АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Ах0,355х10

А Б

8-cурет А-Гигрометр: 1-жылжымалы қозғау гайкасы; 2-жылжу винті;

3-майсызданған шаш; 4-рама; 5-шкала; 6-стрелка

Б-Дөңгелек қораптағы шаш гигрометрі М-68.

 

Студенттердiң өзiндiк жұмы сы: Қорадағы ауаның салыстырмалы ылғалдылығымен басқа да гигрометриялық көрсеткіштерін өлшеу үшін,

мал қорадағы ауа температурасын өлшеу ережелері арқылы анықтайды.

Бақылау сұрақтары:

1. Мал қораларындаға ауа ылғалдылығының көздері.

2. Ылғалды ауаның мал организміне әсері.

3. Гигрометриялық көрсеткіштерді өлшеуге арналған құралдар құрылысы

және оларды пайдалану ережесі.

4. Нормадан жоғары ылғалдылық пен төменгі температура, мал организміне

қалай әсер етеді.

5. Нормадан жоғары ылғалдылық пен жоғарғы температура мал организміні

қалай әсер етеді.

 

 

3-тақырып. Ауадағы көмір қышқыл газын анықтау

Сабақтың мақсаты: 1. Ауаның химиялық құрамын зерттеу

2.Мал қора ауасындағы көмiрқышқылды газды анықтаудың титрометрикалық әдiсiнiң негiзiн игеру

Керектi құралдар мен жабдықтар: сыйымдылығы 5-6 л шыны ыдыс, сыйымдылығы 120 мл дейінгі калибрленген шағын флакон, 50 мл екі бюретка, колбалар, термометр және барометр, Ва(ОН) ерітіндісі оның I мл көмірқышқыл газының I мг байланысатындай болуы керек, қымыздық қышқылының өрітіндісі, оның I мл С02 I мг дәл сәйкес келуі тиіс. Индикатор - фенофталейннің I % спиртті ерітіндісі.

Сабақтың мазмұны. Қорадағы ауада көмір қышқьлының мөлшері қаншалықты болуына қарай ауа тазалығының көрсеткіші белгіленеді. Мал қораларындағы көмірқышқыл газының жинағы 0,25-0,3 % асып кетпеуі тиіс.

Ауадағы көмірқышқыл газын анықтаудың бірнеше жолы бар. Газоанализатордың (Холденнің, Кудрявцевтің, Колмыковтың) көмегімен жүргізілетін тәсілдер тиімді.

Көмірқышқыл газын анықтау үшін көбінесе Субботин - Нагорскийдің тәсілдері қолданылады (титрометрикалық тәсіл). Бұл тәсіл неғұрлым дәлірек болғанымен, өте ауқымды. Өндірістік жағдайға байланысты бұл тәсілдің ықшамды түрін Москва малдәрігерлік академиясының зоогигиена кафедрасы ұсынып отыр. Бұдан басқа қазіргі кезде іс жүзінде СО2 анықтау үшін универсалды газоанализаторлар/УГ-2/ кеңінен қолданылады.

Субботин - Нагорский тәсілі. Анықтау тәсілі белгілі бір ауа мөлшерін титрленген Ва/ОН/2 ерітіндісімен өлшеу болып табылады. Күйдiргіш барий СО2 тез сіңіреді, бұдан кейін күйдіргіш барий титры азаяды.

Ва/ОН/2 х 8Н20 + С02 = Ва СО2 + 9Н2О

Ва/ОН/2 ертінді титрінің айырмасының көрсеткіштері әртүрлі болуына байланысты СО2 сіңіргеннен бұрын және соңынан зерттеу үшін алынған ауадағы көмірқышқылының мөлшерін анықтайды.

Анықтау тәртібі: I. Барит ерітіндісінің бірінші титрін анықтау

Колбаға 20 мл қымыздық қышқылын өлшеп алып, оған фенолфталейннің 2 тамшы индикаторын қосып, солғын қызыл түске жеткенше күйдіргіш барий ерітіндісімен титрлейді.

Мысалы: 20 мл қымыздың қышқылына 21 мл барий ерітіндісі кетті делік. Атап айтқанда бұл ерітіндінің 21 мл қымыздық қышқьлының 20 мл немесе 20 мг көмірқышқыл газын байланыстырады. Ал 100 мл күйдіргіш барий ерітіндісі қымыздық қышқылының 100х20/21 = 98,6 мл байланыстыра алады.

 

16-сурет. Күйдіргіш барий сақтауға арналған бутыль

 

2. Ауаның сынамасын алу және одан баритті ерітінді арқылы көмірқьшқыл газын анықтау

Колиберленген шыны ыдысты ауадағы СО2 мөлшерін қай жерде анықтау керек болса, сол бөлмеге қояды. Зерттелетін ауаны аспиратордың, насостың көмегімен шыны ыдысқа үрлейді немесе ыдысқа алдын-ала су толтырып ауа зерттеу орнына қойып содан кейін ыдыстағы суды төгеді. Бүдан соң ыдысты тығынмен тығындап, түбін жоғары қаратып төңкеріп, қояды да шағын флаконның аузына (оған алдын ала 100 мл күйдіргіш барий құяды) ыдыстың тығынын тесігіне жалғастырады. Күйдіргіш барий бар ыдысты оған жалғанған флаконмен бірге төңкеріп, 20 минут бойына сілкілейді. Бұл кезде ерітінді күңгірт ақшыл түске айналады, өйткені СО2 сіңіргендіктен осындай түске айналдырады. Осыдан кейін ерітіндіні шағын флаконға қайта құйып, тығындайды. Сүйықтық мөлдір болуы үшін флаконды 1-2 сағат уақытқа дейін қояды.

Көмірқышқыл газын анықтау үшін 5-6 л ауаны алып ауа сынамасын алған кезде термометр мен барометрдің көрсеткіштерін жазып отырады.

1.Зерттелетін ауаның келемін қалыпты жағдайға келтіру (0° және 760 мм сын.баған.)

Зерттеу үшін ыдысқа алынған ауаның көлемін Бойль-Мариотта мен Гей-Люссактың формулаларының көмегімен қалыпты жағдайға келтіруге болады:

Мұңдағы:760 – 0°С-тан 760 мм сынап бағанасына келтірілген ауа көлемі;

Vt- ыдыстың көлемі;

L - ауаның ұлғаю коэффициенті /0,003667 тең/;

B- барометрдің зерттеу кезіндегі көрсеткіші;

Т - зерттеу кезіндегі ауаның температурасы.

