АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Кузеков ЧСП

 

550. 62 жастағы әйел адам. Жартылай алмалы салмалы протезбен ортопедиялық емдеу сатысында. Дәрігер екінші клиникалық кезеңде не жасайды?

* қарап тексереді, қалып алады

* балауызды базисет тістердің орналасуын тексереді

* протез базисінің коррекциясын жүргізеді

* +орталық окклюзияны анықтайды

* пластиналы протезді өткізеді

551. Әйел 62 жаста, жартылай алмалы пластиналы протез жасау жоспарланған. Қалып алу үшін қандай қалыптық материал қолданады?

* ғаныш

* +упен

* репин

* сиэласт

* стомафлекс

552. Қатты таңдайдың көлемді алаңының шырышты қабатының батымдылығы жоғары дәрежедегі аймағы В.И.Гаврилов бойынша қалай аталады?

* амортизациялық

* +буферлік

* қантамырлық

* клапанды

* пассивті

553. Шырышты қабатқа аспаппен немесе саусақпен вертикальды бағытта күш түсіргенде ол басылады, шырышты қабаттың осы жағдайы қалай аталады?

* амортизация

* қозғалмалылығы

* қысылуы

* қатпарлығы

* +батымдылығы

554. Шырышты қабаттың батымдылығы аз жер?

* +қатты таңдайдың сагитальды жігі аймағы

* қатты таңдай көлденең қатпары бар аймақ

* альвеола өсіндісін жауып жататын аймақ

* қатты таңдай үштен бір бөлігін жауып жататын

* альвеола сүйегінің вестибулярлы жағы

555. Бұлшықетті жауып жататын және оның жиырылуы кезінде қозғалмалылығы артатын шырышты қабат?

* пассивті-қозғалмалы

* +активті-қозғалмалы

* нейтралды

* клапанды

* өтпелі қатпар

556. Протездеу үшін ең қолайлы шырышты қабат?

* жұқа, атрофияланған

* +тығыз, серпімді

* борпылдақ,батымды

* көлденең қатпарлар секілді

* «ойнап тұрған айдаршық»

557. 62 жастағы әйел адам. Жартылай алмалы салмалы протезбен ортопедиялық емдеу сатысында. Қалып алу үшін қандай қалыптық материалды қолданған дұрыс?

* қатты кристалды

* гидроколлоидты

* термопластикалық

* силиконды

* +альгинатты

558. 48жастағы ер адам, алмалы протез астындағы ауру сезіміне шағымданып келді. Анамнезінен: жартылай алмалы пластиналы протез бір ай бұрын дайындалған. объективті: өтпелі қатпар аймағында шеттері біркелкі емес, беті сұр түсті қақпен жабылған шырышты қабат ақауы, қоршаған тіндер қызарған. Сипап көргенде жара астында инфильтрат, алдын ала диагноздың қайсысы дұрыс?

* +жара

* афта

* эрозия

* гингивит

* гиперкератоз

559. Төменде аталған жоғары жақ сүйектің аймақтарының қайсысының шырышты қабаты орташа батымдылыққа ие?

* қатты таңдайдың сагитальды жігі аймағы

* +қатты таңдай көлденең қатпары бар аймақ

* альвеола өсіндісін жауып жататын аймақ

* қатты таңдай үштен бір бөлігін жауып жататын

* альвеола сүйегінің вестибулярлы жағы

560. Тістем білігі бар балауыз негізі қай клиникалық кезеңді жүргізу мақсатында дайындалады?

* пластиналы протездің балауызды құрылымын тексеру

* функциональды-сорылғаш қалып алу

* +жақтардың орталық арақатынасын анықтау

* пластиналы протезді шақтау мен тапсыру

* анатомиялық қалып алу

567. 62 жастағы әйел адам. Объективті: 18,17;16;27;28;26;25 тістері жоғары жақта жоқ. Төмендегі диагноздардың қайсысы сәйкес келеді?

* +Жоғары жақ тіс қатарының Кеннеди жіктемесі бойынша 1класс кетігі

* Жоғары жақ тіс қатарының Кеннеди жіктемесі бойынша 2класс кетігі

* Жоғары жақ тіс қатарының Кеннеди жіктемесі бойынша 3класс кетігі

* Жоғары жақ тіс қатарының Кеннеди жіктемесі бойынша 4класс кетігі

* Жоғары жақ тіс қатарының Гаврилов жіктемесі бойынша 1класс кетігі

568. 50 жастағы ер адам. Объективті: 38,37,36,35,34 тістері төменгі жақта жоқ.

Төмендегі диагноздардың қайсысы сәйкес келеді?

* төменгі жақ тіс қатарының Кеннеди жіктемесі бойынша 1класс кетігі

* +төменгі жақ тіс қатарының Кеннеди жіктемесі бойынша 2класс кетігі

* төменгі жақ тіс қатарының Кеннеди жіктемесі бойынша 3класс кетігі

* төменгі жақ тіс қатарының Кеннеди жіктемесі бойынша 4класс кетігі

* төменгі жақ тіс қатарының Гаврилов жіктемесі бойынша 1класс кетігі

569. 65 жастағы ер адам. Объективті: 44,45,46,47 тістері төменгі жақта жоқ.

Төмендегі диагноздардың қайсысы сәйкес келеді?

* төменгі жақ тіс қатарының Кеннеди жіктемесі бойынша 1класс кетігі

* төменгі жақ тіс қатарының Кеннеди жіктемесі бойынша 2класс кетігі

* +төменгі жақ тіс қатарының Кеннеди жіктемесі бойынша 3класс кетігі

* төменгі жақ тіс қатарының Кеннеди жіктемесі бойынша 4класс кетігі

* төменгі жақ тіс қатарының Гаврилов жіктемесі бойынша 1класс кетігі

570. Жартылай пластиналы протезбен қалпына келеді?

* тіс сауыты кетігі

* тіс сауытының толық болмауы

* +тіс қатарының жартылай кетігі

* тістердің толық болмауы

* патологиялық қажалу

571. Жартылай пластиналы протезбен ортопедиялық емдеуге жатады?

* жақ тіс қатарының Кеннеди жіктемесі бойынша 1класс кетігі

* жақ тіс қатарының Кеннеди жіктемесі бойынша 2класс кетігі

* жақ тіс қатарының Кеннеди жіктемесі бойынша 3класс кетігі

* жақ тіс қатарының Кеннеди жіктемесі бойынша 4класс кетігі

* +Кеннеди бойынша тіс қатарының барлық кетіктері

 

572. Жартылай алмалы пластиналы протез негізгі бөліктері?

* доға, жасанды тістер және кламмерлер жүйесі

* +пластмассалық негіз, жасанды тістер, кламмерлер

* пластмассалы базис жасанды тістерімен

* тірек сауыттар мен жасанды тістер

* штифті тістер және салма

573. Альвеола сүйегіне келіп тірелетін пластиналы протез бөлігі?

* +негіз

* жасанды тістер

* кламмер

* аттачмен

* имплантат

574. Тіс қатарының кетігін қалпына келтіретін жартылай пластиналы протез бөлігі?

