АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Классификациясы

1Катарльды

2іріңді(ірің ағу,темп жоғары,ірәң жол таппай бас суйек қуысына өтуі мүмкін,содан менингит,ми абцессы даму)

Құлақ аурулары [1] – құлақтың сыртқы, ортаңғы және ішкі бөліктерінде кездесетін дерттер. Құлақ аурулары жедел және созылмалы. Жиі кездесетін сыртқы құлақ ауруларына отит, перихондрит, отогематома, құлық, т.б. Әсіресе, балаларда жиі кездесетін түрі – сыртқы есту жолына бөгде дененің түсуі. Бұл кезде баланың құлағы қышып, есту қабілеті төмендейді. Осының салдарынан есту жолы терісі қабынып, сұйық зат бөлінеді. Емдеу үшін бөгде денені жою мақсатында спиртті тамшы тамызады, стерильді жылы ерітіндімен есту жолын тазалайды. Ауру асқынып кетсе хирургиялық операция жасалады. Ішкі құлақ ауруларынан есту жүйкесінің невриті мен отосклероз жиі кездеседі. Есту жүйкесінің невриті түрлі жұқпалы аурулардың (тұмау, қызылша,қызамық, т.б.) асқынуынан және құлаққа түрлі инфекциялардың түсуінен болады. Белгісі: құлақ үнемі шуылдап тұрады, адамның естуі төмендеп, тіпті сөйлеудің өзі қиындайды. Науқасты емдеу үшін мидың қан айналысын жақсартатын препараттар, В, С тобының витаминдерін ішкізеді, кейде лазерлі және төмен жиілікті магниттік терапияқолданылады. Отосклероз (грек. otos – құлақ, sklerosіs – қатаю) – екі құлақтың да есіту қабілетінің төмендеуі. Әдетте дыбыстолқыны дабыл жарғағынан және есіту сүйекшелерінен өтіп, есіту жүйкелерін тітіркендіреді. Ауру кезінде ортаңғы құлақты ішкі құлақпен жалғастыратын үзеңгі, төсше және балғашық сүйекшелері қозғалғыштық қабілетінен айырылады. Соның нәтижесінде дыбыс есіту жүйкелеріне жетпейді. Аурудың белгісі бірден байқалмайды, адамның естуі бірте-бірте төмендейді. Дәрі-дәрмекпен емдеу көп нәтиже бермейтіндіктен, көбіне есіттіргіш аппараттарды пайдалану не хирург. операция жасау қажет.

2.Дабыл қуысы, қабырғалары, құрамы, қатынастары, отит кезіндегі асқынулар.

Дабыл қуысы, cavum tympani, бүйір қабырғасы қысыңқылау келген шағын қуыстықтан тұрады. Бұл қуыстың ішкі беті шырышты қабықшамен көмкерілген. Қуыстың ішінде есту мүшелерінің сүйекшелері: балғашық, malleus, төсше, incus, және үзеңгіше, stapes, орналасқан. Қызметі: дабыл жарғағынан сүйекшелер, буындар арқылы тербеліп келген дыбыс толқындарын, ішкі құлақтың лабиринтінің ішінде орналасқан есту нервтерінің рецепторларына қарай өткізу.

Самай сүйектің дабыл бөлігі, pars tympanosquamosa, ол самай сүйектің шағын бөлігі болып саналады. Сыртқы пішіні иіліп келген табақшадан тұрады. Бұл бөліктің төменгі беті ойыстау болып келумен қатар, сыртқы есту тесігінің, porus acusticus externus, төменгі, алдыңғы және артқы қабырғасының жарты бөлігін құрауға қатысады.

Сонымен қатар, дабыл бөлігінің төменгі бетінде қабықшалы бөлігінің аралығында дабыл-қабықшалы саңылауы, fissura tympanosquamosa, айқын орналасқан. Бұл саңылау арқылы, төменгі жақ ойысының буын беті, дабыл бөлігінен бөлінген. Дабыл бөлігінің сыртқы жиегі, бұл сүйектің қабықшалы бөлігімен бірігіп, тұйықталынып, сыртқы есту тесігін, porus acusticus externus, құрайды. Дабыл бөлігінің медиальды бөлігі мен қабыршақтық бөліктің аралығы, дабыл қуысының қақпағынан тқмен бағытта орналасқан табақша арқылы, бұл саңылау алдында орналасқан тас-өқабыршақты саңылауға, fissura petrosquamosa, артында тас-дабыл саңылауына, fissurapetrotympanicа, бөлінеді. Кейінгі саңылау арқылы дабыл қуысынан сыртқа қарай бағыт алған, дабыл шегі атты нерві, n.chorda tympani, және майда қантамырлары өтеді.

Отит (Otitis - құлақ қабынысы) - құлақтың қабынуы. Отиттің асқынуы кезінде ол мастоидитке, мидың абцессіне немесе менингитке айналуы мүмкін. Аяқ астынан естуді жоғалту, бас ауруы, бас айналуы, суық тию сияқты асқынулар маңызды симптомдар болуы мүмкін. Ондай кезде тезірек дәрігерге жүгіну керек.

Орташа отит кезінде уақытша естуді жоғалту болуы мүмкін, бірақ ол емделсе қайта қалпына келеді. Бұл инфекция емделмесе дабыл жарғағының жарылуына және кереңдікке әкеледі.

 

3Көзұясы, қабырғаларының құрылысы, тесіктері, олардың маңызы

ORBITA- сыртқы пирамидаға ұқсап,бүкіл көру мүшелерінің қуыстығын құраушы суйектік кеңістік болып саналады.Көзшарасының кіреберіс тесігі-,көзшарасының табаны мен көру нерві өзекшесінің бағытталған ұшы ажыратылады.Көзшарасының кіреберіс тесігінің пішіні-4бұрыш тәрізді доға.Жоғарғы және төменгі жиек арқ. Шектелген-.

1Көзшарасының жоғарғы қ. - paries superior. Маңдай сүйектің көз бөлігінің көзшарасына қараған беті мен сына суйектің кіші қанатынан тұрады.Сына суйектің кіші қанатының көзшарасына қараған бетінде,көру нерв өзекшесі - canalis opticus. буйір қапталында көзжас безінің ойысы- fossa lacrimalis,алд.мед қапталында-шығырлық қылқан-spina trohlearis,оның артында шығырлық қылқан шұңқыршасы-fovea trohlearis,орналасқан.

2Көзшарасының латералды қабырғасы-paries lateralis, Бетсуйек және сына суйектің үлкен қанатының көзшарасына қараған бетінен тұрады.латералды қабырғасы,жоғарғы қабырғасынан көзшарасының жоғарғы саңылауы-fissura orbitalis,арқылы шектелган.Бетсуек көзшарасы өзекшесінің тесігі-foramen zygomatico orbitalis,айқын байқалады.