Есептеуді жылдамдату үшін 6-шы кесте қолданылады.

 

 

Ауаның көлемін қалыпты жағдайға келтіру коэффициенті (0°С 760 мм сн.бағ.)

 

 

t,°C Қысым, мм сн. бағ. . баг.
                 
-5 1,0454 1,0387 1,0321 1,0254 1,0186 1,0119 1,0052 1,9986 1,9918
  1,0263 1,0197 1,03,20 1,0066 1,0000 0,9934 0,9868 0,9803 0,9737
  1,0225 1,0159 1,0095 1,0029 0,9963 0,9897 0,9832 0,9767 0,9701
  1,0189 1,0123 1,059 0,9993 0,9927 0,9862 0,9796 0,9732 0,9666
  1,0151 1,0086 1,0022 0,9956 0,9891 0,9826 0,9761 0,9696 0,9631
  1,0114 1,0049 0,9985 0,9920 0,9855 0,979 0,9725 0,9661 0,9596
  1,0079 1,0014 0,9950 0,9885 0,9820 0,9755 0,9691 0,9627 0,9562
  1,0042 0,9977 0,9914 0,9849 0,9785 0,9720 0,9665 0,9592 0,9527
  1,0006 0,9941 0,9878 0,9814 0,9749 0,9685 0,9621 0,9557 0,9493
  0,9971 ,9907 0,9644 0,9779 0,9715 0,9651 0,9587 0,9524 0,9460
  0,9935 0,9871 0,9808 0,9744 0,9680 0,9617 ,9553 0,9490 0,9426
  0,9900 0,9836 0,9773 0,9710 0,9646 0,9582 0,9519 0,9456 0,9392
  0,9865 0,982 0,9739 0,9676 0,9613 0,9549 0,9486 0,9423 0,9360
  0,9830 0,9767 0,9705 0,9642 0,9578 0,9515 0,9452 0,9390 0,9327
  0,9797 0,9733 0,9672 0,9609 0,9546 0,9483 0,9420 0,9358 0,9295
  0,9762 0,9699 0,9638 0,9575 0,9514 0,9449 0,9386 0,9333 0,9262
  0,9728 0,9665 0,9604 0,9541 ,9479 0,9416 0,9353 0,9282 0,9229
  0,9695 ,9632 0,9571 0,9509 0,9446 0,9384 0,9322 0,9260 0,9198
  0,9661 0,9599 0,9538 0,9476 0,9413 0,9351 0,9251 0,9289 0,9228
  0,9628 0,9566 0,9505 0,9443 0,9381 0,9318 0,9257 0,9196 0,9134
  0,9595 0,9533 0,9473 0,9411 0,9349 0,9288 0,9226 0,9165 0,9103
  0,9562 0,9501 0,9440 0,9378 0,9317 0,9255   0,9133 0,9072
  0,9529 0,9468 0,9408   0,9285 0,9224   0,9102 0,9041
  0,9498 0,9436 0,9376 0,9315 0,9254 0,9193 0,9132 0,9072 0,9011
  0,9465 ,9404 0,9344 0,9283 0,9222 0,9162 0,9101 0,9041 0,8980
  0,9401 0,9340 0,9281 0,9220 0,9160 0,9099 0,9039 0,8919 0,8919
  0,9246 0,9186 0,9128 0,8068 0,8009 0,8849 0,8890   0,8772
  0,9246 0,9186 0,9128 0,8068 0,8009 0,8849 0,8890 0,8831 0,8772

4. Ыдыстағы ауаның көмірқышқыл газын сіңіргеннен кейiн баритті ертіндінің екінші титрын анықтау

Колбаға қымыздық қышқылының 20 мл. ертіндісін құяды фенолфталеиннің 2 тамшысын қосады да шағын флакондағы қалған күйдіргіш барийдің мөлдір ерітіндісімен солғын қызғылт түс пайда болғанша титрлейді.

Сурет-17 Бюреткалар: а) күйдіргіш барий үшін; б) қымыздық қышқылы үшін;

в) түтікше натрондық әкпен; г) каучук-баллон;

д) қымыздық қышқылына арналған стакан.

 

Мысалы: қымыздық қышқылының 20 мл-не шағын флакондағы күйдіргіш барийдің 25,5 мл жұмсалды делік. Сөйтіп күйдіргіш барийдің 100 мл қымыздық қышқылының 100х20/25,5= 78,4 мл сіңіреді, бұл көмірқышқыл газының 78,4 мг-на сәйкес

5. Ауа көлеміндегі қалыпты жағдайға келтірілген көмірқышқыл газының мөлшерін (процентін) анықтау

Алынған ауа көлемінің көмірқышқыл газы /мг/ мөлшеріне сәйкес келетін күйдіргіш барийдің бірінші және екінші титры арасындағы айырмашылықты табады, ал СО 2 мг 0° және сынап бағанасымен 760 мм қысым жағдайында 0,509 мл көлемге тең келеді. Қалыпты жағдайға келтірілген ауа көлеміндегі көмірқышқыл газының мелшері /процент есебімен/

V0760 ————— 100

VСО2————— Х

 

Мұндағы: V0760- қалыпты қысымға келтірілген ауа көлемі;

VСО2- анықтауға алынған көмірқышқыл газының көлемі.

6. Мал қорадағы ауаға СО2 мөлшеріне байланысты санитариялық баға беру

С туденттердiң өзiндiк жұмысы:

1). Студенттер күйдiргiш барий ертiндiсiмен кiшi флаконды толтырып, аузын жауып арасындағы тетiк арқылы шыны таяқшаны салады.

2). Таза бутыльды мал қорасына қойып резина түтiкшесiн салып ауа енгiзедi. Бутыльдың аузын тығынмен тығындайды.

3). Барометрдiң және термометрдiң көрсеткiшiн жазады.

4). Бутыльды жантайтып кiшi флаконның аузын ашып барит ертiндiсiн iшiне құяды.

5). Бутыльды 20 мин жақсылап шайқап араластырып ертiндiнi 1 сағатқа қояды.

6). Бутыльдың аузын кiшi флаконға төмен қаратып iшiндегi барит ертiндiсiн қайта құяды, флаконды 1-2 сағатқа қойып қояды.

7). Бутыльдағы ауа көлемiн 00 температурағы және 760 мм сынап бағанасына келтiредi.

8). Күйдiргiш барий ертiндiсiнiң титрiн анықтайды.

9). Бутыльдағы көмiрқышқылды сiңiргеннен кейiн тұндырылған күйдiргiш барий ертiндiсiнiң титрiн анықтайды.

