АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Клин.фарм. неврология

1.12 жасар науқас балаға депрессивті жағдайда ниаламид тағайындаған (антидепрессант). Дәрігер баланың тағам рационынан төменде көрсетілгендердің ішінен қайсы тамақты шектеген:

A) Алмұрт

B) Қырыққабат

C) Алма

D) Картоп

E) Ірімшік*

2.Дәрігер өзінің әріптестерімен бірге эпилепсияға қарсы жаңа препарат — натрий вальпроаттың әсер ету механизмі туралы талқылады. Осы дәрінің әсер ету механизмі қандай:

A) ГАМК-трансфераза ферменті активтілігінің төмендеуі*

B) ГАМК-трансфераза ферменті активтілігінің қозуы

C) АТФ тәуелді Са2 активтілігінің төмендеуі

D) АТФ тәуелді Са2 активтілігінің қозуы

E) Моноаминоксидаза тежелуі

3.15 жасар науқас қыз, екі апта бойы дәрігердің тағайындауымен,неврастенияға қарсы тұнба қабылдаған. Науқастың жағдайы біршама жақсарған, бірақ біршама уақыттан кейін науқаста коньюктивит, терілік бөртпелер, әлсіздік және есте сақтау қабілетінің төмендеуі. Қай топтың препараты осындай жағымсыз жағдай туғызуы мүмкін:

A) валерианы препараттары

B) пустырник препараттары

C) Бром тұздары*

D) Адаптогендер

4.Науқас қыз бала, 14 жаста. Басынан өткен жүйкелік жағдайдан кейін ұйқысы нашарлаған. Төмендегі ұйықтатқыш дәрілердің қайсысын тағайындаған дұрыс:

A) Фенобарбитал

B) Этаминал натрий

C) Барбамил

D) Барбитал

E) Нитразепам*

5. 14 жасар қыз бала екі жыл бойы невропатологтың тағайындауымен неврастенияның еміне тұнба қабылдаған. Науқастың жағдайы біршама жақсарды, бірақ уақыт өте науқаста әлсіздік,, коньюктивит, терілік бөртпелер, есте сақтау қабілетінің төмендеуі. “Бромизм” диагнозы қойылған Осы симптомдарды жою үшін қандай препарат тағайындау керек:

A) 5% глюкоза ерітіндісі

B) Аспаркам

C) Натрия хлорид *

D) Сорбенттер

E) Іш айдайтын препарат тар

6.Дәрігер галлюцинация көріністері бар 13 жасар науқас балаға аминазин қолданған. Осы дәрінің антипсихотикалық әсерінің механизмі қандай:

A) ОЖЖ-де адренергиялық және дофаминергиялық әсердің стимуляциясы

B) ОЖЖ-де холинергиялық процесстің стимуляциясы

C) ОЖЖ-де холинергиялық процесстің тежелуі

D) ОЖЖ-де адренергиялық және дофаминергиялық әсердің тежелуі*

E) МАО-ны нейрональды ұстап қалуын тежеу

 

7.15 жасар жасөспірім науқасқа дәрігер көңіл күйінің және ұйқысының бұзылуына байланысты транквилизаторлық әсері бар дәрі тағайындаған. Төменде көрсетілгендердің ішінен қайсы дәріні тағайындады:

А. Нитразепам *

В. Фенобарбитал

С. Хлоралгидрат

Д. Этаминал Натрий

Е. Бромизовал

8.Аминазиннің ұзақ курсынан кейін 12 жасар науқас балада осы дәрінің жанама әсерлері байқалуына байланысты, дәрігер балаға нейролептиктер тобының басқа препаратын тағайындаған.Төмендегі препараттардың қайсысы нейролептиктер тобына жатады:

A) Фентанил

B) Дифенин

C) Сибазон

D) Трифтазин*

E) Натрий бромид

9. 14 жасар науқас бала маникальды- депресивті синдроммен, депрессия сатысында үрей, қорқыныш сезіміне шағымданғандықтан, балаға тыныштандырғыш әсері бар антидепрессант тағайындалған. Төмендегі препараттардың қайсысы тағайындалған:

A) Амитриптилин *

B) Имизин (имипрамин)

C) Ниаламид

D) Сиднофен

E) Имован

 

10. Емханаға келген 14 жасар қыздың анасы ұйқысыздық, көңіл күйінің бұзылуына және жүрек аймағындағы ауыру сезіміне шағымданды. Төмендегі препараттың қайсысын неврозды емдеу үшін тағайындау қажет:

A) Дроперидол

B) Диазепам *

C) Трифтазин

D) Фенобарбитал

E) Метацин.