3Көзшарасының мед.қабырғасы-paries medialis, Алдында-көзжас суйегі мен тор суектің лабиринтінің көз шарасына қараған бетінен,артқы қапталы-сына суйектің денесінің латералды бетінен тұрады.Мед.қ-ң алд. Бөлігіндғ көзжас қапшығына-,Көзжас қапшығынан жиналған көзжасы мұрын қуысына қарай көзжас-мұрын өзекшесі,арқ мұрын қуысна бағытталады.Тор суектің алд,арт тесіктері орн.-foramen etmoidale anterius et medius

4Көзшарасының төменгі қабырғасы-paries inferior. Жоғарғы жақ суйегі мен бет суйектің көз ашарасын қараған бетінен және таңдай суйектің көзшарасына бағытталған өсіндісінен тұрады.Бұл өзекшеден жоғарғы жақсуйек тістерінің түбіріне бағытталған жоғарғы альвеоларлық алдыңғы,аралық өзекшелер-canalis alveolaris superior anterior et medius, өтеді

4Қанат-таңдай шұңқыры, оның қабырғалары, тесіктері, қатынастары. Самай шұңқыры. Самайасты шұңқыры.

Самай шұңқыры-fossa temporalis,бас сүйектің бүйір бетінде орн.2жақты ойыстан тұрады.Шұңқырдың өзара межелік сызықшасы жоғарыда-linea temporalis superior,төменде самайастылық қырқа-crista infratemporalis,арасында орн.

1Медиальды қабырғасы -төбе сүйегінің сыртқы бетінің сыналық бұрышының маңындағы төменгң бөлігінен,самай сүйектің қабықшалы бөлгінің сыртқы бетінен,сына сүйектің улкен қанатының саай шұңқырына қараған бетінен құралған.

2Алдыңғы қабырғасы -бетсүйек пен меңдай сүйектің бетсүйектік өсіндісінің самай шұңқырына қараған бетінен тұрады.

3Латералды қабырғасы -бет сүйектік доғадан тұрады.

Самайастылық шұңқыр-fossa infratemporalis,

1Алд.қабырғасы-жоғарғы жақ сүйегінің самай астылық шұңқырына қараған бетіндегі жоғарғы жақтық бұдырынан-tuber maxillae,

2Мед.қабырғасы-сына сүйектің латералды қанат тәрізді өсіндісінен

3Лат.қабырғасы-ол жоқ,төменгі жақ сүйегінің бұтағы-ramus mandibule,шұңқырдың лат.қаб.құрауға қатысады.

Қанат-таңдай шұңқыры -fossa pterygopalatina,самайастылық шұңқыр жалғасы.

Практикалық мағызы-

1құрылысы,қызметі өте күрделі парасимпатикалық қанат-таңдай түйіні орналасса.2парасимпатикалық түйіннен нервтендірілетін мүшелерге бағытталған түйіннен кейінгі нерв талшықтары арқылы бірнеше қуыс пен өзара жалғастығында.

Қатынастары-

1Ауыз қуысы мен-таңдай сүйегінің горизонтальды табақшасының үлкен өзекшесі-canalis palatines maior,арқылы

2Көз шарасы мен көз шарасының төменгі саңылауы-fissura infraorbitalis,

3мұрын қуысы мен,сына таңдайлық тесік-foramen spinapalatinum,арқылы

4Қанатты өсіндісінің өзекшесі-canalis pterygoideus,арқылы ми сауытының сыртқы негізімен байланысады.

5 Ми сауыты негізінің сыртқы беткейі

Ми сауытының суйектеріне-маңдай,төбе,сына,самай,шүйде,тор суйектер жатады.

Шүйде сүйегі-os occipitale,ми саутының артқы қапталында орн.сыртқа беті-дөңестеу,ішкі беті-ойыстау келген тақ сүйек.Шүйде сүйектің артқы жағында ми сауытын омыртқа өзекшесімен жалғастырушы шүйделік үлкен тесік-foramen magnum,бүйір қапталында сигма тәрізді қойнаудың жүлгесі-sulcus sinus sigmoideus,орналасқан.

Шүйде сүйегі денесі-pars basilaris,

Шүйде сүйектің бүйір бөліктері-pares lateralis,

Шүйде сүйегінің қабыршақтық бөлігі-pars sqamosa occipitalis,ми сауытына қараған беті-,арtқы шүйделік бүрышы-angulus occipitalis,артқы еміздік атты бұрышы-angulus mastoideus,ми сауытына қараған бетінде крест тәрізді көтеріңкі-eminentia cruciformis,орн.

Төбе сүйек -os parietale,Бас сүйек қақпағының жоғарғы бүйір қабырғасын құраушы жұп қаыршақтық сүйек.Пішіні жалпақ,4бұрышты-2беті,4қыры,4бұрышы ажыратылады.Тісшеленген 3қыры,1қабыршақтық қыры ажыратылады.

1Алдыңғы,маңдайлық қыр-margo frontales,тәждік жік-suturs coronalis,арқылы маңдай сүйекке жалғасады.

2Артқы шүйделік қыры-margo occipitalis,тісшеленіп ламбда атты жік арқылы-sutura lamboidea,шүйде сүйегімен шектелген.

3Сагиталды қыры-margo sagitalis,сагитальды жік арқ.-sutura sagitalis,2жақтық бөлігі өзара шектелген.

4Самайлық,қабыршақтық қыры-margo sqamosa,тегістеу,қабыршақтық жік арқ.самай сүйектің қабыршақтық бөлігімен байланысқан.

Бұрыштары

1Маңдайлық б.-ang.frontalis,төбе сүйектің маңдайлық қыры мен сагиталды қырдың түйіскен жерінде орн.

2Сына сүйектің бұрыштары-ang.sphenoidalis,төбе сүйектің маңдайлық қыры мен қабыршақтық қырымен түйіскен жерінде орн.Қан тамырлар жүлгесі айқын көрінеді.

3Шүйделік бұрыш-ang.occipitalis,сагиталды қыр мен шүйделік қыр түйіскен жерінде.

4Еміздіктік бұрыш-ang.mastoideus,төбе сүйектің қабыршақтық қыры мен шүйделік қырының түйіскен жерінде орн.

Төбе сүйек беттері

1Сыртқы беті-тегіс,дөңес.орталық бөлігінде сүйектің дөңесі-tuber parietale,төменірек доға тәрізді орн. Жоғарғы,төменгі самайлық сызықшалар-linea temporalis superior et inf.,орн.

2Ми сауытына қараған беті-бұдырлау келген.сагитальды қойнаулар жүлгесі,артерия жүлгелері орн.

Маңдай сүйек-os frontale,бас сүйектің негізі мен қақпағын,көзшарасының,мұрын қуысының қабырғаларын құраушы күрделі сүйек.4бөліктен тұрады-қабыршаұтық,жұп көз,тақ мұрын.