10). Студенттер жасалған жұмыстарына қорытынды жасайды.

Бақылау сұрақтары:

1. Көмірқышқылының мал организміне әсері.

2. Қорадағы СО2 көбею себептері.

З.Ауадағы СО2 анықтаудың тәсілдері.

4. Мал қораларындағы ауада СО2 мөлшері.

 

4- тақырып. Әмбебап газоанализаторы (УГ-2) арқылы зиянды

газды анықтау

Сабақтың мақсаты: 1.Ауадағы зиянды газдарды анықтауда қолданылатын ӘГ-2 құралымен танысу

Керектi құралдар мен жабдықтар: 1. Әмбебап газоанализатор (ӘГ-2). 2. Индикатор түтiкшелерi. 3. Термометр. 4. Штырь. 5. Аллюминий фольгасы. 6. Воронка. 7. Мақта. 8. Шкала.

Сабақтың мазмұны. Әмбебап /ӘГ-2/ газоанализаторы - көмірқышқыл газын, тотықты көміртегін, аммиакты, күкіртті сутегіні және басқа да газдарды анықтауға арналған құрал. Ауадағы аты аталған газдың шоғырлануын анықтау жолы мынаған негізделген: индикатор түтікшесіне толтырылған индикатор ұнтағынан ауаны өткізу кезінде оның түсі осы газдың ауадағы мөлшеріне қарай белгілі бір биіктікке түсі өзгереді. Индикатор ұнтағының түсінің өзгеру биіктігі мг/м3 бөліктері бөлінген тиісті шкала бойыша өлшенеді. Газоанализатор ауа тартқыш қондырғы мен индикатор ұнтағы бар қорабтан тұрады.

Анықтау жолы. Индикатор түтікшесін ұнтақпен толтырады. Ол үшін бір ұшына гигроскопиялық мақтаны /қалыңдығы 0,5 мм/ тығындап қояды, одан сәл төменірек металл бекіткіш қолданылады. Дәл сол сияқты екінші бір ұшына индикатор ұнтағын толтырады да мақта қабатын төсеп, тығынмен жабады. Индикатор ұнтағы бар ампула ондағы ұнтақты салған сайын әр кез тығыз жабылуы тиіс. Дайындалған түтікшілерді саңлау қалдырмай /герметизациялау/ бітеу керек. Ол үшін индикатор түтікшелерінің екі ұшын фольга қағазымен орайды, бұдан кейін балқытылған сургучке 10-11 мм тереңдікке батырады, сургуч индикатор түтікшелерінің ұштарын, фольганың жоғарғы жиектерін жабуы тиіс. Мал қораларында сынама алынатын жерде газоанализатордың қақпағын ашып, стопорды босатып, втулканың тесігіне штокты орнатады, ол сорылатын ауа көлемінің көрсетілуіне қарай штоктың жоғарғы бетіндегі тереңдікте жылжып тұруы тиіс.

Штокты қолмен басып, стопордың ұшы шток науасыңдағы жоғарғы ойыққа дәл түскенше сильфонды қысады.

Индикатор түтікшесін сургуч пен фольгадан босатып, прибордың резиналы түтігіне жалғайды. Бір қолмен штоктың төбесінен басып тұрып екіншісімен стопорды шығара бастайды. Шток жылжи бастағанда стопорды босатады. Бұл уақытта ауа индикатор түтікшесі арқылы сорылады. Индикатор трубасының ұшы ауа сору сәтінде ауа сынамасын алу деңгейінде тұруы тиіс. Стопр шток науасының төменгі ойығына енгенде сырт еткен дыбыс естіледі. Сырт еткеннен кейін шток қозғалысы тоқтап, ол ауаны соруын біткенше күту керек.

 

 

19-сурет. (УГ-2) Әмбебап газ анализаторы 1-калибрленген шток; 2-резина

түтікше; 3-сыртқы қорабы;

4-фиксатор; 5-индикаторлы шыны

түтікше.

 

Газдың шоғырлануын анықтау үшін әр газға арналған құралға бөліктері бар шкала қойылады. Шкалада өткізілген ауаның қаншалықты көлемінде сол немесе басқа шкаланы пайдалану қажеттігін көрсететін белгілер бар.

Мысалы, көмірқышқыл газының шоғырлануын анықтау үшін 100 немесе 400 мл зерттелетін ауа мөлшерін; аммиакты анықтау үшін 30 немесе 250 мл;, күкіртті сутегі үшін - 30 немесе 300 мл; көмірқышқыл тотығы үшін 60 немесе 220 мл ауа мөлшерін өткізу керек.

Индикатор түтікшесіне орналастырған индикатор ұнтағы бағанасынан зерттелетін ауаны өткізгеннен кейін, өлшеуіш шкалаға қойып, ұнтақ түрінің өзгеруі шкаланың қандай бөлігінде аяқталатын анықтайды. Индикатор ұнтағының түрін өзгерту шегімен мен сәйкес келетін цифр зерттелетін газдың шоғырлануын көрсетеді, ол мг/л немесе мг/мэ деп белгіленеді.

Студенттердiң өзiндiк жұмысы:

1. Студенттер алдын ала индикатор түтікшесін ұнтақпен толтырады. Дайындалған түтікшілерді саңлау қалдырмай /герметизациялау/ бітейдi.

2.Мал қораларында сынама алынатын жерде газоанализатордың қақпағын ашып, стопорды шығарады, втулканың тесігіне штокты орнатады.

3. Штокты қолмен басып, стопордың ұшы шток науасындағы жоғарғы ойыққа дәл түскенше сифонды қысады.

4. Индикатор трубасын сургуч пен фольгадан босатып, прибордың резиналы түтігіне жалғап, бір қолмен штоктың төбесінен басып тұрып екіншісімен стопорды шығара бастайды. Стопр шток науасының төменгі ойығына енгенде, сырт еткен дыбыс естілгеннен кейiн шток қозғалысы тоқтап, ол ауаны соруын біткенше күтедi

5. Зерттелетiн ауадағы зиянды газдарды анықтағаннан кейiн студенттер мал қорасына санитариялық-гигиеналық тұрғыдан баға бередi.

Бақылау сұрақтары:

1. ӘГ - 2 құралының құрылысы мен жұмыс істеу жолы.

2. Индикатор түтікшесін ұнтақпен толтыру тәртібі мен техникасы.

3. Қорадағы ауада зиянды газдың болу мөлшері.