* +базис

* +жасанды тістер

* +кламмер

* аттачмен

* имплантат

575. Табиғи тістерге протезді бекітіп ұстайтын механикалық бекітпе?

* базис

* жасанды тістер

* +кламмер

* аттачмен

* имплантат

576. Сақталған тістердің саны, альвеола өсіндісінің сему дәрежесі, таңдай күмбезі айқындығы мынаған әсер етеді?

* протез тұрақтылығына

* +протез негізінің көлеміне

* протез беріктігіне

* кламмер санына

* эстетикасына

577. Тіс сауытын алып жататын, тіс экваторы мен мойын аралық аймағында орналасқан кламмер бөлігі?

* өсіндісі

* денесі

* +иығы

* окклюзиялық бастырмасы

* клипмайдер

578. Иығы мен өсіндісін қосатын кламмер бөлігі?

* өсіндісі

* +денесі

* иығы

* окклюзиялық бастырмасы

* клипмайдер

579. Протез негізінің қалыңдығында орналасқан кламмер бөлігі

* +өсіндісі

* денесі

* иығы

* окклюзиялық бастырмасы

* клипмайдер

580. Төмендегі көрсетілген анықтамалардың қайсысы «қалып» терминіне нақты анықтама береді?

* тіс қатарының тікелей суреті

* тіс қатары кетігінің негативті суреті

* ауыз қуысы шырышты қабатының тікелей суреті

* +протез орнының анатомиялық түзілістерінің кері суреті

* тіс қатары мен шырышты қабаттың тікелей суреті

581. Шырышты қабаттың батымдылығының диапазоны мм?

* 0-1мм

* 0-2мм

* +0-3мм

* 0-4мм

* 0-5мм

582. Орталық окклюзияны анықтап,бекіткеннен кейін тістем білігінің фронтальды бөлігіне қандай бағдар сызықтары жүргізіледі?

* құлақмұрын, көзқарашықтық

* сүйір тістер орта сызығы, ауыз бұрышы сызығы

* күлкі сызығы, мұрынқұлақ

* +күлкі сызығы, орта сызығы, сүйір тістер сызығы

* мұрынқұлақ, орта сызығы

583. Жоғары және төменгі тістер арасы орталық сызыққа сәйкес келмеуі нені білдіреді?

* орталық окклюзияны

* ортаға жақын окклюзияны

* +бүйір жақты окклюзияны

* алдыңғы окклюзияны

* артқы окклюзияны

584. Жартылай пластиналы протез негізінің шекарасы неге байланысты?

* пластмасса түріне

* негіз қалыңдығына

* тірек тістер ұзындығына

* тірек тістер пародонт жағдайына

* +қалған тістер санына

585. Қозғалмалы тістерден қалып алу үшін қандай қалыптық материал қолданған жөн?

* балауыз

* ғаныш

* стенс

* +альгинатты

* каучук

586. Жартылай алмалы пластиналы протездің кламмерлер иығы тіске қалай жанасып тұруы керек?

* бір нүктеде ғана жанасады

* +кламмер иығы тіске тығыз жанасады

* тек қана тіс мойнына жанасады

* шырышты қабыққа жанасады

* қызылиекке жанасады

587. Жартылай алмалы пластиналы протез бекуін қамтамасыз ететін телескопиялық жүйе дегеніміз не?

* тіс-кламмер жүйесі

* сауыт-кламмер

* +қалпақша-сауыт жүйесі

* имплантат-кламмер жүйесі

* Оксман жүйесі

588. Жартылай алмалы пластиналы протез протезбен емдеудің үшінші клиникалық кезеңінде не жасалады?

* +жартылай алмалы пластиналы протездің балауызды құрылымын тексеру

* орталық окклюзияны анықтап, бекіту

* жоғары және төменгі жақтан толық анатомиялық қалып алу

* жартылай алмалы протезді шақтап,көру

* протезделетін жақтан анатомиялық қалып алу

589. Жартылай алмалы пластиналы протез протезбен емдеудің төртінші клиникалық кезеңінде не жасалады?

* жартылай алмалы пластиналы протездің конструкциясын тексеру

* орталық окклюзияны анықтап, бекіту

* жоғары және төменгі жақтан толық анатомиялық қалып алу

* +жартылай алмалы протезді шақтап,көріп науқасқа тапсыру

* протезделетін жақтан анатомиялық қалып алу

590. Төменде көрсетілген кламмерлер ішінен жасалу әдісі бойынша топты көрсетіңіз?

* біриықты, екіиықты, көптізбекті

* дентальды, дентоальвеолярлы

* +иілген, құйылған

* ұстап тұрушы, тірек-ұстап тұрушы

* металды, пластмассалы

591. Тістерді қай кезде қызылиекке жанастыра орналастырады?

* алдыңғы бөлікте альвеола өсіндісі аласа

* бүйір бөлікте альвеола өсіндісі айқын

* + алдыңғы бөлікте альвеола өсіндісі өте айқын (шығыңқы)

* бүйір бөлікте альвеола өсіндісі аласа

* альвеола өсіндісі орташа биіктікте

592. Тістерді қай кезде қызылиекке орналастырады?

* +алдыңғы бөлікте альвеола өсіндісі аласа

* бүйір бөлікте альвеола өсіндісі биіктеген

* алдыңғы бөлікте альвеола өсіндісі жоғарылаған

* +бүйір бөлікте альвеола өсіндісі аласа

* альвеола өсіндісі орташа биіктікте

593. Жартылай пластиналы протездің тиімсіз бекітілу түрі?

* диагоналды

* +нүктелік

* трансверзальды

* сагиталды

* жазықтық

594. Тіс қатарының екі жақты соңғы кетігі.Кеннеди бойынша қай класқа жатады?

* +1

* 2

* 3

* 4

* 5

595. Тіс қатарының біржақты соңғы кетігі. Кеннеди жіктемесі бойынша қай класқа жатады?

* 1

* +2

* 3

* 4

* 5

596. Тіс қатарының бүйір бөлігіндегі шектелген кетігі. Кеннеди жіктемесі бойынша қай класқа жатады?

* 1

* 2

* +3

* 4

* 5

597. Тіс қатарының алдыңғы бөлігіндегі шектелген кетігі. Кеннеди жіктемесі бойынша қай класқа жатады?

* 1

* 2

* 3

* +4

* 5

598. Жартылай алмалы пластиналы протез дайындаудың екінші клиникалық кезеңінде не жасалады?

* жартылай алмалы пластиналы протездің конструкциясын тексеру

* +орталық окклюзияны анықтап, бекіту

* жоғары және төменгі жақтан толық анатомиялық қалып алу

* жартылай алмалы протезді шақтап,көру

* протезделетін жақтан анатомиялық қалып алу

599. Жартылай алмалы пластиналы протез дайындаудың бірінші клиникалық кезеңінде не жасалады?