1 Қабыршақтық-squama frontalis,сырты-дөңес,тегіс,іші-ойыс,бұдыр.Сыртқы беті-fasies externa,орталық бөлігінде құрсақтық даму кезінде 2жақтық қабыршақтық бөліктің бiр-бiрiмен жіктер арқылы бітіскендіктен ересектерде әлсіз байқалатын метопикалық жіктер-suture metatopica,орн.Көзүстілік бөлігінде-pars suproorbitalis,қасүстілік доға-margo supercilaris,кеңсірік үстілің жазықтық-glabella,орн

2Көз бөлігі-pars orbitalis,

3Мұрын бөлігі-pars nasalis,Мұрын бөлігінің артқы,төменгі бетінде маңдай сүйегінің 2жақтық қойнауы-,орн.

6Ми сауыты негізінің ішкі беткейі, тесіктері, маңызы

Сына тәрізді сүйек-os sphenoidale,бас сүйектің негізінде орнасаласқандықтан,ми сауыты сүйектерінің өзара бір-бірімен түйіскен жерінде орн.Пішіні-жарғанатқа ұқсас.Топографиясы бойынша 4 бөліктен тұрады.-денесі,үлкен,кіші қанатынан,қанат тәрізді өсінді.

1Денесі-corpus,ми сауыты сүй.орт. бөлігінде орн.Пішіні-4жақты текше

Ми сауытына қараған беті-ойыс,түрік ершігіне ұқсас.-sellea turcica,арқасы-dorsum sellae,артқы өсіндісі-procecus clinoideus post.,төмпешік алдында көлденең бағытта әлсіз байқалатын көру нерві айқасының алдыңғы жүлгесі-sulcus prehiasmatis,артында көру нерві жүлгесінің айқасыны-hiasma opticum,орналасқан.Түрік ершігінің бүйір бөлігінде-нервтік өрім жүлгесі-sulcus coroticus,орн.алд немесе мұрын қуысына қараған бетінде-сына сүйек қырқасы-crista sphenoidalis,ол кеңсірік сүйегінің қанатымен-ala vomeris,беттесіп кеңсірік-ілмектік өзекшені-canalis vomeroorastralis,құрайды.Сына сүйек қойнауы-sinus sphenoidalis.

2Кіші қанаты-alae minores,кіші қанатының негізінде дөңгелек тірізді келген көру нервінің өзекшесінің-canalis opticus.ұз-5-6см,Бұл өзекше арқылы 2жұп көру нерві,көздік артерия мен венақантамырлар өтеді.Кіші қанаттың көз шарасына қараған беті мен улкен қанаты аралығында көз шарасын ми сауытымен жалғастырушы көз шарасының жоғарғы саңылауы-fissuraorbitalis superior.орн.Түрік ершігі маңындағы қуысталған қойнау-sinus covernosus орн.

3Улкен қанаты-alae majors.Сына сүйектің басталар жерінде жақын тұрақты 3жұп тесіктер дөңгелек тесік-foramen rotundum.сопақша тесік-foramen ovale,қылқанды тесік-foramen spinosum,орн. Көзшарасына қараған бетінде-көзшарасының төменгі саңылау-fissura orbitalis inf.,жоғарғы жақсүйек қараған бетінде-fasies maxillaris,қанат-таңдай ойысы-fossa pterigopalatina,Жоғары бүйір самай ойысына қараған беті-fasies temporalis,Сына-самай сүйек саңылауы-fissura sphenopetrosa,ішкі қапталында жыртық тесік-foramen lacerum,орн

4Қанат тәрізді өсіндісі-processus pterygoideus.медиальды жіне латералды табақшарадың ойысы-fossapterygoidea.Медиальды табақшаның артқы қырының жоғары бөлігінің негізі,жазыла келе қайықша келген ойысты-fossa pterogoidea құрайды.бқл ойыстың сыртқы қапталында,дабылжұтқыншақ өзекшесі немесе Евстахиев атты өзекшенің шеміршектік бөлігі мен жалғасуында п.б,әлсіз байқалатын жартылай дабыл жұтқыншақ өзекшесі-semicanalis tubae auditive орн.Қайықша тәріздә өсінді өзекшесінің-canalis pterygoideus тесігі.,foramen pterygoideus байқалады.Бұл өзекшелер қантамырлар мен нервтердің өтуін қамтамасыз ету.

7 Мұрын қуысы, қабырғаларының құрылысы, тесіктері, олардың маңызы

Мұрын қуысы- cavitas nasiСүйектік жіне шеміршектік бөліктен тұрады.Кіретін сүйектік тесігі-apertura piriformis.артқы немесе жұтқыншақтық беті-хоана д.а.

1Жоғарғы қабырғасы-мұрын сүйектен,тор сүйектің горизонтальды табақшасынан және сына сүйек пен,шүйде сүйектің мұрын қуысына қараған бетінен тұрады.

2Төменгі қабырғасы-сүйектік таңдайдан-palatinum osseum тұрады.

3Аралық қабырғасы-кеңсірік сүйек пен тор сүйектің перпендикулырлық табақшасынан тұрады.

4Бүйір қабырғалары-жоғарғы жақ сүйек пен тор сүйек лабиринтінің,таңдай сүйегінің перпендикулярлық табақшасынан,төменгі кеуілжір сүйегінің мұрын қуысына қараған беттерінен құралған.

Мұрын жоғарғы жолы-meatus nasi superior.. ортаңғы кеуілжір мен конха медиуы аралығында орн.

М-ң ортаңғы жолы-meatus nasi medius.ар аралық кеуілжір мен төменгі кеуілжір аралығында орн

Төменгі өту жолы-meatus nasi inf.- төменгі кеуілжір мен таңдай арасында орн.

Мұрын сүйегі- os nasalis.жұп сүйек.медиальды қырлары беттесіп мұрынның сүйектік қырын құрайды.Пішіні –жалпақ,4қырлы,ұзындығы еніне қарағанда ұзын.Маңдай сүйектің мұрын бөлігі мен жоғары жақ сүйек маңдайлық өсіндісініңалдыңғы қырымен өзара байланысқан.Алдыңғы торлы нервтер саласы-Sulcus ethmoidalis ant орн.мұрын сүйектерінің аралық жік-sutura internaslisарқ.байланысқан.

Төменгі мұрын қалқаны-concha nasalis.-өте жұқа келген,пішіні –сопақша,жұп дербес табақшалы сүйек.Денесі,4қыры,3өсіндісі ажыратылады.Денесі-мұрын қуысына қараған беті бұдырлау,дөңестеу,латералды беті ойыстау.Алдыңғы қыры,жоғары жақ сүйегінің мұрын қылқанының қырқасы-crista conchalis-пен байланысса,артқы қыры таңдай сүйегінің перпиндикулярлы табақшасының мұрын қуысына қараған мұрын қырқасымен бітіскен.