 

 

5-тақырып. Ауаның микробпен ластануын анықтау әдісі

Сабақтың мақсаты: 1. Кротов құралымен жұмыс iстеу тәртiбiн игеру

2. Ауаның микробпен ластануын анықтау әдiстерiн игеру

Керектi құралдар мен жабдықтар: Петри аяқшасы, термостат, колонияларды санауға арналған құрал, АФА-БА-3, АФА-В-18 фильтрлерi, физиологиялық ертiндi, 1 немесе 2 мл стерильдi пипеткалар.

Сабақтың мазмұны. Гигиеналық тұрғыдан ауаның бактериялық ластануын бағалау үшін 1м3 ауадағы жалпы бактериялар санын, сондай-ақ санитариялық-керсеткіш микроорганизм мөлшері мен микроб түрлерін аныңтайды. Ауадағы бактериялардың жалпы санын анықтау үшін тұндыру тәсілі көмегімен ауадағы микробтарды Петри шыны табақшасына қондырып және Кротов құралымен сүзгіштер немесе сұйықтар арқылы микробтарды өсіріп анықтауға болады.

1. Тұндыру тәсілімен микроорганизмді анықтау. Осы тәсілмен анықтау үшін Петри шыны табақшасына ерекше стерилді таза жағдайыңда 15 мл шамасында ет пептонды агар мен желатин құяды. Бұдан соң шыны табақшаны зерттейтін орында 5 минут ашып ұстап микробтарды қондырғаннан кейін, 48 сағатқа 370С температурадағы термостатқа орналастырады. Соңынан Петри шыны табақшасында барлық өскен микробтар санын есептейді.

Есептеу.3 ауаның құрамындағы микроорганизмдерді анықтау үшін 100см2 Петри шыны табақшасыңда 5 минуттың ішінде 10 л ауадан қонатын микробтар санын ескеру арқылы анықтайды.

Мысалы. Көлемі 100 см2 Петри шыны табақшасында 5 минуттың ішінде 10 л көлемдегі ауадан 80 микроорганизм өсті делік. Яғни 1 м3 зерттеу ауасында:

X - /1000:80/: 10 = 8000 микроорганизмдер бар.

2.Ю.К.Кротов құралы арқылы микроорганизмдерді анықтау. Осы құралдың көмегімен ауадағы микробтардың жалпы санын ғана емес сондай-ақ ауру тудыратын және санитариялық- көрсеткіштік микробтардың мөлшерін анықтауға болады.

Кротовтың құралы сыртқы қорабтан, оның табаны мен негізінен және қақпақтан тұрады. Қақпаққа зерттелетін ауаны сорып алу үшін саңылауы бар плексигластан жасалған диск салынған.

Құрал арқылы өткен ауаның мөлшерін есептеп отыру үшін қорабқа вентілі бар ротаметр бекітілген. Құралдың негізіне электрлік мотор орнатылған, ал оның білігіне /ось/ сыртқа тепкіш желдеткіш бекітілген. Желдеткіштің ішіне сегіз қалақты қанаттар орналастырған, ол минутына 60 айналым жасап Петри шыны табақшасының бетін сына сияқты саңлаудан ауа сорады. Қоректі заты бар Петри шыны табақшасын қораптың жоғары бөлігіне орналастырылған айналмалы дискіге бекітеді. Сына сияқты саңлаудан келіп тұрған ауа Петри шыны табақшасындағы қоректік заттың бетіне соқтығып, оған микробтар жабысып қонады.

 

А Б

13-сурет. Кротов құралы А -сыртқы көрінісі: 1-ротаметр вентилі; 2-ротаметр;

3-бекіткіш алқа; 4-айналмалы диск; 5-қақпақша; 6-диск;

7-үшкірленген қуыстық; 8-қорабы; 9-табан.

Б -Ішкі көрінісі: 1-цилиндр; 2-электр моторы;

3-қанатша; 4-серпін; 5-ауыстырмалы қақпақша; 6-диск;

7-үшкір қуыс; 8-Петри табақшасы; 9-диск; 10-ортадан

тебу желдеткіші; 11-құрал табаны; 12-штуцер

иафрагмасымен.

 

Ауадағы микроорганизмдердің жалпы санын анықтау кезінде аппараттан 2-3 минуттың ішінде 50 л ауа өткізеді. Ауа қатты ластанған болса ұстау мерзімі бір минутқа дейін азаяды.

Мысалы. Тексерілген ауаның мөлшерін үш минут шамасында алып, сору жылдамдығын 25 л /мин/ болды делік. Термостатта Петри шыны табақшасында 440 колоний өсті делік. Яғни I м3 ауада: X = /440. 1000/: 75 = 5867 микроорганизмдер болады.

3. Сүзгі және сұйық арқылы ауадағы бактерияларды қондыру. Зерттеу нүктелерінде аспиратордың көмегімен шыны түтікшеге бекітілген (сүзгідегі микробтарды физиологиялық стерилді ертіндімен шаяды) сүзгіш немесе тазаланған физиологиялық стерилді ерітіндіден 50-100 л ауа өткізеді. Петри шыны табақшасына агармен бірге I мл физиологиялық ерітінді құйып, оларды температурасы 370 С термостатқа үш күнге қояды.

Бұдан соң өскен колонийді санап есептеп, содан кейін микробтың барлық санын табады.

 

14-сурет. Ауа жұту аспаптары а-Полижаев аспабы; б-Зайцев аспабы;

в-ауа сүзгіштігі. (мм өлшемдері мен)

Мысалы. 25 мл физиологиялық ерітіндіден немесе сүзгіштен 100 л ауа өткізілді делік (сүзгіштегі микробтарды шайып кетіру үшін 25 мл физиологиялық ерітінді қолданылған). Петри шыны табақшасында 120 колоний өскен. Яғни 1мл физиологиялық ерітіндіде 120, ал 25 мл - 3000 микроорганизм болады екен.

Ендеше 1м3 ауада қанша?

100 л – 3000

1000 л – X;

микроорганизм.

15-сурет. Бактерия колонияларын санауға арналған ПСБ аспабы

 

Студенттердiң өзiндiк жұмысы: 1. Студенттер тексеретiн аймақта аспиратордың көмегiмен ауа (50-100 л) фильтр немесе стерильдi физертiндi арқылы өткiзедi

2. Петри аяқшасына 1 мл физиологиялық ертiндiнi тамызып термостатқа 3 тәулiкке 370С қояды.

3. Өскен колониялар санын есептеп қорытынды жасайды

Бақылау сұрақтары:

1. Ауаның микробтармен ластануының қандай гигиеналык мәні бар?