 

11. Психиатриялық клиниканың балалар бөлімшесіне 13 жасар бала қозу және агрессия жағдайымен түсті. Төменде көрсетілген дәрілердің қайсысын осы балаға бірінші кезекте салу қажет:

A) Амитриптилин

B) Аминазин. *

C) Валериан тұнбасы.

D) Резерпин.

E) Натрий бромид.

12. 15 жасар балаға психоэмоциональды бұзылысы мен ұйқының бұзылуына байланысты диазепам тағайындалған. Төменде аталғандардың қайсысы диазепамның жалпы әсер ету механизмін көрсетеді:

A) ГАМК-рецепторлы жүйесінің белсенділігі*

B) АҚ төмендеуі.

C) Лимбикалық жүйенің төмендеуі.

D) Ретикулярлы жүйенің қозуы.

E) Рефлекторлы реакция уақытының өсуі

13.5 жасар балада кезекті талманың қайталануы. Дәрігер үлкен эпилептикалық талма диагнозын қойды. Төменде аталғандардың ішінен балаға қайсы препаратты тағайындаған дұрыс:

A) Циклодол.

B) Этосуксимид.

C) Леводопа.

D) Фенобарбитал. *

E) Амизил

14. 14 жасар маникальді- депресивті синдроммен депрессия сатысында үрей,қорқыныш әсерімен антидепрессант тағайындалған Төмендегі препарраттардың қайсысы тағайындалған

A) Амитриптилин *

B) Имизин (имипрамин)

C) Ниаламид

D) Сиднофен

E) Имован

15.9 жасар науқас балада сабақ оқуы нашарлап,интеллектуальды дамудың бұзылысы байқалған. Осы балаға төмендегі дәрілердің қай тобын тағайындаған дұрыс:

A) Антидепрессанттар

B) Ноотроптар*

C) Транквилизаторлар

D) Нейролептиктер

E) Адаптогендер

16. 8 жасар бала бас ауруына, бас айналуына, зейінінің төмендеуіне, тез шаршағыштыққа шағымданды. Анамнезінде бас ми жарақаты болған. Осы балаға төмендегі дәрілердің қай тобын тағайындаған дұрыс:

A) Ноотропты заттар *

B) Ұйықтатқыштар

C) Нейролептиктер

D) Анальгетиктер

E) Транквилизаторлар

17. 15 жасар шизофрения диагнозы бар балаға аминазин тағайындалған. Аминазиннің қандай фармакодинамикалық әсері осы дәріні тағайындауға негіз болды:

A) Құсуға қарсы

B) Гипотермиялық

C) Миорелаксант

D) Гипотензивті

E) Антипсихотикалық*

18. Жасөспірім науқасқа психотикалық жағдайды емдеуге трифтазин тағайындалған.Төмендегілердің қайсысы оның әсер ету механизмін көрсетеді:

A) Дофаминдік рецепторлардың тежелуі *

B) бензодиазепиндік рецептолардың қозуы

C) ГАМК-ергиялық рецепторлардың қозуы

D) опиатты рецепторлардың қозуы

E) опиатты рецепторлардың тежелуі

19. 11 жасар науқас бала бас жарақатынан кейінгі эпилепсияның үлкен ұстамаларымен ауырады. Осы балада төменде көрсетілгендердің ішінен қайсы дәріні алдын алу мақсатында қолдануға болады:

A) Циклодол

B) Леводопа

C) Тетурам

D) Фенобарбитал *

E) Мидантан

20. 13 жасар науқастың анасы невропатолог дәрігерге күйзелістен кейінгі пайда болған қорқыныш сезімі, мазасыздыққа шағымданды. (баланың әкесі көз алдында жол апатынан қайтыс болған). Осы балаға төменде көрсетілгендердің ішінен қайсы дәріні тағайындау керек:

A) Диазепам *

B) Павлов микстурасы

C) валериан тұнбасын

D) крапива тұнбасын

E) Этамзилат натрий

 

21. 13 жасар балада тоқ ішектің гипотониясы негізінде іш қатуға бейімдіктер бар. Төмендегі препараттардың қайсысын тағайындау керек:

A) Натрий сульфаты

B) Кастор майы

C) Ацеклидин

D) Бисакодил *

E) Прозерин

22. Жедел жәрдеммен ауруханаға өзін өлтірмекші болған жас бала түскен. Диагнозы:депрессивті психоз. Осы балаға төмендегі дәрілердің қайсы тобын тағайындау қажет:

A) Антидеприсанттар*

B) Седативты препараттар

C) Нейролептиктер

D) Транквилизаторлар

E) Литий тұздары

23. Неврология бөлімшесіне 10 жасар бала бас миының жарақатынан кейін зейінінің нашарлауына шағымданып түсті. Бас миының метаболизмін жақсарту үшін төмендегі препараттардың қайсысын тағайындау қажет?

A) Меридил

B) Сиднокарб

C) Кофеин

D) Аналгин

E) Пирацетам (ноотропил) *

24.Төменде көрсетілген жағдайлардың қайсысында ганлиоблокаторлар қолданылмайды:

A) АГ ны ұзақ емдеуде*

B) Гипертониялық кризді тез басуға

C) Бүйрек коликасында

D) Өкпе ісігінде

E) каузалгия, ганглиониттарда

25.Төмендегі жағдайлардың қайсысы психостимулдеуші препараттарды қолданудың қарсы көрсеткіші болып табылады:

A) астения көрінісімен жүретінневротикалық бұзылыстар

B) сандырақ пен галлюцинациялармен жүретін психоздар*

C) нарколепсияда

D) субдепрессияларда

E) ақыл ес пен физикалық артта қалулар

26. 13 жасар науқас бала. 4 жасынан бастап талмамен ауырады.(үлкен ұстамалар). Ұстамаға қарсы ем алып жүрген. Стационарға ұстаманың жиі қайталану себебінен түсті. Науқас есін жия алмайды. Төменде көрсетілгендердің қайсысынан ең алғашқы көмекті бастаған дұрыс:
A) сибазонды тамыр ішіне енгізу. *
B) аминазинді парентеральді енгізу.
C) негізгі дәрісінің мөлшерін көбейту
D) камфор препараттарын енгізу.
E) Электрошоктытерапия.

27.13 жасар науқас балада психикалық статус кезінде көңіл күйінің тұрақты төмендеуі байқалады.Сөзге араласады,бірақ сұраққа дұрыс жауап бере алмайды. Тілі күрмеліп, дұрыс сөйлей алмайды. Дене қозғалыстары баяу.
Төменде көрсетілген қай топ препараттарын бірінші кезекте қолданған дұрыс:
A) Антидепрессанттар*
B) Нейролептиктер
C) Гиппотиктер
D) Транквилизаторлар
E) Нормотимиктер

 

28. 10 жасар науқас бала жедел жәрдем каретасымен коматозды жағдайда ауруханаға жеткізілді. Қарашығы тарылған, цианоз, шырышты қабаттары құрғақ, терісі бозғылт, ылғалды. Ps - 60/мин., АД - 80/60 мм рт.ст. тыныс алуы - 8-10/мин. Төменде көрсетілген диагноздың қайсысы дұрыс:
A) опиаттармен улану*
B) атропинмен улану
C) барбитураттар мен улану
D) бензодиазепин туындыларымен улану
E) алкоголь сурогаттарымен улану

29. Вегетативті дистония көріністері бар 15 жасар қыз балада алдымен жүрек аймағындағы ауру сезімі, тұншығу, жүрек айну, бас айналу, беттің қызаруы байқалды, содан кейін 1 минут көлемінде есінен тану болды. АҚ - 80/60 мм рт.ст. PS- 56/мин. Вагоинсулярный криз, синкопальды жағдай. Осы жағдайда төменде көрсетілген емнің қайсы бағыты дұрыс болып табылады: А)Симпатомиметикалық дәрілер*
B) Симпатолитикалық дәрілер
C) Холиномиметикалық дәрілер
D) тамыр кеңейткіш дәрілер
E) Дегидратациялық дәрілер