1Көзжастық өсінді

2жоғарғы жақ сүйектік өсінді

3торлы сүйектік өсінді

8 Бассүйек шұңқырлары. Олардың шекаралары, құрамы

Бассүйек негізі-базис. Сына сүйектің қанат тәрізді мед.өсіндісі мен лат. Өсіндісі табанының аралығында қайықша тәрізді ойыс-fossa scaphoidea,жырымдалған жыртық тесік-foramen lacerum,оның лат.қапталында сопақша тесік-foramen ovale,төменгі жақ буынының ойысы-fossa mandibularis,буын беті алдында буын төмпешігі-tuberculum articulate,Ішкі ұйқы артериясы өзекшесі-canalis caroticus,сыртқы тесігі-foramen caroticum externum,артқы қапталында мойындырық ойысы-fossa jugularis,байқалады.

Мойындырық тесік-Foramen jugularisбұл тесік арқ.ішкі мойындырық вена,9жұп –тіл-жұтқыншақ ми нерві мен 11жұп қосымша ми нерві-n.accesorius өтеді.Біз-емізіктік тесік-foramen stilumastoideum,самай сүйектің терең қабатында орн.бет нерв өзекшесі тесігі.Бұл өзек арқ.7жұп бет ми нерві өтедi.

Шүйде сүйегінің улкен тесігі-foramen occipitalis magnum,

Ми сауытының алдыңғы шұңқыры -fossa crani ant.ми сауытының ішіндегі таяздау келкен ойыс.Алдында соқыр тесік-foramen cacum.

Ми сауытының ортаңғы шұңқыры -Fossa crania media.самай сүйектің тас қыры мен түрік ері арқасы арқ.шектелген.Ортаңғы ойысы-көз шарасы,сына сүйектің үлкен қанаты,кіші қанаты арасындағы жоғарғы саңылауы-fissura orbitalis superior арқылы жалғасады.Бұл саңылау арқ.3жұп көз –қимыл ми нерві-n.oculomatorius,4шығыр нерв-n.trichlearis,6жұп –әкеткіш ми нервn.abducens-,5жұп үшкіл нерв-n.ophtalmicus,көз шарасына қарай бағытталады.

Ми сауытының артқы шұңқырының -fossa crania post.алдыңғы шекарсы,самай сұйектің жоғарғы қыры,түрік ерінің арқасымен шектелсе,артқы шекарасы шүйде сүйегінің көлденең қойнау саласымен sulcus sinus transverses,және шүйде сүйегінің ішкі шғыңқысы-protuberenyia occipitalis externaарқ. Шектеледі.ойыстың орталық бөлігінде шүйде сүйегінің үлкен тесігі- foramen magnum,алдында ылдилы- clivus,бүйір қапталынан мисауытынан сыртқа қарай бағытталған 9жұп тіл-жұтқыншақ ми нерві-n.glossopharingeus,10жұп кезбе ми нерві- n.accesorius,ішкі мойындырық вена тамыры- v.jugularis interna,өтетін- foramen jugularisорналасқан.

9 Көкет, тесіктері, әлсіз жерлері

9 Көкет (лат. diaphragma) - көкірек және құрсақ қуыстарын бір-бірінен бөліп тұрған, пішіні күмбез тәрізді жалпақ жұқа бұлшық ет. Күмбездің дөңес келген ортаңғы сіңірлі төбесі көкірек қуысына қарай бағытталған. Көкеттің шеткі етті бөлігі — тарамдалған бұлшықет будаларынан тұрады. Олар бекитін орындарына қарай: бел, қабырға және төс бөлімдеріне бөлінеді. Көкет жиырылған кезде құрсақ қуысына қарай күшті тартылып,көкірек қуысын кеңейтіп, тынысты ішке қарай алуға көмектеседі. Сондықтан, көкетті тыныс алу бүлшық еттерінің инспираторлар тобына жатқызады.

Тесіктері

1аорталық жол-hiarus aorticus

2Веналық жол-foramen vena cavae

3Өңештік жол-hiatus esophagialis әлсіз жерлері болып табылады,себебі ол жерлерден аорта,венажіне асқазанмен байланысты

10Іш аймақтары.Тік бұлықеттің қынаптарының пайда болуы

Іш-abdomen -тұлғаның адыңғы кеуде мен жамбастың аралығындағы аймақ.Жоғарыда төс сүйегінің серсерлік өсіндісі мен 12-қабырғаға дейінгі қабарығалық доғамен-arcus costalis шектелсе,бүйір қапталы артқы қолтықтық сызықшамен-linea axillaris post.,шектелсе,төменгі 2жақтық шекарасы мықын сүйегінің қырқысы мен алдыңғы бөлігінің шаптық байлам-lig.ingunale,мен шап сүйегінің көтеріңкісі-pons pubis,арқылы шектелген.аймақтары-

1Жоғарғы іштік аймақ-regio epigasrtium,қабырғалардың шеміршекастылық оң жіне сол жақтық аймғына-regio hypohondrica dextra et sinisrta,бөлінеді.

2Ортаңғы іштік аймақregio mesogastrium-,оң және сол жақтық іштік бүйір аймаққа –regio abdominalis lateralis dextrum et sinistrum,кіндіктік аймаққа-regio umbilicalis,бөлінеді

3Төменгі іштік аймақ-regio supepigastrium,қасаға аймаққа-regio hypogastrium,шаптық медиальды және латеральды аймаққа-regio medialis et lat.,бөлінеді.

Іштің тік бұлшықеті-m.rectus abdominis,дәнекер тканды қынабтың-vagina m.abdominis,ішінде орналасқан.Тік бұлшық еттің қынабы іштің жалпақ 3 бұлшық еттерінің апоневроздарынан құралған. Қынаптың алдыңғы және артқы қабырғалары ажыратылады.

1.Тік бұлшық еттің қынабының кіндіктен жоғары деңгейінің құрылысы – алдыңғы қабырғасы-aponeurosous m.obliquus int.сыртқы қиғаш бұлшық еттің апоневроздық қабықшасы, алдыңғы табақшасынан-lamina ant., тұрады. Артқы қабырғасы – ішкі қиғаш бұлшық ет апоневрозының артқы табақшасы-aponurosus m.obliqui int., мен көлденең бұлшық еттіғ апоневрозының-aponeurosus m.transversus abdominis, оның фасциялық қабықшасынан-fascia transversalis, және бұл бұлшық еттің құрсақ қуысы жағынан көмкерілген ішастардан-peritoneum, тұрады.

2.Тік бұлшық ет қынабының кіндіктен төмен деңгейінің құрылысы – алдыңғы қабырғасы-сыртқы, ішкі және көлденең бұлшық еттердің апоневрозынан-aponeurosusm.obliqus externi abdominis et interni abdominis et m.transversus abdominis, тұрады. Артқы қабырғасы – құрсақтың көлденең бұлшық етінің фасциялық қабықшасынан-fascia transversus, ішастардан –peritoneum тұрады.