* жартылай алмалы пластиналы протездің конструкциясын тексеру

* орталық окклюзияны анықтап, бекіту

* +жоғары және төменгі жақтан толық анатомиялық қалып алу

* жартылай алмалы протезді шақтап,көру

* протезделетін жақтан анатомиялық қалып алу

600. Тіс протезі бекітілуі дегеніміз не?

* +статикада (тыныштық) протездің ауыз қуысында ұсталып тұруы

* сөйлеу, шайнау кезіндегі протез тұрақтылығы

* статика мен динамика жақсүйекте протездің ұсталып тұруы

* мұндай түсінік жоқ

* жұту кезінде протез тұрақтылығы

601. Тіс протезі тұрақтылығы дегеніміз не?

* статикада протездің ауыз қуысында ұсталып тұруы

* +сөйлеу, шайнау кезіндегі протез тұрақтылығы

* статика мен динамика жақсүйекте протездің ұсталып тұруы

* мұндай түсінік жоқ

* жұту кезінде протез тұрақтылығы

602. Торус дегеніміз не?

* төменгі жақ альвеола өсіндісі сүйек төмпешіктері

* жоғары жақ альвеола сүйегі сүйек төмпешіктері

* қисық сызық ішкі бетінен сүйек төмпешіктері

* +таңдай тігіс аймағында білік түрінде сүйек қалыңдығы

* вестибулярлы жағынан төменгі алтыншы тіс сүйек төмпешіктері айқын

603. Протез негізінде жасанды пластмассалы тістердің қосылу түрлері?

* механикалық әдіспен

* +химиялық

* компрессионды әдіспен

* декомпресиионды әдіспен

* универсальды

604. Протез негізінде жасанды фарфор тістердің қосылу түрі?

* +механикалық әдіспен

* химиялық

* компрессионды әдіспен

* декомпресиионды әдіспен

* универсальды

605. Кеммени кламмерін көрсетіңіз?

* тірек-ұстап тұратын кламмер

* металлопластмассалы пелот

* +пластмассалы дентоальвеолярлы

* металды көптізбекті кламмер

* телескопиялық жүйесі

606. Пелоттар дегеніміз не?

* пластмассалы тісальвеолды кламмер

* металды көптізбекті кламмер

* Румпель-Шредер-Дольдер штангалы жүйелер

* тіреп ұстап тұрушы кламмерлер

* +негізге сым арқылы қосылған пластина тәрізді бекітулер

607. Пелоттар қай кезде қолданылады?

* тіс қатарының Кеннеди бойынша 4класс кетігінде

* тіс қатарының Кеннеди бойынша 1,2,3 класс кетігінде

* +жоғары жақтың альвеола өсіндісі шығыңқы кезінде және жоғары ерін қысқа болғанда

* жоғары жақ альвеола өсіндісі төмен болғанда және жоғары ерін ұзын болғанда

* науқас қалауы бойынша

608. Кеммени кламмері неден жасалады?

* +негіздік материалдан

* балауыздан

* сымнан иеді

* эластикалық пластмассадан

* Синма М пластмассадан

609. Пластмассаның полимеризация сатыларын атаңыз?

* біріншілік, екіншілік

* +құмтәрізді, жіптәрізді, қамыртәрізді, резинотәрізді, қатты

* сұйық, қамыртәрізді, қатты

* біріншілік, сұйық,қатты

* сұйық, құмтәрізді, қатты

610. Пластмасса қай сатысында қолдануға дайын?

* құм тәрізді

* жіптәрізді

* +қамыртүрінде

* резинатәрізді

* кез келген сатысында

611. Көбінесе қай тістерге жартылай алмалы протездің телескопиялық бекіту жүйесі қолданылады?

* фронтальды тістерге

* +бүйір тістерге

* соңғы молярға

* сүйір тістерге

* барлық тістерге

612. Қай кезде жартылай пластиналы протездің түссіз пластмасса түрі қоладынлады?

* науқас қалауы бойынша

* +бояғыш заттарға аллергиясы болған жағдайда

* гиперсалтвацияда

* жылытылған эффектіде

* гипосалтвацияда

613. Жартылай алмалы пластиналы протезде бекітуші элемент болып не табылады?

* механикалық бекітпе, жасанды тістер

* протез базисі

* жасанды тіс қатары

* +кламмер, құлыптық бекітулер, аттачмендер

* аттачмендер, протез базисі

614. Тіс қатарының көлемді кетігнде пластиналы протез негізіне шайнау қызметін атқару кезінде қысымын қалай азайтуға болады?

* +негіздің үлкен көлемін қалдыру

* механикалық бекітпелер қолдану

* жұмсақ төсеніштер қолдану

* базис өлшемін кішірейту

* көп жасанды тістер қою

615. Пластиналық протезге науқастың бейімделуіне қанша уақыт кетеді?

* екі аптаға дейін

* екі күнге дейін

* бірінші күні

* +екі аптадан бір жарым айға дейін

* бір жарым айдан жарты жылға дейін

616. Жартылай алмалы пластиналы протездің негізгі элементтері?

* сауыт

* сауыт, аралық бөлігі

* +негіз, жасанды тістер, кламмер

* негіз, кламмер, вестибулярлы доға

* бюгель, базис, кламмер, жасанды тістер

617. Ұстағыш кламмері бар жартылай пластиналы протез шайнау қысымын қайда таратады?

* табиғи тістерге

* шайнау бұлшықетке

* +ауыз қуысы шырышты қабатына

* шырышты қабат пен табиғи тістерге

* табиғи тістер мен бұлшықетке

618. Жартылай алмалы пластиналы протез дайындауда Кеннеди бойынша тіс қатарының кетігінің қай класы абсолютті көрсеткіш болып табылады?

* бірінші, үшінші

* +бірінші, екінші

* екінші,үшінші

* төртінші

* бірінші, төртінші

619. Кламмер қызметіне қарай бөлінеді?

* +ұстағыш, тіректі, тіректі-ұстғыш

* екіиықты,біриықты, тұзақтәрізді

* пластмассалы дентоальвеолярлы

* металды көптізбекті кламмер

* телескопиялық жүйесі

620. Біздің модульде альвеоларалық биіктікті анықтаудың қай әдісі қолданылады?

* антропометриялық

* сөйлеу сынамасы

* анатомиялық

* +анатомо-физиологиялық

* Герингер циркулі

621. Жоғары тістем окклюзиялық білігінің биіктігі анықталады?

* +сөйлеу кезінде тістем білігі жоғары ерін қызыл жиегінен 1-2мм шығып тұрады

* жоғары ерін қызыл жиегінен 4-6 мм төмен

* төменгі ерін қызыл жиегінен 4-6мм төмен

* сөйлеу кезінде тістем білігі жоғары еріннен көрінбейді

* сөйлеу кезінде біліктер жоғары және төменгі ерін қызыл жиектерінен көрінбей тұруы тиіс

622. Алмалы пластиналы протездің балауызды құрылымын ауыз қуысында тексеру барысында фонетикалық сынаманы жүргізген кезде алдыңғы тістері көрінбейді,сіздің іс-әрекетініз?