30. Қабылдау бөлімшесіне 15 жастағы қызды жеткізді. Суицидтік мақсатпен белгісіз химиялық затты ішкен. Емделушінің шағымы: кеуде қуысының ауыруы, құсу, әлсіздіктің пайда болуы. Объективті: тері және кілегей қабатының бозаруы, қан қысымы 90/60 мм сынап бағанасы, тамырдың минутына 95 рет соғуы, құсық құрамында қан қоспаларының болуы. Жоғарыда көрсетілген шағымдарға хирургтың көрсетер көмегі:

A) Спазмолитиктер тағайындау

B) Асқазанды сумен жуу*

C) Инфузиялық терапия тағайындау

D) Гемостатикалық терапия

E) Белсендірілген көмір таблеткасы

31.14 жастағы балада вегето-тамырлық дистониясы бар. Пубертадты кезеңінде аздап шегетін. Симпато-адреналды криз дамыды. Кризды тежеу үшін төмендегі дәрі-дәрмектің қандай түрлері қолданылады?

A) Обзидан*
B) Но-шпа
C) Амизил
D) Эуфиллин
E) Коргликон

32. ЖРВИ мен ауырған 9 айлық балада кенеттен есінен тану, құрысу, жалпы цианоз пайда болды. Клоника тоникалы құрысу, терісі цианозды, аузында көбік, рахит белгілері бар, ішкі ағзалардан патология табылмаған. Бұл жағдайда бірінші кезекте қандай дәрі-дәрмектер қолданылуы керек?

A) Глюкокортикоидтар
B) Кальций дәрісі
C) Құрысуға қарсы дәрі*
D) Рахитке қарсы дәрі
E) Седативті дәрілер

33.Ауруханаға жеткізілген 3 жасар бала сопорда, тонусы қатты төмендеген, езушілік сіңірлерінің тежелуі және толқи жиырылу рефлекстер, миоз анықталған, қарашықтың жарыққа реакциясының төмендеуі анықталып тіркелді. Сақталған тамыр рефлексінің пульсі жиі, бәсеңдетілген АД-80/50 мм сынап бағанасында. Ата-анасы баласының дәріні жұтып қойғанына сезіктенеді. Бұл клиникалық көрініс қандай дәрімен улануға сәйкес келеді?

A) Бета-2-адреномиметиктер
B) Атропинге ұқсайтын препараттар
C) Гипотензивті препараттар
D) Барбитураттар
E) Транквилизаторлар*

34.13 жастағы ауру психиатриялық клиникаға жатқызылған. 2-3 апта бұрын науқас ойын, сезімін және мінез құлқын бір күш билеп алған сияқты сезінген. Оның ойынша, оған көршісі гипнозбен әсер етті деп күдіктенеді. Миында сол көршісінің дауысы пайда болған. Оның ойынша, өзінің сана сезімі тоқтап қалған кезде, қайта-қайта басқа адамның ой сезімі әсер еткендей болды дейді.Түнімен ұйықтамаған, қорыққан, жұмыс істей алмаған.

Клиникада, терапияның ықпалының салдарынан, жоғарда айтылған көріністер жайлап жойылған, бірақ оларға қарсы критикалық қатынастар пайда болған.. Аурудың қайталануының алдын алуының ең тиімді шаралары қандай болады?

A) Жұмысты қою

B) Ауруды қиындататын ойлардан, таныстардан кездесуден қашу.

C) Терапияны нейролептиктермен қолдап тұру*

D) Ауруды сендіретін психотерапияны жасау

E) Небір диетаны сақтау

 

35.Науқаста емдеу бөлімінде эпилепсияның күшті тырыспа ұстамасы пайда болды. Қандай препаратты осы науқасқа шұғыл түрде енгізу керек?

A) Хлорал-гидрат

B) Диазепам*

C) Димедрол

D) Лазикс

E) Сульфат Магниі

36.16 жастағы науқас есін жоғалтатын ұстамасы бар. Тілін тістеп алу, тонико-клоникалық тырыспа, кіші дәретін ұстай алмау белгілері бар, оның артынан кейін терең ұйқыға кетеді. Антиконвульсант препараттарын өздігінен алып тастағаннан кейін науқаста тонико-клоникалық тырыспадан кейін, есінен танып қалу сияқты жағдайлар қысқа уақыт ішіндеқайта –қайта жиіленіп кеткен.

