауырсынуы, лимфоаденопатия, миалгия, артралгия, тромбоцитопениялар, интерстициальды пневмония, гепатит, нефрит және миокордит сияқты жағдайлар. ЦМВИ имуносупрессирленген адамдарда аурудың біртіндеп басталуы бірнеше аптада дамуы тән, симптомдардың көрінісі –тез шаршағыштық, әлсіздік, тәбеттің жоғалуы, айтарлықтай салмақ тастау, ұзаққа созылатын толқын тәрізіді дұрыс емес типті қызба 38,5-қа жоғарылайды, түнде жиі тершеңдік, артралгия, миалгиямен көрінеді. Осы аталған симптомдар комплексі «ЦМВ ассоцирленген синдром» деп аталады. ЦМВ -дің клиникалық көрінісі колит немесе энтероколиттік – диареямен, абдоминальды аймақта тұрақты ауырсынулармен, тоқ ішектің ауырумен, айтарлықтай дене салмағының төмендеуімен, айқын әлсіздікпен, дене қызуының көтерілуімен сипатталады. Колоноскопияда эрозияны анықтайды және ішектің шырышты қабатының зақымдалғаның көрсетеді.

ЦМВ жүкті әйелдерде.

Жұқтыру жиілігі түрлі елдерде, түрлі этностарда және әлеуметтік топтарда бірдей емес. ЦМВ -дің адамдар ішіндегі серопозитивтік көрсеткіштеріне қарасақ бала туатын жасқа жетпегендерде 100 пайызға жақын, бірақ бұл жағдайға қарамастан оның әлеуметтік-экономикалық факторларға, санитарлы-гигиеналық мәдениетіне байланысты. Егер осы аталған факторлар жақсы болса, санитарлы-гигиеналық шараларды сақтаса, жүктілік кезіңде біріншілік ЦМВ мен ауыру көрсеткіші 1 пайызға дейін төмендейді. Жүкті және жүкті емес әйелдерде біріншілік ЦМВ симптомсыз өтеді. Екіншілік ЦМВ жүкті әйелдерде симптомсыз, рецидив берген инфекция сияқты өтуі мүмкін. Манифестті ағымы жүктілерде жиі мононуклеозға, ЖРВИ- ға ұқсас клиникамен өтеді. Іштен туа біткен ЦМВ-дің пайда болу қаупі ұрықтың даму мерзіміне байланысты. Жедел ЦМВ анада жүктіліктің алғашқы 20 аптасында дамыса, ұрықтың ауыр патологиясына алып келеді, яғни түсік тастауға, ұрықтың іштей өліміне, өлі туылуына, ақауларға әкеледі.

Туа біткен ЦМВ- дің манифесті түріне тән: гепатоспленомегалия, тұрақты сарғаю, геморрагиялық немесе дақты-папулезді бөртпе, айқын тромбоцитопения, АЛТ-ның белсенділігінің жоғарылауы, қанда тура билирубиннің деңгейінің жоғарлауы, эритроциттер гемолизінің жоғарылуы тән. Жас сәбилер жиі ақыл есі кем болып туылады, салмағы аз және құрсақішілік гипоксия болады.

 

Герпестік инфекция-вирустармен қоздырылатын,жиі терінің,шырышты қабаттардың және ішкі ағзалардың зақымдалуымен сипатталатын ауру.

Этиологиясы:

Герпесвирустардың жіктелісі: Herpesviridae тұқымдастығы

1.қарапайым герпес вирустары

2.желшешек вирусы жатады.

Қарапайым герпес – көпіршікті герпес оны қоздырушылар дерматонейротропты вирустар.

Эпидемиологиясы.

Вирус барлық жерде таралған.

Ауру көзі-залалданған адам.

Берілу жолдары:

Ø Жанасу арқылы;

Ø Ауа- тамшылы;

Ø Жыныстық;

Ø Вертикальды.

Патогенезі:

Герпес вирустары адам ағзасына шырышты қабаттары арқылы енеді,олар эпителийде көбейіп залаладанған жасушалардың некрозына әкеледі,бұл жерде некроз ошақтары және везикулалар пайда болады.Организмге түскен қоздырғыш бірден қанға өтеді,ішкі ағзаларға патогенді әсерін тигізеді.Ауру қоздырғышы болып I және II типті (HSV-I және HSV-II) герпес вирустары саналады. Вирустар сау адамға ауа- тамшылары арқылы және жанаспалы жолмен жұғады (сырқат немесе вирус тасушы адамдардан).

Ауру екі түрде кездеседі: -біріншілік герпесті инфекция (первичная герпетическая инфекция), вирус алғаш жұққан кезде орын алады және көбінесе ауыз кілегей қабығын жарақаттап, «ауыздың жедел герпестік қабынуы» түрінде дамиды. Бұл сырқат көбінесе 3-5 жас аралығындағы балаларда (кейбір мәліметтерде 1-3 жас аралығындағы балаларда) кездеседі. Себебі, олардың организмдегі анадан алған пассивті (енжар) иммунитет бала өмірінің алғашқы жылдарында жойылып, бала герпес вирусына қарсы қорғансыз қалады.