* ешбір түзету жүргізу қажет

* үлкен тістерді орналастыру

* қайтадан орталық окклюзия жағдайында бекіту

* +жоғарғы біліктің биіктігін дұрыс анықтап, жақтарды орталық окклюзия жағдайында бекіту

* тістердің басқа түсін таңдап орналастыру

623. ЖАП протезінің жасанды тістер мен кламмерлер орналасатын бөлігін атаңыз.

* +Негізі

* Жасанды тістер

* Кламмерлер

* Аттачмендер

* Телескопиялық сауыттар

624. ЖАП протезде металды негізді қолдануы көрсеткіштері:

* +Науқастың пластмассаға аллергиясы болса

* Деформация кезінде

* Аномалия кезінде

* Науқаста бруксизм болса

* Тіс қатары сау болған жағдайда

625. Протез негізі табиғи тістерге жанасу аймағында қандай патологиялық өзгерістер пайда болуы мүмкін?

* Тіс тастары

* Тісжегі

* +Патологиялық қалталардың түзілуімен шырышты қабаттың қабынуы

* Ұлпаның қабынуы

* Тістің патологиялық қажалуы

626. Серпімділігі жоғары және тіс сауытына орналасатын кламмердің бөлігі аталады?

* Өсінді

* Денесі

* +Иық

* Окклюзиялық бастырма

* аттачмен

627. Кламмердің қозғалмайтын бөлігін атаңыз

* Өсінді

* +Дене

* Иық

* Окклюзиялық бастырма

* Ұзартылған иық

628. Кламмерді протез негізіне қозғалтпай бекітіп тұратын бөлігін атаңыз:

* +Өсінді

* Дене

* Иық

* Окклюзиялық бастырма

* Ұзартылған иық

629. ЖАП протезде жиі қолданылатын:

* Комбинирленген кламмер

* Тіректі ұстағыш кламмер

* +Ұстауыш кламмер

* Телескопиялық сауыттар

* Атачмен

630. Орталық окклюзияны анықтаудың қиындық дәрежесіне байланысты тіс қатары кетіктері неше топқа бөлінеді

* Бір

* Екі

* Үш

* +Төрт

* бес

631. Тіс қатарында сақталған тістер үш функционалды бағдарлаушы топта орналасқанда орталық окклюзияны анықтау қиындық дәрежесіне байланысты ол жатады:

* +Бірінші топқа

* Екінші топқа

* Үшінші топқа

* Төртінші топқа

* Бесінші топқа

632. Орталық окклюзияны анықтаудың қиындық дәрежесіне байланысты толық тіссізденген жақтар жатады:

* Бірінші топқа

* Екінші топқа

* Үшінші топқа

* +Төртінші топқа

* Бесінші топқа

633. Тіс қатарында сақталған тістері бір немесе екі функционалды бағыттауыш топта сақталған. Орталық окклюзияны анықтау қиындық дәрежесіне байланысты жатады:

* Бірінші топқа

* +Екінші топқа

* Үшінші топқа

* Төртінші топқа

* Бесінші топқа

634. Тіс қатарында тістері сақталған, бірақ антагонист (қарсы) тістері жоқ. Орталық окклюзияны анықтау қиындық дәрежесіне байланысты қандай топқа жатады:

* Бірінші топқа

* Екінші топқа

* +Үшінші топқа

* Төртінші топқа

* Бесінші топқа

635. Протездің балауызды құрылымын тексеру барысында жасанды тістер түйіседі, табиғи тістер түйіспейді. Себебін көрсетіңіз.

* Альвеолааралық биіктігі төмендеген

* +Альвеолааралық биіктігі жоғарылаған

* Алдыңғы окклюзияда бекітілген

* Бүйір окклюзияда бекітілген

* Сол жақ бүйір окклюзияда бекітілген

636. Протездің балауызды құрылымын тексеру барысында алдыңғы тістер түйіспейді, саңылау бар, ал бүйір тістер түйіседі. Себебін көрсетіңіз:

* Альвеолааралық биіктігі төмендеген

* Альвеолааралық биіктігі жоғарылаған

* +Алдыңғы окклюзияда бекітілген

* Оң жақ бүйір окклюзияда бекітілген

* Сол жақ бүйір окклюзияда

637. ЖАП протезін ауыз қуысына төменгі жаққа шақтау барысында протез орнына отырмайды. Тіс қатары кетігі I және III класс. Себептерін көрсетіңіз:

* Қалып дұрыс алынбаған

* Орталық окклюзиясы дұрыс анықталмаған

* +Кламмер тірек тіске тіреліп қалып тұр

* +Негіздік пластмасса тірек тіске тіреліп тұр

* Жасанды тістер кедергі жасап тұр

638. ЖАП науқасқа тапсыру барысында төменгі жақ протезінің жасанды тісі антагонистімен алғашқы түйісіп, қалған тістердің түйісуіне кедергі келтіріп тұр. Саңылау 0,5-1 мм. Сіздің іс әрекетіңіз:

* Жаңадан қалып алу

* +Көшірме қағазымен тістің алғашқы түйісетін аймағын анықтап, түзету жүргізу

* Екінші клиникалық кезеңді қайталау

* Протез негізін коррекциялау

* Осы түрінде протезді науқасқа тапсыру

639. Төменде көрсетілген қалыптық массалардың қайсысы кристалданатын топқа жататынын көрсетіңіз?

* +Гипс

* Упен

* Стенс

* Сиэласт

* Стомальгин

640. Төменде көрсетілген қалыптық массалардың қайсысы термопластикалық топқа жататынын массаны көрсетіңіз?

* Гипс

* Упен

* +Стенс

* Сиэласт

* Стомальгин

641. Пластмассалық протез негізінің «мраморлығы» неге байланысты?

* мономердің сақтау мерзімінің өтуі

* полимердің сақтау мерзімінен өтуі

* полимеризация температура тәртібінің бұзылуы

* +пластмасса «қамырын» дайындау технологиясының бұзылуы

* пластмасса «қамыры» пресстеу техникасының бұзылуы

642..Екі қабатты негізде қолданылатын эластикалық пластмасса?

* этакрил

* малаксил

* +ПМ-01

* протакрил

* фторакс

643. Жұмсақ төсеніші бар екі қабатты негізі бар протезді қолдану көрсеткіші?

* +құрғақ, батымдылығы төмен шырышты қабаты бар альвеола өсіндісі біркелкі емес атрофиясында

* протез орнында экзостоз болуы

* құрғақ батымды шырышты қабаты бар альвеола өсіндісі біркелкі атрофиясында

* протзе орны шырышты қабатының ауру сезімділігі жоғары

* пластмассаға аллергиялық реакция болғанда

644. Өтпелі қатпар деп аталады?

* +пассивті қозғалмалы мен активті қозғалмалы шырышты қабат шекарасы

* пассивті қозғалмалы және батымды шырышты қабат шекарасы

* ауыз қуысы аз батымды мен айқын батымды шырышты қабат арасы шекарасы

* қатты таңдай мен жұмсақ таңдай шекарасы

* қозғалмайтын шырышты қабатпен жүретін сызық

645. Пластиналы протез құрылымын тексеру кезеңі басталады?