2.Ауадағы микробтардың санын анықтауда тұндыру (седиментациялық) тәсілі дегеніміз не?

3) Кротов құралының құрылысы қаңдай және онымен жұмыс істеу ережесі.

4) Арнаулы құралдың көмегімен Петри шыны табақшасындағы микроорганизм колонияларын есептеу тәсілі.

5) Ауаның микробтық ластануын төмендету үшін қандай санитариялық және гигиеналық шаралар қолданылады?

6-тақырып. Топырақты санитариялық–гигиеналық тұрғыдан бағалау

Сабақтың мақсаты: Топырақты лабораториялық зерттеу арқылы физикалық, химиялық, бактериологиялық және гельминтологиялық тұрғыдан баға беру.

Керектi құралдар мен жабдықтар: Таразы, цилиндр, колба, пробиркалар, колориметриялық кестелер

Сабақтың мазмұны

Топырақты зерттеуге арналған сынама мөлшерін алу.

Сынаманы алу үшін арнаулы бұрғылау құралы немесе таза күректі пайдаланады. Сынаманы шахмат тәртібімен бірнеше жерден немесе бөліктен /аула, участок/ алаңы 25 м2 , тереңдігі 0,25 м көлденеңінен 3-5 нүктеден алады.

Алынған топырақтың бәрін араластырып, орташа сынаманы 1 кг шамасында алады.

Сынаманы алғаннан кейін /ең кемі 24 сағаттың ішінде/, оны тығыны тығыз жабылатын шыны ыдысқа /банкаға/ салып лабораторияға жібереді.

Топырақ сынамасына жолдама қағаз қосып жібереді. Онда сынаманың алған орнын, уақытын, сынаманы алған тереңдігін ж.б. көрсетілуі тиіс.

Топырақты түйіршіктеріне қарай сұрыптау үшін /диаметрі/ 7,4-2,1 және 0,3 мм, бірнеше елегіштен тұратын жинақты пайдаланады. Жинақты құрған соң /елегіштер бір-біріне тығыз енуі тиіс/ үстіңгі елекке 100 г құрғақ топырақ салып, қақпағын жабады, сөйтіп, топырақ сынамасын елейді. Топырақтың әрбір бөліктерін өлшеп біткеннен кейін процентін анықтаймыз. Оның нәтижесі бойынша топырақ түрі анықталады.

Кесте 1 – Топырақтың түйіршектерінің көлемі бойынша жіктеу

 

Топырақ түйіршігі Көлемі, мм
Тастар, қиыршық тастар 3 – тен жоғары
Түйіршігі үлкен, құм 3 – 1
- // - орташа, құм 1 – 0,25
- // - ұсақ, құм 0,25 – 0,05
Үлкен тозаң 0,01 – 0,005
Орташа тозаң 0,005 – 0,001
Ұсақ тозаң 0,001 – ден төмен

Кесте 2 – Топырақтың механикалық құрамының жіктелуі (Н.А. Качинский бойынша)

 

Саз тұйіршіктерінің көлемі /0,01 мм /, процент. Құм бөлшектерінің көлемі / 0,01 мм / процент Топырақтың механика-құрамы бойынша аталуы  
80 – нен жоғары 20 – дан төмен Ауыр сазды
80 – 50 20 -50 Сазды
50 – 40 50 – 60 Ауыр саздылау
40 – 30 60 – 70 Орта саздылау
30 – 20 70 – 80 Орта саздылау
20 – 10 80 – 90 Ұсақ саздылау
10 - 90 – 95 Құмды
5 – тен төмен 95 – тен жоғары Құмды Борпылдақ құмды

Топырақтың физикалық құрамын анықтау

Топырақтың түсі. Түсі күңгірт қою болса топырақ құрамында органикалық заттың көп болғаны, соның ішінде микроорганизм де бар. Әйтсе де қара топыраққа қарашірікпен /гумуспен/ және шіріген көң-қимен қатты тыңайтылу арқылы берілетін күңгірттенген топырақты да айыра біоген жөн, себебі бұл топырақта біріншісіне қарағанда ауру қоздырғыш микроорганизмдер жиі кездеседі.

Ақшыл сұр, сортаң топырақ, сондай-ақ ақшыл-сары, құмды, органикалық заттарға жұпыны топыраққа кальций, фосфор және калий сияқты минералдық заттар аз болады.

Топырақ исі. Ыластанбаған таза топырақ иісінің гигиеналық тұрғыдан маңызы бар. Жаңа қимен, зәрмен, тазаланбаған былғаныш тоқтау судан, мал өлекселерінен былғанған топырақта шірік, аммиакты, күкіртті сутегі исі пайда болады. Сынама алынысымен сол жерде исін анықтайды.

Лабораторияда жаңа сынаманы колбаға салып, үстіне ыстық су құяды да тығынмен жауып, сілкейді, содан соң тығынды алып иісін анықтайды.

 

Топырақтың физикалық қасиетін анықтау.

  1. Топырақтың түсін анықтау.
  2. Топырақтың иісін анықтау.
  3. Топырақтың температурасын анықтау.
  4. Топырақты суды көтеру / капилярлық / қабілетін анықтау.
  5. Топырақтың су сіңіру / поглотительный / қабілетін анықтау.
  6. Топырақ қуысының көлемін анықтау.
  7. Топырақтың ылғалдылығын анықтау.

 

Топырақ қуысының көлемін анықтау. Қуыс /Р/ дегеніміз топырақ бөлшектері аралығының бос көлемінің жиынтығы болап табылады.

Сөйтіп оны барлық алынған топырақ көлеміне қарай процентпен шығады:

Р – қуыстың шамасы оның бөлшектерінің орналасуы мен диаметріне, сондай-ақ ылғалдылығы мен температурасына байланысты. Топырақ бөлшегінің диаметрі аз болған сайын оның қуыстарының көлемі көбейе түседі /шірігіш, торфты және басқалар/.

Анықтау жолы. Қуыстардың қөлемін анықтау үшін өлшеуіш цилиндірге - 50 мл топырақ салып /а/, 50 мл /б/ су құяды. Қуыс суға толысымен сумен араласқан топырақтың қандай қөлемді алатынын анықтайды /К/. Бұдан кейін формула бойынша топырақтың қуысының көлемін процентпен табады.

Р= (а+б)-К;

б

Мұнда: Р- қуыстың көлемі, процент есебімен;

а-сынамаға алынған топырақ көлемі;

б-судың көлемі;

К-топырақ пен судың көлемі.