12,13)Шап өзегі, canalis inguinalis, саңылау болып табылады, ол арқылы еркектерде шәует шылбыры, funiculus spermaticus, ал әйелдерде жатырдың жұмыр байламы, lig. teres, өтеді. Ол іш қабырғасының төменгі бөлімінде іштің екі жағында да, іле-шала шап байламының үстінде орналасады да, жоғарыдан төмен, сыртқы жағынан ішке, артқы жағынан алға қарай өтеді. Ұзындығы 4,5см. Түзілуі: шап байламының сыртқы үштен екісіне ішкі қиғаш және көлденең бұлшықеттер бітісіп өседі, ал байламның медиальды үштен бірінде мұндай бітісіп өсулер болмайды да, бұлшықеттер шәует шылбыры немесе жұмыр байлама, арқылы асып өтеді. Сөйтіп, жоғарғы жағынан ішкі қиғаш және көлденеі бұлшықеттердің төменгі жиектері және төменгі жағынан шап байламының медиальді бөлімі арасында үшбұрышты немесе сопақша саңылау п.б., оған жоғарыда аталған құрылымдардың біреуі орналасады. Осы саңылау шап өзегі д.а. Шәует шылбырының үстінде орналасқан ішкі қиғаш және көлденең бұлщықеттердің төменгі жиегінен шәует шылбырына қарай онымен ұмаға дейін қосарлана ілесетін атабезді көтеретін бұлшықет, m. cremaster шығады. Шап өзегі алдынан төменде шап байламына айналатын іштің сыртқы қиғаш бұлшықеті апоневрозымен, артынан fascia transversalis арқылы жабылған. Сөйтіп, шап өзегінде 4 қабырғаны ажыратуға болады. Алдыңғы қабырғаны іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневрозы, ал артқы қабырғаны - fascia transversalis түзеді; жқғарғыны - ішкі қиғаш жіне көлденең бұлшықеттердің төменгі жиегі, ал төменгі қабырғаны - шап байламы құрайды. Шап өзегінің алдыңғы ж/е артқы қаб.-да бір-бірден шап сақинасы д.а. беткі ж/е терең тесіктер бар.

Беткей шап сақинасы, annulus inguinalis superficialis, сыртқы қиғаш бұлшықет апоневрозы талшықтарының 2 аяқшаға ажырауы арқылы түзілген, ол аяқшалардың бірі - crus laterale, tuberculum pubicum-ге бекиді, 2-шісі - crus mediale - қасаға симфизіне бекиді. Бұдан басқа 3-ші артқы аяқшасы, қайырылған байлам, lig. reflexum, болады. Оны m. obliquus externus abdominis апоневрозының төменгі талшықтары түзеді, олар оралық сызықты қиып өтіп, crus mediale артынан өтіп, шап байламдары талшықтарымен өосылып кетед.

Терең шап сақинасы, annulus inguinalis profundus, шап өзегінің fascia transversalis түзген артқы қабырғасы аймағында жатады да сақина жиектерінен шәует шылбырына дейін созылып, оны ж/е атабезді бірге қоршайтын қабық, fascia spermatica interna-ны түзеді. Одан басқа шап өзегінің артқы қабырғасының медиалды бөлімінде m.transversus abdominis-тің апоневрозынан шығып, тік бұлшықеттің жиегімен төмен шап байламына түсетін сіңірлі талшықтармен бекітіледі. Бұл шап орығы, falx inguinalis, д.а. Бұл қабырғаны жабатын ішастар бір-бірінен кіндік қатпары деп аталатын, ішастардың тік қатпарларымен бөлінген екі шап шұңқырын, fossae inguinales, түзеді. Бұл қатпарлар мыналар: ең латеральдісі -plica umbilicalis lateralis астынын өтетін a. epigastrica interioir-ге байланысты, ішастардың көтерілуінен түзілген; медиальды қатпар, plica umbilicale mediana - ұрықтың, lig. umbilicale medianum-ын жабады.

Латеральды шап шұңқыры, fossa inguinalis lateralis, plica umbilicalis lateralis - тен латеральды жатады да, терең шап сақинасына сәйкес келеді; plica umbilicalis lateralis пен plica umbilicale medialis аралығында жатқан медиальды шұңқыр, fossa inguinalis medialis, шап өзегінің артқы қабырғасының ең осал бөліміне сәйкес келеді де, беткей шап өзегінің қарсысында орналасады. Осы шұңөырлар арқылы шап өзегіне дөңестеніп шап жарықтары шығады, латералды шұңқыр арқылы латералды қиғаш жарық, ал медиалды шұңқыр арқылы медиалды түзу жарық өтеді. Шап өзегінің п.б. атабездің төмен түсуімен, descensus testis ж/е ұрықтық кезеңде әшастардың processus vaginalis-ің түзілуімен байланысты.

 

14) 14. Мойын аймақтары. Мойынның үшбұрыштары, шекаралары, құрамы

Мойынның үшбұрыштары

I.Иекасты үшбұрышы, trigonum submentale

Шекаралары: медиалді-мойынның ортаңғы сызығы

Латералді-venter anterior m.digastiricus

Төменгі-тіл асты сүйегі

II.Төменгі жақасты үшбұрышы, trigonum submandibulare

Шекаралары: жоғарғы-төменгі жақ сүйегі

Медиаліді-venter anterior m. digastricus

Төменгі –venter posterior m. digastricus

Құрамы: төменгі жақ асты безі

III.Ұйқы үшбұрышы,trigonum caroticus

Шекаралары: жоғарғы-venter posterior m. digastricus

Медиалді-venter superior m. omohyoideus

Латералді-m. sternocleidomastoideus

Құрамы:жалпы ұйқы артериясы,ішкі мойындырықтық вена кезбе нерв.

IV.Жауырын-кенірдек үшбұрышы, trigonum omotracheale

Шекаралары: жоғарғы – латералді – venter superior m. omohyoideus

Төменгі-латералді –m.sternocleidomastoideus

Медиалді-мойынның ортаңғы сызығы

Құрамы: мойынның ішкі мүшелері (қалқанша безі, қалқанша маңы бездері, өңештің мойын бөлігі)

V.Жауырын-бұғана үшбұрышы, trigonum omoclaviculare

Шекаралары: латералды-venter inferior m.omohyoideus

Медиалді-m.sternocleidomastoideus

Төменгі –сlavicula

Құрамы:бұғанаасты артериясынның тармақтары,иық өрімінің бұғана үсті бөлігі.

VI.Жауырын –трапетция үшбұрышы,trigonum omotrapezoideum

Шекаралары:төменгі-медиалді –venter inferior m.omohyoideus

Жоғарғы –медиалді –m.sternocleidomastoideus

Латералді-m. trapezius

Құрамы: мойын өрімінің тармақтары

VII.Тіл үшбұрышы,trigonum lingualis (Пирогов үшбұрышы)

Шекаралары:жоғарғы –n.hypoglossus

Медиалді –m. mylohyoideus

Төменгі-venter posterior m. digastricus

Құрамы:тіл артериясы

15 Мойынның шандыр қабықтары мен қабықаралық кеңістіктері, олардың практикалық маңызы..

Мойынның шандыр қабықтары мен қабықаралық кеңістіктері, олардың практикалық маңызы..