* беттің төменгі бөлігін анықтаудан

* ауыз қуысына протезді ендіріп көруден

* тістері мен кламмерлері бар балауыз базисін ауыз қуысына ендіріп көруден

* +окклюдаторда гипстік мүсін балауызды құрылымының дайындалу сапасын анықтаудан

* ауыз қуысында тістердің айқын тістесуімен

646..Пластиналы протез конструкциясын гипсті мүсінде тексеру кезінде бақыланады?

* жасанды тістер мен табиғи тістер түсінің сәйкес келуі

* фиксация жүйесінің жасалуының дұрыстығы

* +мүсінде негіздің жақсы бекітілу,тұрақтылығы

* жасанды тістерді дұрыс қою

* тіс қатарлары арасындағы тығыз жанасу

* альвеолааралық биіктік

647. Пластиналы протез конструкциясын ауыз қуысынан тыс тексеруде бақыланады?

* протез элементі мен гипсті мүсін дайындалу сапасы

* модельде балауыз негіздің тұрақтылығы мен жанасу тығыздығы

* +жасанды тістердің орналасуы, бекітіп ұстайтын элементтер сапасы

* жасанды тістер мен табиғи тістер түсінің сәйкес келуі

* орталық окклюзияда тістіердің түйісуі

648. Жартылай алмалы пластиналы протездің қолдану мерзімі?

* 0.5-1жыл

* 1-2жыл

* +3-5жыл

* 7-8жыл

* 5)сынған уақытта

649. Протезді шақтау кезінде көшірме қағаз қолданылады?

* протезді қайта жасау

* шырышты қабатты жарақаттайтын базис аймағын коорекциялау

* тістем биіктігін анықтау үшін

* негіз қалыңдығын түзету жүргізу

* +протезді орналастыру кезінде кедергі келтіретін аймақтарды анықтау

650. Жартылай алмалы пластиналы протезді шақтау кезінде қандай құралдар қолданады?

* бор

* алмазды турбинді бастармен

* вулканитті диск

* +фрез

* сепарацциялық диск

651. Жартылай пластиналы протезді ауыз қуысына орналастырғаннан кейін дикция өзгерсе?

* жаңа протез жасау

* протез шекарасын қысқарту

* +науқасқа фонетикалы жаттығулар жасауға кеңес беру

* жоғары жақта фронталды тістер аймағында протез түзетулер жүргізу

* төменгі жақта фронталды тістер аймағында протез түзетулер жүргізу

652. Пластиналы протезбен бірге жұмысшы қалып алады?

* Негіз сынығында

* Негіз шытынағанда

* Протез қозғалысы болғанда

* + қосымша жасанды тістер немесе кламмерлер орналастырғанда

* пластиналы протездің жанама әсерінде

653. Ауыз қуысы тіндері мен ағзаларына жартылай пластиналы протез әсер етеді?

* +жарақаттық, токсикалық, аллергиялық, жанама

* адекватты емес тітіркендіргіш

* кешенді

* жағымды

* химико-токсикалық, механикалық

654. Алмалы пластиналы протездің токсикалық әсерінің себебін атаңыз?

* +Мономерді көп мөлшерде қолданғанда

* Полимерді көп мөлшерде қолданғанда

* Бояғыштар артық болғанда

* Гидрохинон артық болғанда

* Изоколдың артық болуы

655. Протез орны тіндерінің протез негізімен жарақаттануы қалай аталынады?

* жанама әсер

* +механикалық жарақат

* көтере алмау

* қабыну

* протезді стоматит

656. Жартылай алмалы протез әсерінен болатын қабыну?

* протез орны тіндерінің реакциясы

* жылыту эффектісі

* +протезді стоматит

* протез орны тіндері ауруы

* көтере алмау

657. Протезді стоматит таралуына байланысты болады?

* ошақты, жайылмалы

* +жергілікті, жайылмалы

* жедел, созылмалы

* жеңіл, орташа

* ешқандай емес

658. Протезді стоматит ағымына байланысты болады?

* ошақты, жайылмалы

* жергілікті, жайылмалы

* +жедел, созылмалы

* жеңіл, орташа

* ешқандай емес

659. Протезді стоматит пішініне байланысты?

* катаралды, жаралы, гиперпластикалық

* +жарақатты, токсикалық

* жанама, аллергиялық

* жедел, созылмалы

* жергілікті, жайылмалы

660. Жарақатты протезді стоматит неден пайда болады?

* +негіз кедір-өткір қыры, протез негізі мен протез орны сәйкес келмеуі

* сауыт,кламмер өткір қыры

* протез базисі артық қысымы

* протез базисі жасанды тістер

* протез базисі масивтігі

661.Жарақаттық протезді стоматит жеңіл жойылады?

* +протез беткейінің кедір-бұдырлығына, өткір қырларын түзету жүргізгеннен соң

* антибиотик қолданғанда

* шөптермен шаюмен

* емдік пасталар мен мазь қолдану

* протез және ауыз қуысын гигиеналық тазалау

662. Егерде жартылай алмалы пластиналы протездегі кламмерлердің орналасуы сагиталді сызық бойынша болса, оның бекітілу болжамын анықтаңыз?

* өте нәтижелі беку

* қолайлы

* жоғары жақта қолайлылау

* екі жақта да сәл қолайлылау

* +қолайсыз

663.Алмалы протезді тексеру кезеңінде клиникаға тапсырылады

* Ғанышты мүсіндегі окклюзиялық білігі бар балауызды негіз

* Тістерімен және кламмерлермен пластмассалы негіз

* Ғанышты мүсіндегі тістері және кламмерлерімен балауызды негіз

* +ғанышты мүсіндегі окклюдаторда тістері және кламмерлерімен балауызды негіз

* ғанышты мүсіндегі окклюдаторда окклюзиялық білігі бар балауызды негіз

664. Жартылай алмалы протез дайындауда қандай тістерді қолданады?

* пластмасса тістерді

* фарфор тістерді

* металл тістерді

* ситалл тістерді

* сүйек тістерді

* 1-3

* 2-3

* +1-2

* 3-4

* 5-6

665. Каучукты пайдаланып, алмалымалы пластиналы протезді пайдалану тәсілін кім ұсынды?

* Дюшато

* Фошар

* +Гуднер

* Кеннеди

* Джексон

666. Жақсүйектердің орталық ара қатынасын бекіткенде окклюзиялық біліктің немесе протез негізінің жаншылып, мыжылуына не себеп болады?

* балауыз негізде жасағанда балауыз пластинаның мүсінге толық қысылып жабысуы

* +окклюзиялық білігі бар балауыз негізді дайындағанда сым қаңқаның болмауы

* ауыздағы балауыз негіздің қатты болуы

* тістем білігін қатты негізде қойып жасалуы

* окклюзиялық біліктің биіктігі жоғары болуы

667..Жартылай алмалы пластиналы протезді пайдалануда вертикальді шайнау қысымы қандай тіндерге таралады?