Сонымен қатар ауыздың жедел герпесті қабынуы организмінде герпес вирусына қарсы антидене құрылмаған жастар мен ересек адамдар арасында да кездеседі [2,3]және өте ауыр ағымды болып келеді.Ауыздың жедел герпестік қабынуы жұқпалы инфекциялық ауруға тән клиникалық белгілерге ие және бес кезеңмен дамиды (инкубациялық, продромальдық, аурудың даму шыңы, реконваленциялық және сауығу).

Негізгі клиникалық белгілері аурудың даму шыңы кезінде ауыз кілегей қабығына еріндер жиегіне шығатын әртүрлі көлемді (Д=3-7 мм) көпіршік бөрткендер (пузырьки) және олардың кешікпей жарылуынан пайда болатын.Кейде көпіршік бөрткендер еріндер төңірегіндегі және иек аймағындағы тері бетіне де көптеп шығады.Ауруға өз уақытында және тиімді емдеу шаралары жүргізілмеген жағдайда ауыздың жедел герпестік қабынуы созылмалы және қайталамалы ағымға ие болады. Аурудың қайталамалы түрі біріншілік герпестік инфекциямен ауырмаған адамдарда да кездесе береді, көбіне еріндер жиегін жарақаттайды және бұндай патологиялық үрдіс көпшілік арасында «қарапайым ұшық» немесе «ерін герпесі» деген атаумен белгілі. Ауыздың қайталамалы герпестік қабынуы ұзақ жылдарға созылуы мүмкін (10-1жылға немесе оданда көп уақытқа).Ауыздың қайталамалы герпестік қабынуы және ерін герпесі кезінде бір жағдайларда еріндер жиегі мен ауыз кілегеі қабығында көпіршік бөрткендер ауық-ауық шығып, еріндер жиегінде қабықшаға.Aл ауыз ішінде әр түрлі көлемді және пішінді жекелеген эрозияларға немесе эрозиялар тобына айналады. Ал кейбір жағдайларда ауыз кілегей қабығында ұсақ ақшыл-сұр түсті өліеттенген ошақтар (Д 1-3мм) пайда болып, көлемдері біртіндеп ұлғайып, (Д 0,7-1,0см) сопақ және домалақ пішінді немесе көпбұрышты эрозиялы ошақтарға айналады. Бөрткендердің көбірек шығатын аймағы – еріндер, таңдай, тіл кілегей қабығы және еріндер жиегі. Ауру көбінесе баспа, жоғарғы тыныс жолдарының ауруларынан кейін, суыққа шалдығу, кілегей қабықтан ұсақ механикалық зақымдануы кезінде жиірек қайталанады. Эрозиялы ошақтар аурудың алғашқы жылдары онша көп болмайды және сирек шығып 4-7 күн аралығында жазылып отырады. Жүре келе аурудың қайталануы жиілейді және бөрткендер көптеп шығып, жазылуы ұзақ уақытқа (7-14 күн немесе одан да ұзақ) созылады. Мұның себебі-эрозиялы ошақтардың тереңдеп, жаралы ошаққа айналуы.Ауыз ішінде герпестік бөрткендер жиі шығып, жалпы саны көбейген сайын науқастың жалпы жағдайы өзгеріп, дене қызуы көтеріліп, организмнің уыттану белгісі байқалады. Әрбір жаңа қайталаным кезінде герпес вирусына қарсы антиденелер құрылып, қанайналымында олардың титрі жоғарылайды. Мұның өзі организмнің созылмалы аутосенсибилизациялануын туындатады және әртүрлі аутоаллергиялық аурулардың дамуына себепкер болады.

Жоғарыда келтірілген патологиялық үрдістердің орын алуы мүмкіндігін анықтау үшін ауыздың қайталамалы герпестік қабынуымен ұзақ жылдар зардап шеккен науқастардың қанында герпес вирусына қарсы антиденелер титрін анықтау мақсаты қойылды. Герпес вирусына қарсы антиденелер титрінің жоғарылауы науқас организміндегі вирусогендік созылмалы сенсибилизациялану жағдайының орын алу мүмкіндігін көрсетеді. Ауруының ұзақтығына қарай науқастар 4 топқа бөлінді:

1-ші топ ауруының ұзақтығы 3 жылға дейін (6 адам);

2-топ ауруының ұзақтығы 3 жылдан 7 жылға дейін (6 адам);

3-топ 7 жылдан 10 жылға дейін (8 адам);

4-топ ауруының ұзақтығы 10 жыл және оданда ұзақ (5 адам). Ауыздың

қайталамалы герпестік қабынуымен үш жылға дейін ауырған науқастардың

қанында «G» текті антиденелер титрі 2-3 есе, 3-7 жыл ауырғандарда 5-7 есе,

7-10 жыл ауырғандарда 7-9 есе жоғарылығаны, ал 10 жылдан ұзақ ауырған

науқастардың қанында антиденелер титрі төмендеуге бет бұрғаны (5-7 есе

жоғарылаған) анықталды (2-диаграмма).