Мойынның шандыр қабықтары:

В.Н.Шевкуненко бойынша мойынның 5 шандыр қабығын ажыратады.

I.Мойынның беткей шандыр қабығы,fascia colli superficialis ағзаның жалпы беткей шандыр қабығының (тері асты) бөлігі болып саналады.Мойында бұл шандыр қабық тері асты бұлшықетіне (m.platysma) орын түзеді.

II.Мойынның меншікті шандыр қабығының беткей табағ, lamina superficialis fasciae colli propriae,мойынның барлық деңгейінде орналасып,алдынан төс-бұғана –еміздікше бұлшықетіне (m.sternocleidomastoideus), төменгі жақ асты безі капсуласына,артынан трапеция бұлшықетіне (m.trapezius) орын түзеді.Ол төменнен бұғана мен төстің алдыңғы беткейіне,жоғарыдан төменгі жақсүйектің шетіне бекиді,ал бүйірінен мүйіз арқылы мойын омыртқаларының көлденен өсінділерімен байланысады; бұл мүйіздің біреуі екінші шандыр қабықты көлденең өсінділерге бекитін бесінші шандыр қабықпен,ал басқасы екінші шандыр қабықты және де көлденең өсінділерге бекитін мойынның қан тамыр –нерв будасы қынабымен жалғастырады.Екінші шандыр қабық бетте шықшыт безінің капсуласын түзетін fascia prtideomassaterica -ға өтеді және шайнау бұлшықетін сыртынан жабады.

III.Мойынның меншікті шандыр қабығының терең қабаты, lamina profunda fasciae colli propriae, трапеция пішіндес,жоғарыдан тіласты сүйегімен,төменнен бұғана мен төстің артқы беткейі арасында тартылып тұрады.Бұл шандыр қабықты «Рише кемесі» деп те атайды.Бүйір шекаралары болып жауырын –тіл асты бұлшықеті саналады, сонымен қатар аталған бұлшықетке,және тіласты сүйегінің астында орналасатын топ бұлшықеттерге (mm. Sternohyoidei, sternothyreoidei, thyreohyoidei) орын түзеді.Мойынның ортаңғы сызығында екінші және үшінші шандыр қабықтар бір-бірімен бітеліп, мойынның ақ сызығын түзеді. Оның ені 2-3 мм, төстің тілігіне 3 см –дей жетпейді, мойынның төменгі бөлігінде екінші және үшінші шандыр қабықтар ажыратылып кетеді,себебі; шандыр қабық төс пен бұғананың алдыңғы беткейіне бекісе,ал үшінші шандыр қабық артқы беткейіне бекиді.

IV.Мойынның ішкі мүшелік шандыр қабығы,fascia endocervicalis, те париеталді және вицералді қабықтарды ажыратады. Вицералді қабық мойынның ішкі мүшелерін; жұтқыншақты,өңешті, көмейді, кеңірдекті, қалқанша безді қамтиды.Париеталді қабық мойынның ішкі мүшелерінің алдынан және бүйірінен орналасып, бұлшықеттер (mm. Sternohyoideus, sternothyreoideus, thyreohyoideus, omohyoideus) қынабының артқы қабырғасына жанасады және мойынның қан тамыр –нерв будасын;a. Carotis commanis, v. Jugularis interna, n. Vagus қынап түзеді. Омыртқалардың көлденең өсінділерімен байланысқан қынаптың ішінде аралықтар бар, олар артерияға, венаға әрбіреуіне жеке камера құрады.

V.Омыртқа алды шандыр қабығы. Fascia prevertebralis,мойынның ішкі мүшелерінің артында, омыртқалардың алдында орналасқан fascia endocervicalis –тің париеталді қабығының бөлігі болып саналады. Ол мойын омыртқаларының көлденең өсінділері мен денесінде орналасатын симпатикалық сабауды және бұлшықеттерді (mm. Longus colli et longus capitis) жауып жатады.Бүйірінен сыртқы мойын үшбұрышына жалғасып,сатылық бұлшықеттерге (mm. Scalenii anterior,medius et posterior) және қан тамыр –нерв будасына (a. et v subslaviae, plexus brachialis) қынап түзеді. Fascia prevertebralis төменнен fascia endothoracica –ға өтеді. Жоғарыда айтылған,мойынның шандыр қабықтары мүйіз арқылы мойын омыртқаларының көденең өсінділерімен байланысады.

Шандыр аралық клечаткалық кеңістіктері

Жоғарыда айтылған шандыр қабықтардың арасында клечаткалық кеністіңтер пайда болады.

I. Төсүсті апоневроз аралық кеңістік,spatium interaponeuroticum suprasternale,екінші және үшінші шандыр қабықтардың арасында кездеседі.Бұл кеңістікте arcus venosus juguli,орналасады.Кеңістік төс-бұғана –еміздікше бұлшықеттің артында орналасатын Грубер соқыр қапшығымен (saccus caecus retrosternocleidomastoideus) байланысады.

Бұл қаппшық алдынан m. sternocleidomastoideus, қынабының артқы қабырғасымен,артынан –үшінші шандыр қабықпен,төменнен-бұғананың артқы беткейімен шектеледі.Қапшықта алдыңғы мойындырықтық венаның соңғы бөлігі,лимфа тамырлары және лимфа түйіншіктері орналасады.

II. Мүше алды кеңістігі, spatium previscerale, төртінші шандыр қабықтың париеталді және висцералді қабықтарынның арасында орналасып.тіласты сүйегінен төс тілігіне дейін таралады.Кеңірдекке жақын бөлігі spatium pretracheale,деп аталады. Онда лимфа түйіншіктері,сыңары қалқанша веналық өрім (plexus thyreoideus impar) орналасады.

Spatuim pretracheale –ның төменгі бөлігінің оң жағынан

 

Практикалық маңызы:Кеңірдекалды кеңістігі төс сабы деңгейінде алдыңғы көкірекаралықтан әлсіз аралықпен бөлініп тұрады.Бұл аралық қан және лимфа тамырларына бай, соның әсерінен бұл кеңістіктегі іріңді процестер алдыңғы көкірекаралыққа өтіп,медиастенит ауруының тууына әкеледі.

III.Мүше артқы кеңістігі, spatium retroviscerale,fascia endocervicalis –тің висцералді қабығы мен fascia prevertebralis,арасында орналасып, артқы көкірекпен байланысады. Ол бас сүйегі негізінен көкетке дейін таралады.

Практикалық маңызы: кеңістік артқы көкірекаралыққпен байланысқандықтан,іріндер артқы көкірекаралыққа өтіп, медиастенит және жұтқыншақ арты абцесінің тууына әсер етеді.

IV.Қантамыр- нерв маңы кеңістігі,spatium vasonervorum, мойынның қан тамыр –нерв будасының деңгейінде орналасып,іріңді процестер қан тамыр жолымен жоғары және төмен таралады.