* табиғи тістерге

* шайнау бұлшықеттеріне

* +ауыз қуысының шырышты қабығына

* шырышты қабыққа,табиғи тістерге

* табиғи тістерге және бұлшықетке

668. Жартылай алмалы пластиналы протез дайындайдаудың бірінші зертханалық кезеңінде не істелінеді?

* мүсіндерді окклюдаторға ғаныштау

* балауызды пластмассаға ауыстыру

* +мүсін құю,тістемдік білік дайындау

* тістерді құю, түзету

* протезді тегістеу

669. Бір иықты кламмердің ию кезеңдерін көрсетіңіз:

* кламмер мен дене өсіндісін иеді

* +иығын ию, денесін ию, өсіндісін ию

* екі жақты ию, денесін ию

* өсіндісін ию, денесін ию

* денесін ию, иығын ию

670. Протез негізі қай кезде клиникалық әдіспен астарланбайды?

* +ауыздың шырышты қабықтары қабынған кезде және науқас пластмассаны көтере алмаған кезде

* тістем биіктігі төмендеген кезде

* шықшыт буыны бұрыннан ауыратын кезде

* тістердің қозғалғыштығында

* шырышты қабық дистрофияға ұшырады

671. Пластмассаны астарлауда қай әдісті пайдаланғанда негізбен жақсы бірігеді?

* клиникалық әдісті қолданғанда

* + зертханалық әдісті қолданғанда

* қалыпты балауызбен алғанда

* аралас әдісті қолданғанда

* қалыпты ғанышпен алғанда

672..Егер жоғары жақ сүйекке арналған қалыптық қасық жоғары жақ төмпешіктеріне жетпесе не істеу керек?

* +қасықтың артқы жиегіне балауыз жабыстырып, қасықтың мөлшерін үлкейтіп ұзарту

* қасықтың дисталді бөлімін қалыңдату керек

* қасықты өзгеріссіз қалдыру керек

* жоғарыда аталғандардың бәрін жасау қажет

* қасық шетіне пластмасса жабыстыру керек

673. Қандай себеп жартылай екіншілік адентияға алып келеді?

* тұрақты тістер ұрығының толық қалыптаспауы

* қызылиек аурулары

* шықшыт буынының аурулары

* таңдайдың жырығы

* +тісжегі асқынулары

674. Балауызды негізбен білікті деформациядан сақтау үшін ненің көмегімен беріктігін арттырады?

* өздігінен қатаятын пластмассамен

* ғаныш көмегімен

* +сым темір арқылы

* балауызды негізді қалыңдатып

* альгинатты массаның көмегімен

675. Көлденең сызық бойынша орналасқан кламмерлерді қолданғанда алмалы пластиналы протездің бекітілуі қалай болады?

* Төменгі жақта бос болады

* +Төменгі жақта қолайлы болады

* әсері болмайды

* жоғары жақта қолайлы болады

* жоғары және төменгі жақта қолайсыздау болады

676. Жартылай алмалы пластиналы протез тіс-жақ жүйесінің шайнау тиімділігін қаншалықты қалпына келтіреді?

* 55-70%

* 70-90%

* 95-100%

* +45-55%

* 90-95%

677. Қанша тіс жоқ болғанда емдеуге жартылай алмалы пластиналы протез қолданады?

* 4-9

* 1-4

* +6-13

* 4-10

* 2-4

678. Жартылай алмалы пластиналы протездің негізін дайындау үшін қандай материалдар қолданылады?

* +«фторакс», «этакрил» пластмассасы

* «протакрил», «редонт»

* металл құймалары

* «Синма 74», «Синма М»

* Фарфор

679. Кламмерлер қызметіне қарай қандай түрлерге бөлінеді?

* +ұстап тұратын, тіреп тұратын, тіреп-ұстап тұратын түрге

* екі иықты, бір иықты, тұзақ тәрізді түрге

* майыстырылған, құылған түрге

* сым темірлі, таспа тәрізді түрге

* бір иықты, тірек түрге

680. Жартылай алмалы пластиналы протезді ауыз қуысында шақтау ненің көмегімен жүргізіледі?

* химиялық қаламмен

* ғаныш арқылы

* +көшірме қағаз арқылы

* балауыз арқылы

* қалыптық массамен

681. Балауызды біліктің вестибулярлы бетіне орталық сызықты не үшін жүргізеді?

* Тіс мойнын дұрыс орналастыру үшін

* Тістің ұзындығын таңдауға

* Тістің пішінін таңдауға

* Тістің енін таңдау үшін

* +Орталық (бірінші) күрек тістерді орналастыру үшін

682. ЖАП протездің балауызды құрылымын тексеру үшін зертханадан клиникаға не келеді?

* Ғанышты мүсіндермен балауызды біліктер

* Дайын болған ЖАП протез

* Окклюдаторға ғанышталған балауызды негіз

* +Окклюдаторға ғанышталған мүсіндегі жасанды тістері және кламмерлерді бар балауызды негіз

* Окклюдаторға бекітілген балауызды негіз біліктермен

683. Балауызды негізді біліктерімен қолданатын клиникалық кезеңді атаңыз?

* ЖАП протездің балауызды құрылымын тексеру

* Функционалды қалып алу

* +Жақтардың орталық окклюзиясын анықтап бекіту

* ЖАП протезді науқасқа тапсыру

* Анатомиялық қалып алу

684. Мүсінді кюветаға ғаныштаудың неше тәсілі бар?

* бір

* екі

* + үш

* төрт

* бес

685. кламмердің қай бөлігінің ретенциялық қасиеті бар?

* өсінді

* +иығы

* денесі

* окклюзиялық бастырмасы

* өсіндісі мен денесі

686. Кламмерлердің саны ЖАП бекіну түрлерінің қайсысында көп болады?

* нүктелі

* көлденең түрінде

* қиғаш

* сагитальды

* + жазықтық түрінде

687. Тісті қоршап ұстау дәрежесін көрсететін кламмердің тобын атаңыз?

* ұстағыш

* лента тәрізді

* иілген,құйылған

* +бір иықты,екі иықты,көптізбекті

* дентальды,альвеолды

688. Орталық окклюзия мен физиологиялық тыныштық биіктіктерінің айырмашылығы орта есеппен неше мм. тең?

* 0,5-2мм;

* +2-4мм;

* 5-8мм;

* 8-10мм;

* айырмашылығы жоқ

689. Мүсіндерді кюветаға ғаныштау нешінші зертханалық кезең болады?

* бірінші

* екінші

* +үшінші

* төртінші

* бесінші

690. ЖАП протез негізінің металдан дайындау тәсілдері.

* құйылған

* қалыпталған

* аралас (комбинирленген)

* дәнекерленген

* соғылған

* 1-3;

* 3-4;

* 4-5;

* 1-2;

* + 2-3.

 

 

691.Микропротезге жатпайтын протез түрлері

* Салмалар

* өзектi салмалар

* жартылай сауыттар мен салмалар

* интрадентальдi және ұлпа жанындағы тіндері алынбайтын құрылым

* +доғалы протез

692.Салмалар қандай болмауы мүмкiн?