 

Топырақтың суды көтеру (капиллярлығын) қабілетін анықтау. Ол топырақтың механикалық құрылымына, ылғалдылығына, тұздың мөлшеріне, өз капилляры бойынша суды төменгі деңгейден жоғары көтеру қабілетіне байланысты. Құрғақ топыраққа қарағанда ылғалды топырақта су тезірек көтеріледі. Егерде ұсақ түйіршікті топырақта, ерігіш тұздың мөлшері көп болса /әсіресе натрий тұзы/ судың көтерілу қабілеті баяулайды. Топырақты суды көтеру қабілеті штативке бекітілген бірнеше биік түтікшелерден /50-100см/ тұратын арнаулы құралмен анықтайды.

Әрбір түтікшені жоғары деңгейге – дейін топырақпен толтырады. Төменгі ұшына дәке орап су құйылған қорапқа салады. Түтікшенің ұшы осы суға 0,5 см еніп тұруы тиіс. Бұдан кейін топырақ түсінің өзгеруіне қарай судың көтерілу жылдамдығымен биіктігін қадағалап 5,10,15,20 және 60 минут аралығында, одан әрі су көтеріліп біткенге дейіни әрбір сағат сайын сантиметр есебімен оның деңгейін белгілейді.

 

Бақылау сұрақтары.

 

1. Топырақтың климатқа және мал организміне әсері.

2. Топырақтың механикалық құрамының гигиеналық маңызы.

3. топырақтың физикалық құрамы және оның гигиеналық маңызы.

4. Топырақтың физикалық құрамын анықтау тәсілдері.

 

Топырақтың химиялық құрамын анықтау

 

Биохимиялық өзгерістер нәтижесінде топыраққа түскен органикалық заттар бірте-бірте минералды қоспаға айналады. Минералдану кезінде қөбіне осы қоспа құрамына қарай анықтайды.

Химиялық талдау жүргізу үшін топырақтан сүзінді алады / топырақтағы судан ерігіш заттарды шығару /.

Топырақ сүзіндісін дайындау. Оны дайындау үшін 50 г топырақты колбаға салып, құрамында аммиягы жоқ 250 мл бидистиллят құяды. Колбаны резиналы тығынмен тығындап, оны үш минуттай 7 проценттік құйдіргіш калий ерітіндісін қосып, одан әрі қарай шайқайды. Одан кейін колбадағы ерітінділерді сүзгіштен өткізеді. Сүзіндінің мөлдір болғаны жөн, сол себептен де алғашқы бөлінгенді жеке колбаға жинап, ал қалғанын қайта сүзгіштен өткізеді. Сорып алынған сүзіндіні сол қүні тексеруден / анализден / өткізіп, ондағы аммиактың, азоттың, азотты қышқылдың, хлоридтің, сульфаттың мөлшерін анықтайды. 100 грамм топырақтың ішіндегі химиялық заттардың мөлшерін милиграммен есептейді.

Топырақтың реакциясын анықтау. Бұл реакцияны көбіне Михаэлес құралы арқылы анықтайды. Топырақтағы рН-ты анықтау үшін 6 мл сүзіндіні алып, 1 мл универсалды индикаторды қосады да, стандартты шкала арқылы сұйықтың бояуына қарай рН- ты анықтайды.

Топырақтағы аммиакты анықтау. Пробиркаға 10 мл сүзінді су құйып оған 4 тамшы Несслер реактивін қосады. Егер топырақта аммиак болса онда 10 минуттан кейін сары немесе қоңыр бояу пайда болады.

Бояудың түсінің өзгеруіне қарай колориметрикалық кестені пайдалана отырып, аммиактың жуықтау сан мөлшерін анықтауға болады.

Топырақтағы нитритті анықтау. Пробиркадағы 10 мл сүзінді суға 10 тамшы Грисс реактивін қосады. Пробирканы 5 минуттай қыздырады. Нитрат бар болса солғын қызыл немесе қызыл бояу пайда болады. Бояудың түріне қарай колориметриялық кестені пайдалана отырып, нитриттің сан мөлшерін анықтауға болады.

Топырақтағы нитратты сапалық анықтау. Пробиркадағы 1 мл сүзінді суға 2 мл дифениламин мен кұкірт қышқылының қоспасын құяды. Нитрат бар болса қара көк бояу пайда болады.

Бақылау сұрақтары:

 

1. Топырақтың өзіндік тазалау процесіне және оның санитарлық-гигиеналық маңызына қандай себептер ықпал етеді?

2. Нитрификация процесінің мәні неде?

3. Топырақ сүзіндісінің дайындау тәртібі қандай?

4. Топырақтың реакциясы және ондағы аммиякті, нитритті, нитратты анықтау жолдары.

 

Кесте 3 – Топырақтағы нитритті колориметрикалық тәсілмен анықтау

 

Жанынан қарағандағы судың боялуы   Жоғарыдан төмен қараған кездегі бояудың түсі   Көлбеу қараған кездегі бояудың түсі     Мөлшері,мг/л
Жоқ Жоқ Жоқ 0,001
Жоқ Жоқ Болар-болмас қызғылт 0,001
Жоқ - Өте әлсіз қызғылт 0,002
Болар-болмас қызғылт Болар-болмас қызғылт Әлсіз қызғылт 0,005
Өте әлсіз қызғылт Әлсіз қызғылт - 0,01
Ашық қызғылт Қызғылт - 0,5
Қызғылт Өте қызғылт - 0,2
Қызғылт Ащық қызыл - 0,5

 

Кесте 4 – Топырақтағы аммиакты колориметрикалық тәсілмен анықтау

 

Жанынан қарағандағы судың боялуы   Жоғарыдан төмен қараған кездегі бояудың түсі       Мөлшері,мг/л
Жоқ Жоқ 0,05
Жоқ Болар-болмас 0,10
Болар-болмас Әлсіз сары 0,25
Өте әлсіз сары Сарғылт 0,50
Әлсіз сары Ашық сары 1,0
Ашық сары Сары 2,5
Сары Қоңыр сары 5,0
Бұлыңғыр сары Қою қоңыр 10,0
Қою қоңыр Қою қоңыр 25,0

7-тақырып. Топырақты санитариялық – биологиялық зерттеу әдістері.

 

Сабақтың мақсаты: топырақты жалпы микроорганизмдермен ластануын анықтай білу, топырақтың гельминтологиялық және энтомологиялық зерттеу әдістерін игеру.