 

 

Емі

1. Вирусқа қарсы препараттар:

Ганцикловир және валганцикловир- ганцикловирді кесте бойынша: 5 мг/кг көктамыр арқылы тәулігіне 2 рет 12 сағаттан кейін ретинитпен науқасқа 14-21 күнге дейін; Виферон қолданылады, 1 суппозиторияда 5 мың МЕ

интерферон альфа – 2b, 1 млн. МЕ интерферон альфа -2b немесе 3 млн МЕ

интерферон – 2b беріледі. Виферонның ұсынылатын емдеу курсы

цитомегаловирусты инфекцияда – 2-3 курстан 5 күн. Курс арасындағы үзіліс

5 күннен тұрады.

Иммуномодуляторлар, интерферогендер-протефлазид, циклоферон,Т –

активин. Протефлазид (proteflazidum) бұның құрамына флавоноидтар жабайы

дақылдардың calamagrostis epigeios L. және Deschampsia caespitosa L ДНК –

полимераза және тимидинкиназа (вирустың арнайы ферменті) клеткада

вируспен инфицирленген. Бұл ферменттің тежелуі ДНК вирустың

репликациясының тоқталуына әкеледі, сол арқылы вирустың көбеюіне жол

берілмейді

Цитомегаловирусты инфекцияның алдын алу.

Цитомегаловирусты инфекцияның алдын алуды, қауіпті топқа жататын адамдарға жүргізген орынды болмақ. Оған АИТВ жұқтырылған, әсіресе ЖИТС бар адамдар; ішкі органдарын трансплантация жасатқан адамдар; басқа да себептерден иммунды тапшылықпен зардап шегетін адамдар жатады. Өте тиянақты түрде жеке басы гигиенасының ережесін сақтаудың өзі, цитомегаловирусты жұқтырмауын болдырмауға мүмкіндік бермейді, себебі,вирустар барлық жерге бірдей тарайды және әуе-тамшысы жолымен беріледі. Сондықтан да қауіпті топтағы науқастар бойындағының алдын алу, вирусқа қарсы препараттармен: ганцикловирмен, фоскарнетпен, ацикловирмен жүргізіледі. Бұдан бөлек, ішкі органдары мен жұлын ауруының қайталанғандары арасында цитомегаловирусты инфекцияның пайда болу ықтималдығын төмендету үшін, осылардың цитомегаловирусты инфекцияны жұқтырылғыштығын есепке ала отырып, донорларды мұқият іріктеп алуұсынылады.

Болжамы: Локализденген формасында қолайлы, туа пайда болған және генерализденген инфекцияда қолайсыз. Белдемелі герпестің гангренозды түрі көзді зақымдаған кезде менингоэнцефалит дамуы мүмкін. Қайталамалы қарапайым герпес әйел адамдардың жыныс мүшелеріне әсер етіп, жатыр мойнының қатерлі ісіктеріне әкеліп соқтыруы мүмкін.

 

 

Қорытынды

Цитомегаловирусты инфекцияның алдын алуды, қауіпті топқа жататын адамдарға жүргізген орынды болмақ.Алдын алу шаралары иммунитеті төмендеген адамдарға цитомегаловирусты жұқтыруды болдырмау және герпес ауруы мен басқада аурулардан сақтауға оң әсер етеді.Ол үшін күнделікті өмірдегі жеке тазалықты сақтау қажет, бұған:

Ø Тұрақсыз жыныстық қатынаста перезерватив қолдануды әдетте айналдыру.

Ø Бөтен адамдардың дүние мүлкін қолдануға болмайды, оған бет орамал, жуыну құралдары.

Ø Өзгелердің ыдыс аяғын қолдануға, төсек жастығын қолдануға.

Ø Таныс адамдармен өте жақын қарым қатынасты үстау қажеті жоқ.

Иммунды жүйесі өте мықты адамдар дұрыс тамақтанып жұрген, салауатты өмір салтын жұргізетін адамдарға цитомегаловирусты инфекция қауіп емес. Қан құю кезінде сау донордың қанын қолдану керек.Туа біткен инфекцияны болдырмау үшін жүкті әйелдерді науқас адамдармен жанасуын болдырмау.

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

1. Б.Н.Кошеров, Г.Р.Бейсенова – Цитомегаловирусты инфекция. Қарағанды 2010ж

2. А.Қ.Дүйсенова – Жұқпалы аурулар. Алматы 2009 ж

3. Интернет желісі.

 


Дата добавления: 2016-06-06 | Просмотры: 1722 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.014 сек.)