V.Сатыалды кеңістігі – sptium antescalenum, төс бұғана –еміздікше бұлшықетке дейінгі аралық.Бұл кеңістікте бұғана асты артериясының тармақтары орналасады.

VI. Саты аралық кеңістігі, spatium interscalenum,алдыңғы және ортаңғы сатылық бұлшықеттердің аралығында орналасады.

16 Қолтықтық шұңқыр, қабырғалары.Қолтық қуысы, қабырғалары, құрамы, апертуралары.

Қолтықтық шұңқыр, қабырғалары.Қолтық қуысы, қабырғалары, құрамы, апертуралары.

Қолтықтық шұңқыр, fossa axillaris

Қолтықтық шұңқыр, fossa axillaris,кеуде клеткасының латералді беткейі мен иықтың медиалді беткейінде орналасқан шұңқыр болып табылады.

Қолтықтық шұңқырдың шекаралары:

Алдыңғы үлкен кеуде бұлшықетінің төменгі шегі;

Артқы –m. latissimus dorsi -m. latissimus dorsi –дің төменгі шеті

Медиалді –кеуде клеткасында III қабырғада аталған бұлшықеттердің шетін қосатын сызық;

Латериалді –иықтың ішкі беткейінде аталған бұлшықеттердің төменгі қосатын сызық.

----------------------------------------------------------------------------------------------------

Егерде шұңқырды жауып тұратын теріні, оның астында орналасқан шандыр қабықты және қоймалжың майлы клечатканы алып тастасақ, ол қолтықтық қуысқа,cavum axillare –ге айналады.

Қолтықтық қуыстың пішіні төртбұрышты пирамида тәрізді, төбесі жоғары қарап, 1- ші қабырға мен бұғананың 1/3 аралығында орналасады, негізгі төмен қарап, қолтықтық қуыстың кіреберісі болып табылады.Қолтықтық қуыстың төрт қабырғасы бар.

 

Қолтықтық қуыстың қабырғалары:

Медиалді- m. Serratus anterior;

Латериалді- m. coracobrachialis et caput breve m. bicipitis brachii;

Алдыңғы – m. pectorals major et minor;

Артқы –m. subscapularis, m. teres major, m. latissimus dorsi;

-------------------------------------------------------------------------------------

Қоллтықтық қуыстың құрамы: a. et v. Axillares, plexus brachialis, терең лимфа түйіндері, иық өрімінің бұғанаасты бөлігі,v. Cephalica;

Қолтықтық қуыстың алдыңғы беткейінде үш үшбұрыш бар: 1. Clavipectorale;2. trigonum pectorale;3.trigonum subpectorale

1.trigonum clavipectorale –нің шекаралары:

Жоғарыдан –clavicula;

Төменнен –m. pectorals minor –дың жоғарғы жиегі;

2.trigonum pectorale, ол m.pectorales minor –дың проекциясына сәйкес;

3.trigonum subpctorale –нің шекаралары:

Жоғарыдан –m.pectorales minor- дың төменгі жиегі;

Төменнен –m.pectorales major –дың төменгі жиегі;

Қолтықтық қуыстың артқы қабырғасында екі тесік орналасқан.

1.foramen trilaterum, ол медиалді орналасқан, оның шекалары;

---------------------------------------------------------------------------------------

Жоғарыдан –m. subscapularis et m. teres minor –дың төменгі жиектері;

Төменнен –m. teres major,m latissimus dorsi;

Латералді –caput longum m. tricipitis brachii

Құрамы:-a. circumflexa scapulae

2.foramen quadrilaterum, ол латералді орналасқан,оның шекаралары;

Жоғарыдан –m. subscapularis et m. teres minor –дың төменгі жиектері;

Төменнен –m. teres major, m latissimus dorsi;

Медиалді –capus longum m. tricipitis brahii;

Латериалді –тоқпан жіліктің хирургиялық мойыны;

Құрамы-a. circumflexa humeri posterior, n. axillaris;

 

 

18. N.radialis-кәрі жілік нерві иық өрімі артқы будасының жалғасын құрайды.Ол иық артериясы артынан а.profundabrachii-мен бірге иықтың артқы жағына өтіп,тоқпан жілікті спиралды айнала canalishumeromuscularis –те орналасып,содан кейін арттан алға қарай латералды бұлшықетаралық пердені тесіп өтіп m.brachioradialisпен m.brachialisаралығына шығады.Rami muscularis иықтағы жазғыш бұлшықеттер үшін m.triceps және m.anconeus –ке тармақ береді. N.curaneii antebrachii posterior –canalis humeromuscularis-те кәрі жілік нервісінен басталып m.brachoiradilis басталатын жерде тері астына шығып білектің сыртқы жағына таралады.

19. Шынтақ жілік (ulna) буындық шеміршекпен қапталған шығыртәрізді ойығы болады. Жоғарыдан ойын шынтақтық,ал төменнен – тәждік өсіндімен шектелген. Проксималды эпифизінде бүйір жағынан кәрі жілік басымен беттесуге арналған буындық беті бар кәрі жіліктік тілік орналасқан. Алдыңғы бетінде тәждік өсіндіден төмен шынтақ жілігінің бұдыры көрінеді.

20. Адамның еңбек атқаруы, қолұшының жоғары қозғалғыштығын қамтамасыз ету қажеттілігі және қол ұшын әкету және әкелу мүмкіндігі қаңқада анық көрінетін білезік сүйектерінің бөлшектенгенін негіздіген.Олар қысқа бұрыш пішінді екі қатарда орналасқан.Олардың әрқайсысының сыртқы пішіні геометриялық фигураларға ұқсастығына байланысты аталған.Проксималды қатарда қайықтәрізді сүйек орналасқан (os scaphoideum).Ол ұзына бойы көлденең бағытталған.Проксималды беті тегіс шығыңқы ал дисталды беті –иілген ойыңқы.Жалпы алғанда пішіні бойынша сүйекарасында қайыққы ұқсайды.Жоғарғы қатардың ортасында жартыайтәрізді сүйек (os lunatum)орналасқан.Оның тегіс шығыңқы беті проксималды кәрі жілікке бағытталған.Жоғарғы қатарда медиалды жақта үшқырлы сүйек (os triquetrum)орналасқан

28. Ас қорыту жүйесінің жалпы құрылысы, әрбір бөлімнің қызметтері. Ас қорыту жүйесі (көне грекше: systema digestoria; көне грекше: systema — бүтін, байланысқан, жүйе; лат. digestoria — асқорыту) - адам мен жануарлар организмдеріндегі асты (азықты) қабылдау, өндеу, қорыту, сіңіру және жын қалдығын сыртқы ортаға шығару қызметтерін атқаратын мүшелердің жүйесі. Асқорыту жүйесі түтік тәрізді мүшелерден және ас қорыту бездерінен тұрады. Филогенездік және онтогенездік түрғыдан асқорыту жүйесін төрт бөлімге бөледі: бас бөлімді — ауызжүтқыншақ (аран), алдыңғы бөлімді - өңеш пен қарын (асқазан), ортаңғы бөлімді — ащы ішектер (он екі елі ішек, аш ішек, мықын ішек) мен ірі асқорыту бездері (үйқы безі, бауыр), артқы бөлімді - жуан ішектер (бүйен, тоқ ішек, тік ішек) құрайды.