Керекті материалдар мен құрал-жабдықтар:

Топырақ сынамасы, Петри аяқшалары, қоректік орта, пробиркалар, пипеткалар, стерильді колбалар, шыны воронкалар, сүзгілер, микроскоп, термостат, натрий гидрооксидінің 5% ерітіндісі, натрий нитратының ерітіндісі.

Сабақтың мазмұны: топырақты зерттегенде толық санитариялық – бактериологиялық талдауда келесі көрсеткіштерді анықтау керек:

- сапрофитті бактериялардың жалпы саны (микроб саны);

- ішек таяқшалары тобына жататын бактериялар саны;

- ластану сипатын анықтайтын термофильді микроорганизмдер саны (қи, лас ағынды сулар және т.б.).

Бактериологиялық зерттеу үшін сынама алу. Ауданы 1000 м2 болатын зерттелетін территориядан ауданы 25 м2 болатындай екі учаске белгілеп аламыз (біреуі міндетті түрде ластану көзінің қасында болу керек. Орташа сынаманы дайындау үшін әр учаскеден диагоналі бойынша 5 жерден немесе шеттерінен 4 жерден және ортасынан алынады (конверт принципі бойынша). Сынаманы стерильденген құралмен (кішкене күрек, қалақша, шпатель) 20 см тереңдіктен алады. Топырақтың терең қабаттарынан алынған (0,7-2 м) топырақ сынамасын бурмен алу керек.

200-300 г топырақты серильденген банкаға ауыстырып, мақта тығынымен тығындайды. Банка мойнын қағазбен орап, байлап қояды. Банкаға нөмірлеп, сыртына қажетті анықтамасы бар(айы-күні, сынаманы алған жері) анықтама қағазын жабыстырып, тез арада лабораторияға жібереді. Лабораторияда алынған топырақ сынамасын бөгде заттардан тазартып, ірі бөлшектерін майдалап, диаметрі 3 мм болатын стерильденген електен өткізеді. Електен өткізілген топырақ сынамасының 30 г мөлшерін сумен араластырады.. Егер сынама алынған күні бактериологиялық зерттеу жүргізу мүмкін болмаса, оны 24 сағат бойы +1....+2°С температурада сақтау қажет.

Талдауға арналған сынаманы дайындау. 30 г топырақты стерильді колбаға салып, 270 мл стерильденген физиологиялық ерітінді құяды. Қоспаны 10 минут бойы мұқият араластырып, 2-5 минут тұндырады, пайда болған суспензияны топырақтың ластану деңгейіне байланысты стерильденген физиологиялық ерітіндімен 1:10 - 1:1 000 000 қатынасында сұйылтады.

Микроорганизмдердің жалпы санын анықтау. Әр түрлі сұйылту дәрежесіндегі көлемі 0,1 мл болатын зерттелетін топырақ суспензиясын стерильді пипеткамен Петри аяқшасындағы қоректік ортасына (Эндо, Плоскирева және т.б.) егіп, 24 сағатқа 37 °С температураға термостатқа қояды, өсіп шыққан коллонияларды әдеттегідей санайды.

Топырақтағы ішек таяқшасын табу үшін сұйылту дәрежелері әр түрлі топырақ суспензиясын Кесслер-Свенартон қоректік ортасы бар ыдысқа егеді.

Әр түрлі сұйылтулардағы топырақ суспензияларынан 1 мл көлеміндей алып, көлемі 9 мл болатын Кесслер-Свенартон ортасына егеді. Бір сұйылту дәрежесіндегі екінші сұйылту дәрежесі басқа суспензияға өткенде стерильді пипетканы ауыстырып отыру керек. Егінділерді +43°С температураға термостатқа қояды (егер термостат болмаса, онда 37 °С температурада ұстауға болады. Егер егінділер өспей жатса, егіндіні тағы да 2 тәулікке қояды. Егер ыдыста 18-24 сағаттан кейін газ және лайлану пайда болмаса, онда бұл топырақ сынамасында ішек таяқшасы жоқ деген мағынаны береді.

Анықтау көрсеткіштерін коли-индекспен анықтайды, 1 г топырақ мөлшеріндегі ішек таяқшасының саны, немесе коли-титрмен, яғни 1 г топырақтағы өсетін ішек таяқшаларының ең аз мөлшері.

Сонымен қатар топырақта анаэробтар (Cl. Perfingens) титрі және термофилдер титрін анықтайды. Термофильді сапрофитті микрофлора биологиялық таза топырақта болмайды, бұл микрофлора қимен және компостармен түседі.

Топырақты гельминтологиялық зерттеу. Сынама алу. Талдау үшін ластану мүмкіндігі бар ауданы 50 м2 болатын учаскеден тереңдігі 2-3 см жерден топырақ сынамасын аламыз. Зерттелетін учаскенің диагоналі бойынша 9-10 жерден 200г топырақ алады. Беткі қабаттардан топырақ сынамасын күрекше немесе шпательмен, ал тереңірек қабаттардан күрекпен алады.

Алынған топырақты полиэтилен қапшықтарға салып, жақын тәуліктерде зерттеу қажет. Қажет жағдайда топырақ сынамаларын тоңазытқышта бірнеше ай сақтауға болады. Ол үшін сынаманы үлкенірек шыны банкаларға салып, периодты түрде ылғалдап, анда-санда араластырып отыру керек. Сынамаларды бөлме температурасында сақтағанда 3 % формалин ерітіндісі немесе 1-2 % күкірт қышқылы ерітідісін құйып қояды.

Топырақ сынамасын гельминттер жұмыртқасына тексеру. 200 г топырақ алып, шыны бетіне біркелкі етіп бөледі. Топырақтың әр түрлі қабаттарынан алыңған топырақты мұқият араластырып, қосындыдан 10 г алып, қабырғасы қалың колбаға салады. Арнайы моншақтар көмегімен 1 сағат бойы топырақты 5 мл % натрий гидроксиді ерітіндісімен араластырады.

Алынған қоспаны 1-2 минут бойы центрифугалайды, артық сілтіні төгіп тастайды. Тұнбаны натрий нитратының қаныққан ерітіндісімен(тығыздығы 1,4 г/см) мұқият араластырып, 2 минуттан 5 реттен кем емес центрифугалайды.

Әр центрифугациядан кейін беткейлік пленканы алып, ішінде шамалы суы бар стақанға салады.