Тиімді емді төменде көрсетілгендердің қайсысынан бастау қажет?
A) Наркоз
B) Ісікке қарсы препараттар
C) Гормоналдық препараттар
D) Эпилепсия қарсы препараттар*
E) Люмбалды пункция

 

 

37.16 жастағы науқас әрбір жарты сағат сайынқайталанбалы, клонико-тоникалық тырысу ұстамасының болуына байланысты жан сақтау бөліміне жатқызылған.
Ұстаманың арасында науқас ессіз. ҚҚ- 120/90 мм рт.ст., ТСС/РС/- 100/мин. 5 жыл бұрын науқастың миы шайқалып, жабық ми зақымын алған. Соның салдарынан кейде есінен танып, тырыспаның ұстамасы пайда болады. Науқас эпилепсияға қарсы ем қабылдамаған.

Жедел көмек көрсету үшін, төменде көрсетілген препараттардың қайсысын егу керек?

A) Сибазон *
B) Сульфат магний
C) Оксибутират натрий
D) Аминазин
E) Тиопентал натрий
38. 11 жастағы эпилепсиямен ауыратын бала ұзақ уақыт 0,2г фенобарбитал алған. Соңғы кезде ұстамасы көбейіп кеткен және көңіл-күйі жабырқау.

Осы науқастың жағдайының нашарлауы неге байланысты:

A) Бауыр жүйесіндегі монооксигеназа ферментінің тежелуі

B) Липолиздің белсендендірілуі

C) Глюконеогенездің белсендендірілуі

D) Гликолиздің тежелуі

Е)Бауыр жүйесіндегі монооксигеназа ферментінің индукциясы*

 

39.В 16 жастағы ауру дәрігерге дұрыс ұйықтамайтыны туралы шағым айтқан. Соның салдарынан келесі күні ұйқысы қанбай шаршап, оқу материалын дұрыс меңгермейді екен.. Дәрігер ұйқысыздық неврозға ұқсайтын жағдайға байланысты деп тапчан.

Осы жағдайдағы тиімді препаратты атаңыз:

A) Нитразепам *

B) Бромизовал

C) Хлоралгидрат

D) Фенобарбитал

E) Этаминал натрий

40.9 жастағы қыз 2 апба бойы невропатологтың тағайындауымен неврастенияға қарсы микстураны ішкен. Жағдайы сәл ғана жақсы болып өзгерген, бірақ мұрнынан су ағу, коньюктивит, терісіне қышыма шығу, әлсіздік, есте сақтау қабілетінің азаюы сияқты шағымдар пайда болван.

Төмендегі қандай топтың препараты осы жанама әсерді туғызған:

A) Бром тұзы *

B) Валериана препараты

C) Пустырник препараты

D) Адаптогендер

E) Хмель препараты

 

41.Шизофрениямен ауыратын 14 жастағы науқас бала ұзақ уақыт бойы психотропты дәрі ішкен. Ол дәрігерге ұйқышылдық, қолдың дірілі, жүру координациясының бұзылуы туралы шағыммен келген.

Ос ы науқаста қандай топтың дәрілері бұндай жанама әсерді шақырды:

A) Аналгетиктер.

B) Антидепрессанттар.

C) Психомоторные стимуляторлар.

D) Нейролептиктер.*

E) Адаптогендер.

 

42.Педиатрға ата-ана 13 жастағы баласымен, ұзақ салқын тие беретін шағыммен келген. Балада апатия, мұрнынан, көзінен су ағу, жөтелге шағымдары бар.Дене қызуы қалыпты.Терісінде ұсақ нүктелік бөртпе бар.Анамнезінде ұзақ уақыт невропатологта неврозбен емделген, ұзақ уақыт бойы неврозға қарсы дәрі ішкен.

Төменде көрсетілген дәрілердің қайсысы осы жанама әсердің дамуына себеп болған?

A) Натрий бромиды*

B) Диазепам.

C) Валериян тұнбасы

D) Амизил.

E) Сасықшөп тұнбасы.

 

43. Дәрігерге келген жасөспірім әлсіздік, көңіл-күйінің төмендеуіне, теріге бөртпе шығуына шағымданған. Анамнезінде жасөспірім соңғы 3 апта бойы невропатолог жазып берген миксутраны ішкені белгілі болды. Төменде жазылған дәрілердің қайсысы осы жағдайдың дамуына себепші болған:

A) Валериан препараттары

B) Литий тұздары

C) Транквилизаторлар

D) Бромидтар*

E) Нейролептиктер

 

44.Дәрігерге 15 жастағы науқас ұйқының бұзылуына және түнде жиі оянуға байланысты шағымданды. Дәрігер науқасқа ұйықтататын дәрі тағайындады. Дәрігер фармакотерапияның қай түрін қолданды?