* Пластмассалы

* Фарфорлы

* Металлды

* Комбинирленген

* +фосфорлы

693.Бiрiншi топқа жататын Блэк бойынша сауыттар қуысының жiктемесi

* +шайнау тiстердiң шынайы сайларында орналасқан қуыс

* алдыңғы тiстердiң апроксималды бетiнде орналасқан қуыс

* азу тiстер мен кiшi азу тiстердiң апроксимальдi бетiнде орналасқан қуыс

* барлық тiстердiң мойын бетiнде орналасқан қуыс

* алдыңғы тiстердiң апроксималды және кесу қырында орналасқан қуыс

694.Блэк бойынша екінші топқа жататын сауыттар қуысының жiктемесi

* шайнау тiстердiң шынайы сайларында орналасқан қуыс

* +азу тiстер мен кiшi азу тiстердiң апроксимальдi бетiнде орналасқан қуыс

* алдыңғы тiстердiң апроксималды бетiнде орналасқан қуыс

* алдыңғы тiстердiң апроксималды және кесу қырында орналасқан қуыс

* барлық тiстердiң мойын бетiнде орналасқан қуыс

695.Блэк бойынша үшінші топқа жататын сауыттар қуысының жіктемесi

* шайнау тiстердiң шынайы сайларында орналасқан қуыс

* азу тiстер мен кiшi азу тiстердiң апроксимальдi бетiнде орналасқан қуыс

* +алдыңғы тiстердiң апроксималды бетiнде орналасқан қуыс

* алдыңғы тiстердiң апроксималдi және кесу қырында орналасқан қуыс

* барлық тiстердiң мойын бетiнде орналасқан қуыс

696.Блэк бойынша төртiншi топқа жататын сауыттар қуысының жiктемесi

* шайнау тiстердiң шынайы сайларында орналасған қуыс

* азу тiстер мен кiшi азу тiстердiң апроксимальдi бетiнде орналасқан қуыс

* алдыңғы тiстердiң апроксималды бетiнде орналасқан қуыс

* +алдыңғы тiстердiң апроксималдi және кесу қырында орналасқан қуыс

* барлық тiстердiң мойын бетiнде орналасқан қуыс

697.Блэк бойынша бесінші топқа жататын сауыттар қуысының жiктемесi

* шайнау тiстердiң шынайы сайларында орналасқан қуыс

* азу тiстер мен кiшi азу тiстердiң апроксимальдi бетiнде орналасқан қуыс

* алдыңғы тiстердiң апроксималды бетiнде орналасқан қуыс

* алдыңғы тiстердiң апроксималдi және кесу қырында орналасқан қуыс

* +барлық тiстердiң мойын бетiнде орналасқан қуыс

698.Сүйiр тiстердiң қатты тiндерiнде ұлпасы сау кезде аса сақтықты қай бетте сақтау керек?

* төмпешiктер шыңында

* вестибулярлы және оральдi беттiң мойын беттерiнде

* тємпешiктер шыңы мен вестибулярлы және оральдi беттiң мойын беттерiнде

* +апроксимальдi беттерде

* дистальдi беттерде

699.Кiшi азу тiстердiң қатты тiндерiнде ұлпасы сау кезде аса сақтықты қай бетте сақтау қажет

* +төмпешiктер шыңында

* +вестибулярлы және оральдi беттiң мойын беттерiнде

* тємпешiктер шыңы мен вестибулярлы және оральдi беттiң мойын беттерiнде

* аппроксимальдi беттерде

* кесу қырларында

700.Азу тiстердiң қатты тiндерiнде ұлпасы сау кезде аса сақтықты қай бетте сақтау қажет

* төмпешiктер шыңында

* +вестибулярлы және оральдi беттiң мойын беттерiнде

* төмпешiктер шыңы мен вестибулярлы және оральдi беттiң мойын беттерiнде

* апроксимальдi беттерде

* кесу қырларында

701.Тiстiң қуысын салмаға дайындау кезде фальцты қалай жасайды

* 1/3 эмальдiң қалыңдығы

* 1/2 эмальдң қалыңдығы

* эмальдiң барлық қалыңдығына

* +эмаль деңгейiнде

* тiстiң қатты тiндер деңгейiнде

702.Салма қуысының табаны қандай болу керек

* +ұлпа камерасының қақпағына паралель

* ұлпа камерасының қақпақ пiшiнiн қайталау

* ұлпа мүйiзiне 5° бұрышпен

* ұлпа мүйiзiне 10° бұрышпен

* ұлпа мүйiзiне 15° бұрышпен

703.Сауыт қуысын салмаға дайындау кезiнде фальц қандай бұрышпен пiшiнделедi

* 15°

* 30°

* +45°

* 60°

* 90°

704.Сауыт қуысын салмаға дайындау кезiнде фальцтi дайындау мақсаты

* ығысудың алдын алу

* шешiлудi болдырмау

* +жанасып бекiнудi арттыру

* сынуды болдырмау

* цементтiң сорылуын болдырмау

705.Сауыт қуысын салмаға дайындау кезiнде не үшiн фальцтi дайындайды

* +бағалы металлды салма үшін

* +бағалы емес металды салма үшін

* ситалдан дайындалған салма үшін

* жоғары төзімді пластмассадан дайындалған салма үшін (изозит)

* +фарфорлы салма

706.Жартылай сауыт неге тiрек болады

* металлокерамикалық көпiрлi протез

* тұтас металл көпiрлi протез

* металакрилдi тұтас құйылған көпiрлi протез

* дәнекерленген көпiрлi протез

* +барлык жоғарыда көрсетілген құрылымдар

707.Пластмассалы сауыттың мойын жиегi қызылиекке қатысты қалай орналасу қажет?

* қызылиекке 0.5 мм ге жетпей

* қызылиекке 1.0 мм ге жетпей

* +қызылиек деңгейiнде

* қызылиек астына 0.5 мм кiрiп

* қызылиек астына 1.0 мм кiрiп

708.Мүсiндi анық алу үшiн мүмкiндiк бередi

* стомальгин

* эластик

* акродент

* +зета плюс

* сиэласт 05

709.Екi түстi пластмассалы сауыт дайындауға болады ма?

* Жасалынбайды

* пластмасса бiрiншiлiк полимеризациямен дайындалады

* +жасалынады

* пластмасса екiншiлiк полимеризациямен дайындалады

* пластмасса үшiншiлiк полимеризациямен дайындалады

710.Пластмассалы көпiрлi протездi дайындауға болады ма?

* иә

* +егер бiр тiс болмаса

* егер үш және одан көп тіс болмаса

* егер үш тiс болмаса

* дайындалмайды

711.Жоғарғы жақта орталық күрек тiстiң түбiр өзегiнiң ұзындығы

* 12.0 мм

* +12.5 мм

* 13.0 мм

* 13.5 мм

* 14,5мм

712.Жоғарғы жақ бүйір күрек тісінің түбір өзегінің ұзындығы?