Стақанның ішіндегісін сүзіп, сүзгіні ылғалды кезінде микроскоппен зерттейді, гельминттер жұмыртқасы оңай табылады. Жұмыртқаларды морфологиялық ерекшеліктерін жете зерттеу үшін сүзгіден қырынды алады да, заттық шыныға жағынды жасайды: 50 %глицеринді заттық шыны бетіне тамызып, микроскоппен қараймыз.

Топырақты санитариялық-энтомологиялық зерттеу. Топырақтың ластануын зерттеу үшін оның балаңқұрттармен және шыбын қуыршақтарымен зақымдануын анықтайды.

Зерттеуде көлемі 25х25 см2 болатын рама-трафаретті қолданады, оны топырақ беткейне қояды. Трафарет ішінен тереңдігі 20 см етіп топырақ қазады да, тегіс беткейге шашады. Балаңқұрттар мен шыбын қуыршақтарын пинцетпен алып, санайды. Зерттеу нәтижесін бес баллдық шкала бойынша бағалайды: балаңқұрт жоқ – 1 балл, балаңқұрттардың жеке экземплярлары – 2 балл, балаңқұрт аз – 3 балл, балаңқұрт көп – 4 балл, балаңқұрт өте көп– 5 балл.

Бактериологиялық және гельминтологиялық талдаулар нәтижесі бойынша топырақтың ластану деңгейіне санитариялық бағаны 1 кестедегі көрсеткіштер бойынша беруге болады.

 

 

Топырақтың санитариялық күйінің көрсеткіштері

(сынама 0-20 см тереңдіктен алынған)

Қауіптілік деңгейі Қауіпсіз Салыстырмалы қауіпсіз Қауіпті Өте қауіпті
Ластану деңгейі Таза Әлсіз ластанған Ластанған Қатты ластанған
1 г топырақтағы микробтың жалпы саны Коли-титр,г   Анаэробтар титрі, г   1 кг топырақтағы гельминттер жұмыртқасының саны   Санитариялық саны   Ластану көрсеткіштері: Химиялық заттар   (ПДК асу жиілігі;радиоактивтік заттармен; табаға жиектен асу жиілігі)   Топырақтың өздігінен тазару көрсеткіші: термофилдер титрі. г     1000 аз ≥1,0 ≥0,1     0,98-1,0     ≤1     ≤1   0,01-0,001     10 мыңдаған 1,0-0,01 0,1-0,001   10-ға дейін   0,86-0,97     10-ға дейін     1-1,5   0,01-0,00002       100 мыңдаған 0,01-0,001 0,01-0,0001   11-100   0,7-0,86     10-100     1,5-3   0,00002-0,00001     Миллиондар <0,001 <0,0001   >100   <0,7     >100     >3   <0,00001

 

 

Өзіндік жұмысқа арналған практикалық тапсырмалар:

1. Егінділері бар петри аяқшаларындағы өсіп шыққан коллониялар санын санап шығу.

2. Топырақты гельминттердің балаңқұрттары мен жұмыртқаларына, шыбындар балаңқұрттары мен қуыршақтарына зерттеу.

3. Бактериологиялық, гельминтологиялық және энтомологиялық зерттеулер нәтижесіне байланысты топырақтақтың ластану деңгейіне баға беру.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Бактериологиялық, гельминтологиялық және энтомологиялық зерттеулер үшін топырақ сынамасын қалай алады?

2. Топырақтың биологиялық қасиеттерін зерттеу әдістерін атаңыз?

3. Санитариялық –бактериологиялық талдау құрамына қандай зерттеулер кіреді?

4. Гельминттердің балаңқұрттары мен жұмыртқаларын қалай анықтайды.

5. Бактериологиялық және гельминтологиялық талдаулар нәтижесіне байланысты топыраққа санитариялық баға беру.

 

Қолданылатын әдебиет:

1. Ж.Б. Мырзабеков «Жануарлар гигиенасы», Алматы, 2005

2. Храбустовский И.Ф., Демчук М.В., Онегов А.П. «Практикум по зоогигиене».

3. Гершун В.И., Муслимов Б., «Ветеринарная гигиена».

 

 

8. СУДЫҢ САНИТАРЛЫҚ-ГИГИЕНАЛЫҚ ТҰРҒЫДАН БАҒАЛАУ

8- тақырып. Судың физикалық қасиетін анықтау

Сабақтың мақсаты: Судан сынама алуды үйрену және судың физикалық қасиетін (түсі, исі, температурасы, мөлдірлігі және дәмі) анықтау арқылы бағалау.

Керекті материалдар мен құрал-жабдықтар: батометр, термометрлер (ожаулы, шар тәрізді), төменгі жағында краны бар, қабырғалары сантиметрлерге бөлінген цилиндр, баспа шрифт, диаметрі 1-1,5см, жуандығы 1-2 мм дөңгелек сақиналы сым темір, плитка, колбалар, пробиркалар.

Сабақтың мазмұны: Су адам мен мал организмдерінің тіршілігі мен қызметін, денсаулығын қалыпты ұстау үшін маңызы зор. Малдың өніміділігіне, фермалар мен комплекстердің санитарлық жағдайына айтарлықтай ықпалын тигізеді.

Судан сынама алу үшін арнайы ережелерді қолданамыз. Құдық суынан сынаманы таңертең және кешке 0,5-1 м тереңдіктен, а шық су қоймаларынан осындай тереңдікте су жағасынан 1-2м алыстау жерден батометр құралымен немесе шыны ыдыстармен су құбырынан суды 10-15 мин. ағығаннан кейін тығыз жабылатын таза шыны ыдыспен аламыз.

Толық лабораториялық анализ жасау үшін ең кемінде 5литр су алынады, әрбір сынамаға жылы, айы, күні, алған сағаты, алған орны, алу әдісі, қандай мақсатта, кімнің тапсырмасы екені, сондай-ақ судың физикалық қасиеті жазылған жолдама хаты болуы тиіс.

1. Температураны анықтау – арнайы термометр арқылы /ожаулы немесе домалақ шар тәріздес термометрлерге 5-6 қабат дәке орайды / судың сынамасын аларда тікелей су көздері басында жүргізіледі.Арнаулы термометр арқылы алынған су сынамасы сыртқы ортаның ауытқымалы температурасының ықпалынан сақтандырады. Термометрді 10-16 мин, кейін судан шығарып термометр көрсеткішін тез арада белгілейді

Ішуге жарайтын судың температурасы:

Ірі мал үшін 10-120

Буаз, ауру мал үшін 12-150

Жасына байланысты жас малдар үшін 10-30


Дата добавления: 2015-02-06 | Просмотры: 2223 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.073 сек.)