A) Симптоматикалық*

B) Этиотроптық

C) Патогенетикалық

D) Таңдаулы

E) Рефлекторлық

 

45.14 жасар бала психиатрда «Д» есебінде тұр. Анасының сөзі бойынша 2 апта дәрілік терапия қабылдаған. Науқастың жағдайы жақсарған, бірақ көп ұзамай қатаю (регидность), тремор, гипокинезия пайда болды. Төменде көрсетілген дәрілердің қайсысы осы жадай дамуына себепші болды:

A) Дифенин

B) Сиднокарб

C) Аминазин*

D) Имизин

E) Хлордиазепоксид

 

46.Дәрігер депрессиялық синдромы бар 15 жасар балаға, ас мәзірінен құрамында тирамині бар (ірімшік, сыра, қақталған тағамдар және т.б.) тағамдарды алып тастау қажеттілігін ескертіп, дәрі тағайындаған. Бірақ, біраз уақыттан кейін науқаста диетаны ескермегендіктен гипертензия өрбіді.

Науқасқа қандай препарат тағайындалған?

A) Амитриптилин

B) Пиразидол*

C) Флуоксетин

D) Сиднокарб

E) Имизин

 

47.12 жасар науқастың психикалық статусында тұрақты паталогиялық көңіл-күйдің төмендеуі байқалады. Сұраққа қысқа, бірақ мәнді жауап береді. Сөйлесуі өте жинақы, бәсеңкі темпте. Өзін өзі айыптау мен кемсіту ойларын айтады. Науқасқа бірінші кезекте қандай топтың дәрілерін беру керек:

A)Транквилизаторлар

B)Нормотимиктер

C)Антидепрессанттар*

D)Нейролептиктер

E)Гипотониктер

 

48.1. Биожетістіктің қай анықтамасы дұрыс болып есептелінеді:

*A)Пайызбен берілгендегі, енгізілген дәрілік заттың мөлшерінің жүйелі қанға түскендегі көлемі

B) қан сарысуындағы бос заттың концентрациясы

C) енгізілген мөлшеріне қатысты қандағы бос заттың құрамы

D)Организмдегі дәрілік заттың биотрансформациясы және сіңірілу дәрежесі

E) дәрілік заттың жартылай шығарылу кезеңіне тең мөлшер

49.2. Ішектің ішіндегі дәрілік заттың сорылу механизіміне жатпайтыны:

A) Пассивтік диффузия

B) Фильтрация

C) Активті транспорт.

D) Жеңілденген транспорт*

E) Пиноцитоз

50. Жалпы организмдегі мүшелер мен тіндерді дәрілік заттардың концентрациясымен қамтамасыз етуге жатпайтыны:

A)қандағы заттың концентрациясының көлемі

B) қанның белок компоненттерімен өзара әсері,клеткааралықкеңістіктер мен цитоплазманың компоненттері

C) әр түрлі биомембранамен биобарьерден өту қабілеттілігі

D) дәрілік заттың биожетімділігі *

E)әр түрлі патологиялық жағдайлар мен басқада жағдайлар

51.Төменде көрсетілгендердің қайсысы жартылай шығарылу кезеңін көрсетеді:

A) қан плазмасындағы дәрілік заттың максималды концентрациясын көрсететін уақыт

B) дәрілік заттың жүйелік қанайналымға жететін уақыты

C) дәрілік заттың организмге таралатын уақыты

D) қан плазмасындағы дәрілік заттың концентрация уақытының 50% төмендеуі*

E) енгізілген мөлшердің нысана-органга жету уақыты

 

52. Төменде көрсетілген анықтаманың қайсысы идиосинкрозияға қатысты:

A) Тұқым қуалаушылыққа байланысты дамыған патологиялық реакциясы*

B) аллергиялық реакцияның баяу өршитін типі

C) аллергиялық реакцияның тез өршитін типі

D) дәрілік затты жеке қабылдай алмау

E) дәрілік затты енгізген кездегі цитотоксикалық реакциялар

 

53.Төменде көрсетілгендердің қайсысы, дәрілік затттың ГЭБ-тан өтуіне әсер етпейді

A)Заттың липофильділігі, жасы

B)Жұлын сұйықтығы мен қанның арасындағы рН градиентінің өзгеруі

C)ДЗ-ң сывороткалық белоктармен байланысуының дәрежесі.