* 10.0 мм

* 11.0 мм

* 12.0 мм

* +13.5мм

* 14.0 мм

713.Төменгі жақта сүйір тіс түбірі ұзындығы?

* +15.0 мм

* 16.0 мм

* 16.5 мм

* 17.0 мм

* 17.5 мм

714.Төменгі жақта орталық күрек тiстiң түбiр өзегiнiң ұзындығы

* +11.0 мм

* 11.5 мм

* 12.0 мм

* 12.5 мм

* 13.0 мм

715.Төменгі жақ бүйір күрек тісінің түбір өзегінің ұзындығы?

* +13.0 мм

* 13.5 мм

* 14.0 мм

* 14.5 мм

* 15.0 мм

716.Жоғары жақта сүйір тіс түбірі ұзындығы?

* 15.0 мм

* 15.5 мм

* +16.0 мм

* 16.5 мм

* 17.0 мм

717. фарфорлы сауыттарды уақытша цементке отырғызуға болады ма?

* ия

* ия, егерде бір ғана сауыт болса

* ия, егер де науқаста бруксизм болмаса

* ия, 5-7 күннен көп болса

* +жоқ

718.Шықшыт буынының дисфункциясы үшін не болып табылады?

* буында ауру сезімі

* буында сықыр

* төменгі жақ жылжуы

* тістем биіктігі төмендеуі

* +барлық жоғарыда көрсетілгендер

719.тістердің патологиялық қажалуында фарфор сауыттарын жасауға бола ма?

* жоқ

* мүмкін

* +мүмкін, алдын ала дайындықтан кейін

* I дәрежеде болса, мүмкін

* I және II дәреже болса, мүмкін

720.фарфор сауыттарының басқа алынбайтын протездерден кемшіліктері?

* дайындау күрделілігі (қиындығы)

* қымбатшылығы

* тістің қатты тіндерінің терең егелуі

* қымбат құрал жабдықтың қажеттілігі

* +жоғарыда аталғандардың бәрі

721.фарфорлы сауыттарды дайындағанда кертпенiң түрiн көрсет?

* науа тәріздi

* кертпе сияқты

* +90° бұрыш

* 135° бұрыш

* кертпе жасалынбайды

722.қалпақшаның матрицасын дайындау үшiн платинаны қандай мақсатпен қолданамыз

* бұл бағалы металл

* +қалыңдығының минималды болуы

* қаттылығы жеткiлiктi және қышқыл татымайды

* химиялық құрамымен фарформен сәйкес

* балқу температурасы жоғары

723.Фарфор сауытты дайындау үшiн платиналы фольганың қалыңдығы неше

* 0.35 мм

* +0.025 мм

* 0.05 мм

* 0.1 мм

* 0.4 мм

724.Құйылған өзектi салмаларды қолдану көрсеткiштерi

* тiстердiң аса қажалуы

* егер тiстiң ұлпасы бiр жыл бұрын алынса

* егер тiстiң ұлпасы 3-жыл немесе оданда көп болса

* егер тiстiң ұлпасы 5-жыл немесе оданда көп болса

* +сауыттың 1/3 немесе одан көп бөлiгiнiң қажалуы

725.Құйылған өзектi салманың оптимальдi ұзындығы

* түбiрдiң 2/4 бөлiгi

* түбiрдiң 4/3 бөлiгi

* түбiрдiң ұзындығының 3/3 бөлiгi

* +түбiрдiң ұзындығының 2/3

* түбiр ұзындығы бойымен

726.Салманы дайындауда қолданылмайтын материал.

* Пластмасса

* бағалы металл қортпасы

* бағалы емес ғортпалар

* КХҚ

* +қорғасын

727.Тістерді жасанды сауытқа егеу жүргізіледі?

* Алмазды фрезбен

* +Сепарациялық дискпен

* Вульканитті дискпен

* Карборунд алмұрттәрізді

* Фасонды карборунд басшалар

728.Бекітілетін жасанды сауыт қолданылатын тікелей көрсеткіш болады?

* Тістің қатты тіндерінің тісжегі бұзылысы

* +тіс қатары кетігін көпіртәрізді протезбен емдеу

* Жартылай пластиналы тірек ретінде айқын экватор тіс сауытын жабу

* Алдыңғы тістер қатты тіндер түсінің өзгерісі

* +Жартылай пластиналы протез бекіту телескопиялық жүйе

729.Қалыпқа келтіруші жасанды сауытпен протездеу үшін тікелей көрсеткішті көрсетіңіз?

* Алдыңғы тістің қатты тіндері түсінің өзгеруі

* +Тістің қатты тіндерінің тісжегі бұзылысы

* +Жартылай пластиналы тірек ретінде айқын экватор тіс сауытын жабу

* Энгль доғасымен ортодонтиялық емдеу

* Егелген тісті сыртқы әсерлерден қорғау

730.Металлокерамикалық сауытқа жанасу беттерін егеу үшін инструменттерді таңдаңыз?

* Вульканитті дискпен

* +Сепарациялық дискпен

* алмұрттәрізді карборундты фреза

* жіңішке инетәрізді алмазды басша

* карборунды керіконустәрізді басшалар

731.Құйылмалы сауытқа егеу ерекшеліктері?

* Тістің қабырғаларының вертикальд ықабырғасы параллельдігі

* +Егелген тістің конустәрізді болуы

* +Тістің мойын бөлігінде кертпе болмауы

* Тістің мойын бөлігінде кертпе егеу

* Цилиндирлі формасы

732.Тістің мойын бөлігіне кертпе салу үшін инструменттер таңдау

* Сепарациялык диск

* +Торпедо тәрізді алмазды бор

* +Қатты балқыма бор

* +Цилиндрлі алмазды бор

* +Цилиндрлі алмазды бор ұшы дөңгеленген

733.Тірек тістерге кертпе егеп протездейтін сауыт түрлерін атаңыз?

* Штампталған сауыт

* Құйылмалы жартылай сауыт

* Экваторлы құйылмалы сауыт

* +Пластмассалы сауыт

* +Фарфорлы сауыт

734.Құйылмалы кешенді сауытпен протездеу үшін тістің жанасу және оралды беттерінде кертпе түрін көрсетіңіз?

* +Тік кертпе

* +Ойы тәрізді кертпе

* +Кертпе символы

* Желбезек түріндегі дөңгеленген кертпе

* Шыңы бар кертпе

735.Құйылмалы кешенді жасанды сауытқа тістерді егеуде тіс сауытын конустығын шектен тыс көп жасап жібергенде неге алып келеді?

* +Сауыттың дұрыс емес бекітілуі

* Маргинальды пародонт зақымдалуына

* Жасанды сауыт енгізу қиындығы

* Ішкі қысым пайда болуы

* Тіс ұлпасы зақымдалу қауіптілігі

736.Жиналмалы кешенді мүсінді дайындауда қолданылатын жасанды сауытты көрсетңіңз?

* +Фарфорлы

* +Металлокерамикалық

* Пластмассалық


Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 1007 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.25 сек.)