Ас қорыту жүйесінің бірінші бөлімі бетте ауыз саңылауымен, rima oris, ашылатын ауыз қуысы, cavum oris,болып табылады.

Ауыз қуысынан кейін:аран қалтасы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, жіңішке ішек, тоқ ішек, артқы өтіспен аяқталады. Сонымен қатар ас қорыту жүйесіне сілекей бездері, бауыр, және ұйқыбез жатады.

21.Үлкен және кіші шонданай тесіктері. Алмұртүсті және алмұртасты тесіктер, олардың құрамы.

Шонданай сүйегі,os ischii, жамбас сүйегі ойығының төменгі бөлігінде орналасқан. Топографиялық орналасуына қарай; денесінен және бүрыш құрап, орналасқан бұтақтарынан,ramus ossis ischii, түрады. Шонданай сүйектің денесінің, corpus ischia, артқы бетінде:қылқаны, spina ishiadica, қанның жоғарғы бөлігінде, шонданай сүйегінің үлкен тілігі, incusira ischiadica minor төменірек кіші тілігі,incusira ischiadica major, орналасқан. Шонданай сүйектің денесінің бұтақтары иіліп, бұрыш құрап орналасқан. Жоғарғы бұтағының алдыңғы бетінде жапқыш тесіктің алдыңғы төмпешігі,tuberculum obturatorium anterior артқы бетінде шонданай сүйектің бұдыры tuber ischiadicum орналасқан. Шонданай сүйектің бұтағы, шат сүйектің төменгі бұтағымен бірігіп, жапқыш тесікті foramen obturatum құрайды.

22. Сан үшбұрышы, шекаралары, құрамы. Сан өзегі, қабырғалары, сақиналары (тері асты және терең). Практикалық маңызы.Скарпов үшбұрышы

Шекарасы: Жоғарыдан –шап байламы, сыртқы жағынан-n. sartotius, ішкі жағынан-m. adductor liongus пен шектелген. Үш бұрыштың биіктігі - /lig. Inguinale-ден m. sartorii-дің mm. adductor liongus пен қиылысқан жеріне дейін/ 15 см тең.

Қабаттары:

1. Терісі жұқа қозғалғыш.

2. Тері асты клетчаткасы екі жапырақшадан тұратын fascia superficialis-пен бірге, тері асты клетчаткасы жақсы жетілген, онда беткі тамырлар, жүйкелер және лимфа түйіндері жатады.

3. Тамырлар және жүйкелер. А. pudenda externa /екеуі/ ерлерде ұманы және әйелдерде үлкен жыныс еріндерін қоректендіреді. А. epigastrica superficialis кейде екеу, ол жоғарыға кіндікке қарай көтеріледі. А. circumflexa ilium superficialis, spinailiacaanteriot superior қарай өтеді. А. femoris-тен шыққан барлық аталған артериялар for. оvalis аймағында аттас веналармен бірге /жиі екеу/ v. femoralis-ке немесе v. saphena magna келіп құяды. Соңғысы /біреу, кейде екеі/ санның ішкі – алдыңғы бетімен беткі шандырдың екі жапырақшасының арасымен клетчатканың ішімен өтіп, v. femoralis-ке келіп құйылады. Пупартов байламының жамылғысы n. lumboinginalis-тің /plexus lumbalis-тең/ тармақтарымен жүйкелендіреді. Сыртқы беті n. cutanei femoris lateralis аймағындағы тері асты клетчаткасына кіретін, одан біршама төмен және оның алдына таман spina iliaca ant. sup. тармақтары қоректендіреді. M. sartorii бағытына сәйкес келетін сызықпен nn. femoralis –пен nn. cutanei anterior шығады.

4. Лимфалық түйіндер. Бірінші топ пупартов байламына қатар жатады және құрсақтың алдыңғы қабырғасынан, гениталийден, шат аймағынан, бөксе және бел аймағынан лимфаларды қабылдайды. Екінші топ nodi lymphatici subingui a. femoralis-тің жолымен орналасқан және аяқтан лимфаларды қабылдайды. Көптеген лимфалық веналармен бірге жүреді.

5. Санның меншікті шандыры – fascia lata-тығыз жапырақша, онда көптеген сіңірлі талшықтар жатады. Шандыр санның барлық бұлшық еттерін жауып және сүйектің шығып тұрған жеріне бекітіледі. Скарповский үш бұрышы аймағында шандыр екі жапырақшаға ажырайды: беткі /lamina superficialis fascia late/ және терең /lamina profunda fascia latae/. Бұл аймақтың бұлшық еттерін оқығанда жапырақшалардың сан тамырларына қатынасын және жолдарын білуге болады.

6. Бұлшық еттер. Бұл жерде екі топ бұлшық еттері бар: беткі және терең. Беткі бұлшық еттер 4 топтан тұрады: m. tensor fascia latae, msartorius, m. adductor longus және m. gracilis. Скраповский үш бұрышының түбін терең бұлшық еттер – m. illiopsoas және m. pectineus құрайды. Бұл екі бұлшық еттің арасында үш бұрыш тәрізді ойыс-fossa iliopectinea пайда болады. Оның ұшы ортан жіліктің кіші ұршығына сәйкес келеді. M. sartorii fascia lata-тің ішкі жиегінде екі жапырақшаға бөлінеді. Терең жапырақшасы – lamina profnnda fasciae lata сан тамырларының астында жатады. m. illiopsoas және m. pectineus-ті жауып, сосын ішкі жағынан алып келуші бұлшық еттерге өтеді. Беткі жапырақшасы - lamina superficialis fasciae lataе м. sartorii-тің ішкі жиегінің ішінен сан тамырларының алдымен өтіп және оның астында processus falicifrprmis ойысы бар, оның жоғарғы және төменгі мүйізшесі /coriusuperius, cornu inferioris/ бар. Жоғарғы мүйізшесі сан тамырларының үстінде пупартов байламына бекітіледі немесе жоғарыға өтіп m. pectineus-тің үстінде терең жапырақшамен байланысады. Төменгі мүйізшесі де тамырлардың алдында жатып, m. pectineus-тің үстінде терең жапырақшамен байланысады. Processus falciformis foramen немесе fossa criorosa-ті шектейді және ол ойыс жұқа жарғақпен жабылған – Lig. iliopectineum. Көптеген тесіктерден беткі артериялар, веналар және лимфалық тамырлар өтеді. Сондықтан скарповский үш бұрышында беткі және терең жапырақшалардың арасында сан тамырлары өтетін кеңістік пайда болады.


Дата добавления: 2015-02-06 | Просмотры: 6188 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.062 сек.)