D)Қан плазмасындағы дәрілік заттың концентрациясының күшеюі

E)Биожетімділік, жартылай шығару кезеңі*

54. Бүйрек патологиясы кезіндетөменде көрсетілген фармакокинетиканың қандай өзгерісі болмайды:

A)Бүйрек экскрециясының бұзылуы;

B)Қан плазмасында Дз концентрациясының көбеюі

C)Плазманың белокпен байланысының төмендеуі;

D)Жартылай шығару кезеңінің көбеюі

E)Биожетімділіктің азаюы*

55. Терапиялық индекс дегеніміз не?

A)дәрілік заттың терапиялық дозасы;

B)Органдағы немесе тіндегі дәрілік заттың концентрациясының қан плазмасындағы

дәрілік заттың концентрациясына қатынасы;

C)Плазмадағы дәрілік заттың минимальды және улы концентрациясының арақатынасы;*

D)дәрілік заттың белокпен байланыспаған пайызы;

E)дәрілік заттың организмдегі минимальды және улы концентрациясының арақатынасы

56.Асқазан-ішек жолының қай бөлімінде дәрілік заттардың негізгі сіңірілуі жүреді:

А) Ауыз қуысында

B) Өңеште

C) Асқазанде

D) Аш ішекте*

E) Тоқ ішекте

57.Төменде көрсетілген құбылыстардың қайсысын фармакодинамика оқытады:

A) дәрілік заттың әсер етуі*

B)дәрілік заттың сіңірілуі

C)дәрілік заттың таралуы

D)дәрілік заттың биотрансформациясы

E)дәрілік заттың экскрециясы

58.Бауыр арқылы біріншілік өтуге жатпайтын дәрілік затты атаңыз:

A) Аминазин

B) Лидокаин

C) Пропранолол

D) Преднизолон

E) Дигоксин*

 

59.Төменде көрсетілгендердің қайсысы дәрілік заттарды организмге қайтадан енгізгенде қайталанбайды

A) кумуляция

B)жақпайды*

C) сенсибилизация

D)үйренгіштік

E) дәрілік затқа тәуелділік

60.Төменде көрсетілгендердің қайсысы фармакокинетиканы анықтайды:

A) заттардың әсер ету механизмі

B) фармакокинетикалық өзараәсер

C) заттардың әсері

D) дәрілік заттың кумуляциясы

E) дәрілік заттың организмнен шығарылуы*

61.Конкурентті әсері бар рецепторлық дәрілік затқа төменде көрсетілгендердің қайсысы жатады:

A)СЕҚҚЗ (стеройдты емес қабынуға қарсы заттар);

B)в-адреноблокаторлар;*

C)ілмекті диуретиктер;

D)нитраттар;

E)фторхинолондар.

62.Төменде көрсетілген дәрілік заттардың қайсысын тағайындағанда бауырдың және бүйректің қызметін ескеру керек:

A) липофильді, белсенді емес метаболиттер түзетін

B) липофильді, белсенді метаболиттер түзетін*

C) гидрофильді, белсенді метаболиттер түзетін

D) нефротоксикалық, гепатотоксикалық әсерін

E) гидрофильді, белсенді емес метаболиттер түзетін

 

63.Төменде көрсетілген жанама әсердің қайсысы мөлшерге тәуелді болып табылады:

A)фармацевтикалық;

B)фармакогенетикалық;

C)аллергиялық;

D)мутагендік;

E)алып тастау синдромы.*

64.Төменде көрсетілген дәрілік заттардың ішінен терапиялық индексі тар заттарды таңдаңдар

A)в-адреноблокаторлар

B)пенициллиндер;

C)жүрек гликозидтері;*

D)АПФ ингибиторы;

E)күшті диуретиктер.

65.Қандай дәрілік заттардың тобын қолданған кезде терапиялық мониторинг жүргізу керек:

A)тырысуға қарсы*

B)в -блокаторлар

C)кальций антогонистері

D)глюкокортикоидтар

E)М-холинолитиктер


Дата добавления: 2016-06-06 | Просмотры: 426 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.05 сек.)